XV ТА Р АУ 2 страница

Біріншілік көмек науқасқа электр тогының әсерін тоқтатуға бағытталады. Өздігінен тыныс алу мен жүрек жиырылуы болмаса, жүрек-өкпе реанимациясын, жүрекке жабық массаж, қолдан тыныс алдыру (ауыздан ауызға немесе ауыздан мұрынға) керек.

Науқасты стационарға жатқызылған күйінде жеткізіп, электр-жарақаттың дәрежесіне қарамай, реанимациялық бөлімге жіберу қажет.

 

13.14. Химиялық күйіктер

Химиялық күйіктер тұрмыста немесе өндірісте теріге қышқылдардың (азот, күкірт, тұз, фторсутегілік), сілтілер (натрий, калий, өшпеген известь), ауыр металл тұздарының (көмір нитраты, цинк хлориді) түсуінен пайда болады. Күйіктің тереңдігі химиялық заттардың концентрациясына, температурасына, терімен жанасу ұзақтығына байланысты. Химиялық күйіктер химиялық агенттің сипатына байланысты термиялық күйіктен ерекшеленеді. Қышқылдар ұйытады, ал сілтілер — сұйылтады. Қышқылдар мен сілтілер сау тіндердің трофикасы мен микроциркуляциясын бұзады. Сондықтан химиялық күйіктер кезінде жарақаттардың жазылуы баяу жүреді. Қышқылдармен, сілтілермен, ауыр металдармен күйгенде тіндер коагуляциялық (құрғақ) тип бойынша некрозданады. Олар белоктардың ыдырап, тіндердің құрғап, коагуляцияланған аймақтардың түзілуіне әкеледі. Күкірт қышқылымен күйгенде зақымданған тері сұрланып немесе қарайып кетеді, тұздармен күйсе — сары, фтор сутегімен күйсе — лас-сары немесе ақ болады. Сілтілермен күйгенде колликвациялық (ылғалды) некроз дамиды. Сілтілер белоктарды, сілтілі протеин түзіп, майларды ерітеді. Теріге түскенде бірінші эпидермисті бұзады. Ол жерде ашық-қызыл эрозия пайда болады. Некрозға ұшыраған тіндер, бірнеше күндер бойы сілтіні сақтайды да жақсы сіңетін улы альбулинаттар түзеді. Сілтілер баяу, ұзақ әсер етіп тіндерге терең сіңеді. Сондықтан басқаларға қарағанда сілтімен күю тереңдігі кеш анықталады.

Көмек көрсеткенде мүмкіндігінше теріні химиялық заттан тез тазарту керек. Концентрациясын азайтып, тіннің зақымданған аймағын суытады. Бәрінен де жеңіл, қарапайым түрі зақымданған аймақты ағынды сумен 20-30минут бойы жуу. Өшпеген әк-известь, күкірт қышқылы суға тигенде жылу бөліп химиялық реакцияға түседі. Сондықтан қосымша тіндердің химиялық зақымдануына әкелуі мүмкін. Диэтиламин гидриді мен және триэтиламинмен күйген кезде сумен шаюға болмайды, себебі олар қосылғанда жалын береді.

Біріншілік көмек көрсеткен кезде күйіктің бетін бейтараптайтын ерітінділермен жуып шаяды (гидрокарбонат натрийдің әлсіз ерітіндісі, 0,01% тұз қышқыл ерітіндісі, 1-2% сірке қышқылы ерітіндісі).

Химиялық заттар неғұрлым ерте алынса, тіндер соғұрлым аз зақымданады. Бұдан басқа көмек көрсететін және зақымданған адамдардың өзі химиялық заттардың табиғатын біле бермейді, сондықтан бейтараптайтын ерітінділерді емдеу мекемелерінен тыс қолдануды білмейді.

Стационарда химиялық агенттің табиғатын анықтап, оны бейтараптау қажет. Бұл тері қалыңдығына және теріасты май клетчаткасына қышқылдар мен сілтілердің енуіне байланысты. Қышқылды бейтараптау үшін 2-5% натрий гидрокарбонатының ерітіндісі, сілтілерді бейтараптау үшін қышқылдар ерітіндісі (1-2% сірке, лимон қышқылдары және т.б.) қолданылады.

Егер зақымданған адам кеш жеткізілсе, күйіктің бетіне (паста) қойырытпақ жағып қояды. Улану белгілері білінсе дезинтоксикациялау емі жүргізіледі. Тиісті антидоттарды белгілейді.

Химиялық күйіктерді жергілікті емдеудің термиялық күйікті емдеуден айырмашылығы жоқ.

Үсік төменгі температураның әсерінен дамиды. Бетте, әсіресе мұрын, құлақ, бет сүйегі аймағының тіндері үсікке жиі шалдығады. Төменгі температураның әсерінең тері аз зақымданса да шеміршек зиян шегеді. Перихондриттер дамуы мүмкін, олар ұзаққа созылып, құлақ қалқаны мен мұрын ақауланады. Бет қаңқасының сүйектері үсікке өте сирек шалдығады. Ерін мен тілдің (балаларда) металды заттарға жанасуынан үсуі кездеседі. Төменгі температура әсерінен зақым тіндерге тереңдеп таралады. Бет тіндерінің үсуі госпитализациялау көрсеткіші болып табылады.

Үсік кезіндегі патологиялық өзгерістердің дамуының екі кезеңін ажыратады: а) тіндік гипотермия; б) тіндердің жылынуынан кейін басталатын реактивті кезеңі. Дәл осы екінші кезең бұзылуларының клиникалық көріністерін анықтайды. Бұл алдында спазммен, кейін қан тамырлардың тромбозымен көрінеді.

Алғашқы кезеңде науқастар шаншып, ысыған, бет аймағында ауыру сезімін байқайды. Кейін мүлде жансызданғанын сезеді. Науқастар үсікке шалдыққанын байқамай қалады. Бұл кезеңде терінің бозарғаны, зақымданған аймақта температураның төмендегені, ауыру сезімінің жоғалғаны анықталады. Үсікке шалдыққан тіндерді жылытқан соң анық ауыру сезімі пайда болады.

Зақымдану тереңдігіне байланысты үсіктің 4 дәрежесін анықтайды:

I-Тіндер өлмейді. Науқастар қышынып, анық ауыратынына, ысыған, жансызданған сезімге шағымданады (парестезия). Тері қызарған, көкшіл-денген таңбалар бар. Тіндердің айқын ісінгені көрінеді. Ауыру сезімі төмендеген. Аталған өзгерістер 3-7 күннен кейін басылып, эпидермистің түлеуі байқалады.

II-Эпидермис өледі, шағымдар I дәрежедегідей, бірақ ауру сезімі күшейеді, әсіресе түнде 2-3 күндей ауыру сезімі сақталады. Өлген эпидермис сыдырылып бір немесе бірнеше күлдіреуіктер түзіледі. Олар сары немесе геморрагиялық сұйықтықпен толған. Егер күлдіреуіктің қабығын сыдырса ауыратын ашық-қызыл дерма көрінеді.

II дәрежелі үсікте жаралар 10-15 күннен кейін эпителиймен жабылып жазылады.

ІІІ-Терінің барлық қабаты және жұмсақ тіндері өледі. Науқастар қатты және ұзақ ауыру сезіміне, парестезияға шағымданады. Іштері геморрагиялық сұйықтықпен толған күлдіреуік астындағы дерма қоңыр түсті болып келеді. Күлдіреуіктің орнына 6-7 күннен кейін қара түсті өлеттенген қабық пайда болады. Қабық 3-4 аптаның соңына таман сыпырылып түсіп, гранулденеді. Жиектік эпителизацияның біртіндеп жүруімен тыртық түзіліп барып жазылады.

IV-Жұмсақ тіндер өліп, сүйек жалаңаштанады. Кейде зақымда-нады. Шағымы III дәрежедегідей. Ісіну өлген тіндерден асып, таралып айқын көрінеді. Қабық түзіліп, біртіндеп түседі. Улану белгілері байқалып, науқастың жалпы жағдайы ауырлайды. Үсіктің III және IV дәрежелерінде 5-7 күннен кейін өлетті шекарасы көріне бастағаны анықталады.

Үсіктің IV дәрежесінде бет, мұрын, құлақ, ұрт, бет доғасының жұмсақ тіндері жойылуы мүмкін.

Бетке пластикалық (қалпына келтіру) оталар жасалған адамдар, әсіресе Филатов сабақшасын қолданғанда, суықтан сақтануы қажет. Филатов сабақшасы тіндердің суыққа сезімталдығы әрқашанда жоғары болады. Олар ауа температурасы — 5°С 2-3 сағат аралығында үсікке шалдығуы мүмкін.

Дұрыс және уақытында көрсетілген көмек үсік кезіндегі өзгерістердің жайылуын тежеуі мүмкін. Бұл тіндерге қан келуді қалпына келтіру жылдамдығына байланысты. Терінің зақымданған аймағы қызарып, жылынғанша қолмен жеңіл, жылы массаж жасау тиімді. Кейін теріні спиртпен немесе йодтың әлсіз тұнбасымен сүртіп, вазелин немесе басқа жылытатын таңғыш салған жөн. Үсіген жерді қармен уқалауға болмайды, себебі одан әрі салқындап, зақымдану ағымын ұлғайтады. Бұдан басқа қардың кристалдары теріні жырып тіндердің инфекциямен зақымдануына жағдай жасайды.

I дәрежеде біріншілік көмек көрсетілгеннен кейін арнайы емді қажет етпейді.

II дәрежелі үсікте көпіршіктердің бүтіндігін сақтауға тырысу қажет, өйткені оның астында жарақаттың эпителизациясы жүреді. Егер көпіршік ішіндегі сұйықтық іріңдесе, көпіршік алынады. Бет тіндерін құрамында антибиотик немесе антисептик бар май, эмульсиямен жабады.

III дәрежелі күйіктерде жарақаттың бетіне 5% йод тұнбасын жағады және қабықты алады. Жараның іріңдеуін болдырмау үшін жиі антисептик ерітінділерімен жуады. Қабық алынып, гранулденген соң ылғалды-құрғататын таңғыш салады, яғни жабық әдіспен жазылғанға дейін. Таңғышты сулау үшін антисептик ерітінділері қолданылады. Осы кезге дейін үсікті емдеу ашық әдіспен жүргізіледі. Үсік салдарынан ақауланған бет тіндері мен мүшелерді реконструктивті оталар көмегімен қалпына келтіру қажет. Үсікке шалдыққан науқастарға сіреспеге қарсы сарысу енгізген жөн.

Үсікке шалдыққан тіндердің төменгі температура әсеріне сезімталдығы жоғары келеді. Суық аз әсер еткен күнде де қайтадан үсуі мүмкін.

 

13.16. Бет пен ауыз қуысы тіндерінің аралас

радиациялық жарақаттары

Екі немесе одан көп зақымдаушы факторлар әсерінен болатын жарақат — аралас жарақаттар деп аталады. Аралас радиациялық жарақаттар бет-жақ аймағының оқпен немесе оқсыз жарақаттануы. Сәуле ауруын тудыратын радиоактивті заттармен зақымданғанда көрінеді. Сәуле ауруы β, а — бөлшектерімен және рентген сәулесімен сәулену салдарынан дамуы мүмкін немесе α және β— бөлшектерінің организмге жарақат, тыныс алу, ас қорыту жолдары арқылы енген кезде дамиды β, а — бөлшектері және жұмсақ рентген сәулелері радиоактивті күйіктер шақырады. Жедел ағымды сәуле ауруы патогенезінде бөлінген клеткалар мен лимфоциттердің өлуі маңызды рөл атқарады. Сәуле ауруының пайда болуы ионданушы радиацияның сіңген мөлшеріне байланысты. Бұл ауру кезінде организмнің иммунобиологиялық қасиеті жойылады, ол тіндердің репаративті мүмкіндігін төмендетеді: сынықтар баяу бітіседі, жұмсақ тіндер жарақатының жазылуы баяу және ұзақ өтеді. Сәуле ауруы жарақаттың жазылуын асқындырады, ал механикалық жарақат ауруы ағымын ауырлатады.

Радиацияның сіңген мөлшеріне байланысты, сәуле ауруының бірнеше дәрежесін ажыратады.

Адамда сәуле ауруының жеңіл дәрежесі радиацияның сіңген 1-2 Гр, мөлшерінде дамиды, орта ағымы— 2-4 Гр, ауыр 4-6 Гр, өте ауыр 6 Гр жоғары. Егер 10 Гр мөлшерінен жоғары болса өлімге әкеледі. Сәуле аурының ағымы — қосалқы аурулардың санына байланысты.

 

Сәуле ауруын 4 кезеңге бөледі:

I-біріншілік реакциялар. Сәулемен зақымданғаннан 24 сағаттан соң дамып бірнеше сағаттан бірнеше күнге созылуы мүмкін (көбіне 2 күнге). Науқас әлсіздікке, бастың айналып ауыратынына, ауыздың құрғақтығына, дәмді сезбеуіне, шөлдейтініне шағымданады. Тері қабатының гиперемиясы, дене қызуының артуы, ентігу, тахикардия, артериялық қысымның түсіп кетуі анықталады. Кейде қозу, ұйқышылдық, әлсіздік болады. Менингиалды белгілер көрінуі мүмкін: бұлшықет тонусы артуы, іштің түйіліп ауыруы, кебуі, динамикалық іштің жүрмей қалу белгілері көрінеді. Қанда уақытша лейкоцитоз, анықталады, ЭТЖ артқан. Сәуле ауруының жеңіл дәрежесінде клиникалық біріншілік реакциялар көрінбейді. Жоғары сіңірілген мөлшерде науқастар кома жағдайында болады. Бұл кезеңде жарақатқа біріншілік хирургиялық емдеу жургізуге болмайды. Ол жарақатқа қосымша зиян әкеледі. Хирургиялық көмек өмірлік көрсеткіштер бойынша ғана қолданылады.

II - Жасырын (латентті) ұзақтығы 12-14 күндей. Бұл уақытша клиникалық жеңілдікпен сипатталады. Жоғарыда аталған белгілер жоғалып, қан көрсеткіштері қалыпқа келеді. Бет тіндерінің аралас радиациялық жарақаттануы кезінде 1-ші хирургиялық өңдеуді мерзімнен кейін жүргізеді. Ол бір мезгілдік, радикалды және ақырғы ем болуы тиіс, міндетті түрде тұйық тігістер салумен аяқталады. Осы талаптарды мүлтіксіз орындағанда ғана сәуле ауруының шыңына дейін жарақаттың жазылуына жағдай жасалады. Тіндердің механикалық жарақаттануында новокаинмен тежеу-блокада жасалу көрсетілген. Антибиотиктерді міндетті түрде қолданады. Кеш біріншілік хирургиялық өңдеу (48 сағаттан соң) жарақаттың іріңдеуін жоймаса де инфекциялық асқынудың ауырлығы мен ағымын азайтуға жағдай жасайды. Біріншілік хирургиялық өңдеу жүргізгенде тіндерді аз, үнемдеп кесу керек. Мұқият түрде бөгде денелерді алып тастайды, әйтпесе олар ойық жаралар тудыруы мүмкін. Зақымданған тамырларды тігеді. Сәуле ауруы шыңына жеткенде аққан қанды тоқтату өте қиын, кейде геморрагиялық синдромдар көрінуі мүмкін. Сынық тұсындағы тістер міндетті түрде жұлынады, ал сынықтардың өткір шетін тегістейді.

Сүйек жарақатын өңдеген кезде барлық сүйек жарқыншақтары

мен сынық тұсындағы тістер жұлынады. Сүйек сынықтары хирургиялық остеосинтез әдістерімен орнына келтіріліп бекітіледі, яғни сынық мықтап тігіледі (сүйек тігісі сыммен, бізбен т.б.). Сүйектік қысқышы бар аппараттар сынықтарға жоғары аталған иммобилизациялау әдістерін қолдану мүмкіндігі болмаған жағдайда пайдаланылады. Тістік шиналарды қолдануға болмайды, себебі олар қызыл иектің шырышты қабығын жарақаттайды, Жақ сынықтарын мықтап бекіткеннен кейін, сүйек жарақатын ауыз қуысынан мұқият оқшаулайды да кілегей қабықты тігеді. Кейін жақ маңындағы жұмсақ тіндер мықтап сыртынан тігіледі. Ақауды жабу үшін жергілікті тіндермен пластика әдісін қолдануға болады.

Жарақатты қашыртқы-дренаждап (24-48 сағат ішінде) міндетті түрде антибиотиктер жібереді.

Егер жарақатты бір себептермен мықтап тігу мүмкіндігі болмаса ол екіншілік бітісумен баяу жазылады, аздаған асқынулар болуы мүмкін.

Жасырын кезеңнің ұзақтығы сәулелену дозасына кері пропорционалды деп есептейді. Радиацияның сіңген дозасының аз мөлшерінде жасырын кезеңі болмауы мүмкін, сондықтан I кезеңнен кейін белгілері бірден анықталуы мүмкін.

ІІІ- клиникалық көріністері айқын көрінетін немесе сәуле ауруының асқынған кезі. Ұзақтығы 1 ай шамасында, бірақ одан да көп болуы мүмкін. Егер өлім қауіпі болмаса, IIIкезең IV кезеңге ауысып, тұрақты гипотония анықталады. Геморрагиялық синдром айқын көрінеді, сүйек миының қызметі өзгереді, агранулоцитоз, неврологиялық бұзылулар, терінің қоректену өзгерістері, құсу, іші өту белгілері байқалады. Асқазан-ішек жолының шырышты қабығында жаралар мен эрозиялар түзіледі. Эндокринді бездердің қызметі әлсірейді, организмнің қарсы тұру қабілеті күрт төмендеп кетеді. Ауыз қуысының шырышты қабығында ісіну мен гиперемия болады және бадамша бездер мен жұтқыншақта, ерін мен тілде ауыратын жарықтар пайда болады. Олардан қан ағуы мүмкін, кейін қою кілегеймен жабылған нашар иісті жұқа қабықшалар мен жаралар пайда болады. Жаралар тіндердің барлық қалыңдығына жайылуы, сүйек тіндері жалаңаштануы мүмкін. Ауыздың шырышты қабығы сәл жарақаттан-са жаралы өлеттенген стоматит дамиды. Сондықтан кез келген тістік құрсаулар мен аппараттар, алмалы протездер, сапасыз дайындалған жасанды сауыттар мен дұрыс қойылмаған пломбалар, ауыздағы өлеттенген жаралардың дамуына себеп болады. Бұл асқынулардың алдын алу үшін ауыз қуысын санациялаған жөн. Тіс протездерін мұқият коррекциялау қажет. Металл бітеме-пломба мен алмалы протезді алып тастайды.

IV-қалпына келу немесе сауығу кезеңі (аз жарақаттанған кезде) созылмалы кезеңге өту. Радиоактивті зақымдау аймағынан шұғыл көшіру, теріден жарақаттан, шырышты қабықтан, міндетті түрде дозиметрлі бақылау жүргізе отырып, радиоактивті изотоптардан тазарту керек. Радиоактивті заттар организмге түссе, 5-10 мл 5% унитиолдың ерітіндісін бұлшықетке жібереді, ішке полоний түссе 20 мл 10% тетрацинкальций ерітіндісін 500 мл 5% глюкоза ерітіндісімен 3-4 сағат шамасында (ауыр металл тұздары), 20 мл 10% динатрий тұзының ерітіндісін 500 мл глюкоза ерітіндісімен қосып венаға жібереді (стронций енген кезде). Глюкозаның гипертониялық ерітіндісі (40-60 мл 40%), 10% кальций хлорид (10 мл), 5%аскорбин қышқылының ерітіндісі, антигистаминдік препараттар, дезинтоксикациялық ем жүргізіледі.

Барбиттураттар, анальгетиктер, апиын және пиразолон өнімдері, сульфаниламидтер, қан түзілуге қысым көрсететін (угнетение) басқа препараттарды қолдануға болмайды.

Сәуле ауруын емдеуде тәжірибесі бар хирургтар мен терапевтер аралас радиациялық зақымдарда комплексті емдеу әдісін жүргізеді. Аталған ем әдістері неғұрлым ерте басталуы қажет.

Дер кезінде және дұрыс жүргізілген біріншілік хирургиялық өңдеу, сүйек сынықтарын дұрыс бекіту, антибиотиктерді қабылдау, арнайы күтім мен рационалды тамақтану, науқастың сауығуына жақсы жағдай туғызады.

13.17. Бет-жақ аймағының бірлескен жарақаты

Бірлескен жарақаттанулар — бір зақымдаушы фактормен дененің бірнеше анатомиялық мүшелері мен ағзаларының бір мезгілде зақымдануы.

Бет-жақ аймағының бірлескен жарақаттануына — бет сүйегінің немесе жұмсақ тіндердің мимен бірлескен жарақаты немесе дененің басқа аймағындағы жұмсақ тіндер мен қаңқа зақымдануы жатады. Бұл жарақаттар ерекше ауыр болып саналады. Аралас зақымданған науқастардан шағымын сұрап, келіп шығу тарихын-анамнез жинау өте қиын немесе мүмкін емес. Осыған қарамастан жақ-бет аймағын нақты-объективті тексеру мұқият болуы тиіс. Бет-жақ аймағының зақымдануы, жоғарғы тыныс жолдарының өткізгіштігін бұзып, кеңірдек пен бронхқа қанның, сүйек жарықшағының, тістердің түсуінен, аспирациялық пневмонияның дамуына әкеледі. Есін жоғалтып, қорғаныс рефлекстері жоғалғанда бұл қауіп арта түседі. Бұл науқастарды тексергенде және емдегенде тек хирург-стоматолог қана емес, нейрохирург, отоларинголог, окулист, невропатолог, хирург-травматолог қатысуы қажет.

Жақтары сынған науқастар организмінде белоктар мен витаминдер құрамы кенеттен түсіп кетеді, ас қабылдауы бұзылады. Оларда септикалық асқынулар жиі кездеседі, себебі одонтогенді аурулар инфекция ошағы болып табылады. Жақтың араласқан сынықтарында — жарақатты остеомие-лит дамиды, сынықтар дұрыс бітіспейді, жалған буындар қалыптасады. Хирург-стоматологтың арнайы көмегі дер кезінде көрсетілмесе бет сүйек доғасының тұрақды деформациясы дамиды. Аралас жарақаты бар науқастарды емдеу көп салалы клиникалық ауруханаларда жүргізілуі қажет.

Госпитальға дейінгі кезеңде дәрігерлік көмек шокқа қарсы шаралар, қан кету, асфиксиямен күрес, жақ және тірек-қимыл аппарат сүйектерінің сынықтарын уақытша иммобилизациялауға негізделеді. Науқасты тасымалдау кезінде, тыныс алу жолдары өткізгіштігінің бұзылуын, құсық массаларымен тұншығуын болдырмауды қамтамасыз ету қажет (науқасты етбетімен немесе жанымен жатқызады). Есінен танған науқасқа дереу интубация жүргізу қажет, егер мұндай мүмкіндік болмаса, ауа өткізгіш енгізу қажет. Беттегі жарақатқа салынған таңғыш, жақ сүйектерінің сынықтарының қосымша жылжуына әсер етіп, тыныс жолдары өткізгіштігін нашарлатпауы тиіс.

Наукас аурухананың қабылдау бөліміне түскен кезде, оны хирург-травматолог, нейрохирург, невропатолог, хирург-стоматолог тексеріп, көрсеткіштері бойынша реанимациялық шаралар немесе интенсивті терапия жүргізеді. Негізгі клиникалық мәліметтерге және ми мен бетсүйек қаңқасына жасалған көлемді рентгенограмманың нәтижесіне сүйеніп, бет сүйегінің зақымдануы жөнінде қорытынды жасайды.

Мамандандырылған емнауқасты госпитальға жатқызылғаннан кейін жүргізеді. Ол шұғыл түрде, жедел және уақытша болуы мүмкін. Шұғыл мамандандырылған көмек науқас түскен бойда, қан кетуді тоқтату және тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз етуге негізделеді. Жедел көмек жарақатта біріншілік хирургиялық өңдеу, бет сүйектерін уақытша немесе тұрақты иммобилизациялауды жүргізумен көрінеді. Оны науқас емханаға түскеннен кейін 2 күннің ішінде жүзеге асырады.

Уақытша емнауқас емханаға түскен соң 48 сағаттан кейін немесе кеш жүргізіледі. Анестезиологияның қазіргі даму деңгейі - науқас госпитальға түскеннен кейін тез арада мамандандырылған көмек жүргізуге мүмкіндік жасайды. Шокқа қарсы ем жүргізілгеннен бастап 12 сағат ішінде гемодинамика тұрақтанса, жедел мамандандырылған емдеуді толық көлемде жүргізуге болады. Егер шоктың ұзақтығы 24 сағатқа жетсе, толық мамандандырылған ем жарақаттан 12-14 сағаттан соң гемодинамиканың тұрақтану көрсеткіш-теріне байланысты жүргізіледі. Шоктың ұзақтығы 24 сағаттан артық болса өмірлік көрсеткіштеріне байланысты хирургиялық ем жүргізіледі (қан кетуді тоқтату, сыртқы тыныс алу бұзылысымен курес және т. б.). Жақ сынықтарын ерте әрі дұрыс бекіту ауыр бірлескен жарақаты бар науқастарда менингит, энцефалит, ми абсцессі дамуының, ликвореяның алдын алады.

Реабилитация бөлмесінде ми жарақатымен аралас жағы сынған науқас-ты емдеуді дәрігер-стоматолог невропатологпен бірге жүргізеді. Бұл науқастар диспансерлік бақылауға алынады. Еңбекке жарамдылығы бірлескен жарақаттың сипаты мен ауырлығына байланысты.

Тапсырманы қайталауға арналған естемелік жаттығу сұрақтары:

1. Жақтардың сынықтары ........... болып 2-ге бөлінеді.

А) ашық және жабық сынықтар.

Б) толық және ашық

В) жабық және толық

Г) жартылай және ашық

Д) жартылай және толық

2. Ашық сынықтар ............. сынықтарды айтамыз.

А)сүйек жарасының сыртпен қатынасы болса және ол тек тіс

қатарында кездескен

Б) ол тек тіс қатарында кездескен,сүйек жарасының қатынасы жоқ

В) сүйек жарасының сыртпен қатынасы болса, тіс қатарынан тыс

Г) ол тек тіс қатарында кездескенсүйек жарасының қатынасы бар