Жараны айналдыра тігіс салу 4 страница

3) Қиыстырылған сынықтарды тығыз бекіту. Бұл қағндаларды сақтау сүйектің біріншілік бітісуіне жағдай жасайды, мерзімін қысқартады.

13.6. Жақ сүйектері сынықтарын емдеу әдістері

Жақ сынықтарының емдеу әдістері жергілікті және жалпы деп бөлінеді. Жергілікті емнің өзі уақытша (транспорттық) және тұрақты (емдік) емге бөлінеді. Тұрақты емнің ортопедиялық және хирургиялық түрлері бар.

Шендеуіштердің көмегімен көрсететін ортопедиялық ем үш топқа бөлінеді: тістік, тіс-қызыл иектік және қызыл иекүстілік.

Шендеуіштерге қойылатын талаптар: 1. Шендеуіш сынықтарды мықтап ұстап тұруы; 2. Құрылысы қарапайым болуы; 3. Қолда бар заттардан оңай дайындалуы; 4. Ағза қызметіне кедергі келтірмеуі керек.

Тістік шеңдеуіштер.Бұл шеңдеуіштердің ішінде кеңінен тараған алюминий сымынан жасалған Тигерштедтің, Васильевтің таспалы стандартты шеңдеуіштері. Тістік шеңдеуіштер тек тістерге бекітіледі, сондықтан олар тістер жеткілікті болса ғана қолданылады. Бұл шеңдеуіштерді орыс әскерінің тіс дәрігері Тигерштедт С.С. (1915) қолдануды ұсынған. Оны дайындау үшін диаметрі 1,8-2,0 мм алюминий сымы, 0,5-0,6 мм қола-алюминий сымы және аспаптар жиынтығы (крампон қысқышы, анатомиялық пинцет, қан тоқтатқыш қысқаш, егеу) қажет. Шеңдеуішті дайындау ережелері:Шеңдеуіш тістердің мойын аумағында орналасып, әрбір тіске жанасып тіс қатарының доғасымен иіледі. Ол серпілігі қызыл иекті жарақаттамау керек. Шеңдеуішті әр тіске сыммен бір

басынан бастап бекітеді, осыған байланысты тістерге түскен салмақ шеңдеуішке байланған тістерге біркелкі бөлінеді, оның күтімін жеңілдетеді. Шеңдеуішті ию барысында бірнеше ережелерді орындау қажет. Оны крампон қысқашымен қысып ұстап саусақпен иеді.

 

 

Сурет-83.Тигерштедтің шеңдеуіштері:

 

Бұл талап орындалмаса шеңдеуіштің иіліп дайын болған жері деформациялануы мүмкін.

Қазіргі кезде Тигерштедт шеңдеуіштерінің ішінде тегіс жақша тәріздес, тіректі шеңдеуіш, екі жақтық ілмектері бар шеңдеуіштерді көп қолданады, ал көлбеу шендеуішті сирек қолданады (83 а, б, в, г сурет). Шендеуішті салу алдында жергілікті жансыздандыру жасап сынық бөліктерін орнына салады.

Біржақтық байланыстырғыш, жақша тәріздес шендеуіш сынықтың үлкен бөлігінде 4 тістен кем, ал кішісінде 2 мықты тістерден кем болмаса салынады.

Тегіс жақша тәріздесшеңдеуішті алдыңғы тістер аумағындағы оңай

салынатын немесе ығыспаған тік сызықты сынықтарда, жоғарғы және төменгі жақтардың ұяшық өсіндісінің ортаңғы бөлігінен, бүйірінен сынғанда, егер сынық бөлігінде 2-3 тістен, жарақаттанбаған бөлігінде 3-5 мықты тістерден кем болмаса, тіс ұясынан шыққанда немесе сынғанда қолданады. Дегенмен жоғарыда аталған жақ сынықтарында екіжақтық ілмектері бар шендеуіш қолданған жөн. Өйткені тегіс жақша тәріздес шеңдеуіш иек аумағындағы сынық бөліктерін бір-біріне жақындата алмайды. Егер тіс ұясынан шықса немесе сынса оларды бекіту үшін шеңдеуіш каппалар қолданады.

Біржақтың жақша тәріздесшеңдеуішті дайындау үшін әуелі соңғы тісті тығыз қамтып ауыз қуысының тіліне кіріп тұратын (тіс түбірі 1/2 немесе 1/3 ұзындығына) ілмек иеді. Ілмектің ұшын тік жазықта 45° бұрыш жасай қайшымен қиып, ұшын егеумен тегістейді. Ілмек орнына қысқа жіңішке үшбұрышты тіс аралығына кіріп тұратын иін июге болады. Шендеуіш тістердің мойын деңгейінде орналасу үшін ілмек жасалған тіс сауытының ортасында немесе оның алдында орналасқан тіспен аралығында сымды

жоғарыға (жоғарғы жақтан төмен) иеді. Сонан соң шендеуішті әрбір тіске жақындата отырып тіс қатарының бойымен иіп сыммен бекітеді. Сымның ұшын 5 мм қалдырып орталық сызық бағытында шеңдеуіштің астына қарай майыстырады.

Тіректі шеңдеуіштітөменгі жақ сүйегі тіс қатарының аумағында жылжымай сынса немесе сынық оңай салынса, егер сынық сызығы альвеолды өсіндінің тістері жоқ жерлерінен өтсе және төменгі жақ сүйегі тіс қатарының аумағында ақауланып сынса қолданады.

Шеңдеуішті дайындау әдісі жақша тәріздес тегіс шеңдеуіштікіндей, тек сынық тістер жоқ жерден сынса, екі иығы сынықтың- жан-жағында тұрған тістерге тығыз жанасып тұратын иін иіледі. Иін ұяшық өсіндінің тістері жоқ жағына бағытталып иіледі, оның ұзындығы тістің бүйір бетінің жалпақтығына сай келеді. Тіреуіш иін ұяшық өсіндінің деңгейінде немесе онан 5 мм шығыңқы болады. Шеңдеуіштің жекелей салу ережесі жоқ, өйткені тіреуіш иінді арнайы иілетін шеңдеуіштің кез келгенінде дайындауға болады.

Екіжақтық ілмектері бар шеңдеуіш жоғарғы және төменгі жақтарға бірдей дайындалады. Бұл шеңдеуішті төменгі жақ сынығы тіс қатарының аумағында жылжып сынғанда немесе сынық бөліктері қиын жылжыса, төменгі жақ екі, үш жерден сынса, сынық сызығы тіс қатарының артынан өтсе, жоғарғы жақ сүйегі сынса (қосымша төбе-иекті таңғышпен байлау немесе стандартты иектік сақпан) және сүйекке пластикалық ота жасалған жағдайларда қолданады. Егер сынық бөліктерін қолмен орнына салуға мүмкіндік болмаса, оларға ілмектері бар шеңдеуіш бөлек дайындалады да, оларды жоғарғы жақ сүйегіндегі шендеуішке резинка дөңгелектермен тартып дұрыс жағдайға келтіреді, сонан соң қосымша жіңішке ортодонтиялық сымнан иген доға тәріздес шеңдеуішпен бекітіп бір-бірін тез қататын пластмассамен бекітеді.

Сынық бөлігінің біреуі жоғары қарай көбірек ығысқан жағдайда антогонист тістердің арасына резинкадан төсеніш қойып оны лигатурамен шеңдеуішке бекітіп қояды. Резиналы дөңгелектерді резиналы түтіктен кесіп дайындайды, олардың диаметрі әр түрлі болады. Резиналы дөңгелектің тарту күші оның диаметріне қарама-қарсы пропорцияда. Алғашқы екі күн диаметрі үлкен дөңгелектер салынады, кейінгі күндері олар диаметрі кішірек дөңгелектерге ауыстырылады. Сынық бөліктерінің бағытын дұрыс бағыттау үшін дөңгелек тартылысының бағытын өзгерту керек.

Шеңдеуішті дайындау әдісі.Әр шеңдеуіште 5-6 ілмек иіледі: сынықтың үлкен бөлігіне 3-4, ал кіші бөлігіне 2-3 ілмектен. Ілмектердің ұзындығы 3-5 мм болып жоғарғы жақта олар жоғары, ал төменгі жақта төмен қарай орналасып, тіс өсімен 35-45° бұрыш құрайды. Ілмектің ұшы қызыл иектің шырышты қабатынан 2 мм қашықтықта тұрады, бұл резиналы дөңгелектермен қызыл иекті жарақаттамауға мүмкіндік жасайды. Мүмкіндігінше ілмектерді 2 күрек, 1 кіші және үлкен азу тістердің

аумағында иген жөн. Ілмектер тістердің аралығында емес қатты тіндерінде орналасуы керек. Иілген ілмектер бір деңгейде орналасып, барлық тістермен тығыз жанасуын қадағалау керек.

Шеңдеуіштерді иіп болғаннан соң, оларды мүмкіндігінше әрбір тіске бекіткен дұрыс, өйткені оларға ілінген резина дөңгелектер қосымша күш түсіреді.

Ем біткен соң дөңгелектерді алып, науқасты 2-3 күндей бақылайды, егер бұл мерзім ішінде тіс түйісуі өзгермесе, сынық бөліктерінің патологиялық қозғалысы байқалмаса шеңдеуіштер алынады.

Сынықтың түріне байланысты шеңдеуіштерді 4-6 аптаға салады.

Оразалиннің екіжақтық стандартты ілмегі бар пластмасса шендеуіші. ҚазҰМУ-дің хирургиялық стоматология клиникасында 1982 ж. бастап төменгі қысымды полиэтиленнен жасалған стандартты шеңдеуіш қолданылады. Бұл шеңдеуіштер майысқақ, жеңіл, сонымен қатар өте мықты және улы заттар бөліп шығармайды.

 

Сурет-84. Ж. Б. Оразалиннің пластмасса шеңдеуіші

Шеңдеуіш доға тәріздес бір-бірінен 1,0 см ара қашықтықта орналасқан ілгектері бар. Оның ұштарында тіс аралығына кіріп тұратын иіндері бар. Шеңдеуіштің ұзындығы 11-13 см, салмағы 0,7-0,8 г. Шеңдеуіш тістерге полиамидті жіппен немесе лигатуралы сыммен бекітіледі (84-сурет).

Сабын және щеткамен өңделіп залалсыздандырылған соң шеңдеуішті қайта қолдануға болады.

Васильевтің таспалы стандартты шеңдеуіші.1967 жылы қолданылуға ұсынылған, оның жалпақтығы 2,3 мм, ұзындығы - 134 мм. Шеңдеуіштің стандартты ілмектері бар, сондықтан оны қолдану оңай және көп уақыт алмайды. Бірақ бұны барлық уақытта кіші және үлкен азу тістердің аймағында Шпейс қисығына сай орналастыруға мүмкіндік болмайды. Егер тіс түйісуі терең немесе тістер қысқа болса шеңдеуішті қолдану өте қиынға түседі, кей кездерде тіпті қолдануға болмайды. Бұл шеңдеуішті басқа, ілмектері бар шеңдеуіштер қолданатын жағдайларда пайдаланады.

Тіс-қызыл иектік шеңдеуіштер.Ұяшық өсіндіге және тістерге тіреліп

бекітіледі.

Вебер шеңдеуіші төменгі жақ сүйегінің сынық сызығы тіс қатары аумағымен өтіп сынық бөліктерінің әрқайсысында бірнеше мықты тістер болса ғана қолданылады. Шеңдеуіш ұяшық өсіндінің тістері жоқ жеріне тіреліп, қызыл иектің шырышты қабатына жанасып тістерді жан-жағынан тығыздап ұстап тұрады. Тістердің шайнау беттерімен кескіш қырларын жаппай тұруына байланысты антагонист тістердің түйісуі бұзылмайды. Бұл шеңдеуішті сынық бөліктері жылжымаған жағдайда сынық пайда болысымен салып, ем толық біткенше пайдалануға болады.

Ванкевич және Ванкевич-Степанов шендеуішін сынық төменгі жақ сүйегі тіс қатарының аумағында және оның артында болғанда, төменгі жақ сүйегі ақауланып сынған жағдайда қолданады. Шеңдеуішті төменгі және жоғарғы жақ сүйектері қатарласып сынғанда стандартты сыртқы таңғышпен біріктіре қолдануға болады.

Шеңдеуіштің негізі (Ванкевич бойынша) таңдай негіз-базисі болып табылады немесе (Ванкевич-Степанов бойынша) төмен қарай бағытталған

енкіш жазықтығы бар болат доға болады. Негізгі күш жоғарғы жақ сүйегіне түседі. Бұл шеңдеуішті қолданғанда ауыз қуысындағы сақталған тістердің саны әсер етпейді. Емнің бастапқы кезінде шеңдеуішке қосымша стандартты иектік сақпан тәріздес таңғышты қолданған жөн.

Кызыл иектік шеңдеуіштер.Бұлар ды өсіндінің шырышты қабатына жанасып тіреліп тұрады. Қазіргі кезде толық тістерінен айырылған науқастардың төменгі жақ сүйеп сынған жағдайда Порт шеңдеуіші қолданылады. Бұл жоғарғы және төменгі жақтық екі базисті пластакадан тұрады, олар бүйір бетінде бір-бірімен орталық окклюзияда бір блокқа біріктірілген.

Шендеуіштің алдыңғы бөлігінде тамақ қабылдайтын тесік жасалған. Оны ауыз қуысына кіргізген соң төменгі жақ сүйегінің сынық бөліктерін төменгі базиске қысып, иектік сақпанның және калпақтың көмегімен бекітіп қояды. Бұл шеңдеуіш әлсізденген, ота ем әдістерін жүргізуге болмайтын науқастарға қолдануға арналған.

 

Сынықтарды хирургиялық әдістермен емдеудің жіктелуі

Сүйектік әдістер Сүйек- ішілік әдістер Ошақтан тыс аппараттар Желімдеу әдісімен емдеу Ультрадыбыс- пен пісіру Өз қалпын сақтап қалатын бекіткіш- тер (ТiNi)
Сүйектік тігіс Киршнер сымдары В.Ф.Рудько, В.П.Панчоха Остеопласт Поляков, Н.Н.Бажанов, М.О.Қоспагалиев В.К.Поленичкин, Ф.Т.Темуров
Павловтың Сүйектегі табақшасы Мүйізден және металлдан жасалған штифтер В.М.Уваров, С.И.Ермолаев, И.И.Кулагин, М.М.Соловьев, Е.М.Магарилла, Я.М.Збаржа, С.И.Коганович, А.В.Ярошевич, Ж.Б.Оразалин Э.Тихонов, Циакрин, А.М. Алхайдаров    
Металдық білік Өзіндік сорылатын материал-дан жасал-ған Ж.С. Сағатбаев сымдары   Ксеракин, Осакрин, Акрилоксид    
Ж.Б.Ораза- линнің сүйектегі остеосин- тезі және т.б.          

 

 

13.7. Сынықтарды хирургиялық әдістермен емдеу

Сынықтарды хирургиялық әдістермен емдеудің көрсеткіштері:

Тістері жоқ жақтардың сынықтары немесе тістер санының аздығы. Дұрыс бітпеген сынықтар немесе жалған буын, жұмсақ тіндер сынықтардың ортасында тістеліп қалса, қан тамыр-жүйке шоғырының зақымдана сынуы, тіс қатарынан тыс сынықтың жылжуы, көптеген сынықтар,көп жарқыншақты сынықтар, жұмсақ тіндер қоса зақымданған сынықтар, тіс сауыттары конус тәрізді болса,психикалық науқастар, жоғарғы, төменгі жақтардың бірлескен сынықтары, сынық сызығы кисталық қуыспен өткен кезде.

Сүйектік тігіс.Төменгі жақ денесінің, бұрышының, бұтағының, буын өсіндісі негізінің сызықты және алшақ орналасқан сынықтары кезінде

сүйектік тігіс салынады. Тігіс материалы ретінде болаттың арнайы амагнитті, тотықпайтын түрінен жасалған, IX 18М9Т ЭП— 400, ЭК-1 нихром, виталиум, тантол, титан 0,6-0,8 мм және полиамидті жіптер мен диаметрі 0,7-1,0 мм хромдалған лавсан кетгут кең қолданылады.

Сүйектік тігіс салу әдістерін ауызішілік және ауыздан тыс деп бөлуге болады. Ауыз іші арқылы тігу ұяшық өсінді аймағына салынады, ол үшін диаметрі кішкене (0,1-0,3 мм) материал қолданылады. Оталық әдіс жергілікті жансыздандыру арқылы жүргізіледі. Жеткілікті мөлшерде ұяшық қырдың ұшы арқылы тәрізді тілік жүргізіледі. Шырышты-сүйек қабығы қиындысын сыдырады да сынықтарды орнына қойып сүйекті тігеді. Тәжірибеде бұл ота жиі жасалынады. Бұл зақымданған аймақтың бойына тексеру-ревизия жүргізуге мүмкіндік береді және сүйек бөліктерін-репозицияны жеңілдетеді. Үлкен диаметрлі тігіс материалын (0,6-1,0 мм) салу сынықтардың мықты бекуін қамтамасыз етеді.

Сүйекті тіккенде сынықтардың орнына қарамастан мыңа жағдайларды сақтауға ұмтылу керек:

а) Тігіс материалын жүргізетін тесік сынық сызығынан 1 см-дей алшақ болуы керек, ол арқылы жүргізілген тігіс сынық сызығына перпендикуляр, ал өзара параллель болуы тиіс. ә) Тігіс мүмкіндігінше төменгі жақ жиегі мен альвеолды өсінді негізінің аралық ортасымен, сынықтың саңылауын қиып өткені жақсы.

в) Сүйек тігісінің тесігін төменгі жақ өзегі мен тістер түбірін қамтитындай етіп жасау керек.

 

Сурет-85. Ауыз сыртынан жасалатын сүйектік тігіс салу отасы

 

Ауыз сыртынан жасалатын ота жалпы жалпы жансыздандыру-наркозбен жүргізіледі. Сынық сызығын жалаңаштап алған соң оларды біріктіріп, дұрыс жағдайға келтіріп бормен 4 тесік (әрбір сынық бөлігінде

2-2-ден) жасайды. Ол сынық сызығынан 1-1,5 см алшақ болды. Осы тесіктер арқылы сымдар жүргізіліп ұштарын сыртқы бетінде орап тастайды (85-сурет).

Ж. Б. Оразалиннің жоғары қысымды полиэтиленнен жасалынған

сүйектік төсеніш тұтқасы(86-сурет). Төменгі жақ сынған кезде жасалатын остеосинтез отасының ұзақтығын және оның жарақатын азайту үшін полиэтиленмен остеосинтез жасалатын құрал ойлап шығарылды. Оның ені 0,5 см, қалыңдығы 0,2 см, ұзындығы әр түрлі, шеттері тегіс, бұрыштары дөңестенген, тік бұрышты пластина.

Сурет-86. Ж. Б. Оразалиннің жоғары қысымды полиэтиленнен жасалған

сүйектік төсеніш тұтқасы (жоба)

Жұмысшы бетінде шетке таман, пластинамен мықты байланысқан, бекітілуге лайықталған конусы болады. Аяқша — үшбұрышты, биіктігі 0,15- 0,20 см, төменгі жақтың кортикалды қабатының қалыңдығына сәйкес келеді. Бекіткіш конустың биіктігі 0,3-0,4 см, негізі ішке иілген. Жарықшақтарды репозициялағаннан кейін бор немесе қандауырдың көмегімен жақтың сынған жерінде пластинаның ішкі беті жақтың сыртқы кортикалды пластинкасымен сәйкес келтіріледі. Конус тәрізді шығыңқы жердің ұшына бриллиант жасылын жағып, жаққа төсеніш қойылады да сүйекті тесетін нүкте белгіленеді. Бордың көмегімен сыртқы кортикалды пластинка тесіледі. Жаққа пластинка салынады. Конус тәрізді бөлік сүйек қалыңдығынан тесік арқылы өтіп кеуекті затта жазылып бұрынғы күйіне қайтып келеді. Осылай жақ сынықтарын мықтап бекітеді.

Сүйек остеонсинтезі.Бұл әдісті төменгі жақ ортасынан сынғанда қолданады. Мұнда бекітілген бұлшықеттердің тартуынан сүйекті тіккен кезде, остеопороз пайда болып, сымдар шығып кетеді. Сондықтан сынықты дәл қойып бекіту қажет. Ол үшін темір сым қолданылады. Оның көмегімен төменгі жақтың бұрышы және бұтақтың төменгі бөлігі сынған кезде жақ денесі аздап ақауланып және тіссіз сынғанда қолданады.

Ал сүйек ақауы 2 см көп болса және бұтағы мен буын өсіндісі жоғарыдан сынған бұл әдісті қолдануға болмайды.

В. И. Лукьяненко бойынша ота жасау әдісі.Жақтың төменгі қырының бойымен сынық аймағының ұзындығы 7-8 см тері тілінеді, сынық сызығы жалаңаштап ашады. Әр сынықтағы сүйектің сыртқы қабығын жұмсақ тіндермен қоса распатордың көмегімен ажыратады. Алдыңғы сынық — сүйектің сыртқы қабығынан 2,5-3,5 см, ал артқысы 1-1,5 см жаңалаш-танады. Сынық сызығынан 2,5-3 см-дей алшақтап, жарықшақтың сыртқы төменгі қырының бойымен кортикалды қабатта бормен сүйектің кемігіне дейін тесіледі. Осыдан соң жарықшақтарды біріктіріп жасалған тесікке металл стержень енгізеді. Балғаның көмегімен сәл ғана соққы беріп алдыңғы жарықшақты сыныққа қарай бағыттайды. Ұшы сүйектен тыс жатқан сабақ-стерженнің бос ұшы 0,5-0,7 см болуы тиіс. Сабақ-стерженнің

артығын тістеуікпен кесіп, өткір жиектерін тегістейді. Жарақатты антибиотиктермен өңдеп, қабат-қабатымен тігеді. Тігіс арасына 48 сағатқа резина салады. Сабақ-стерженді отадан 2 айдан соң алған жөн, жалпы сабақ-стержень маңындағы тіндерге еш зақым келтірмейді, сондықтан сүйек әбден бітіскен соң 6-12 айдан кейін де алуға болады.

Металл стерженмен бірге сынықтарды Киршнер сыммен бекітуге болады. Оны арнайы бұрғының (И. А. Макиенко) көмегімен енгізеді. Сым жіңішке және дөңгелек, сынық жылжымау үшін 2 сым енгізіледі.

Ж.С.Сағатбаевтың өздігінен таралатын темір сыммен жасалатын остеосинтезі.Магнийдің тотығуға төзімділігі бұрыннан белгілі. Бірақ таза магний морт сынғыш келеді және тіндерге тез таралады.

1965 жылы Қазақтың клиникалық және эксперименталдық хирургия институтында негізі магний өздігінен таралатын құйма ұсынылған (Мд-90,5, Ал-8,5, Чл-0,5 Мп-0,5). Алынған құймадан сынықтарды бекіту үшін қолданылатын штифтер дайындалған. Сынықтың орналасуына байланысты ұшында бинттік жолақтары бар сымдар немесе тегіс штифтер қолданылды.

Остеосинтез әдісі.Сынықтарды репозициялағаннан кейін, төменгі жақтың анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты, 0,2 см бұрғымен ортақ өзек бұрғыланады. Жасалынған өзекке 4,5-6,0x0,24 см мөлшердегі бұранда тәрізді сымды бұрап енгізеді. Ал кортикалды пластинкаға жеткенше бұралады. Сынық ұштары сүйектің сыртқы қабығынан ажырайды, ол сүйекті ішінен бекіту әдісіне қолайлы жағдай жасайды. Демек сынықтардың консолидациясына сүйектің барлық элементтері қатысады.

Төменгі жақ бүрышы аймағының сынығында сүйек едәуір жұқарғандықтан, тегіс штифтер қолданылған. Сынықтарды біріктіріп орнына қойған соң бұрғымен (0,18 см) ортақ өзек бұрғыланады. Мұнда 4,5-6,0x0,2 см мөлшерде сым енгізіледі. Сымның диаметрі 0,2 см-ге үлкен, бұл фиксаторды тығыз шаншып енгізуге мүмкіндік береді. Дисталды сынық жылжымайды, демек сынық сызығы кеңімейді.

Гомопластикалық остеонсинтез(Бажанов Н. Н., Қоспанғалиев М. О. 1977). Бөліктерді бекіту үшін ортан жіліктен алынған гомологиялық формалинденген трансплантаттар қолданылады. Сыртқы кортикалды пластинканы және сүйек бөліктерінің төменгі жиегінің бойымен сынық сызығы арқылы белгілі ендікте аралайды. Бұл пластинканың ені 4,5 мм, жақтың төменгі қырының ені 2 см, аралық ұзындығы 2-3 см. Сынықтарды мұқият орнына қойып, осы жағдайда ұстап тұрады. Сынық сызығы арқылы сыртқы кортикалды пластинкадан және төменгі қырымен ультрадыбысты кесінді жүргізеді. Кесіндіге трансплантатты тығыз енгізеді. Трансплантат-тардың ұшы, өз сүйегімен пісіріліп бекітіледі.

Орнататын материал ретінде циакрин және сүйек ұны 1: 1 қатынасында алынған. Кесу және пісіру кескіш аспаптың 30-40 мкм тербелу амплитудасында, 30-10 секунд уақытында жүргізілген.

Ошақтан тыс бекітілген аппараттар.Бұл аппараттар жоғарғы төменгі жақтардың тістері болмағанда төменгі жақ сүйегінің оңай салынатын

барлық сынықтарын және ол ақау көлемі 2,0 см-ден артық сынғанда қолдануға арналған, тек қана төменгі жақ сүйегінің бұтақтары және буынды өсіндісі мойнынан сынған жағдайда қолданбайды. Бұл аппараттардың барлығы бір принцип бойынша құралған тек кейбір бөлшектерінің айырмашылығы бар. Әрбір аппаратта сынық бөлігінің төменгі қырына бекітілетін сүйектің қысқаштары бар, олар бұранданың көмегімен бекітіледі. Қысқаштармен қатар әр аппараттың біріктіргіш түтіктері, аралық шегелері және т.б. майда бөлшектері бар.

Рудько аппараты.Бұл аппаратты бекіту үшін сынық аумағында жақ сүйегінің төменгі қырын жалаңаштап, сынық бөліктерін тіс түйісуіне бағыттай отырып қалпына келтіріп, сүйек қысқаштарымен бекітіп, оларды бір-біріне ауыз қуысының сыртынан штангамен жалғап жараны қабаттап тігеді. Жұмсақ тіндерден шығып тұрған қысқашты йодоформды