Созылмалы паренхиматозды паротит 3 страница

А) контрасты сиалография

Б) толық және жартылай

В) екі топқа

Г) домалақ,үшбұрыш немесе тік

Д) домалақ, көлденең немесе жазық

23. Жыланкөздер .............. деп бөлінеді.

А) толық және жартылай

Б) контрасты сиалография

В) домалақ, көлденең немесе жазық

Г) домалақ,үшбұрыш немесе тік

Д) сопақ, ойық немесе дөңгелек

24. Сиалография әдісімен ....... олардың жағдайын анықтауға болады.

А) жыланкөздің ерекшелігін, оның бездің кейбір аймақтарымен, негізгі

түтікпен байланысын

Б) жыланкөздің ерекшелігін, көлденең немесе жазық

В) оның бездің кейбір аймақтарымен, үшбұрыш немесе тік

Г) негізгі түтікпен байланысын, көлденең немесе жазық

Д) толық және жартылай, ойық немесе дөңгелек

25. Қолданылатын оталарды ......... бөлуге болады

А) екі топқа

Б) бір топқа

В) үш топқа

Г) төрт топқа

Д) жеті топқа

26. Жыланкөздерді жабудың қолайлы әдісі ...... жалғастыру болып

есептеледі.

А) ауыз қуысына ашылатын жаңа жол ашу және шығару түтігінің

шеткі

бөліктерін пластикалық жолмен

Б) ауыз қуысына ашылатын, үшбұрыш немесе тік

В) жаңа жол ашу, ойық немесе дөңгелек

Г) шығару түтігінің шеткі бөліктерін пластикалық жолмен, толық

Д) жаңа жол ашу, үшбұрыш немесе тік

27. Негізгі түтіктердің тарылуын-стенозын ....... арқылы

анықтайды.

А) сүңгі-зонд

Б) қысқыш

В) қашыртқы

Г) жіп

Д) қашау

28. жыланкөздер құлақмаңы сілекей бездерінің жарақатынан

болады.

Олар .......... болып бөлінеді.

А) түтіктік және паренхималық

Б) паренхималық, ойық немесе дөңгелек

В) түтіктік, ойық немесе дөңгелек

Г) паренхималық, үшбұрыш немесе тік

Д) түтіктік, үшбұрыш немесе тік

29. Жыланкөздерге толық мағлұмат беретін әдіс ..... болып

табылады.

А) контрасты сиалография

Б) түтіктік, үшбұрыш немесе тік

В) паренхималық, үшбұрыш немесе тік

Г) түтіктік, ойық немесе дөңгелек

Д) паренхималық, ойық немесе дөңгелек

30. Хирургиялық емнің мақсаты тасты ...... толық алу болып

табылады.

А) түтіктен немесе безден

Б) паренхималық, ойық немесе дөңгелек

В) түтіктік, ойық немесе дөңгелек

Г) паренхималық, үшбұрыш немесе тік

Д) түтіктік, үшбұрыш немесе тік

 

 
XIІІ Т А Р А У

БЕТ- ЖАҚ АЙМАҒЫНЫҢ ЗАҚЫМДАНУЫНАН БОЛҒАН ЖАРАҚАТТАР

Бет-жақ аймағында кездесетін жарақаттарға дұрыс нақтама қою, нәтижелі-адекватты ем қолдану, оңтайландыру-реабилитация жасау және асқынуларының алдын алу үшін осы аймақтың (жарақаттануына байланысты) анатомофизиологиялық ерекшеліктерін дәрігер-стоматолог өте жақсы білуі қажет. Олар:

1. Бет-жақ аймағы ең бірінші көзге көрінетін жер болғандықтан адам өмірінде үлкен эстетикалық орын алады. Психиатр ғалымдардың зерттеулері бойынша жақ-бет аймағында ақаулары мен деформациялары бар науқастардың 65-85%-ң психикасы бұзылады.

2. Бұл аймақта 18 ымдау (мимикалық) еттері орналасады. Бұл еттер арқылы адам өзінің ымдау (эластомимика) қабілетін іске асырады.

Ымдаумимикоз (эластомимикоз)ішкі және сыртқы тітіркендіргіштерге организмнің өзіндік жауап қайтару реакциясы. Осы реакция арқылы оның психоэмоционалдық жағдайын білуге болады. Бұл ымдау еттерінің жиырылуы М.П.Павловтың заңы бойынша іске асырылады. Яғни ішкі және сыртқы тітіркенулер (қоздырғыштар) афферентті (көтерілетін) жолдарымен ми қабығына барып, онда қоздыру ошағын тудырады. Осы ошақтан эфферентті (түсетін) жолдарымен келіп бет жүйкесі арқылы ымдау еттерін әр түрлі жиырады. Еттердің жиырылу қабілеті қоздырғыш қабілетіне байланысты (қуану, қорқу, ауыру кезеңінде, ащы мен тәттіге т.б.). Ымдау еттерінің өзіндік жиырылуына байланысты адам бетінде уақытша немесе тұрақты әжімдер пайда болады. Осы реакция жақсы психолог, психоневролог, терапевт, хирург мамандарға науқасқа дұрыс нақтама қоюдың негізін көрсетеді. Ал ымдау еттерінің жүйкеленуінің немесе афферентті жолдарының бұзылыстарынан бұл реакция іске аспайды.

3. Бет-жақ ауданы шокогендік аймаққа жатады. Тұрмыс жағдайында болған жарақаттардың барлығы осы аймақта болады. Мысалы: төбелес кезінде тек бетке соғады.

4. Бұл аймақта барлық сезім мүшелері орналасқан деуге болады. (көру, есту, иіс, дәм, сезім түйсігі). Мимен және көкірек қуысындағы мүшелермен тығыз байланыста.

5. Қан тамырларының ерекшеліктері.

1) Артерия тамырларының ерекшеліктері:

а) Үлкен артерялар теріасты майлы қабатында жатып, артериола торын құрайды. Сондықтан үлкен қиықшалар кесіп алып ақауларды жамауға болады;

б) Артерия мен вена тамырлары бөлек орналасады;

в) Артерия тамырында қан қысымы өте жоғары болады. Сондықтан жараларды хирургиялық өңдеу уақытында қанды тоқтатуға өте мұқият қарау керек;

г) Артерия тамырлары тек бір жағы екінші жағымен қысылып қоймай, олар өзара да қосылады (анастомоз);

д) Бұл аймақта сыртқы және ішкі ұйқы артерия бассейндері қосылады. Сондықтан қан тоқтату өте қиынға соғады.

2) Вена тамырларының ерекшеліктері:

а) Вена тамырларында қақпақша жоқтың қасы. Өйткені олар кішкентай, бір-бірінен алшақ орналасқан және вена түтігін толық жаппайды. Сондықтан, жарақат кезінде ауа эмболиясы болуы мүмкін.

б) Веналар таяз және терең тін қабаттарында орналасады. Бұл екі қабаттағы веналар бір-бірімен қосылып жатады. Сонымен қатар, өз алдына мидағы вена қуысымен тығыз байланыста. Мысалы, беткей орналасқан бет веналар торы v.oftalmica, ал ол v.prollani арқылы ми қуысымен қосылады. Ал терең орналасқан вена бас сүйегінің астыңғы жағында орналасқан табиғи тесіктер арқылы ми қуыстарымен байланысады.

6. Бет-жақ аймағындағы тіндер эмбрионалды тіндер сияқты жылдам өседі. Өйткені олардың ішінде аз дифференциалдық жасуша-клеткалар бар. Олар жасуша-клеткалар Давыдовскийдің пікірінше, тіндердің өсуіне керек.

7. Ауыз қуысындағы тістердің пайдалы және зиянды жағы бар. Зиянды екі жағы: а) Оқ тигенде тіс ұясынан шығып ауыз қуысын-дағы мүшелерді жарақаттап, тіпті тыныс жолдарына түсіп тұншығуы-асфикция болуы мүмкін. б) Тіс жегісімен бүлінген тіс сынық жолында тұрса, инфекция көзі болуы мүмкін. Яғни, тіс арқылы инфекция ауыз қуысынан сүйек жарасына енуі немесе бөгде зат болуы мүмкін.

Тістің пайдалы екі жағы: 1) Тіс арқылы (рентгенограммасыз) жақ сүйегінің сынған жерін бұлжытпай табуға болады. 2) Тіс құрсауды бекітетін жер. Ол арқылы сынықты дұрыстап орнына салуға болады.

8. Бет-жақ аймағы көптеген майлы клетчаткалық қойнауларға толы. Олар бір-бірімен тығыз байланысты, ірінді қабыну кезінде ірің осы майлы клетчаткалар арқылы тарайды.

9. Бет терісі басқа жерлерге қарағанда жұқа (1 мм) және майлы қабықта жатқандықтан өте қоздырғыш. Терінің осы қасиетін пластикалық оталарда кеңінен пайдаланады.

10. Иммунобиологиялық қасиеті ауыз қуысында болатын микроорганизмдерге байланысты. А. И. Рыбаковтың ғылыми зерттеуі
бойынша, ауыз қуысында 96 түрлі патогендік микроорганизм өмір сүреді. Осыған қарамай ауыз қуысындағы және аймағындағы жарақаттар тез арада жазылады. Бұл құбылысты үш жағдай-фактормен түсіндіруге болады:

1) Ауыз қуысындағы микроорганизмдер бір-бірімен қарсылықта (антогонизм) өмір сүреді. Мысалы: сүт қышқылды таяқша микробтар мен іріңді кокктардың ортасында биологиялық теңдік пайда болады. Осы теңдік бұзылса тез арада қабыну процессі басталады.

2) Сілекей құрамында бактерияларға қарсы лизоцим бар. Ол микроорганизмдерді жойып, ауыз қуысындағы ерітінділердің рН ортасын реттейді.

3) Организм өмірінде ауыз қуысындағы және аймағындағы тіндерде, осы микробтарға қарсы, жергілікті иммунитет пайда болады. Осы жоғарыда айтылған барлық ерекшеліктер бет-жақ аймағы жарақаттарының жазылуына (регенерация) толық жағдай жасайды, яғни бұл аймақтағы тіндер тез арада жазылады.

 

13.1. БЕТТІҢ ЖҰМСАҚ ТІНДЕРІНІҢ ЖАРАҚАТТАНУЫ

Бет-жақ аймағының механикалық жарақаты бар науқастарда бет тіндерінің зақымдануы кездеседі. Олардың себептері: тұрмыста, транспортта, өндірісте және спортта алған жарақаттар болып табылады. Жұмсақ тіндердің жарақатты зақымдануын екі негізгі топқа бөледі (Агроскино А. П. 1986).

1.Беттің жұмсақ тіндерінің жекелеген зақымдануы.

2. Беттің жұмсақ тіндерінің және бет қаңқасы сүйектерінің бірлескен зақымдануы.

Жұмсақ тіндердің зақымдануы жарақаттану орнына, жарақаттаушы заттың әсер ету күші мен түріне байланысты әр қилы келеді. Бетке тиген жұмыр заттың әлсіз соққысынан бұлшықет пен теріасты май клетчаткасы зақымданады. Жұмсақ тіндер ісініп, қанталаумен ұштасады. Қанталап ісінген жер 12-14 күндерге таман біртіндеп жоғалып, жасылданып кейін сары түске айналады. Жарақат алған жерге 2 күнге дейін салқын, кейін жылы басқан жөн.

Иек, бет доғасы аймағында, мұрын, маңдай, терілері жиі жараланады, тері бүтіндігі бұзылады, бірақ тігіс салуды қажет етпейді. Теріні антисептикалық ерітіндімен өңдеп жарға бриллиант көгі немесе 5% йод тұнбасын жақса жеткілікті. Жаралы жердің жазылуы қабықша астында жүреді. Қабықша тез түзілу үшін жарақаттың бетіне калий перманганатын әр 5-7 мин, сайын 1:10 ерітіндісін жағуға болады.

Өткір құралмен ұрғанда жұмсақ тіңдер жарақаттануы мүмкін. Жарақат беткей немесе терең болуы, кейде бұлшықеттер, тамырлар мен жүйкелер зақымдануы мүмкін. Бет жарақаты кейде ауыз қуысын, мұрынды, ЛОР-мүшелерді, көзді, бассүйек-миды қамтуы мүмкін.Жарақаттың кесілген, шаншылған, шабылған, жыртылған, соғылған, жыртылып-соғылған және т.б. түрлерін ажыратады.Мұрын, құлақ, ерін аймақтарында жануарлар немесе адамның тістеуінен де жарақаттар кездеседі. Соғылған, жыртылған жарақаттар маңындағы тіндер зақымдануы мүмкін. Жарақаттың пішіні алуан түрлі келеді.

Кесілген, шаншылған, шабылған жарақаттарда тіндер ақаусыз, жиектерінде қан аққан тегіс саңылау болады. Шабылған жарақатта сүйек те зақымданады. Клиникалық көрінісі көбінесе жарақаттың орналасуына байланысты. Жоғарғы немесе төменгі еріннің зақымдануына жарақат шеттерінің ақаулануы тән. Ауыз айналасындағы бұлшықеттердің зақымдануынан ауыз қуысының толық жабылуы бұзылып, сілекей ағып турады. Жарақат ластанып, тістермен зақымданғандықтан еріннің шырышты қабығы жыртылады. Ас қабылдауы қиындап, сөйлеуі бұзылады.

Құлақмаңы шайнау аймағы тіндерінің жарақаттануы сілекей безінің зақымданып, сілекей жыланкөздерінің түзілуімен не бет жүйкесі бұтақтарының, беттің ымдау бұлшықеттерінің зақымдануына әкелуі мүмкін.

Меншікті шайнау бұлшықеттерінің жыртылуынан болатын тыртықты өзгерістер тыртықты қарысу-контрактураның дамуына әкеліп, ауызды ашу бұзылады.

Төменгі жақасты айнағының тіндері жарақаттанғанда бет артериясы мен венасы, төменгі жақасты сілекей бездері, көмекей мен кеңірдек, ауыз қуысының түбі мен тіл зақымдануы мүмкін.

Мұрынның зақымдануы қан кетіп, тіндердің ісінуімен жалғасады. Мұрын ақауы пайда болса, оны күрделі реконструктивті оталар жасау арқылы жоюға болады.

Кей жағдайларда бор мен сепарациялық дискілер ауыз қуысын зақымдайды. Тіс емдейтін бор терең жыртылған жарақат түзеді, ол инфекциямен асқынады. Одан кеткен қанды тіндерді тігу арқылы тоқтатуға болады. Одан кейін абсцесске қарсы дәрілер қолданған жөн.

Сепарациялық диск ауыз қуысын әртүрлі тереңдікте жарақаттайды. Дискімен немесе таспен тіласты аймағын, тіл венасы, артериясын кесіп кету өте қауіпті. Ол қатты қан кетумен жалғасса, оны емхана жағдайында тоқтату өте қиын. Тілдің көлемі тез ұлғайып, тұншығуға әкелуі мүмкін. Қан тамырлардан басқа төменгі жақасты сілекей бездері, тіл нервісі зақымдануы мүмкін, ол аурухана жағдайында емдеуді талап етеді. Тілдің жарақаттануы қатты қан кетумен көрінеді. Оны жарақатты тігу арқылы тоқтатуға болады (егер тіл артериясы зақымданбаса).

Жарақатты біріншілік хирургиялық өңдеу.Алдымен бет жұмсақ тіндерінің терісін гигиеналық өңдейді. Оны стерилді щетканы сабындап, жылы сумен жуады. Бірақ бұл кезде жарақатқа ластанған сумен, сабынды көпіршіктен қорғау қиын. Сондықтан теріні алдымен бензинмен, кейін спиртпен сүртеді. Тері жабындысындағы түкті қырып тастайды. Кейін жарақатты антисептикалық ерітінділермен жуып механикалық жолмен бөгде денелер мен ластанудан тазартады. Егер жарақатты өңдеу жергілікті жансыздандыру-анестезиямен жүргізілсе анестетик ерітіндісіне антибиотиктер қосады. Ал жалпы жансыздандырудан-наркоздан кейін

жүргізсе, жарақат маңына антибиотик ерітіндісін жібереді. Егер өңдеуді мықты тігіс салумен аяқтаса, онда жарақатты қабат-қабатымен тігеді. Бұлшықетке міндетті түрде тігіс салады. Ауызға енген жарақат кезінде бірінші шырышты қабықты, кейін бұлшықетпен фасцияны, одан соң теріасты майлы клетчаткасымен теріні тігеді. Ерін жарақаттанганда 1-ші бұлшықетті, кейін қызыл жиегін біріктіріп келтіріп, оның терімен біріккен шекарасынан тігеді, содан кейін теріасты майлы қабатпен теріні, соданкейін барып еріннің шырышты қабатын тігеді. Егер хирургиялық өңдеу 48 сағат ішінде жүргізілсе (беттің кез келген аймағының жарақатында), тінді мұқият тігіп резина түтік салуға болады.

 

 

Сурет- 74. Тігіс салу түрлері.

1-біріншілік терең тігіс салу. 2-пластакалық тігіс салу.