НОМА НЕМЕСЕ СУЛЫ РАК 2 страница

бөліктерін-элементтерін сығып тастауы, қабыну кезеңінің бет веналарына көшуіне себеп болады. Бет шиқаны мен көршиқандарының жиі кездесетін асқынуларының бірі — сепсис.

Жалпы кездесетін асқынулардың ішінде іріңді менингит, бүйрек абсцессі, іріңді артрит, сүйектері, жұмсақ тіндердегі метастазды абсцесстермен қосарлана жүретін метастаздық пневмония мен іріңді плевритті атап өткен жөн. Жалпы асқынулармен қатар жергілікті лимфаденит, жедел іріңді отит (егерде ошақ сыртқы дыбыс жолында орналасса), тілме, абсцесс, флегмона, экзема жиі кездеседі.

Шиқан мен көршиқанды емханада емдеу керек, әсіресе бұл қабыну кезеңі құлақтың сырғалығы мен бұрышын жалғайтын сызықтан жоғары орналасқан науқастарға тиісті. Науқасқа барынша тыныштық керек (бірнеше күн төсекте жату, көп сөйлеуге рұқсат бермеу, жоғары калориялы сұйық тамақ). Қабыну кезеңінің алғашқы кезеңінде УЖЖ терапия жақсы әсер етіп, ауыру сезімі бәсеңдеп, шиқанның жазылу мерзімі қысқарады. Ұйыспа-инфильтрациялау кезеңінде шиқан мен көршиқанның айналасындағы тіндерге 0,25 немесе 0,5% новокаин ерітіндісіне қосып антибиотиктер жібереді. Абсцесс кезеңінде жалпы хирургиялық ереже бойынша іріңді ошақты тіліп, жараны құрғатады (қашыртқы-дренаждайды).

Тұжырым: Жақ-бет аймағында кездесетін арнайы қоздырғыштар сәулелі саңырауқұлақ, туберкулез микобактериясы және бозғылт спирохеталар (трепонема) арқылы пайда болатын ауруларды әдетте арнайы қабынулар деп атайды. Жақ-бет аймағында: шиқан (сыздауық), көршиқан, тілме, сібір жарасы, нома тәріздес ауруларды одонтогенді емес қабынулар қатарына жатқызады.Актиномикоздың негізгі дамуына иммундық жүйе жұмысының бұзылуы әсер етеді. Жалпы жағдайлардың ішінен иммунитеттің бұзылуына біріншілік немесе екіншілік иммунды тапшылық аурулары жатады. Жергілікті жағдайлар ішінен одонтогендік, стоматогендік, тонзилогендік, риногендік қабынуларды айтуға болады. Туберкулез мико-бактериясы немесе Кох туберкулез таяқшасы арқылы пайда болатын созылмалы арнайы қабыну. Қазіргі көптеген ғалымдар (А.А.Лимберг. П.Львов, Ю.И.Бернадский т.б.) бет-жақ аймағында кездесетін туберкуезді, организмнің жалпы туберкулезбен улануының жергілікті түрі деп есептейді.

Мерез бозғылт спирохетадан (трепанома) пайда болатын созылмалы арнайы аурулар қатарына жатады. Спирохета адам денесіне бұзылған ауыз қуысының кілегей қабығы арқылы кіреді. Мерез жүре пайда болған және туа пайда болған деп екіге бөлінеді.Адамда иммундық тапшылық вирусы ауруының қоздырғышы-вирустар, олар ретровирустар тобына жатады. Вирустар негізінен инфекциялы қоздырғыштардан организмнің қорғаныс жүйесінде аса маңызды рөл атқаратын ақ қан жасушаларын (Тх-жасушасын), моноциттер-макрофактар, жүйке жасушаларын зақымдайды. Адам орган-изміндегі барлық қорғаныс жасушаларын қырып-жойып, иммундық тапшылық және әртүрлі қалыпсыз жағдайлар туғызады.

Біз бірнеше өзекті және көкейкесті әлеуметтік ауруларға тоқталып, емдеу саласында кешенді шаралар қолдану керек екендігін ескертпе есебінде келтірдік.

Тапсырманы қайталауға арналған естемелік жаттығу сұрақтары:

1. Бет-жақ аймағының........ ауруларын арнайы қабыну аурулары.

А) арнайы қоздырғыштары бар

Б) арнайы емес, кездейсоқ

В) жайылмалы, жанама

Г) терең, беткей

Д) сәулелі, күңгірт

2. Актиномикоз ...... арқылы пайда болатын созылмалы арнайы қабыну.

А) сәулелі саңырауқұлақ

Б) жалғасу (ұласу), беткей

В) лимфа тамырлары, терең

Г) қан тамырлары, күңгірт

Д) жайылмалы, жанама

3. Актиномикоз ауруын қоздырушы сәулелі саңырауқұлақты

бірінші рет тапқан ғалымның аты мен жылы.

А) Лангенбек 1877 жылы-малдан, Израил 1878 жылы-адамнан

Б) Сидоров 1767 жылы, Иванов 1837 жылы

В) Воячек 1839 жылы, Буран 1888 жылы

Г) Магарилла 1935 жылы, Козлов 1939 жылы

Д) Водянин 1945 жылы, Евдокимов 1955 жылы

4.Актиномикозинфекциясының таралу жолдарын атаңыз

А) жалғасу (ұласу), лимфа тамырлары, қан тамырлары

Б) лимфа тамырлары, терең

В) қан тамырлары, күңгірт

Г) жайылмалы, жанама

Д) арнайы емес, кездейсоқ

5. Т. Г. Робустованың жіктеуі бойынша актиномикоз ............ түрге

бөлінеді

А) 10 түрге

Б) 2 түрге

В) 3 түрге

Г) 7 түрге

Д) 5 түрге

6.Клиникалық көрінісібойынша актиномикоз ...... түрде кездеседі:

А) екі (асқынбаған, асқынған) түрі

Б) 3 (жайылмалы, жанама) түрі

В) 4 (арнайы емес, кездейсоқ) түрі

Г) 5 (қан тамырлары, күңгірт) түрі

Д) 8 (лимфа тамырлары, терең) түрі

7. ұйыспа-инфильтрат үстіндегі тыртықтар ........... тәрізді болады.

А) көктелген көрпе

Б) жапырақ

В) алмұрт

Г) ағаш

Д) қиылысқан жол

8. Арнайы иммунитетті көтерумен қатар сәулелі саңырауқұлаққа

қарсы

күрес ............ егу арқылы жүргізіледі

А) актинолизатты

Б) новокаинды

В) кокаинды

Г) эфирді

Д) спиртті

9. Туберкулез ..... арқылы пайда болатын созылмалы

арнайы қабыну

А) туберкулез микобактериясы немесе Кох туберкулез

таяқшасы

Б) актинолизатты

В) жапырақ

Г) көктелген көрпе

Д) 5 (қан тамырлары, күңгірт) түрі

10. Туберкулез инфекциясының таралу жолдарын атаңыз

А) лимфа, қан тамырлары, дем алу, асқазан жолдары және жанасу

Б) арнайы емес, кездейсоқ

В) лимфа тамырлары, терең

Г) жайылмалы, жанама

Д) қан тамырлары, күңгірт

11. Туберкулез бет-жақ аймағында ........ болып кездеседі:

А) үш түрлі

Б) екі түрлі

В) төрт түрлі

Г) бес түрлі

Д) жеті түрлі

12. Диаскопия жасағанда төмпешік сарғыш түсті ....... белгісі

байқалады

А) алма қойыртпағы.

Б) лимфа тамырлары, терең

В) жайылмалы, жанама

Г) көктелген көрпе

Д) актинолизатты

13. Сүңгімен басқанда түйін жеңіл бұзылады ....... белгісі байқалады

А) Поспелов

Б) Шораев

В) Давыдов

Г) Малышев

Д) Кенбаев

14. Жараның түбінде, айналасында жараға айналмаған туберкулез

түйіндері болады, оларды .......... деп атайды.

А) Трель нүктесі

Б) Төлеуов нүктесі

В) Русанов нүктесі

Г) Сағатбаев нүктесі

Д) құрақбаев нүктесі

15. Сүйек туберкулезінің бірінші белгісі .......... пайда болуы.

А) жыланкөздің

Б) қабынудың

В) жараның

Г) іріңнің

Д) ұйыспаның

16. Мерез ...... арқылы пайда болатын созылмалы арнайы қабыну.

А) бозғылт спирохетадан (трепанома)

Б) жыланкөздің

В) жараның

Г) жүре, туа

Д) іріңнің

17. Мерез ....... пайда болған деп екіге бөлінеді.

А) жүре, туа

Б) жыланкөз, ірің

В) жара ірің,

Г) ірің, ұйыспа

Д) жыланкөз, жара

18.Мерез өзінің дамуында ........ өтеді:

А) 4 кезеңнен

Б) 2 кезеңнен

В) 3 кезеңнен

Г) 5 кезеңнен

Д) 7 кезеңнен

19.Бет-жақ сүйегінің ішінде мерез ............ көп кездеседі.

А) мұрын сүйегінде

Б) Бет сүйегінде

В) жақ сүйегінде

Г) қол сүйегінде

Д) аяқ сүйегінде

20. Адамда иммундық тапшылық вирусы ауруының қоздырғышы ......

А) вирустар

Б) новокаин

В) дикаин

Г) суперкаин

Д) лидокаин

21. Вирус ........... құрамында болады.

А) қанда, кіші дәретте, ұрықта және сілекейдің

Б) сілекейде, денеде

В) қанда, баста

Г) ұрықта баста

Д) қанда, денеде

22.Адамда иммундық тапшылық вирусы таралуыжолдары:

А) жыныстық жолмен, адамда иммундық тапшылық вирусы ауруы мен

ауыратын әйелден баласына, адамда иммундық тапшылық вирусы

ауруы мен ауыратын адамның қанын көк тамырға енгізу арқылы,

наркомандар

Б) жыныстық жолмен, сілекейде, денеде

В) ауыратын адамның қанын көк тамырға енгізу арқылы, қанда, баста

Г) адамда иммундық тапшылық вирусы ауруы, ұрықта баста

Д) наркомандар, қанда, кіші дәретте, ұрықта және сілекейдің

23.В.И.Покровскийдің жіктеуі бойынша адамда иммундық тапшылық

вирусы ауруын ......... бөледі:

А) 4 сатыға

Б) 1 сатыға

В) 2 сатыға

Г) 5 сатыға

Д) 3 сатыға

24.Дифтерия -тыныс алу жолдарының...........ауруы

А) өткір инфекциялы

Б) созылмалы инфекциялы

В) жайылмалы инфекциялы

Г) жанама инфекциялы

Д) терең инфекциялы

25.Дифтерияның қоздырғышы …… болып табылады

А) Леффлер таяқшасы

Б) Кох таяқшасы

В) Эйнштейн таяқшасы

Г) Борис таяқшасы

Д) Рудольф таяқшасы

26. Сібір жаралы ........ бактерияның әсерінен пайда болатын ауру.

А) грамм оң таяқшалы

Б) Леффлер таяқшасы

В) Эйнштейн таяқшасы

Г) Борис таяқшасы

Д) терең таяқшасы

27. Сібір жарасының инкубациялық мезгілі ......... дейін созылады.

А) 2-14 күнге

Б) 5-7 күнге

В) 3-8 күнге

Г) 2-9 күнге

Д) 1-10 күнге

28. Тілменің қоздырғышы ........... болып табылады.

А) А тобындағы бетта-гемолитикалық стрептококк

Б) Леффлер таяқшасы

В) грамм оң таяқшалы

Г) Эйнштейн таяқшасы

Д) созылмалы инфекциялы

29. Тілме ауруының инкубациялық кезеңі ........ дейін созылады.

А) бірнеше сағаттан 4-5 күнге

Б) 1-5 күнге

В) 2-6 күнге

Г) 3-7 күнге

Д) 4-8 күнге

30. ......... шиқан деп атайды.

А) түк фолликуласының, оның айналасындағы тіндердің жедел түрде

іріңдеп, өлеттене қабынуын

Б) түк фолликуласының, Эйнштейн таяқшасы

В) оның айналасындағы тіндердің, грамм оң таяқшалы

Г) жедел түрде іріңдеп, Леффлер таяқшасы

Д) өлеттене қабынуын, созылмалы инфекциялы

 
ХІІ ТАРАУ

СІЛЕКЕЙ БЕЗДЕРІНІҢ ҚАБЫНУ АУРУЛАРЫ

(СИАЛОАДЕНИТТЕР)

Сілекей бездері жақ-бет аймағының анатомиялық функционалды құрамды бөлігі және ауыз қуысының қосымша бөлігі болып саналады. Сілекей бездерінің патологиясы мен ауруларын емдеу мәселелері стоматологиямен тығыз байланысты. Сондықтан да бұл мәселелерді терең зерттеу жұмыстарымен стоматологтар айналысады.

Ірі, жұп сілекей бездерге құлақмаңы, жақасты және тіласты, ал майда және тақ бездерге ауыз қуысының шырышты қабығының бездері жатады. Бұлар өздерінің атауына сәйкес анатомия-топографиялық аймақтарда орналасады.

Құлақмаңы сілекей безі - ең ірі без (25-30 гр). Ол жақарты шұңқырында шайнау бұлшықетінің алдыңғы бетінің бір бөлігін жауып жатады. Бездің жоғарғы шекарасы сыртқы дыбыс жолы, ал төменгі жақтың бұрышы оның төменгі шекарасы болып саналады. Құлақмаңы безі беткі және терең бөліктерден тұрады. Олар бір-бірімен өзекше арқылы жалғасады. Бездің алдыңғы қырында, негізгі шығару түтігі жанында оның қосымша бөлігі орналасқан. Без капсуламен жабылған, оның латеральды беті қалың, ал медиальды беті жұқа, кей жерлерде болмауы да мүмкін, осыған байланысты без жұтқыншақмаңы кеңістігінде өтіп кетуі де мүмкін. Сыртқы ұйқы артериясынан тарайтын бірқатар қан тамырлары бездің бойына торлай таралады, ал вена қаны жақарты венасына жиналады.

Лимфа тамырлары бөліктерінің арасында орналасқан құлақмаңы лимфа түйіндеріне жиналады. Бет жүйкесі осы бездің бойынан басталып өзінің тармақтарына, яғни самай-ұрт және ұрт-бет жүйкелеріне үлкен қаз табан жасай бөлінеді.

Ұзындығы 5-7 см болатын бездің шығару түтігі оның алдыңғы қырынан шығып, шайнау етінің алдыңғы бетін айнала отырып 90° бұрылып ұрт етін бойлай өтіп, ауыз қуысының кіреберісі не екінші үлкен азу тіс деңгейінде ашылады. Түтіктің ашылатын жерінде бүртік емізікшелер болады. Құлақмаңы безі негізінен белокты сұйықтық бөліп шығарады.

Төменгі жақасты сілекей безітөменгі жақ сүйегі мен қос қарыншалы ет аралығындағы кеңістікте орналасады. Бездің салмағы 7,77 гр. Оның артқы бөлігінде, төменгі сыртқы бетінен бет көк тамыры-венасы өтеді. Ол бездің артқы бөлігін айналып алдыңғы бетіне өтіп, бет венасымен бірге төменгі жақ сүйегінің астыңғы қырына өтеді. Тіл жүйкесі қанатша ет арасындағы кеңістіктен шыққан соң, ауыз қуысы түбінің шырышты қабатымен бездің артқы бөлігінің арасынан өтіп, оның шығару түтігімен жақ тіл астауында, екінші үлкен азу тіс тұсында қиылысады. Бездің өзі тіласты жүйкесі доғасын жауып жатады.

Бездің шығару түтігі ауыз қуысы түбінің шырышты қабатында, тіл үзеңгісінің жанында ашылады. Түтіктің ұзындығы 5-7 см.

Тіласты безімайда бөліктердің борпылдақ дәнекер тін арқылы қосылған жиынтығы болып келеді.

Бездің пішіні сопақ үсті шырышты қабықпен жабылған жақ-тіл етінің жоғарғы бетінде орналасқан. Ауыз қуысында без тіласты білігін құрайды. Оның көлемі 2 см, орташа салмағы 3,5 гр, негізгі шығару түтігінің ұзындығы 2 см, ал бездің үлкен бөлігінен басталып төменгі жақасты безінің шығару түтігіне келіп қосылады. Бездің майда бөліктері ауыз қуысы түбінің шырышты қабатына майда түтіктермен ашылады.

Жоғарыда аталған бездердің барлығы жұп бездер жалғыз бездердің болуы өте сирек кездеседі.

Сілекей бездері ас қорыту, шығару, эндокринді, инфекцияға қарсы және тістерге әсер ету қызметтеін-функцияларын атқарады. Ересек адамда тәулігіне 1000-1500мл сілекей бөлініп шығады.

 

 

12.1. СІЛЕКЕЙ БЕЗДЕРІНІҢ АУРУЛАРЫМЕН АУЫРАТЫН НАУҚАСТАРДЫ ТЕКСЕРУ

Науқастарды тексеру жалпы қағидалармен жүргізіледі, оларға: шағым жинау, келіп шығу тарихы-анамнезі, қарап, сипап (кейде екі саусақпен сипап) тексеру, шығару түтіктерінен бөлінген сілекей құрамын зерттеу. Шығару түтіктерін шұқығышпен қарау, рентгенологиялық-сиалографиялық, сцинтиграфиялық, секреторлы функцияларын тексерулер, биопсия жатады.

Науқастың жасы, жынысы, жалпы жағдайы нақтамалық бағытын анықтауы мүмкін.

Сілекей бездерінің жедел ұлғаюы кезінде науқастың, қоршаған ортасы туралы мәліметтер жинау керек.

Кейбір аурулардың келіп шығу тарихында өзіне тән ерекшеліктері болады: бездің қақсауы сілекей-тас ауруы немесе созылмалы аурудың болуын көрсетуі мүмкін.

Бөлінетін сілекейдің көлемі және сапасы туралы мәліметтерді науқастың өзінен алуға болады.

Қарап тексеру без көлемінің ұлғаюы, жанындағы жұмсақ тіндер жағдайы, жыланкөздің болуы, сілекейдің сапасы туралы анықтама береді.

Сипап тексеру арқылы бездің тығыздығын-консистенциясы (жұмсақ, тығыз, бұдырлы), жанындағы жұмсақ тіндер туралы мәлімет алуға болады.

Бимануальды тексеру арқылы түтікте тас барын анықтауға болады. Сілекейді таңертең аш қарынға 8 тамшы пилокорпин (1) бергеннен соңшығару түтігіне канюляны енгізіп жинап, калориметриялық әдіспен РН ортасын, белоктың санын және сілекейдің қоюлығын анықтайды.

Қалыптағы жағдайда құлақмаңы сілекей безінде РН 5,7-7,6 арасында болады, белоктың мөлшері — 0,33-26,4, қоюлығы— 0,75-1,2 дейін. Төменгі жақасты сілекей безінде РН 6,9-7,8, белок—0,066-3,33, қоюлығы—1,4-1,9 дейін болады. Қалыпты жағдайда екі жақтағы сілекей бездерінің жұмысы сілекей құрамындағы белоктың мөлшері, қоюлығы сияқты көрсеткіштері бірдей. Осыған байланысты екі жақ сілекей безінің секреторлы функциясын тексере отырып ауру безді анықтауға болады.

Адам сілекейінің құрамында 99% су, 1% еріген минералды және органикалық заттар болады. Ересек адамда тәулігіне 1,5 литрдей сілекей бөлінеді. Сілекей бездерінің аурулары кезінде олардың қызметі төмендеп, ауыз қуысы құрғақтанады.

Цитологиялық тексеру жүргізу үшін сілекейдің бір тамшысын алып шыны әйнекке жағады. Жағындылар (мазок) Райто-Романовский немесе Романовский-Гимзе әдісімен алынады.

Сүңгімен тексеруде шығару түтігінің бағытын, өзегінде конкременттің, барлығын және оның орнын, өзектің тарылуын, кейде атрезиясын анықтауға болады.

Сілекей безін тексеру үшін арналған құралдар құрамында шығару түтігіне қолданылатын арнайы сүңгілер болуы қажет.

Ұзындығы 150 мм екі жақтық конус тәрізді сүңгі-зонд. Ол диаметріне байланысты алты түрлі болады: № 1 —диаметрі 0,8 мм, №2—1 мм, № 3—1,1 мм, № 4—1,3 мм, № 5—1,5 мм, № 6—1,7 мм. Сүңгінің ұштары конус тәрізді, доғал, аздап бұрыш құрайды. Бұл сүңгі-зондтар шығару түтіктерін тексеруге арналған.

1. Цилиндр тәріздес ілмегі бар, ұзындығы 45-60 мм сүңгі. Оның доғал ұшын шығару түтікке енгізіп, ал екінші ұшын ілмек арқылы ауыз қуысының шырышты қабатына тігіп қояды. Бұл сүңгі сілекей безінің шығару түтіктерінде немесе түтікті қоршаған жұмсақ тіндерге ота жасаған кезде қолданылады.

Сиалография әдісі.Бұл әдісті сілекей безіне рентгенография жасалғаннан соң бездердің секреторлы қызметінің өзгерісін анықтау үшін қолданады.

Контрасты заттарды енгізу үшін көлемі 2,5 мл шприц пен ұшы доғал инені қолдануға болады. Йодолиполды адам денесінің қызуындай жылытып алған жөн.

Инені сілекей безінің шығару түтігіне 0,5-1 см тереңдікке енгізіп, сілекей безінде толу сезіміне дейін контрасты зат жіберіп, біраз уақыт өткеннен соң сілекей безінде жеңіл ауыру сезімі пайда болғанға дейін тағы жібереді. Ауыз қуысындағы артық қалған контрасты заттарды тампонмен сүртіп алып сілекей безінің рентгенографиясын жасайды.

Сцинтиграф аппаратымен сцинтиграмма алынады. Графикалық жазба әр түрлі нүкте және сызықшалар кестесі түрінде болады. Әр без сілекейінің қоюлығы туралы мәлімет береді. Суреттегі ақаулар без қызметінің бұзылыстарын (мысалыға склероз немесе ісіктің болуын) көрсетеді. Сцинтиграфияның басқаша сканирования, гаммаграфия деп те атайды.

Медициналық тәжірибеде жасанды радиактивті изотоптардың енгізілуі, клиникада бездердің шығару қызметінің бұзылыстарын анықтауға мүмкіндік берді. Бұл әдіс радиосиалография деп аталады.

Бұл әдістің дамуына:

1) сілекей бездері әр түрлі радиоактивті изотоптарды өзіне жинап әрі

сілекеймен шығара алуы;

2) сілекей бездерінде 1131 және Тс99 жоғарғы пайызда жиналуы;

3) сілекей бездері топографиясының ерекшеліктері және олардың жалғыз орналасуы сияқты көрсеткіштер әсер етті.

Бұл тәсіл 1 кг дене салмағына сәйкес радиоактивті йод (1131)0,4 мкк немесе пертехнетат натрий (Тс99 м) 150-200 мкк көлемінде жүргізіледі. Бұл дәрілік заттар көк тамырға-венаға 1,0% физиологиялық ерітіндісімен бірге енгізіледі.

Сілекей бездерінің сиалографиясын жедел қабыну кезеңдері басылғанда немесе ремиссия кезеңінде жүргізу қажет. Сиалоадениттің өршуі кезінде бұл әдіс тек кейбір жағдайларда ғана жүргізіледі.

Рентгенография әдісі.Сілекей бездерінің рентгенографиялық тексеру контрасты емес рентгенография, сиалографияның әртүрлі жолдары арқылы, пневмосубмандибулография немесе осы әдістерді біріктіріп жүргізіледі. Бұл әдіс бездердің қабыну кезеңдерін, ісіктерді, сілекей-тас ауруларын морфологиялық нақтамасында ғана емес, қызметінің ерекшеліктері туралы да мәлімет беруде ерекше маңызды орын алады.

Сиалография кезіңде негізінен шығару түтіктер жүйесі (негізгі және 10-12 дихотомиялық III-IV қатарға дейінгі) толады. Сиалограммада диаметрі 0,2 см-ге дейінгі майда түтіктер көрінеді. Ал өте майда диаметрі 5- 10 мм болатын құрылымдық элементтер — мойыншықтар, ацинустар, сілекей түтікшелері рентгенограммада айқындалмай, паренхима суретін береді. Сілекей безінің айқын көрінуі контрасты заттардың реологиялық қасиеттеріне және енгізу қысымына байланысты. Паренхиманың айқын көрінуі қалыпты жағдай деп есептелінеді (72-сурет).

Сурет-72. Сілекей тас ауруының әр түрлі сатысындағы өзгерістер

Ең көп қолданылып жүрген контрасты заттарға йодолипол, йодипин, липиодол жатады, ал диотраст, кардиотраст, сергозин дәрі заттары сирек қолданылады.

Сілекей безіне контрасты заттарды енгізер алдында, шығару түтіктерінің өзегін босатып алу қажет. Бұл үшін сілекей маңын жеңілуқалау-массаж жасалады.

Құлақмаңы сілекей безін толтыру үшін науқастың басын шалқайтып отырғызып, ұрттың шырышты қабаты спиртпен немесе йодтың әлсіз ерітіндісімен өңделеді. Егер рентгеноконтрасты заттардың төменгі жақасты сілекей безіне енгізу қажет болса, науқастың басын алға қарай еңкейтіп, иегін жылжыту қажет.

Құлақмаңы немесе төменгі жақасты сілекей безінің шығару түтігін тапқан соң, өзегін кеңейтіп бағытын анықтау үшін сүңгі-зонд енгізіледі. Содан кейін диаметрі сәйкес доғал ине немесе канюля арқылы контрасты заттың 2-5 мл жібереді. Йодолипол дене қызуына сәйкес алынғаны жөн.

Канюляның ұзындығы 40 мм. Ал диаметріне байланысты төртке бөлінеді: № 1—0,4 мм, № 2—0,6 мм, № 3—0,8 мм, № 4—1 мм. Канюляның ұшынан 1,5 см аралықта иілген жері бар, ол 150° бұрыш жасайды. Оны «Рекорд» типтес шприцтерге тығыз орналастырады.

Сілекей бездерінің әртүрлі дерттерінде термовизиография әдісін қолдануға болады (әсіресе ісіктер диагностикасында). Бұл тәсіл патологиялық процестер аймағында температуралық реакциялардың өзгерістеріне негізделген.

Медициналық термовизиография.Бұл АГА фирмасының (Швеция) тепловизор аппараты көмегімен қараңғы, температурасы 19-20° болатын бөлмеде жүргізіледі.

Жылуды көру және термограмма жазбаларын үш проекцияда жүргізеді: алдымен екі жанынан. Термограммада беттің түрлі бөліктерінде көлемді және интенсивтігі әртүрлі сәулелену пайда болады. Сілекей бездерінің қабыну процестерінде температураның жоғарылауы байқалады, бұл термовизор экранында сәулеленудің интенсивтігін жоғарылатады, ал қатерсіз ісіктерде қатерлі ісіктерден салыстырмалы түрде температурасы төмендеу болады.