Созылмалы периодонтит 4 страница

Жақ сүйектер остеомиелитінің жеделдеу түріндегі ем алдында жүргізілген емдеу-терапияның нәтижесіне байланысты. Соған байланысты иммуномодуляциялық, жалпы жағдайын жақсартатын физиоем қолданылады.

8.7. Жақ сүйектерінің созылмалы остеомиелиті

Жақ сүйектері остеомиелитінің созылмалы кезеңі ұзаққа созылуымен, сүйектің шірік тіннің сау тіннен-секвестрдің бөлінуімен, регенеративті кезеңдермен-процесстермен сипатталады. Сонымен қатар осы кезде ауыз қуысының сыртында және ішіндегі шырышты қабықта жыланкөздер пайда болады. науқастың жалпы жағдайы мен көңіл күйі жақсарады, дене қызуы мен қан көрсеткіштері қалпына келе бастайды.

Патологиялық анатомиясы. Жоғарғы және төменгі жақ сүйектерінің созылмалы остеомиелитінің ағымы жақ сүйектері құрылысының және қанмен қамтамасыз етілу ерекшеліктеріне байланысты (Уваровтың төменгі жақ сүйегінің қанмен қамтамасыз етілу сызбасын-схемасын қолданған ыңғайлы). Төменгі жақта көп, ал жоғарғы жақта аз мөлшерде сүйек тінінің шіріген бөлігі-секвестр түзілуі осы сыбзба-схемамен түсіндіріледі. Жақ сүйек остеомиелитінің жеделдеу кезінде өсіп келе жатқан қан тамырларына бай грануляциялық тін жиналған іріңді экссудатты және өлген тіндер бөлігін қоршайды. Бұл кезде сүйектің шірік тіннің сау тіннен-секвестрация басталады, яғни сүйектің некрозға ұшыраған бөліктері жартылай сорылып, біртіндеп тірі сүйектен бөліне бастайды, осымен қатар қабыну ошағының айналасында сүйек қабығы жағынан жаңа сүйек тіні түзіле бастайды. Жақ сүйегі остеомиелитінің созылмалы сатысында қабыну ошағы тынышталып, шектеле бастайды, сүйек тінінің шіріген бөлігі-секвестрлер бөлінуі және жаңа сүйек тінінің түзілуі жалғасады. Қабынып өзгерген тіндер азаяды. Толық бөлінген секвестрлер қозғалмалы болады. Сүйек тінінің шіріген бөлігі-секвестрлер айналасында сүйек тінінің шіріген бөлігі-секвестрлік қорап пайда болып, кальцифинация дәрежесіне байланысты қатаяды. Жиі, әсіресе балалардың төменгі жақ сүйектерінде көп мөлшерде жаңа сүйек жиналып қалады.

Сүйек тінінің шіріген бөлігі-секвестрді алып тастағанда немесе ол өз бетінше бөлінген соң, оның орны біртіндеп өскен дәкекер тінмен толады, кейіннен ол сүйекке айналып кетеді. Созылмалы остеомиелит жақ сүйектерінің жарақаттану тереңдігі мен таралуына байланысты 2 топқа бөлінеді:

Созылмалы шектелген немесе ошақты остеомиелит.