ПЕРИОДОНТИТ 1 страница

А б

Сурет-40.Төменгі жақтағы үлкен азу (а) және ақыл тістерді(б) үшін қолданылатын қысқыштар

Қысқыштарды ұстау әдістері.Мамандар қысқыш ұстаудың екі әдісін ұсынады. Оны оң қолмен ұстайды.

І әдіс: Саптарының (бранштардың) арасына IV-V саусақтарды кіргізіп I саусақтың ұшын тірей бір сапты ұстайды. II-III саусақтар екі сапты қоса ұстайды. Осы жағдайдай бір сап I саусақ, алақан, II-III саусақтардың негізгі буынымен қыса ұсталады. Екінші сапты IV-V саусақтармен жылжытып қысқышты ашамыз. Әрі қарай IV-V саусақтар саптар арасынан шығып екі сапты қоса қыса ұстайды.

 

Сурет-41. (а,б) Қысқыштарды ұстау әдістері, қабырға бойынша иілген

ІІ әдіс: Саптар арасында II-III саусақтар. I саусақ бір сапты, IV-V саусақтар екіншісін ұстайды. III саусақты жазғанда қысқыш жақтары ашылады, IV-V саусақтарды жұмғанда жабылады. Қысқыш орналасқан соң саптар арасындағы саусақтар шығарылып, барлық саусақтар мен алақанға қыса ұстаймыз (40 а, б-сурет).

Сурет-42 ысқыштарды ұстау әдістері, жазықтығы бойынша иілген.
Суреттер-43. Қысқыштарды ұстау әдістері, жазықтығы бойынша иілген (төменгі жақтағыақыл тістерді үшін қолданылатын қысқыштар). Суреттер-44. Қысқыштарды ұстау әдістері

Қысқыштармен жұлу қимылдары. Тісті (түбірді) жұлудан бұрын қызыл иек пен дөңгелек сіңірді тістен ажыратады.Сонда қысқышты тіс-қызыл иек қалтасына бойлата жылжытуға, кілегей қабықтың жыртылмай аман қалуына мүмкіндік туады. Тісті жұлуда арнайы әдістерге бағыну шарт.

Біздің кафедра оқытушысы І-ші санатты дәрігер стоматолог Шораев Б.И.-тың әдісі бойынша (Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті) ол 9 сатыдан тұрады.

Тегістегіш (гладилка) аспаптың ұшын иектің астына 1-2 см-дей бойлатып сүйек қырына дейін жетіп, тіс сауытын айналдыра кіреберіс пен ауыз қуысы жағындағы иекті тістен ажыратады. Егер жұлынатын тіс жеке дара тұрған болса, онда оны шыр айналдыра қызыл иектен ажыратады.

Қызыл иекті тістен ажыратпай тұрып тіс жұлуды бастасақ, кілегей қабықтың біраз бөлігі сүйектен сылынып, жыртылып тіспен бірге жұлынады. Жарақат орны қанап, жалаңаштанып қалған сүйекке инфекция оңай еніп қабыну басталуы әбден мүмкін. Жыртылған кілегей қабықты орнына орналастырып тігіп қою керек.

Жоғарғы тістерді жұлғанда, қызыл иекті ажырату үшін сол қолдың үлкен, сұқ саусақтарымен альвеола өсіндісін сыға ұстайды. Нәтижесінде иек аздап ғана қанайды. Қысқышты да тіске (түбірге) дәл бағыттап, тісті жұлған кезде қысқышпен альвеола өсіндісін сындырмай аман сақтауға болады.

Төменгі тістерді жұлғанда сол қолдың II-III саусақтарын ауыз қуысына енгізіп, бас бармақпен сыртынан төменгі жақты сыға ұстаймыз. Бұл төменгі жақтың буынын жарақаттан сақтайды. II саусақ ұртты ығыстырып тұрады. Төменгі оң жақтың тістерін жұлғанда сол қолдың I-II саусақтары ауыз қуысына орналасады.

Тісті жұлу үшін бір-бірімен ұштасып жатқан бірнеше шартты қимылдарды орындау қажет. 1) қысқышты салу; 2) қысқышты жылжыту; 3) қысқышты сыға ұстау; 4)тісті (түбірді) ырғау (немесе айналдыру); 5)тісті ұясынан жұлып шығару.

Қысқышты салу.Қысқышты тіске (түбірге) салғанда, тіс оның екі жағының арасында болуы керек. Қызыл иекті қысып қалмайтындай етіп қысқыш жақтарының бірімен тісті ішкі (тіл, таңдай), екіншісімен сыртқы (ерін, ұрт) беттерінен ұстайды. Қысқыш жақтары мен тіс бір түзудің бойында орналасуы шарт – бұл негізгі ереже. Қысқыш тіс бойына дәл салынбай қисық түссе, онда тіс сынып кетуі мүмкін.

Қысқышты жылжыту.Қысқыш жақтары тісті бойлай сырғып қызыл иек астынан сүйекке барып тіреледі. Бұл кезде олар тістің мойнынан да әрі асып түбірді ұстауға ыңғайлы болады. Егер жұлынатын түбір биіктігі қызыл иекпен бірдей немесе одан төмен орналасса, онда қысқыш жақтарын әрі қарай альвеола өсіндісінің үстіне бойлата жылжытады. Олай етпесек тереңде қалған түбірді жұлу қиын болады. Қысқыш жақтары альвеола өсіндісінің үстіне түскенде сүйектің де кішкене бөлігі жаншылып түбірмен бірге жұлынады. Әдетте бұл жарақат тіс ұясының жазылуына залалын тигізбейді. Қызыл иекте иілгіштік-эластикалық талшықтар жоқ, сондықтан, қысқыш жақтарын тереңдете жылжытқанда, қызыл иектің жиегі жыртылады. Түбір жұлынған соң қызыл иек орнына қайта келеді.

Қысқышты сыға ұстау.Қысқыш саптарының арасындағы саусақтарды шығарып, қолды саптардың ұшына таман жылжытып сыға ұстайды. Мұнда ескеретін жай: асқан ептілекпен қимылдау мысалы; қатты сыға ұстағанда тіс сынып, ұсатылып кетуі мүмкін. Бос ұстаса тіс сырғып шығып кетуі мүмкін. Сондықтан сыға ұстау кезінде қол күшін мұқият сезімталдықпен реттеп отырған абзал.

 

 

Сурет-45. Тістерді босату әдістері. Сурет-45а. Тіс жұлатын элеваторлар

 

Тісті ырғау(45-сурет). Түбір мен тіс ұясының арасындағы байланысты тісті ырғау арқылы үзеді. Тісті кіреберіс пен ауыз қуысына қарай әрлі-берлі ырғайды (люксация). Одан басқа тісті өз орнынан айналдыра (ротация) қозғап та ұясынан босатады. Ротация тек бір түбірлі тістерді немесе жеке түбірді босату үшін қолданылады. Жеке түбірге айналдыра қозғағанда (ротация) жасағанда абай болған жөн. Өйткені, кейде түбір ұшы имек болып келеді. Айналдыра қозғағанда (ротация) кезінде ол сынып, қалып қоюы мүмкін. Ырғау (люксация) барлық тістер мен түбірлерді босату үшін қолданылады. Алғашқы ырғау тіс ұясының әлсіз тұсына қарай жасалады. Көбінесе ауыз, кіреберісіне қарай. Жоғарғы 6-шы тісті жұлғанда ырғау (люксация) таңдайға қарай басталады.

Төменгі жақ тістерінен 7-8-ші тістерді жұлғанда ырғау (люксация) тілге қарай басталады.

Жалпы, ырғау (люксация) тіс орнынан түгел босағанға дейін өте ұқыптылықпен байыппен жасалады.

Тісті ұясынан жұлып алу.Тісті ұясынан әбден босатқан соң оны жұлқымай, жайлап суырып алады. Тісті жұлған кезде оны алғашқы ырғау-люксация қимылы бағытына қарай суырамыз. Жалпы қимылдар сыртқа қарай бағытталған. Жоғарғы тістерді төмен қарай, төменгі тістерді жоғары қарай жұлады. Тісті, жұлқып тартқанда қысқыш қарсы тұрған тістерге соғылатындығын ескерген жөн.

Жоғарғы жақ күрек тістерін жұлу.Орталық күрек тістің түбірі жуан, ұшы артқы-дистал бағытқа қарап аздап иілген. Бүйірдегі күрек тістің түбірі жіңішке, оның ұшы таңдайға қарай әжептеуір иілген.

Тік қысқыштың бір жағы күрек тістің таңдай бетін, екінші жағы кіреберіс бетін ұстайтындай етіпсалады. Одан соң қысқышты жылжытып, сыға ұстайды.

Сурет-46. Жоғарғы жақ күрек тістерді жұлу үшін қолданылатын қысқыштар

 

Кейінгі қимыл айналдыра қозғау-ротация мен ырғау-люксация. Ырғау-люксация алғаш сыртқа, сосын таңдайға қарай. Сол бүйірдегі күрек тісті жұлғанда науқастың басы аздап оңға қарай бұралады (немесе керісінше). Сол қолдың I-II саусақтарымен альвеола өсіндісін сыға ұстап, ІІ саусақ жоғарғы ерінді ығыстырады. Жалпы күрек тістерді жұлу аса қиын емес.

Жоғарғы сүйір тісті жұлу.Науқастың басы аздап қарсы жаққа бұрылады. Тік қысқашты күрек тістегідей етіп саламыз. Сүйір тістің тамыры жуан, ұзын болғандықтан оны жұлу үшін де едәуір күш жұмсауға тура келеді. Ырғау-люксация мен айналдыра қозғау-ротацияны кезек-кезек қолданады.

Жоғарғы кіші азу тістерді жұлу.4-ші тістің кейде 2 түбірі болады, бір түбір болған кезде де оның ұшы екіге ажырап барып бітеді. Түбірлер жіңішке; ұзын болады. Сондықтан айналдыра қозғау-ротация жасауға

болмайды. 5-ші тістің түбірі біреу-ақ, оның екі бүйірі сығылған. Оны жұлғанда айналдыра қозғау-ротация, ырғау-люксация жасауға болады.

Жалпы 4-5-ші тістірдің түбірлері артқа-дистальды бағытқа қарай иілген.

4-5-ші тістерді жұлу үшін S - тәрізді сауытты қысқыштары (жақтары жұмыр) қолданылады. Қысқышты тіске салғанда оның бір жағы тістің таңдай, екінші жағы ұрт беттерінде орналасады. Алғашқы ырғау сыртқа қарай бағытталады. Түбір ұштарын (әсіресе 4-ші тістің түбірлерінің) сындырып алмау үшін қимыл дәл, байыпты болуы керек.

Жоғарғы үлкен азу тістерді жұлу.Жоғарғыүлкен азу- моляр тістердің 3 түбірі болады. Олардың біреуі таңдай, екеуі ұрт түбірлері. Ұрт түбірлері бір-біріне жақын, ал таңдай түбірі олардан алшақ, оқшау орналасқан. 3-ші үлкен азу-молярдың түбірлері түрліше болып келеді, олар кейде бірігіп те кетеді. 6-7-ші тістерді 5-тәрізді жағының бірінде қылқаны бар қысқышпен жұлады. Оның қылқаны тістің ұрт түбірлерінің арасына кіріп, қылқанның екі жағындағы ойықтар сол ұрт түбірлерін ұстап, ал таңдай түбірін қысқыштың жұмыр жағы ұстайтындай етіп салады.

Анатомиялық ерекшеліктерін ескеріп, алғашқы ырғауды 6-шы тісті жұлғанда ішке қарай, ал 7-8-ші тістерді жұлғанда сыртқа қарай бастайды. 6-7-8-ші тістерге айналдыра қозғау-ротация жасауға болмайды, тек түбірлер бөлінген соң таңдай түбірді ғана айналдыра қозғау-ротация жасауға болады.

 

Сурет-47. Жоғарғы жақ кіші азу тістерді жұлу үшін қолданылатын қысқыштар

 

8-ші тістің басқалардан өзгеше құрылысы оған арнайы қысқыш қолдануды қажет етеді. Ол қысқыштардың оң солы бірдей, байонетке ұқсас, бірақ одан айырмашылығы жақтары жалпақ және түйіспейді.

Жоғарғы жақтың бұдыры сынып кетпес үшін сол қолдың I-II саусақтарымен альвеола өсіндісін ұстап тұру керек.

Төменгі күрек тістерді жұлу.

Төменгі күрек тістердің түбірлері біреу, бүйірлері сығыңқы, альвеолының сырт қабырғасы жұқа.

Оларды жұлу үшін құстұмсық, сауытты, жақтары жұмыр, сапты бойлай иілген (изогнутые по ребру) қысқыштар қолданады. Сауыттары мен түбірлері жіңішке болғандықтан қысқыш жақтары олардан жіңішкерек болуы керек. Олай болмаса көрші тістерді босатып алуымыз әбден мүмкін. Қысқыш жақтарының бірі тістің тіл, екіншісі кіреберіс жағына салынады. Айналдыра қозғауға-ротация жасауға болмайды, алғашқы ырғау-люксация сыртқа қарай жасалады.

 

 

Сурет-48.Төменгі жақ кіші азу тістерді жұлу үшін қолданылатын

қысқыштар

Айналдыра қозғауға-ротация кезінде қысқышпен көрші тісті босатып немесе жұлынатын тіс түбірін сындырып алуымыз мүмкін. Ұясынан жұлып алған кезде абай болған жөн. Орынсыз, дөрекі қимыл жоғарғы күрек тістердің сауытын сындыруы мүмкін.

Төменгі сүйір тістерді жұлу.Төменгі сүйір тістің ұзын, жуан түбірі бар. Оның қабырғасы жұқа. Бұл тісті жұлу күрек тіс сияқты, тек қысқыштың жағы жалпақ болуы керек. Ырғау-люксация сыртқа қарай басталады, ұядан шығарар кезде біршама айналдыра қозғауға-ротация жасауға болады.

Төменгі кіші азу тістерді жұлу.Төменгі кіші азу тістердің-премолярлардың түбірлері біреу, бүйірлері сығыңқы. Ұясының қабырғалары қалың болғандықтан, қысқышты салу, жылжыту қиындау. Бұл тістерді жұлу үшін күрек тістер мен сүйір тістерді жұлатын қысқаштар қолданылады. Ырғау-люксация сыртқа қарай басталады. Кіші азу тістердің-премолярлардың ұяда мықты тұрғанын ескеріп, көрші тістерді жарақаттап алмау жолдарын есте сақтау керек.

Төменгі үлкен азу тістерді жұлу. Төменгі үлкен азу тістердің-молярлардың алдыңғы-медиальды, артқы-дистальды орналасқан екі түбірі болады. Кейде үш түбірлі. Үшінші түбір артқы-дистальды түбірдің тіл, ұрт түбірлеріне бөлінуінен 7-8-ші тістердің түбірлері бірігіп кетуі, 8-ші тістің түбірінің ұшы жуан болып келуі ықтимал 6-шы тістің альвеола қабырғасының екі жағы бірдей, ал 7-8-ші тістердің сыртқы қабырғасы қалың. Демек, 6-шы тісті жұлғанда ырғау-люксация сыртқа қарай, 7-8-ші тістерді жұлғанда ішке қарай басталады, тіс те ұясынан сол бағытқа қарай шығады. 8-ші тістің күрделі орналасуы, толық өсіп шықпауы т.б. ерекшеліктері рентген суретін қажет етеді. Төменгі үлкен азу-моляр тістерді жұлуға құстұмсық- сауытты қылқаны бар және өз бойымен иілген қысқыштардың екі түрі де қолданылады. Сапты бойлай, қырына қарай иілген қысқыштар жақтарында қылқандары бар. Қылқандар тіс сауытын орай айналып түбірлердің біріккен жеріне-бифуркациясына кіріп қысқышты нық ұстайды.

 

Сурет-49. Төменгі жақ сол жағындағы Сурет-50. Төменгі жақ сол жағындағы ақыл тісті жазықтығы бойынша иілген үлкен азу тісті қысқыш көмегімен жұлу

қысқыш көмегімен жұлу

8-ші тісті жұлуға сапты бойлай иілген қысқыш жарамайды, себебі езу мен ұрт кедергі жасайды. Қырынан иілген (горизонталь) қысқыштармен барлық төменгі молярларды жұлуға болады, 6-7-ші тістерді сапты бойлай иілген қысқыштармен жұлған ыңғайлы. Көлденең-горизонталь қысқыш жұлынатын, одан бері орналасқан тістерді жауып, көзден таса қылады, тісті ырғау кезінде де қолайсыздық туғызады.

Бұл қысқыш негізінен науқастың жағы қарысып, аузы ашылмай қалғанда таптырмайтын құрал. 8-ші тісті жұлу кейде едәуір қиындық туғызады. Оны ырғап, босату үшін элеваторлар қолданылады. 8-ші тісті жұлу жайлы толығырақ «тіс жару аурулары» деген тақырыпта айтылады. Кейде тіс пен түбірлерді жұлғанда белгіленген ережелерден ауытқуға тура келеді. Мысалы: түбірді бүтін қалған қырын ұстай ырғап мұжылған жағына қарай босату, тістің қай тұсқа қарай оңай босайтынын есепке алу. Тіс сауыты сынған кезде сауыт қысқышының орнына, түбір қысқышын қолдану. Бұл ерекшеліктерді игеру, қолдану үшін, мұқияттық қажет.

Түбірлерді жұлу. Тістерге қарағанда, түбірлерді жұлу қиындау. Себебі қысқыш жақтарымен түбірді сыға ұстау оңайға түспейді. Азу тістердің-моляр түбірлерін жұлу үшін оларды бормен ажыратып, элеватормен ырғау қажет.

Жаллы алғанда түбірді жұлмас бұрын, оның беріктігіне түбір далдасына, альвеола қалыңдығына, көрші тістер жайлы мәліметтерге баса назар аудару, қажет болса рентген суретін жасау керек.

Түбірлерді қысқышпен жұлу.Жоғарғы түбірлерді жұлу үшін байонет, түйісетін қысқыштар қажет. Бұл қысқыштар әмбебап деп те аталады, себебі жақтары саптарынан едәуір алшак, орналасқан. Бұларды азу-моляр тістерге қарай апару оңай, жақтарын терең бойлата жылжытуға тіпті түбір ұясына кіргізуге де болады. Байыптап қолданса байонет (универсал) қысқыштар төменгі 8-ші тістерді жұлуға да жарайды. Азу тістердің-моляр түбірлерін жұлғанда қысқыш жақтарын салады. Егер түбірлер бір-бірімен берік орналасқан болса, олар бірге жұлынады. Сынып кеткен жағдайда жеке дара жұлынады. Түбірлер бөлек болса, таңдай түбірін айналдыра қозғау-ротация жасап жұлады. Содан соң қысқыштың бір жағын босаған таңдай түбірдің ұясына жылжытып, екінші жағын қалған ұрт түбірлерінің біріне салады.

 

 

 

 

Сурет-51. Бормашинамен тіс түбірлерін бір-бірінен ажыратып бөліп алу

Қысқышты түбірге салғанда ол сүйектен сырғанап, сыға ұстау мүмкін болмаса, онда түбірлерді бормен ажыратып, жекелеп жұлады. Түбірлерді шар, фиссур борлармен ажыратады.

Борды түбір далдасына дейін бойлатып әрлі-берлі жылжыта отырып, таңдай түбірін басқа түбірден ажыратып тік элеватормен, түбірлер арасындағы жікке қадап, әрлі-берлі айналдыра отырып бойлатып жұлып алады. Қалған түбірлерді байонет қысқашпен жекелеп жұлады.

8-ші тістің түбірлері бір-бірімен жапсарлас келеді, сондықтан оны байонет қысқышпен жұлып алу онша қиын емес.

Төменгі тістердің түбірлерін жұлуға жақтары түйісетін, сапты бойлай иілген, құстұмсық қысқыштар жарайды. Бұл аспаптарды 8-ші тістің түбірлеріне салуға мүмкін болмағандықтан (себебі бұрын айтылған) элеваторларды қолданады.

Қысқыш жақтары түбірдің ішкі, сыртқы беттерінде салынады.Азу тістердің-моляр түбірлерін жұлғанда қысқышты жұлынуға оңай түбірге салады. Біріккен жері-бифуркация мықты болса екі түбір бірге жұлынады, осал болса бөлініп шығады. Екінші түбір соңынан жұлынады.

Егер қысқышты түбірге салу қиын, біріккен жері-бифуркация мықты болса, онда түбірлерді бормен ажыратады. Жеке түбірлер қысқыш, элеваторлармен жұлынып алынады.

Тіс пен түбірді элеватормен жұлу(52-сурет). Тіс пен түбірге қысқыш салу мүмкіндігі жоқ болса (тістің бұзылуы, түбірдің тереңде қалуы) тік, бұрыш элеваторларды қолданамыз.

Элеватордың сабы, қасықша тәрізді жұмысшы бөлігі және оларды жалғастырып тұрған орта бөліктен тұрады.

Тік элеватордың жұмысшы бөлігі науа тәрізді. Онымен үстіңгі жақтың түбірлерін, төменгі 8-ші тісті жұлады.

 

Сурет-52. Тік элеватордың көмегімен төменгі жақ кіші азу тісті жұлу

Найза тәрізді (тік-штыковидный, Леклюз элеваторы) элеватордың сабы орта бөлігіне көлденең бекітілген. Жұмысшы бөлігі сүңгі сияқты үшкірленіп барып бітеді. Жұмысшы бөлігінің бір беті тегіс екінші беті жұмыр. Найза тәрізді жұмысшы бөлігі орта бөлігіне параллель тұрады.

Леклюз элеваторытөменгі үшінші азу-моляр (ақыл) тістерді, соңғы тістерді жұлуға қолданылады.

Бұрыш (бүйір) элеватордыңқұрылысы тік элеватор сияқты, айырмашылығы, жұмысшы бөлігі орта бөлігімен 90-120° бұрыш құрап қасықша тәрізді, үшкірленіп барып бітеді. Бұл элеватордың оң («өзіне»), сол («өзінен») екі түрі бар. Элеватордың қасықша беті жұлынатын тіске (түбірге) қарап салынады. Бұл аспаппен төменгі жақтың тіс түбірлерін жұлады.

Тік, найза элеваторлардың сабын оң қолмен ұстағанда II саусақты оның орта бөлігінен асыра қасықша бетіне жапсыра ұстайды. Сонда сұқ саусақ аспаптың тайып кетуінен сақтайды.

Элеваторды периодонт саңылауына кіргізу үшін оңды-солды қозғап түбірді (тісті) ұяның қарсы бетіне қарай ығыстырып барып шығарады. Элеватордың (жұмысшы) қасықша бетінде өте үлкен иін күші пайда болады. Ол тек жұлынатын түбір емес, тіреп тұрған көрші тісті де орнынан босатуы мүмкін. Соны ескеріп, сол қолдың саусақтарымен тіреп тісті ұстап тұру керек. Қатардан тыс тұрған тістерді де осылайша жұлады.

Жалпы элеваторды қолданбас бұрын оның ұшын кіргізетін орнын, тірек болатын тіс жағдайын жете бағалау керек.Бұрыш элеваторды да оң қолмен ұстап сұқ саусақты оның қасықша бөлігіне жақын ұстап, сол қолдың, бас бармағымен оның қасықша тұсынан басып тереңдете ендіреміз де оң қолмен элеватор сабын қапсыра ұстап өз өсінің бойында айналдырады. Нәтижеде оның қасықшасы түбірді ұядан ығыстырып шығарады.

Егер элеватор қасықшасы төменгі моляр түбірінің босаған ұясына кіргізілген болса, оның ойық жағы жұлынатын түбірге қарай бағытталады.

 

Сурет-53. Тік элеватордың көмегімен жоғарғы кіші азу тісті жұлу

Ұясының қабырғасы мен көрші тіске сүйеніп элеваторды айналдыра бұрағанда алғаш түбір далдасы, соңынан екінші түбір де жұлынып шығады.

Есте сақтайтын жәйт, кез келген элеватормен жұмыс істегенде оның сабы ұрт жақта тұрады. Оны ешқашан ауыз қуысының ішінен, қарсы жақтан салып қолдануға болмайды. Бұл кезде аспаптың тайып кетуі, айналасындағы жұмсақ тіндерге қадалып қалу қаупі бар!