Емханаларда берілетін –жалпы жансыздандыру-наркоз 2 страница

Мепивакаиннің3%-ды ерітіндісі қолдануға ең тиімді болып саналады.

Артикаин-Суперкаин - Жергілікті жансыздандыру үшін қолданылатын амидтер тобының тиофендер топшасына жатады. Әсер ету механизмі нейрондар мембранасының босаңсуымен және жүйке талшықтарының қозғалыстарының пайда болуымен және олардың өтуін тоқтатуымен байланысты болады. Әсер етуі тез пайда 1-3 минутта болады да ұзақтығы 45-75минутқа созылады. Дәрі қан-тамырларға және тіндерге кері әсерін тигізбегендіктен жараның біту мерзімі қысқарылады. Плазма протеиндері мен 95% байланыста болады. Бұл дәріні Өзбекістан Республикасы мен Түркия Республикасының біріккен фармацевтикалық «Тошкент-Samsung LTD» бірлестігі жасап шығарады. Суперкаинніңфармакологиялық қасиеттерін және нарықтық жағдайын егжей-текжей зерттеп үйренген ғалым медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты бет-жақ аймағы хирургі, I-ші Ташкент Мемлекеттік Медицина Институтының түлегі Темуров Фазладин Тұрабайұлы. 2006 жылдан бері Қазақстан Республикасында тіркеуден өту үшін хұжаттар Фармация комитетіне тапсырылған.

Бупивакаин –амидтер тобына жатады, жансыздандыру әсері жағынан новокаиннан 6 есе, ал улылығы жағынан 7 есе асып түседі. Ең жоғарғы мөлшері-175мг.

6.9. ЖЕРГІЛІКТІ ЖАНСЫЗДАНДЫРУДЫҢ (АНЕСТЕЗИЯНЫҢ) КҮШІН АРТТЫРЫП, ӘСЕРІН ЖӘНЕ МЕРЗІМІН ҰЗАРТАТЫН ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕР

Жергілікті жансыздандыруды (анестезияны) күшейту және ұзарту үшін тамыр тарылтқыш заттар (адреналин, норадреналин, вазопрессин) аз мөлшерде жансыздандыру дәрілеріне (анестетиктерге) қосылады.

Адреналин гидрохлоридінің 0,1% ерітіндісі бір ретік жоғары мөлшері тері астына жібергенде 1мл, яки 16-20 тамшы. Адреналинді жансыздандыру дәрілеріне (анестетикке) қосқанда мынадай қатынасты сақтау қажет: 5-10 мл жансыздандыру дәрілеріне (анестетикке) -1 тамшы. 100 мл анестетикке-2-3 тамшы. Жансыздандыру дәрілеріне (анестетикке) қосылған адреналин тіндегі капилляр мен майда қан тамырларын тарылтып, жансыздандыру дәрілерінің (анестетиктің) тез тарап кетуін баяулатады.

Сонымен қатар ота (операция) кезінде қан ағу азаяды. Жансыздандыру дәрілерінің (анестетиктің) күшін арттырғанмен адреналин қан қысымын көтеріп жіберуі мүмкін, бронх бұлшықетінің кернемесін (тонусын) босатып ентігу, жүректің жұмысын тездетіп, жүрек аритмиясына әкеп соқтырады. Қан қысымы жоғары, жүрегі, бүйрегі ауыратын адамдарға адреналинді қолданбаған жөн.

Адреналиннен уланған адамға фентоламин (ол эндо-экзогендік адреналинді тежейді), диурезді арттыратын дәрілер (Рингер ерітіндісі, лазекс), нитроглицерин қолданылады.

Соңғы кездері улағыштығы аз, тамырларды тарылтқыш жаңа дәрілер алынды. Олар: норадреналин, мезатон, вазопрессин. Олар жансыздандыру дәрілерінің (анестетиктердің) күшін, мерзімін арттырғанымен, қан ағуын онша азайта алмайды.

6.9.1.Жергілікті жансыздандырудың (анестезияның) түрлері

Жергілікті жансыздандыру (анестезия) инемен дәрі құю (инъекциялы) және инемен дәрі құю емес (инъекциялы емес) болып бөлінеді.Инемен дәрі құюға (инъекциялыға)-ішке сіңу (инфильтрациялық), өткізгіштік, А.В. Вишневскийдің «жылжушы ұйыспасы (инфильтраты)», инемен дәрі құю емес (инъекциялы емеске)- химиялық, физикалық, физика-химиялық, инесіз инъектор, инерефлексанестезия жатады. Қазіргі кезде дәрігер-стоматологтар жергілікті жансыздандыру әдістері-нің жіктелуі бойынша мынандай сызба түрінде қолданылуда (Супиев Т.Қ.2006).

Жергілікті жансыздандыру әдістерінің жіктелуі.

(А.А.Вишневский 1974; А.Ф.Бизяев 1998)

Жергілікті жансыздандыру

Ішке сіңу (инфильтратты)

жабыстыру-аппликация аймақтық-регионарная

соңғы-терминальная

беткей-поверхностная өткізгіштік-проводниковая

 

Жергілікті жансыздандырудың ішке сіңу (анестезияның инъекциялы) емес түрлері.Аппликация жансыздандыруы (сыртқы-терминальды, химиялық түрі) жансыздандыру дәрісін-анестетикті белгілі бір жерге жағу немесе басып тұру. Жансыздандырудың бұл түрі ауыз қуысы мен мұрынның кілегей қабығына қолданылады (дикаин, лидокаин, анестезин).

Кілегей қабықты сілекейден құрғатып, мақталы тампонды

ансыздандыру дәрісіне-анестетикке батырып немесе ұнтағын сеуіп жансыздандыру-анестезия жасалатын жерге 2-3 минутке қояды.

Химиялық түріне көз ауруларында қолданылатын тамшыларды (инстилляция) айтуға болады.

Физикалық түріне өте төмен температурамен мұздату (хлорэтил) жатады. Себілген дәрі тез буланып тін салқындап барып мұздайды, нәтижеде сыртқы жүйке-нерв талшықтарының өткізгіштігі тоқтатылады.

Хлорэтил (қайнау температурасы 12-13°) шиша ыдыста-ампуладан 30-35 см қашықтықтан жансыздандыру-анестезия жасалатын жерге шапшып ағады. Бұл тәсіл қазір стоматологияда қолданылмайды.

Физика-химиялық түрі — бүл электрофорез арқылы жансыздандыру дәрісін-анестетикті тінге енгізу. Үшкіл жүйкенің-нервтің невралгиясын емдеуге, тістің қатты тіндерін жансыздандыру-анестезия жасауға қолданылады.

Соңғы кездегі стоматологияда жансыздандырудың-анестезияның жаңа түрлері рефлекстерапия, инешаншу, электроакупунктура - аналгезия өріс алды.

Жергілікті жансыздандырудың ішке сіңу (инъекциялы) түрлері. Жансыздандыру дәрісін-анестетиктің тінге ине немесе жоғары қысым арқылы енгізілуі ішке сіңу-инъекция түріне жатады. 1853 жылы Вудтың іші қуыс ине арқылы ота жасалатын жерге әртурлі дәрілерді енгізуі ішке сіңу жансыздандыруына-инъекциялы анестезияға жол ашты. Шприц пен инеге мынадай талаптар қойылады: поршеньнің шприцке дәл келуі, иненің ұзындығы 4-5 см-дей болуы, тиісті тереңдікке енгізілген соң да иненің 1-1,5 см-дейі қалуы керек, иненің түбі таттанбаған, ұшы қайырылмаған, ұшы 45° бұрышпен өткір болуы шарт. Ең дұрысы бір-ақ рет қолданылатын шприц.

Аспаптарды залалсыздандыру. Ыдысты шприц пен инені мұқият жуады, сонан соң биолот (1 литр суға 5 г биолот) ерітіндісі немесе 3% сутегі тотығына (Н2О2) 0,5% синтетикалық жуатын ерітіндімен тазартады. Тағы да суға жуып 45 минут бойы тазартылған суда қайнатады. Шприцтерді шынысын дәкеге орап, поршенін бөлек алып салқын суға салып қайнатады. Инелерді мандрендерімен қайнатады. Шприцтер мен инелерді арнайы ыдыстарда-стерилизаторда, дайындайды.

Жансыздандырудың ішке сіңу-анестезияның инъекциялы түрлерін дәл орындау үшін, жақ пен беттің анатомиясын, жақ сүйектердің құрылысы мен кілегей қабықтың жылжымалы, жылжымайтын бөліктерін білу, тістердің жүйке талшықтарымен-иннервациясы, жақ айналасындағы тіндер жайлы мәліметтерді жете білу қажет.

Жансыздандырудың ішке сіңу-анестезияны орындауда мынадай реттілік шараларды есте сақтаған абзал. Олар нысана жансыздандыру дәрісін- анестетиктің жіберілетін жері, нысананы анықтайтын белгілер (нысана маңындағы анатомиялық құрылымдар), ине шаншитын нүкте (ине бағытының қиылысы), бағыт, шаншу тереңдігі, жансыздандыру-анестезия жасайтын жүйке-нерв, жансыздандыру-анестезия аймағы.

6.10. Жақ пен жақ айналасының жүйкеленуі

Тістер, жақ, ауыз бен беттің жұмсақ тіндері, көз, сезу мүшелері түгелімен дерлік үшкіл жүйке (5 жұп) арқылы жүреді. Үшкіл жүйке (n.Trigeminus) — аралас жүйке, оның жуан түбіршегі — сезу, жіңішке түбіршегі- қимыл жүйкелері (26-сурет).

Сезу түбіршегі самай сүйегінің пирамида ойығында (Мекель қуысы) Гассердің жарты ай түйінін құрайды да негізгі үш тарамға бөлінеді.

1) көз жүйкесі (n.opthslmicus), 2) жоғарғы жақ жүйкесі (n.maxilaris), 3) төменгі жақ жүйкесі (n.mandibularis). Төменгі жақ жүйкесіне Гассер түйінін құрауға қатыспайтын қимыл түбіршегі келіп қосылып, ол аралас жүйкеге айналады.

Көз тарамы жоғарғы көз саңылауы арқылы көз шарасына енеді. Оның алдында ол көз жасы (r.lacrimalis), маңдай (n.frontakis), мұрын-кірпік (n.nasociliaris) жүйкелеріне бөлінеді. Мұрын-кірпік жүйкесі көз шарасында медиальды орналасқан, оның тармақтары қабақ, көз жасы қалтасы, сына тәрізді қуыстың артқы тор ұяларының, мұрынның алдыңғы, бүйір бөліктерінің кілегей қабықтарын, сонымен қатар көз алмасын, мұрынның шеміршегін, жанын, ұшының біразын жүйкелендіреді.

Маңдай жүйкесі көз шарасының жоғарғы қабырғасының ортасымен жүріп үшке бөлінеді: 1) Көзүсті жүйкесі (n.supraorbitalis); 2) Маңдай бұтағы (r.frontalis); 3) Шығыршақүсті жүйкесі (n.supratrochlearis) сурет-26.

 

 

Сурет -26. Үшкіл жүйкесінің құрылысы:

1-үшкіл түйіні: 2-көз жүйкесі; 3-жоғарғы жақ жүйкесі;

4-төменгі жақ жүйкесі; 5-ІV қарыншаның түбі; 6-тіл жүйкесі;

7-шайнау бұлшықет жүйкесі

Көзүсті жүйкесі — ең негізгісі -ол көзүсті ойындысынан шығып маңдай терісіне ұласады. Маңдай бұтағы да алдыңғы жүйкеден медиальдау келіп маңдай терісін жүйкелендіреді. Шығыр-шықүсті жүйкесі өз шарасының ішкі бұрышынан шығып жоғарғы қабақ терісіне, кеңсірік пен маңдайдың өзіне қараған бөлігіне ұласады.

Көз жасы жүйкесі латеральды жүріп жас безін, жоғарғы қабақтың сырт жағын жүйкелендіреді.

Жалпы көз жүйкесі жақ пен ауыз қуысын қоректендіруге қатыспайды.

Жоғарғы жақ жүйкесі (maxilaris). Сезу жүйкесі альвеола өсінділерін жауып тұрған жұмсақ тін, жоғарғы жақ, тістер, мұрын қуысы, жоғарғы жақ қуысы, танаулар, жоғарғы ерін, астыңғы қабақ пен көзасты тіндеріне тармақ береді. Жоғарғы жақ жүйкесі ми сауытынан дөңгелек тесік (foramen rotundum) арқылы шығып, қанат-таңдай ойықта (fosso terygopalatina): а) Бет жүйкесіне бөлініп (n.zygomaticus), ол әрі қарай бет-самай (n. zygomaticotemporalis) және бет (n. zygomaticofacialis) жүйкесі болып тарайды да аталған аумақты қамтиды. б) Қанат-таңдай жүйкелері (n.n.pterugopalatini) қанат-таңдай түйініне келіп қосылады. Одан кейін жоғарғы артқы в) альвеола тармақтары (n.alveolaris superior posterior) 3-4 талшық болып жоғарғы жақ төмпешігімен алға, төмен қарай жалғасып үстіңгі тістер өрімінің артқы бөлігін құрайды. Жоғарғы жақ жүйкесі көз шарасына көзасты саңылауымен еніп, көзасты жүйкесі деген атпен көзасты сайында жатады. Бұл арада одан жоғары орта тіс ұяшық-альвеола тармақтары сүйек өзектерін бойлап алға, төмен қарай сабақтасып жоғарғы тістер өрімінің орта бөлігін құрайды.

Көзасты жүйкесі енді көзасты өзегіне еніп, одан тараған тармақтар үстіңгі тістер өрімінің алдыңғы бөлігін құрайды, әрі қарай көзасты тесігінен шығыпкіші қаз табанына (pes anseris minor) жалғасқан жүйке талшықтары жоғарғы ерін, төменгі қабақ, мұрын қанатының, кеңсірік пердесі терісінің өзіне тиісті бөлігін жүйкелендіреді (сурет-27).

Сурет - 27. Жоғарғы жақ жүйкесі

Қорыта айтқанда, артқы, орта, алдыңғы жүйке тармақтары бір-бірімен араласып, жоғарғы тіс өрімін құрайды (plexus dentalis).

Аталған оң жақ пен сол жақ өрімдері өзара бір-бірімен байласып-анастомоз түзеді, олардан жоғарғы тістерге, қызыл иекке, кілегей қабық пен жақ қуыс қабырғаларына жүйке тармақтары тарайды. Артқы өрімнен тараған тармақтар үлкен азу тістерге, орта өрімнен — кіші азу тістерге, ал алдыңғы өрімнен күрек, сүйір тістерге барады.

Таңдайдың кілегей қабығын қанат-таңдай түйінінен тараған талшықтар жүйкелендіреді. Бұл түйін парасимпатикалық жүйке жүйесіне жатады.

Ол парасимпатикалық талшықтарды 13 жұпқа жататын сілекей бөлетін ядросының преганглиондар тармағынан алады. Түйінге жүйке талшықтары үлкен тасты жүйке (n.petrosus major) деген атпен келеді.

Симпатикалық постганглиоңдар талшықтары терең тасты жүйкенің (n. Petrosus profundus) құрамында жоғарғы мойын түйінінен келеді. Сезу талшықтары үстіңгі жақ жүйкесінен келеді. Түйін парасимпатикалық нейрондардан құралған.

Қысқасы, қанат-таңдай түйінінен тарайтын жүйке талшықтары үш түрлі талшықтардан тұрады. Олар вегетативті парасимпатикалық, симпатикалық және сезімтал талшықтар. Түйіннен сезу жүйкелері мұрын, қатты және жұмсақ таңдайдың кілегей қабықтарына, көз жасы безіне тарайды.

Түйіннен мынадай жүйке талшықтары тарайды: 1. Жоғарғы артқы латеральды және медиальды мұрын талшықтары мұрын қуысына еніп жоғарғы, ортаңғы мұрын кеуілжірін, мұрын пердесін жүйкелендіреді. Жүйке тармағының ең ірісі мұрын пердесін бойлай төмендеп мұрын-таңдай жүйкесі деген атпен күрек тіс өзегіне кіреді. Сол жерде ол қарсы жақтың жүйкесімен байлам-анастомоз түзіп күрек тіс тесігінен шығады да қатты таңдайдың алдыңғы бөлігінің кілегей қабығын жүйкелендіреді.

2. Төменгі артқы мұрын тармақтары мұрынның төменгі кеңсірігінің кілегей қабығына тарайды.

3. Таңдай жүйкелері, төмен қарай қанат-таңдай өзегімен бойлап, таңдай өзегінде үш тармаққа бөлініп ауыз қуысына шығады. Олардың ең үлкені — үлкен таңдай жүйкесі қатты таңдайға шығады. Онда ол таңдай сайына орналасып алға қарай тарайды да қатты таңдайдың кілегей қабығының 2/3 бөлігін жұмсақ таңдайдың біраз жерін жүйкелендіреді. Таңдай жүйкесінің орта, артқы талшықтары майда таңдай
тесіктерінен шғып жұмсақ таңдайдың кілегей қабығы мен бадамша без аумағына тарайды.

Төменгі жақ жүйкесі қозғау мен сезу талшықтары бар аралас жүйке.

Сезу талшықтары төменгі жақ пен оның буынын тістер, қызыл иек ерін, иек, самай, шықшыт пен алқым бездерін, ауыз түбінің кілегей қабығын түгелімен, ұрт, құлақ қалқаны мен тесігі қабырғасының біразын, тілдің алдыңғы 2/3 бөлігін жүйкелендіреді.

Жүйке сабағы ми сауытынан сопақ тесік арқылы шығып екіге блінеді:

оның алдыңғы бөлігі кішірек көбінесе қимыл, ал артқы үлкенірегі сезу

бөлігі.

Қимыл бөлігі шайнау бұлшықеттеріне тарап: шайнау, самайдың терең, латеральды және медиальды, қанат тәрізді таңдай пердесік керу, дабыл жарғағын керу жүйкелеріне бөлінеді. Осы аталғандардан басқа ұрт жүйкесі де алдыңғы бөліктен тарайды.

Артқы сезу бөлігі құлақ түйінімен, бет жүйкесімен байланысады да, құлақ-самай, төменгі альвеола және тіл жүйкелерін береді. Олардан басқа артқы бөліктен тағы бірнеше қимыл жүйкелері тарайды.

Ұрт жүйкесі сопақ тесіктен төменірек алдыңғы тармақтан бөлініп төмен, алға және сыртқа қарай созылып латеральды қанат тәрізді ет бастарының арасынан өтеді де ұрт етінің сыртында жатады. Соңғы тармақтары ұрттың терісі мен кілегей қабығын, қызыл иекті 54/45 тістер мен 7/7 тістер ортасына дейінгі аралықты жүйкелендіреді. Төменгі альвеола жүйкесі төменгі жақ жүйкесінің ең үлкен тармағы. Ол аралас және тіл жүйкесімен бірге төмен қарай қанат тәрізді, латеральды және медиальды еттер арасынан өтіп төменгі жақ тесігі арқылы төменгі жақ өзігіне кіреді (сурет-28).

 

 

Сурет-28. Төменгі жақ жүйкесі

I — жоғарғы жақ жүйкесі; 2 — жоғарғы, артқы ұяшық тармағы; 3, 4 — көз асты

жүйкесі; 5 — ұрт жүйкесі; 6 — ұрт бұлшықеті; 7, 10 — төменгі ұяшық жүйкесі;

8 —шайнау бұлшықеті (кесілген және қайырып қойылған); 9 — тіл жүйкесі;

II — қанат тәрізді бұлшықеттің артқы бөлігі;2 — шайнау жүйкесі;

13 — бет жүйкесі; 14 — құлақ-самай жүйкесі; 15 — самай бұлшықеті

 

Тесікке кірер алдында одан жақ-тіласты жүйкесі бөлініп жақ-тіласты еті мен қос қарыншалы еттің алдыңғы қарыншасын жүйкелендіреді. Одан басқа сезу тармақтары иек терісінен төменгі жаққа тарайды. Төменгі тіс

ұяшық жүйкесі өзек ішінде төменгі тістер өрімін құрайды. Өрімнен тіс ұшы саңылауларына, тіс ұяларына, қызыл иекке тарайды. Иек тесігіне жетіп, иек жүйкесі болып аталып жақ сыртына шығады. Әрі қарай иек тармақтары иек терісіне, төменгі ерін тармақтары төменгі еріннің терісі мен қабығына, және альвеола тармақтары қызыл иектің сырт жағына таралады. Төменгі жақ өзегіндегі жүйкенің жалғасы күрек тістер жүйкесі сүйір тіс пен күрек тістерді, кіші азу тістің бөлігін жүйкелендіреді, сонымен қатар қарсы беттің күрек тістер жүйкесімен байлам-анастомоз құрайды.

Тіл жүйкесі доғаша иіліп төменгі тіс ұяшық-альвеола жүйкесінің алдыңғы жағында, медиальды орналасып қанат тәрізді бұлшықет пен төменгі жақ тарамының арасын бойлап алға, төмен қарай жалғасады. Өзіне дабыл шегін қосқан ол тілдің дәм сезуін қамтиды. Одан әрі жүйке ауыз түбінің кілегей қабығы алдында орналасады да жақасты, тіласты, сілекей бездерінің, тіласты кілегей қабығын, қызыл иек пен жақтың тіл жағындағы кілегей қабығын, тілдің бұлшықетін, оның алдыңғы 2/3 бөлігінің кілегей қабығын жүйкелендіреді.

Құлақ-самай жүйкесі өз тармақтарымен беттің терісін шайнау еттерінің алдыңғы шетіне дейін, төменгі жақ буынын, шықшыт безін, құлақтың сыртқы тесігінің терісін, дабыл жарғағын, самай мен құлақ қалқанының алдыңғы жағының терісін жүйкелендіреді.

6.11. Ішке сіңу жансыздандыруы-инфильтрациялы анестезия

Ішке сіңу жансыздандыруы тіс жұлғанда, альвеола өсіндісіндегі шағын оталарда, кілегей қабықты тілгенде, шағын қатерсіз өскіндерді алғанда, жараны алғаш хирургиялық емдеп-өңдеу кезінде қолданылады.

Тіс ұяшық өсіндісінің бөлігін жансыздандыруды плексуал-өрімді ішке сіңу жансыздандыру дейді. Мұнда тіс өрімі жансызданады. Бұл тәсілдің мәнісі — дәріні өтпелі қыртысқа енгізгенде, оның борпылдақ шелге сіңіп жақ сүйектің майда тесіктері арқылы кемікке жетіп, ондағы тіс өрімдеріне әсер етуіне негізделген. Үстіңгі жақта жиі, төменгі жақта сирек қолданылады. Оның себебі жақ сүйектердің құрылысындағы айырмашылыққа байланысты.

Жоғарғы жақтың сыртқы тұтас қабаты жұқа әрі көптеген майда тесіктері бар. Тек орта сызық пен бет тұсы тіс ұяшығы ғана қатты болып келеді. Төменгі жақта, керісінше, иек тұсынан басқа жерінің бәрінде де сыртқы тұтас қабат болады. Осы ерекшеліктерді ескерсек, үстіңгі жақтың барлық тістерін, астыңғы жақтың алдыңғы тістерін ішке сіңу жансыздандыру арқылы жұлуға болады (сурет-29)

 

 

 

 

Сурет-29. Ішке сіңу жансыздандыруы

Жас балалардың тұтас қабатының нәзік болуы, олардың төменгі тістерінің бәріне ішке сіңу жансыздандыруды қолдануға мүмкіндік береді.

Жалпы ереже:Ине қатпардың кілегей қабығына 40-45 градус бұрышпен (жылжымайтын кілегей қабықтың жылжымалы бөлігіне жалғасқан жері) жұлынатын тіс түбірінің ұшына таман енгізіледі.Дәріні жібере отырып инені тіс ұяшығы-альвеола қырымен жылжытып, жұлынатын тістен қасындағы тістің тұсына дейін апарады. Иненің қиығы сүйекке қарауы шарт. Нәтижеде қатарынан үш тістің тұсына дәрі енгізіледі. Нәтижесі — 7-10 минуттан кейін болады (29-сурет).

Жансыздандыру аймағы:жұлынатын тіс тұсындағы тіс ұяшығы-альвеола өсіндісі мен кілегей қабықтың кіреберіс жағы. Жұлынбайтын тістердің де тұсы аздап жансызданады. Қатты таңдайдың кілегей қабығын жансыздандыру үшін қызыл иектің шетінен 1 см-дей жерге, тіс түбірінің ұшына шамалап екінші рет иненің айналасындағы тін бозарғанша дәрі енгізу керек.

А.В.Вишневскийдің ішке сіңу жансыздандыруының жылжитын ішке сіңу әдісі. Бұл әдіс хирургиялық стоматологияның жұмсақ тінге, әсіресе пластикалық оталарда сабақты қиық дайындағанда қолданылады. Жалпы ереже: 0,25-0,5% жансыздандыратын дәрі-анестетик ерітіндісін тілінетін теріге лимон қабығы тәрізді сарғайғанша ендіреді. Келесі рет инені жансызданған жерге кіргізіп, әрі қарай жылжыта береді. Теріасты тіні мен еттері де ұзын ине арқылы аталған тәсілмен қабат-қабат жансызданады. Жансыздану аймағы ота жасалатын жерден едәуір көбірек жерді қамтуы шарт.