Жылу реттеу механизмдері 1 страница

Гомойотермді жануарларда дене температурасы аса күрделі нейрогуморальдык, механизмдер (жүйке-қан) арқылы реттеле-ді. Бұл механизмдер дененің компенсаторлық (есесін қайтару) реакциясын, яғни жылу өндіру (химиялық) және жылу шығару (фңзикалық) процестерін бағыттап, қажет болса, өзгертіп отыра-ды.і Жылу реттелу — дене температурасының тұрақтылығын сақтайтын функциялық жүйе, орталық жүйке жүйесімен тікелей жән'е кері жүйкелік байланыс арқылы езін-өзі реттейтін процесс.

Терідегі жылу рецепторлары (терморецепторлар) яғни суық сезімін қабылдайтын Краузесауытшалары, жылу тітіркеністі қабылдайтын Руффини шашақтары және сезгіш жүйке ұштары сырттағы температураның өзгеруіне шапшаң жауап береді. Бұл-ар — өте сезімтал рецепторлар. Мәселен, терідегі жылу рецеп-торлары сырттағы температура 0,007°, ал суық сезгіш рецептор-лар 0,012° езгерсе болғаны, соны сезіп, денеде жауап реакция тудырады.

Осыған орай проф. О. П. Минут—Сорохтина мынадай болжам жасады: орталық жүйке жүйесіне тері рецепторларынан келіп түскен серпініс жылу реттелу юрталығын белгілі бір дәре-жеде (тонуста) ұстап тұрады. Ішкі ағзалар рецепторларының іш-інде жылу реттелу үшін ен, маңыздысы — қарын мен вена рецепторлары және тері веналарында орналас-қан рецепторлар . Орталық жүйке жү-йесінде орналасқан терморецепторлардың да маңызы зор. Олар гипоталамустың алдыңғы бөлімінде (преоптикалық аймағында), ми мен жұлында орналасқан, өздеріне ағып келген қандағы температура өзгерістерін тез сезеді. Сонымен зерттеу нәтижелерінен жылу реттеу орталығы — ги-поталамус екенін байқауға болады. Гипоталамустың алдыңғы ядроларын зақымдаса, тыныс жолы мен тері қан тамырларының реакциясы арқылы жылу шығару механизмдері бүзылады, осы-ған байланысты жануар температурасы көтеріліп, өліп қалады Мұндай жануардың денесі тез қызып (гипертермия) физикалық жылу шығару процесі бұзылады. Гипоталамустың алдыңгы ядроларын тітіркендірсе дене температурасы төмендейді. Жылу шығару процесі гипоталамустың алдыңғы ядроларында орналасқан жүйке орталықтарының бақылауында болады.

1.Химиялық жылу реттелу,

Жылу шығарудың күшеюі, еттің ді-рілдеуі, жылу шығару орталығы болып есептелетін құрыльш-дар — гипоталамустың артқы және ортаңғы ядроларының бақы-лауында. Мидың осы белімі зақымданса жануардың температу-расы тым төмендеп кетеді де денеде жылу өндіру, еттің дірілдеуі секілді компенсаторлық реакция тумайды. Ал гипоталамустың артқы ядроларын тітіркендірсе, дене температурасы 2—3 градус көтеріледі.

2. Ішкі секреция бездерінің ішінде жылу реттеу процесіне қалқан-ша без, жыныс және бүйрекүсті бездері, олардың гөрмоңдары, әсіресе троптық гормондар (АК.ТГ, соматотропин, тиреотронин т. б.), сондай-ақ басқа ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін гипофиз гормондары үлкен роль атқарады.

Гигпофиз безін алып тастаса, көжек денесінде жылу реттелу процесі бұзылады да, ол пойкилотермді жануарға айналады. Қалқанша без гор-мондары (тироксин т. б.) жылу өндіру процесін күшейтеді. Бүйрекүсті безінің ми қабатының гормоны адреналиннің қандағы мелшері артса, да жылу ендіру процесі күшейеді (гипертермия), мәселен, қатты күйзелген (стреске ұшыраған) адам денесінде адреналин әсерінен гипертермия (жылудьщ шек-тен тыс көп өндірілуі) пайда болады. Бүйрекүсті бездерін сылып алып тастаса не осы бездің қызметі күрт нашарласа, адам (жануар) кенеттен тоңа бастайды.

Әдебиеттер:

1.Х.Н.Сәтпаева „Адам физиологиясы” 299-302 бет

2.Т.Несіпбаев . Адам және жануарлар физиологиясы.Алматы.Ғылым.296-312б.

Лабораторлық жұмыстардың жоспары

Лабораторлық жұмыс№14

Тақырыбы:Сыртқа шығару прцестері

Лабораторлық жұмыс мазмұны:

1.Зат алмасуының қалдықтарын денеден шығарудың маңызы.

2.Бүйректің құрылысы және қызметі.

3.Несептің түзілуі және құрамы.

Әдебиеттер:

Қ.Дүйсембин,З.Алиакбарова. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы. Алматы,2003 жыл. 321-325 б.

Лабораторлық жұмыс№15

Тақырыбы:Адамның физикалық жұмыс күш қабілетін анықтау.

Судың ағзадағы биологиялық ролі .

Лабораторлық жұмыс мазмұны:

1. Адамның дене массасындағы су мөлшерін анықтау.

2. Адамның дене массасындағы су алмасуы.

3. Дене сымбаты

4.Дененің пластикалық өлшемдері.

Әдебиеттер:

В.И. Дубровскии 171 бет 17 кесте

Судың организм үшін биологиялық маңызы қандай

Рохлов В.С. Практикум по анатомии и физиологии человека 42-43-45 жұмыстар 77-80 беттер

 

Тақырыбы Жасалатын жұмыстар Апта Әдебиеттер
Адамның приматтармен салыстырған-дағы денесіндегі өзгерістер.
  1. Ми бөліміндегі өзгерістер
  2. Қаңқа сүйектеріндегі өзгерістер
 
Курепина М.М., Анатомия человека. (1-3 суреттерді салу, 16-19 беттер)  
Қозу физиологиясы Организмнің физиологиялық функцияларын зерттеу тәсілдері 2. Физиологиялық зерттеулер үшін қолданылатын аппаратуралар мен құрал-жабдықтар 3. Бақаны жансыздандыру тәсілдері.   Ж. Н. Нургалиев. Қалыпты физиология бойынша практикум 9- бет
Қозу физиологиясы. Бұлшықет нервпрепаратын дайындау 2. Нерв пен бұлшықет тітіркенуін салыстыру (тура және жанама тітіркендіру) 3. Тірі тканьдердегі биоэлектрлік құбылыстар 4. Рефлекторлық доғаны талдау     Ж. Н. Нургалиев. Қалыпты физиология бойынша практикум 11-25 бет  
Жоғарғы жүйке әрекеті. 1.Рефлекс уақытының тітіркендірпштер күшіне тәуелділіп. 2.Орталық нерв жүйесшдегі қозудың таралуы (иррадиация) 3.Жұлындық рефлекстердің орталық тежелуі (Сеченовтық тежелу) Ж. Н. Нургалиев. Қалыпты физиология бойынша практикум 30-40-43 бет  
Адамның мақсатты іс-әрекеті. 1.Қозғалыс координациясы. 2.Бұлшық еттің талуы.     Рохлов В.С. Практикум по анатомии и физиологии человека 15-16-18-19-20 жұмыстар 37-43 бет  
Ішкі секреция бездері 1.Бақаның көз қарашығына адреналиннің, ацетилхолин және атропиннщ әсері 2. Бақаның пигменттік клеткаларына адреналин мен питуитринің әсері 3. Адреналин мен ацетилхолинің жүрекке әсері   Ж. Н. Нургалиев. Қалыпты физиология бойынша практикум 111-114 бет  
Қан физиологиясы. Адам мен жануарлардан қан алу техникасы және оған қойылатын негізгі талаптар 2. Қан плазмасы мен түйіршіктері арасындары көлемдік қатынасты анықтау 3. Қанның ұю процесі және оны реттеу 4. Қандағы эритроциттер санын анықтау 5. Қандағы гемоглобин мөлшерін анықтау. Қанның түсті көрсеткіштерін есептеп шырару 6. Қандағы лейкоциттер санын анықтау 7. Қан жұғындысын дайындау және оны бояу   Ж. Н. Нургалиев. Қалыпты физиология бойынша практикум 52-68- бет 27.-28-29-30-31-32-33-34-35-36-37 жұмыстары  
Қан айналу жүйесі 1. Эритроциттердің осмостық резистенттілігін анықтау 2 Эритроциттердің шөгу жылдамдығы 3. Қан плазмасынан формалық элементтерді бөлу және фибрин жіпшелерш алу 4. Қан топтарын анықтау 5. Жүрек автоматизмі. лигатура қою арқылы өткізгіш жүйесіне талдау жасау 6. Бақаның түрлі органдарындағы қан айналуын бақылау 7. Адамның қан қысымын өлшеу 8. Жүрек қызметін гуморальды реттеу.   Ж. Н. Нургалиев. ҚАЛЫПТЫ ФИЗИОЛОГИЯ БОЙЫНША ПРАКТИКУМ 68-82 - бет 38-42-43-44-45жұмыстары
Ағзаның экология жағдайларына бейімделуі 1.Бейімделу. 2.Жануарлардың қоршаған орта температурасына бейімделуі   Т.Несіпбаев .Жануарлар физиологиясы.Алматы.Ғылым.665-670б.
Ас қорыту жүйесі 1. Қарын сөлінің ферменттік қасиеттерін зерттеу . 2. Қарын сөлінің қышқылдырын анықтау. 3 Өңештің жиырылу қозғалысын бақылау. 4. Өттің майға әсері. 5. Қарын сөлінің сүт белогіне әсері. 6. Асқорыту мүшелерінің қозғалыс функциясын зерттеу Ж. Н. Нургалиев. Қалыпты физиология бойынша практикум 93-98 бет 51-52-53-54-55-56-57- жұмыстар
Зат алмасу Негізгі зат алмасу мөлшерін кестемен есептеу 2.Ер адамдардың негізгі зат алмасуын есептеуге арналған кесте 3.Тамақ рационын кесте бойынша құру   Ж. Н. Нургалиев. Қалыпты физиология бойынша практикум 101-113 бет 59-61-62- жұмыстар.  
Тыныс алу 1.Өкпенің тіршілік сыйымдылығын анықтау. спирометрия 2. Оттегін барынша көп пайдалану (обп) мөлшерін анықтау 3 Жүктеме кезінде организмнің оттегін барынша көп пайдалану қабілетін анықтау тәсілімен танысу.   Ж. Н. Нургалиев. Қалыпты физиология бойынша практикум 84-93 бет 46-49- жұмыстар
Талдағыштар 1. Көз өткірлігн анықтау. 2. Көру өрісін анықтау. 3. Көз торындағы соқыр таңбаны көру. 4. Терінің сезімталдырын зерттеу . 5. Температура сезімін зерттеу. 6. Дәм сезімін анықтау.   Ж. Н. Нургалиев. Қалыпты физиология бойынша практикум. 67-68-69-70-71-72-73 жұмыстарды орындау 116-120 беттер.  
Сыртқа шығару прцестері 1.Зат алмасуының қалдықтарын денеден шығарудың маңызы. 2.Бүйректің құрылысы және қызметі. 3.Несептің түзілуі және құрамы.   Рохлов В.С. Практикум по анатомии и физиологии человека 42-43-45 жұмыстар 77-80 беттер
Адамның физикалық жұмыс күш қабілетін анықтау. Судың ағзадағы биологиялық ролі . 1. Адамның дене массасындағы су мөлшерін анықтау. 2. Адамның дене массасындағы су алмасуы. 3. Дене сымбаты 4.Дененің пластикалық өлшемдері.     В.И. Дубровскии 171 бет 17 кесте Судың организм үшін биологиялық маңызы қандай Рохлов В.С. Практикум по анатомии и физиологии человека 42-43-45 жұмыстар 77-80 беттер  
  Қорытынды тест     Қорытынды тест  
    БАРЛЫҚ САҒАТ САНЫ  

11.Студенттің оқу жетістіктерін бақылау және бағалау материалдары (бақылау тапсырмалары, тесттік тапсырма, өзін-өзі даярлау сұрақтар тізімі, емтихандық билеттер және т.б.)

- Реферат - бет А4, көлемі - 8-10 бет, шрифт №14. (терілген нұсқа). Құрылымы: тақырыбы, жоспары, кіріспе, тақырып актуальдылығы және практикалық маңыздылығы, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, қосымша.

- Тақырып бойынша конспект – арнайы СӨЖ арналған дәптерде орындалады. Құрылымы: тақырып аты, актуальдылығы, практикалық маңызы, салыстырмалы талдау, пайдаланылған әдебиеттер. Қажет жағдайда сурет, диаграмма т.б. графикалық материалдар болуы тиіс.

- Қосымша сұрақтарды конспектілеу және үй тапсырмасын орындау - арнайы СӨЖ арналған дәптерде орындалады. Қолданылған әдебиеттер, ұқыптылық, логикалық шешім және баяндау тілі бағалауда ескеріледі.

- Кестелер мен суреттер, диаграммалар, графиктер - арнайы СӨЖ арналған дәптерде немесе бет А4 немесе А3 формат түрінде арнайы қосымша бет түрінде орындалады. Құрылымы: кестенің атауы, терминдер анықтамасы және салыстырмалы талдау. Барлық кесте, сурет, диаграмма және графикке міндетті түрде талдау жасалу қажет. Диаграмма мен суреттерді арнайы компьютерлік программамен салып дәптерге қосымша келтіруге болады.

Кроссворд - арнайы СӨЖ арналған дәптерде немесе бет А4 немесе А3 формат түрінде арнайы қосымша бет түрінде орындалады. Құрылымы: кроссвордтың тақырыбы, атауы, сұрақтар, жауаптар. Кем дегенде 15-20 жуық терминнен тұруы тиіс.

Глоссарий - арнайы СӨЖ арналған дәптерде орындалады. Терминдердің анықтамасы жазылады. Жеке дәптер арнап алфавит тәртібімен немесе жүйелік тақырыптық бағытта орындауға болады.

Қараңыз:«Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі» 3.1 кесте және «Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі» 4 тарау.

Орындалған барлық өзіндік жұмыстар СӨОЖ-де тапсырылады.

Реферат: А4бет, көлемі – 8-10 стр., шрифт -14. Мазмұны: жоспар, маңыздылығы, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Физиология пәні бойынша емтиханға дайындық сұрақтары

1. Физиология ғылымы нені оқытады?

2. Ауру организмдегі ауытқуларды, олардың ағымдарын, барысын, дерттену тетіктерін анықтайтын сала:

1 Әр түрге жататын организмдерге ортақ бола алатын процестердің табигатын, сондай-ақ организм мен оның құрылымдарының сыртқы орта әсерлеріне туатын реакцияларының заңдылықтарын зерттейтін саланы:

2 Жануарлар дүниесінің әртүрлі өкілдеріндегі белгілі бір функциялар үқсастықтары мен олардың айырмашылықтарын анықтау арқылы табылган өзгерістердің немесе жаңа пайда болған белгілердің себептері мен жалпы зандылықтарын зерттейтін сала:

3 Адам мен жануарлар онтогенезі мен филогенезінде пайда болатын, дамитын және қалыптасатын физиологиялық функциялардың жалпы биологаялық заңдылықтары мен механизмдерін зерттеп білуді міндет, мақсат ететін сала:

4 Тірі организмді, оньщ ішінде кәрі адамның тіршілікті өзгерісте-рі мен қартаю заңдылықтарын зерттейтін ғылым

5 Ағзадағы функциялардың өзгеру заңдылықтарын оның спецификалық әрекетіне, практикалық мақсаттарға немесе нақты өмір сүру жағдайларына байланысты зерттейтін сала:

6 Әр-түрлі климаттық-географиялық жағдайларға, нақты өмір сүру ортасына байланысты адамның тіршілік әрекеттеріндегі ерекшелікгерді зерттейтін сала:

7 Кейбір тканьдердің (ет, жүйке т. б.), ағзалар-дың (жүрек, бауыр, бүйрек т. с. с.) қасиеттерін, олардың жүйелер-ге (қан айналымы, тыныс, ас қорыту т. с. с,) бірлесіп ұйымдасты-рылу және реттелу негіздерін тексеретін сала.

8 1628 жылы организмнің функцияларының бірі - қан айналуды ашқан дәрігер

9 «Жүрек пен қан қозғалысының анатомиялық зерттеулері» деген ғылыми еңбекті кім жазды?

10 Тұңғыш рет вивисекциялық (тірі-дей тілу) тәсілін қолданған ғалым:

11 Көзге бір нәрсе тигенде кірпік қағу сияқты фактыларды негізге ала отарып, рефлекс туралы гипотезаны шығарған ғалым:

12 1822 - жылы сезгіш және қозғағыш нервтердің бір-бірінен бөлек талшықтар екендігін дәлелдеген ғалым:

13 "Физиологиялық очерктер" деп аталатын кітабты кім жазды?

14 Тұңғыш рет фистула қою операциясын жасаған ғалым:

15 1748 ж. тұнғыш рет жаратылыстанудың негізгі материя мен энергия сақталу заңын кім ұсынды?

16 XVIII ғ. аяғында тканьдердегі электр құбылысын кім ашты?

17 «Ми рефлекстері» деген шығарманы кім жазды:

18 1904 ж дүние жүзілік Нобель сыйлығын ас қорыту жүйесі саласындағы еңбектері үшін кім алды?

19 «Адамның тән тірлігі» деген шығарманы кім жазды:

20 1935 ж. Халықаралық XV физиологиялық конгрессте «дүние жүзілік физиологтардың атасы» деген құрметті атакқа ие болған ғалым :

21 Физиология ғылымының қазақ жерінде іргесін қалаған ғылым:

22 Ауыл шаруашылық физиологиясын үрдіс дамытуда зор еңбегі сіңген ғалым:

23 Ағзаның барлық мақсатга іс-әрекетгерінің механизмін түсіндіруге арналған функционалдықжүйе теориясын жасаған ғалым:

24 Қазақстан Ғылым академиясындағы физиология институтының алғашқы директоры:

25 Күрделі қүбылыстарды олардың жәй түріне айналдырып және оның әрқайсысын жеке-жеке зерттеу жолы қалай аталады:

26 Тірідей кесу/ әдістемесі

27 Зерттелетін органды жартылай, немесе түгелдей кесіп алып тастайды да, бүдан соң организмде байқалатын өзгерістерді бақылау арқылы, оның денедегі қай қызметке қаншалықты қатысының барлығын анықтайтын тәсілдің аты?

28 Организмнің белгілі бір қажеттігін және ішкі орта тұрақтылығын (гомеостазды) қамтамасыз етуші әрекеттік жүйе-лердің қызметін өзгертіп, оны бір қалыпқа келтіруді қалай айтады.

29 Туған күннен 4 аптаға дейін перзент қырқынан шыққанша созылатын кезең:

30 Алғашқы мектепке дейінгі кезең:

31 . Екінші балалық шақ уақыты (ер балада):

32 Бозбалалық жас:

33 Үзақ өмір сүрушілер

34 Белгілі бір рецепторлар таңдап сезетін яғни солардың табиғи қызметіне сай келетін тітіркендіргіштерді қалай атайды?

35 Тиісті адекватты тітіркендірудің күші мен әсер ету ұзақтығы жеткілікті болған жағдайда клетка мен тканьдегі зат алмасу процесі өсе келе сапалы жаңа деңгейге жеткенде олардын, өздеріне ғана тән спецификалық активті реакция керсетуін қалай атайды?

36 Минимальды қозу тудыра алатын тітіркендірудің ең аз күшін:

37 Ең жоғарғы (күшті) қозуды тудыратын тітіркендіруқалай аталады?

38 Тірі құрылымдардағы электрлік өзгерістерді қалай атайды?

39 Әр түрлі тітіркендірулерге бөлшектенбеген біртү-тас жүйе турінде жауап қайтаратын (мәселен, гидраның бүкіл денесі жиырылатын) нерв жүйесін қалай атайды?

40 Бір ғана өсінді болатын омыртқасыз жануарларда және омыртқалы жануарлардың эмбриональдық даму кезеңінде кездесетін нейрондарды қалай атайды?

41 Нерв клеткаларының қалыпты қызметтерінің іске асуында маңызды рольді, атқаратын нейрондардың денесі мен талшықтарына жабысып тұратын құрылымды қалай атайды?

42 Тітіркендіруге ағзаның нерв жүйесі арқылы жауап беру қасиетін қалай атайды

43 Рефлекторлық доға неше бөлімнен тұрады?

44 Сыртқы рецепторлары дене сыртында: теріде, ауыз, көздің кілегейлі қабықтарында орналасқан, сырттан келіп түскен тітіркендіруші әсерлерді қабылдайтын рецептор қалай аталады:

45 Жүйке жүйесінің ұлпаларын құрайтын клеткалардың аты

46 Рефлекторлық доға құрылымына кірмейтін зат

47 Орталыққа тебетін нервтің аты

48 Жүйке жүйесінің маңызы

49 Синапс дегеніміз

50 Мишықтың зақымдалуынан еттердің табиғи тонусын жоғалтуы:

51 Гипоталамус зақымданса:

52 Мишықтың функциясы

53 Синапс құрылымына кіретіндер:

54 Тітіркендіргіштердің түрлері

55 Жүлын функциясы:

56 Доминанта касиеті:

57 Таладағыштар туралы ілімді алғаш рет ұсынған ғалым:

58 Адамдардың көк және күлгін түстерді айыра алмауын қалай атайды:

59 Түксіз теріде кездесетін тері рецепторларын қалай атайды:

60 Көру анализаторларының шеткі бөлігі:

61 Соқыр нүктенің жарықты сезбеуі ондағы

62 Есту анализаторларының рецепторлары

63 Тепе-теңдік анализаторлары.

64 Аккомадация дегеніміз?

65 Дальтонизм

66 Дәм сезгіш рецепторлардың орналасуы

67 Тағамдық заттар, мәсе-лен, ана сүті құрамындағы ферменттерді қалай атайды?

68 Бактериялар мен бірклеткалы жәндіктердің қатысуымен тидролиздік процестерді іске асыратын, айталық, күйіс қайыра-тын малда клетчатканы ыдырататын ферменттерді

69 Жан-жануар, адам денесінде ас корытуға қатысатын ішек-қарын сөлінде негізгі ферменттерді

70 Қазіргі кезде ішек-қарын шырышты қабығынаң шамамен қаншалықты гормон белініп шы-ғатыны анықталған?

71 Қарын қуысын түтік (фистула) арқылы терімен жалғасты-рып, жиналған қарын сөлінщ кұрамын зерттеп, ол туралы тұнғыш рет мәлімет алған ғалым?.

72 Итке операция жасап, оньщ қарнына қойылған фистула ар.қылы ас койыртпағы араласқан қарын сөлін жйнап, оны зерттеген ғалым?.

73 Адам тәулітіне неше 1,0—1,2 литр сілекей шығарады?

74 Сілекей құрамындағы микроорганизмдерді өлтіретін лизоцим ферменті

75 Шайналып ұсатылған ас кесегін жұмсартып, шырышпен қоршап, жұтқын-шақты ауыртпайтындай сырғанақ күйге келтіретін фермент.

76 Бездердің қызметін қандай орталық жүйке жүйесі реттеп отырады.

77 Қарын түтігінің сыйымдылығы неше?

78 Өңешпен қарынның қосылған жерін:

79 Қарынның жоғар-ғы жагы жоғары қарай көтеріңкі келеді, бұл жерді:

80 Қарын мен он екі елі ішектін, қосылған жері

81 Қарынның какпақ-шаға жалғасқан бөлігі

82 Қарынньщ пилорустан басқа бөлігі

83 Адамда қарын бездері тәулігіне неше литрдей сөл шығарады?

84 Қоректік заттар-ды гидролиздік жолмен ыдырататын фермент, рН 3,2—3,5-ке тыс жерде әсер ететін пепсинді қалай атайды?

85 Бала қарны сөліндегі сүт ірітетін фермент қалай аталады

86 Қарынның шырышты қабығын жауып тұрады да түз қышқылын бейтараптап, қарын қабырғасын пепсиннің зиянды әсе-рінен (аутолиз) қорғайтын фермент

87 Ас қарынға келіп түсісімен қарыннан кеп мөлшерде сел бөлі-не бастайдыда астың қарында біраз кідіруіне апарады. Бұл қандай кезеңге жатады?

88 Мидьщ қатысуымен өтетін кезең қалай аталады?

89 Қарын сөлі бөлініп шығуының үшінші кезеңі қалай аталады?

90 Асты жұтқан сәттен бастап қарын еттері біразға дейін босаңсиды, мұнықалай атайды?

91 Перистальтикалық жиырылу, яғни толқын тәрізденіп бүлкілдеу қалай аталады?

92 Ұйқы безінің ас қөрыту сөлі қалай аталады?

93 Ұзаққа созылады, және жиірек (минутіне 6—7 рет) байқалатын толқын қалай аталады?.

94 Ас қорыту органдарының жұмысын өте терең зерттеуге мүмкіндік алған ғалым:

95 .Қарын қуысындағы ас қоймалжыңы қалай аталады :

96 Ауыз қуысында орналаскан сілекей бездері:

97 Ағзадағы ферменттердің негізгі қызметтері:

98 Қарынның жоғарғы жағы немен байланысады:

99 Ағзада Д витаминінің жетіспеушілігінен пайда болатын ауру: