Ан тамырлары 3 страница

Үйқы безі

Ұйқы безі 2 турлі тканьнен: а) ас қорыту сөлін бөлетін аци-нус; б) қанға гармондар бөліп шығаратын а және |3 клеткаларынан кұрылған шашыранды Лангерганс аралшықтарынан тұрады. Ацинус тканінің.сөлі түтікше (өзек) арқылы 12 елі ішекке кұй-ылады. Бүл үйқы безінің сыртқы секрециялы қызметі. Лангерганс аралшықтарьшда түтік болмайды, ол сөлін қанға құяды. Демек ұйқы безі ішкі секрёциялы без. Ұйқы безі латынша панкреас деп, осыған орай оның ас қоры-ту сөлі панкреас сөл (секреті) деп аталады. Бұл аса күрделі сөл-дің ас қорытуда үлкен маңызы зор. Ұйқы безінен (панкреастан) сөл алу. Ұйкы безінің сөл шығару қызметін, оның құрамын білу үшін йттің панкреас түтігіне фисТула қойылады. Он екі елі ішек қабырғасын ұйқы безінің түтігі ашылған жерінен ромба тәрізді етіп айналдыра тіліп, түтіктің аузы 12 елі ішек бөлігімең бірге сыртқа шығарылады (И. П. Павлов, 1879). Ұйқы безі қос түтікті. Осы екі түтіктің біреуі сыртқа шығарылса, онда 12 елі ішекте ас қорыту процесі бүзыл-майды. Сыртқа шығарылған түтіктің аузына зонд кіргізіп, ас қорыту кезінде ұйқы безі сөлін жинауға ішкен астың без сөлінің құрамына, сөл шығару тәртібіне тигізетін әсерін зерттеуге болады. Адамның ұйқы безінен таза сел алу өтё қиын. Сондықтан адамға жіңішке зонд (резеңке түтік) жұтқызып, оны қарыннан он екі елі ішекке өткізіп одан сөл (таза болмаса да) жинауға болады. Әлбетте сөлдің құрамында ас қалдығы, өт болады. Сел шығаруын күшейту үшін түрлі интестинальдық гормондар қолданылады.

5 Ұйқы безі сөлінің құрамы мен қызметі

Ұйқы безінің селі түссіз, сілтілі (рН 7,8—8,4). Оның құрамында 1%-тей құрғақ зат болады. Ол негізінен белоктан тұрады (0,5—1,0%). Реакциясы құрамындағы натрий бикарбонатыньщ мөлшеріне байланысты. Етті тағаммен қоректенген адамда сөл бикарбонаты 0,74%-ке жетуі мүмкін. Тәулігіне үйқы безінен 1,5—2 литрдей сөл белініп шығады, ондай сөлден 10 грамдай белок жинап алуға болады., Ол негізінен түрлі ферменттерден тұрады. Мұнда ферменттердің шамамен 72%-і белокты ыдырататын протеазалар: трипсин, химотрипсин, карбоксипептидазалар, эластаза (панкреата пептидаза), рибонуклеаза.

Без сөлінде трипсиноген, химотрипсиноген күйіиде белініп шыққан трипсин мен химотрипсин белокты ыдырата алмайды. Ол үшін ішек сөлі кұрамындағы әлгі ферменттер ішектің шы-рышты қабығында түзілеті» энтерокяназа ферментімен әрекетте-суі шарт. 1893 ж. осы ферментті И.П.Павлов ішек' сөлінен тауып, оны ферменттердің ферменті деп атады. Энтерокиназа трип-синоген фёрментін трипсинге, ал трипсин басқа ферменттерді, айталық химотрипсиногенді химотрипсинге айналдырады.

Трипсиноген мен химотрипсиногенді трипсин, химотрипсинге айналдыру процесін, ішек сөліне Са2 ионын қосу арқылы шап-шандатуға болады. Трипсин мен химотрипсин белок амин қышқылдары сатысына дейін ыдыратады. Бұл екі ферменттің әсері жағынан бір-бірінен айырмашылығы — олар белок түзетін амин қышқылдарымен пептидтердің арасындағы әртүрлі байланыс тізбектерін бұзады және олардың ыдырату шапшаңдығы біркелкі емес.

Ұйқы безі сөлінің құрамында полипептидтерді, пептидтерді ыдырататын карбоксипептидаза (А, В) және эластаза ферменттері, рибонуклеин қышқылын нуклеидтер сатысына дейін ыдыра-татын рибонуклеаза ферменті бар. Бұлармен қатар без сөлінде фосфолипидтерді, майларды, поли — және дисахаридтерді ыдырататын ферменттер де аз емес.

Әдебиеттер:

Х.Н.Сәтпаева „Адам физиологиясы 242-252 беттер

Дәріс №11

Тақырыбы:Зат алмасу

Дәріс мазмұны:

1 Зат алмасу түсінігі

2 Ақуыз, көмірсу, май алмасу

3 Су мен минералды заттардың алмасуы

4 Негізгі зат алмасу

5 Жұмсалған энергия мөлшерінің жұмыс түріне қарай өзгеруі

6 Тамақтану

7 Бауыр – көп функциялы ағза

1 Зат алмасу түсінігі

Зат алмасуы организм тіршілігінің аса маңызды белгілерінің бірі. Ол ғұмыр бойы жүретін өзара байланысқан екі процестен тұрады: ассимиляция — клеткалар құрамына кіретін күрделі жә-не арнайы заттардың жаңадан түзілуі (синтезделуі); диссимиля-ция — зат алмасуына қатысқан заттардың тотығуы аокылы қа-рапайым химиялық заттарға айналуы. Күрделі химиялық заттар тотыққан сәтте олардан потенциалдық энергия босап шығады да кинетикалық энергияға, айталық механикалық, электр энергиясына, ақырында бұлардың бәрі жылуға айналады. Бұл энергия клеткада жаңа заттар түзілуіне, клеткалар мен ағзалардың, ағза жүйелерінің, тұтас адам денесі атқаратын қызметтеріне жұмса-лады. Қлеткалар кұрылысы мен энергия қорының байырғы қал-пына келуі және бүкіл дененің өсіп-дамуы үшін қажетті мелшер-де оларға сырттан қоректіқ минералды заттар, витаминдер мен су уақытында келіп түсуі шарт. Тіршіліктің көзі — тағам (та-мақ), оның сапасы, мөлшері, қүрамындағы қоректік заттар, олар-дың арақатынасы дене мұқтаждығын қамтамасыз етіп тұруы қажет. Денедегі тотығу өнімдері, әсіресе белок енімдері көбінесе уытты келеді. Арнайы ағзалары арқылы организм олардан уақытында арылып отырады. Зат алмасуы тағамның, оның кұрамындағы қоректік заттар-Дын, асқазанға келіп.түсуінен басталады. Онан соң олар қорыты-льщ, денеге сіңеді, клеткаларда ассимиляция және диссимиляция процестері етеді шығару ағзалары арқылы тотығу енімдері сыртқа шырарыла'ды/ Бұл — жалпы зат алмасуы. Ал клетка ішін-Де ететін зат алмасуы (аралық алмасу)—негізінен химиялық процесс, оны биохимия зерттейді. Физиология қоректік, минерал-ды заттар мен су алмасуының жалпы мәселелерін, олардың реттелуің қарастырады. Мұнымен бірге, физиология зат •алмасуыньщ көрсеткіштерің зерттеу әдістерін іздестіреді, сондай-ақ тиімді тамақтану негізін зерттейді.