Шартты оператор
Атынау (доступ) операторы
Рама оператор
Құрама оператор – begin және end операторларының арасында орналасқан, бір бірімен нүктелі үтір арқылы ажыратылған операторлар тобы. Сонымен құрама операторды келесі түрде көрсетуге болады:
Begin
оператор1;
оператор2;
…;
end;
Delphi – де бір біріне қойылған операторлар саны шектелмеген.
Қатынау операторы – белгілі бір объектілердің құрама бөлшектеріне жеңіл, әрі тез қол жеткізуге мүмкіндік береді. Оператор келесі түрде анықталады:
with объект do іс-әрекет;
Құрлымдық операторлар
Құрлымдық операторлар – программаның орындалу барысын өзгертетін операторлар. Оларға келесі операторлар жатады:
· шартсыз көшу операторы;
· шартты оператор;
· таңдау операторы;
· қайталану операторы;
Шартсыз көшу операторы
Шартсыз көшу операторы – программының ағымдағы орындалу жолынан басқа жолға ешбір іс-әрекетті орындамай көшіру үшін керек. Көшу белгілер көмегімен жүзеге асады.
Белгі – программадағы белгілі бір оператордың алдында орналасқан, қос нүктемен ажыратылған идентификатор немесе таңбасыз 0 мен 9999 аралығындағы бүтін сан. Бұл белгілер программада пайдаланылмастан бұрын белгілерді сипаттау бөлімінде анықталуы керек. Ол бөлім label сөзінен басталады.
Шартсыз көшу операторы:
goto белгі;
Программа бөлігін мысалға келтірейік:
label 1; // 1 деген атпен белгі берілсін
var
a: Integer;
begin
a: = 10;
goto 1; // 1 белгісіне көшу
a: = sqrt (a); // Бұл оператор еш уақытта орындалмайды!
1: a:= a + a; // 1 белгісімен белгіленген оператор
end;
Шартты оператор қандайда бір іс-әрекеттің орындалуын немесе орындалмауын берілген шартқа байланысты анықтайтын оператор. Бұл операторды программаның тармақталынуы үшін пайдаланады. Шартты оператордың құрлымы:
if шарт then 1-оператор else 2-оператор;
Шартты операторды қысқартылған түрдеде пайдалануға болады:
if условие then оператор;
Мысал келтірейік:
if a > 0 then b: = sqrt (a) else b: = a * 2; // толық түрі
if a = 10 then b: = b + 1; // қысқартылған түрі
Программаның тармақталуын бірнеше бағытта тармақталуы үшін бір біріне кірістірілген шартты операторларды пайдалануға болады. Оларда жоғарғыда көрсетілген форма бойынша бір біріне кірістіріледі.
Таңдау операторы
Таңдау операторы – белгілі бір варианттарға сәйкес таңдау жасауға және сол таңдауға сәйкес белгілі бір іс-әрекеттерді орындауға арналған оператор. Бұл оператор бірнеше шартты операторды пайдаланбай оларды ықшамды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Таңдау операторы:
case селектор of
Тізім1: Оператор1;
…
ТізімN: ОператорN;
else
Оператор;
end;
Сонымен таңдау операторы селектордан, варианттар тізімінен және міндетті емес else бөлімінен тұрады. Мұндағы селектор міндетті түрде реттік типті болуы керек. Селектор ретінде жолдық шамаларды пайдалануға болмайды. Ол тек:
· сан, сипатталған тұрақтылар;
· селектор типімен сәйкес;
· ерекше (бір мән екі рет кездесуі мүмкін емес);