Жобалау формасы

Енгізу терезесі

Кодты енгізу терезесі (10 сурет) жоба кодын көруге және оны жетілдіруге мүмкіндік береді.

 

 

10 сурет. Кодты енгізу терезесі.

 

 

Жобалау формасы (11 сурет) жоба терезесін құру үшін қолданылады және қалыпты жағдайда Form1, Form2және т.с.с. атау беріледі.

 

 

11 сурет. Жобалау формасы.

 

Delphi ортасында жаңа жоба құрғанда қажетті компаненттерді орналастыру үшін автоматты түрде Form1 деген атаумен жаңа форма құрылады. Жаңа формамен бірге соған байланысты жаңа модул Unit1құралады. Бұл модул программа кодын енгізу терезесінде бейнеленеді.

 

Тілдің алфавиті және сөздігі

Бос орынмен ажыратылмаған алфавиттегі символдар тізбегі сөзді құрайды. Сөз Delphi программасында қолданылады. Тіл сөздері бір-бірімен арнайы бөлгіштер арқылы ажыратылады (бөлінеді). Бұл бөлгіштер қатарына бос орын (пробел), жол соңы белгісі (символ), түсініктемелер және басқада символдар жатады.

Delphi-дегі барлық сөздерді үлкен үш топқа бөлуге болады:

Ø Тіркелген сөздер (Зарезервированные слова-reserved words);

Ø Директивтер (directives);

Ø Идентификаторлар(identifiers);

Тіркелген сөздер – тікелей Delphi тіліне енгізілген сөздер. Бұл сөздерді программист қайта анықтап немесе идентификатор ретінде пайдалана алмайды.

Директивтер - Delphi тіліндегі бұл сөздердің арнайы мағынасы бар, бірақ тіркелген сөздерден айырмашылығы программист бұл сөздерді идентификатор ретінде пайдалана алады. Тіл компиляторы бұндай идентификаторды директивтерден кез келген жағдайда ажырата алады.

Идентификаторлар - тұрақтыларды, айнымалыларды, өрістерді, типтерді, қасиеттерді, процедураларды, функцияларды, программаларды, модулдерді, кітапханаларды және пакеттерді анықтау үшін қолданылады. Бұл сөздерге программист жасаған және алдын ала анықталған сөздер де жатады.

Идентификаторлар келесі ережелерге сай жасалуы керек:

· идентификатор ұзындығы әр түрлі болуы мүмкін, бірақ 255 символдан аспауы керек;

· идентификатор әріптерден, сандардан тұруы және асты сызылған болуы мүмкін;

· идентификатор барлық уақытта әріптен басталуы керек, арасында бос орын (пробел) болмауы керек;

· идентификатор бас әріптерден, кіші әріптерден немесе аралас тұруы мүмкін. Компилятор регистрді ажыратпайды. Сол себепті ол олардың айырмашылығы жоқ деп қарастырады: MyLabel, MYLABEL, mylabel;

· екі идентификатор арасында кем дегенде бір бөлгіш (разделитель) болуы тиіс.

 

 

Программа құрлымы

Delphi тіліндегі программа мәтіні жолдардан тұрады, әр жолда бір немесе екі сөз болуы мүмкін. Жол кез келген позициядан басталады. Бұл программаның көлеміне әсер етпейді.

Delphi-дегі кез келген программа:

· программа тақырыпшасынан (program heading);

· uses бөлімінен (бұл бөлім программа құрлымына кірмеуі де мүмкін);

· сипаттау және орындау бөлімінен (block of declarations and statements).

Программа тақырыпшасы ең басында орналасады, программаның атын анықтау үшін қажет:

Program MyProject1; //мұндағы MyProject1 – программа аты.

Uses бөлімі осы программада қолданылатын программалық модулдер (units) тізімінен тұрады:

Uses

Forms,

Unit1 in ‘Unit1.pas’(Form1);

 

Сипаттау және орындау бөлімдері. Бірінші бөлімде программа элементтерінің сипаттамасы, екінші бөлімде орындаушы операторлар орналасады.

Сипаттама бөліміне әдетте:

· белгілерді сипаттау;

· тұрақтыларды сипаттау;

· типтерді сипаттау;

· айнымалыларды сипаттау;

· процедуралар мен функцияларды сипаттау;

бөлімдерінен тұрады.

 

Түсініктемелер

Түсініктемелер – компилятор қабылдамайтын және программаны белгілі бір бөліктеріне түсініктемелер жазу үшін қажет. Программаның кез келген жерінде орналасуы мүмкін.

Түсініктемелерді жазудың бірнеше түрі бар:

· {көп жолды түсініктемелер}

· (*тағы бір көп жолды түсініктеме*)

· // бір жолды түсініктеме, түсініктеме мәтіні екі слэштің сол жағында орналасады.