Р Президентiн сайлау. 8 страница

97. Республикалық референдум – тiкелей демократияның нысаны ретiнде.

Референдум дегеніміз не? Саяси жағынан қарағанда – тәуелсіз демократияның маңызды формасы, азаматтардың қоғам өмірінде маңызы бар мәселелер бойынша және нақты заңдар бойынша дауыс беру арқылы шешімдерді қабылдай алу мүмкіндігі. Референдумның сайлауға ұқсас жақтары бар, мұнда да тек ересек азаматтар қатыса алады, мұнда да сайлау комиссиялары бар. Қазақстандықтар ҚР Конституциясын қабылдау кезінде демократияның осы формасын пайдаланған болатын. Референдумдар заңды механизм ретінде көптеген демократиялық елдерде қолданысқа енгізілген және ірі саяси өзгерістерге себепкер болуда.

Құқықтық жағынан алғанда республикалық референдумды өткізу екі нормативтік құқықтық актіге сүйенеді. Ол – жоғары заңды күші бар және тікелей әсерге ие ҚР Конституциясы. Ол халықты мемлекеттік биліктің жалғыз қайнар көзі деп танып, «халық билікті тікелей республикалық референдум мен дауыс еркіндігі арқылы жүзеге асырады» деп нақтылап берген. «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заң процедураларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік өміріндегі аса маңызды мәселелер бойынша жалпы халықтық дауыс берудің нақты түрі ретінде бейнелейді.

Осы заң бойынша, «Референдумды өткізу туралы бастаманы Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Парламентi мен үкіметі немесе республиканың барлық облыстарын, астанасы мен республикалық маңызы бар қалаларын тең мөлшерде бiлдiретiн республикалық референдумға қатысу құқығы бар екi жүз мыңнан кем емес республика азаматтарында болады, республикалық референдум тағайындау туралы бастамашылықпен республика Президентiне тiлек бiлдiредi».

Бастамашыл топтың алдында орасан ауқымды жұмыстар тұр, бірақ мен олардың тек екі жүз мың емес, алдағы референдумды өткізуге қолдау білдіргендердің одан да көп дауысын жинайтынына еш күмән келтірмеймін.

1-бап. Республикалық референдум ұғымы
1. Республикалық референдум - Қазақстан Республикасы Конституциясының, конституциялық заңдарының, заңдарының және мемлекеттiк өмiрiнiң өзге де неғұрлым маңызды мәселелерiне арналған шешiмдердiң жобалары бойынша бүкiлхалықтық дауыс беру.
2. Референдум Республиканың бүкiл аумағында өткiзiледi.

98. Республикалық референдумның пәнi және өткiзiлуi.

25-бап. Республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тiзiмi
Референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тiзiмiн жасау, оған азаматтарды енгiзу, олардың тiзiмге енбей қалу, тiзiмге дұрыс енгiзiлмеу немесе тiзiмнен шығарылып тастау жәйттерiне, онда жiберiлген жаңсақтарға шағымдану, сондай-ақ өздерiнiң жүрген орнын ауыстырған жағдайда азаматтардың референдумға қатысу құқығын қамтамасыз ету "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгiленген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
26-бап. Республикалық референдум өткiзу кезiнде дауыс беру уақыты мен оның орны туралы хабарлау
1. Дауыс беру уақыты мен орны туралы учаскелiк референдум комиссиясы азаматтарға дауыс беретiн күннен кемiнде он күн бұрын хабарлайды.
2. Дауыс беретiн үй-жайда көрнектi жерде референдумға қойылған мәселенiң, Конституция, конституциялық заң, заң жобаларының, оларға енгiзiлетiн өзгертулер мен толықтырулардың мәтiнi iлiнуге тиiс.
27-бап. Республикалық референдум өткiзу кезiнде дауыс беруге арналған бюллетень
1. Дауыс беруге арналған бюллетеньде қойылған әрбiр мәселенiң тұжырымдамасы және дауыс берушiнiң жауаптарының нұсқалары келтiрiледi.
2. Егер референдумға бiрден бiрнеше мәселе қойылған болса, олардың әрқайсысы үшiн пайдаланылатын дауыс беруге арналған бюллетеньдер түсi жағынан ажыратылуға тиiс.
3. Дауыс беруге арналған бюллетеньдер қазақ тiлiнде және орыс тiлiнде, сондай-ақ тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында жинақы тұратын халықтың көпшiлiгiнiң тiлiнде шығарылады.
4. Дауыс беруге арналған бюллетеньдердi жасау тәртiбiн орталық референдум комиссиясы белгiлейдi.
5. Учаскелiк референдум комиссиялары дауыс беру өткiзiлерден кемiнде жетi күн бұрын дауыс беруге арналған бюллетеньдермен қамтамасыз етiледi.
28-бап. Республикалық референдумның қорытындыларын шығару кезiндегi жарамсыз бюллетеньдер
1. Референдумның қорытындыларын шығару кезiнде:
1) белгiленбеген үлгiдегi;
2) учаскелiк референдум комиссиясы мүшесiнiң қолы қойылмаған;
3) референдумға қойылған мәселеге қайтарылған жауаптар нұсқаларының бiрде-бiреуi сызылып тасталмаған;
4) оларда референдумда дауыс бергендердiң еркiн бiлдiруiн анықтау мүмкiн болмаған бюллетеньдер жарамсыз бюллетеньдер деп танылады.
2. Референдумға қойылған мәселеге жауаптардың барлық нұсқалары сызылып тасталған бюллетеньдер жарамды деп танылады, бiрақ дауысты санау кезiнде есепке алынбайды.
31-бап. Республикалық референдумның қорытындыларын шығару
1. Орталық референдум комиссиясы дауыс берудiң нәтижелерi туралы табыс етiлген хаттамалардың негiзiнде:
1) Қазақстан Республикасының референдумға қатысу құқығы бар азаматтарының жалпы санын;
2) дауыс беруге қатысқан азаматтардың санын;
3) референдумға қойылған мәселенiң оң шешiмiн жақтап дауыс берген, референдумға қойылған мәселенiң терiс шешiмiн жақтап дауыс берген азаматтардың санын және дауыс беруге қойылған жекелеген әрбiр мәселе бойынша жарамсыз деп танылған бюллетеньдердiң санын анықтайды.
2. Егер референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан көбi дауыс беруге қатысқан болса, референдум өткiзiлген деп саналады.
3. Егер дауыс берудiң нәтижесiнде референдумға қойылған мәселе бойынша оның оң шешiмiн жақтап дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан көбi дауыс берсе, ол жөнiнде шешiм қабылданды деп саналады.
Республикалық референдумға шығарылған Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар, егер олар үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кемінде үштен екісінде дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан астамы жақтап дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.
4. Дауыс берудiң қорытындылары Орталық референдум комиссиясының мәжiлiсiнде шығарылып, хаттамамен ресiмделедi, оған Орталық референдум комиссиясының Төрағасы, Төрағаның орынбасары, хатшысы мен мүшелерi қолдарын қояды және қаулымен бекiтедi.
5. Егер референдум барысында немесе дауыстарды санау не дауыс беру нәтижелерiн анықтау кезiнде осы Конституциялық заң немесе "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын бұзу орын алған болса, Орталық референдум комиссиясы референдум нәтижелерiн шығару кезiнде оның жекелеген учаскелерде (әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстерде)өткiзiлуiн жарамсыз деп тани алады.
32-бап. Республикалық референдум өткiзудiң дұрыстығы туралы мәселенi Республиканың Конституциялық Кеңесiнiң қарауы
1. Республика Президентiнiң, Парламент Палаталары төрағаларының, Парламент депутаттарының жалпы санының кемiнде бестен бiр бөлiгiнiң, Премьер-Министрдiң өтiнiшi бойынша Конституциялық Кеңес даулы жағдайда республикалық референдум өткiзудiң дұрыстығы туралы мәселенi шешедi. Мұндай ретте республикалық референдум нәтижелерiн шығару өтiнiштiң қаралу кезеңiне кiдiртiледi.
2. Орталық референдум комиссиясы республикалық референдум өткiзудiң дұрыстығы туралы дау туындаған жағдайда референдумға дайындық пен оны өткiзудiң байланысты материалдарды Конституциялық Кеңеске бередi.
33-бап. Республикалық референдумның қорытындыларын жариялау
Референдумның қорытындылары туралы Орталық референдум комиссиясының ресми хабары дауыс беру өткiзiлген күннен бастап жетi күн мерзiмнен кешiктiрiлмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

99. Республикалық референдумның шешiмi, оның заңдық күшi.

34-бап. Республикалық референдум қабылдаған шешiмдердiң күшiне енуi
Референдумда қабылдаған Конституция, конституциялық заңдар, заңдар, олардағы өзгертулер мен толықтырулар, референдумға қойылған өзге де шешiмдер, егер Конституцияның өзiнде, конституциялық заңда, заңда, олардағы өзгертулер мен толықтыруларда, референдумда қабылдаған өзге де шешiмде басқа мерзiм белгiленбесе, референдумның қорытындылары туралы ресми хабар жарияланған күннен бастап күшiне енедi.
35-бап. Республикалық референдум қабылдаған шешiмдердiң заң күшi және міндеттiлiгi
1. Референдум қабылдаған шешiмнiң Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар және Республика Президентiнiң немесе мемлекеттiк өкiмет органдарының актiлерiмен қандай да бiр қуаттауды қажет етпейдi.
2. Референдум қабылдаған шешiм мен Республика Конституциясының, конституциялық заңдарының, заңдарының және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң арасындағы сәйкессiздiктер Конституцияны, конституциялық заңдарды заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi референдум қабылдаған шешiмге сәйкес келтiру арқылы жойылады.
36-бап. Республикалық референдум туралы заңды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
1. Республика азаматының референдумға қатысу жөнiндегi құқығын еркiн жүзеге асыруына, оған қойылған мәселе (мәселелер) бойынша үгiт жүргiзуiне қандайда болсын нысанда кедергi келтiру, сайлау құжаттарын қолдан жасау, дауыстарды қасақана дұрыс санамау, дауыс беру құпиясын бұзу немесе республикалық референдум туралы заңды өзге де бұзу заңда белгiленген тәртiппен жауаптылыққа әкелiп соғады.
2. Мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың референдум ұйымдастыру және өткiзу мәселелерi жөнiндегi iс-әрекетiне сотқа шағым жасалу мүмкiн.

100. Әкiмшiлiк-аумақтық құрылуы: ұғымы, жүйесi.

 

Республикалық және жергілікті органдардың әкімшілік аумақтық құрылулар мәселелерін шешу жөніндегі өкілеттігі нормативтік актілермен белгіленеді.

101. Елдi мекендер және аймақ.

Қазақстан Республикасы аумағының республикалық және жергiлiктi мүдделерiн қолайлы ұштастыру негiзiнде мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыру негiзгi екi категорияға - аймақтарға және елдi мекендерге бөлiнедi.
Аймақ - республиканың бiрнеше елдi мекендерi енгiзiлетiн, оның мүддесi үшiн құрылатын және басқарылатын республика аумағының бiр бөлiгi.
Республикалық әкiмшiлiк-аумақтық құрылыстың негiзгi буындары ретiнде облыс, аудан және ауылдық (селолық) округ аймақтар болып табылады.
Елдi мекен - республика аумағының халық жинақы орналасқан, кемiнде 50 адамы бар, азаматтардың шаруашылық және басқа қоғамдық қызметi нәтижесiнде қалыптасқан, заңда белгiленген тәртiпте есепке алынған және тiркелген, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар басқаратын бiр бөлiгi.
Қазақстан Республикасы аумағындағы елдi мекендер қалалық және селолық елдi мекендерге бөлiнедi.
Қалалық елдi мекендерге республикалық, облыстық және аудандық маңыздағы қалалар, сондай-ақ олардың әкiмшiлiк бағыныстылығының аумағындағы поселкелер; селоларға - олардың әкiмшiлiк бағыныстылығына қарамастан қалған барлық елдi мекендер жатады.
Халқының саны 400 мың адамнан асатын облыстық маңызы бар қаладағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аудан қаладағы аудан болып табылады.