Р Президентiн сайлау. 1 страница

ҚР президентінің актілері

Қазақстан Республикасының Президентi Конституция мен заңдар негiзiнде және оларды орындау үшiн Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар жарлықтар мен өкiмдер шығарады.

2. Конституцияның 53-бабының 4)-тармақшасында көзделген ретте Республика Президентi заңдар шығарады, ал 61-баптың 2-тармағында көзделген ретте Республиканың заң күшi бар жарлықтарын шығарады.

3. Республиканың Президентi қол қоятын Парламент актiлерi, сондай-ақ Үкiмет бастамасымен шығарылатын Президенттiң актiлерi тиiсiнше осы актiлердiң заңдылығы үшiн заңдық жауапкершiлiк жүктелетiн Парламенттiң әр Палатасының Төрағаларының не Премьер-Министрдiң алдын-ала қолдары қойылып тиянақталады.

44. ҚР Президентiнiң актiлерi.

ҚР президентінің қызметіне,,,,

Қазақстан Республикасының Президентi:

1) Қазақстан халқына елдегi жағдай мен Республиканың iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттары туралы жыл сайын жолдау арнайды;

2) Республика Парламентіне және оның Палатасына кезекті және кезектен тыс сайлау тағайындайды; Парламенттің бірінші сессиясын шақырады және оның депутаттарының Қазақстан халқына беретін антын қабылдайды; Парламенттің кезектен тыс сессиясын шақырады; Парламент Сенаты ұсынған заңға бір ай ішінде қол қояды, заңды халыққа жария етеді не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады;

3) Парламент Мәжілісінде өкілдігі бар саяси партиялар фракцияларымен консультациялардан кейін келісім беру үшін Мәжілістің қарауына Республика Премьер-Министрінің кандидатурасын енгізеді; Парламент Мәжілісінің келісімімен Республиканың Премьер-Министрін қызметке тағайындайды; оны қызметтен босатады; Премьер-Министрдің ұсынуымен Республика Үкіметінің құрылымын айқындайды; Республиканың Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарын құрады, таратады және қайта құрады, Республика Үкіметінің мүшелерін қызметке тағайындайды; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер, әділет министрлерін қызметке тағайындайды; Үкімет мүшелерін қызметтен босатады; Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды; ерекше маңызды мәселелер бойынша Үкімет отырыстарына төрағалық етеді; Үкіметке заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізуді тапсырады; Республика Үкіметі мен Премьер-Министрінің, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдері актілерінің күшін жояды не қолданылуын толық немесе ішінара тоқтата тұрады;

4) Парламент Сенатының келісімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасын, Бас Прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын қызметке тағайындайды; оларды қызметтен босатады;

5) Республика Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарды құрады, таратады және қайта құрады, олардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

6) Республика дипломатиялық өкiлдiктерiнiң басшыларын тағайындайды және керi шақырып алады;

7) Орталық сайлау комиссиясының Төрағасын және екі мүшесін, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасын және екі мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды;

8) Республиканың мемлекеттiк бағдарламаларын бекiтедi;

9) Республика Премьер-Министрiнiң ұсынуымен Республиканың мемлекеттiк бюджетi есебiнен ұсталатын барлық органдардың қызметкерлерiне арналған қаржыландыру мен еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесiн бекiтедi;

10) республикалық референдум өткiзу жөнiнде шешiм қабылдайды;

11) келiссөздер жүргiзедi және Республиканың халықаралық шарттарына қол қояды; бекiту грамоталарына қол қояды; өзiнiң жанында тiркелген шет мемлекеттердiң дипломатиялық және өзге де өкiлдерiнiң сенiм грамоталары мен керi шақырып алу грамоталарын қабылдайды;

12) Республика Қарулы Күштерiнiң Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады, Қарулы Күштердiң жоғары қолбасшылығын тағайындайды және ауыстырып отырады;

13) Республиканың мемлекеттiк наградаларымен марапаттайды, құрметтi, жоғары әскери және өзге атақтарды, сыныптық шендердi, дипломатиялық дәрежелердi, бiлiктiлiк сыныптарын бередi;

45. ҚР Президентiнiң қызметiне жасалатын кепiлдiктер.

46. Парламенттiң және оның Палаталарының iшкi құрылымы.

Парламенттің және оның палаталарының ішкі құрылымы

1. Парламент - Қазақстан Республикасының заң шығару қызметiн жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкiлдi органы.
2. Парламенттiң өкiлеттiгi оның бiрiншi сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңадан сайланған Парламенттiң бiрiншi сессиясы жұмысқа кiрiскен кезден аяқталады.
3. Парламенттiң өкiлеттiгi Конституцияда көзделген реттер мен тәртiп бойынша мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.
4. Парламенттiң ұйымдастырылуы мен қызметi, оның депутаттарының құқықтық жағдайы конституциялық заңмен белгiленедi.

Парламенттiң әр Палатасы дербес, басқа Палатаның қатысуынсыз:
1) Конституциялық Кеңестің екі мүшесін қызметке тағайындайды; Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің үш мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды;
2) Конституцияның 47-бабының 1-тармағында көзделген ретте Парламент құратын комиссия мүшелерiнiң тең жартысына өкiлеттiк бередi;
3) Палаталардың бiрлескен комиссиялары мүшелерiнiң тең жартысын сайлайды;
4) Палаталар депутаттарының өкiлеттiгiн тоқтатады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ұсынуымен оларға ешкiмнiң тиiспеуi жөнiндегi құқығынан Палаталардың депутаттарын айыру мәселелерiн шешедi;
5) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша парламенттiк тыңдаулар өткiзедi;

47. ҚР Парламентiнiң мәртебесi, негiзгi функциясы.

ҚР парламенттің мәртебесі,,,,,

1. Парламент - Қазақстан Республикасының заң шығару қызметiн жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкiлдi органы.
2. Парламенттiң өкiлеттiгi оның бiрiншi сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңадан сайланған Парламенттiң бiрiншi сессиясы жұмысқа кiрiскен кезден аяқталады.
3. Парламенттiң өкiлеттiгi Конституцияда көзделген реттер мен тәртiп бойынша мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.
4. Парламенттiң ұйымдастырылуы мен қызметi, оның депутаттарының құқықтық жағдайы конституциялық заңмен белгiленедi.

1. Палаталарды мемлекеттiк тiлдi еркiн меңгерген өз депутаттарының арасынан Палаталар депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен жасырын дауыс беру арқылы Сенат пен Мәжiлiс сайлаған төрағалар басқарады. Сенат Төрағасының қызметiне кандидатураны Қазақстан Республикасының Президентi ұсынады. Мәжiлiс Төрағасының қызметiне кандидатураларды Палатаның депутаттары ұсынады.
2. Палаталардың төрағалары, егер бұл үшiн Палаталардың депутаттары жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, қызметтен керi шақырылып алынуы мүмкiн, сондай-ақ олар өз еркiмен орнынан түсуге хақылы.

48. Парламент Палаталарының төрағалары.

Парламент Палаталарының төрағалары:
1) Палаталардың отырыстарын шақырып, оларға төрағалық етедi;
2) Палаталардың қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеуге жалпы басшылық жасайды;
3) Палаталар төрағаларының орынбасарлары қызметiне сайлау үшiн Палаталарға кандидатуралар ұсынады;
4) Палаталар қызметiнде регламенттiң сақталуын қамтамасыз етедi;

5) Палаталардың үйлестiру органдарының қызметiне басшылық жасайды;
6) Палаталар шығаратын актiлерге қол қояды;
7) палаталарға Конституциялық Кеңестің, Орталық сайлау комиссиясының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі қызметіне тағайындау үшін кандидатуралар ұсынады;
8) өздерiне Парламент регламентi жүктейтiн басқа да мiндеттердi атқарады.
4. Мәжiлiс Төрағасы:
1) Парламент сессияларын ашады;
2) Палаталардың кезектi бiрлескен отырыстарын шақырады, Палаталардың кезектi және кезектен тыс бiрлескен отырыстарына төрағалық етедi.
5. Палаталардың төрағалары өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады.

49. Палаталардың бiрлескен отырысында жүзеге асырылатын Парламенттiң өкiлеттiгi.

Палаталардың бірлескен отырысында Парламент:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
2) Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді. Үкіметтің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін Парламенттің бекітпеуі Парламенттің Үкіметке сенімсіздік білдіргенін көрсетеді;
3) Президентке оның бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің даусымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге хақылы;
4) соғыс және бітім мәселелерін шешеді;
5) Республика Президентінің ұсынысы бойынша бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Республиканың Қарулы Күштерін пайдалану туралы шешім қабылдайды;
6) Конституциялық Кеңестің Республикадағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауын тыңдайды;
7) палаталардың бірлескен комиссияларын құрады, олардың төрағаларын сайлайды және қызметтен босатады, комиссиялардың қызметі туралы есептерді тыңдайды;
8) Парламентке Конституция жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

50. Палаталардың бөлек отырысында шешiлетiн сұрақтар.

Парламент палаталардың бөлек отырысында мәселелерді әуелі - Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы конституциялық заңдар мен заңдар қабылдайды, оның ішінде:
1) республикалық бюджетті бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
2) мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды;
3) Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелерін шешу тәртібін белгілейді;
4) мемлекеттік наградаларды тағайындайды, Республиканың құрметті, әскери және өзге де атақтарын, сыныптық шендерін, дипломатиялық дәрежелерін белгілейді, Республиканың мемлекеттік рәміздерін айқындайды;
5) мемлекеттік заемдар мен Республиканың экономикалық және өзге де көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешеді;
6) рақымшылық жасау мәселелерін шешеді;
7) Республиканың халықаралық шарттарын ратификациялайды және олардың күшін жояды.
2. Парламент палаталардың бөлек отырысында мәселелерді әуелі - Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы:
1) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерді талқылайды;
2) Республика Президентінің қарсылығын туғызған заңдар немесе заңның баптары бойынша қарсылықтар жіберілген күннен бастап бір ай мерзім ішінде қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткізеді. Бұл мерзімнің сақталмауы Президент қарсылықтарының қабылданғанын білдіреді. Егер Мәжіліс пен Сенат әр Палата депутаттарының жалпы санының үштен екі көпшілік даусымен бұрын қабылданған шешімді растайтын болса, Президент бір ай ішінде заңға қол қояды. Егер Президенттің қарсылығын ең болмаса палаталардың бірі еңсермесе, заң қабылданбайды немесе Президент ұсынған редакцияда қабылданды деп есептеледі. Парламент қабылдаған конституциялық заңдарға Мемлекет басшысының қарсылығы осы тармақшада көзделген тәртіппен қаралады. Бұл ретте Парламент Президенттің конституциялық заңдарға қарсылығын әр Палата депутаттарының жалпы санының кемінде төрттен үшінің даусымен еңсереді;
3) республикалық референдум тағайындау туралы бастама көтереді.

51. Сенаттың ерекше қарауына жататын мәселелер

1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң ұсынуымен Республиканың Жоғарғы Сотының Төрағасын және Жоғарғы Сотының судьяларын сайлау мен қызметтен босату, олардың анттарын қабылдау;
2) Республика Президентінің Республика Ұлттық Банкінің Төрағасын, Бас прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын тағайындауына келісім беру;
3) Республиканың Бас Прокурорын, Жоғарғы Сотының Төрағасы мен судьяларын оларға ешкiмнiң тиiспеуi жөнiндегi құқығынан айыру;
5) Мәжілістің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты, ол уақытша болмаған кезеңде Республика Парламентінің конституциялық заңдар мен заңдар қабылдау жөніндегі функцияларын орындау; Республика Президенті қызметке тағайындауға Сенаттың келісімін алу үшін Палатаға тиісті жазбаша ұсыныс енгізеді, соның негізінде тиісті мәселені Сенаттың күн тәртібіне енгізу туралы шешім қабылданады. Келісім беру кандидатуралар Сенаттың тиісті комитетінің отырысында алдын-ала қаралғаннан кейін Сенат отырысында жүзеге асырылады. Талқылау қорытындысы бойынша комитет қорытынды жасайды және осы мәселе бойынша Сенат қаулысының жобасын әзірлейді. Отырысқа Республика Президентінің өкілі қатысады. Мәселені Сенат отырысында қарау кезінде қызметке кандидатураларды Республика Президенті немесе ол уәкілдік берген лауазымды адам ұсынады.

Сенат отырысында:

кандидатқа және кандидатты ұсынған адамға сұрақтар қойылуы;

депутаттар ұсынылған кандидатураны «жақтап» немесе оған «қарсы» пікірлер айтуы мүмкін.

Егер депутаттар талап етпесе, ұсынылған кандидатура бойынша жарыссөз ашылмауы мүмкін.

Талқылау қорытындысы бойынша комитет қорытынды жасайды және осы мәселе бойынша Сенат қаулысының жобасын әзірлейді. Қызметке тағайындауға келісім беру туралы Сенат шешімі Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.Егер Сенат дауыс берудің өзгеше тәртібін белгілемесе, әрбір кандидатура жөніндегі шешім ашық дауыс беру арқылы қабылданады.Шешім Сенат қаулысымен әр кандидатура бойынша жеке-жеке ресімделеді.Қызметке тағайындау үшін келісім беруге Президент ұсынған кандидатуралар қабылданбай қалған жағдайда Сенаттың шешімінде қабылданбаудың жан-жақты дәлелі болуға 74. Бас Прокурорды ешкімнің тиіспеуі құқығынан айыру оны қызметке тағайындаған кездегідей тәртіппен жүргізіледі. Шешім Сенаттың тиісті қаулысымен ресімделеді.Республика Президенті Сенаттың келісімін алу үшін Палатаға тиісті жазбаша ұсыныс енгізеді, соның негізінде тиісті мәселені Сенаттың күн тәртібіне енгізу туралы шешім қабылданады. Жоғарғы Соттың Төрағасын және Жоғарғы Сот судьяларын ешкімнің тиіспеуі құқығынан айыру оларды қызметке сайлаған кездегідей тәртіппен жүргізіледі. Шешім Сенаттың тиісті қаулысымен ресімделеді. Республика Президенті Сенаттың келісімін алу үшін Палатаға тиісті жазбаша ұсыныс енгізеді, соның негізінде тиісті мәселені Сенаттың күн тәртібіне енгізу туралы шешім қабылданады. Сенат лауазымды адамды ешкімнің тиіспеуі құқығынан айыру туралы шешім қабылдамаған жағдайда Президент бұл мәселе бойынша Сенатқа қайталап жазбаша ұсыныс енгізуге құқылы. Сенат Палата Төрағасының ұсынуы бойынша Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен Конституциялық Кеңестің екі мүшесін қызметке тағайындайды; Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің үш мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды. Сенат Төрағасы ұсынған кандидатураларды тиісті комитет өзінің отырысында алдын ала талқылайды. Кандидатураларды қарау қорытындылары бойынша комитет әрбір талқыланған кандидатура жөнінде қорытынды жасап, ол Сенат отырысында жария етіледі.Қызметке тағайындау туралы мәселені Палата отырысында қарау кезінде қызметке кандидатураларды Сенат Төрағасы таныстырады.

52. Мәжiлiстiң ерекше қарауына жататын мәселелер.

Мәжiлiстiң ерекше қарауына жататын мәселелер. Мәжілістің ерекше қарауына мыналар жатады:
1) Парламентке енгізілген конституциялық заңдар мен заңдардың жобаларын қарауға қабылдау және осы жобаларды қарау;
2) Палата депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен Республика Президентіне Республика Премьер-Министрін тағайындауға келісім беру;
3) Республика Президентінің кезекті сайлауын хабарлау;
4) Конституциямен Парламент Мәжілісіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
2. Мәжіліс депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен, Мәжіліс депутаттарының жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша Мәжіліс Үкіметке сенімсіздік білдіруге хақылы.
1. Республика Парламенті қабылдаған заңға Президенттің наразылығы бойынша ұсыныстар әзірлеу Мәжілістің ерекше қарауына жатады. Мәжіліс комитеттері Президент наразылығын зерделейді және өзінің қорытындысын Мәжілістің қарауына береді. Қорытынды Президент өкілінің қатысуымен әзірленеді. Мәжіліс қорытындыны, Президенттің наразылығы мен заңның өзін қарайды және шешім шығарады. Аталған мәселе бойынша Мәжіліс депутаттарының жалпы санының төрттен үшінің көпшілік даусымен қабылданған Мәжіліс шешімі, басқа материалдармен қоса зерделеу үшін Сенатқа жіберіледі, сондай-ақ бұрын да айтылғандай Палаталардың бірлескен отырыстарының қарауына беріледі. 2.Президенттің ұсынысы бойынша республиканың Орталық сайлау комиссиясының Төрағасын, оның орынбасарларын, хатшысы мен мүшелерін қызметке сайлау және қызметінен босату Мәжілістің ерекше қарауына жатады. 3. Республика Президентінің кезекті сайлауын хабарлау және оның кезектен тыс сайлауын белгілеу Мәжілістің еркеше қарауына жатады. 4. Екі депутатты Әділет біліктілік алқасының құрамына екі жылға жіберу Мәжілістің ерекше қарауына жатады. Жіберу рәсімі Мәжілістің жалпы отырысында ашық дауыс беру арқылы жүзеге асады. 5. Республика Президентіне мемлекетке опасыздық жасады деп айып тағу мәжілістің ерекше қарауына жатады. Айыптауға тергеуді Сенат жүргізеді және нәтижесі қос Палатаның бірлескен отырысының қарауына беріледі. Жобасы Мәжіліс арқылы өткен заңды Парламент қабылдайды. Мәжіліс заң жобаларын қарауға қабылдайды және қарайды. Бұл мәселені Мәжіліс Регламенті егжей-тегжейлі реттейді. Мәжілістің заң шығару қызметі депутаттарға және Үкіметке берілген заң шығару құқығын жүзеге асырудан басталады. Мәжілістің қарауына заң жобасының мәтінімен бірге мынадай материалдар табыс етіледі: