Сайлау органдары. 5 страница

б) саяси құқығы мен бостандығы. Мұның жеке адамға қатысты құқықтар мен бостандықтардан ерекшелігі – саяси құқықтар мен бостандықтар тек қана ҚР азаматына берілген. Олар бірлесу бостандығы, құқығы, тікелей, не өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысу, референдумға қатысу, сайлауға қатысу не сайлану, бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұру, мемлекеттік қызметке кіруге азаматтардың тең құқықтары.

в) әлеуметтік, экономикалық құқықтар мен бостандықтар. Оларға меншік иесі болу, еркін еңбек ету, қызмет саласы мен кәсіпті еркін таңдап алу, қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайына ие болу. Білім алу, тұрғын үйге ие боу, шығар еркіндігіне кепілдік, дем алу, денсаулықты сақтау, денсаулық, ұясына байланысты әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы.

г) мәдени құқықтар мен бостандықтар. Білім алу, шығармашылық еркіндік құқығы.

31. Сайлау құқығының ұғымы, түрлерi, қағидалары..

Сайлау құқығының түрлері қағидалары:

Сайлау жүйесi дегенiмiз сайлау органдарын кұрудың, сайлауды ұйымдастырудың тәртiбi қағидаларын қамтитын, сайланбалы мемлекеттiк жене жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын қалыптастырудың тәртiбi.
Сайлау жүйесiнiң тепе-тең және мажоритарлы сияқты екi түрi бар. Тепе-тең сайлау жүйесi дегенiмiз сайлау барысында берiлген дауыс пен жеңiп алынған мандат арасындағы тепе тендiк қағидасына негiзделедi. Тепе-тең сайлау жүй есiнің әрекет етуi үшiн бiрнеше iрi аумақтық округтер және екiден кем емес калыптасқан саяси партиялар болуы қажет.
Мажоритарлы сайлау жуйесi артық басымдыды және салыстырмалы басымдылы деген екi түрге бөлiнедi. Артық басыьдылық мажоритарлы жүйе тусында бiрiншi және екiншi қайта дауыс беру кезiнде, сайлаушылар тiзiмiне енгiзiлген азаматтардың 50 пайыздан астамы сайлауға қатынасса, сайлау өттi деп, дауыс берушiлердiң 50 пайыздан артык дауысын жинаған кандидат сайланды деп есептеледi.
Салыстырмалы басымдылы мажоритарлы жүйе тұсында егер кандидат сайлау тiзiмiне енген сайлаушылардың 25 пайызының дауысына ие болса, дауыс берген сайлаушылардың санына қарамастан, сайланды жене сайлау өттi деп есептеледi.
Сайлау құқығы қағидаттары:
A. . Жалпыға бiрдей белсендi сайлау құқығы қағидаты. Бұл қағида бойынша Қазақстанның он сегiз жасқа жеткен азаматтарының тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдайларға қарамастан, сайлауға дауыс беруге қатысу құқығы бар. Жалпыға бiрдей белсендi сайлау құқығы белсендi сайлау құқығы есеп сайлу құқығы болып бөлінеді.
Белсендi сайлау құқығы дегенiмiз 18 жасқа толған Қазақстан азаматтарының сайлауда дауыс беру құқығы.
Бәсең сайлау құқығы — Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Президентi, Казакстан Республикасы Парламентiнiң, мәслихатының депутаты немесе жергiлiктi өзiн-өзi басқару органына мүше болып сайлану құқығы. Сайлауға сот iс-әрекетке қабiлетсiз деп таныған, сондай-ақ сот үкiмiмен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар қатыспайды. Казакстан Республикасының Президентiне, Казакстан Ресгiубликасы Парламентiнiң, соның iшiнде партиялық тiзiмдер бойынша, мәслихаттардың депутаттығына кандидат ретiнде, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне кандидат болып тiркелу уакытына қарай сотталғандығы заңда белгiленген тәртiппен етелмеген немесе алып тасталмаған адам тiркеуге жатпайды.
B. Тең сайлау құқығы. сайлаушылар Республика Президентi, Парламентi Мәжiлiсiнiң және мәслихаттарының депутаттары сайлауына тен негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысына бiр сайлау бюллетенiне тиiсiнше бiр дауысы болады. Сайлаушылар Респбликаның жергліктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауға тен негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысының тең дауыс саны болады. Кандидаттардың сайлауға тең құқықтармен және шарттармен катысуша кепiлдiк берiледi.
C. . Төте сайлау құқығы. Республика Президентiн, Парламентi Межiлiсiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн азаматтар тiкелей сайлайды.

D. Жанама сайлау құқығы. Парламент Сенатының депутаттарын сайлауға таңдаушылар — мәслихаттардың депутаты болып табылатын Республика азаматтары қатысады.

E. Жасырын дауыс беру. Республика Президентiн, Парламентiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауда жасырын дауыс берiледi әрi сайлаушылардың еркiн бiлдiруiне қандай да болсын бақылау жасау мумкiндiгiне жол берiлмейдi.
F. Сайлау бостандығы. Республикадагы сайлау Республика азаматының сайлау жене сайлану құқығын еркiн жузеге асыруына негiзделедi

 

32. Сайлау жүйесi: түсiнiгi мен түрлерi.

Сайлау жүйесі түсінігі түрлері

Сайлау жүйесi дегенiмiз сайлау органдарын кұрудың, сайлауды ұйымдастырудың тәртiбi қағидаларын қамтитын, сайланбалы мемлекеттiк жене жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын қалыптастырудың тәртiбi.
Казакстан Республикасы сайлау жүйесi деп Конституция мен сайлау туралы зандарда көрсетiлгендей республика Президентiн, Мәжлiс пен Сенат депуттатарын, ауылдық әкiмдердi, төте не жанама сайлау тәртiбiн айтамыз.
Сайлау жүйесiнiң тепе-тең және мажоритарлы сияқты екi түрi бар. Тепе-тең сайлау жүйесi дегенiмiз сайлау барысында берiлген дауыс пен жеңiп алынған мандат арасындағы тепе тендiк қағидасына негiзделедi. Тепе-тең сайлау жүй есiнің әрекет етуi үшiн бiрнеше iрi аумақтық округтер және екiден кем емес калыптасқан саяси партиялар болуы қажет.
Мажоритарлы сайлау жуйесi артық басымдыды және салыстырмалы басымдылы деген екi түрге бөлiнедi. Артық басыьдылық мажоритарлы жүйе тусында бiрiншi және екiншi қайта дауыс беру кезiнде, сайлаушылар тiзiмiне енгiзiлген азаматтардың 50 пайыздан астамы сайлауға қатынасса, сайлау өттi деп, дауыс берушiлердiң 50 пайыздан артык дауысын жинаған кандидат сайланды деп есептеледi.
Салыстырмалы басымдылы мажоритарлы жүйе тұсында егер кандидат сайлау тiзiмiне енген сайлаушылардың 25 пайызының дауысына ие болса, дауыс берген сайлаушылардың санына қарамастан, сайланды жене сайлау өттi деп есептеледi.
Казақстан Республикасында Президенттi және Парламент депутаттарын сайлау кезiнде, дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (тандаушылардың) елу пайызынан астамының дауысын алған және қайта дауыс беру кезiнде басқа кандидатқа қараған да дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшiлiгiн алған кандидат сайланып, сайлау өттi деп саналады.
Мәслихаттар депутаттарын сайлау кезiнде басқа кандидат
тарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшiлiгiн алған кандидат сайланған болып саналады.
Жергiлiктi озiн-өзi баскару органдарының мушелерiн сайлау кезiнде басқа кандидатарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көпшiлiгi жақтап дауыс берген кандидаттар сайланған болып саналады.

 

Республикадағы сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік сайлау органдары сайлау комиссиялары болып табылады. сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі – бес жыл. Сайлау комиссияларының біртұтас жүйесін мыналар құрайды:

  • Республиканың Орталық сайлау комиссиясы (бұдан әрі Ортсайлауком);
  • аумақтық сайлау комиссиялары;
  • округтік сайлау комиссиялары;
  • учаскелік сайлау комиссиялары.

Ортсайлауком Республика сайлау комиссияларының біртұтас жүйесіне басшылық етеді және тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады.
Аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссиялары өз қызметтерін қоғамдық негізде жүзеге асырады және оларды тиісті мәслихаттар саяси партиялардың ұсыныстары бойынша сайлайды. әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың мәслихат белгілеген мерзімде ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Жоғары тұрған сайлау комиссиясы сайлау туралы заңда белгіленген тәртіппен сайлау комиссиясын құратын мәслихат сайлау комиссиясының мүшесін сайлағанға дейін шығып қалғанның орнына сайлау комиссиясының мүшесін тағайындауға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Сайлау комиссияларының құрамында өкілі жоқ саяси партиялар сайлау науқанын әзірлеу мен өткізу кезеңіне кеңесші дауыс құқығын бере отырып өз өкілін тиісті сайлау комиссиясына жіберуге құқылы.

 

39. Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық мәртебесi.

ҚР шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық мәртебесі

Шетел азаматтарының әкімшілік - құқықтық мәртебесі ҚР Конститцмясының 12 бабында және 1995 жылғы 19 маусымдағы "Шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ тұлғалардың әкімшілік - құқықтық жағдайы туралы" заңды күші бар ҚР Президентінің жарлығында бекітілген.

Соған сәйкес шетел азаматы - бұл ҚР азаматы болып табылмайтын және өзінің шет мемлекеттің азаматтығына тиістілігі жөніндегі дәлелі боатын тұлғалар.

Азаматтығы жоқ тұлғалар (апатридтер) - бұл ҚР азаматы болып табылмайтын және өзінің шет мемлекетке иістілігі жөніндегі дәлелі болмайтын тұлғалар.

Азаматтылықтан шығудың ең көп тараған түрі - азаматтықтан шығу немесе одан шығару. Осы аталған тұлғалардың құқық субъектіліктері шектеулі және барған елдің заңдарына бағынады.

Шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ тұлғалардың әкімшілік – құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері:

- мемлекеттік қызметші бола алмайды, бірқатар лауазымдармен шұғылдануға және ішкі істер органдарында жұмыс істей алмайды;

- мемлекеттік құпиямен байланысты қызметке жіберілмейді;

- әскери міндетті емес;

- құқық бұзушылықтардың бірқатарын жасағаны үшін жауапкершілікке тек шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар ғана тартылуы мүмкін;

- тек шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғаларына ғана мемлекеттік шекарасынан тысқа шығару сияқты әкімшілік жаза қолданылады;

- ҚР аумағына рұқсаттары болғанда ғана кіре алады;

- шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар арнайы құжаттары болғанда ғана тұрады және өз қызметтерін жүзеге асырады;

- шетелдіктер үшін ашық аумақ бойынша олар еркін қозғала алады, бұл жағдайда осы туралы ішкі істер органдарына хабарлап отырулары қажет. Пунктке келген соң олар өзінің уақытша келгенін тіркеу қажет.

- Шетел азаматтарының қозғалыстарына және тұрғылықты жерлерін таңдауда шектеулер қойылады.

Дипломатиялық және консулдық өкілдіктердің қызметкерлерінің , сонымен қатар шет мемлекеттердің ресми өкілдері болып табылатын басқа да тұлғалардың құқықтық жағдайы ерекше болады. Осы шетел азаматтары ҚР заңнамасына және тиісті шет мемлекетпен жасасқан халықаралық шарттарға сәйкес дипломатиялық иммунитет пен артықшылықтарды пайдаланады, және де мемлекеттің юрисдикциясына ұшырамайды.

40. Азаматтардың бiрлесу бостандығына құқығы.

Бірлесу бостандығы құқығы (23бап). Азаматтар өздерінің алдына қой ған мақсаттарын, мүдде лерін іс жүзіне асыру үшін партиялар, кәсіподақ, қоғамдық ұйымдар құруға құқылы.
Әрбір адамның басқалармен бірігіп қауымдастықтар құру бостандығына оның ішінде кәсіподақтарды құрып оларға өз мүдделерін қорғау мақсатымен кіруге құқығы бар.

Бұл құқықты пайдалану демократиялық қоғамның мемлекеттік немесе қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіп мүдделерін, жұрттың денсаулығы мен имандылығын сақтау және басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау қажет етілетін, заңмен көзделген, шектеулерден аспауы тиіс. Осы бап бұл құқықты пайдалануда қарулы күштер құрамындағы және полицияда істейтін адамдар үшін заңды шектеулер енгізуге кедергі жасамайды.

Бірлесу бостандығы адамдарға өздерінің ортақ мүдделерін жеке тұлға қалай білдіріп, қорғаса, дәл солай ұжымдық түрде білдіруіне, қорғауына құқық береді.

Бірлесу құқығының кепілдігі адам құқықтары жөніндегі негізгі халықаралық құжаттарда мазмұндалған. Яғни ол Адам құқықтарының Жалпыға бірдей Декларациясы (20-бап), Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық Пактіде (22‑бап) Европадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі Ұйымға кіретін мемлекеттердің өздеріне алған міндеттемелеріне сай бекітілген.

41. ҚР Президентi – мемлекеттiң басшысы және ең жоғары лауазымды тұлғасы.

ҚР президенті –мемлекет басшысы,,,,,

Қазақстан Республикасының Президентi - мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға.

2. Республиканың Президентi - халық пен мемлекеттiк билiк бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрi кепiлi.

3. Республика Президентi мемлекеттiк билiктiң барлық тармағының келiсiп жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi.

42,ҚР президентінің өкілеттігі

Қазақстан Республикасының Президентi: "Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн", - деп халыққа ант берген сәттен бастап қызметiне кiрiседi.

2. Ант беру қаңтардың екiншi сәрсенбiсiнде салтанатты жағдайда Парламент депутаттарының, Конституциялық Кеңес мүшелерiнiң, Жоғарғы Сот судьяларының, сондай-ақ Республиканың бұрынғы Президенттерiнiң бәрiнiң қатысуымен өткiзiледi. Конституцияның 48-бабында көзделген жағдайда Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлеттiгiн өзiне қабылдаған адам Республика Президентiнiң өкiлеттiгiн қабылдаған күнiнен бастап бiр ай iшiнде ант бередi.

3. Республика Президентiнiң өкiлеттiгi жаңадан сайланған Республика Президентi қызметiне кiрiскен кезден бастап, сондай-ақ Президент қызметiнен мерзiмiнен бұрын босатылған немесе кетiрiлген не ол қайтыс болған жағдайда тоқтатылады. Республиканың бұрынғы Президенттерiнiң бәрiнiң, қызметiнен кетiрiлгендерден басқасының, Қазақстан Республикасының экс-Президентi деген атағы болады.

4. алып тасталды

5. Бiр адам қатарынан екi реттен артық Республика Президентi болып сайлана алмайды.

Бұл шектеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне қолданылмайды.

 

42. ҚР Президентiнiң өкiлеттiгi.

ҚР президентін сайлау

Қазақстан Республикасының Президентiн конституциялық заңға сәйкес жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.

2. Республика Президентi болып тумысынан Республика азаматы болып табылатын қырық жасқа толған, мемлекеттiк тiлдi еркiн меңгерген әрi Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын Республика азаматы сайлана алады.

3. Республика Президентiнiң кезектi сайлауы желтоқсанның бiрiншi жексенбiсiнде өткiзiледi және ол мерзiмi жағынан Республика Парламентiнiң жаңа құрамын сайлаумен тұспа-тұс келмеуге тиiс.

4. алып тасталды

5. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу процентiнен астамының дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледi. Егер кандидаттардың бiрде-бiрi көрсетiлген дауыс санын ала алмаса, қайтадан дауысқа салынады, оған көп дауыс алған екi кандидат қатысады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың ең көп дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледi.