Сайлау органдары. 4 страница

· азаматқа қарсы халықаралық құқықта көзделген қылмыс жасаса, Қазақстан Республикасының егемендiгi мен тәуелсiздiгiне әдейi қарсы шықса;

· Қазақстан Республикасы территориясының бiрлiгi мен тұтастығын бұзуға шақырса;

· мемлекет қауiпсiздiгiне, халықтың денсаулығына нұқсан келтiретiн құқыққа қарсы iс-әрекет жасаса;

· мемлекетаралық, ұлтаралық және дiни араздықты қоздыратын болса, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк тiлiнiң қолданылуына қарсы әрекет жасаса;

· терроршылдық әрекетi үшiн сотталған болса;

· сот ерекше қауiптi баукеспе деп таныса;

· басқа мемлекеттiң азаматы болса,оның өтiнiшi қабылданбайды.

Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдаудан бас тартудың себебі, нақты дәлелдермен көрсетілуі тиіс. Азаматтыққа қабылдаудан бас тарту шешіміне қарсы, жоғарғы органға немесе сотқа шағым жасалуы мүмкiн.

Сонымен қатар, азаматтықтан айырылу тәртібі де орын алу мүмкін.

Азаматтықтан айырылу негіздемесі:

• Қазақстан Республикасы мемлекетаралық келісімдерінде қарастырылған

жағдайларды қоспағанда, әскери қызмет мерзімі, қауіпсіздік қызметі, полицияда, әділет органдарында немесе басқа да мемлекеттік билік органдарында және басқа мемлекет органдарында қызмет ету;

• Егер Қазақстан Республикасының азаматтығын әдейілеп жалған мәліметтер немесе жалған құжаттар тапсыру арқылы иеленсе;

• Қазақстан Республикасы мемлекетаралық келісімдерінде қарастырылған айғақтар негізінде;

• Егер сіз, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрып жатып, бірақ 3 жыл бойы себепсіз консулдық есепке тұрмасаңыз (бұл ереже 16 жасқа толмағандарға қатысты емес);

• Егер тұлға басқа мемлекеттің азаматтығына ие болса;

Азаматтықтан айырылуды тіркеу тәртібі

Қазақстан Республикасының азаматтығына айырылуды тіркеу, азаматтың Қазақстан Республикасы азаматтығынан айыру жөніндегі қабылдаған шешімінің себептері мен негіздемелері көрсетілген өтінішінің негізінде ғана жүзеге асады. Қазақстан Республикасының ІІМ және СІМ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөліміне азаматтығына айырылған тұлғалар жайлы ақпараттарды уақтылы тапсырып отырады.

25. Азаматтық мәселелерiмен айналысатын адамдар. Олардың өкiлеттiктерi.

Азаматтық мәселелерiмен айналысатын адамдар. Олардың өкiлеттiктерi.

Қазақстан Республикасында азаматтық мәселелер жөнінде шешім қабылдайтын лауазымды адам Қазақстан Республикасының Президенті болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті:

Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдау туралы;

Қазақстан Республикасы азаматтығын қалпына келтіру туралы;

Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығару туралы;

осы Заңда көзделген реттерде Қазақстан Республикасы азаматтығын сақтау туралы шешімдер қабылдайды;

Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, облыстардың, қалалардың, аудандардың және қаладағы аудандардың iшкi iстер басқармалары, бөлiмдерi:

Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдардан Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелерi жөнiнде арыздар қабылдайды және оларды қажеттi құжаттармен бiрге Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына жiбередi;

Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделгендей Қазақстан Республикасының азаматтығына алынғандығын және Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққандығын тiркеудi жүзеге асырады;

Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылуын тiркейдi.Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерінің өкілеттігі Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi: Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын адамдардан Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері жөнінде арыздар қабылдайды және оларды қажетті құжаттармен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына жібереді; Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылуына тіркейді; Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының есебін жүргізеді. Белгілі бір елде Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi болмаған ретте бұл органдардың міндеттерін тиісті шарттар негізінде басқа мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері атқарады.Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжат Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспорты болып табылады. 16 жасқа дейінгі баланың азаматтығы оның туу туралы куәлігімен, ата-анасының қайсысының болса да паспортымен расталады.

26. Балалардың азаматтығы мәселелерi.

Жалпы 16 жасқа дейiнгi баланың азаматтығы оның туу туралы куәлiгiмен, ата-анасының қайсысының болса да паспортымен расталады. Ата-анасы Қазақстан Республикасының азаматы
болып табылатын баланың азаматтығы туралы айта кетсек,
Бала туған кезде ата-анасының екеуi де Қазақстан Республикасының азаматы болса, ол туған жерiне қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады. Ата-анасының азаматтығы әртүрлi болған
жағдайындағы баланың азаматтығына келер болсақ,
Ата-анасының азаматтығы әртүрлi болып, бала туған кезде олардың бiреуi Қазақстан Республикасының азаматы болған жағдайда бала:
1) Қазақстан Республикасының территориясында туса;
2) Қазақстан Республикасынан тыс жерде туса, бiрақ, ата-анасының немесе олардың бiреуiнiң бұл кезде Қазақстан Республикасы территориясында тұрақты тұрғылықты жерi болса, ол Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады. Ата-анасының азаматтығы әртүрлi болып, бала туған кезде олардың бiреуi Қазақстан Республикасының азаматы болған жағдайда, егер осы кезде ата-анасының екеуiнiң де Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұрғылықты жерi болса, Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған баланың азаматтығы ата-анасының жазбаша түрде бiлдiрген келiсiмi бойынша анықталады. Бала туған кезде ата-анасының бiреуi Қазақстан Республикасы азаматтығында болып, ал екiншiсi азаматтығы жоқ адам болса, не оның азаматтығы белгiсiз болса, бала қай жерде туғанына қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
Баланың анасы азаматтығы жоқ адам болып, ал әкесi Қазақстан Республикасының азаматы деп танылып, әкелiгi анықталған ретте 14 жасқа толмаған бала қай жерде туғанына қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы болады. Бұл бала Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұрған ретте оның азаматтығы ата-анасының жазбаша арызы бойынша анықталады. Ата-анасы белгiсiз баланың азаматтығы қандай? Деген сұрақ бойынша.Ата-анасының екеуi де белгiсiз Қазақстан Республикасы территориясындағы бала Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады. Азаматтығы жоқ адамдардың баласының Қазақстан
Республикасы азаматтығын алуы Қазақстан Республикасы территориясында тұрақты тұрғылықты жерi бар, азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасы территориясында туған баласы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.Ата-анасының азаматтығы өзгеріп, соның салдарынан екеуі де Қазақстан Республикасының азаматы болған, не екеуі де Қазақстан Республикасы азаматтығынан шыққан жағдайда тиісінше олардың 14 жасқа толмаған баласының азаматтығы да өзгереді.Егер баланың ата-анасының біреуі белгілі болса, осы ата-ананың азаматтығы өзгерген жағдайда тиісінше 14 жасқа толмаған баланың азаматтығы да өзгереді. Егер ата-анасының біреуі Қазақстан Республикасы азаматтығын алып, ал екіншісі басқа мемлекеттің азаматы не азаматтығы жоқ адам болып қала берсе, Қазақстан Республикасы территориясында тұратын 14 жасқа дейінгі бала ата-анасының осы туралы жазбаша өтініші бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын алуы мүмкін.Егер ата-анасының біреуі Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығып, ал екіншісі Қазақстан Республикасының азаматы болып қала берсе, 14 жасқа дейінгі бала Қазақстан Республикасының азаматтығын сақтап қалады. Ата-анасының осы туралы жазбаша өтініші бойынша, мұндай баланың Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуына рұқсат етілуі мүмкін. Қазақстан Республикасының азаматы асырап алған, басқа мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адам болып табылатын 14 жасқа дейінгі бала Қазақстан Республикасының азаматы болады. Біреуі Қазақстан Республикасының азаматы, ал екіншісі оның азаматы емес ерлі-зайыптылар асырап алған, басқа мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адам болып табылатын 14 жасқа дейінгі бала асырап алушылардың жазбаша түрде білдірілген келісімімен Қазақстан Республикасының азаматы болады.Егер Қазақстан Республикасы территориясында тұратын 14 жасқа дейінгі баланың ата-анасының екеуі де немесе жалғыз ата-анасы Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығып, бұл орайда ата-ана болу құқынан айырылса, бала қамқоршысының өтініші бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын сақтап қалады. Шетелдіктер асырап алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын бала Қазақстан Республикасының азаматтығын өзі кәмелетке толғанға дейін сақтайды.Қазақстан Республикасының азаматтары асырап алған бала, асырап алушылардың екеуі де немесе асырап алушылардың біреуі Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтығын өзі кәмелетке толғанға дейін сақтайды.Осы бапта аталған баланың Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуына ол кәмелетке толғаннан кейін және оның тілегі бойынша ғана жол беріледі.

 

27. Азаматтардың негiзгi мiндеттерi.

Республика азаматының негізгі құқықтарымен қатар міндеттері де 1995 жылдың 30 тамызындағы бүкілхалықтық талқылаудан өтіп қабылданған Конституцияда анық тұжырымдалған.Адам тумасынан өзіне қажетті құқықтар мен бостандықтарға ие. Ал ол өз мемлекетінің азаматтығын алғаннан кейін азаматтық құқықтарға ие болып, тиісті міндеттерді қоса атқаруға тиіс. Конституцияда адамды қастерлеу, құрметтеу, адамгершілік сезімдеріне үлкен маңыз берілген. Әркімнің өзінің жеке басының бостандығы заң жүзінде қорғалған. Заң бойынша адамның жеке басының қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.Конституцияның 19-бабында “Әркімнің өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы” деп жазылған. Адамдардың ар-ождан бостандығына заң жүзінде толық кепілдік берілген.Республика азаматтарының заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстауында, оны мұраға қалдыруына конституциялық кепілдік жасалған.Конституцияның 39–бабында адамдардың құқықтары мен бостандықтарына қоғамдық тәртіпті, адамның құқығы мен бостандығын, халықтың денсаулығын қорғау мақсатында ғана шектеу қойылуы мүмкін екендігі көрсетілген.

39 баптың 3 пунктінде азаматтардың құқықтарын, яғни азаматтық құқығы, өмір сүру құқығы, жеке өміріне, өзінің және жанұясының құпиясына қол сұғылмауына, мемлекет органдары мен лауазым иелерінің кінәсінен шеккен зиянды қайтарып алуына т.б құқықтарын тіпті ең төтенше жағдайлардың өзінде де шектеуге рұқсат бермейтіні айтылған.Конституцияда жеке, азаматтық және саяси құқықтарға, осы құқықтардың кепілдігіне айтарлықтай көңіл бөлінеді.Жеке меншік құқығы заңмен қорғалады (6 бап.). Жерді меншіктеу құқығы бекітіледі (21,25 бап.), сонымен қоса өзінің мүмкіндіктерін және мүліктерін кәсіпкерлік қызметте және заңмен тыйым салынбаған экономикалық қызметте еркін пайдалануына құқықтары бар. Бұл нарықтық экономиканың тұрақты дамуы, экономикалық реформаның алға жылжуы үшін сенімді конституциялық негіз жасауды қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 13 бабында әр адамның өзінің бостандығы мен құқығын сот арқылы қорғай алатыны көрсетілген. Әр адамның заң мамандарынан көмек алуға, үкімді Жоғары сотқа қайта қаратуға, жазаны жеңілдетуді сұрауға құқығы бар.Азаматтардың медициналық көмек алуына, мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Ал орта білім алу Конституция бойынша міндетті деп табылған.Республика азаматтарының құқығы мен міндеттерін сөз еткенде, екі мәселені ерекше атап өтуге болады. Бірі – заңды түрде белгіленгенсалықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, екіншісі – Отан қорғау әрбір азаматтың қасиетті парызы және міндеті. Азаматтардың құқығы мен міндетін сөз еткенде бұл талаптардың адамдардың өз құқықтарын көбірек біліп, міндеттерін орындауға келгенде ұмытшақтық танытатыны жиі кездеседі.

 

28. Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепiлдiктерi.

Азаматтардың құқықтыры мен бостандықтарының кепілдіктері

Мемлекеттік басқару сферасындағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктері - бұл құқық субъектілерінің мемлекеттік басқару сферасында әртүрлі құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін жағдайлар мен тәртібін анықтайтын нормалар мен оларды қорғайтын құралдардың, амал - тәсілдерінің жиынтығы.

Оның мынадай түрлері болады:

1) Экономикалық;

2) Саяси;

3) Идеологиялық;

4) Заңды;

5) Ұйымдық.

Заңды кепілдіктердің ішінде әкімшілік – құқықтық кепілдіктерін атап өтуге болады. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының әкімшілік – құқықтық кепілдіктері- бұл құқық субъектілерінің әртүрлі құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін және оларды қорғайтын амал - тәсілдердің жиынтығы.

Ол азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының кепілдігімен тығыз байланысты, өйткені олардың көпшілігі әкімшілік - құқықтық сфераны, азаматтардың мемлекеттік басқару органдарымен қатынастарын қамтиды. Оларға мыналарды жатқызуға болады:

- заңмен белгіленген тәртіпте жарияланбаған нормативті-құқықтық актілерді қолданбау;

- мемлекеттік органдар әрбір азаматқа оның құқықтары мен мүдделерін қамтитын құжаттармен, шешімдермен және өзге де материалдармен танысу мүмкіндіктерімен қамтамасыз етулері тиіс;

- азаматтардың құқықтарына шек келтіретін мемлекетттік органдар мен олардың лауазымды тұлғаларының кез келген шешімдері мен әрекеттері сотқа шағымдалуы мүмкін;

- ешкімде азаматтардың қандайда болсын құқықтары мен бостандықтарынан айыруға немесе шектеуге құқығы жоқ;

- азаматтардың құқықтары мен бостандықтары төтенше жағдайлар кезінде заңға сәйкес уақытша шектелуі мүмкін;

- мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметкердің ҚР халықының және оның әр бір азаматының алдындағы жауапкершілігі қағидасына негізделіп тұрғызылады.

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктеріне ұйымдық кепілдіктер де жатады. Бұл дегеніміз функциялары азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және олардың жүзеге асырылуына қолайлы жағдайлар туғызу болып табылатын мемлекеттік органдардың қызметі.

ҚР Президенті Конституцияда адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі болып белгіленген.

ҚР Үкіметі адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету бойынша шараларды жүзеге асырады. Дәл осындай кілеттіктер жергілікті атқару органдарының басшысына - әкімдерге жүктелген.

Іс жүзінде кез келген мемлекеттік орган азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға міндетті, өйткені бұл мемлекеттің өзінің мақсат-міндетінен туындайды.

 

29. Қазақстан Республикасында шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамадардың құқықтық жағдайы.

1-бап
Қазақстан Республикасындағы шетелдiктердiң құқықтық жағдайы
туралы заңдар

Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы Қазақстан Республикасының заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және соған сәйкес шетелдiктердiң негiзгi құқықтары мен мiндеттерiн, олардың Қазақстан Республикасына келуiнiң, аумағында болуының, жүрiп-тұруының және Қазақстан Республикасынан кетуiнiң тәртiбiн айқындайды.
Қазақстан Республикасындағы шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы заңдар осы Заңнан және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiнен тұрады.
Қазақстан Республикасындағы шетелдiктердiң құқықтық жағдайы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен де анықтала алады.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
2-бап
Қазақстан Республикасындағы шетелдiктер мен азаматтығы жоқ
адамдар

Қазақстан Республикасының азаматтары емес және өзiнiң басқа мемлекеттiк азаматтығына қатысты екендiгiнiң дәлелi бар адамдар Қазақстан Республикасындағы шетелдiктер болып танылады.
Қазақстан Республикасының азаматтары емес және өзiнiң басқа мемлекеттiң азаматтығына қатысты екендiгiнiң дәлелi жоқ адамдар азаматтығы жоқ адамдар болып танылады.

3-бап
Қазақстан Республикасындағы шетелдiктердiң құқықтық
жағдайының принциптерi

Қазақстан Республикасындағы шетелдiктер барлық құқықтар мен бостандықтарға ие, сондай-ақ оларға Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдары мен халықаралық шарттарында белгiленген мiндеттердiң бәрi жүктеледi. Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарында қарастырылған жағдайлар бұған жатпайды.
Қазақстан Республикасындағы шетелдiктер тегiне, әлеуметтiк және мүлiктiк жағдайына, қай нәсiлге және ұлтқа жататындығына, жынысына, бiлiмiне, тiлiне, дiнге көзқарасына, шұғылданатын қызметi мен оның сипатына қарамастан заңның алдында бiрдей болады.
Шетелдiктердiң өздерiнiң құқықтары мен бостандықтарын пайдалануы Қазақстан Республикасының мүдделерiне, оның азаматтары мен басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiрмеуге тиiс және мұны олардың Қазақстан Республикасының заңдарына белгiленген мiндеттерiн орындауынан бөлiп алуға болмайды.

4-бап
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын және уақытша жүрген
шетелдiктер

Тұрақты тұруға Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен рұқсат және тұрақты тұру құқығына құжат алған шетелдiктер Қазақстан Республикасында тұрақты тұрушылар деп танылады.
Оралмандарды, Қазақстан Республикасында немесе Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында тұрған адамдарды және олардың отбасы мүшелерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат берудiң мiндеттi шарты мұндай рұқсатты алуға үмiткер адамның Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен және мөлшерде өзiнiң төлем қабiлеттiлiгiн растауы болып табылады.
Қазақстан Республикасында өзгедей заңды негiзде жүрген, сондай-ақ оларға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне сәйкес ауыр немесе аса ауыр қылмыстар деп танылатын әрекеттер жасалуы салдарынан жәбiрленушi деп танылған шетелдiктер Қазақстан Республикасында уақытша жүрген деп есептеледi. Олар белгiленген тәртiппен тiркелуге және өздерiне белгiленген болу мерзiмi өткен соң Қазақстан Республикасынан кетуге мiндеттi. мерзiмi өткен соң Қазақстан Республикасынан кетуге мiндеттi.

 

30. Азаматтардың бiрлесу бостандығына құқығы.

1. адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, міндеттерін тікелей түрлері бар.

а) өзіндік құқықтар мен бостандықтар. өмір сүру, жеке бастың бостандығына қол сұғылмаушылық, әркімнің өзін қай ұлтқа жататының өзі анықтауға және оны көрсету – көрсетпеуге, әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы, ешкімнің тұрғын үйге қол сұқпайтындығы, әркімнің еркін жүріп тұруға және тұрғылықты мекенді қолауынша таңдап алуға, жеке тұрғылықты мекенді қалауынша таңдап алуға, жеке өміріне қол сұғылмауына, ақпарат көздерімен танысуға құқығы,