Полилиния 2 страница

SCALE (Масштаб)бұйрығының батырмасы таңдалған нысанды базалық нүктеге салыстырмалы түрде масштабтайды.

Опциясы:

Тіреу кесіндісі (Reference) –бір бөлшек санды масштабтау (мысалы, 3/7). Нысанды үлкейту үшін 1-ден үлкен сан енгізу қажет, кішірейту үшін – 1-ден кіші оң сан енгізу қажет.

STRETCH (Созу) бұйрығы алдын ала таңдалған нысандар жиыны үшін қолданылмайды. Бұл жағдайда полилиния бөлігін қиылған жиектің немесе қиылған көпбұрыштың көмегімен таңдаған маңызды. Бұйрық әдетте оның бірнеше шыңдарын екі нүктемен берілген векторға параллель орналастыру, ал қалған полилиния шыңдарын орнында қалдырып, объектіні сәйкес геометриялық түрде қайтадан құру қажет болғанда полилинияға қатысты орындалады (бірақ ол доғаны да, эллипстік доғаны да, сплайнды және басқа да сызықты примитивтерді де созады). батырмасы созу бұйрығы.

TRIM (Кесу)бұйрығының батырмасы нысанды (нысандарды) оның басқа қиылысқан нысандардың көмегімен кесуге мүмкіндік береді.

Бұйрықтың бірінші сұранысы:

Current settings: Projection = UCS Edge = None Select cutting edges ... Select objects: (Ағымдық орнату: Проекция = ПС К Жиек = Жалғастырмай Кесу жиегін таңдаңыз ... Нысанды таңдаңыз :)

Бұл хабарламаның бірінші жолында, қажет болғанда өзгертуге болатын, бұйрықтың ағымдағы орнатулары көрсетілген. Бұйрықтың орындалу әрекетін қарастырайық, экранның сол жағында нысанның кесу әрекетіне дейінгі түрі, ал оң жағында кейінгі түрі көрсетілген.

EXTEND (Ұзарту)бұйрығының батырмасы шекара жиектерін таңдап, содан кейін осы жиектерге дейін ұзаратын нысанды көрсетеді. Нысандарды көрсету реті өте маңызды, себебі жүйе шекаралық және ұзаратын нысандарды айыра білу керек. Бірінші хабарлама жұмыс істейтін режимдер (TRIM (КЕСУ) бұйрығымен ортақ режимдер) туралы ақпараттан және ұзарту амалын орындау қажет шекара жиегі сұранысынан тұрады: Current settings: Projection = UCS Edge = None Select boundary edges... Select objects: (Ағымдық орнату: Проекция = ПСК Жиек = Жалғастырмай Шекара жиегін таңдаңыз ... Нысандарды таңдаңыз:).

Шекара жиек жиынын құратын нысандарды көрсетіп, таңдауды <Enter> пернесін басу арқылы аяқтау. Келесі: Select object to extend or shift-select to trim or [Project/Edge/Undo]: (Ұзаратын нысанды таңда немесе <Shift> пернесі арқылы кесілетін нысанды таңда немесе [Проекция/Жиек/Болдырмау]:)

Шекаралық жиек жиыына дейін ұзартылатын нысандарды көрсету қажет, мұндағы әр ұзартылатын нысанның көрсету нүктесі ұзарту орындалатын жақтың аяғына жақын болуы қажет. 3.38 суретте шекаралық жиек болып табылатын элипс пунктир сызықпен көрсетілген, ал сол жақ ұзартылатын кесінді өзінің жоғарғы бөлігінде көрсетілген. Егерде кесінді сол жақ бөлікте белгіленген болса, онда AutoCAD жүйесі No edge in that direction. (Бұл бағытта жиек жоқ ) деген хабарлама берген болар еді.

EXTEND (ҰЗАРТУ) бұйрығы жоғарыда қарастырылған TRIM (КЕСУ) бұйрығымен интегралданған, сондықтан егер ұзартылатын нысандарды таңдағанда <Shift> пернесі басылған болса, онда, EXTEND (ҰЗАРТУ) бұйрығында таңдалған, нысандар ұзартылмайды, ал кесіледі.

BREAK (Үзу)бұйрығының батырмасы нысанды көрсетілген екі нүктеден үзеді.

Бұйрықтың бірінші сұранысы: Select object: (Нысанды таңдаңыз:) Нысанды көрсетіңіз, бұл жерде үнсіздік бойынша көрсету нүктесі үзудің бірінші нүктесі болып белгіленеді. Одан әрі: Specify second break point or [First point]: (Екінші үзу нүктесі немесе {Бірінші нүкте]:) Екінші үзу нүктесін көрсетіңіз.

Кей жағдайда нысанды көрсеткен нүкте үзу нүктесі болмауы керек (мысалы, егер үзу нүктесі басқа сызықпен қиылысса және үзілетін нысанның дұрыс үзілмеуіне әкеліп соқса). Онда екінші үзу нүктесінің сұранысына жауап бергенде First point (Бірінші нүкте) опциясын қолдану керек, бұл Specify first break point: (Бірінші үзу нүктесі:)(нысанды таңдауды өзгертпей) бірінші нүктені қайта көрсетуге мүмкіндік береді. Бірінші нүктені көрсетіңіз. Specify second break point: (Екінші үзу нүктесі:). Екінші нүктені көрсету қажет, содан соң әмір орындалады. Егер екінші нүктені көрсету орнына пернетақтадан @ бейнесін енгізсеңіз, онда ол екінші үзу нүктесі бірінші үзу нүктесінің координаттарымен бірдей дегенді білдіреді. Осылайша экранда үзілген орын көрінбейді, бірақ сіз нақтылаған нысан екіге бөлінеді (бұл нұсқа тұтас дөңгелектерге қолдануға келмейді).

Бақылау сұрақтары:

1. Нысанды қандай бұйрықпен ауыстырамыз?

2. Нысанды калай масштабтаймыз?

3. BREAK бұйрығының қызметі қандай?

4. EXTEND бұйрығының қызметі қандай?

5. TRIM бұйрығының қызметі қандай?

Дәріс №9.

Тақырыбы: Жалпы түзету бұйрықтары: CHAMFER, FILLET.

Мақсаты: CHAMFER, FILLET бұйрықтарымен танысу.

CHAMFER (Фаска)бұйрығының батырмасы өзара қиылысатын екі түзусызықты сегменттерді қиылысу нүктесінен бастап берілген қашықтықта (фасканы алу) қию операциясын орындайды (кесінді, сәуле, түзу), осы арқылы кесінділерді қосатын жаңа кесінді жасайды. Бұл бұйрық қиылыспайтын, сондай-ақ паралельді емес кесінділерге де қолданылады (бұл кезде кесінділер алдын ала қиылысуға дейін ұзартылады).

CHAMFER (ФАСКА) бұйрығы режимдердің қазіргі жағдайы туралы хабарлайды, содан соң нысанды таңдауға сұраныс береді: (TRIMmode) Current chamfer DistJ = 0.0000, Dist2 = 0.0000 Select first line or [Polyline/Distance/Angle/Trim/Method/mUltiple]: ((КЕСІНДІ Режимі) Фаска параметрі: Ұзындығы! = 0.0000, Ұзындығы 2 = 0.0000 Бірінші кесіндіні таңдаңыз немесе /ПолИсызық/Ұзындық/Бұрыш/Кесінді/Тәсіл/Көп]:) егер осы фасканың параметрі көңілден шықса, онда бірінші нысанның көрсеткіштеріне тікелей көше беруге болады. Алайда көбінесе алдын ала фасканың қажетті ұзындығын белгілеп алу қажет. Бұл Specify first chamfer distance <0.0000>:(Фасканың бірінші ұзындығы <0.0000>:) сұранысы арқылы шығатын Distance (Ұзындық) опциясының көмегімен жасалады. Бірінші ұзындықты енгізіңіз – мысалы, 75 мм. содан соң: Specify second chamfer distance <75.0000>: (Фасканың екінші ұзындығы <75.0000>:) екінші ұзындықты енгізіңіз – мысалы, тағы да 75 мм. AutoCAD жүйесінің бұрынғы нұсқаларындағы сияқты бұйрық мұнымен жұмысын тоқтатпайды, ол тағы да Select first line or [Polyline/Distance/Angle/Trim/Method/mUltiple]: (Бірінші кесіндіні таңдаңыз немесе{полИсызық/ Ұзындық/Бұрыш/Кесінді/Тәсіл/Көп емес]:) сұранысын шығарады. Бірінші кесіндіні белгілеу керек. Онда AutoCAD жүйесі сұрайды: Select second line: (Екінші кесіндіні таңдаңыз:)

Екінші қиылатын кесіндіні таңдаңыз. Фасканы алу: сол жақта операцияға дейінгі кесінділер көрсетілген, оң жақта – операциядан кейін.

Егер бұйрықтың алдында жаңа multiple (Көп) опциясы қолданылса, онда бірінші фасканы құрудан соң CHAMFER (ФАСКА) бұйрығы жұмысын тоқтатпайды, қайталап келесі редакцияланатын қос нысанды сұрай береді. Trim (Қию) опциясы Enter Trim mode option [Trim/No trim] <Trim>: (Қию режимі [Қиюмен/Қиюсыз] <Қиюмен>:) сұранысы арқылы шығады: Бұл кезде екі режимнің бірін таңдау керек. Әдеттегі режим - Trim (Қиюмен).

No trim (Қиюсыз) режимін таңдаған кезде қию нүктелерін қосатын қосымша кесінді құрылады, ал фасканы алу операциясы жүргізілетін бастапқы сегменттер өзгеріссіз қалады. Орнату режимі келесі FILLET (ҰШТАСТЫРУ) бұйрығына да қолданылады. CHAMFER (ФАСКА) — Method (Тәсіл) бұйрығының басқа опциясы. Бұл жағдайда Enter trim method [Distance/Angle] <Distance>: (Құру тәсілі [Ұзындығы/Бұрышы/ <ҰзындықУ:) сұранысы беріледі.

Бұйрық фасканы екі тәсілмен алуы мүмкін. Бірінші – Distance (Ұзындық) опциясы берілгенде, қиюлардан алынатын екі ұзындықтың тапсырмасына қатысты болады. Екінші – Angle (Бұрыш) опциясы берілгенде, бірінші сегментпен салыстырмалы түрде алғанда фасканың қосымша кесіндісі құрылатын бір ұзындық пен бұрыштың тапсырмасына байланысты. Екі тәсілді орнату үшін AutoCAD жүйесі жүйелік ауыспалылықта CHAMFERA, CHAMFERB (Distance тәсілі (Ұзындық)) и CHAMFERC, CHAMFERD (Angle тәсілі (Бұрыш)) сақтайды.

Бұл ауыспалылықтардың маңызы CHAMFER (ФАСКА) бұйрығын орнатудың қазіргі жайы туралы хабарламада көрсетіледі. CHAMFER (ФАСКА) бұйрығының ауыспалылық маңызын тапсыру Distance (Ұзындық) және Angle (Бұрыш) опцияларының көмегімен жасалады. Фасканы алуға сегменттердің орнына екі полисызықтардың турасызықты соңғы бөлімін көрсетуге немесе кесінді және полисызықтың турасызықты соңғы сегментін, сондай-ақ бір полисызықтың бөлімін көрсетуге болады. Соңғы нұсқада берілген полисызықтардың сегменттері көршілес немесе олар тағы бір сегментпен бөлінген болуы мүмкін (фаска қиылысқан екі нүктенің екі жағынан алынады). Тағы бір ерекше опция - Polyline (полИсызық). Оның көмегімен фасканы бір полисызықтың барлық шыңдарынан қатар алуға болады.

FILLET (Ұштастыру)бұйрығының батырмасы сызықты нысандарды (мысалы, кесінділерді, доғаларды немесе дөңгелектерді) берілген радиусқа байланысты доғамен ұштастырады.

Бұйрық бірінші нысанның қазіргі жай-күйі туралы бірінші хабарлама береді: Current settings: Mode = TRIM, Radius = 0.0000 Select first object or [Polyline/Radius/Trim/mUltiple]: (Ағымдық күйге келтіру: Режим = ҚИЮМЕН, Ұштасу радиусы = 0.0000. Бірінші нысанды таңдаңыз немесе [полИсызық/раДиус/қию/көп]:) Radius (раДиус) опциясы қажетті сұраныстан кейін қазіргі кездегі ұштастыру радиустың маңызын өзгертуге мүмкіндік береді: Specify fillet radius < 0.0000 >: (Ұштастыру радиусы <0.0000>:). Радиустың көлемі белгіленгеннен кейін тағы да Select first object or [Polyline/Radius/Trim/mUltiple]: (Бірінші нысанды таңдаңыз немесе [полИсызық/раДиус/Қию/Көп]:) сұранысы қайталанады. Егер күйге келтірулер сізді қанағаттандырса, онда ұштастыруға арналған бірінші нысанды белгілеңіз. Ары қарай: Select second object: (Екінші нысанды таңдаңыз:). Екінші нысанды таңдап болған соң AutoCAD жүйесі қажетті ұштастыру доғасын салады немесе бұл радиуспен ұштастыру мүмкін еместігін хабарлайды. Ұштастыру нысандары болып полисызықтардың екі аумағы көрінуі мүмкін, олар екі көрші бөлік болуы немесе екеуі бір сегментпен бөлініп тұруы мүмкін. Жаңа multiple (Көп) опциясы нысандардың бірнеше мәрте ұштастыруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Trim (Қию) опциясы қию режімін басқарады (ол CHAMFER (ФАСКА) бұйрығымен бірлескен). Егер No trim (Қиюсыз) режимі таңдалса, онда ұштастырылатын доға есептеледі және құрылады )егер құру мүмкін болса), ал бастапқы нысандар сол күйінде өзгеріссіз қалады. Егерде Trim (Қиюмен) режимі қосылған болса, онда ұштастырылатын тұйық емес нысандар ұштастыратын доғаның алғашқы нүктесіне дейін қысқартылады немесе ұзартылады. Polyline (полИсызық) опциясы бір полисызықтың барлық шыңдарын берілген радиуспен айналдыруға мүмкіндік береді. AutoCAD жүйесінің алғашқы нұсқаларында FILLET (ҰШТАСТЫРУ) әмірі тек қана турасызықты нысандарды ғана ұштастыра алатын еді.

Бақылау сұрақтары:

1. Қандай бұйрық қию операциясын орындайды?

2. Фасканы алу бұйрығының қандай екі жұмыс режимі бар?

3. FILLET бұйрығының қызметі қандай?

4. Ұштастыру қандай элементтермен анықталады?

Дәріс №10.

Тақырыбы: Штрихтау.

Мақсаты:Штрихтауды салудың тәсілдерімен, аспаптық бояу тақтайшасын қолданумен танысу.

 

Штрихтау деп суреттің тұйықталған аймақтарын үлгімен толтыруды айтады. Әдетте штрихтау белгілі бір жаққа бұрышталған және өзіндік қисықтығы бар, бір-бірінен белгілі бір қашықта орналасқан сызықтар болып табылады. Алайда штрихтау бейнелер немесе түрлі-түсті тұтас құйылған бояу ретінде де берілуі мүмкін. Кеңістіктің ішкі аумағын толтыру кезінде штрихтау оны жөндеу кезінде өзгеруі мүмкін (мысалы, көлемінің өзгеруі). Мұндай штрихтауды орайластырған штрихтау деп атайды.

AutoCAD-та штрихтаудың неше түрлі үлгілері бар, олардың әрқайсысы нақты материалға сәйкестендірілген: болат, қаланған кірпіш және т.б. Бұл үлгілерді қолдана отырып, берілген кеңістікті ерекше еңбексіз, әр сызықтарын қолмен сызбай, штрихтауға болады. Бағдарламада дайын штрихтау үлгілерінен басқа өзіңнің ойыңнан шығаруға болатын мүмкіндіктер қарастырылған.

Штрихтауды салудың тәсілдері

AutoCAD-та штрихтау үшін HATCH (Штрих) бұйрығы қолданады. Штрихтаудың кейбір дайын нұсқалары Hatches (Штрихтар) аспаптық бояу тақтайшасы бетшесінде де қолжетімді. Бояу тақтайшасының көмегімен штрихтау HATCH (Штрих) бұйрығын қолдана отырып салғаннан әрі тез, әрі оңай, алайда палитра штрихтаудың кеңейтілген күйге келтірулеріне рұқсат бермейді.

 

 

 

Сурет 9. Аспаптық бояу тақтайшасының Hatches (Штрихтар) бетшесі

 

Аспаптық бояу тақтайшасын қолдану

Аспаптық бояу тақтайшасында штрихтаудың параметрін күйге келтіру үшін, штрихтаудың таңдап алынған нұсқасында тышқанның оң жақ батырмасын басып және жанама мәзірден Properties (Қасиет) бөлімін таңдау қажет. Штрихтау сызықтарының қисаю бұрыштарын, масштабын, түсін және басқа да параметрлерін таңдауға болатын Tool Properties (Аспаптардың қасиеттері) терезесі ашылады.

 

 

Сурет 10. Tool Properties (Аспаптардың қасиеттері) терезесі

Аспаптық бояу тақтайшасының көмегімен штрихтау үшін таңдалған нұсқаның үстінен басыңыз. Содан кейін бағдарлама келесі сұраныстарды көрсетеді:

Specify insertion point: (орнату нүктесін көрсетіңіз:)

Орнату нысанында шертіңіз. Бағдарлама оның пішініне талдау жасайды және тұйықталған аймақты штрихтаумен толтырады.

HATCH (Штрих) бұйрығын қолдану

HATCH (Штрих) бұйрығын пайдалану үшін келесі әрекеттердің бірін жүзеге асырыңыз:

· HATCH (Штрих) бұйрығын бұйрық жолына енгізіңіз;

· Draw (Сурет салу) аспаптар тақтасындағы Hatch (Штрих) батырмасын басыңыз;

· Draw Hatch (Сурет салу Штрих) бұйрығын орындаңыз.

HATCH (Штрих) бұйрығын орындағаннан кейін штрихтауды күйге келтіруді жүзеге асыратын Hatch and Gradient (Штрих және градиент) терезесі ашылады.

 

 

 

Сурет 11. Hatch and Gradient (Штрих және градиент) терезесі

 

Type (Түр) тізімі штрихтаудың түрін таңдау үшін арналған: Predefined (Стандартты), User defined (Пайдаланушымен анықталған) немесе Custom (Бұрын таңдалған). Көп жағдайда Predefined (Стандартты) түрі орнатылады, себебі AutoCAD-та штрихтаудың көптеген түрлері бар, олардың ішінен қажеттісін тез таңдап алуға болады.

Штрихтауды таңдау Pattern (Ою) тізімінің көмегімен жүзеге асырылады. Егер штрихтаудың қажетті түрінің атауын білетін болсаңыз, онда оны тізімнен таңдап аласыз. Бұл кезде ою Swatch (Үлгі) алаңында көрінеді. Қарап таңдау мүмкіндігін алуды жүзеге асыру үшін көп нүкте батырмасын басыңыз. Осы кезде оюлардың барлық үлгілері жинақталған Hatch Pattern Palette (Штрихтаудың оюлар бояу тақтайшасы) терезесі ашылады.

 

 

Сурет 12. Hatch Pattern Palette (Штрихтаудың оюлар бояу тақтайшасы) терезесі

 

Сызықтардың қисаю бұрышы (Angle), масштабтау коэффициенті (Scale), бастапқыға 90° бұрышпен орналасқан сызықтарды тұрғызу (Double), сызықтар арақашықтығы (Spacing) сияқты және тағы басқа да штрихтау параметрлерін қосымша күйге келтіруге болады.

Штрихтауды нысанға орналастыру үшін оның орналасу аймағын көрсету қажет. Ол үшін Hatch and Gradient (Штрих және градиент) терезесінде батырмалар топтамасы Boundaries (Шекаралар) қарастырылған.

Add: Pick points (Қосу: нүктені таңдау) батырмасы бағдарлама автоматты түрде штрихтау шекарасын анықтауы үшін нысанның ішіндегі штрихтау жасалатын нүктені нақтылауға мүмкіндік береді. Осы батырма басылғаннан кейін бағдарлама келесі сұранысты береді:

Pick internal point or [Select objects/remove Boundaries]:

(Нүктені көрсетіңіз немесе [Нысанды таңдаңыз/жойыңыз Шекаралар]:)

Сұранысқа жауап ретінде нысан ішіндегі нүктені көрсету және Enter пернесін басу қажет.

Add: Select objects (Қосу: нысанды таңдау) батырмасы штрихтауға жататын нысандарды таңдауға мүмкіндік береді. Назар аударыңыз, нысандарды таңдағанда олар аражабындар құрмауы керек немесе онда тұйықталмаған пішіндер болмауы керек, бұл жағдайда штрихтау дұрыс жасалмайды.

View Selections (ерекшеленулерді қарау) батырмасы нысанның штрихтауға жататын барлық шекарасын қарауға мүмкіндік береді. Мұны ерекшеленулердің дұрыстығын тексеруде қолданған тиімді. Дәл осы мақсатта Preview (Алдын ала қарау) батырмасын қолдануға болады. Бұл кезде Hatch and Gradient (Штрих және градиент) терезесі жоғалып кетеді. Оны қайта шақыру үшін Esc пернесін басу керек. Егер штрихтау сізді қанағаттандырса, Enter пернесін басыңыз.

Штрихтау үшін градиентті қолдану

Hatch and Gradient (Штрих және градиент) сұхбаттық терезесінің Gradient (Градиент) қосымша бетшесі, тұйық аймақтарды толтыруға арналған штрихтау ретінде қолдануға болатын, градиенттік құюдың параметрлерін беруді жүзеге асырады. Градиент бір түстен екінші түске бірте-бірте ауысуды білдіреді.

 

Сурет 13. Hatch and Gradient (Штрих және градиент) сұхбаттық терезесінің Gradient (Градиент) қосымша бетшесі

 

Бұл терезені шақыру үшін келесі әрекеттерді жасау қажет:

· GRADIENT (Градиент) бұйрығын бұйрық жолына енгізіңіз;

· Draw (Сурет салу) аспаптар тақтасындағы GRADIENT (Градиент) батырмасын басыңыз;

· Draw Gradient (Сурет салу Градиент) бұйрығын орындаңыз.

Gradient (Градиент) қосымша бетшесіндегі күйге келтіруді пайдалана отырып, градиенттің түрін және оның түсін нақтылауға болады. Color (Түс) аумағындағы ауыстырып-қосқыштың көмегімен таңдалған түске (One color) немесе бірнеше түске (Two color) қарай градиент жасауға болады. Түс Select Color (Түс таңдау) терезесінің көмегімен таңдалады, ол түстер тізіміндегі көп нүкте батырмасын басқанда пайда болады. One color (Бір түс) градиентін қолданғанда реңктің өзгеруін сырғыманың көмегімен салуға болады. Егер де оны Shade (Қою) жаққа қарай ауыстырса реңк қоюлана түседі де, ал Tint (Ашық) жаққа қарай болса, онда ашық түске қарай өзгереді.

Orientation (Орналастыру) аумағындағы жалаушаны қою Centered (Ортаға қою) құйып бояудың симметриялы болуын қамтамасыз етеді. Үлгінің қисайту бұрышын Angle (Бұрыш) өрісі арқылы беруге болады.

Дайын болған үлгінің қалай шыққанын қарау Preview (Алдын ала қарау) батырмасын басу арқылы көруге болады.