Гипотензивті терапия

Стационар

ПМСП

Емдеу тактикасы

Пациентке преэклампсияның жеңіл дәрежесі диагнозын қойғаннан кейін жоғары денгейдегі мекемелерге диагнозды нақтылау үшін жіберіледі.

Жеңіл преэклампсия – ем қажет етпейді, тек қана мұқият бақылау жүргізу.

Ауыр преэклампсия белгілері анықталса – магний сульфатын енгізуді бастац және көрсеткіштер бойынша гипотензивті терапия.

Қабылдау бөлімшесінде ауыр преэклампсияның белгілерімен келген жүкті әйелді дәрігер қарайды.

Егер босану қызметі немесе босануга дейінгі қағанақ суының кету анықталған жағдайда жүкті әйелдә міндетті түрде босану блогына жатқызады.

Жүкті әйелдің жағдайына байланысты акушер-гинеколог анестезиолог-реаниматолог дәрігермен арнайы бөлімшелерге жатқызуды шешеді. Жүкті әйелді бөлімшелерге тек қана каталкада тасымалдайды.

Аыур преэклампсияның бірден-бір нәтижелі емі – босандыру.

Шұғыл босандыруға көрсеткіштер:

1) ауыр преэклампсия;

2) ұрықтың жағдайы нашарлауы;

3) преэклампсияның симптомдарының өсуі.

Жүктіліктің 37 аптасы немесе одан жоғары мерзімінде босандыру жүргізіледі.

Операциясыз өз бетінше босану тиімді болып табылады.

Жатыр мойнының толық емес ашылуын ынталандыру үшін (Бишоп бойынша 6 баллдан кем емес) ПГ Е2 немесе Е1 қолданылады(тек қана жатыр мойныішілік немесе қынапішілік енгізу).

Жатыр мойнының толық ашылуында окситоцин, амниотомия қолданылады (Бишоп бойынша бағалауы 6 баллдан кем болмау керек).

Жансыздандыру әдісі – перидуральді анестезия.

Ауыр преэклампсия кезіндегі кесар тілігіне көрсеткіштер:

- босануды ынталандырудың нәтижесіз болуы;

- гестация мерзімі 32 аптадан кем.

Ұрықтың жағдайын мұқият бақылау жүргізу үшін – ұзақ немесе тұрақты КТГ. Босанушы әйел жалғыз қалмау керек.

Операция арқылы босандырудың жансыздандыру әдісі – спинальды немесе перидуральды анестезия.

Симптоматикалық ем

Тырысуға қарсы және гипотензивті терапия

Тырысуға қарсы терапия

Магнезиальды терапия преэклампсии/эклампсии кезіндегі ең нәтижелі және қауіпсіз әдіс.

Бастапқы доза

Магнезия сульфаты (5г құрғақ зат) 20 мл-25% 10-15 минутқа инфузатормен енгізу

Ұстап тұрушы доза

Магнезия сульфаты (1-2г. құрғақ зат) 20 мл-25% 10-15 минутқа инфузатормен енгізу

Инфузатор болмаған жағдайда 320 мл 0,9% физ/ер 80 млмагний сульфаты 11 тамшы минутына (12-24 сағат ішінде) 10 г. құрғақ затты 5-5 грамнан 2 жамбасқа 1 мл 2% новокаинмен немесе 1 мл1% лидокаинмен енгізуге болады.

Тез әсер ететін гипотензивті препараттар:

Нифедипин (Са блокаторларының тобы) – бастапқы доза 10 мг (сублингвальді), 30 мин кейін қайталау (максимальді тәуліктік доза 120 мг).

Баяу әсер ететін гипотензивті препараттар:

Допегит (антигипертензивті препарат орталыққа әсер ететін, метилдопа) –бастапқы доза 250 мг/тәу, әр 2 күнде дозаны 250 мг/тәулігіне арттырады.

Тырысу кезіндегі көмек

Құрал-жабдықтарды дайындау (воздуховод, отсос, маска, мешок, оттегі) және минутына 4-6 л оттегі беріледі.

Әйелді зақымданудан сақтаңыз, бірақ қатты ұстамау керек.

Әйелді сол жақ бүйірімен жатқызу - тамақтың, құсық массасы және қанның тыныс алу жолдарында тұрып қалудын алдын алады.

Тырысу аяқталғаннан кейін ауыз қуысын және жұтқыншақты сорғышпен тазалау.

Содан кейін магнезиальды терапия жүргізіледі.

5.Әдебиет:

негізгі:

1) Р.С.Бейсембаева, Ә.Т.Раисова, Р.Ғ Нұрқасымова. «Акушерия». Алматы, «Білім», 2004ж.

2) Приказ МЗ РК №239 от 7.04.2010г. «Об утверждении протоколов диагностики лечения».

қосымша:

1) Раисова А.Т.Акушерия жіне гинекология.АсемСистем,2006ж.

2) Жомарт Нұрқасымұлы. Гинекология - Алматы, 2007ж.

3) Н.Ошибаев, Нұрқасымұлы Ж. Акушериялық және гинекологиялық операциялар- Алматы, 2006ж.

6.Бақылау сұрақтары:

1. Артериалды гипертензияның жеңіл және ауыр дәрежесіндегі систолалық және диастолалық қан қысымының көрсеткіштері?

2. Ауыр преэклампсияның жеңіл түрінен негізгі айырмашылығын атаңыз?

3. ПСМП денгейінде өткізілетін жүктілерде АГны аныұтаудың негізгі шаралар тізімін атаңыз?

4. Ауыр преэклампсия кезінде тиімді емдеу әдісі қандай?

5. Магнезиальды терапияның бастапқы дозасы?

6. Тез гипотензивті әсер ететін препараттарды атаңыз?

7. Тырысу кезіндегі көмек?

 

Құрастырушы:доцент Мырзабекова А.Ж.

 

1. Тақырыбы: Акушериядаға іріңді-сепсистік асқынулардың өзекті мәселелері.

 

2.Мақсаты: Жалпы медицина факультетінің 4 курс студенттерін босану кезіндегі және босанудан кейін болатын іріңді-септикалық инфекциялармен таныстыру, ана өлімін және ауруды төмендету мақсатында.

 

3.Дәріс тезистері: I.Кіріспе.Босанудан кейінгі инфекциялық аурулар-бұл ауру босанушыда байқалады.Жүктілікпен және босанумен тікелей байланысты емес,бактериалды инфекциямен көрінетін,босану кезінен бастап 42 тәулік ішінде пайда болады.

II. Іріңді-септикалық аурудың этиопатогенезі: Инфекционды процес классикалық түрде 3 фактордың ауыр байланысуының нәтижесі түрінде қаралады:қоздырғыштың түріне(саны және вируленттігі),біріншілік ошақтың жағдайы және ағзаның қарсы тұруы.

III.Берілу жолдары:Инфекцияның берілу жолдары болмағандықтан,озіндік патогенді флорасының активациясы жүреді(өзін-өзі зақымдайды). Басқа жағдайларда жұғу ішкі тұрақты емес госпитальдық штамптпрмен асептика және антисептика ережелері сақталмағанда болады.Сонымен қатар инфекцияның жаңа жұғу жолдарын ажыратып айтып кету керек-интрааминальді,акушерлік практикаға инвазивті әдістерді енгізумен байланысты(амниоцентез,фетоскопия,кордиоцентез).

IV.Таралу жолдары: Өз-өзін зақымдау,іштен зақымдалу,интрааминальді,гематогенді,лимфогенді,тартылысы бойынша,периневральді.

V.Диагностика:

-науқас шағымдары:

-анамнездік мәліметтер:

-клиникалық көріністерді бағалау:

-лабораторлы мәліметтердің нәтижесі:

-аппараттық:

-инстументальді тексеру әдістері:

VI. Сазонов-Бартельстің босанудан кейінгі инфекциялық аурулардың жіктелуі,босанудан кейінгі әртүрлі формалы инфекциялық ауруларды жеке этапты инфекциялық процесс ретінде қарастырады.

Бірінші этап- инфекция босану аймағымен шектелген:босанудан кейінгі эндометрит,босанудан кейінгі жара(қынап қабырғасында,жатыр мойнында).Опррациядан кеінгі жараның инфицирленуі іштің алдыңғы қабырғасында кесар тілігінен кейін.

Екінші этап-инфекция босану аймағынанда тыс таралған,бірак локализациясы кіші жамбас аймағында сақталған:метроэндометрит,параметрит,сальпингоофорит,шектелген тромбофлебит,кіші жамбас аймағының абсцесі.

Үшінші этап-инфекция кіші жамбас аймағына шыққан және генерилизацияға

 

тенденциясы бар:прогессирленген тромбофлебит,перитонит,септикалық шок,анаэробты газды инфекция.

Төртінші этап-генерализацияланған инфекция:сепсис(септицемия,септикописмия).

VI.Клиника.

VI.Емдеу принциптері.

-этиотропності:

-комплексті:

-симптоматикалық:

-активті:

-біріншілік ошақтың санациясы:

VII.Профилактика:

 

4.Иллюстрациялы материалдар.Лекция иллюстрациялы презентациялық мәліметтермен берілген-35 иллюстрациялы слайдпен.Кесар тілігінен кейінгі босану анализінің тарихы

(тарих көшірмесі).

5. Әдебиет:

1.Акушерство:Учебник+СД/ под ред. Г.М Савельсвой, Р.И. Шалиной(Л.Г.Сичиновы, О.Б. Паниной, М.А. Курцера.-М.,2008,-656 с.)

2.Гинекология:учебник/ под ред. Г.М. Савельсвой, В.Г. Бруссико.-3-с изд.- М,.2008.-432 с.

3.Айламазян Э.К. Акушерство:учебникү-5 с изд. Доп-СПб:Питер,2005.

4.Савельсва Г.М,. Акушерство: учебник/ Г.М. Савельсва, Р.Т. Шалина( и др.).-М.:ГОЭТАР-Медия,2009-656 с.

5. Р.С. Бейсембаева, Ә.Т. Раисова, Р.Ғ. Нұрқасымова – Алматы «Білім» баспасы, 2006.

 

6.Қорытынды сұрақтар(кері байланыс):

1.Босанудан кейінгі инфекцияға анықтама беру.Таралу және берілу жолдары.

2.Босанудан кейінгі іріңді-септикалық аурудың жіктелуі.

3.Босанудағы хорионамниотит,босанудан кейінгі жара,клиникасы,диагностикасы,емі,профилактикасы.

4.Босанудан кейінгі эндометрит,этиологиясы,клиникасы,диагностикасы,емдеу принциптері,профилактикасы.

5.Босанудан кейінгі тромбофлебит,жіктелуі,этиологиясы,диагностикасы,емдеу принциптері,профилактикасы.

6.Босанудан кейінгі мастит,этиологиясы,патогенезі,клиникасы,диагностикасы,емдеу принциптері,профилактикасы.

7.Акушерлік перитонит кесар тілігінен

кейінгі,этиологиясы,патогенезі,клиникалық формасы.

8.Диагностика,дәрігерлік тактика,перитониттің операциядан және кесар тілігінен кейінгі профилактикасы.

9.Акушерлік сепсис,сепсистің клиникалық жіктелуі.

10.Жаңа туылған нәрестенің іріңді-септикалық ауруы,клиникалық формасы.

 

 

Құрастырушы:доцент А.К. Шамова

 

1. ТақырыбыЕттеккір циклінің бұзылысы.

2. Мақсаты еттеккір циклінің бұзылысын сипаттайтын анықтама беру, сонымен қатар дисфункционалды жатрыдан қан кетулерді білу - ДЖҚ. Аменореяға анықтама беру. Аменорея түрлі нейроэндокринді аурулар симптомы ретінде. Аменореяның негізгі себептерін, патогенезін, жіктелуін оқу. ДДСҰ бойынша жіктеу және аменорея мен олигоменореяның негізгі себептерінің (клинико эндокриндік синдром) диагностикасының алгоритмі. Аменорея және олигоаменорея емі (дифференциальді әдіс, мақсаты және терапия әдістері). Нейроэндокринді бұзылыстардың біріншілкті алдын алудың негізгі бағыты.

3. Дәріс тезистері:

Еттеккір циклі бұзылуының этиологиясы, патогенезі және жіктелуі.
Қалыпты еттеккір функциясы нейроэндокриндік реттелудің маңызды бөлімдерінің дұрыс және синхронды әрекеттесуі арқылы жүзеге асады. Бұл реттелу жүйесін бес кезеңге бөліп қарастырамыз. Бұл күрделі реттелу жүйесіндегі бұзылыстар әртүрлі кезеңінде болуы мүмкін. Еттеккір функциясының бұзылысына әртүрлі себептер әкелуі мүмкін.

Клиникалық көріністеріне байланысты осы бұзылыстарды үш негізгі топқа бөлеміз:
1) аменорея және гипоменструалды синдром;
2) қан кетуге байланысты еттекір циклінің бұзылыстары;
3) ауырсынатын еттекір;
ДЖҚ анықтамасы. Дисфункционалды жатырдан қан кету (ДЖҚ) – репродуктивті мүшелердің органикалық патологиясы және қан аурулары болмай, тек гипоталамус – гипофиз - аналық без - жатыр жүйесінің функционалды бұзылыстарынан дамиды. ДЖҚ жіктелуі: овуляторлы, ановуляторлы. ДЖҚ: ювенильді, репродуктивті кезеңдегі, климактерикалық.

Әйелдің жастық кезеңіне байланысты емдеу принциптері: хирургиялық гемостаз (цервикальды каналды, жатыр қуысын емдік - диагностикалық қыру), гормональды гемостаз, реттеуші гормонотерапия. Еттеккір циклінің бұзылысының алдын алу.

Аменорея – 16 – 45 жас арасындағы әйелдерде еттекірдің 6 ай немесе оданда көп болмауы; нормогонадотропты (эугонадотропты), гипергонадотропты немесе гипогонадотропты. Жіктелуі. Этиологиясы. Аменорея емі.

 

4. Иллюстрациялы материалдар:

Құрамында сызбалар мен суреттер бар мультимедиялық презентация.

 

5. Әдебиет:

Негізгі:

1) Акушерство: Учебник+СД/ под ред. Г.М. Савельевой, Р.И. Шалиной (Л.Г. Сичинавы, О.Б. Паниной, М.А. Курцера. – М., 2008. – 656 с.

2) Гинекология: учебник/ под ред. Г.М. Савельевой, В.Г. Брусенко. – 3-е изд. – М., 2008 . – 432 с.

3) Василевская Л. Н. Гинекология. М., 1985. – с. 12-74.

Қосымша:

1. Айламазян Э.К. Акушерство: учебник. – 5-е издание, доп. – СПб: Питер, 2005

2. Савельева Г.М., Акушерство: учебник/ Г.М. Савельева, Р.Т. Шалина (и др.). – М.: ГОЭТАР – Медия, 2009 – 656 с.

3. Алипов В. И., Бескровная Н. И., Гладун Е. В. Основы гормонотерапии в гинекологии. Кишинев, 1986.

4. Бакулева Л. П. Альгодисменорея. М., 1988.

5. Малевич К. И., Русакевич П. С. Лечение и реабилитация при гинекологических заболеваниях. Мн., 1994.

6. Травленко Т. Д., Сольский Я. П. Справочник по акушерско-гинекологической эндокринологии. Киев, 1989.

7. Серов В. К. Нейроэндокринные нарушения менструального цикла. М.,1984.

6.Қорытынды сұрақтары (кері байланысы)

1. Меноррагия дегеніміз не?

2. ДЖҚ әйелдің жастық ерекшеліктеріне байланысты қандай аурулармен дифференциялау керек?

3. Гормональды гемостаз кезінде қандай гормондарды қабылдайды?

Әртүрлі жынстық жетілу кезінде, репродуктивті және пременопауза кезеңдерінде ДЖҚ емі ретінде қандай гемостаз әдістері қолданады?

4. Аменореяның дифференциальды диагностикасы?

5. Аменорея және олигоменорея кезіндегі нейроэндокринді бұзылыстарды диагностикалау алгоритмі?

 

Құрастырушы:доцент Шарипова М.К.

 

1.Тақырыбы:Отбасын жоспарлау. Бедеу неке.

2.Мақсаты:Отбасын жоспарлау әдістері мен қағидаларына түсініктеме, бедеу неке себептері.

3.Тезистері:

Отбасын жоспарлау контрацепция көмегімен жүзеге асады.Отбасын жоспарлау тапсырмалары: қалаусыз жүктілікті болдырмау; тек қалаулы бала болуы; ата ана жасына байланысты баланың тууылу уақытын таңдау; жүктіліктер арасындағы қашықтықты реттеу; отбасындағы балалар санын анықтау.

Отбасын жоспарлаудың бес қағидасы: 1) 18 жасқа дейінгі жүктіліктің алдын алу; 2) 35 жастан жоғары әйелдер жүктілігінің алдын алу; 3) интергенетикалық интервал 2 жыл; 4) көп босанушыларды қауіп тобына енгізу; 5)ЭГА бар әйелдерді емдеунемесе қарсы көрсеткіштері болғанда жүкті болмау.

Контрацепция әдістері: гормондық, жатыр ішілік, тосқауылдық (немесе механикалық), химиялық, отбасын жоспарлаудың табиға жолдары.Қайта қалпына келмес әдіске хирургиялық стерилизация жатады.

Бедеу неке– бұл репродуктивті кезеңде ешқандай контрацепттік заттар қолданбай 12 ай бойы жыныстық өмірді кешіп,бірақ осы аралықта жүктіліктің болмауы.Жиілігі 10-15 % дан 18-20%ға дейін. Еркек және әйел бедеулігі.Біріншілікті әйел бедеулігінің себептері.Біріншілік және екіншілік әйел бедеулігі.

4.Материалдармультимедиялық презентация, схемалар,суреттер.

5.Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Акушерство: Учебник+СД/ под ред. Г.М. Савельевой, Р.И. Шалиной (Л.Г. Сичинавы, О.Б. Паниной, М.А. Курцера. – М., 2008. – 656 с.

2. Гинекология: учебник/ под ред. Г.М. Савельевой, В.Г. Брусенко. – 3-е изд. – М., 2008. С. 367 – 404.

3. Акушерство: учебник + СД /под ред. Г.М.Савельевой, В.Г.Бреусенко. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.С. 24-30.

4. Гинекология: учебное пособие по клинической практике для студентов медицинских колледжей/ под.ред. К.А.Аяпова – Алматы, 2005., С.-14-29

Қосымша:

1. Айламазян Э.К. Акушерство: учебник. – 5-е издание, доп. – СПб: Питер, 2005

2. Савельева Г.М., Акушерство: учебник/ Г.М. Савельева, Р.Т. Шалина (и др.). – М.: ГОЭТАР – Медия, 2009 – 656 с.

3. Гинекология: учебное пособие по клинической практике для студентов медицинских колледжей/ под.ред. К.А.Аяпова – Алматы, 2005., С.-14-29

6.Бақылау сұрақтары:

1.Отбасын жоспарлау принциптері

2.Бедеу неке деп не аталады

3.Бедеуліктің жіктелуі

4.Бедеу жұпты зерттеу алгоритмі

 

Құрастырушы:Дудник Е.В.

1.Тақырыбы: Гинекологиядағы іштеспесі. Шұғыл көмек.

2.Мақсаты: «Іштеспесі» ауруының себебін, патогенезін білу. Жалпы клиникалық және қосымша зерттеу әдістерін білу. «Іштеспесі» ауруының диффереренцияалды диагностикасын білу. Гинекологиядағы «іштеспесі» ауруы кезінде шұғыл көмек көрсетуін білу.

3.Дәріс тезистер:

1) Гинекологиядағы «іштеспесі» ауруының анықтамасын, патологиялық күйі іштеспеснің синдромына алып келеді.

2) Гинекологиядағы іштеспесінің клиникалық симптомдары. Негізгі және қосымша зерттеу әдістері, «іштеспесінің» басқа жедел патологиялармен диф.диагностикасы.

3) Іштеспесімен ауыратын гинекологиялық науқастарға шұғыл көмек көрсету алгоритмі.

4) Гинекологиялық «іштеспесімен» ауыратын науқастарға жасалатын профилактикалық және реабилитациялық әдістер.

 

4.Иллюстрациялы материалдар:

Шағымда-ры мен симптомы Үзілген түтіктік жүктілік Аналық безінің апоплексия-сы Аналық без ісігі-нің аяқша-сының оралуы Пио- сальпинкс Аппен- дицит Ішек өтім-сізді-лігі Пери- тонит
Етеккірдің кешігуі +            
Аурудың басталуы етеккірдің ортасында   +          
Аурудың басталуы етеккірдің соңында       +      
Жиі ауыру   + + + +   +
Ұстамалы ауыру +            
Толғақты ауыру           +  
Эпигастр. аймағында ауыру         +    
Шап аймағын-дағы ауыру + + + + +    
Шайын-шып ауыру     + +   + +
Тік ішек ирродация-сы + +   +      
Френикус-симптомы + +          
Құсу, лоқсу     + + + + +
Субфебр. температу-ра     +   + +  
Жоғары дене қызуы       +     +
Қалыпты дене қызуы + + +        
Бас айналу, талу + + +        
Жүктілік-тің субъектив-ті белгілері +            
Гипотония + + +        
Бозарың-қылық + + +        
Тахикардия + + + + + + +
Құрғақ ақ үлпек басқан тіл     + + + + +
Іштегі жел           + +
Сұйық нәжіс       + +   +
Лейкоцитоз       + + + +
Анемия + +          
ЭТЖ жоғарлауы       +     +
Іштің кебуі   + + + + + + +
І Іш ассимет-риясы     +     +  
Қынаптан қан бөліну +            
Іріңді бөліну       +      
Кумбездің Нависание сводов + +   +     +
Жатыр мойны жылжып кеткендегі ауырсы-нуы + + + +     +
Жатырдың үлкеюі +            
Жатыр қосалқы-сының үлкеюі + + + +