Жіктелуі
Патогенез
Жалпы алгоритм
Жағдай Шаралар | Созылмалы артериальды гипертензия, гестациялық гипертензия | Жеңіл преэклампсия | Ауыр преэклампсия | Эклампсия |
Тактика | Зерттеу, амбулаторлы бақылау | бақылау зерттеу, мұқият бақылау (мүмкін амбулаторлы) | белсенді | |
Госпитализация | - | Зерттеу үшін | міндетті госпитализация III-II денгейдегі мекемелерге | |
Арнайы терапия | Гипотензивті терапия көрсеткіштер бойынша | Гипотензивті терапия көрсеткіштер бойынша | магнезиалық, гипотензивті терапия | |
Босандыру | — | — | Ауыр преэклампсия кезінде –24-48 сағат ішінде, Эклампсия кезінде – 12 сағат ішінде |
Анықтама
Гипертензия – бұл диастолалық қан қысымының бір рет өлшегенде 110 мм с.б.б. тең немесе одан жоғары болуы немесе екі рет 4 сағаттық үзіліспен өлшегенде 90 мм с.б.б. немесе одан жоғары болуы.
Жеңіл артериалды гипертензия
Систола қан қысымы ≥140 мм.с.б.
Немесе диастолалық қан кысымы ≥90 мм.с.б.
Екі рет 30 минут үзіліспен өлшегенде
Ауыр артериалды гипертензия
Диастолалық қан кысымы ≥110 мм.с.б. екі рет 30 минут үзіліспен өлшегенде
Немесе систола қан қысымы ≥160 мм.с.б. екі рет 30 минут үзіліспен өлшегенде
Протеинурия - > 0,3 г/л 2 анамнезінде түскен кезде және 4 сағ. соң
Ісіну аяқтарында – 50-80% физиологиялық ағымдағы жүктілікте ісіну кездеседі.
Ісінусіз жүретін преэклампсия ісінумен жүретін преэклампсияға қарағанда ана мен ұрыққа аса қауіпті. Тез пайда болатын жайылған ісінулер, әсіресе бел аймағындағы, қауіпті белгі болып табылады.
Преэклампсия – АҚҚ жоғарылауымен және протеинуриямен сипатталатын полисистемалы синдром
Жеңіл преэклампсия – гипертензия және протеинурия ± ісінулер
Ауыр преэклампсия –
Ø ауыр гипертензия + протеинурия
Ø әр түрлі дәрежедегі гипертензия+ протеинурия + келесі симптомдардың бірі:
- қатты бас ауру
- корудің нашарлауы
- эпигастрий аймағында ауырсыну сезімі
- құсу, лоқсу
- жайылған ісінулер
- олигоурия
- пальпацияда бауыр ауырсынады
- тромбоциттер саны 100 x 106г/л төмен
- бауыр ферменттерінің артуы (АлАТ немесе АсАТ 70 МЕ/л жоғары)
- HELLP-синдром
- Жатырішілік ұрық дамуының кідірісі
Негізгі және қосымща диагностикалық шаралардың тізімі
Алғашқы көмек:
- АҚ өлшеу
- ЖЗА (ақуыз)
- ЖҚА (гемоглобин, тромбоциттер)
Стационар жағдайында
- АҚ өлшеу
- ЭКГ
- ЖЗА, бір тәулікте зәрдегі протеинурия
- ЖҚА (гемоглобин, гематокрит, тромбоциттер, ұю уақыты)
- биохимиялық қанг анализі (жалпы белок, креатинин, АЛаТ, АСаТ, мочевина, билирубин) – көрсеткіштер бойынша
- коагулограмма
- ұрықтың КТГ
- УДЗ
- Допплерометрия