Леон Ф. Уитни Психология собаки. Основы дрессировки собак 2 страница

2 Дисконттау. Жобаны өткізуде алынған пайда мен ақша түсімдерінен қажетті инвестиция көлемін есептеу.

3 Инвестицияны бағалаудың әдістері – NPV,HI,IRR,PP,ROI.

 

1 Инвестициялардың мәні мен түрлері . Бизнес жоспардың құрушылары

Инвестиция - қоғамды техникалық, технологиялық, әлеуметтік, мәдени, интеллектуалды дамытуға салынан қаржы немесе капитал. Инвестицияның нысаны болып (салынып, жанартып және кеңейіп жатқан) кәсіпорындар және жаңа өнімді немесе қызмет көрсетуге арналған оның негізгі қорларының түрлері; қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамыту мәселелерін шешуге арналған республикалық, аймактық немесе салалық бағдарламалар; өнімнің немесе қызметтің жаңа түрін шығарулар жатады.

Инвестицияның келесідегідей түрлері қолданылады: қаржының ақшалай түрі (мақсатты салымдар, бағалы кағаздар, несиелер, мүліктік немесе басқа да салымдар); құрылыстар, ғимараттар, жұмыс машиналары және механизмдері, беріліс құрылғылары, транспорт, өндірісте пайдаланатын басқа мүліктер , жер, акшаға теңдес мүліктік құқық.

Инвестициялық шығындар инвестициялық бағдарламаны орындауға қажетті қаржылардан тұрады. Оларға жер сатып алу, құрылыс салу алаңын дайындау жұмыстары, жобалық және конструкторлық жұмыстар, негізгі өндірістік үрдіске қажетті құрылысты салу, машиналарды, жабдықтарды және басқа негізгі қорларды сатып алу, пайдалану және енгізу алдындағы ескерілмеген шығындар жатады.

Инвестиция көзі болып табылатындар:

- өз қаражаты - пайда, амортизациялық аударылымдар немесе нақты бір мүліктер, нысандар: жер, негізгі қор түріндегі өндірістік меншік немссе жеке меншік;

- жеке тұлғалардың немесе өндірістік-қаржылық топтардың қайтарымсыз қаржыны беруі;

- бюджеттен (республикалық, жергілікті) болу;

- қарыз ақша (банктердің, сақтандыру компанияларының несиелері, шетел несиеслері, қайтарылуы қажет мемлекеттік несиелер және т.б.).

Жоспалар жүйесінде бизнес-жоспар ерекше орын алады. Ол қайтадан құрылып жатқан немесе қызмет жасап жатқан кәсіпорында жаңа кызмет түрін қалыптастыру кезінде, сондай-ақ жеке және ішкі өндірістік инвестициялық жоспар-жобаларды қалыптастыру кезінде жасалады.

Бизнес-жоспардың мазмұнына келесідегідей бөлімдер кіреді:

- қайтадан құрылып жатқан немесе қызмет жасап жатқан кәсіпорында жаңа қызмет түрінін сипаттамалары;

- өнімнің сипаттамасы, оның ерекшелігі және сапасы;

- өнімді өткізу нарығын талдау;

- бәсекелестерді бағалау;

- маркетинг жоспары;

- өндірістік жоспар;

- ұйымдастыру жоспары;

- қаржылык жоспар.

Бизнес-жоспарды толығымен жасап шығу жоспарлау саласында тек экономикалык білімді қажет етіп қоймай, сондай-ақ жоспарланып отырған өндірістің технологиясын және кәсіпорын жұмыс жасайтын сытқы экономикалық қатынастарды жақсы меңгеру керек. Қазіргі заманғы кәсіпорындар өзінің негізгі өндірісімен қатар қызметінің көмекші және коммерциялық әртүрлі жақтарын дамытады. Бұл энергетикалық кәсіпорындарға да тән нәрсе. Олардың құрамына өнім өндіру бойынша, халыққа немесе басқа кәсіпорындарға қосымша қызметтер көрсету бойынша коммерциялык және өндірістік құрылымдар кіреді. Сондықтан осы бөлімдер тиімді жұмыс істеу үшін олардың қызметін осы жасалған бизнес-жоспарлар негізінде реттеп отыру керек. Ол тіпті ұсақ коммерциялық құрылым құрған кезде де маңызды болып табылады.

Бизнес-жоспарды жасау осы саланың мамандарымен жасалуы қажет және бұл кәсіпорынға көмекші өндірісті қалыптастырудың қажеттілігі жайлы және оның маңыздылығын, экономикалық тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.

 

2 Дисконттау. Жобаны өткізуде алынған пайда мен ақша түсімдерінен қажетті инвестиция көлемін есептеу.

Отандық экономикалық әдебиеттерде негізгі қорларды жетілдіру мен дамытуға салынатын инвестицияны капиталдық салымдар деп атайды.

Тиімділіктің жалпы теориясында инвестициялық салымдарды коммерциялық және қаржылық тиімділік, бюджеттік, экономикалық тиімділік деп бөлінеді. Олардың әрқайсысы өзінің анықталған жүйелік көрсеткіштерімен сипатталады және нақты бір мақсатқа пайдаланады. Қаржылық тиімділік инвестициялык жобаға қатынасушылардың сол қаржының салдарынан болатын нәтижелерін бағалауға қоланылады. Бюджеттік тиімділік бюджет көздерінен қаржыландырған жобалар бойынша анықталады.

Экономикалық нәтижені немесе жобаның тиімділігін әртурлі көрсеткіштермен сипттайды: қосымша табыс, пайда немесс үнемделген ағымдағы шығындар.

Жалпы экономикалық тиімділікті бағалаудыц қарпайым түрінен күрделі түріне дейінгі бірнеше әдістері болады: қаржы салымдарының өтелу мерзімін анықтау әдісі, табыс немесе пайданың абсолюттік шамасы (бойынша экономикалық тиімдітікті бағалау әдісі, жобаның рентабелділік деңгейі бойынша, уақытты есепке алатын дисконттау әдісі.

Экономикалық тиімділікті өтелу мерзімі бойынша бағалаудың мәні -жобаны енгізуден алынатын пайда есебінен салынған инвестицияның өтелетіндігін көрсететін, уақытты сипаттайтын «өтелу мерзімі» көрсеткіші бойынша есептелетін инвестициялық жобаның мақсатқа лайық екендігін білдіреді.

 

Тотелу=К/Пжоба

мұндағы К - капитал салымдары;

Пжоба - жобаны енгізу нәтижесінде алынатын жылдық пайда.

 

Мысал 1. 110 кВ қосалкы стансаны жаңартуға. 800 мың теңге инвестиция қажет. Егер жаңартылған болса, онда жылдық электр энергиясының ысырабын төмендету нәтижесінде 250 мың теңге үнемдеуге болады екен. Сонда салынған инвестицияның өтелу мерзімі қандай болады?

 

Төтелу = 800/250 = 3.2 жыл.

 

Жаппы экономикалық тиімділікті бағалаудың құндык критериі ретінде өтелу мерзіміне кері көрсеткіш - тиімділік коэффициенті қолданылады:

 

Е=1/Төтелу

Тиімділік коэффициентінің нормативтік мәндері нормативтік өтелу мерзімдері кезінде төмендегідей

Тн = 10жыл- Ен = 0.1, Тн = 8.5 жыл-Ен = 0.12, Тн = 6.7жыл- Ен = 0.15.

Әртүрлі мерзімдегі шығындар немесе пайдаларды базистік жылға келтіру үшін дисконттық норма қолданылады (r). Экономикалық есептеулерде дисконттық норма ретінде оған эквивалент ретінде капиталды депозитке салуға белгіленетін жылдық банктік пайыз қолданылады. Әлемдік практикада бұл пайыз 10-12% аралығында жатады, яғни дисконттық норма r -0.1 немесе r = 0.12.

Келтірілген шығындар немесе пайдаларды анықтау үшін жобаның t мерзімге созылатын қызмет ету мерзімінде дисконттау коэффициенті қолданылады.

 

Bt=1/(1+r)t

мұндагы Вt - әртүрлі мерзімдегі шығындарды бастапқы капитал салынған мерзімге келтіру;

t- капиталды қайтарып алудың нақты мерзімі; r - дисконттық норма.

Егер инвестицияның құнын инвестицияны қайтарудың соңғы мерзіміне келтіру үшін дисконтқа кері шама қолданылады

 

Үt=(1+r)t

 

Бұл көрсеткіш көбінесе капиталға банктік пайызды есептеген кезде немесе тұрақты өсіп отыратын инфляция деңгейіне қолданылады. Дисконттау коэффициенттерін қандай да бір нақты инвестициялық мерзімге есептеген кезде тұрақты шама болып келеді (1 Кесте).

Кезең-кезеңмен салынатын қаржы салымдарының дисконтталған бүгіні құны төмендегідей ақыкталады

 
 

 

мұндағы t - қаржыны салудың бастапқы (нөлдік) мерзімінен - tо жобаның біту мерзіміне - tб дейінгі мерзімдері (немесе кезеңдері);

Кt - t-мерзіміндегі жұмсалатын қаржылар (инвестициялар).

Капитал салымдарын пайдалану нәтижесінде табыс, пайда немесе үнемделген шығындар түріндегі экономикалық тиімділікті бағалау кезінде уақыт факторын есепке алып отыру керек.

 

 

мұндағы Пд - қайтарылатын қаржының - пайданың (табыстың) дисконтгалған құны;

nt-t-мерзімдегі қайтарылатын қаржы (түскен табыс немесе үнемделген шығын).

Инвестициялық жобаны жүзеге асыруда әрбір t-мерзіміндегі болатын шығындар мен пайданың уақыттық өзгерістерін толығымен есепке алу «таза келтірілген (дисконтталған) құн» -ТДҚ (NPV) к-рсеткіші береді

 

 

мұндағы , - инвестициялық жобаның - мерзіміндегі пайда мен жылдық шығындар.

 

3 Инвестицияны бағалаудың әдістері – NPV,HI,IRR,PP,ROI.

Инвестиция табыстылығы (ROI – Return On Investment) жобаның пайдалылығын анықтап қана қоймай, бұл пайданың деңгейін бағалайды да. Бұл көрсеткіш орташа жылдық пайданың инвестициялық шығынның жалпы көлеміне деген қатынасы арқылы анықталады.

Инвестиция табыстылығы (немесе пайда мөлшері) жобаның тиімділігін бағалау үшін капитал салымының балама нұсқаларымен салыстыра отырып пайдаланылуы мүмкін. Сонымен қатар, егер жобаның пайда мөлшері банктік есеп пайызынан кем болмаса, онда жоба экономикалық пайдалы деп танылады

q = 1 / (1+ R),

 

мұндағы: R-дисконттау мөлшері.

Кері дисконттап рәсімдеу арқылы бүгінгі сомаға барабар болашақ соманы анықтауға болады.Онда бүгінгі сома 1/q = (1+ R)коэффициентіне көбейтіледі.

Пайызды санаудың негізгі екі тәсілі бар – жай және күрделі пайыздар. Бұлардың айырмашылығы тек пайыз санаудың бастапқы негізін таңдауға байланысты.

Жай пайыз – бұл ақша қаражатының тек бастапқы инвестициялық сомасына ғана пайыз санау. Мұндай тәсілде ақша қаражатының бастапқы сомасына (PV –present value) T рет пайыз саналып, PV белгілі бір уақыт ішінде FV (future value – болашақ құны) шамасына жетеді:

 

FV= PV´ (1+R)´T,

 

мұнда R – белгілі бір уақытқа тән пайыз мөлшері.

Күрделі пайыз – белгілі бір Т уақытта бастапқы инвестициялық сомасы (PV) болашақ құнының (FV )деңгейіне жету үшін пайызды санау тәсілі.

 

FV = РV ´(1+R)Т

 

Бірінші тәсілден ерекшелігі – қаржыға алдыңғы кезең үшін төленетін пайыз сомасы да кіретін қосындыға пайыз сомасы саналады. Бұл тәсіл пайыздық төлемдердің барлығы да қайта инвестицияланады және дәл осындай табыс пайызын әкеледі деген ережеге сүйенеді.

Қарастырылған әдістерді кез–келген қаржылық операцияларды бағалау сомасына да қолдануға болады, ал күрделі пайыздар формуласы әр түрлі уақыттағы ақша мөлшерін дисконттауға пайдаланылады. Шынында да, егер капитал иеленушінің PV ақшалай қаражат сомасы болса, онда, оны қандай да бір капитал жинақтау көзіне сала отырып, оған жылына - R пайыз төленіп отырса, ол Т уақыт кезеңінен кейін белгілі табысқа ие болар еді.

Бұдан шығатын қорытынды: меншік иесі үшін PV сомасы Т жылдан кейінгі FV сомасының ақшалай баламасы болып табылады:

PV= FV: (1+R)Т

 

Мұнда ағымдық құны PV болашақ FV ақша қаражатының көлемі мен Т уақыт кезеңіне ғана емес, қабылданған пайыздық мөлшеріне де тәуелді екендігін айтып өту керек.

Табыстары мен шығындары ылғи өзгеріп отыратын ұзақмерзімді жобаларды қарастырғанда ғана инвестициялық жобаларды негіздеу үшін динамикалық әдіс пайдаланады.

Инвестициялық жобаларды талдау мақсатында инвестицияның экономикалық тиімділігін бағалаудың келесі динамикалық әдістері пайдаланылуы мүмкін:

- инвестициялық жобаны жүзеге асырумен байланысты нәтижелер мен шығындардың қаржылық мәндерінің айырмасын табуға негізделген күрделі салымдардың абсолютті тиімділігін бағалау (ағымдық құн әдісі, аннуитет әдісі);

- инвестициялық жобаны жүзеге асыруға байланысты нәтижелер мен шығындардың қаржылай мәндерінің айырмасын табуға негізделген күрделі салымдардың салыстырмалы тиімділігін бағалау (ішкі табыстылық әдісі);

- бастапқы инвестициялық шығындар жобаны іске асырудан түскен табыспен толық ақталатын күрделі салымдардың қайтымдылық кезеңін бағалау (өтімділік әдісі).

Ағымдық құн әдісі инвестициялық жобадан келетін интегралды экономикалық нәтижені анықтауға негізделген. Шетелдің экономикалық әдебиеттерінде бұл көрсеткіш Net Present Value (NPV) – ағымдық таза құн деген атауға ие.

Интегралдық экономикалық нәтиже – ағымдық таза құн (NPV) бүкіл инвестициялық кезең ішінде жобаны жүзеге асыру үдерісінде жүргізілген дисконттық ақша табысдері мен төлемдерінің айырмасы ретінде есептеледі.

Ағымдық таза құнның (NPV) оң мәні жобаны қаржыландыру туралы шешімнің дұрыстығын куәландырады, ал баламалы жобаларды салыстыруда экономикалық нәтиженің мәні ең жоғары болса, ол жоба тиімді болып табылады.

Табыс индексі(PI-Profitability index) инвестициялық кезең ішінде дисконтталған ақша шығындары мен табысдерінің қатынасын сипаттайтын көрсеткіш түрінде анықталады.

Инвестициялық жоба жөнінде шешім қабылдау келесі шарттармен белгіленеді:

- егер табыс индексіPIбірден көп болса, жоба қабылданады,

- егер табыс индексі PIбірден кем болса, онда жоба қабылданбайды.

Табыстылық әдісі жобаның ішкі рентабельділігін (Internal Rate of Return, IRR), яғни инвестицияланатын капиталдың өсу қарқын анықтайтын есептік пайыз мөлшерлемесін анықтауға пайдаланылады.

Егер ішкі табыстылық мөлшерлемесі осы жоба үшін бекітілген ең аз табыстылық деңгейінен асса және бірнеше баламалы жобаларды салыстыруда ішкі табыстылық шамасы жоғары болғанда, онда жоба үнемділік жағынан тиімді деп есептеледі.

Сонымен қатар, ішкі табыстылық (IRR) көрсеткіші жобаны несие арқылы қаражаттандыруды шығынсыз атқару үшін қажет қарыздық пайыздың мөлшерлемесінің ең жоғарғы мәнін анықтайды. Шығынсыз дегеніміз – несиелік төлем үшін меншікті инвестициялық капиталдан түскен пайданы пайдаланбай-ақ жобаны жүзеге асыру.

Тәжірибе жүзінде ішкі табыстылық көрсеткішін анықтауды рәсімдеу белгілі бір қиындықтар тудырады.Әртүрлі дисконттау мөлшерлемелердің ағымдық таза құнының (NPV) бірнеше мәнін есептеп шығаруға негізделген графиктік әдісті пайдалануға болады. Бұл жағдайда график абциссалар осін қиып өтетін дисконт (R) мәні ізделінеді және ол ішкі табыстылықті (IRR) береді.

Ұсақтауға икемсіз жобалар. Инвестициялық жоба тек толық көлемінде қабылдау керек болған жағдайда, жобаның оңтайлы нұсқасын табу үшін жобалардың жиынтық ағымдық таза құнымен (NPV) салыстыру арқылы жүзеге асырылады. Ағымдық таза құнының (NPV) жиынтық мәні неғұрлым көп болған сайын сол жоба оңтайлы болып табылады.

Инвестициялық жобаларды уақыт бойынша оңтайлау. Бұл әдіс бойынша бірнеше тартымды инвестициялық жобалар қаралады, бірақ ресурстардың шектелгендігіне байланысты оларды жоспарлы жыл ішінде жүзеге асыруға мүмкіндік болмағанда, оларды келесі жылы жүзеге асыру мүмкіндігін анықтайтын (толығымен немесе бір бөлігін) мәселелерді айтамыз. Бұл мәселені шешу жобаларды екі жыл бойынша оңтайлы түрде үлестіру арқылы жүзеге асады.

Шешімдер кезектілігі келесідей:

Әр жоба бойынша, егер оны іске асыру бір жылға ұзартылатын болғанда ағымдық таза құнының (NPV) салыстырмалы шығындалуын сипаттайтын ықтимал шығындар индексі бойынша есептеледі:

I= (NPV1- NPV0) : IC

мұндағы: NPV1- қарастырып отырған жобаның бірінші жылғы соңындағы келтірілген ағымдық таза құны;

NPV0 і- мөлшерлемесі бойынша NPV1 дисконтталған шамасы, яғни:

NPV0 = NPV1 : (1+ i)

мұнда: і – қаржыландыру көзінің “құны”

IC – бір жылға кейін қалдырылған инвестициялар мөлшері.

2. Ықтималдық шығындар индексі төмен жобаны іске асыру келесі жылға қалдырылады.

 

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1 Инвестициялардың мәні мен түрлері.

2 Бизнес жоспардың құраушылары

3 Дисконттау.

4 Жобаны өткізуде алынған пайда мен ақша түсімдерінен қажетті инвестиция көлемін есептеу.

5 Инвестицияны бағалаудың әдістері – NPV,HI,IRR,PP,ROI.

Әдебиеттер:

1 Е.М. Шабалин. Финансы энергетики. Учебник. М.Высшая школа. 2006

2 Котлер Ф. Основы маркетинга. М.Экономика. 2007г.

3 Ержанов С.И. Сала экономикасы: оқу құралы.- Алматы: АЭжБИ6 2005.

4 Ускенов М., Мархаева Б.А., Абилгазиева Ж.Е. Шаруашылық қызметтерін талдау. Оқу құралы. Шымкент. «Нұрлы бейне». 2007. 156 б.

5 Экономика и управление в энергетике: Учебное пособие по ред. Н.Н. Кожевникова.-М.: Изд.Центр «Академия». 2006г.

6 Экономика электроэнергетики: рыночная политика: Сб./Отв.ред.Э.Хоуп и др. Сибирское отделение Российской академии наук, 2006г.

7 О.Лукша, П.Сушков, А. Яновский. Центр коммерциализации технологий - организационное развитие: как создать, руководить, организовать мониторинг и оценку деятельности. Проект Europeaid «Наука и коммерциализация технологий», 2006.

8 Инновационный проект: подготовка для инвестирования/К.А. Хомкин. – М.: Издательство «Дело» АНХ, 2010. - 120 с.

9 Есиркепова А.М., Исаева Г.К., Ускенов М.К. Коммерциаландыру және бизнес-жоспарлау. ЖОО экономикалық, техникалық және ауылшаруашылық мамандықтары студенттеріне СӨЖ жүргізуге арналған әдістемелік нұсқау. М.Әуезов ат. ОҚМУ баспасы. Шымкент. 2012. 15 б.

 

Тақырып: Еңбек сиымдылығының нормативтері.

1.Энергетикалық құрал-жабдықтардың жөндеуде тұру нормалары

2. Жөндеуді ұйымдастыру нормалары.

3. Жөндеудің экономикалық көрсеткіштері.

4. Функционалдық бірліктер өлшемі. Шығын нормативтерінің құрылымы

 

1. Энергетикалық құрал-жабдықтардың жөндеуде тұру нормалары

Ақпараттық жүйелерді құруға, дамытуға және сүйемелдеуге жұмсалатын шығындардың нормативтері (бұдан әрі – Шығын нормативтері) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңы 6-бабының 23) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Шығын нормативтері мемлекеттік орган ақпараттық жүйесінің қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуін құру, дамыту және сүйемелдеу үшін жұмыстардың еңбек сыйымдылығын және құнын есептеген кезде, Шығын нормативтеріне 1-қосымшада келтірілген Ақпараттық жүйенің қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуін құру, дамыту және сүйемелдеу үшін жұмыстардың еңбек сыйымдылығы және құнының есептемесіне сәйкес қолданылады. Шығын нормативтері ақпараттық жүйені құрудың бюджеттік инвестициялық жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу кезеңінде бюджетті жоспарлау үшін қолданылады.

Шығын нормативтерінде келесі түсініктер мен қысқартулар қолданылады:
1) ақпараттық жүйе (бұдан әрі – АЖ) – аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдануға негізделген және ақпаратты іздестіруге, сақтауға, өңдеуге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған жүйе;
2) актор – жүйемен өзара іс-қимылдағы және оның функционалды мүмкіндіктерін белгілі бір мақсаттарға жету үшін немесе жеке есептерін шешу үшін пайдаланатын жүйеге қатысты кез келген сыртқы есептеу болмысы;
3) әзірлеуші – бағдарламалық құралдардың өмірлік циклі үдерісінде әзірлеу (талаптарды талдауды, жобалауды, қабылдау сынақтарын қоса алғанда) жөніндегі жұмыстарды орындайтын жеке немесе заңды тұлға;
4) ақпараттық жүйені әзірлеудің еңбек сыйымдылығы – адам-аймен өлшенетін АЖ ҚБҚ өндіруге ететін жұмыс уақытының, еңбегінің шығыны;
5) бағдарламалық қамтамасыз ету – машиналық бағдарламалар, рәсімдер және, оларға байланысты құжаттамалар мен деректер жиыны;
6) бағдарламалық құралдардың сапасы – оның жарамдылығы берілгенді қанағаттандырумен айтулы немесе оның мақсатына сәйкес тұтынушылығын ұғындыратын бағдарламалық құралдар ерекшеліктерінің жиынтығы;
7) АЖ бағалаушысы – қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеудің еңбек сыйымдылығын және құнын есептейтін, осы әдістеменің пайдаланушысы немесе пайдаланушылары;
8) АЖ ҚБҚ дамыту – АЖ қосымша жаңа функционалдықта туындаған қажеттіліктерге байланысты, тиісті құжаттаманы және бағдарламалық өнімнің жаңа модульдерін немесе құрамдас бөліктерін әзірлеу;
9) АЖ-ге техникалық талаптары – бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуге, қолдауға, пайдалануға қойылатын талаптары. Жүйеге қойылатын техникалық талаптар бағдарламалау тілдеріне, операциялық жүйелерге, тестілеу құралдарына, деректер қорына және пайдаланушылық интерфейске қойылатын талаптар болуы мүмкін;
10) еңбек сыйымдылығының нормативтері – ақпараттық жүйені әзірлеудің белгілі бір үдерісі үшін функционалды өлшем бірлігін іске асырудың адам-сағаттағы еңбек сыйымдылығы;
11) итеративтік - қайталанатын әрекетін белгілеуші;
12) икемділігі – екіншісі 1% өзгерген кезде, бірінші көрсеткішінің қанша пайызға өзгергенін көрсететін, бір шамадан басқасына өзгеруіне сезімділік шамасы;
13) класс – объектіге бағытталған бағдарламалаудағы өзінің ерекшеліктерімен және әдістерімен сипатталатын және объект типінің, оның ішінде арналу саласына қарай объект типінің әрекетін іске асыратын деректердің абстрактілік типі;
14) АЖ ҚБҚ құру – талаптарды талдау, жобалау, бағдарламалау, құрастыру, тестілеу, қолданысқа енгізу және қабылдау бойынша жұмыстары кіретін, ҚБҚ әзірлеу үдерісі;
15) қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету (бұдан әрі - ҚБҚ) – пайдаланушымен өзара тікелей әрекетіне есептелген және белгілі бір пайдаланушылық міндеттерді орындау үшін арналған, бағдарламалық қамтамасыз ету;
16) АЖ өмірлік циклінің моделі – бағдарламалық өнімді әзірлеуді, пайдалануды және сүйемелдеуді өзіне қосатын, жұмыстар мен міндеттерден тұратын, оған талаптар қойылғаннан бастап, оны пайдалануды тоқтатқанға дейінгі жүйе өмірін қамтитын құрылым;
17) өнім беруші – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, тапсырыс берушімен мемлекеттік сатып алу туралы жасасқан шартта оның келісімшарт жасаушы контрагенті ретінде әрекет ететін заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда) заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум); өнім беруші – кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, тапсырыс берушiмен мемлекеттiк сатып алу туралы жасасқан шартта оның келiсiмшарт жасаушы агентi ретiнде әрекет ететiн заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум);
18) объект типі – әзірленетін ақпараттық жүйе аясында жай-күйі мен әрекетінің бірегей ерекшеліктері бар, арналу саласына қарай объектісі;
19) пайдаланушының талаптары – пайдаланушылар белгілейтін және міндетті болып табылатын бағдарламалық құралдардың ерекшеліктері, сипаттамасы немесе әрекеті. Пайдаланушының талаптары пайдаланушының функционалды талаптары, АЖ-ге қойылатын техникалық талаптары және сапа талаптары болып бөлінеді
20) пайдаланушылық интерфейсі құралдар мен әдістердің жиынтығын білдіреді, пайдаланушы оның көмегімен АЖ-мен өз ара әрекеті болады;
21) пайдаланылатын нұсқасы – жүйе немесе басқа болмыс акторлармен өзара іс-қимыл үдерісінде орындалуы мүмкін әрекеттер тізбесінің сыртқы маманданымы;
22) АЖ ҚБҚ сүйемелдеу – оның тұтастығын сақтау кезінде, жаңғырту немесе баптауда туындаған мәселелермен немесе қажеттіліктерден туындаған бағдарламалық өнімді және тиісті құжаттаманы өзгерту (жаңғырту);
23) тапсырыс беруші – өнім берушіден қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алатын немесе алатын ұйым;
24) торап – есептеу ресурсына ие бола алатын немесе техникалық құрылғы бола алатын жүйенің физикалық бар элементі;
25) ақпараттық жүйенің функционалды мүмкіншіліктері – пайдаланушының функционалды талаптарын орындау үшін, ҚБҚ жүзеге асыратын функциялар мен рәсімдер жиынтығы. Пайдаланушының функционалды талаптарына техникалық талаптар мен сапа талаптары кірмейді.
26) сапа талабы – бұл ақпараттық жүйенің сапасына қатысты кез келген талаптар;
27) функционалды өлшем бірліктері – осы әдістемеде белгіленетін қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етудің функционалды өлшемін өлшеуге арналған метрикалар;
28) пайдаланушының функционалды талаптары – акторлар бизнес талаптары аясында өз міндеттерін орындауға мүмкіндігі болуы үшін, ҚБҚ әзірлеуші жүйенің функционалды мүмкіншіліктерін анықтайтын, пайдаланушының талаптарын іске асыруы тиіс;
29) функционалды өлшем – функционалды өлшем бірліктермен өлшенетін және пайдаланушының функционалды талаптарының санын өлшеу арқылы анықталатын қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету өлшемі;
30) ЭЕМ (Электрондық-есептеу машинасы) – есептеу және ақпараттық тапсырмаларды шешу үдерісінде ақпаратты автоматты түрде өңдеу үшін арналған техникалық құралдар кешені;
31) ЭЕМ сыртқы құрылғысы – ЭЕМ құрылымына (немесе ЭЕМ жүйесінің) сәйкес орталық процессормен функционалды байланысқан ақпаратты енгізу-шығару, баспаға шығару, сақтау және беру құрылғысы;
32) RUP (Rational Unified Process) – Rational Software компаниясы құрған қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуметодологиясы;
33) UML (Unified Modeling Language) – графикалық нотацияны қолданатын және объектіге бағытталған технологиялар және компоненттік тәсіл негізінде әзірленетін бағдарламалық қамтамасыз ету жүйелерін ерекшелеу, визуалдау, құрылымдау және құжаттау үшін арналған модельдеудің бірегейленгендірілген тілі.