Салыстырмалы диагностикасы

Диагностикасы

Эпидемиологиясы

Гастринома — пептикалық ойық жаралар көрініс берген науқастардың 1%-да дамитын сирек сырқат. Жаңа жағдайлардың даму жиілігі жылына 1 млн халыққа 0,5 жағдай сәйкес келеді, көп жағдайда ер адамдар (60 %) сырқаттанады.

 

Клиникалық көрінісі

· Қарапайым терапияға рефрактерлі рецидив беруші пептикалық ойық жара.

· Диарея және стеаторея (50 % жағдайда).

· Қатерлі гастриноманың бауыр мен басқа мүшелерге метастаз беруі (60 %).

 

9.4 кесте.Гастринома

 

Этиологиясы 90 % жағдайда қатерлі метастатикалық ісік, жиі (80 %) ұйқыбезінде орналасады, сирек жағдайда— ұлтабар қабырғасында (15 %) және асқазаннығ антральді бөлігінде, өте сирек (5 %) — басқа мүшелерде локализацияланады (шарбы, аналық бездер, билиарлы жүйе). 25 % жағдайда гастринома І типті көптеген эндокринді неоплазия синдромы шеңберінде дамиды
Патогенезі Гипергастринемия париетальды жасушаларының гиперстимуляциясына, гиперплазиясына және тұз қышқылы өндірілуінің жоғарылауына әкеледі, нәтижесінде пептикалық жаралардың түзілуі, панкреатикалық ферменттердің инактивациясы, ішектің шырышты қабығының зақымдалуынан дамитын диарея көрініс береді
Эпидемиологиясы Пептикалық ойық жаралар көрініс берген науқастардың 1%-да дамитын сирек сырқат. Жаңа жағдайлардың даму жиілігі жылына 1 млн халыққа 0,5 жағдай сәйкес келеді, көп жағдайда ер адамдар (60 %) сырқаттанады
Басты клиникалық көрінісі · Қарапайым терапияға рефрактерлі рецидив беруші пептикалық ойық жара · Диарея және стеаторея (50 % жағдайда) · Қатерлі гастриноманың бауыр мен басқа мүшелерге метастаз беруі (60 %)
Диагностикасы 1. Гастрин деңгейі кем дегенде 3 есе жоғарылайды (қалыпты жағдайда < 60 пг/мл),зерттеу түрлі күндері орындалады 2. Интакті асқазанда тұз қышқылы секрециясының базальді деңгейі 15 ммоль/сағ.дейін, ал резецирленген асқазанда деңгейі 5 ммоль/сағ. дейін жоғарылайды 3. Ісіктік топикалық диагностикасы
Салыстырмалы диагностикасы Ойық жара ауруы
Емі Ісік резекциясы, операция орындауға келмеген жағдайда —антипролиферативті (октреотид) және симптоматикалық (омепразол) терапия
Болжамы 5-жылдық өмір сүру көрсеткіші радикальды операцияланған науқастарда 90%-ды; ал метастаз бергенде — 20 %-ды құрайды

 

1. Гастрин деңгейі кем дегенде 3 есе жоғарылайды (қалыпты жағдайда < 60 пг/мл),зерттеу түрлі күндері орындалады.

2. Интакті асқазанда тұз қышқылы секрециясының базальды деңгейі 15 ммоль/сағ дейін, ал резецирленген асқазанда деңгейі 5 ммоль/сағ дейін жоғарылайды.

3. Ісіктік топикалық диагностикасы (9.2 бөлімді қараңыз).

 

Асқазан мен ұлтабардың ойық жарасы, симптоматикалық ойық жаралар.

 

Емі

Солитарлы қатерсіз гастринома кезінде ісік энуклеациясы көрсетілген. Спорадикалық кездесетін гастринома кезінде орындалатын радикалды операцияның максимальды саны шамамен 30%-ға жетеді. Операция орындауға келмейтін немесе визуализацияланбайтын ісіктерде панкреатодуоденальды резекция мен гастрэктомия орындалмайды, себебі науқасқа тек медикаментозды терапия көрсетілген. Қатерлі гастриномалар кезінде антипролиферативті терапияның таңдау препараттары болып октреотид табылады. Ойық жара мен диарея кезінде симптоматикалық терапия ретінде протон помпаларының блокаторлары (омепразол) тағайындалады.