Диагностикасы

Эпидемиологиясы

Инсулинома — өте сирек сырқат, жаңа жағдайлар жиілігі жылына 1млн адамға 1 жағдай сәйкес келеді. Жиі 25-55 жас аралығында диагностикаланады. Балаларда жалпы инсулиноманың 5 %-ы ғана көрініс береді.

 

Клиникалық көрінісі

· Адренергиялық симптомдар: қалтырау, тахикардия, суық тері, ашығу, қорқыныш, парестезия.

· Нейрогликопениялық симптомдар: астения, сөйлеу, есту, көру қабілетінің бұзылуы, амнезия, бастың ауруы, сомноленция, тырысулар, кома.

Аталған симптомдардың айқындылығы ауытқиды. Ол тек адренергиялық немесе нейрогликопениялық симптомдар болуы мүмкін, бірақ гипогликемия ауырлығына тәуелді симптомдардың айқындылық дәрежесі арасындағы байланыс жоқ. Жылдам және айқын гликемия деңгейінің төмендеуі адренергиялық симптоматика мен естің үдемелі бұзылуымен сипатталатын гипогликемиялық шоктың дамуына әкеледі. Ұзаққа созылған гипогликемия және оның жиі дамитын эпизодтары ОЖЖ-де, әсіресе үлкен ми жартышарларында қайтымсыз өзгерістерді тудырады. Оның көрінісі делириозды және галлюцинаторлы-папаноидты эпизодтардан типті эпилептикалық ұстамаларға дейін, тіпті ойлау қабілеттің төмендеуіне дейін ауытқиды.

Ұстама жиі таңертең дамиды, бұл науқастың түнде тамақ қабылдамен түсіндіріледі. Науқастар әдетте таңертең әрең ұйқысынан оянады, есі баяу қалпына келеді, жартылай ояу болып, сұрақтарға үстіртін жауап қайтарады. Ұстама әдетте терең сетің бұзылысымен аяқталады және ол көктамырға салынатын глюкоза мөлшерімен тосқауылданады. Инсулиномамен сырқаттанған науқастарда тәбеттің жоғарылауы жөніндегі пікірлер шындыққа жанаса бермейді. Науқастар тағам қабылдағаннан кейін басталған ұстаманың тосқауылданатынын өздері де сезеді. Сондықтан науқастар тәтті ұн өнімдері мен тәттілерді «дәрі» ретінде тағамға сұранысы болмасада өзімен бірге ұстап жүреді. Инсулиномамен сырқаттанған науқастарда дене салмағы 15–40 кг дейін жоғарылайды.

 

1. Үш күндік ашығу сынағы инсулиномаға тән Уиппл үштігінің провокациялау мақсатында орындалады:

— ашқарынға гипогликемия ұстамаларының дамуы;

— қанда глюкоза мөлшерінің 2,5 ммоль/л –ден ұстама кезінде түсуі;

— көктамырға глюкозаны енгізу арқылы ұстаманы тосқауылдау.

Ашығу уақытының басталуы соңғы тағам қабылдау уақытына сәйкес келеді. Науқасқа тек су қабылдауға рұқсат етіледі. Сынақ барысында қанда глюкоза, С-пептид деңгейі әлсін-әлсін зерттеледі. Глюкоза деңгейін экспресс әдіс арқылы глюкометрмен анықтаумен салыстырғанда зертханада анықтаған ақпаратты. Сынақтың бастапқы кезінде қан әрбір 6 сағат сайын алынады, ал глюкоза мөлшері 3 ммоль/л-ден төмен болғанда интервал қысқартылады, ашығу глюкоза мөлшері 2,5 ммоль/л-ден төмен болғанда тоқтаталды, нәтижесінде дамыған гипогликемия симптомдары көктамырға енгізілетін глюкоза көмегімен тосқауылданады. Глюкоза мөлшері төмендеп, гипогликемиялық симптомдар көрініс бермеген жағдайда сынақтың дигностикалық құндылығы төмен болады. Егер науқаста 72 сағат бойы гипогликемия симптомдары көрініс бермей және қанда глюкоза мөлшері 2,5 ммоль/л-ден төмендемесе сынақ тоқтатылып, нәтижесі теріс деп қарастырылады. Науқастардың басым көпшілігінде Уиппл үштігі сынақ басталған соң 12–18 сағаттан кейін дамиды (9.3 сурет).

2. Инсулиноманың топикалық диагностикасы ашығу сынақты оң болғанда ғана орындалады. Аса маңызды ақпаратқа эндоскопиялық зерттеу мен интраоперационды УДЗ ие болады; қажет болған жағдайда портальды жүйе көктамырынан селективті жолмен қан алумен ангиография жүргізіледі ( 9.2 бөлімді қараңыз).

 

9.3 сурет.Үш күндік ашығу сынағы кезінде қандағы инсулин мен глюкоза мөлшері: А — қалыпты; Б — инсулинома дамыған науқас

Қалыпты жағдайда ашығудан 12 сағаттан кейін инсулин деңгейі төмендеп, глюкоза мөлшері 3,4 ммоль/л-ге дейін жоғарылайды. Ал инсунома кезінде ашығудан 15–18 сағаттан кейін гликемия 2 ммоль/л-ге дейін төмендеп, гипогликемия үдемелі дамиды.