XV ТА Р АУ 6 страница

бөледі

А) себебі орталық және шеткі жүйке жүйесінде орналасқан

невралгия

Б) себебі алдыңғы және шеткі жүйке жүйесінде орналасқан

невралгия

В) себебі артқы және орталық жүйке жүйесінде орналасқан

невралгия

Г) себебі жанама және шеткі жүйке жүйесінде орналасқан невралгия

Д) себебі жанасқан, орталық жүйке жүйесінде орналасқан невралгия

11. Кейбір жағдайда ұстамалы ауыру белгілері......... деп аталатын

аймақты қоздырғанда пайда болады.

А) біртригерлік немесе алгогендік

Б) Павлов нүктесінде

В) Пирогов нүктесінде

Г) Сағатбаев нүктесінде

Д) Төлеуов нүктесінде

12. .................. шүріппе аймағын қоздырғанда пайда болады.

А) ұстамалы ауыру белгілері

Б) созылмалы ауыру белгілері

В) өткір ауыру белгілері

Г) жанама ауыру белгілері

Д) доңғалақ ауыру белгілері

13. Науқас ұстама кезінде үрейлі қорқыныш сезімімен ........ қалады.

А) бір орнында жылжымай тұрып

Б) есінен таңып

В) жылжи береді

Г) арылы-берілі

Д) екпеттеп және шалқасынан жатаып алады

14. Одонтогендік невралгияның ......... сезімі болып табылады.

А) негізгі клиникалық белгісі тұрақты ауыру

Б) негізгі клиникалық белгісі өткір, жанама

В) негізгі клиникалық белгісі жедел, созылмалы

Г) негізгі клиникалық белгісі жеделдеу, жайылмалы

Д) негізгі клиникалық белгісі жасырын, созылмалы

15.Үшкүл жүйке жүйесінің қозғағыш тобының бұзылу себептері .......

болып табылады.

А) негізгі белгісі салдану, жақтың қарысуы (тризм)

Б) негізгі белгісі сыну, жақтың қарысуы (тризм)

В) негізгі белгісі жақ денесінің бойымен

Г) негізгі белгісі жарылу, жақтың қарысуы (тризм)

Д) негізгі белгісі жақтың буын өсіндісінің арт жағында

16. Бұл невралгия патологиялық процесстердің үшкүл жүйкенің

............... болады.

А) әрбір бөлігіне әсер етуінен пайда

Б) негізгі белгісі салдану, жақтың қарысуы (тризм)

В) негізгі белгісі жарылу, жақтың қарысуы (тризм)

Г) қинап, сіресіп,

Д) негізгі белгісі жақ денесінің бойымен

17. Тризм .......... белгі-синдромының бірі болып есептеледі.

А) үшкүл жүйке жүйкесінің невралгиясы қозуының, сіреспенің,

құтыру ауруларының

Б) негізгі белгісі жақтың буын өсіндісінің арт жағында

В) қинап, сіресіп,

Г) негізгі белгісі салдану, жақтың қарысуы (тризм)

Д) әрбір бөлігіне әсер етуінен пайда

18. Бұл уақытта шайнау бұлшықеттері жанды ....... жиырылады.

А) қинап, сіресіп,

Б) гиперестезия, гипоестезия

В) негізгі белгісі жақтың буын өсіндісінің арт жағында

Г) анестезия, парестезия

Д) ауырған жағына, тәріздес

19. үшкүл жүйке тармақтарының сезімталдық қасиеті ....... болып

табылады.

А) гиперестезия, гипоестезия, анестезия немесе парестезия тәріздес

Б) ауырған жағына, тәріздес

В) қинап, сіресіп,

Г) әрбір бөлігіне әсер етуінен пайда

Д) өзгеруінің негізгі белгісі

20. Бет әлпет өзгеріп мимика қозғалысы кезінде ........ тартылады.

А) ауырған жағына

Б) ауырған жағына, тәріздес

В) қинап, сіресіп,

Г) гиперестезия, гипоестезия

Д) анестезия, парестезия

21. Дәмнің сезімталдығын білдіретін тілдің алдыңғы ..... т.б. белгілер

пайда болады.

А) 2/3 бөлігі бұзылып, көзден жас ағады

Б) көзден жас ағады, ¼ бөлігі қосылған

В) 2/5 бөлігіне кемейген, мұрыннан қан ағады

Г) мұрыннан қан ағады, құлақ ауырады

Д) құлақ ауырады, көз көрмейді

22. Барлық жағдайда мимикалық еттер жұмысының....болып

табылады.

А) өзгеруі негізгі белгі

Б) тегістеліп

В) ауыз бұрышы төмен түсіп

Г) сілекей ағып

Д) ангина, тұмау

23. Бұл жағдайда бет қатпарлары .......... қиындайды.

А) тегістеліп, ауыз бұрышы төмен түсіп, сілекей ағып, ас алу

Б) ангина, тұмау

В) көзден жас ағады, ¼ бөлігі қосылған

Г) мұрыннан қан ағады, құлақ ауырады

Д) 2/5 бөлігіне кемейген, мұрыннан қан ағады

24. Бет жүйкесінің біріншілік невриті (Белл салдануы)........ нәтижесінде

пайда болады.

А)ангина, тұмау және т. б. аурулардың

Б) буындардың, желке

В) іш, иық және т. б. аурулардың

Г) жамбас және т. б. аурулардың

Д) көкірек және т. б. аурулардың

25. Ымдау бұлшықеттерінің қайтпайтын тұрақты салдануында ...... ем

қолданылады.

А) хирургиялық

Б) физиоем

В) элетрофорез

Г) физикалық

Д) химиялық

26. Көз саңылауын (лагофтальм) азайту үшін ............. латеральды

бөліктері тігіледі.

А) жоғарғы және төменгі қабақтың

Б) көз асты және төменгі қабақтың

В) көз үсті және төменгі қабақтың

Г) көз асты және жоғарғы қабақтың

Д) көз үсті және жоғарғы қабақтың

27. Ауыз бұрышының миопластикасы үшін ............ бұлшықеттерін

қолданады.

А) төс-бұғана-емізікше және самай

Б) қарын, жақ асты

В) мойын, сорушы

Г) құлақ маңы, шайнау

Д) қосқарыншалы, иық

28. Негізі күш бет жүйкесі невритін тудыратын ......... емдеуте

бағытталады.

А) негізгі ауруды

Б) физикалық

В) химиялық

Г) элетрофорез

Д) хирургиялық

29. Жүйке қызметінің бұзылуы ......... салдарынан дамиды.

А) ортаңғы құлақтың іріңді қабынуы, арахноидиттің

Б) бас сүйегінің шіруі

В) қарақұс сүйегінің қабынуы

Г) көз алмасының қанталауы

Д) мұрыннан қан кету

30. Алдымен невритке себеп болған ........ емдеу қажет.

А) жалпы ауруды

Б) қабынуға қарсы

В) шіруге қарсы

Г) сіріспеге қарсы

Д) қарысуға қарсы

 
ХVI ТАРАУ

ТӨМЕНГІ ЖАҚ БУЫНЫНЫҢ АУРУЛАРЫ

Буынның топографоанатомиялық суреттемесі. Самай-төменгі жақ буынының топографоанатомиялық ерекшеліктері оның қабынуының клиникалық көріністері мен емдеу барысында маңызды орын алады.

Төменгі жақтың буын өсіндісі мен самай сүйегінің буын шұңқыры самай-төменгі жақ буынын құрайды.

Самай-төменгі жақ буынының бір-бірінен айыратын ерекшеліктері.

1. Буын беткейлері. Гиалинді шеміршекпен емес, нашар жұқа дәнекер тінді шеміршекпен қапталған. Бұл ерекшелігі буынның жиі жарақаттанып, іріңді қабыну аурулары кезінде тыртық немесе сүйек тініне ауысып кетуге бейімділігін сипаттайды (анкилоз).

2. Буын қабының қалыңдығы біркелкі емес. Алдыңғы жағы жұқа болғандықтан оңай созылады. Бұл буын басының алға шығуының се-бебі болып табылады.

3. Сырт жағынан буын тарамдары самай сүйегінің бет сүйегі өсіндісінен басталатын мықты сіңірмен бекітілген. Оның талшықтары төмен және артқа бағытталып буын өсіндісі мойынның артқы және сыртқы жағында қосылады. Талшықтардың біраз бөліктері буын қабымен бірігіп кетеді. Өзінің күрделі құрылысына байланысты сіңір буын өсіндісінің соғылған кезде төмен, сыртқа және ішкі қарай ығысуына кедергі жасайды.

4. Буынның ішінде екі жағынан қысыңқы сопақ шеміршек табақша болады. Оның ортасы жұқа (1-2 мм), шеттері қалың (3-4 мм). Табақша фиброзды шеміршектен құралған, оның шеттері буын қапшығымен бірігіп кеткендіктен оны төменгі және жоғарғы қабаттарға бөледі. Табақшаның атқаратын қызметі орасан зор.

 

Ең алдымен ол буынның сүйек беттерін бір-бірінен ажыратып, олардың бірігіп кетуіне кедергі жасайды, төменгі жақтын, оңай қозғалысына мүмкіндіктер туады. Төменгі жақтың көтеріліп түсуі кезінде табақша мен буын шұңқыры тұтас құрылым құрайды, себебі табақша қозғалыссыз қалады. Иекті алға қарай жылжытқанда, әсіресе оны төмен қарай түсірген кезде табақша буын басымен бірге буын шұңқырынан шығып алға жылжиды. Төменгі жақты жанына қарай жылжытқанда бір жағындағы табақша өз орнынан жылжып, өз өсінен айналады. Буын элементтерінің бір-біріне қатынасы тістесуге, әсіресе оның биіктігіне тікелей байланысты.

Қалыпты жағдайда самай-төменгі жақ буынының үш түрі белгілі.

1. Тегіс буын. Буын шұңқыры терең емес, бірақ кең. Төменгі жақтың буын басы жалпақ, төмпешігі биік емес. Мұндай буындар тік тістесулерге сай келеді.

2. Аздап томпақ шұңқыр буын. Буын шұңқыры жақсы айқындалған, басы томпақ, төмпешігі де жақсы жетілген. Буынның бұл түрі ортогнатиялық тістесуге сай келеді.

3. Томпақ шұңқырлығы қатты жетілген буын. Буын шұңқыры жақсы жетілген. Төменгі жақтың буын басы томпақ, төмпешігінің артқы етегі биік. Мұндай буын терең күрек тістің тістесуіне сай келеді.

Самай-төменгі жақ буынының артриті.Бүкіл одақтық анти-ревматикалық комитетінің жіктеуіне байланысты артриттерді: инфекциялық, инфекциялық емес (дистрофиялық) және жарақатты деп ажыратады.

Инфекциялық артриттер арнайы емес (ревматикалық және ревматоидты) және арнайы (гонореялық, туберкулездік, актиномикоздық, бруцеллездік және т. б.) деп екіге бөлінеді.

Инфекциялық емес артриттер (дистрофиялық және артроздар) зат алмасу дистрофиялық, нерводистрофиялық, эндокринопатиялық және т. б, деп бөлінеді.

Жарақатты артриттер созылмалы микрожарақаттардың (тіс қатарының бұзылуының) немесе жедел жарақаттардың (құлау, соққы, оқпен немесе оқсыз жарақаттар) әсерінен болады.

Самай-төменгі жақ буынының арнайы емес инфекциялық артриттері жедел ағымды, созылмалы деп бөлінеді. Ауру инфекцияның қанмен немесе көрші аймақтан келуінен (отит, жақтың остеомиелиті, құлақмаңы аймағының флегмонасы, паротит, мастоидит) басталады. Балалардағы артритке көбінесе ортаңғы құлақтағы іріңді қабыну процесстері себеп болады. Артрит сонымен қатар, организмдегі созылмалы инфекцияның әсерінен, оның ішінде одонтогенді хрониосепис, ревматикалық поли-артриттің әсерінен де болады.

Самай-төменгі жақ буынының жедел ағымды артриті кезінде науқастар жалпы жағдайының нашарлығымен қатар, құлағы мен самай буындарындағы қатты ауыру сезімге шағымданады. Ауызды ашу мен шайнаудың мүмкіндігі болмайды. Науқас тек сұйық тамақпен ғана қоректене алады. Буынның айналасындағы жұмсақ тіндер ұйыспа-инфильтраттанған, беткей терісі қызарған. Буын аймағын басқанда ауырады. Сыртқы дыбыс жолы тарылып, науқастың құлағы ауырлайды. Дене қызуы жоғарылап, лейкоцитоз және ЭТЖ жылдамдайды. Көп жағдайда процесс іріңдіктер түзілуімен аяқталады. Ол көбінесе сыртқы дыбыс жолына жарылады. Сыртқа құлақмаңы аймағына сирек тесіліп шығады.

Самай-төменгі жақ буыны қабынуын жедел ағымды отиттен, үшкіл жүйкенің невралгиясынан ажырату керек. Ауыру сезімінің құлаққа, самайға тебуі әсерінен науқастар отоларинголог, невропатолог мамандарына қаралып, бұл науқастарға жиі дұрыс нақтама-диагноз қойылмайды. Қиналып тіс жаруда төменгі жақ бұтағының бойымен және тіс қатарымен өтетін ауыру сезімімен ажыратылады.

Созылмалы ревматикалық артрит кезінде буын екі жағынан да зақымданып, оқтын-оқтын өршуімен, субфибрилді дене қызуымен, самай-төменгі жақ буынымен қатар, басқа да буындардың ауруымен ерекшеленеді. Буынның айналасындағы тіндердің жағдайы өзгеріссіз болады. Буынның қызметі өзгерген. Кешенді емдер қабылданса қабыну әрекеттері ертерек басылады.

Ревматоидты артритпен ауыратын науқастарда патологиялық процесс көбінесе бір буынында болады, бірақ кейде басқа буындарында да кездеседі (тізе, тобық және т.б.). Суық тиген кезде осы буындардың барлығында да ауыру сезімдері қайталап өршиді, ал буынның сіресуі барлық уақытта болады.

Егер самай-төменгі жақ буынының ревматикалық артриті бар науқастарда жүрегінде патологиялық өзгерістер кездессе (ревмокардит және т. б.) аталған өзгерістер мүлде анықталмайды.

Аталған ерекшеліктерімен қатар, атай кететін нәрсе ревматоидты артритті емдеу, ревматикалық артритті емдегенге қарағанда айтарлықтай әсер бермейді (тіпті емнен кейін де), қайталай береді.

Самай-төменгі жақ буынының кез келген артритіндегі рентгенограммада саңылаудың кеңейгені, тыртықты түрінде тарылғаны байқалады.

Созылмалы артриттердің нақтама-диагностикасы мұқият жиналған аурудің келіп шығу тарихын-анамнездің, нақты-объективті тексерулердің, оның ішінде рентгенографиялық және томорентгенографиялық зерттеулердің нәтижелеріне негізделеді. Созылмалы паротиттен ажыратып алу керек. Оған тән нәрсе сілекей бөлінуінің өзгеруі.

Емі.Жақтың функциялық ерекшеліктеріне байланысты емдеу қиынға түседі. Себебі емдеу кезеңдерінде буынды ұзақ уақыт мүмкіндігінше қозғалтпай қоюға тура келеді. Сондықтан жедел арнайы емес артритті емдеу әртүрлі шаралар кешенінен тұрады.

1). Буыннан тыс қабыну ошақтарының инфекция көзін жою (тістердегі, ортаңғы құлақтағы, бадамша бездегі, гаймор қуысындағы). Гангренозды тістерді немесе қабынған бадамша бездерді алу оталарынан соң артриттің қайтадан өршуінің алдын алу үшін ацетилсалицил қышқылымен, амидопирин, бутадион, сульфаниламидтермен және антибиотиктермен емделеді.

2). Организмнің жалпы иммунологиялық реактивтілігін және десенсибилизациясын күшейту, қуатты майдаланған және сұйық тамақ, ацетилсалицил қышқылы, кортизон немесе преднизалон. АКГ өнімдерін кезектестіріп пайдалану.

3). Буынға тыныштық беру (Айви таңбасы, екіжақты жай байлап бекіту немесе азу тістердің тұсына қалыңдығы 5-10 мм-дей резеңке қойып иекті жоғары қарай сақпан тәрізді таңбамен таңу).

4). Физиотерапия: жедел ағымында — жылу (қыздыру компрестері, УЖЖ, соллюкс), басылған кезде — вирапинмен немесе медициналық өтпен (Бернадский Ю. Д) электрофорез жасау.

5). Ине рефлекс емі.

Арнайы инфекциялық артрит.Арнайы емес артритке қарағанда өте сирек кездеседі. Туберкулездік, гонореялық, мерездік, актиномикоздық, ревматикалық, дизентериялық, бруцеллездік және т. б. артриттер деп бөлінеді. Туберкулездік және актиномикоздық артриттер көбінесе көрші аймақтармен түйісу арқылы дамыса, гонореялық, мерездік, ревматикалық және басқа да артриттер инфекцияның буынға қан арқылы түсуінен дамиды.

Туберкулездік артрит аурудың төменгі жақтың бұтағынан, ортаңғы құлақтан, самайдың жұмсақ тіндері мен сүйегінен тарауынан дамиды. Туберкулез қоздырушысының өкпеден, жоғарғы тыныс жолдарынан, қан мен лимфа жолдары арқылы тарауы мүмкін. Қабыну процессі ұзақ уақыт дамып, буын өсіндісінің, буын бетінің бұзылып сорылуына әкеліп соғады да фиброзды анкилоз дамиды.

Гонореялық артрит самай-төменгі жақ буынында гонореяның-жедел немесе жеделдеу ағымында кейде созылмалы түрінің өршіген кезеңінде дамиды.

Жедел және жеделдеу ағымдарының дамуы жедел ауыру сезімдермен, буынның ісінуімен, сыртқы дыбыс жолының тарылуымен көрінеді. Буын қапшығының жанында сарысулы, кейін сары-сулы фиброзды, ең ақырында іріңді қабынуы буын мен қапшық ішіндегі табақшаны қоршаған жұмсақ тіндердің бұзылуына әкеліп соғады.Аурудың ақыры шеміршек бетінің дөрекі бұзылуларына әкеліп соғып, анкилоз дамиды.

Самай-төменгі жақ буынының арнайы артриті көбінесе жақын айналадағы тіндердегі гуммалардан дамиды. Қан арқылы дамуы да мүмкін. Ағымы баяу, созылмалы түрде аздаған ауыру сезімімен қатар жүреді.

Рентгенограммада буын өсіндісімен төменгі жақтың ортасында деструкциялық ошақ, шетінде ақау байқалады. Дер кезінде әрі дұрыс жасалған арнайы ем мен механотерапия анкилоздың алдын алады.

Актиномикоздық артрит.Самай-төменгі жақ буынында мойын, бет актиномикоздарының асқынып буын қапшығына таралуынан дамиды. Бұл кезде буынмен бірге шайнау бұлшықеттері ауруға шалдығатындықтан жақ қозғалысы бірден шектеледі. Аурудың шағымы кез келген кешендік аурудағыдай секілді баяу, қоршаған жұмсақ тіндерге оқтын-оқтын өршуімен суреттеледі. Бір өршумен екіншісінің арасында науқас ешқандай ауруды сезбейді. Тек иекті алдын артқа қарай итерген кезде буында ауыру сезімі пайда болады. Процесс тек буын қапшығын зақымдайды, сондықтан ауру жазылғаннан кейін де төменгі жақтың қозғалуында шектелулер сақталады.

Жарақатты артриттер ағымына қарай жедел және созылмалы болып бөлінеді. ҚазҰМУ-ның хирургиялық стоматология кафедраларының зерттеулері бойынша самай-төменгі жақ буын патологиясының 50% стоматологиялық себептер болып табылады: терапевтік (пломбалық заттарды артық салу), ортопедиялық (дер кезінде дұрыс протез жасалмау), хирургиялық (жақтардың сынуы кезінде жедел жарақатты артритті дер кезінде анықтап емдемеу). Клиникасында науқастар жарақаттан немесе аузын қатты ашудан кейін пайда болған біржақты немесе екіжақты ауыру сезіміне шағымдайды. Ауызды ашу, есінеу, тамақ ішу, тіпті сөйлеу мүмкін болмайды.

Сырт көрінісінде төменгі жақ қимылының шектелуі, буын айналасындағы тіндердің инфильтрацияланып қанталауына байланысты ісінуі анықталады, саусақпен басқанда ауыру сезім күрт күшейеді. Реттенографиялық зерттеулер буын қуысында айтарлықтай өзгерістерді көрсетпейді. Ол кезде саңылаулардың кеңейгені анықталады.

Созылмалы жарақатты артрит.Көбінесе созылмалы майда жарақаттардың ұзақ уақыт әсерінен болады. Мысалы терең тістесуде, жоғары үйкелістен, азу тістерді жоғалтудан, протездер кезінде салынбағандықтан, әсіресе төменгі жақтарда.

Созылмалы жарақатты артритте науқас ауызды ашқанда және шайнау, сөйлеу кезінде үнемі үдей түсетін ауыру сезіміне шағымдайды. Жиі жағдайда ол үшкүл жүйке невралгиясындағыдай ұстамалы болады. Кей жағдайларда науқастарда Костен белгісі-синдромы кездеседі: төменгі жақ буын аумағында мойынға, құлаққа, тілге, жарақатты артритке ұшыраған бетінде басының жарты бөлігіне беріліп ауырады, буын аумағында терінің гиперестезиясы, аузын ашқанда буынның сықырлауы, кейде ауыздың құрғауы, естудің, төменгі жақ қимылының нашарлауы. Көп жағдайларда осы аталған белгілердің біреуі немесе бірнешеуі байқалады.

Ем жүргізгенде әуелі буынға құйылған қан мен эксудаттың ыдырауын көздейді, осымен қатар 2-3 күнге тіс аралығына төсем салып төменгі жақты сақпан тәрізді таңғышпен таңып тастайды да, буын қуысына 1-2 рет 2 мл 2% новокаинға араласқан 1 мл гидрокортизон және антибиотиктер ерітіндісін жібереді. Бірінші ерітіндіні жіберу мен екіншісінің арасы 2-3 күн. Гидрокортизон қан мен экссудаттың құрамындағы фибриннің ыдырап тарауына әсер етсе, новокаин ауыру сезімін жояды, ал антибиотик қанмен бірге буынға инфекция енген жағдайда оның алдын алады. Гидрокортизонды жүкті әйелдерге, бауыры, бүйрегі және жүрек ауруы бар науқастарға жіберуге болмайды. Осымен қатар, гиалорунидаза құрамына кіретін ара уымен (вирапин) не болмаса калий йодиды және новокаинмен ионофорез жасалады. Осы аталған емге қосымша аналгетиктер, күніне 100 мг С витамині және 1-2 сеанс Бернардың диадинамикалық тогын тағайындайды. 3-4 күн ем қолданғаннан кейін барлық науқастарда ауыру сезімі жойылып, олар тамақ шайнай алады, тек кейбір науқастардың буынында 2- 3 аптаға дейін буын қозғалысы нашар болады.

16.1. САМАЙ-ТӨМЕНГІ ЖАҚ БУЫНЫНЫҢ АРТРОЗЬІ

Артроздар артриттік өзгерістердің одан әрі асқынуларымен қатар, буынның нейродистрофикалық және эндокринопатиялық зақымдануларынан да дамиды. Ондай жағдайларға дұрыс жасалмаған тіс протездері мен шайнау бұлшықеттерінің өзгерістері де жатады. Остеоартроздың негізгі себебі, буынның шеміршекті тінінің төзімділігі мен түсірілген күштің сай келмеуі болып табылады. Осыған байланысты буынның тіндерінде инфекциясыз дегенеративті өзгеріс басталады. Кейбір ғалымдар мұны артрозартриттер немесе артроздар, дегенеративті артриттер, артропатиялар, гипертрофикалық артриттер деп атайды. Жоғарыда аталғандарға сай буын компоненттерінде склероздаушы және деформациялаушы артроздар деп бөлінеді. Склероздаушы артроздар кезінде буынның сүйек кемігінің терең және беткей бөліктерінің склероздары байқалады.

Деформациялаушы артроздар кезінде төменгі жақтың буын өсіндісінде біз тәрізді сүйек өсінділері шығып кетеді. Самай төменгі жақ буынының артрозында ауыру сезімі байқалмайды. Науқастар әдетте буындарының сықырлайтынына, таңертең буыны дұрыс қозғалмай уқалағаннан кейін түзелетіндігіне шағымдайды. Олар көбінесе мұндай аса мазаламайтын нәрселерге көңіл аудармай дәрігерлерге кейін қайтпайтын өзгерістер шыққан кезде келеді. Аурудың өзіне тән белгілері аталған тәртіппен келмейді. Буынның сықырлауы кейде аурудың басында болса, кейде буынның қызметі бұзылған кезде пайда болады. Бұл кезде төменгі жақтың төмен және екі жағына қозғалысы шектеледі. Рентген көрінісі самай-төменгі жақ буынының зақымдану дәрежесіне байланысты болады. Склерозды артрозда буын саңылауының тарылғаны, буын басының деформациясы байқалса, деформациялы артрозда буын басы мен буын төмпешігінің қатты деформациясы байқалады. Буын басының қозғалысы өзгереді.

Артроздардың отасыз-консервативті емі:1. Буынға бір ай бойы түнге қарай өтпен компресс жасау; 2. Буын аймағына медициналық өтпен электрофорез жасау; 3. Парафин емі; 4. Батпақ емі. 5. Егер, процесс асқынса төменгі жақты уақытша бекіту, содан кейін механотерапия жасау.

Буын басындағы өзгерістер қайтымсыз болғанда отасыз-консервативті ем тиімсіз болса ота-оперативті ем қолданылады.