ЖАЛПЫ ЖАНСЫЗДАНДЫРУ

Жалпы жансыздандыру немесе наркоз (грек narcosis - естен айырылып сіресіп қалу) организмге наркотикалық дәрілер енгізу арқылы орталық жүйке жүйесінің жұмысын терең тежеу: наркозға ауру енгенде біртіндеп есінен айырылып, ауыру сезімі жойылып, бұлшықеттер босаңсып қозғалу және рефлекстер бәсеңдейді.

И.П.Павловтың теориясы бойынша наркоз «Орталық жүйке жүйесінің уақытша жұмысының салдануы (паралич)».

Наркотикалық дәрілерді организмге ендіру жолдарына байланысты жалпы жансыздандыру – наркоз тыныс жолдары арқылы және тыныс жолдары арқылы емес болып екіге бөлінеді.

Организмге әртүрлі наркотиктердің буы тыныс жолдары арқылы енгізілсе оны ингаляциялық немесе маскалы наркоз дейді.

Егер бу және газ кеңірдекке түтік арқылы енгізілсе бұндай наркозды эндотрахеалды, интратрахеалды немесе интубациялық наркоз деп атайды.

Бұл атаулардың ішінде тек «эндотрахеалды» деген терминді халықаралық анестезиологтар федерациясы дұрыс деп тапты.

Қазіргі кезде тыныс жолдары арқылы жалпы жансыздандыру беру үшін көптеген наркотиктер қолданылады. Оларға келесі талаптар қойылады: кең терапевтік әсерлі, паринхиматозды мүшелердің жұмысына қатерлі болмау, жалпы жансыздандыруға ену өте жұмсақ және тіндерді тітіркендірмеу, организмнен тез шығу, жарылудан қауыпсыз, арзан болуы тиісті.

Жалпы жансыздандыруға негізінде келесі наркотиктер пайдаланылады: оттекті азот, хлорлы этил, этилді эфир, фторотан. Бұл дәрілердің физико-химиялық және басқа қасиеттері фармакология, клиникалық фармакология, анестезиология және жалпы хирургия пәндерінде кеңінен талқыланады.

6.1.1. Тыныс жолдары арқылы емес жалпы жансыздандыру -Ингаляциясыз наркоз

Организмді ұшпайтын (буланбайтын) наркотиктерді (тыныс жолдары арқылы емес) енгізу арқылы жалпы жансыздандыру әдісін ингаляциясыз наркоз деп атайды. Ол көк тамыр (вена) арқылы және көк тамыр (венасыз) арқылы емес болып екіге бөлінеді (И.С.Жоров), көк тамыр (венасыз) арқылы емес жалпы жансыздандыруды организмнің тіндері мен қуыстарына наркотиктерді енгізу арқылы орындауға болады. Мысалы ішу, тік ішекке, бұлшықетке жіберу.

Осы айтылған жалпы жансыздандырудың ішінде көк тамыр-венаға енгізу арқылы жасалатын жалпы жансыздандыру-наркоз көп қолданылады. Ол көпкомпонентті жалпы жансыздандыру-наркоз ішіне кіруімен қатар, жеңіл және қысқа уақыт ішінде жасалатын оталарда дербес түрде пайдаланылады. Бұл жалпы жансыздандыруға-наркозға келесі анестетиктер кіреді: тиопентал, гексенал, виадрил, натрий оксибутераты, сомбровин, кетамин т.б. Анестетиктер қанмен араласып, организм жалпы жансыздандыруға-наркозға тез арада енеді.