Дене температурасы бойынша топтары
Дене температурасының реттелуіне қарай гомойотермді (жы-лықанды) және пойкилотермді жануарлар болып 2 топқа бөлінеді
Бірінші топқа жататын жануарлардың температурасы түрақ-ты: олардың орталық жүйке жүйесі жақсы дамыған, осыған орай, жылу реттеу механизмдері де өте жоғары дәрежеде. Ең жоғары ,сатыдағы гомойотермді организм — адам.
Екінші топтагы, яғни пойкилотермді (салқын қанды) жануарда дене .температурасы құбылмалы сырттағы температураға тәуелді. Мәселен, қыс пен жаз аралығында олардың температурасы 10°-тен 40—50°-қа дейін өзгереді. Олардың, әсіресе микроорганизмдердің тіршілік шегі ,өте кең. Мәселен, микроорганизмдер Камчаткадан да, яғни мұз-ды аймақтан да' (0°-тан 50° аязға дейін) табылған. Микробтар тіпті температурасы 170° ыстық бұлақ — гейзерлерде де кездесе-ді. Өзбекстан ғалымдары метеориттен де тірі микроорганизмдер тапқан. Қосмоста температура өте салқын абсоліоттік О-ге жақын, ал метеорит атмосфераға кірген сәтте өте ыстық (металдар балқиды).
Жаңа туған нәресте — гомойотермді: оның денесі тез қызып, тез суиды. Дегенмен, . го-мойотермді организмдердің температурасы күні бойы аз да болса өзгеріп отырады (тәулігіне 0,5—0,9°), кешкі 16—18 сағатта ең жоғары, таңғы 3—4 сағатта ең төменгі деңгейде болады. Ұйықтап жатқанда төмендеп, қара жұмыс істеген кезде 1—2° көтеріледі. Екіқабат және босанған әйелде дене.температурасы әдеттегіден сәл жоғарылау. Лектордың, артистің, емтихан тапсырып отырған студенттің температурасы да сәл жоғарырақ, эмоция салдарынан олардың қан айналысы аз мөлшерде күшейіп, қызуы көтеріледі.
Адам денесіндегі әртүрлі ағзалар мен олардың жеке бөлікте-рінің, температурасы зат алмасуының деңгейіне байланысты өзге-реді.
Бауырда 37,8—38°С, тері сыртында 29,5—33,9°С, тік шекте 37,2—37,5°, қолтықта 36,0—36,9°С.
Дене температурасының тұрақтылығы жылу өндірг мен жылу шығару процестерінің тепе-теңдігі арқылы қамтамасыз етіледі. Мұның негізі — белгілі физиологиялық жүйе механизмдерінің қызметі.
Жылу реттелуі физикалық және химиялық реттелу болып екі-ге бөлінеді.
1. Физикалық реттелу жылу шығару деңгейін өзгерту арқылы,
2. химиялық — жылу өндіру процесін күшейту не әлсі-рету арқылы, яғни зат алмасу қарқынын өзгерту арқылы іске асы-рылады.
Жылу органикалық заттар тотыққан кезде пайда бола-ды. 1 г белок не көмірсу тотыққанда 4,1 ккал, 1 г май тотыққанда 9,3 ккал жылу пайда болады. Денедегі тканьдердің қай-қайсысында да тотығу процестері (диссимиляция, катаболизм) бір тоқтамастан ұдайы жүріп жа-тады. Бұл эктотермальдық (сыртқа жылу шығару) процестер.
Жылу барлық ағзаларда пайда болады:
1. жолақ еттерде барлық жылудың 80—60%-і,
2. бауыр мен ас қорыту ағзаларында 20—30%-і,
3. бүйрек пен басқа ағзаларда, тканьдерде 10—20%-і өндіріледі.
Тіпті қозғалмайтын тыныш отырған адамда жылудың 2/3 дене еттерінде өндіріледі. Жолақ еттер тыныш отырғанда да белгілі бір дәрежеде тонусынан айырылмайды. Олар жиырылған кезде жылу ендіру процесі күшейе түседі, тіпті аздап дірілдеген сәтте жылу өндіру 50—60%, ал
қара жүмыс істегенде 400—500% артады.
Сонымен тоңа бастаған кезде дене температурасын тұрақты (бір деңгейде) сақтауда химиялық реттелудің маңызы зор. Физикалық реттелу — жылу шығару процесін реттеу процесінің мәні, әсіресе айналадағы температура шектен тыс жоғары болған жағдайда, мәселен, күн ыстық күндері бөлме температурасы жоғары болса, арта түседі.
Әдебиеттер:
1.Х.Н.Сәтпаева „Адам физиологиясы” 303-306 бет
Жылудың реттеу механизмі
1) Жылу өткізгіштік, яғни денеге тиген заттарға, мәсе-лен, ауаға жылу беру; бұл — конвекциялық жол, бұған денеде пайда болатын барлық жылудың 15%-і кетеді. Адам үшін мұның мәні аз: ауа мен киім жылуды нашар өткізеді.
2) Жылуды сей-ілдіру (жылу шығарудың радиациялық жолы), яғни жылудың инфрақызыл сәулелерін қызған дененің бетімен жан-жаққа сейіл-діру. Бұл жолмен тіршілікке бірден-бір қолайлы (қажетті) тем-ператураға (18—20°) сәйкес белінетін жылудың 66%-і сыртқа шығады.
3) Тері мен өкпе арқылы жылу шығару. Бұл жолмен сыртқа жылудың (бу арқылы шығатын жасырын жылудьщ) 19%-і шығады. 1 мл суды буға айналдыру үшін, 0,53 ккал жылу жүмсалады. Тіпті негізгі зат алмасу кезінде тер арқылы денедең тәулігіне 700—850 мл су шығады. Ыстық цехта қара жұ-мыс істеген кезінде жылу шығарудың бұл жолы басқа жолдардан әлдеқайда басым болады да барлық жылудьщ 75%-і сыртқа шығады.
4) Барлық жылудын, 3,5—4% өкпеге келіп түскен ауаны, ас қорыту түтігіндегі тамақ пен суды жылы-туға жұмсалады. Жылудың 0,7 %-і несеп пен нәжіс'арқылы сырт-шығады.
Тері астындағы май (шел) денедегі жылудың шығуына кедергі жасайды. Сондықтан шел неғұрлым қалың болса, жылу соғүрлым аз шығады, семіз малдың суыққа төзімді, бірақ ыстыққа шыдамсыз болатынь осыған байланысты. Шел майы-ның әсіресе суда тірщілік ететін сүтқоректілер үшін мәні бар. Эволюция (тарихи даму) барысында жылу реттелуі шыңдала түсті. Соның айғағы —қан тамырларының реакциясы: айналадағы' температура өзгеріп денеге әсер еткен сәтте, шелдегі (тері астындағы) қан тамырларының тонусы рефлекс арқылы өзгеріп, тамыр не кеңейіц не тарылып отырады. Ыстықтың әсерінен қан тамыры кеңеиіп жылу шығару продесі күшейеді, ішкі ағзалардағы ірі та-мырларымен аққан қан көп мөлшерде теріге келеді. Салқын әсерінен керісінше, тері тамьірлары тарылып сыртқа жылу шығару карқыны төмендейді.Мысықта, итте, кірпіде, тер бездері нашар дамыған (олар тек табанда орналасқан).
Сондықтан сонғы аталған жануарларда жылу тер арқылы реттелмеиді, денедеп су басқа жолмен, яғни сулану (өкпе) арқылы, сондаи-ақ тілдің кілегейлі қабығы арқылы реттеледі. Бұл — температуралық полипноэ. Иттің ыстық күндері аузын ашып, тілін салақтатуына байла-нысты әдетте .минутына 2 л, ал ыстық күні 50—70 л дымқыл ауа шығарады. Ыстық күндері қүстың өкпесі жиі желдетіледі.