Ан тамырлары 2 страница

5 Лимфа жүйесінің қызметі

Лимфа түйіндері мен лимфа жүйесі әртүрлі қызмет атқарады. Солардың негізгілері:

1.Энергиялық және пластикалық функция—қан айналысы кезінде тканьдегі сіңген су, белок, зат алмасу кезінде түзілген заттар, гормон, электролит т. б. қанға лимфа арқылы тасылады.

2.Дренаждық функция — лимфа жұйесі венамен бірге денедегі ағзаларда басы артық тканьаралық (интерстициялық) сұйықтықты сорып алады.

3.Резорбциялық функция, яғни сіңіру функциясы. Лимфа ка-пиллярларының эндотелиі — өткізгіш, сондықтан әдетте қан ка-пиллярларына өте алмайтын көптеген заттар тканьаралығынан тікелей лимфаға өтеді: а) лимфа капиллярлары — жақсы өткізгіш; ә) олардың түтігі (диаметрі) өздігінен біресе кеңейіп, біресе тарылып, сұйықты өзіне қарай тартып отырады; б) қан, клеткааралық сұйық, лимфа үшеуінің арасында заттар өтуге ыңғай-лы (гидростатикалық, сондай-ақ коллоидтық-осмостық қысым градиенті бар); в) лимфа капиллярлары эндотелиі гистолимфа лық кедергіден әртүрлі заттар еткізуге бейім келеді.

4.Лимфа май алмасу процесіне қатысады. Ішек арқылы сіңу барысында түзілген май мен май қышқылдары лимфа капилляр-ларына енеді де лимфа жүйесі арқылы жалпы қан айналысына қосылады, одан әрі денеде май қоры болып жиналады (депо).

5.Биологиялык. иммунитет және лимфоцит түзу функциясы антидене түзетін клеткалар лимфа түйіндерінде жаралады. Лим фа түйіндері мен тимуста Т — және В — лимфоциттер «пісіп» жетіледі де, қан жүйесіндегі және клеткалық иммунитетке қаты сады. Лимфоциттер иммундық реакцияға қатысатын лимфокин дер т. б. заттар беліп шығарады.

6.Тосқауылдық (барьерлік) функция. Әртүрлі микроорга низмдер, табиғаты басқа зиянды заттар, ісік клеткалары лимфа түйіндерінде ұсталып одан әрі өте алмайды, мұның нәтижесінде олар тосқауылға (механикалық сүзгіге) айналады; бұл қызметті лимфа түйініндегі ретикулярлық элементтер атқарады, ал биологиялық сүзгі ретінде лимфа тканіндегі фагоциттік клеткалар дың мәні арта түседі.

7.Лимфа жүйесі липовитаминдер, кальций, фосфор тұздарының алмасуына қатысады. А,К, Е т.б.

8. Лимфа жүиесі су алмасу процесше қатысады. Бүл жүие де-„едегі сүйықтықтар депосы деп есептеледі, яғни лимфа тамырлары резервуарлық қызмет атқарады. Қан азайған кезде (мәселен, көп кан кеткенде), оның есесін қайтаратын басқа реакцияларыбірге көкірек өзегіндегі лимфа қанға құйылады.

9. Лимфа ішкі ағзалар қызметінің қан арқылы реттелуіне қатысады. Тән тірлігіне тікелей әсер ететін түрлі гормондар, реттеуті пептидтер, метаболиттер т. б. биологиялық әсері күшті заттар көптеген дәрілер алдымен лимфаға өтеді.

6 Лимфаның түзілуі

Лимфа түзілуі тканьаралық сұйықтықтын, лимфа капилляры-на өтуінен басталады, Қан шығып, тканьаралық сұйықтыққа өт-кен су, плазмада еріген кейбір заттар, тканьаралық зат алмасу кезінде пайда болған заттар одан әрі лимфа капиллярларына етеді. Қезінде лимфа, оның түзілуі туралы бірнеше атап айтқан-да фильтрациялық (сүзілу), секрециялық (шырын шығару) тео-риялар ұсынылды. Олар бірін-бірі толықтырып, кейін лимфа түзілуі, оның сыр сипаты (механизмі) туралы ілімнін, негізі болды Қазіргі таңдағы ұғым бойынша тканьде лимфа түзілу — өте күрделі, көп салалы процесс. Ол бірнеше кезеңнен тұрады.

1) Вена капиллярларындағы сүйықтық пен онда еріген заттар, (оның ішінде белок) клеткааралық кещстікке өтеді;

2) Аталған заттар дәнекер тканьге өтіп, соны жайлап алады;

3) Вена капиллярлары арқылы сүзінді қайтадан қанға сіңеді(резорбция);

4) Клеткааралық сұйықтық пен онда еріген заттар, айталық, белок лимфа капиллярларына қайта сіңеді.

6 Лимфаның ағысы

Лимфа тамырлармен белгілі бір бағытта ағады — ол капил-лярлардан лимфа тамырларына, одан әрі мойын және көкірек өзектері арқылы қан тамырлар жүйесінің веналық беліміне қарай жылжиды.

1,Ткань сұйығының ұдайы лимфа капиллярларына құйылып Отыруы нәтижесінде тұрақты лимфа ағысы калыптасады.

2.Р. С. Орловтың мәліметі бойынша, лимфа ағысын негізгі димфа коллекторлары магистраліне қарай жылжитын лимфонцондардьң фазалық, тонустық және өзіндік жиырылу белсенділігі қалыптастырады. Олар ағза сыртындағы лимфа тамырларында насос ролін атқарады, минутына 8—10 кейде 20 рет жиырылады. Морфофункциялық ерекшеліктеріне қарай, лимфангиондар-ды бір-бірімен байланысқан лимфа жүрекшелері деп есептеуге болады. Оның қозуы, қызметі әдетте жүрек етінін, жұмысына ұқсас.

Лимфангиондар қызметінің жүйке, қан арқылы, сондай-ақ вздігінен реттелуі ағзаларда лимфа түзілуінің өзгеруіне, оған бейімделуге мүмкіндік береді.

3.Тыныс алу кезінде көкірек қуысында пайда болатын теріс қысым лимфанын, лимфа тамырларына сорылуын қамтамасыз етіп, көкірек өзегінде оның жылжуын күшейтеді. Біркелкі терең дем алу лимфа ағысын жеңілдетеді.

4. Құрсақ қуысы ағзаларынын. қүрамындағы бірьщғай салалы •еттер мен дененің жолақ еттерініқ жиырылуы лимфаның белгілі •бір бағытта ағуына көмектеседі. Мұны аяқ лимфа тамырларынан байқауға болады. Осыған байланысты қаңқа еттерін «ет арасындағы лимфа жүрегі» — деп атауға болады. Бұл мәселе бойынша И. Аринчин деректерін келтіре кеткен жөн. Ол адамның қан айналысы мен лимфа айналысын зерттеп қанқа еттері жиырылуының лимфа түзілуіне тигізетін әсерін тәжірибе жүзінде және есептеу арқылы анықтады. Ет талшықтарьшын, әртүрлі бағытта жиырылуы лимфа ағысын тез-детеді. Ет пен тканьдерге механикалық жолмен әсер етсе, мәсе-лен, массаж жасаса қан және лимфа ай^алысы жақсарады. Қанқа еттерінін, лимфа ағысында микронасостық қызмет атқаратыны «портта ескеріледі.

5.Ішек жиырылуы да (перистальтика) лимфа ағысына қаты-сады. Ол күшейсе, көкірек өзегінде лимфа ағысы күшейеді.

6.Лимфа түйіндері жиырылуы лимфа мен қанның айдалуын тездетеді.

7.Қан тамырларының, әсіресе құрсақ қолқасының лүпілі лим-•фаны негізгі коллектор — кекірек езегіне қарай бағыттайды.

Әдебиеттер:

Х.Н.Сәтпаева „Адам физиологиясы 211-220беттер

Дәріс №10

Тақырыбы:Ас қорыту жүйесі

Дәріс мазмұны:

1. Ас қорыту туралы түсінік Ауыздағы астың қорытылуы

2. Қарын сөлінің құрамы мен мәні

3. Қарындағы сөл шығуының реттелуі

4. Қарынның қимыл-әрекеті (моторикасы)

5. Астың қарыннан он екі елі ішекке өтуі

6. Ішектегі ас қорытылу.

7. Ұйқы безінің әсері.

1 Ас қорыту туралы түсінік Ауыздағы астың қорытылуы

Ауызда шайналып бапталған асты адам өз еркімен жұтуға даярлайды. Қөлемі 5—15 см3-дей ас кесегі шайналып бапталған соң, тілдің және ұрт еттерінің итермелеуімен тілдің үстіне қарай жылжытылады. Одан әрі тілдің түбірі көтеріліп ас, кесегін таңдайға тақап қысады да таңдай доғасына, сонан соң жұтқыншаққа қарай ысырады, сөйтіп ауыз ішін жұтқыншақтан бөліп тастайды.

Жутқыншаққаас кесегі өткен кезде алдьшен жұмсақ таңдай мен тілшік, жұткын-шаққа қарай кетеріледі де, оның мүрын белі-мін ауыз бөлімінен бөліп тастайды, сөйтіп жұтынған сәтте ас кесегінің мұрынға өтіп кетуіне кедергі жасалады. Мұнымен қатар көмекей көтеріледі. Тіл түбірі жұтқыншаққа өткен ас кесегімен көмей қақпақшасын үстінен басады да көмейді жауып тастайды. Одан әрі ас кесегі өңешке қарай жылжиды. Дәл осы кезде жұткыншақ көтеріліп, өңештің кіреберісіндегі сфинктер босап жазылады да өңеш ашылады. Сөйтіп ас кесегі өңешке барып түседі. Өңештің жиырылып, жазылу қимылымен (перистальтика) 6—8 секунд ішінде ас қарынға жетеді. Қарын кіреберісіндегі сфинктер босаңсып ашылады да ол қарынға өтеді.

Қарындағы ас қорытылу

Қарындегеніміз ішек-қарын түтігінің кеңейген жері. Оның сыйымдылығы 2—4 литрдей, сырт пішіні мүйізге ұқсайды.

Қарын бірнеше бөліктен тұрады.

1. Өңешпен қарынның қосылған жері кардиа немесе кардиалық бөлік деп аталады.

2. Қарынның жоғарғы жағы күмбез тәрізді жоғары қарай көтеріңкі келеді, бұл — қарын күмбезі немесе қарын түбі.

3. Қарын мен он екі елі ішектід қосылған жері пилорус (қақпақша) деп, ал қарынның кақпақшаға жалғасқан бөлігі пилорустік бөлік болып саналады. Қарынның алдыңғы және артқы беткейі, жоғарғы және теменгі шеттері болады. Жоғарғы шеті деңестеу, ал төменгі шеті ойыстау келген. Жоғарғы шетін қарын тұйығы, теменгі шетін қарын ойығы дейді.

4. Қарынның пилорустан басқа бөлігі қарын денесі дёп аталады.

Қарын құрсақ қуысының жоғарғы жағында орналаскан. Оңың күмбезі сол жақта, қабырғалардың ішкі бетінде, пилорус оң жақта бауырдың астында.

Қабырғасы (кенересі) жалпы ішек-ка-рын түтігіне тән үш қабаттан,

1. ішкі — шырышты,

2. ортаңғы — бірың-ғай салалы ет,

3. сыртқы — серозды кабаттан тұрады.

Қарынның ишрыціты қабығында көлденең созылған қатпар-лар, ойық және жазық жерлер бар. Онда қарын бездері орналас-қан (жәй түтік бездер). Безде түрлі без клеткалары гландулоциттер (негізгі, қосымша, айнала қоршалған) бар. Негізгі гла-ндулоциттер сел ферменттерін (пепсиноген), айнала қоршалған гландулоциттер тұз қышқылын, қосымша клеткалар шырышты зат—муцин шығарады. Осы клеткалардан бөлінген заттар қарын сөлінің құрамына кіреді. Қарынның пилорус бөлігінде айнала қоршалған гландулоциттер болмайды, сондықтан сөл реакциясы қышқылды емес, сілтілі не бейтарапты болады.

2 Қарын сөлінің қүрамы мен мәні

Адамда қарын бездері тәулігіне 2—2,5 литрдей сөл шығара-ды. Ол түссіз, реакциясы қышқыл (рН 0,9—1,5) зат. Меншікті салмағы судан азақ ауыр (1,008), құрамында 0,5—3,5% құрғақ зат бар. Осмос қысымы қанньщ осмос қысымына теқ (7,5 атм). Қысым сөл кұрамындағы бейорганикалық тұздар мең иондарға байланысты. Қарын сөлінде Nа, К, Са хлоридтері, сульфаттары, фосфаттары бар. Әсіресе тұз қышқылы көп (0,3—0,5%).

Сөлде органикалық заттар-ферменттер мен муцин бар. Қарын бездерінін, негізгі гландулоциттері пепсиноген ферментін бөліп шығарады. Кышқыл ортада пепсинотеңнен полипептид молекуласы (ингибиторУ бөлініп, активті пепйш ферментіне айналады. Пепсин өте қышқыл ортада (р'Н 1,5—2) қоректік заттарды гидролиздік жолмен ыдырататын фермент, рН 3,2—3,5-ке теа жерде әсер ет.етін пепсин — гастриксин деп аталады. Адам қар-нында гастриксин кебірек. Пепсин-әртүрлі белоктарда айталық, белок молекуласын полипептид сатысына дейін ыдыратады. Кең-бір пепсиндер сүтті ірітеді, яғни казеиногенді ерімейтін казеинге айналдырады. Бала қарны сөліндегі сүт ірітетін фермент — химозин деп аталады. Ол сәл қышқыл, сәл сілтілі немесе бейтарап ортада әсер етеді. Қарын селінде кездесетін липаза ферменті басқа сөлдердегі липазадай, тек эмульсияланған майға ғана әсер етеді. Май әдетте он екі елі ішекте эмульсияланады (ете ұсақ бөлшектерге бөлінеді). Барша тағамдардың ішінде май сүтте ғана эмульсия түрін-де кездеседі. Сондықтан қарын сөліндегі липаза тек 'сүттің, майын ыдырата алады. Липазалар әсерінен. эмульсияланған май ыдырап глицерин мен май қышқылына айналады.

Қарын сөлінде көмірсуды гидролиздейтін фермент болмайды. Бірақ қарындағы ас тұзы қышқылына әбден шыланғанша ас кесегінің ішінде (қақ ортасында) сілекейдің өз амилаза ферменті крахмал мен гликогенді дисахаридтерге дейін, ал мальтаза ферменті мальтозаны екі молекулалы глюкозаға ыдыратады. Қарын сөлінде шырышты әрі сілтілі зат -муцинбар. Ол карынның шырышты қабығын жауып тұрады да тұз қышқылын бейтараптайды. Сөйтіп, қарын қабырғасын пепсиннің зиянды әсерінен (аутолиз) қорғайды. Сонымен бірге, ол түрлі жарақаттан да сақтайды. Және қарынға келіп түскен В В2 витаминін қоршап алып, қарын сөлі ферменттерінен қорғап, ыдырамастан денеге сіңуін қамтамасыз етеді.

Қарын сөліндегі тұз қышқылының мәні. Тұз қышқылы:

1) пепсиногеыді пепсинге айналдырады;

2) айналасын қышқылдандырып, пепсиннің әсерін кушейтеді;

3) белоктарды қопсытып жұмсартып, олардың ішіне фермент енуін жеңілдетеді;

4) микробтарды жояды (бактерицидтік әсер). Мәселен, тұз қышқылы ерітіндісінде тырысқақ ауруы вибрионы 15 минуттың ішінде өледі;

5) қарындағы астың (химустың) 12 елі ішекке өтуіне септігің тигізеді. Тұз қышқылы сіңген химус пилоруске жеткен сәтте а гырышты қабық хеморецепторлары тітіркенеді де, пилорус сфинктері босаңсып ашылады, карын жиырылған кезде ығысып ол он екі елі ішекке өтеді. Қышіқылды химус мұндағы хеморецепторларды тітіркендіріп, пилорус сфинктерін жабады.Бұл рефлекс «жабу рефлексі» деп аталады. Пилурустың келесі ашылуы жабу рефлексінің тоқталуына байланысты, яғни он екі елі ішектегі химустың қышқыл реакциясы бейтараптанса ғана карын жағынан орталыққа тебетін серпіністер күшейіп пилорусты аша алады, сөйтіп, ас тұзы асты қарыннан он екі елі ішекке біртіндеп өткізеді;

6) химозиннің сүт белогіне тигізетін әсерін жеңілдетеді;

7) просекретин гормонын секретинге айналдырып ұйқьі безінің сөл шығаруын кушейтеді;

8) қарын сөлінің өзін-езі ретхеуін камтамасыз етеді. Онда ас тұзы өте көбейіп кетсе, пилорустың шырышты қабығында бөлінетін гастрон гормонының түзілуі күшейеді. Гастрон гастрин шығуын тежеп карын сөлін азайтады.

3 Қарындағы сөл шығуының реттелуі

Сәл қарыннан, әсіресе тамақ ішкен сәтте көп болып шығады. Оның мөлшері, ондағы ферменттердің сапасы мен құрамы тағамдағы қоректік заттардың түріне (белок май, көмірсу) ас кесегінің физикалық қасиеттеріне қарай ұдайы өзгеріп отырады. И:П.Павловтың лабораториясында итке арнайы тәжірибелер жаса-лып, қарын сөлінің қашан, қалай, қанша мөлшерде бәлінетіні, кұрамындағы ферменттердің сапасы, қышқылдығы ет (белогі көп асқа), нан (көмірсуы көп асқа), сүт (майлы асқа) берген кезде қалай езгеретіні анықталды

Рационында ет көп болса, қарыннан сөл барынша көп шыға-ды, оның реакциясы қышқыл келеді, ал нан кеп болса, сел шыға-ру ұзақка созылады, сөлдің ыдырату күші мол болады, ал сүт кеп болса, сөл аз шығады, оның қышқылдығы орташа. Нан мен сутке қара"ғанда белогі кеп асқа пепсин әлдеқайда көп мөлшерде шығады. Қарын бездерінің жеген асқа осылайша икемделуі, без кызметін реттеуде жүйке жүйесінің үлкен мәні бар екенін көрсетеді. Әдетте кезеген жүйке қарын бездерінің сөл шығару қабілетіч күшейтеді, ал симпатикалық жүйке, керісінше, сел шығуын тежейді. Бірақ кейде, әсіресе карын бездернің сөл шығару қабілетін үдететін жағдайлар Әсер етсе, симпатикалық. жүйке гланду-лоциттердің пепсин шығару қабілетін күшейтуі мүмкін. Қарынның сел шығару қабілетін күшейтетін не тежейтін химиялық. заттар (гормондар) бар, олар қан арқылы әсер етеді.

Қарынның сөл шығару кезеңдері

Сөл шығару процесі жүйке және қан арқылы реттеледі. Бұл екеуінің қайсысы басым екендігіне, астың ішек-қарынның қай бөлігінде екендігіне қарай.Оны шартты және шартсыз рефлекстік фазаларға бөлуге болады. Тағамның түрі, иісі, ыдыс-аяқтың сылды.ры, дас-тархан жаю-бұлардың бәрі тамақ ішер алдында .адамға ұдайы әсер ететін факторлар. Бұл факторлардың әсерімен қарыннан шартты рефлекс жолымен сөл бөліне бастайды. Ондағы ферменттер өте күшті болады.' Тағам құрамындағы коректік заттарды тез ыдыратады (гидро-лиздейді). Тәбет сөлінің әсерінен қарын ас қорытуға даяр тұра-ды. Одан әрі қарында сөл шығуына бірден-бір күшті әсер ететін фактор — тағамның ауызға келіп түсуі. Ауызға келіп түскен ас ондағы рецепторларды тітіркендіріп, солар арқылы сопақша мидағы сөл шығару орталырын қоздырады. Бүл сел шығарудын. шартсыз рефлекстік фазасы. Қарын сөлінің шартты және шарт-сыз рефлекстер арқылы бөлініп шығуы жөнінде «жалған тамақтандыру» тәжірибесінде айтылып дәлелденген.Ас қарынға келіп түсісімен қарыннан көп мөлшерде сөл бөліне бастайды. Бұл процесс астың қарында біраз кідіруіне байланысты ұзаққа созылады.

Сөйтіп, қарында сөл шығарудың екінші кезеңі «қарын» кезеңібасталады. Сөл шығару механизміне қарай ол рефлекстік:механикалық . және гуморальдық-химиялык, деп аталатын екі фазаға бөлінеді белок ыдыраған кезде пайда болатын өнімдер мен экстрактивті (ет, көкөніс сорпасына шығатын) заттар үдетеді. Гастрир қанға сіңіп, ол арқылы қарын бездеріне жетіп, оларды тітіркендіреді. Әсері гастринге ұқсайтын екінші химиялық зат — гистамин. Ол қарын сөлінде тұз қышқылын молайтады. истамин қарынның шырышты қабығында гистидиннен түзі-леді. Қейбір пікірлерге қарағанда оны, медиатор деп те баға-лауға болады. Қалай болғанда да канда гастрин мен гистамин көбейсё, карынның сөл шығару қабілеті арта түседі. Қарында, ішек пен бауырда гистаминді ыдырататын фермент — гистамина-за болмайды, сондыктан қа(рыннан бөлініп шықкан гистамин алдымен қанға сіңеді де қақпа венасына, одан бауырға өтіп, осы арадағы қан тамырларын айналып, қарын артериясына, оодан әрі карын бездеріне жетіп, оларға әсер етеді. Қарын сөлі бөлініп шығуының үшінші кезеці ішек кезеңі,ас оң екі елі ішекке келіп түскен сәттен басталады. Тәжірибе үстінде иттің ішегіне бүйір фистуласы арқылы экстрактивті заттар мен белок ыдырауынан пайда болған өнімдерді құйса, қарын сөлі әдеттегіден әлдеқайда көп шығады, яғни сөл шығару процесі күшейеді. Аталған заттармен қатар, ішектің шырышты қабығында энтерогастрин. бомбезин гормондары бар, олар қан арқылы карын бездерін тітіркендіріп, сөл шығару процесін үдетеді. Ішек гормондарының ішінде қарында сөл шығуын тежейтіндері де бар (гастрон, энтерогастрон, ішек-қарынның ингибитор пептиді, панкреозямин).

4 Қарынның қимыл-әрекеті (моторикасы)

Қарың қабырғасындағы бірыңғай салалы еттер қарынға келііп түскен асты шырынмен араластырады. Қарын сөлі сіңген соң оның карыннан ішекке көшуін қамтамасыз етеді. Асты жұтқан -сәттен бастап қарын еттері біразға дейін босаңсиды, мұны астьщ рефлекстік релаксациясы деп атайды. Одан әрі тағам түріне карай қарыц қимылы күшейе бастайды.

Қарын еттерінің жиырылуы фазалық және тонустық жиыры-лу болып екіге бөлінеді Фазалық жиырылу дегеніміз негізінен перистальтикалық жиырылу, яғни толқын тәрізденіп бүлкілдеу. Минутіне үш толқын пайда болады. Тонустық жиырылу көпке созылады, және жиірек .(минутіне б:-7 рет) байқалады.

Ішіне баллон енгізіп, қарын қимылын, қарын қуысының кысымын манометрмең өлшеп, тіркей отырып, үш түрлі қимыл толқынын жазып алуға болады. Толқан биіктігі жиырылу күші мен қарын қысымын көрсетеді. Толқындардың біреуі онша биік емес, небәрі 5—20 секундке созылады, ал екінші бір толқын бұдан ұзағырақ (12—60) және биіктеу келеді. Бұлардың екеуі де перистальтикалық қимылдар, шырышты кабық бетіндегі асту жоғарыдан төмен карай жылжытып отырады, бірақ қарын куысындағы асқа әлі келмейді, толқынның үшінші түрі күрделірек және ол кан гастрин гормоны бөлініп шығады. Гастрин шығару процесін ұзакка (6—7 мин) созылады. Бұл толқын қарын қысымы күшейген кезде пайда болады, оның әсерінен қарын пилорусы әлсін-әлсін жиырылып, астың он екі елі ішекке өтуін қамтама-сыз етеді. Қарын қимылын кезеген жүйке күшейтеді, ал симпатикалық жүйке тежейді. Қарын релаксациясы кезеген жүйкенің қозуынан, гуморальдық заттардан (гастрин, мотолин, инсулин, серотонин) қарын қимылын күшейтеді, ал секретин, панкреозамин, пептидтер тежейді.

Астың қарыннан он екі елі ішекке өтуі

Астың адам қарнында қорытылу мерзімі (6—8 сағат) оның құрамына байланысты. Қарында әсіресе майы, белогі көп тағамдар ұзақ жатып қалады, бірақ көмірсулы тағамдар тезірек жыл-жып, он екі елі ішекке бұрынырақ ауысады. Сұйық тағам қарында тоқтамастан тез ішекке өтеді, ал жасанды қорек қ-арында 'жылжымай жатып қалады. Пилорустың ашылып жабылуына қарай ас қарыннан-он екі елі ішекке бөлек-бөлек сығымдалып өтеді.

Пилорус сфинктері жиырылып жабылса ас қарында тоқтап қалады, тек сфинктер босаған сәтте ғана он екі елі ішекке өтіп кетеді. Ал сфинктер рефлекстік жолмен жиырылып жазылады, яғни пилорустың ашылып жабылуы рефлекс арқылы іске асады. Қарын тарапынан келген рефлекс сфинктерді босатады, ал он екі елі ішектен келген рефлекс, керісінше, сфинктерді жиырады. Пилорустың ашылып жабылуына қарындағы және он екі елі ішектегі гидростатикалы қысым, химустық қышқылдың дәрежесі әсер етеді. Мұнымен қатар қарындағы астың осмостық қысымы жоғары болса, пилорус сфинктері көпке дейін (химус изотоника-льг болғанша) босамайды. Астың карыннан он екі елі ішекке өтуін ішек гормондары да реттейді. Он екі елі ішекке химус қыш-қыл күйінде өтсе, кеп мелшерде секретин мен панкреозимин белі-неді. Бұл гормондар қарын қимылын тежейді, бірақ ұйқы безінің сөл шығару қабілетін күшейтеді, осыған орай ішекте рН жоғарылап, пилорустың ашылуын тездетеді.

Он екі елі ішектегі ас қорытылу

Он екі елі ішекке келіп түсісімен асқа 3 түрлі сөл (ұйқы •безінің, он екі елі ішектің шырыны және ет) әсер етеді. Бұлардың ішінде ең күрделісі ұйқы безінін сөлі: оның құрамында органикалық қоректік заттарды (белок, май, көмірсу) ыдырататын ферменттері бар. Өтте ас қорытатын ферменттер жок, бірақ курделі қоректік заттарды гидролиздеу үшін ет қажет. Онсыз ұйқы безі ферменттері әсер ете алмайды, етсе де өте әлсіз болады әсіресе май ыдырамай, майдың ішектен лимфаға өтуі тодтап қалады. Сондықтан өт ас қорыту селдері қатарына жатқызылған. Он екі елі ішектің шырышты қабығында бруннер бездері бар, олар ез сөлін шығарып отырады. Он екі елі ішёк сөлі сәл сілтілі (рН — 7,2—8,0), құрамында пепсин ферменті бар. Ондағы пепсин химусқа сіңген қарын сөлі пепсинімен бірлесіп, ішекте біраз уақыт белоктарды Ыдыратуы мүмкін. Реакциясы сілтілі үйқы безі сөлі мен мол мөлшерде өт келіп қүйылысымен пепсиндердің әсері тоқтайды. Ас қорытуда он екі елі ішек сөлінің айтарлықтай мәні жоқ, бірақ науқастанған жағдайда, әсіресе қарын сөлінде тұз қышқылы көбейіп кетсе, пепсиндердің әсері күшейіп, ұйқы безі ферменттерін ыдыратуы .мұның салдарынан ішекте ас қорытылуы нашарлап кетуі мүмкін. Он екі елі ішек селінің бөлінуі кезеген жүйке әсерінен күшейе түседі. Бұл сөл шыруын қан арқылы әсер ететін заттар — секретин мен глюкоген де күшейтеді.