Глоссарий

физиология- "физис" - табиғат, "логос" - ілім деген грек сөздерінеіг құралады. функцияө деп жүйенің немесе оргәнның спецификалық әрекетін айтады.

анализ /талдау/ жолы күрделі қүбылыстарды олардың жәй түріне айналдырып және оның әрқайсысын жеке-жеке зертгеу жолы. бұған мысал организмнен бөлініп алынған белгілі бір органдардың жүмысына қолдан жасалган ортада бақылау жүргізу.

вивисекциялык, операция жасау /тірідей кесу/ әдістемесі де қанағатгандыра алмайды. себебі, мүвда орган қызметін бақылау қалыіггы тіршілік ету ортасынан әлдеқайда алыс жатқан наркозбен үйықтатылған жануарлар денесіңце жүргізіледі.

И.П.Павлов ғылымга созылмалы /үзақ уақыт бақылауға мүмкіндік беретін/ тәжірибелер жасау әдісін енгізді /фистула крю әдісі деп те аталады/. мүндай тәжірибелер операция жасаудың барлық ережелерін сақтай отырып операция жасалған және одан жазылған жануарларда жүргізіледі.

экстирпация кезінде зерттелетін органды жартылай, немесе түгелдей кесіп алып тастайды да, бүдан соң организмде байқалатын өзгерістерді бақылау арқылы, оның денедегі қай қызметке қаншалықты қатысының барлыгы анықталады.

трансплантация - бір организмдегі органды, тканьді орнынан басқа жерге /мәселен, бүйректі мойынға әкеліп орналастыру/, немесе басқа организмге көшіріл қондыру. осыған байланысты организмде, орган қызметінде байқалатын өзгерістерді бақылайды.

перфузия- зертгелетін, қүрамы алдын-ала белгілі ерітіндіні, не қавды тиісті органның тамырлары арқылы өткізу. осылай органнан өткен ерітіқціні /сұйықты/ жинап алып, оның қасиетін, құрамын анықтап, орган клеткаларывда қандай өзгерістерге түскенін біледі.

радиотелеметрия арқылы әртүрлі қашықтықтардагы /мәселен тііггі ғарыштағы/ организмдердегі бірнеше жүйелердің қызметтерінің көрсеткіштерін /параметрлерін/ бір мезгілде электромагниттік және радиотолқындарды тіркеп-жазып, талдау арқылы /математикалық, электровдық есеіггеу техникасының көмегімен/ қажетті физиологиялық ақпарат алынады.

математикшіык, модельдеу - электрондық есеіптеу машиналарын пайдаланып организмдегі әртүрлі физиологиялық процестер арасындағы өзара сандық қатынастарды, физиологиялық завдылықтарды білу үшін жүргізіледі.

эпителиалдық үлпаны шекаралық улпа деп те атайды.

эпителийдеген термин гректің екі сөзінен қүралган

"эпи"— үсті және "телий"— еміздікше ягни еміздікшелерді жауып түрады деген үғымды білдіреді.

мезотелий— жалпақ клеткалардың жүқа қабаты.

қан— трофикалық және қорғаныш функцияларын атқаратын сүйық дәнекер үлпа. ол пішіндік элементтер мен плазмадан түрады.

қанның дамуын гемопоэз (һаіта — кан, роезіз — жасз-лу) дейді.

эмбриондық гемопоэз кан мен үлпаның эмбриондык кезеңіндегі түзілуі, постэмбриондық гемопоэз қаннъң физиологиялық регенерациясыгиаливді (гректің гиалос — әйнек) шеміршек үлпасы гиалин шеміршегін қүрайды.

жіңішке филаменттерді актиндік, ал жуанын — миозиндік деп атайды.

сарколемма(гректің саркос — ет, лема — қабықша деген сездерінен қүралған)

нерв үлпасы — нерв жүйесінің негізгі қүрылымдық элементі. нерв үлпасы нерв клеткаларынан немесе нейрон-дардан (нейроциттерден) және глиалық клеткалардан не­месе глиоциттерден түрады.

нейроглия — нерв үлпасының көмекші және манызды қүрамды бөлігі. нейроглияның клеткалары нерв импуль-старьш өткізбейді, бірақ олар нерв үлпасында тіректік, трофикалық, корғаныс және изоляциялық функциялар атқарады. сонымен бірге мидың эпифиз және гипофизінде нейроглия осы органдардың негізгі массасын қүрайды және секреторлық функция атқарады.

анатомо-физиологиялық жүйелер - арнайы нақты қызметтерді орындайтын мүшелер жиынтығынан тұрады.

қызметтік жүйелер - ағза иерархиясындағы ең жоғарғы деңгейлі үйымдасу, ағзаның нақтылы қызметін кдмтамасыз етудегі жөне орындаудағы әртүрлі анатомо-физиологиялық жүйелердің біріккен жиынтығы. шартты түрде қызметтік жүйені

гомеостатикалық қызметтік жүйе, олар санасыз деңгейде маңызды көрсеткіштердің (температура, артериалды қысым, қышқыл-сілтілік, су балансы) тұрақтылығын қамтамасыз ететін және тәртіптік функционалды жүйелер, олар ағзада доминантты мотивизациялар негізінде (қорғану, тамақ табу, жыныстық тәртіп әлеуметтік өмірдің жоғарғы мотивациясын қамтамасыз ететін) қалыптасатын деп бөлуге болады.

организм резистенттілігі дегеніміз, оның әр түрлі факторларға түрақгылығы, яғни төзімділік мөлшері. резистенттілік негізінен жалпы қарағанда ол организмнің түрақгылығы, ал жеке қарағанда ер типтің, жүйенің, ағзалардың түрақгылығы. резистентгілік абсолютгік, салыстыр-малы, енжарлықжәне белсенділік болып бөлінеді.

реактивтілік - әсер етуші факторларға белгілі бір жауап беру қабілеттілігі. реактивтілік әрқашанда белсенділікпен сипатталады. мысалы, организмге вирус енгенде температураның көтерілуі

гипоксия немесе отгегі жетіспеушілік - ол тіндердегі оттегінің қолда-нуының төмендеуі

стресс - организмнің күшті әсерлерге реакциясы, ал өз табиғаты бойынша стресстік жауап - зақымдаушы факторлар әсер еткенде организмнің тұрақгылыққа (резистентгікке) жету өдісі.

Дәріс кешендері

Дәріс № 1

Тақырыбы: Кіріспе

Дәріс мазмұны:

    1. Адам және жануарлар физиологиясы пәні, мақсаты.
    2. Физиология ғылымындағы ұғымдар.
    3. Физиология ғылымының даму тарихы мен еңбек сіңірген ғалымдары.
    4. Физиологияның негізгі бөлімдері
    5. Ағзаның біртұтастығы.

Физнология пәні жэне оныц әдістері мен даму этаптары.

Физиология - "физис" - табиғат, "логос" - ілім деген грек сөздері негізінде құралады. Адам мен жануарлар физиологаясы осы организмдердің сыртқы қоршаған ортамен байланысы күйінде атқаратын қызметін зерттейді, олардың іске асу заңдылықтарын ашады.

Физиологиялық тіршілік әрекетінің негізінде физиологиялық процестер жатады. Физиологиялық процестер тірі материяда жаңа сапалы мазмүнға ие болатын онда жүретін физикалық және химиялық процестердің күрделі бірлігінің формасы. Физиологиялық процестер физиологиялық функцияларды қамтамасыз етеді. Физиологиялық функция -тірі жүйедегі әртүрлі бөліктердің, струкгуралық элеметтерінің өзара әрекеттесуінің көріністері. Функция /қызмет/ -организмдегі, органдардағы, клеткалардағы зат алмасу процесінің орта жағдайының алуан өзгерістеріне бейімделуі барысындағы, әрі сол организмнің ортаға белсенді ықпалы барысындаш өзгерістерінің нәтижесі. Функция деп жүйенің немесе органның спецификалық әрекетін айтады.

1. Физиологияның негізгі міндеті - жануар және адам организмдеріндегі тіршілік процестерінің, мәселен нерв жүйесі мен басқа да жүйелер қызметгерінің спецификалық физиологиялық зандарын одан әрі ашу, анықтау. Себебі, осы арқылы ол процестерді басқарудың жетілген әдістерін табуға болады.

Физиология сөйтіп, тіршілікгің мән-мағынасын, оның химиясы мен физикасын зерттеп білуге қатысады.

2. Физиологияның өз алдына қоятын мақсаты:

1.Тірі организмдегі қалыпты функциялардың іске асуының заңдарын қоршаған ортаның үнемі өзгермелі және дамымалы жағдайларымен байланыстыра зерттеу;

2.Сол тірі организмдегі функциялардың онтогенез және филогенез барысындагы дамуын әрі олардың өзара байланыстарын зерттеу.

Физиологиялық процестерді зерттеудің әртүрлі деңгейлері:

1 .молекулалық,

2. мембраналық,

3. субклеткалық,

4. клеткалық,

5. тканьдік,

6. органдық,

7. жүйелік

8. организмдік.