Мемлекеттік айыптаушы

Мемлекет иелігіне алу

Мемлекет иелігіне алу — шаруашылық жүргізуші субъектілерді тікелей басқару атқарымдарын мемлекеттен жеке немесе заңды тұлғаларға ішінара немесе толық (соның ішінде жекешелендіру жолымен де) беру. Әкімшілдік-әміршілдік экономикадан нарықтық экономикаға көшудің, тауар өндірушілердің дербестігін нығайтудың, рынокты тауарлармен (қызметтермен) молықтырудың, тауарлардың сапасын арттырудың, мемлекет кәсіпорындардың монополизмін жоюдың маңызды бағыты ретінде қаралады. Жалпы ел экономикасының тиімділігін арттыруға және оның азаматтарының тұрмыс деңгейін көтеруге бағытталады. Қолданыстағы заңдарға және жекешелендіру бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік айыптаушы — қызметі қылмыстық іс бойынша айыпталушының кінәсін дәлелдеуге бағытталған, сот отырысында заңға сәйкес негізде мемлекет атынан айыптауды жүзеге асыратын лауазымды тұлға. Мемлекеттік айыптаушы қызметінің құқықтық жай-күйі әр мемлекетте әр түрлі аталады және мұндай қызмет барлық жерде біріне бірі ұқсай бермейтін салалық мемлекет қызмет жүйелерінде атқарылады. Бір елде мемлекеттік айыптаушы лауазымы сот жүйесінің құрамындағы қызметтік тармақ болса, басқаларында ол өз алдына бір мемлекет қызмет жүйесі. Қазақстанда мемлекеттік айыптаушы қызметі прокурор лауазымының атқаратын міндеттерінің бір саласы. Мұндай қызмет прокурордың қылмыстық іс материалдарына сүйене отырып, заттай дәлелдемелер мен куә айғақтары арқылы айыптаушылық тұжырым айтып, соттан сотталушыға жазаның нақты бір түрін тағайындауды сұрауынан тұрады. Сотта мемлекет айыптауды қолдау үшін прокурор өз дәйектерін алдын ала орнықтыру сатысынан өтеді. Тергеу органдарынан келіп түскен қылмыстық істің заңдылығын қадағалау барысында прокурор заңсыз қозғалған істі қысқартады не қайта саралайды немесе нұсқау беріп тергеушіге қайта жібереді. Ал заң талабына толық жауап беретін іс болса немесе заңсыздықтар жойылып, қайта түскеннен кейін прокурор істі сотқа өткізеді. Мемлекет айыптауды қолдау да қылмыс жасаған адамның қудалануын талап еткен заңның орындалуын қадағалаудан туындайды.

Мемлекеттік алтын және асыл металдар музейі, 1992 жылы құрылған. Қазақстандық қолөнер шеберлерінің туындыларын және көне замандардан жеткен зергерлік бұйымдарды жинап, сақтап және зерттеп, насихаттауды көздейді. Мемлекеттік алтын және асыл металдар музейін құрудағы мақсат: республика көлеміндегі көптеген музейлерде сақталған, археологиялық қазбалардан табылған әр ғасыр қолөнер шеберлерінің бұйымдарын бір жерге шоғырландыру; тәуелсіздікке дейін жақын және алыс шетелдерге шығарылған тарихи-мәдени құндылығы зор асыл заттарды Қазақстанға қайтарып, жинақтауға ықпал ету. Зергерлік өнер туындыларын осылайша бір музейге шоғырландыру ерте замандардан бері сабақтастығын үзбей келе жатқан өнердің көркемдік, технологиялық әдіс-тәсілдерін, композиция стилдерін салыстырмалы түрде, әр қырынан зерттеуге мүмкіндік береді. Мемлекеттік алтын және асыл металдар музейі 2000 жылыАстана қаласына көшірілді.

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3

Қосымша әдебиеттер: 4,5

2 тақырып. Мемлекетті басқарудың функционалдық және экономикалық аспектілері

Дәріс жоспары:

1. Жүйелердің анықтамасы мен олардың қасиеттері

2. Экономикалық жүйенің құрылымдық құраушылары

3. Функциялардың мәні, анықтамасы және жіктелуі

4. Мемлекеттің функциялары және олардың жіктелуі

5. Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын құру

 

 

1. Жүйелердің анықтамасы мен олардың қасиеттері

Басқаруда жүйелілік теориясын қолдану 50-ші жылдардың аяғында пайда болды. Басқару ғылымының бұл түріне еңбегі сіңген американдық ғалым Дж.Пола Гетти. Жүйе – бұл бір-бірімен байланысты болатын бөліктерден тұрады. Бұлардың әрқайсысының өзіндік мәні бар. Бұл қарым-қатынас кейіннен қолданылып жүргендіктен, оны теорияға және практикаға әсерін толықтай бағалау мүмкіндігі болмай отыр. Дегенмен, қазір оның әсері үлкен және болашақта өсуіне сенімі мол. Жүйелі негізде, болашақта қарастырылатын жаңа білімдер мен теорияларды синтездеу мүмкіндігі бар.

Жетекшілер өзгеріп отыратын ұйымдарды жүйе ретінде білулері тиіс, себебі бұл басқару үрдісінде жүйелік теориясын қолдану үшін қажет. Жүйелілік тұрғыда жетекшілер ұйымды сыртқы орта өзгерісі жағдайында әртүрлі мақсаттарға жетуге бағытталған адам, құрылым, міндет пен технология секілді өзара байланысты элементтер жиынтығы ретінде қарастырулары керек.

Мемлекеттік басқару жүйесі – ұлттық мемлекеттің және қазіргі заманғы саяси жүйенің қалыптасу кезеңінде пайда болған тарихи феномен. Басқару мәселелеріне қызығушылық антик әлемінде (Платон, Аристотель), мемлекеттің әлеуметтік-саяси жүйелерінің аспектілерін зерттеуді бастағаннан бері пайда болды. Дегенмен, XVІІ-ХІХ ғасырларда өндірістік революция басталғаннан бері еңбектің және әкімшіліктің жоспарлы және ғылыми ұйымдастыру мәселелері шынында көтерілген кезде-ақ мемлекеттік басқару механизмдері мен институттары, сондай-ақ мемлекеттік басқару идеялары қалыптаса бастады. Осы үрдіске әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдарының дифференцияциясы, әсіресе, социология, саяси мен экономика ғылымдарының бөліну үрдістері қосылды.

Басқару универсалдық феномен болып көрінеді, өйткені ол материалдық әлемнің барлық жүйелерінде орын алады деп айтуға болады. Басқару – табиғи (эволюциялық) немесе жасанды жолмен пайда болған, ұйымдасқан жүйелерінің функциясы. Биологиялық, әлеуметтік, экономикалық, саяси, кибернетикалық және басқа жүйелердегі басқаруды ажыратады. Біз үшін мемлекеттік басқару аса маңызды болады. Кез-келген ұйымдық жүйені осы феноменсіз елестетуге болмайды.

Барлық айырмашылықтарға қарамастан осы жүйелерде оларға универсалдық сипат беретін жалпы белгілері мен ерекшеліктері бар. Басқару – көпқырлы және күрделі құбылыс. Бұл бірыңғай анықтама және бірыңғай басқару теориясы жоқ екенін көрсетеді. Дегенмен, басқару-кибернетикалық феномен, ол кибернетикалық принциптермен және ақпаратты қабылдау, сақтау, тапсыру мен өңдеу заңдылықтарымен байланысты. Сондықтан, мемлекеттік басқарудың негізгі принциптері мен нұсқаулары, кибернетиканың пайда болғанынан және оның принциптерінің жұмыс істеуінен біржолата қалыптасқаны анық.

 

2. Экономикалық жүйенің құрылымдық құраушылары

Экономикаға жоғары дәрежедегі динамикалылық пен өзгерістік тән. Бір шаруашылық кезең ішінде халық шаруашылығында өндірілетін және нарыққа жіберілуді И. Шумпетер әлеуметтік өнім деп атады. Бірақ оның ерекшелігі, бірыңғай жоспар бойынша жұмыс істейтін, кейбір адам топтарының немесе қоғам бөлігінің жоспарлық қызметінің нәтижесі деп есептелмеді. Әлеуметтік өнім барлық қоғамның өндірістік қызметінің нәтижесі болып табылады.

Бірақ та бір мәселені айтпай кетуге болмайды, өйткені оның мағынасын дұрыс түсіну үшін аса маңызды болады. Экономикалық жүйе әрбір нақты тарихи кезеңінде ерекше және нақты түрде болып көрінеді. Мысалы, алғашқы қауымдық, антикалық, феодалдық, капиталистік дәуірдегі экономикалық жүйелері туралы айтуға болады. Әлі күнге дейін әр түрлі мемлекеттерде әр түрлі экономикалық жүйенің түрлері бар. Мысал ретінде, сыртқы экономикалық байланыстары шектелген, тәуелсіз өндірістік-шаруашылық жүйесі болып саналатын жабық немесе автаркиялық экономика туралы келтіруге болады.

Автаркиялық экономикалық жүйені құру әрекеттерінің біреуі – бұл айтулы орталықтандырылған-жоспарлық немесе әміршілдік-әкімшілік, көбінесе тоталитарлық мемлекеттерде, оның ішінде бұрынғы Кеңес Одағында үстемдік жағдайда болған экономикалық жүйе. Дегенмен, оның нағыз автаркиялық экономика моделінен маңызды параметрлері бойынша айырмашылығы бар. Себебі, халықаралық сауда-саттықтың қажеттілігін теріске шығармай, ол жан-жақты өзара тиімді сауда – экономикалық байланыстарды басқа мемлекеттермен орнатуға әрекеттенген. Ақырында, осы экономикалық жүйенің түрі де өзінің тиімсіздігін көрсетіп, басқа ашық экономика түріне жол берді.

Ашық экономикалық жүйе әлемнің шаруашылық байланыстарымен қарым-қатынаста болуына және халықаралық еңбектің бөлінісіне барынша бағытталған. Негіз болатын принциптері мен параметрлері бойынша ол нарық экономикаға сай келеді. Нарық принциптеріне негізделген экономикалық жүйенің ең басты айырмашылық ерекшелігі, әр түрлі контрагенттердің арасындағы еркін бәсекелестіктің, жеке өндірушілер арасында еңбек бөлінісінің және жеке меншіктің үстемділік орнатқан экономикасында болып табылады. Оның басқа бір ерекешелігі – бұл тауар мен қызмет нарығында бір-бірінен тәуелсіз анонимдік сатушылар мен сатып алушылардың қызметінен және өзара әрекетінен туындайтын ұсыныс пен сұраныстың небір тепе-теңдік дәрежесі.

Қарастырылып жатқан мәселені түсіну үшін, экономиканың түрі едәуір мөлшерде қоғамдық түріне байланысты екенін ескерту керек. Шынында да, азаматтық қоғам мен нарық экономикасы бір-бірінен жеке бола алмайды. Сондықтан, кәсіпкершілік қызмет белгілі бір ортада атқарылатынын ескерту керек. Біздің айтып тұрғанымыз бұл физикалық немесе географиялық, әлеуметтік немесе құқықтық, технологиялық немесе экономикалық орта.

Экономикалық, өндірістік-шаруашылық жүйе немесе сала барлық қоғамның қызмет салаларының жұмыс істеуінің материалдық базасы болып табылады. Оның негізгі функциясы жалпы қоғамның, сондай-ақ оның жеке мүшелерінің материалдық қажеттіліктерін қанғаттандыру. Адамдарды қажет игіліктермен барынша көп қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар экономикалық жүйе ең жақсы деп саналады. Тарихи тәжірибеде көрсеткендей, нарық экономикасы басқа экономикалық жүйелерінің түрлерімен салыстырғанда, ең тиімді екенін көрсетті. Ол адамзатқа материалдық прогреске қарқынды қадамдар жасауға мүмкіндік берді, қалың бұқара топтарының материалдық әл-ауқатының көтерілуіне теңдесі жоқ жағдай туғызады.

Экономикалық жүйенің құрылымдық жоспарына барлық қарапайым және күрделі өндірістік-шаруашылық бірліктері және олардың құқықтық, салалық және кеңістік тұрғыдан шыққан жинақтары жатады. Бұл біріншіден, заңды тұлға статусы бар (қоғамдар мен серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, несиелік және сақтандыру мекемелер, қаражатты-өнеркәсіптік топтар) алуан түрлі кәсіпорындар.

 

3. Функциялардың мәні, анықтамасы және жіктелуі

Кейнсиандық пен этатизмнің жақтаушылары, керісінше тура қарама-қарсы бағытты ұстанады. Яғни, олар еркін нарықтың күші жетпейтін әлеуметтік пен экономикалық міндеттердегі сол функциялардың орындалуы үшін мемлекеттің кең түрде араласуын қолдайды. Ал, авторитаризм мен тоталитаризм жақтарына келетін болсақ, олардың көпшілігі экономиканы жаппай мемлекеттендіру мен азаматтық қоғам институттарының мемлекетке толық бағынуы үшін келіседі. Сонымен бірге, патерналистік деп аталатын келісім бар, олардың жақтастарының үлкен әсері ХІХғ. Англияда өкімет басында тори болған кезеңде және ХХғ 60 жылдарында Францияда Ш.деГолля президент болғанда болды. Олар өздерінің азаматтары туралы мемлекеттің отандық қамқорлығын жақтады, өйткені оларға азды-көпті өміріне қанағат етерлік жағдай қамтамасыз етеді.

Қоғам мен экономика функциялары тұрақты өзгерістерге шалдығатын динамикалық организм болып саналады. Осы мәнде қоғам мен экономика көптеген функцияларды бірге орындайды. Мемлекет туралы да айтуға болады және де барлық жағдайларда кез келген қоғамға, әр экономикаға және әр мемлекетке тән жалпы функцияларды бөліп алуға болады. Сонымен қоса функциялары, сипаты, қалпы мен мазмұны тарихымен, жүйесімен, ұлттық-мәдени сипаттамасымен анықталатын әрбір жеке алынған мемлекеттің, ұлттық, аумақтық немесе олардың жергілікті типтерінің әрбіреуі үшін сипатталатын арнайы функцияларын айтуға болады.

Жалпы алғанда, мемлекеттік басқару жүйесі келесі функцияларды орындайды:

- елдің экономикалық, әлеуметтік және технологиялық дамуының негізгі

бағыттарын жоспарлау мен даярлау;

- адамдардың өзара іс-әрекетінің қолайлы жағдайларын жасау немесе

ұйымдастыру;

- қоғамдық өмірдің түрлі саласындағы іс-әрекетін реттеу;

- еңбектік қатынастарды бақылау мен реттеу;

- ғылыми-техникалық дамуды қамтамасыз ету;

- барлық деңгейдегі білім жүйесін қолдау;

- әлеуметтік саланың үздіксіз қызмет істеуін қамтамасыз ету.

«Мемлекет функциясы» түсінігі мемлекеттің іс-әрекетінің, оның заңдылық, атқарушылық және сотқа жататын органдарының негіз болатын бағыттарын белгілеу үшін қолданылады. Олардың басты міндеті – қоғамның тиімді тіршілік әрекетін қамтамасыз ету. Атап айтқанда, функцияларында мемлекеттің мәні, оның қоғам алдында тұрған негізгі міндеттерін шешудегі ролі көрсетіледі.

4. Мемлекеттің функциялары және олардың жіктелуі.

Кез келген тарихи тұрпаттағы мемлекетті ғылыми тұрғыдан танып-білу биліктің ерекше ұйымы ретіндегі мемлекеттің ғана емес, жалпы қоғамның да негізгі сапалық сипаттамалары мен бағыт-бағдарын білдіретін оның функцияларын қарастыруды көздейді.

Мемлекеттің функциялары - бұл мемлекеттің жалпы адами мәні мен әлеуметтік тағайындалуы көрініс табатын және нақтыланатын оның ішкі және сыртқы қызметінің негізгі бағыттары.

Мемлекет функцияларын қоғамдық өмірдің салаларына байланысты, атқаратын міндеттеріне қарай ішкі және сыртқы деп топтастыруға болады. Мысалы, экологияны қорғау, экономиканы, мәдениетті, ғылым мен білім беруді дамыту — бұл оның ішкі функцияларын қүрайды. Елдің қорғанысы, бейбітшілікті қамтамасыз ету мен әлемдік тәртіпті қолдау және тағы басқалар мемлекеттің сыртқы функцияларына жатады.

Бүгінде экономикалық функция адамға, мемлекетке, әлемдік нарыққа аса қажетті өнімдерді өндіретін экономиканың қүрылымын қайта құру, әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті және Қазақстан үшін стратегиялық, әлеуметтік маңызды өндіріске қолдау көрсету, өндірушілерді, оның ішінде шағын кәсіпкерлікті қолдау, мақсатты бағытталған инвестициялық саясат, ішкі және әлемдік нарықта қазақстандық компаниялардың мүдделерін қорғау, аграрлық секторда жүргізілген реформалар, ең алдымен, жерге жеке меншік қүқығын қамтамасыз ету, инфляция қарқынын төмендету және баға өсуін тежеу сияқты мемлекет қызметінің бағыттарын қамтиды.

5. Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын құру

Объективті негізде экономикалық, әлеуметтік және әкімшілік-саяси салада қоғамдық ортада түйіседі. Көрсетілген салалар мемлекеттік қызметте және өздігінен жүзеге асырылады. Мемлекеттік басқарудың ішкі жекелей жағдайлары мен факторларының басқа, мемлекеттік аппараттың кадрын айтуға болады. Солардың дайындық шегі мен жете білушілігінің арқасында мемлекеттік басқару қабілеті мен сапасы анықталады. Керісінше, кадрлардың төмен жете білушілігі негізінде мемлекеттік аппараттың келеңсіз құбылыстары өріс алады.

«Мемлекеттік механизм» түсінігімен қатар, теория және практика жүзінде «мемлекеттік аппарат» түсінігі де кеңінен пайдаланылады. Әрине, бұл түсініктердің ара қатынастары туралы мәселе туады. Мазмұны жағынан, бір-бірімен өте жақын және көп жағдайда бір-біріне сәйкес келгенімен, алайда олардың айырмашылықтары да бар. Ол айырмашылық мынада: мемлекеттік аппарат мемлекеттік механизмнің мемлекеттік қызмет принциптеріне негізделген буындарын ғана қамтиды.

Мемлекеттік аппараттың маңызды ерекшелігі, оның барлық буындарының ішкі бірлігінің болуында. Мемлекеттің бір бөлігі болып отырып, олар бір-біріне қарсы келмеулері керек. Керісінше, олар күш біріктіріп, адамдардың түрлі саладағы тіршілік тынысын қамтып, қоғамды біртұтас басқаруды қамтамасыз етулері керек. Олардың тарапынан алауыздық, мемлекет саясатын жүргізуге қайшы келетін әрекеттер жасау орынсыз болмақ. Сөйтсе де, мұндай бірлік түрлі мемлекеттік органдардың функцияларын араластыру мүмкіндігін білдірмейді.

Негізгі әдебиеттер: 1,2,5

Қосымша әдебиеттер: 6,7

3 тақырып. Саяси режим түсінігі және демократия формалары

Дәріс жоспары:

1. Саяси режимнің мәні және түсінігі

2. Тоталитарлы саяси режим

3. Авторитарлық саяси режим

4. Демократиялық саяси режим

1.Саяси режимнің мәні және түсінігі

Қазіргі саяси ғылымда саяси режим түсінігін елдегі саяси өмірдің сипатын, еркіндік деңгейіне, билік органдарына құқықтық негіздегі қарым-қатынасына байланысты анықтайды. Осы түсінік турасында анықтама беруде талас-тартыстар саяси талдаудың басқа категорияларымен салыстырғанда аз емес. Бірақ көпшілік зерттеушілер саяси режимді саяси жүйе құрылымының өзара әрекеттестіктегі реттілігімен, саяси билік пен мақсаттардың жүзеге асыруымен байланыстарады.

Саяси режимнің функционалды мазмұны маңызды сұрақтарға жауап береді, яғни қоғамның саяси жүйесінің қызметтерінде ерекше орын алатын. Одан мынадай сұрақтар:

- билікте қандай саяси күштер болады және олар қандай механизммен билікті жүзеге асырады;

- саяси билік қалай шынайы таратылады және оның жүзеге асуын кім бақылайды;

- қоғамда тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарына қандай жағдайда кепілдіктер беріледі;

- қоғамда саяси оппозицияның өмір сүруіне жол беріле ме;

- саяси билікке қол жеткізуді жүзеге асыруда қандай әдістер, тәсілдер және құралдар қажет т.б.

Саяси режимнің сапалық сипаттамаларын мынадан анықтауға болады: адам құқықтары мен бостандықтарының өлшемі, мемлекеттік биліктің жүзеге асу әдістері, мемлекет пен қоғамның өзара қарым-қатынас сипаты, саяси шешімдерді қабылдауда қоғамның ықпал жасау мүмкіндіктерінің барлығы немесе жоқтығы, саяси институттардың қалыптасу жолдары.

Нақты бір елдегі өмір сүріп отырған саяси режим түрі субъективті және объективті жағдайларға сондай-ақ басқа да көптеген факторларға байланысты. Сондықтан да саяси режимнің классификациясы өмірде көп кездеседі. Кең тараған саяси әдебиеттерде классификация-ол қоғамда демократиялық принциптердің бірқалыпты дамуы деп көрсетіледі. Осы классификация бойынша саяси режимнің түрі былай анықталады:

- саяси-қоғамдық үрдістердің интенсивтілігі және даму деңгейі;

- басқарушы элитаның құрылымы және оның қалыптасу механизмі;

- қоғамдағы адам құқықтары мен бостандықтарының жағдайы;

- бюрократиямен қатынас жағдайы;

- қоғамда басқарушылық лигитимді түрде болу деңгейі;

- қоғамдағы саяси санаға қозғау салатын қоғамдық-саяси дәстүрлерді әрқилылылығы

Осы айтылғандармен байланыстырып саяси режимнің негізгі үш түрін ажыратады: тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық.

2. Тоталитарлы саяси режим

Тоталитарлы саяси режим – ол мемлекеттің қоғам өмірінің барлық салаларына толықтай бақылау жасауы. «Тоталитаризм» терминін ең бірінші саяси лексиконға еңгізген итальяндық фашистер лидері Б. Муссолини. Ол 1925 жылы өз режиміне сипаттама бергенде осы терминді пайдаланған болатын. Осындай режим сондай-ақ Германияда, Испанияда, СССР-да және Руминияда т.б. елдерде болған. Әр елде өзіндік ерекшеліктерімен көрінсе де оның жалпы белгілері, мәні және мазмұны бар. Осындай белгілерге тоталитарлық режим кіреді:

- азаматтардыңжаңаша ойлау және жаңа қоғам құруын жоққа шығаратын ресми идеология;

- билікке жалғыз бұқаралық партияның монополиясы, олигархиялық белгілері мен харизматикалық лидер жарияланған қоғам;

- террористік полицейлік бақылау жүйесі;

- барлық бұқаралық ақпарат құралдарына (радио, телевидение, газеты, журнал) партиялық бақылау;

- қарулы-әскери күшпен бақылау;

- экономикаға орталықтанған бақылау және экономикалық қызметті бюрократиялық басқару жүйесі;

- қоғамдық және индивидуальдық өмірдің барлық салаларына биліктің қадағалау орнатуы

- тұлғаның еркін ойлауы мен әрекеті болмайды;

- «Билік бұйырмағанның (рұқсат етпегеннің) барлығына тиым салынады» - деген принцип әрекет етеді;

Тоталитаризмнің негізгі белгілерін белгілі батыстық политологтар К. Фридрих, З. Бзежинский, Х. Арендт өз уақытында анықтаған. Белгілі Американдық зерттеуші З. Бзежинский тоталитарлық режимге келесідей «диагноз» қойды: егер елде осы аталған белгідердің бесеуі кездессе онда осы режим демократиялық жаққа көшпейді.

Тоталитарлық – ол индустриализация, модернизация дағдарысы кезеңіндегі қоғамның «реакциясы» мұндай кезеңде қоғам үлкен қиыншылыққа келеді: дәстүрлік құрылымдар бұзылады, адамдарда сезімнен айырылу, жалғыздық пайда болады.

Үстемдік жүргізетін – идеологияға соның саяси іс-әрекетінің мазмұнына әсер ететітіне қарай. Тоталитаризмді негізінен коммунизмге, фашизмге және ұлтшылды-социализмге бөледі.

Жалпы түрінде 1918 жылы қалыптасқан тоталитаризмнің тарихи алғашқы түрі кеңес типіне жататын коммунизм болып табылады.

Коммунистік тоталитаризм басқаларына қарағанда, яғни басқа идеологияларға тәртіптің негізгі түрін көрсетеді, өйткені ол жеке меншікті, әрбір жеке автономияны және мемлекеттің абсолюттік билігін жояды.

Тоталитаризм екінші түрі ең бірінші 1922 жылы Италияда орнатылған. Бұнда тоталитаризм толық түрінде көрсетілмеген.

Италияда фашистік тоталитаризмнің шекарасы мемлекетке әсер етушілер тұрғысымен орнатылған. Сондықтан тәртіптің ыдырауы жақындағанда олар Муссолиниді өздері-ақ биліктен алып тастайды.

Тоталитаризмнің үшінші түрі – ұлтшылды (социализм – ол 1933 жылы шынай саяси қоғамдық түрінде Германияда пайда болған). Оның фашизммен туыстастығы бірақ көбінесе кеңес коммунизмге ұқсайды. Мысалы, тоталитарлық партиялық ұйымшылдық түрі және «товарищ» деп айтқанында.

Тоталитаризм өзінің коммунистік түрінде көп өмір сүреді. Бөлек мемлекеттерде бүгінгі күнге дейін өмір сүреді. Кейбір авторлар тоталитаризмді нашар дамыған елдердің модернизациясының саяси түрі деп қарастырады.

Бірақ тоталитаризм – тарихи тәртіп. Тоталитаризм – жабық қоғам уақытында сапалы жаңаруына үйренбеген.

 

3. Авторитарлық саяси режим

Авторитаризм – саяси тәртіп, бұнда бір түрдің немесе топтың өз басшысымен билікке ұмтылысы. Авторитаризм қоғамдық құрылысы ауысып жатқан елдерде, тағы да ұзақ дағдарыста болып жатқан қоғамда пайда болады. Берілген шарттар, авторитарлық саяси режимнің орнату факторы болады.

Өз сипаттаумен ол тоталитаризммен демократияның арасында орналасады. Тоталитаризммен оның автократиялық заң мен шектелмейтін билік сипаттамасы демократиямен – автономия бар болуы, мемлекет пен басқарылмайтын қоғам салаларымен ұқсайды.

Мысалға XX ғасырда көп авторитарлық мемлекеттерде легитимация мақсатымен ұлттық идеология және формальды билік бақылайтын сайлау көп қолданған. Көптеген Азиядағы, Африкадағы және Латын Америкадағы болған авторитарлық режим өзін өмір сүруін ұлттық босатумен және туумен ақтайды.

Соңғы онжылдықта авторитарлық жүйелер жиі кейбір демократиялық институттармен пайдаланған – олар сайлау, плебисцит т.б. Мысалы, конкуренті емес немесе жарты конкуренті сайлаулар: авторитарлы немесе жарты авторитарлы режиммен Мексикада, Бразилияда, Оңтүстік Кореяда, Ресейде, Қазақстанда және басқа мемлекеттерде пайдаланған.

Жалпы зерттеушілер авторитаризмнің айыратын белгілерін береді, олар:

- күшті орталықтанған билік

- бір топтың немесе партияның билікке монополиясы

- элитаның қалыптасуы

- оппозицияға толық немесе толық емес тиым салуы

- билік өзгеруінің күштеу мінезі

- шектелген плюрализм

- билікті ұстап қалу үшін күш құрылымын кең қолдануы

- өкіметтік билік органдарының, салмаудың және оппозицияның бар болуы. Бірақ оларды жұмыс істеуі шектелген тек формальды түрінде ғана.

- халықты билікке жібермеуі

- қоғам мен жеке адамның үстінен тотальды бақылаудан бас тарту.

Қазіргі әлемде авторизмнің сақталып қалуына көп жағдайлар себеп болып келеді.

Мысалы:

- Азаматтық қоғамның дамымағандығы

- Экономиканың артта қалуы

- Дамушы қоғамдарда шиеленістің биік тәсілі

Қазіргі уақытта тоталитарлық саяси жүйенің ыдырауымен көптеген әлемнің коммунистік мемлекеттерінің ғылыми және саяси қызығушылығы авторитаризмге көбейді. 80-90 жылдары авторитарлық мемлекеттер, олар (Оңтүстік Корея,Чили, Китай, Въетнам және т.б.). Өзінің экономикалық және әлеуметтік күштілігін көрсетті және экономикалық гүлденудің саяси тұрақтылығымен күшті биліктің – бостандық экономикамен және қауіпсіздікпен дамыған әлеуметтік плюрализммен дамығандығын дәлелдейді. Сондықтан авторитаризмнің реформаторлық мүмкіншіліктері бар екен деп ғалымдардың пікірлерімен келісуге болады (В.П. Пугачев). Бірақ демократияға көзделген авторитарлық тәртіп көпке шыдамайды. Бұнда қазіргі жағдайда тұрақты саяси жүйенің бір типі – ол демократия.

4. Демократиялық саяси режим

«Демократия» - түсінігі ол саяси ғылымда маңызды болып келеді. Демократия ол:

- бір қалыптасқан ұйымның түрі мүшелерінің шешім қабылдауына тек қатысуына негізделген;

- қоғамдық құрылымның идеалы және оған сәйкес әлем көзқарасы;

- халық билігі және демократияның мақсаты мен идеалының жүзеге асуы үшін әлеуметтік-саяси қозғалыс;

Демократияны мемлекеттік құырылым ретінде зерттегеннен кейін оның тағы бір белгілерін көресетеді:

- қоғамда көптеген қызығушылықтармен мүмкіндіктердің бар болуы;

- саяси институтқа-топтарға кепілденген жолы;

- жалпы сайлау құқығы;

- өкіметтік институттардың өкімет іс-әрекеттік бақылау;

- саяси нормаға қатысты көпшілік қоғамның келісуі;

- пайда болған шиеленістерді бейбітшілік түрінде шешу.

Демократия анықталған жағдайда пайда болады және сақаталады.

Біріншіден. Экономикалық дамудың биік деңгейі. Пипсет С Дженмен В. мен Куртпен жасалған. Зерттеу қорытындысы бойынша тұрақты экономиканың өсуі ең соңында демократияға әкеледі.

Екіншіден. Қоғамда толеранттылықтың бар болуы, саяси азшылықтың құқығын сыйлау.

Үшіншіден. Қоғамның базалық құндылығына, тең құқығына, қатысты келісімі.

Төртіншіден. Халықтың саяси қатысушылыққа ұмтылысы (біріншіден сайлау түрінде)

Демократиялық саяси режимді демократиялық тәртіпке негізделген басқару түрі деп атауға болады. Оның негізінде – адамның бостандығын, құқық кепілдігін қорғау.

Демократияда өмірді реттейтін ол заң болып табылады. Мемлекет міндетті түрде құқықты болады және қоғам азаматты түрде болады.

Плюрализм принципі қоғам өмірінің бүкіл саласына таралған. Сондықтан мемлекеттік және қоғамдық құрылымнан туындайды. Бұған әсер ететін азаматтық қоғам және әртүрлі әлеуметтік қабаттың мәдениет демократиясы. Тұрғындардың билік құрылымының әрекетіне бақылау жүргізуіне мүмкіндігі бар және орын өз басқарушылығынан дамыған. Тікелей немесе өкіметтік демократия. Осындай принцип: «Заң мен тиым салмағанның бәріне рұқсат» бар. Осымен демократия саяси режимнің жүргізуші элементі болады.

Батыс саясаттанушылары, демократия режимнің мынадай басқару түрлерін ажыратады: