Жануарлар мен адам ауруларын тудырушы вирустар 3 страница

Одан басқа ашытқыларға арнайы заттар өсуді тұрақтандыратын өсу факторлары қажет, өсуге қажет болмаса да биотин, пантотен қышқылы, никотин қышқылы, тиамин және пиридоксин. Бұл заттардың көбісі ашытқы метаболизмінде ферментативті кофактор болып саналады.

Бұдан басқа ашытқыларға ауаның мөлшері қажет, себебі олар қатаң емес, ал факультативті анаэроб болып табылады, яғни ауамен және ауасыз да тіршілік ете береді.

Бәрінен бұрын ашытқылар көміртегін қажет етеді, оны олар энергияны түзе отырып ыдыратады. Соңында кішірек молекулярлы массасы да бар молекулалар түзіледі, ол азотпен бірге жасуша компонентін түзуге қатысады.

Зат алмасуда энергия көзі болып моносахаридтер табылады, D – глюкоза, D – манноза, D – фруктоза, D – галактоза, пентоза D – ксилоза (кетопентоза), бірақ басқа пентозалар емес.

Ашытудың негізгі биохимиялық процесі – ашитын қанттардың этил спиртіне және диоксид көміртегіне айналуы.

Қазіргі кезде ашытқылардың қоректенуінің екі фазасы белгілі.

1. Заттардың жасуша қабығы мен цитоплазмалық мембранадан заттардың өтуі.

2. Күрделі биохимиялық заттардың реакциялары.

Ашытқылардың қоректенуінде макроэлементтер (калий, натрий, фосфор, магний, кальций) және микроэлементтер (темір, мыс, марганец, кобальт, цинк, молибдин)

Нан ашытқыларының құрамы:

Олар ашытқыларды культивирлеу жағдайына, қоректік орта құрамына, жасушаның физиологиялық жағдайына байланысты.

Престелген ашытқыларда 67-75% су және 25-33 % құрғақ заттар болады. Бұл кезде судың бір бөлігі жасуша арасында болып, жасуша сырты деп аталады, ал қалған су ашытқы цитоплазмасының ішінде болып, жасуша ішілік деп аталады.

Сонымен бірге құрғақ ашытқыда болатын заттар (% бойынша): ақуыздар және т.б. заттар – 50, майлар – 1,6, көміртегілер – 40,8, күл – 7,6.

Ақуызда (сыртқы орта) сары су факторларына сезімтал келеді. Мысалыға жоғары, не төменгі температурамен әсер еткенде ақуыздың денатурациясы болып, соңында жасуша өледі. Осындай көрсеткіштер қышқылмен, сілтімен, ауыр металл тұздарымен, сәулелендірумен т.б. әсер еткенде байқалады.

Көмірсулар көміртегінен, оттегінен және сутегінен тұрады. Оларды төменгі және жоғарғы деп бөледі. Жоғарғы көмірсуларға полисахаридтер (крахмал, гликоген, клетчатка), дисахаридтер (сахароза, лактоза, мальтоза, галактоза) жатады. Төменгі көмірсуларға (глюкоза, фруктоза, арабиноза, ксилоза және т.б.) жатады.

Гликоген немесе жануар крахмалы жануар мен ашытқы организмінде қор заты ретінде болады. Көмірсулардан жасуша энергия алады.

Майлар – жасушаның қор заты олар үш атомды спирттің күрделі эфирі (глицерин мен органикалық қышқыл) болып табылады.

Май заттары ашытқы жасушасының протоплазмасының негізгі бөлігі болып табылады. Майлар қажет болған жағдайда көмірсуларға айналып энергия көзі ретінде қолданылады.

Витаминдер. Ашытқыларда бірқатар витаминдер және витамин тектес заттар болады. Жануар мен адамдарда зат алмасу ферменттермен витаминдердің қатысуымен іске асырылады.

В1 витамині нан ашытқы құрамының 1 г 20 мкг-дай болады. В1 витамині адам организмінде нерв системасын қадағалап, ақуызбен май алмасуына қатысады, бұл витамин жоқ тағамды пайдаланғанда болатын полиневрит және т.б. ауруларын емдейді.

В2 витамині (рибофлавин) нан ашытқысының 1 г 25-30 мкг болады. Оның адам тамағында болмауы түрлі тері мен көз ауруына шалдықтырады. Бұл екі витаминдер жоғары температураға төзімді келеді.

Көрсетілген витаминдерден басқа 1 г нан ашытқысында 8-95 мкг парааминобензойн қышқылы және 19-35 мкг фоли қышқылы болады.

Ашытқылардың тіршілігінде биотин витаминінің маңызы зор. Сахаромицеттер биотинді өздері синтездей алмайтындықтан, ол қоректік ортаның құрамына енгізілуі қажет. Витаминнің 0,5-1,8 мкг 1 г ашытқыда болады. Биотин – тұрақты зат. Себебі термиялық өңдеуге оның сілтілік активтілігі төмендемейді.

Ашытқыда тағы бір өсуді реттеуші мезоинозид бар. 1 г нан ашытқысында 270 мг болады.

Ашытқыларды өсіру барысында температурасы олардың өсу жылдамдығына үлкен әсер етеді. Ашытқыны культивирлеу температурасын жоғарлату әсерінен бірінші уақытта өсу жылдамдығы жоғары болады да, кейіннен бірдей төмендейді. Д.А.Уайтоль мәліметтер бойынша, 20 0С температурада ашытқыларды өсіру барысында олардың өсуінің меншікті жылдамдығы 0,149-ды құрайды, 300С-та 0,311, 360С-та 0,342, 400С-та 0,200 дейін, ал 430С температурада ашытқының көбеюі қарастырылған жоқ.

Микроорганизмдер, сонымен қатар ашытқылар, белгілі рН ортада өседі. Ашытқылардың меншікті өсу жылдамдығы рН 4,5-5,5.

Дәріс 9. Балдырлар.

Балдырлар (Algae) – жасушаларында хлорофиллдары бар, өз бетінше органикалық заттар жасап шығара алатын төменгі сатыдағы өсімдіктер тобы. Өсімдіктер жасап шығаратын оттегінің жартысынан көбі балдырлардан келеді. Олар Антарктиданың мұздықтарында да, Йеллоустон паркінің ыстық бұлақтарында да тіршілік ете алады. Балдырлардың 20 000-нан астам түрі бар. Балдырлар дене құрылыстарына, түстеріне қарай алты үлкен топқа бөлінеді.Балдырлар – төменгі сатыдағы су өсімдіктері. Теңіз, көл, өзендерде, ағынсыз суда өседі. Олардың жасушалық құрылымы болмайды, бір жасушалы, колониялы, көп жасушалы түрлері бар. Көп жасушалы өкілдерінің денесін таллом деп атайды. Клетка қабығы гемицеллюлозадан және пектинді заттардан тұрады. Клеткасы негізінен бір ядролы. Цитоплазмасында митохондрия, диктиосома, рибосома, хромотофора сияқты органоидтары және вакуолясы (бос қуысы) болады. Балдырлар (Algae) биохимиялық қасиеттеріне және жасушалық құрылымына қарай он екі типке бөлінеді: көкжасыл балдырлар (Cyanophyta), прохлорофитті балдырлар (Prochlorophyta), қызыл балдырлар (Rhodophyta), жалтырауық балдырлар (Chrysophyta), диатомды балдырлар (Dіatomeae), криптофитті балдырлар (Cryptophyta), динофитті балдырлар (Dіnophyta), қоңыр балдырлар (Phaeophyta), сарыжасыл балдырлар (Xanthophyta), эвгленді балдырлар (Euglenophyta), жасыл балдырлар (Chlorophyta), хара балдырлары (Charophyta). Бұлардың отыз мыңға жуық түрі белгілі, олардың бір мыңнан астам түрі Қазақстанда кездеседі. Клеткасында балдырларға түс беріп тұратын хромотофораларының саны әр түрлі (біреу, екеу, көп) болады. Олардың пішіндері тақта, астау, білезік, дән, лента, жұлдыз тәрізді болып келеді. Балдырлардың көпшілігінің хлорофилі болғандықтан көмірқышқыл газын сіңіріп, фотосинтез процесіне қатысады. Сондай-ақ, дайын органикалық заттарды пайдаланатын паразит түрлері де бар, бірақ бұлардың хлорофилі болмайды. Дарвин ілімі бойынша, тіршілік бір жасушалы организмдерден пайда болған, ал құрлықтағы барлық өсімдіктер балдырлардан шыққан деп есептеледі. Көптеген балдырлар саңырауқұлақтармен симбиозды тіршілік етіп, қыналарды құрайды. Ал, балдырлардың табиғаттағы геохимиялық рөлі кальций мен кремний айналымымен тығыз байланысты. Олардың көптеген түрі ақаба суларды биологиялық жолмен тазартуда және бөгендердің ластануының биоиндикаторы ретінде қолданылады. Теңіз, мұхит жағалауындағы балдырлар – жан-жануарлардың мекені, тіршіліктерінің көзі. Бентосты балдырларға (теңіз, мұхит түбінде тіршілік етеді) қарағанда планктонды балдырлардың (суда қалқып жүретіндер) саны анағұрлым басым, сондықтан олар көптеген организмдердің қорегі болып табылады. Ағынсыз суларда өсетін балдырлар шіріп, сапропельге айналады. Сапропельденсмола, бензин, керосин, техникалық майлар, лактар алынады. Балдырлардың қалдығы балшыққа емдік қасиет береді. Қызыл балдырлардан өндірілетін агар тамақ өнеркәсібінде пайдаланылады, оларды мата бұйымдарының және қағаздың құрамына беріктік беру үшін қосады. Қоңыр балдырлардан алынатын альгин мата тоқуда желім есебінде жасанды талшықтар, пластмасса өндіруде және табиғи тыңайтқыш, малға жем ретінде пайдаланылады, сондай-ақ күлінен калий, натрий тұздары, йод өндіріледі. Шығыс Азия елдерінде ламинария қоңыр балдырлары «теңіз капустасы» деген атпен, ал жасыл балдырлар (ульва) «теңіз салаты» деген атпен тамаққа пайдаланылады. Балдырларды зоб, атеросклероз ауруларын емдеу үшін медицинада қолданады.

1. Жасыл балдырлар (Chlorophyta)

2. Әртүрлі шыбыртқылы балдырлар (Heterocontae)

3. Диатомды балдырлар (Diatomeae)

4. Қоңыр балдырлар (Рһаеорһусеае)

5. Қызыл балдырлар (Rhodoрһусеае)

6. Көк-жасыл балдырлар (Cyanobacteriae)

Жасыл балдырлар – төменгі сатыдағы өсімдіктердің бір тобы. Табиғатта кең тараған. Негізінен тұщы суларды мекендейді.

Тұзды және теңіз суларында, топырақта тіршілік ететін түрлері де кездеседі.Жасыл балдырлардың 5 класы: · вольвокс жасыл балдырлары (Volvocophyceae); · хлорококк жасыл балдырлары (протококк) (Chlorococcophyceae, Protococcohyceae); · улотрикс жасыл балдырлары (Ulotrіchophyceae); · сифонды жасыл балдырлары (Sіphonophyceae); · конъюгаттар (Conjugatophyceae). Қазақстанда 178 туысы, 700-дей түрі анықталған. Бұлар бір клеткалы, көп клеткалы, колониялы тіршілік етеді. Клеткалары бір не көп ядролы, кейде жалаңаш, көбінесе целлюлозалы және пиктинді қабықшамен қапталған. Кейбір түрлері ірілігіне әрі тарамдалғанына қарамастан клеткаларға бөлінбеген (сифонды жасыл балдырлары). Клеткаларында хлорофилл басым болғандықтан түсі жасыл және жоғары сатыдағы өсімдіктердегідей каротин, ксантофилпигменттері болады.

Қор заты – крахмал, кейде май. Жыныссыз (зооспораларымен, жылжымайтын спораларымен), жыныстық (изогамия, гетерогамия, оогамия, коньюгация) және вегетативтік (бір клеткалы түрлері – екіге бөліну арқылы, көп клеткалы түрлері – жіпшелерінің бөліктерімен) жолдармен көбейеді. Кейде бір клеткалы және колониялы түрлері (вольвоксты жасыл балдырлары) шамадан тыс көбейіп кетсе, су «гүлдеп» тұрғандай көрінеді. Жасыл балдырларыдың теңіз салаты (Ulva), монострома (Monostroma) түрлері Шығыс Азия елдерінде тағам ретінде пайдаланылады. Бір клеткалы жасыл балдырларды (хлорелла, сценедесмус, т.б.) тағамға, малға жем ретінде, лас суды, ауаны (ғарыш кемелерінде, сүңгуір қайықта) тазарту үшін қолдан өсіреді.

Жасыл балдырлар – табиғатта көп тараған, жиі кездеседі, 15000-нан астам түрлері бар. Оларға бір клеткалы, қауымды, көп клеткалы тарамдалмаған /трихальды/ және тарамдалған /гетеротрихальды/ жіптесінді, пластинкалы және сифонды құрылысты балдырлар жатады. Бұлардың ішінде барлық структуралық құрылысчты организмдер бар. Осындай алуан түрлілігіне қарамастан барлықтарына тән аттарына байланысты хлоропластың таза жасыл түсті болып келуі, онда хлорофильдің және пигметтерінің басым болып келуінде, сонымен бірге қосымша каротин, ксантофилл пигменттері де болады. Жасыл балдырлар вегетативтік, жыныссыз, жынысты жолмен көбейеді. Бір клеткалы түрлерінде клетканың жай екіге бөлінуі, қауымды және жіптесінді формаларында қауымның ыдырауы мен жіптің бөлшектерге үзілуі арқылы вегетативтік көбейеді. Жыныссыз көбеюлері зооспоралар мен қозғалмайтын апланоспоралар арқылы болады. Жасыл балдырларда гологамиялық, изогамиялық, гетерогамиялық және оогамиялық жыныс процестерінің болуымен бірге зигогамиялық та жыныс процесі болады. Кейбір түрлерінде изоморфты ұрпақ алмасуы байқалады. Жасыл балдырлардың басым көпшілігі тұщы суларда, біраз түрлері теңіз суларында кездеседі, кейбір түрлері ылғалды топырақты, ағаштың қабығын мекендейді.Вольвоксты –VOLVOCALES балдырлар қатары. Бұл қатарға вегетативтік уақытында қозғалғыш келетін бір клеткалы, ценобиальды-монада құрылысты организмдер жатады. Хламидомонада туысы бір клеткалы дөңгелек, сопақ, ұршық т.б. пішінді, монада құрылысты организм. Вольвокс туысы шар пішінді, диаметрі 2 мм-ге дейін жететін ценобиальды балдыр. Ценобиаль құрайтын клеткалар шардың сыртқы бетіне орналасады да бір-бірімен протоплазмалық жіпшелер арқылы байланысып жатады. Ал шар, сыртынан тор сияқты болады. Мұндағы клеткалар саны 500-ден 60000-ға дейін барады. Вольвоксты құрайтын клеткалар құрылысы жағынан хламидомонадаға ұқсас, олардың әрқайсысының хлоропластасы, цитоплазмасы, ядросы, көзшесі және екі талшығы болады. Осы талшықтардың бір бағытқа қарай қозғалуына байланысты бір орнынан екінші орынға қозғалып отырады. Вольвокс клеткалары біркелкі болмай ірілі-ұсақты болып келеді. Ұсақ клеткалар бөлінуге қабілетсіз. Олар көмір қышқыл газынан жарықта көміртегін ассимиляциялайды, сөйтіп фотосинтез қызметін атқарады. Ал ірі клеткалар көбеюге қабілетті. Ондай ірі клеткалардың саны оншақты, оларды партеногонидиялық клеткалардың бойлай бөлінуі арқылы жаңа клеткалар түзіледі, бұлардан дамыған пластинка табақ сияқты сыртқа қарай дөңгеленіп иіледі. Бұл кезде денесінің алдыңғы жағы иілген пластинканың ішіне қарап жатады, кейіннен алдыңғы жағы арқылы сыртқа қарап айналып түседі де пластинка шеттері арқылы түйісіп, іші қуыс шарға айналады. Кейінгілердің клеткалары аналық шардың клеткаларына ұқсас және әрбір клетка екіден өзіне талшық түзетін болады. Мұндай жас шарлар бірнешеу болып, аналық шардың орта қуысына түсіп қозғалады. Олардың ұлғаюынан аналық шардың қабырғасы жыртылады да жас шарлар сыртқа шығып, өз беттерімен тіршілік ете бастайды. Жынысты көбеюі оогамиялы.Протококкты балдырлар класы- Рrоtососсорhусеае Протококкты балдырлар класына негізінен бір клеткалы, сиректеу колониялы организмдер жатады. Тек қарапайым жіп тәрізді және пластинкалы формалары ғана көп клеткалы болып келеді. Бір клеткалы жасыл балдырлардың ішінде кең тарағандарының бірі хлорелла (Chlorella). Ол тұщы суларда және топырақта көптеп кездеседі. Хлорелланың клеткалары ұсақ, шар тәрізді, тек микроскоппен қарағанда ғана жақсы көрінеді. Хлорелланың клеткасының сыртын жылтыр қабықша қаптап тұрады, оның астында цитоплазмасымен ядросы орналасады, ал цитоплазмасында - жасыл хроматофорасы болады. Хлорелла қозғалмайтын автоспоралары арқылы өте тез көбейеді және өзін қоршаған ортадан органикалық заттарды белсенді түрде сорып алады. Хлорелла жыныстық жолмен көбеймейді. Сондықтанда оны лас суларды биологиялық жолмен тазартуға жиі пайдаланады.Улотриксті балдырлар класы – Ulоthrісhорhусеае. Улотриксті балдырлар класына талломының құрылысы жіп тәрізді немесе пластинкалы болып келетін көптеген жасыл балдырлар жатады. Ағын сулы өзендердің астындағы тастарда және шіріген ағаштардың қалдықтарында жабысып тұрған ашық-көк түсті жіптердің жиынтығын көруге болады. Ол көп клеткалы, жіп тәрізді жасыл балдыр - улотрикс. Оның жіптері қысқа, цилиндр тәрізді клеткалардың тізбегінен тұрады. Осы клеткалардың әрқайсысында бір-бірден ядро және ұштары қосылмаған сақина тәрізді хроматофоры болады. Улотрикстің клеткаларының бөлінуінің нәтижесінде жіптері ұзарып өсіп отырады. Улотриксте хламидомонада секілді фотосинтез процесінің нәтижесінде қажетті қоректік органикалық заттарды сорып қабылдайды. Улотрикстың базальды клеткасы түссіз сопақша болып келеді. Ол арқылы жіпше субстратқа бекініп тұрады. Жыныссыз көбеюі сопақша болып келген төрт талшықты, сиректеу екі талшықты зооспоралары арқылы жүзеге асады. Зооспоралары қолайлы жағдайларда базальды клеткадан басқа кез-келген клеткадан 2-4-тен (макрозооспоралар) немесе көптен (микрозооспоралар) пайда болады. Олар аналық клеткадан босап шығып, біраз қозғалып жүргеннен кейін талшықтарын тастап, су түбіндегі тастың бетіне, не топыраққа бекініп бөліне бастайды. Олардан келешегінде улотрикстің жаңа жіпшесі дамиды. Қолайсыз жағдайларда балдырдың кейбір клеткаларынан көптеген ұсақ екі талшығы бар қозғалғыш гаметалар (4)-8-32(64) пайда болады. Гаметалардың мөлшері бірдей (изогаметалар), олар суға шығып екеу-екеуден қосылады. Әдетте әртүрлі жіптерден пайда болған гаметалар қосылады. Одан зигота түзіледі. Ол қалың қабықпен қапталып ұзақ уақыттар бойы тыныштық күйінде тұра алады. Қолайлы жағдайда зигота бөлініп одан төрт қозғалмайтын клетка - спора түзіледі. Олардың әрқайсысы су астына шөгіп жаңа жіп тәрізді балдыр улотриксқа айналады.Сифонды балдырлар класы -Siрhоnорhусеае Бұл класқа жататын балдырлардың басқа жасыл балдырлардан айырмашылығы сол, олардың клеткалық құрылысы болмайды. Сифонды балдырлар түрлерінің саны онша көп емес (400-500 түрден аспайды). Сифонды балдырлардың 90%-ті теңізде өседі. Негізгі өкілдерінің бірі каулерпа туысы. Бұл Жерорта теңізінде жиі кездесетін талломының ұзындығы 0,5 метр, кейде одан да көптеу (1 метрге жететін) болатын балдыр. Сырт қарағанда оның субстратқа төселіп жататын "тамырсабағы", одан жоғары тік өсетін "сабақшасы" үлкен "жапырақ" тәрізді жасыл пластинкалары және субстратқа бекініп тұратын "тамыр" тәрізді ризоидтары болады. Алайда бұл протопласты барлығына ортақ, көп ядролы, жасыл дән тәрізді хроматофорасы бар, аса үлкен бір клетка түрінде болатын балдыр, талломының қуысы ешбір перделермен бөлінбеген, яғни клеткаланбаған, бірақ оны целлюлозалы тіректер қиып өтеді. Нағыз жыныссыз көбеюі жоқ, кейде талломының бөліктері арқылы вегетативтік жолмен көбейеді. Жыныстық процесі изогамиялы. Өмірлік циклының барлығы дерлік диплоидты фазада өтеді. Мейоз процесі изогаметалар түзілердің алдында ғана жүреді.

Көк жасыл балдыр

Көк жасыл балдырцианея (Cyanophyta) – балдырлардың ішіндегі құрылымы жағынан ең қарапайым тобын құрайтын, прокариотты (ядролы) организмдерге жататын бір бөлімі. Бұлар автотрофты организмдердің ішіндегі ең ежелгілері болып саналады. Көк Жасыл Балдырдың қазба қалдықтары кембрийге дейін түзілген шөгінді жыныстар арасынан табылған. Көк Жасыл Балдыр табиғатта өте кең тараған. 3 класқа бірігетін 150 туысы 2 мыңға тарта түрлері белгілі, барлық құрлықтар мен суларда (ащы, тұщы) кездеседі. Қазақстанда 3 класқа, 9 қатарға, 30 тұқымдасқа, 66 туысқа жататын 549 таксоны (түр, вариация, форма) анықталған. Көк Жасыл Балдыр бір клеткалы, шар тәрізді, бірігіп шоғыр (колониялар) түзеді, ал көп клеткалы түрлері жіпше тәрізді, кейде бұталана тарамдалған. Түсі, әдетте, көк жасыл болғанымен, алқызыл, күлгін, тіпті қара түсті түрлері де кездеседі. Ол клетка құрамындағы пигменттерге (фикоциан – көк жасыл түсті, фикоэритрин – қызыл, каротин – алқызыл; әр түрлі каратиноидтар) және олардың ара қатынастарына байланысты болады. Клеткалары талшықсыз, ал көп клеткалы жіпше тәрізді түрлері сырғанай жылжуға қабілетті келеді. Автотрофты және миксотрофты (аралас) қоректенеді. Соңғылары шіріген органикалық заттар мен ластанған суларды мекендейді де фотосинтезбен қатар дайын органикалық қалдықтармен қоректенеді. Осының арқасында жаз айларында тез көбейіп, судың сапасын төмендететін түрлері (Anabena) де бар. Мұндай сулар көк жасыл түске боялып “гүлдейді”, түйсік органдарын тітіркендіретін (органолептикалық) қасиеттері бұзылады, жағымсыз иіс пайда болады, ал Көк Жасыл Балдыр су бетін түгел басып кетсе, жәндіктер мен балықтар оттек жетпей тұншығып өледі. Көк Жасыл Балдыр фотосинтез кезінде өсімдіктер сияқты крахмал түзбейді, оның орнына жануарларға тән гликопротеидтер (полисахаридтер) пайда болады. Клеткалары құрылымы жағынан бактерияларға өте жақын, басқа типке жататын балдырларға мүлде ұқсамайды. Клетка органоидтарынан, плазмадан оқшауланған ядросы, сондай-ақ, хлоропластары, митохондриялары болмайды. Көк Жасыл Балдыр, негізінен, вегетативтік жолмен, яғни клеткаларының екіге бөлінуі, шоғырларының ыдырауы, көп клеткалы жіпшелерінің бөлшектенуі арқылы көбейеді. Аналық клеткаларында пайда болатын споралары арқылы да көбейетін түрлері бар. Бұлар жыныстық жолмен көбеймейді. Қоршаған ортаның қолайсыз жағдайына өте төзімді, әрі С-қа жететін ыстық суларда да,°бейімделгіш. Температурасы 80 полюстардағы немесе биік тау басындағы мұз-қарларда да тіршілік ете беретін түрлері бар. Кейбір түрлері саңырауқұлақтардың белгілі бір түрімен селбесіп тіршілік етіп, қыналардың денесін құрайды. Шаруашылыққа пайдалы түрлері де кездеседі. Оларды ластанған суларды биологиялық әдіспен тазартуға, малға азық ретінде және тағамға (Nostos, Spyrulіna), егістікке тыңайтқыш ретінде пайдаланатындықтан арнайы өсіреді. Көк Жасыл Балдырдың 100-ден аса түрлерінің (Phormіdіum, Plectonema, т.б.) атмосфералық азотты бойына сіңіріп, топырақты азотқа байытатын қасиеті анықталған.

Дәріс 10. Қоңыр балдырлар.

Қоңыр балдырлар (Рһаеорһусеае) – бұл көбінесе теңіз суында өсетін қоңыр түсті балдырлар. Қоңыр балдырлардың 900 шамалы түрі (200 туысы) бар. Бұлар 6 отрядқа бөлінеді олар: эктокарптықтар, сфацеляриялықтар, кутлериялықтар, диктиоталықтар, ламинариялықтар, фукустықтар. Қоңыр балдырлардың кейбір түрі тамаққа пайдаланылады, ламинарияны медициналық диетада қолданады, теңіздің жиегіне толқынмен шығып қалған қоңыр балдырлар тыңайтқыш ретінде пайдаланылады. Мұның күлінен калий тұзы мен иод алынады. Сонымен қатар қоңыр балдырлардан: ацетон, сіркеқышқылы, спирт және басқалар өндіріледі. Қоңыр балдырлар (Pha- eophyta), балдырлардың бір бөлімі.
Қоңыр балдырлар табиғатта кең тараған. 2 класқа, 14 қатарға бірігетін 240 туысы, 1,5 мыңға тарта түрі белгілі. Қазақстанда Каспий және Арал теңіздерінде бір-бірден 2 түрі анықталған. Бұлардың тұщы суда өсетін 3 туысынан басқаларының барлығы теңіз өсімдіктері. Барлық теңіздерде әр түрлі тереңдікте (200 метрге дейін) өсе береді. Көпшілігі тереңдігі 6–15 метр жерлерде кездеседі. Қоңыр балдырлар көп клеткалы, өте майда микроскопиялық түрлерден тұрады, талломдарының ұзындығы 50 метрге жететін өте ірі түрлері (макроцистис, пелагофикус) де бар.

Клетка құрамында фукоксантин және әр түрлі ксантофилл пигменттерінің көп болуына байланысты түсі әдетте сарғыш-қоңыр. Қоңыр балдырлардың құрылысы күрделі түрлерінің (саргассум) талломдары бұтаққа ұқсас жапырақ тәрізді қырлы табақшалардан тұрады. Қоңыр балдырдың, әдетте, барлық түрлері су түбіне немесе басқа балдырларға ризоидтары арқылы бекіп тұрады. Олар вегетативтік, жыныссыз және жынысты жолдармен көбейеді. Қоңыр балдырлар – судағы негізгі органикалық зат түзуші болып саналады. Одан альгинаттар (жасанды жібек алу үшін қажет тұз) алынады; маннит, йод, микроэлементтер өндіріледі. Медицинада қанның ұюына қарсы, организмнен радиоактивті заттарды шығаруға арналған препараттар жасауға, әр түрлі тағамдар дайындауға (ламинария, алария, ундария) пайдаланылады.