Жануарлар мен адам ауруларын тудырушы вирустар 1 страница

Бактериофагтар

Бактериофагтар (фагтар) – бактерия вирустарының ерекше тобы. Фагтар бактериальды клеткаға енiп, оны жоя алады. Iшек таяқша фагының денесi бас бөлiмнен және ақуызбен қапталған iшi қуыс таяқшадан тұрады. Таяқша алты жiпшеден тұратын тақташамен аяқталады. Бас бөлiмiнде ДНҚ орналасқан. Бактериофаг өсiндiлерi арқылы iшек таяқшасына бекiнедi, түйiскен ферменттiң әсерiнен ДНҚ таяқша каналы клеткаға кiредi. 10 – 15 минуттан соң, осы ДНҚ әсерiнен бактериальды клетканың метаболизмi түгел өзгерiп, ол өзiнiң емес, бактериофагтың ДНҚ синтездеудi бастайды. Бұл процесс 200 – 1000 жаңа фагтiк бөлшектiң пайда болуымен және клетканың жойылуымен аяқталады.

1892 жылы орыс ботанигi Д.И.Ивановский алғаш рет темекi өсiмдiгiнен инфекциялық экстрактын алды. Осындай экстракт, бактерияларды ұстап қалатын сүзгiден өткен, инфекциялық қасиетке ие болды. 1898 жылы голландық ғалым Бейеринк кейбiр сүзгiден өткен сұйықтықтың инфекциялық табиғатын белгiлеу үшiн “вирус” терминiн енгiздi.

Жоғары тазаланатын вирустың сынамаларын алуда үлкен жетiстiктерге жеткенiмен және химиялық табиғаты жағынан нуклеопротеиндер (ақуызбен байланысқан нуклеин қышқылдары) екенi анықталғанына қарамастан бөлшектердiң өзi ұстатпайтын, өте ұсақ жұмбақты болып қала бердi, себебi оларды өте ұсақ болғандықтан жарықтық микроскоп арқылы көру мүмкiн емес.

Сондықтан да вирустар, 30 жылдары ашылған электронды микроскоппен бiрiншi болып анықталған биологиялық құрылымдардың бiрi болды.

Вирустық және бактериялық аурулардың берiлу жолдары бiрдей болғандықтан, бұл сұрақты бiрге қарастыру ыңғайлы.

Тамшылы инфекция – респираторлық аурулардың ең әдеттi таралу жолы (әдiсi). Жөтелу және түшкiру кезiнде ауаға миллиондаған кiшкентай сұйықтық тамшылары шашырайды. Iшiнде тiрi микроорганизмдерi бар бұл тамшыны, адамдар көп жиналған әсiресе ауа желдетiлмейтiн жерлерде жұтып алуы мүмкiн. Тамшылы инфекциядан сақтанудың гигиеналық тәсiлi-бет орамалдармен дұрыс пайдалану және бөлмелердi уақтылы желдетiп тұру.

Дәріс 6. Саңырауқұлақтар.

Саңырауқұлақтар – төменгі сатыдағы өсімдіктердің ішіндегі ең көп тарағаны, олардың 100000-дай түрі кездеседі. Басқа өсімдіктер типтерінен басты айырмашылықтары пластидтері, хлорофилі болмайды. Бұлар дайын органикалық заттармен қоректенуге бейімделген гетеретрофты өсімдіктер. Түрлері бойынша Жейтін саңырауқұлақтар және Жеуге жарамсыз саңырауқұлақтар болып бөлінеді. Олардың вегетативтік денесі тарамдалып матасқан гифалардан (жіңішке жіпшелерден) тұрады. Бұлар бір-бірімен матасып грибница немесе мицеллий деп аталатын саңырауқұлақтың денесін құрайды. Саңырауқұлақтар вегетативтi, жыныссыз және жынысты жолмен көбейедi. Вегетативтi көбею мицелий бөлiмдерi немесе арнайы фрагменттер ашытқылар – бiршiктену арқылы жүредi. Қоректену ерекшеліктеріне қарай саңырауқұлақтарды не спорофиттерге, не паразиттерге жатқызады. Спорофитті саңырауқұлақтар өлі органикалық заттармен қоректенеді, ал паразитті саңырауқұлақтар тірі организмдердің денесінде өмір сүреді және солардың клеткаларынан өзіне қажетті заттарды сорып қоректенеді. Саңырауқұлақтарды зерттеумен, алғашында ботаниканың бiр саласы болған – микология (грекше “микес” – саңырауқұлақ және “логос” – “iлiм”, “ой”) ғылымы айналысады. Микологияның негiзiн салушы деп саңырауқұлақтардың классификациясын жасаған және олардың көбею механизмiн зерттеп сипаттаған немiс биологы Генрих Антон де Баридi (1831 -–1888) атауға болады.

Саңырауқұлақтардың құрылысы

Саңырауқұлақтардың жасуша қабығы құрамында насекомдар қабықтарының хитиніне ұқсас, хитин заты және полисахаридтер болады. Олардың жасушасы протоплазмадан, бір, екі, кейде одан да көп ядродан және вакуолядантұрады. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың мицелийлері көп ядролы, ал жоғары сатыдағылардікі бірнеше ядродан тұрады. Клекта ядролары саңырауқұлақтардың көпшілігінде өте кішкентай 1-3 микрондай болады. Ірі ядролар жыныс процесімен байланысқан органдарда ғана болады да, кейде олардың мөлшері 10 микронға жетеді. Ірі ядроларда ядрошықтардың бар екендігі байқалады. Протоплазма жас жасушалардың – гифалардың ұштарын толтырып тұрады. Бояп қарағанда олардан ұсақ дөңгелек көпіршік тәрізді вакуолялар көрінеді. Ересек жасушаларда протоплазма жасушаның қабығына қарай жақын орналасады. Клетканың ортаңғы бөлімін ірі вакуоля алып жатады. Одан жасушаның жан-жағында жіңішке протоплазма жіпшелері тарайды. Вакуоля жасуша шырынына толы болады. Клетка шырыны түссіз, тек ағзадан саңырауқұлақтарда антоциан пигментінің болуына байланысты, қызғылт тартып тұрады. Саңырауқұлақ жасушаларында қор заты ретінде еш уақытта крахмал жиналмайды, май тамшылары мен гликолен, ал біраз саңырауқұлақтарда волютин жиналады. Кейбір саңырауқұлақтарда әр түрлі улы заттардың жиналуы да жиі кездеседі. Саңырауқұлақтардың түсі – жасуша қабығында, протоплазмада, вакуоляда болатынпигменттерге байланысты. Пигменттер әр түрлі химиялық процесстер нәтижесінде түзіледі. Саңырауқұлақтардың жоғары сатыдағы өсімдіктердегідей нағыз талшықтар болмайды. Алайда жалған талшықтар жиі кездеседі, олар өз ара матасып жататын, бірақ плазмодесмамен жалғаспайтын гифалардан құралады. Жалған ұлпа гифалардың құрылысы әр түрлі болады және түрліше орайласып келеді, демек олардың физиологиялық маңызы да өзгеше. Оларды кейде жалған түзуші, жабындық, механикалық, өткізгіш тканьдер деп бөледі. Кейбір саңырауқұлақтардың ризоморфтар деп аталатын. Мицелийлердің матасуынан құралған, жуандығы бірнеше миллиметрге жетіп, ұзындығы бірнеше метрге дейін баратын суды өткізу қызметін атқаратын ұзын қоңыр түсті жуан жіптері болады.

Мицелийлердің сыртқы – экзогенді және ішкі эндогенді болып екіге бөлінеді.

· Экзогенді мицелийлер субстраттың үстінде,

· Эндогенді мицелийлер субстраттың ішінде, өсімдік қалдықтарының арасында, тірі өсімдіктер денесінің ішінде жатады.

Эндогенді мицеллилер табиғатта жиі тараған, олар сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан жақсы қорғалады және қоректік заттармен мол қамтамасыз етіледі. Мицелийлер субстраттың ішіндегі эндогендік тіршілігіне байланысты, көп жылға дейін паразиттік не сапрофиттік тіршілік етеді.

Саңырауқұлақтардың қоректенуі

Саңырауқұлақтар гетеротрофты организмдер. Олардың көпшілігі өліп қураған өсімдіктердің қалдықтарымен қоректенетін сапрофиттер. Саңырауқұлақтардың 10 мыңнан астамы өсімдіктерде паразит ретінде кездеседі, ал бір мыңнан аздауы жануарлар мен адамдардың паразиттері. Саңырауқұлақтардың көпшілігі өмірінің бір бөлігінде паразит ретінде, ал екінші бөлігінде сапрофит ретінде тіршілік етеді. Саңырауқұлақтардың балдырлармен, кейде тіптен жоғарғы сатыдағы өсімдіктермен де селбесіп өмір сүруі жиі байқалады.Оны симбиоз деп атайды. Симбиозға мына жағдай мысал бола алады. Ақ саңырауқұлақтардың, қайыңның, қарағайдың, шыршының және емен ағашының түбінде, рыжиктердің шыршалы және қарағайлы ормандарда, подосиновиктердің көк теректің түбінде өсетіндігі белгілі. Бұл жағдайда ағаштардың тамырларымен саңырауқұлақтардың мицелийлерінің арасында тығыз байланыс қалыптасады, яғни симбиоз түзіледі. Мицелийдің жіпшелері тамырды тығыз орап, кейде тіптен ішіне өтеді. Сонымен мицелий ағаштардың тамыр түктерін алмастырады, ал ағаштардың тамырларынан мицелий өзінің қорегіне және жемісті дене түзуге қажетті органикалық заттарды алады. Қалпақты саңырауқұлақтар жасыл түсті гүлді өсімдіктер мен балдырларға қарағанда басқаша қоректенеді саңырауқұлақтардың клеткаларында хлорофилл болмайды және органикалық емес заттардан органикалық заттар түзілмейді. Саңрауқұлақтар дайын органикалық заттармен қоректенеді. Симбиоз процесінің нәтижесінде жаңа организмдер пайда болады. Мысалы : қыналар, микориза.

Саңырауқұлақтардың көбеюі

Саңырауқұлақтар вегетативтік, жыныссыз және жынысты жолдармен көбейеді. Вегетативті көбеюі мицелийдің жекелеген бөліктері арқылы артраспоралары (оидийлері) арқылы клетка қабықшалары жұқа болып келетін гифаның оқшауланған бөлігі: хламидос – полары арқылы қабықшалары қалың болып келетін клеткаларға ыдырайтын гифалар бүршіктену арқылы гифаларында келешегінде бөлініп түсетін домалақ өскіндердің пайда болуы арқылы көбею.

Жыныссыз көбеюі әртүрлі споралардың көмегімен жүзеге асады. Зооспорангияның ішінде дамитын зооспоралары, спорангияның ішінде жетілетін спорангияспоралары: ерекше гифалардың бүршіктенуінің нәтижесінде экзогенді жолмен пайда болатын конидийлері арқылы. Жыныстық көбеюі. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарда жыныстық көбеюдің бірнеше формалары болады : изогамия, гетерогамия, оогамия, зигогамия. Зигота барлық жағдайда біраз уақыт тыныштық кезеңін басынан өткізеді, содан соң өсіп зооспоралар немесе зооспорангиясы бар, немесе спорангиоспорасы бар қысқаша гифа береді.Жоғарғы дәрежелі саңырауқұлақтардың жыныстық процесінің формасы ерекше болып келеді : гаметангиогамия сырт құрылыстары әр түрлі болып келетін жыныс органдарының ішіндегі гаметаларға бөлінбеген заттарының қосылуы : самотогамия вегетативті гифаның екі клеткасының қосылуы: сперматизация - аналық жыныс органының қозғалмайтын клеткаларымен ұрықтануы. Ядролар әдетте бірден қосылмайды. Қарама – қарсы жыныстық белгілері бар ядролары алдымен қосарланып жақындасып дикариондар түзіледі. Дикариондардың саны оларды түзетін ядролардың синхронды бөлінуінің нәтижесінде көбейе түседі. Біраз уақыттар өткеннен соң дикариондардың ядролары қосылады да диплоидты ядро түзеді. Енді диплоидты ядро мейоз жолымен бөлінеді де, гаплоидты ядролар береді. Олардың әрқайсысы жыныстық көбею спораларының ядросына айналады. Сонымен жоғары сатыдағы саңырауқұлақтардың өмірлік циклында үш түрлі ядролық фаза алмасып келіп отырады : гаплоидты, дикарионды және диплоидты. Оның ішінде диплоидты фаза өте қысқа болады, ал өмірлік циклдың негізгі бөлігі гаплоидты және дикарионды фазаларда өтеді. Жыныстық көбею спораларының екі типі бар : 1) аскаспоралар, эндогендік жолмен ерекше клеткаларда – қалталардың ішінде пайда болады. Бұл әдетте дикарионның ядролары қосылғанннан кейін жүретін мейоз және митоз процестері арқылы іске асады. Жыныстық көбею спорасының екіншісі базидиооспоралар, олар экзогендік жолмен, көп жағдайда төртеуден ерекше клеткалардың ұшында пайда болады. Саңырауқұлақтарда жыныстық споралардың түзілуі олардың өмірлік циклының аяқталуын көрсетеді. Сонымен қоректену ерекшелігіне байланысты пластидтерінің болмауы гифаларының қабықшаларында хитиннің болуы артық қор заттары ретінде гликагеннің жиналуы саңырауқұлақтарды жануарларға жақындастырады. Ал шексіз өсуі, қоректік заттарды суыру арқылы қабылдауы оларды өсімдіктерге жақындастырады өсмдіктер мен жануарлардың саңырауқұлақтар гифалардан тұратын вегетативтік денесі арқылы және өмірлік циклында гаплойдты және диплоидты ядролық фазаларынан басқа үшінші дикарионды фазасының болуымен айқын ажыратылады.

Саңырауқұлақтардың жіктелуі

Саңырауқұлақтар бөлімі жеті класқа бөлінеді.Хитридиомицеттер класы, гифохитромицеттер класы, оомицеттер класы, зигомицеттер класы, аскомицеттер класы, базидиомицеттер класы, жетілмеген саңырауқұлақтар класы. Алғашқы 4 кластың өкілдері төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарға жатады, өйткені олардың мицелийлері мүлдем болмайды. Қалған кластардың өкілдері жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтарға жатады, өйткені олардың гифалары көлденең перделері арқылы бірнеше бөліктерге бөлінген болып келеді.

Оомицеттер, зигомицеттер кластары:

Оомицеттер класына 300 түр жатады. Олардың мицелиі көп ядролы, көп бұтақтанған, мүшеленбеген жіп шумақтары (гипалар) – дан тұрады. Жіп шумақтарының қабықшалары целлюлозадан тұрады, хитині болмайды. Жыныссыз көбеюі екі талшығы бар зооспоралар арқылы жүзеге асады. Жыныстық процесі оогамиялы зиготасы диплоидты. Көптеген түрлерінің өмірлік циклі сулы ортамен байланысты. Зигомицеттер класы. Зигомицеттерге 400- дей түр жатады. Олардың мицелийлері біртұтас, перделерге бөлінбеген. Гифаларының қабықшаларында хитин болады. Жыныссыз көбеюі спорангиоспоралары немесе конидийлері арқылы жүзеге асады. Зооспоралары болмайды. Түрлерінің барлығы жер бетінде өседі.
Негізгі өкілдерінің бірі мукор (mucor mucedo) ол нанда, көкеністерде, көңде басқа органикалық субстраттарда сапрофит ретінде өседі. Гифалары біртұтас, перделерге бөлінбеген, ерекше бұтақталған, көп ядролы болып келеді. Жыныссыз көбеюі шар тәрізді спорангилердің ішінде пайда болатын споралардың көмегімен жүзеге асады. Споралар ылғалды субстратқа түсіп, өсіп жаңа гифалар береді. Жыныстық жолмен сирек көбейеді. Ол тек физиологиялық жағынан бір – бірінен айқын айырмашылықтары болатын екі мицелийі қатар өскен жағдайда ғана жүзеге асады. Бұл жағдайда мицелийдің гифалары бір – біріне қарама – қарсы бағытта өседі де ұштары жуандап түйіседі. Олардың арасын көлденең перделер бөліп тұрады. Гифалардың түйіскен жерлеріндегі клетка қабықшалары еріп, олардың ішіндегі заттары да, ядролары да қосылады. Пайда болған зигота қара түсті қалың қабықшамен қапталады да біраз уақыт таныштық кезеңін басынан өткізеді. Содан соң зигота мейоз жолымен бөлінеді де өседі. Одан ұрықтық гифалар пайда болады. Осындай гифалардың үстінде спорангийлер жетіледі, ал олардың ішінде көптеген гаплоидты споралар дамиды. Қолайсыз жағдайларда гифалар бірнеше бөліктерге бөлінеді. Оларды ондии деп атайды. Ондии қалың қабықшамен қапталуы келешегінде хламидоспораларға айналады. Қолайлы жағдай туысымен хламидоспоралар өсіп мицелийге айналады.

Қалталы саңырауқұлақтар (Аскомицеттер) класы:

Қалталы саңырауқұлақтарға 30 мыңдай түр жатады. Олардың мицелийлері субстратқа еніп жататын бірнеше бөліктерге бөлінген гифалардан тұрады. Субстраттың бетінде тек жыныстық көбею органдары орналасады. Аскомицеттердің дені сапрофиттер. Олар негізінен топырақта мекендеп, өсімдіктердің шірінділерімен қоректенеді. Олардың бірқатарлары өсімдіктердің, сиректеу жануарлардың және адамның паразиттері. Көбеюі – жыныссыз көбеюі конидиялары арқылы жүзеге асады. Жыныстық көбеюі қарапайым түрлерінде мицелийдің екі жіпшесінің бірігіп кетуі арқылы жүреді. Зигота тыныштық кезеңін басынан өткізбей –ақ оның диплоидты ядросы бірден мейоз жолымен, содан соң митоз арқылы бөлінеді. Нәтижеде сегіз гаплоидты аскоспора пайда болады. Классификациясы. Жемісті денесінің болуына немесе болмауына және олардың түзілу ерекшелігіне қарай қалталы саңырауқұлақтар үш кластармағына бөлінеді : гемиаскомицеттер, эуаскомицеттер, локулоаскомицетер.

Базидиомицеттер класы:

Түрлерінің жалпы саны 30 мыңдай. Мицелийлері көлденең перделері арқылы бірнеше бөліктерге бөлінген гифалардан тұрады. Жыныссыз көбеюі конидийлер арқылы жүзеге асады, бірақ сирек болады. Жыныстық процессі екі гаплоидты гифаның бөліктерінің қосылуы арқылы жүзеге асады. Арнайы жыныстық органы болмайды. Гетероторальды түрлерінің мицелийлерінің қарама – қарсы белгілері бар (. және) особьтарының гифалары қосылады. Бұл жағдайда дикариондар түзіледі. Олардың ядролары синхронды бөлінеді. Жыныс процесі дикарионның ядроларының қосылуымен мейозбен және төрт базидиоспорасы бар базидийдің түзілуімен аяқталады. Құрылысы жағынан базидийлер әртүрлі болады. Холобазидия жекелеген бөліктерген, гетеробазидия екі бөліктен тұрады : төменгі кеңейген (гипобазидия) және гипобазидияның өсіндісі болып табылатын үстіңгі бөліктен (эпибазидия). Эпибазидия көп жағдайда екі немесе төрт бөліктен тұрады және олар бірқатар түрлерінде гипобазидиядан көлденең перделері арқылы бөлініп тұрады. Мұндай күрделі базидияны гетеробазидия деп атайды. Базидийдің үшінші түрі фрагмобазидия көлденең перделері арқылы төрт бөлікке бөлінген болады. Фрагмобазидия қалың қабықшалы телиоспора деп аталатын клеткалардан пайда болады оларды телобазидия деп атайды. Өмірлік циклдары. Базидиомицеттердің өмірлік циклінде дикарионды фаза басым болып келеді, гаплоидты, диплоидты фазалары өте қысқа. Көптеген түрлерінің базидиоспоралары формасы мен мөлшері әртүрлі болып келетін жемісті денелерінде түзіледі. Жемісті денелері борпылдақ өрмекшінің торы тәрізді тығыздалған киіз тәрізді ағаш тәрізді қатты болып келеді. Гимений қабаты көп жағдайда жемісті дененің төменгі жағында орналасады. Ол базидийден, парафизден және цистадан тұрады. Цистада – гимениальды қабаттың үстінен көтеріліп көрініп тұратын парафиздерге, басқа мүшелеріне қарағанда біршама үлкен болады. Жемісті дененің гимений түзетін бетін гименифора деп атайды. Ол жылтыр, жоғарғы деңгейде жетілгендерінде формасы тікенек, пластинка, түтікше тәрізді болып келеді. Классификациясы. Базидиальды саңырауқұлақтар үш класс тармағына бөлінеді: халобазидиомицеттер, гетеробазидиомицеттер, гетеробазидиомицеттер, телиобазидиомицеттер. Осы үш кластың ішіндегі маңыздысы және табиғатта кең таралғандары халобазидиомицеттермен телобазидиомицеттердің өкілдері.

Дейтеромицеттер:

Түрлерінің жалпы саны 300 мыңдай. Гифалары мүшеленген. Көбеюі конидилері арқылы жүзеге асады. Жыныстық жолмен көбеймейді. Бұлар паразиттер мен сапрофиттер. Көптеген түрлері табиғатта аса кең тараған. Жетілмеген саңырауқұлақтар көп жағдайда ауыл шаруашылық дақылдарын ауруға шалдықтырады және оларды өлуге әкеліп соқтырады. Классификациясы. Жетілмеген саңырауқұлақтардың классификациясы конидия сағақтарының орналасуымен мен конидилерінің формасына негізделген. Бұл түрлерінде конидия сағақтарының орналасуымен конидийлерінің формасына негізделген. Бұл түрлерінде конидия сағақтары жалғыздан орналасып, онша үлкен болмайтын шоқ түзеді. Оны кореми деп атайды, Екінші бір түрлерінде конидия сағақтары жалғыздан орналасып, онша үлкен болмайтын жоқ түзеді. Оны кореми деп атайды. Екінші бір түрлерінде гифалары матасып жапырақтың үстінде ложе немесе строма деп аталынатын құрылым түзеді. Үшінші бір түрлерінің конидиилері шар тәрізді немесе сопақтау болып келген, жоғарғы жағында тесігі бар қуыстың пекнидидің ішінде орналасады.

Саңырауқұлақтар – бiрклеткалы (микроскопиялық) немесе көпклеткалы, көлемi мен құрылысы жағынан әртүрлi организмдер: гетеротрофтар, аэробтар. . Саңырауқұлақтардың ерекшелiгi өсiмдiк белгiлерiнiң (қозғалмайтындығы, шексiз өсуi, витаминдердi синтездеу қабiлетi, клетка жарғақшасының болуы), жануарлар белгiлерiнiң (гетеротрофты коректену, клеткалық жарғақшада хитиннiң болуы, гликогеннiң болуы, мочевинаның түзiлуi), сонымен қатар ерекше даму циклi (ядролық фазалардың алмасуы, дикариондардың, гетерокариоздың, парасексуальды процесстiң болуы) болуында. Вегетативтi дене субстраттың iшiнде немесе сыртында дамитын тарамдалған жiпшелер жүйесiнен тұрады және коректiк заттарды осмос арқылы сiңiру үшiн жанасу ауданы үлкен болып келедi. Саңырауқұлақтар вегетативтi, жыныссыз және жынысты жолмен көбейедi. Вегетативтi көбею мицелий бөлiмдерi немесе арнайы фрагменттер ашытқылар – бiршiктену арқылы жүредi.

Саңырауқұлақтар табиғатта зат айналымына қатысады, әр түрлі қалдықтарды ыдыратып, шірітіп топырақ құнарлылығын арттырады. Сондай-ақ қауіпті аурулардың таралмауына пайдасын тигізеді. Саңырауқұлақтардың құрамы ферментке бай. Жеуге жарамды саңырауқұлақтар құрамында 80-90% су, 2-4%-ға жуық нәруыз, 1%-ға жуық май болады. Демек олар тағамға пайдаланылады. Өте қажетті дәрі өндіруде де маңызы зор. Зиянды бактериялардың өсуін тежейтін дәрілер антибиотиктер деп аталады.

Дәріс 7. Аскомицеттер. Морфология, аспергилустың көбеюі және қоректену.

Аскомицеттердің мицелийлері тармақталған, жақсы жетілген, гаплоидты, көп клеткалы, бір сирек көп ядролы.

Мицелийлері қалыпты жағдайда төсеміктің ішіне еніп жатады, ал оның үстінде спора тасушы органдары түзіледі. Клетка қабықшамы хитин араласқан глюканды келеді. Кейбір қарапайым құрылысты аскомицеттердің мицелийі болмайды. Вегетативтік денесі бүршіктенетін бір клеткадан тұрады, клетка қабықшасында хитин болмай, глюкан мен маннан болады. Клетка аралықтарында саңылаулары бар, олар арқылы бір клеткадан екінші клеткаға ядро, цитоплазма және басқа органоидтар миграциясы болуы мүмкін.
Қалталы саңырауқұлақтардың басты ерекшелігі жыныс процесінің нәтижесінде қалтаның түзілуінде. Оның ішінде қалыпты жағдайда 8 сирек 4,2 эндогендік әр түрлі формалы аскоспоралар түзіледі. Қарапайым қалталы саңырауқұлақта қалта тікелей зиготадан түзілсе, күрделі құрылыстарында аскогон гифаларының ұштарында дамиды.

 

Аскомицеттерде жыныссыз көбею кең тараған, оның себебі жынысты қалта құру процесі даму циклының аяғында, қолайсыз жағдайлар туғанда болады. Жыныссыз көбею процесінің нәтижесінде түзілетін конидиялар төсеміктің бетінде ұлпа, қатпар, нүкте, дақ және басқа пішінді болып келеді. Кейбір аскомицеттерде қонидиялы спора құру жағдайы белгісіз, ал екінші біреулерінің даму циклында басым болып келеді. Соған байланысты жыныс процесінің редукциясы байқалады. Қалталы стадиясы сирек болады. Көпшілік күрделі құрылысты аскомицеттерде жынысты көбеюі гаметангиогамия. Мұнда гаметаларға бөлінбеген арнаулы ек гаметангиялардың қосылуы арқылы болады. Жыныс процесі әртүрлі, бір топтың ішінде де әртүрлі жағдайда өтеді.

Кейбір түрлерінде қалталы спора тасушы органдар ретсіз шашылып жатса, ал көбісінде әртүрлі пішінді жемісті дене ішінде белгілі бір ретпен орналасады.
Қарапайым қалталы саңырауқұлақтарда жыныс процесі зигомицеттерге ұқсас. Мұнда мицелийдің екі клеткасының ядролары қосылып зигота түзеді. Ол тыныштық дәуіріне көшпей-ақ қосылған ядро редукциялы жолмен 3 рет бөлініп, 8 гаплоидты ядро түзеді. Ядроның айналасындағы протоплазманың бір бөлімі қатайып спора қабығына, ал зигота қабығы қалтаға айналады.