Скрининг

Скрининг термині «screening» - електен өткізу атты ағылшын сөзінен пайда болған. Бірақ оның «қорғау» және «жағымсыз бір нәрседен қорғау» атты басқа да мағыналары бар. Нақ осы түсініктемесі «скринингтік зерттеулер» атты медициналық терминнің туындауына негіз болған.«Скрининг» ұғымы әлі белгілері пайда болмай тұрып, әр түрлі зерттеулерді негізгі ала отырып, оларды анықтау және алдын алу дегенді білдіреді.Скринингтік бағдарламалар белгілі бір елдің немесе өңірдің ауру-сырқаулардан туындайтын өлім-жітім көрсеткіштеріне сай жүргізілуі керек.Пренаталдық скрининг – жатыр ішіндегі ұрықтың тұқым қуалаушылық және туа біткен потологиясы бойынша қауіп тобын анықтау мақсатында жүкті әйелдерді жаппай тексеру. 2) Неонаталдық скрининг – жаңа туған нәрестелердегі зат алмасудың тұқым қуалаушылық ауруларын ерте анықтау және емдеу мақсатында жаппай тексеру. 3) Аналық қан сарысуы тесті – бұл ұрықтың Дауна синдромын, Эдвардс синдромын, Тернер синдромын және невральды түтікшесінің көрінеу кемшіліктерін, ішперденің алдыңғы қабырғасының эвентерациясын және т.б. анықтау үшін жүктіліктің 10-14 апталары аралығы мен 16-21 аптасы аралығында ананың қанына зерттеу жүргізу.4. Жүкті әйелдердің перенаталдық немесе босанғанға дейінгі генетикалық скринингі қиын, емдеуге бағынбайтын генетикалық бұзылулары бар балалардың тууын болдырмау үшін құрсақтық ұрықтың туа біткен даму кемшіліктерін (бұдан әрі – ТДК), хромосомдық ауруларын ерте анықтауға және диагностикауға бағытталған.

Сүт қышқылын алу

Сүт қышқылы (E270) әрқашанда қышқыл сүтте болады және сірке мен лимон қышқылын алу кезінде қосымша өнім болып табылады. Сүт қышқылды бактериялар сүт қышқылына түрлі көмірсуларды тасымалдайды, сондықтан оны өндірістік алу үшін глюкоза, мальтоза, сахароза, лактоза, қанттанған крахмал қолданылады. Шикізатты таңдап алған соң сәйкесінше өндіруші ашытқы қолданылады. Глюкоза мен мальтозадан ашыту үшін Lactobacillus delbrueckii, L.leichmanii,L.bulgaricus, Streptococus lactis қолданылады.1847 жылы С.Блондо алғаш рет сүт қышқылы – ашу процесінің өнімі екенін көрсетті, ал Луи Пастер бұл ашуды бактериялар туғызатынын дәлелдеді. Сүт қышқылын микробиологиялық синтез жолымен өндіру 1881 жылдан бері белгілі. Сүт қышқылы тамақ өнеркәсібінде, медицинада шикізат ретінде химиялық синтезде, тері және т.б. өндірістерде кеңінен қолданылады. Көмірсулардың сүт қышқылына дейін ашуы сүтқышқылды бактериялардың көмегімен жүзеге асады. Оларды гомоферментативті және гетероферментативті сүтқышқыл бактериялары – деп екі топқа боледі. Гомоферментативті ашудың негізгі өнімі – сүт қышқылы, ал гетероферментативті ашудың өнімі сүт қышқылымен қатар сірке қышқылы, этанол және көмір қышқыл газы болып табылады. Гомоферментативті сүтқышқыл бактерияларда көмірсулардың ашуы гликолиз жолымен, ал гетероферментативті өкілдерінде пентозофосфатты жолмен жүреді. Сүтқышқыл бактерияларды 4 туысқа: Lactobacillus, Lactoccocus, Leuconostoc, Pediococcus деп бөледі. Өнеркәсіпте сүт қышқылының өндірушілері ретінде тез өсетін және аз уақыт ішінде көп мөлшерде сүт қышқылын түзетін гомоферментативті таяқша сүтқышқыл бактериялар - Lactobacillus delbrueckii, Lb. hulgaricus, Lb. leichmanii, Lb. casei штамдарын қолданады. Сүт қышқылы өндірісі үшін шикізат көзі ретінде меласса, минералды түздар, солод және жүгері экстрактысы қосылған қантталған картопты затор, жемісті сусындар өндірісінің қалдықтарын, сут сарысуын, сүттің және сүт сарысуының ультрафильтратын қолдануға болады. Бұл жағдайда ұйытқының құрамды бөлігі Streptococcus lactis бактериясы болып табылады. Ашу процесін біраз қышқылдандырьшған ортада 2-7 тәулік аралығыңда, 49-50°С температурада мерзімді дақылдау жағдайда жүргізеді, ал сүт қышқылын бөліп алу мен тазалау бірқатар қиыншылықтар туғызады. Сүт қышқылы нашар кристалданады және таза күйінде суды тез сіңіретін түссіз сироп түрінде болады (бұл көбінесе 65%-дық ерітінді күйінде кездеседі). Жыл сайын микробиологиялық жолмен 20 мың тоннадан көп L (+)-сүт қышқылы өндіріледі. Сүт қышқылды ашу процесі арқылы көптеген сүт қышқылды өнімдер, май және ірімшік дайындалынады, сонымен бірге, орам жапырақты тұздауда, жемістерді консервілеуде, азықтық жемді сүрлеуде негізгі рөлді атқарады. Сүт қышқылды ашудың аралық өнімдері ортада бөгде микрофлораның өсуін тежейді, ферменттелінетін қоспаға жақсы органолептикалық қасиет беріп, адам мен жануарлар организміне пайдалы әсерін тигізеді.Сүт қышқылы тағам өнеркәсібінде кондитерлік өнімді әзірлеу кезінде, медициналық өнеркәсібінде, пластмасса алуда және халық шаруашылығында қолданылады. Алкогольсіз сусындар алуда сүт қышқылды өнімдер алуда қолданылады.Сүт қышқылы, ɑ-оксипропион қышқылы, СН3СН(ОН)СООН – бір негізді оксикарбон қышқылы. Сүт қышқылы жануарлар, өсімдіктер, микроорганизмдердегі зат алмасу нәтижесінде түзілетін маңызды аралық өнім. Сүт қышқылы суда, спиртте, глицеринде, эфирде жақсы еритін түссіз кристалдар. Оның тұздары және эфирлері лактаттар деп аталады. Сүт қышқылын дегидраттағанда акрил қышқылына, ал сұйытылған минералды қышқылдармен қыздырғанда құмырсқа қышқылына айналады. Сүт қышқылы жануарлардың бұлшық еттеріндегі гликолиз процесінің соңғы өнімі болып саналады. Бұлшық еттің шаршауы ондағы гликогеннің азайып, сүт қышқылының көбеюіне байланысты. Егер оттек жеткілікті болса, сүт қышқылы СО2 мен Н2О-ға дейін тотығады, нәтижесінде қалған сүт қышқылының гликогенге айналуына керекті энергия бөлінеді. Сүт қышқылы және оның тұздары тоқыма, тері илеу өнеркәсібінде, медицинада, т.б. қолданылады.

Сірке қышқылы

Сірке қышқылы E460 ең танымал тағамдық қышқыл. Ол эссенция түрінде қышқылы 70-80% болып шығарылады. Тағамдық өнімдерді консервілеуде ертеден қолданылады. Сонымен қатар майонез, соустарда, балық өнімдерін, көкөністерді маринадтауда қолданылады. Сірке қышқылы, қышқылданған шарап түрінде б.э.д 7 мың жыл бұрын белгілі болған, 1868 жылы Луй Пастер сірке қышқылды ашудың физиологиялық негізгі қасиетін Acetobacter oxidans, A.aceti, A.xylinum және т.б сірке бактериялары тудыратынын анықтаған. Сірке қышқылды ашу қалыпты жүру үшін, ашытылатын субстраттағы қант, этил спиртіне айналуы қажет, сондықтан сірке қышқылды ашудың алдында спирттік ашу жүреді. Сірке қышқылы өндірісінде спирттік ашытуды шарап ашытқыларының іріктелген штамымен (Saccharomyces ellipsoides) жүргізеді, себебі олар этанолмен қоса, иіс пен дәмді жақсартатын метаболизмнің қосымша өнімдерін түзеді.Микобиологиялық жолмен алынған сірке қышқылы (тағамдық сірке қышқылы, асханалық сірке) шараптар тәрізді, ашытылған субстрат сипатына қарай сорттарға ажыратылады. Кең танымал алманың, жүзімдік, алмұрттық және басқа да сорттары. Ашыту арқылы алынған сірке қышқылының хош иісі мен дәмін ашудың қосымша өнімдері, күрделі эфирлер (этилантат және т.б) жоғарғы спирттер, органикалық қышқылдар қалыптастырылады. Жыл сайын әлемде 100 мың т. шамасында сірке қышқылы өндіріледі. Сірке қышқылы тағам өнеркәсібінде кеңінен қолданылады. Техникалық сірке қышқылдары ацетон, ацетилен, синтетикалық бояғыштар жасауда, медициналық препараттар (аспирин, антигрипин, фенацетин), алуда, хош иіс беретін заттар (кумарин, ванилин) өндіруде және де микробиологиялық биотрансформацияға субстрат ретінде қолданылады. Сахарозалы ортаның ферментазициясы екі сатыда өтеді. Бірінші сатыда ашытқылар инвертозасынан инвертті қант алынады, екіншісінде A.xylinum көмегімен сірке қышқылы алынады. Екінші саты 60 сағ созылады, сол кезде көмірсулар ашып, рН 2-ге дейін төмендеп, сұйық фаза беткейінде биоқабат түзіледі. Сірке қышқылы - этан қышқылы, ЦҺ3ЦООҺ – бір негізді органикалық қышқыл. Ол өткір иісті, қышқыл дәмді, тұссіз сұйық. Сусыз сірке қышқылының балқу т 16,75ӘС, қайнау т 118,1 ӘС, тығызд. 1,055 г/см3 (15ӘС-та).

Сығынды,ион алмасу,булау,кристализация

Сығынды – қатты н\е сұйық заттектерінің еріткіштердің көмегімен қоспаның бөліну процесі. Сығындының физикалық мәні экстрагент бір фазадан сұйық компоненттің ауысуындағы өзара қарым-қатынасынан тұрады. Айырып алатын компоненттер шоғырландыруларды айырым бастапқы ерітіндіден еріткіш салдарынан өтеді. Сондықтан осы процесс сан диффузиялыққа жатады. Сығынды процесі екі фазалы жүйелерден өтеді «қатты дене-сұйық» н\е «сұйық-сұйық». Сығындыны қолдану аясы: антибиотиктер,витаминдер және аминқышқылдарын шығару және тазарту жатады.Ион алмасусору процесі б.т. Адсорбция – бұл қатты заттың газды қоспа н\е ерітіндісінен мақсаттық өнімнің бір н\е бірнеше компоненттерінің жұтуының процесі сорғыштарСіңірмеліктің процестері әдетте қайта қалпына келеді.Осының арқасында сіңірілген заттар адсорбенттердің көмегімен яғнидесорбция процесінің жүруіне мүмкідік туады. Алғашқы сору процестерінің шығуы және биологиялық активті заттар мен антибиотиктердің тазалануына молекулалық сорбенттердің қолдануына негіз болады. Молекулалық сорбенттер ерекшеленетін қоспалы заттарды бірдей жақсы жинайды. Қазіргі кезде әр түрлі талғам мен жоғары спецификалдығымен ерекшеленетін ион алмасу сорбенттері жасалған.Иониттер – бұлар жай еріткіштер мен суда ерімейтін органикалық е бейорганикалық заттар. Олар қозғалмалы ионы бар е осы иондарды еріткіштерде электролит ионын ауыстыратын активті топтар. Шайырдың ион алмасуы өте синтетикалық перспективті. Иониттер антибиотиктердің өндіріс технологиясы кезінде культура сұйықтығын пайдалануға енді қолдау тапты. Кристализация – бұл ерітінділер және балқытпалардан қатты фазалы кристалл күйінде шығаруы. Мыс: антибиотиктер және басқа биологиялық белсенді заттардың кристализациясы ерітіндісінің температурасының өзгеруі нәтижесінде олардың ерекшелігінің қатты кішірейтуіне негізделген. Соңғысы pH ерітіндісінің өзгеруі н\е тиісті реагенттің қосымшасы жиі температуралардың бір уақытта төмендеуімен жетеді. Кристализация антибиотиктерді қатты күйінде алу тәсілі ғана емес,сонымен қатар бөлінудің кейбір басқа әдісетрмен салыстырғанда маңызды артықшылығы қоспалардан тазартудың өте тиімді құрал-жабдығы б.т. Кристализацияның әдісі антибиотиктердің,витаминдердің,полисохаридтердің алу технологиясыгда қолдау тапты. Булау –бұл сұйықтықтың қыздыруы кезіндегі жартылай жолмен еріткішті алып тастайтын сұйық ерітінділердің шоғырландыру процессі. Ерітінді буланған жағдайларда келесі крестализацияларға ұшырайды: булау нәтижесінде жеңілдеу және қайта өңделетін,сақталып және тасымалданатын қоюланған ерітінділер және заттар алынады

Тұнбалау,сүзгілеу,центрифугалау әдістері

Тұнбалау бұл дисперециялық системаның ауырлық күші мен дисперециялық фазаның тұнба түрінде бөлінуі нәтижесінде жіктелуі. Биомассаның тұнбалануының жылдамдығы үлкен емес,шамамен алғанда 〖10〗^(-6)*〖10〗^(-7 )м\с.Тұнбалау үдерісін тездету үшін қолданылады: Коагулянтты– бөлшекті агрегатты тұрақсыз қалыпқа ауыстырушы өлшеуші заттарФлокулянтты – коллойдты структуралардың бұзылуы мен ірі жарма қалыптасуын әсер ететін заттар. Коагулянттар ретінде негізінде желатин, балық желімі, казеин, фокулянт ретінде – метил, целлюлаза, пектин, натрий альгинаты және т.б қолданылады.Қатты бөлшектерді ұстап қалатын, ал сұйықты өткізіп жіберетін процесті фильтрлеу процесі деп атаймыз. Мұндай процестер фильтр аппараттарында жүреді. Суспензияларды фильтрлеу арқылы бөлеміз. Фильтрлер фильтрлеу бөгеттері арқылы екі бөлікке бөлініп, оның бір бөлігіне суспензия құйылады. Екі жағындағы қысымдар айырмасы әсерінен, сұйық фильтрлеу бөгеттерінің кеуектерінен өтіп, ол олардың бетінде қатты бөлшектер ұсталып қалады. Сонымен суспензия таза күйінде фильтрат және тұнбаға бөлінеді. Кейбір кезде қатты бөлшектер фильтрлеу бөгетіндегі кеуектерінде ұсталып, тұнба пайда болады, осындай қасиеттерге байланысты фильтрлеу прцесі екі түрге бөлінеді: 1. Тұнда пайда болу жолымен фильтрлеу. 2. Фильтрлеу бөгеттерінің кеуектерін толтыру арқылы фильтрлеу.Фильтрлеу процесі кезінде негізгі өнім фильтрат және тұнба болуы мүмкін. Егер негізгі өнім тұнба болып келсе, онда фильтрат қадықтарын шығару үшін, тұнбаны басқа сұйықтықпен жуады, содан соң ауамен немесе инертті газбен үрлеуді және құрғатады. Фильтрлеу процесінің өнімділігі және алынатын фильтраттың тазалығы көбіне фильтрлеу бөгеттерінің қасиеттеріне және дұрыс таңдалуына байланысты болып келеді. Олар мынадай қасиеттер көрсетулері керек: 1)кеуектердің өлшемдері тұнбаның бөлшектерін ұстап қалуы керек. 2)гидравликалық кедергісі аз. 3)химиялық беріктігі. 4)механикалық және жылулық кедергілері жергілікті болуы керек. Фильтрлеу бөгеттері – металды торлардан, матадан, жүнді матадан, синтетикалық( капрон, нейлон, лаптон ) және керамикалық материялдардан жасалынады. Сонымен бірге фильтрлеу бөгеттері ретінде құм, түйіршік тас, тұнба және тағы басқа қабаттары қолданылады. Фильтрлеу структуралық құрылымына байланысты иілгіш және иілмейтін болып келеді.Фильтрлеу аппараттары: фильтр жұмыс жасау приципі бойынша үздіксіз және периодты болып бөлінеді. Тұнба пайда болатын процестерге периодты және үздіксіз әрекетті, ал фильтр бөгетінің кеуектерін толтыру процесінде тек периодты әрекет жүреді. Фильтрлер қысымдар айырмасымен қамтамысыз етуіне байланысты вакуумды және қысымды болып бөлінеді. Фильтрдің сыртқы бөлігі фильтр матамен қапталған горизнтальды барабаннан тұрады. Барабан өз осімен айналады және де резервуарда орналасқан суспензияға 0,3-0,4 батып тұрады. Барабанның фильтрлеуші беті бір – бірімен изоляцияланған ұяшықтарға бөлінген Клетка гомогенатынан бізге қажетқосылысты бірден тазалап алу өте қиынға түседі. Сондықтан, клетканың талқандауынан пайда болған бөлшектерді ең алдымен центрифугалау арқылы клетка сұйығынан бөледі. Оның бірден-бір және кең тараған әдісі – гомогенатты центрифугалау болып табылады. Суспензиядағы бөлшектерді немесе сұйықтағы макромолекулаларды салмағы және пішіні бойынша бір-бірінен оңай бөлу үшін центрифугаларды пайдаланады. Центрифуга негізінен электр моторынан, онымен жалғасқан ротордан және айналатын роторды сыртқы ортадан бөліп тұратын камерадан тұрады. Ішіндегі компоненттерін бір-бірінен бөлу үшін қоспаны центрифуганың арнайы ыдысшасына (пробиркасына) құяды, содан кейін оны центрифуганың роторының арнайы ұяларына ендіріп орналастырады. Ротор дегеніміз – денесі қалың металдан жасалған, ішінде симметриялы түрде пробирка ендірілетін ұялары бар периметрі дөңгелек бөлшек. Оның ішіндегі ұялардың саны және үлкендігі айналымға түсетін ерітіндінің көлеміне байланысты 6-дан 24-ке дейін болады. Роторлардың пішіні мен құрылысы центрифуганың айналдыратын жылдамдығына да байланысты болады. Әдетте үлкен роторларда ұялардың саны аз болады және сұйықтардың үлкен көлемін, ал кіші роторларда ұялардың саны көбірек болады және ол арқылы сұйықтардың аз көлемін центрифугалайды. Ротор электр моторына тікелей жалғасқан, айналдыру камерасының дәл ортасында шығып тұратын металл-өзекке кигізіледі. Ротор электромотор арқылы тәжірибенің талабына байланысты әртүрлі жылдамдықпен және әртүрлі уақыт ұзақтығында айналдырылады. Ротордың жоғары жылдамдықпен айналуының нәтижесінде пайда болатын центрден тебілетін күштің әсерінен суспензияның ішіндегі түйіршіктер және бөлшектер өздерінің формасы мен үлкенділігіне байланысты әртүрлі жылдамдықпен тұнбаға түседі. Центрифугалаудың нәтижесінде пробиркадағы суспензия негізінен екі фракцияға бөлінеді. Біріншісі тұнбаның өзі болса, екіншісі - тұнбаның жоғары бөлігіндегі тазаланған мөлдір сұйық. Жоғарыда айтып кеткендей, клеткадан алынған таза сұйықты экстракт дейді. Басқа жағдайларда, мысалы, сол экстракттың ішіндегі бірқатар белоктардың түрін қыздыру арқылы немесе тұндырғыш (мысалы, тұз) қосып тұнбаға түсіргеннен кейін центрифугалап алынған мөлдір сұйықты супернатант деп атайды. Центрифугалаудың нәтижелерін сипаттағанда “g” деген белгімен (мысалы, 5000g, 10000 g және т.б.) жиі кездесуге болады. Айналудың жылдамдығы және түйіршіктердің (немесе макромолекулалардың) айналу осінен қашықтығы артқан сайын оларға түсетін күш те артады. Гравитациялық тартылысқа (g) қатысты жалпы өлшеулерді салыстырмалы центрифугалық күш (СЦК, немесе ағылшынша relative centrifugal force, RCF) деп белгілейді.

Технологиялық процесстерді үйлесімдендіру.

БТ өндірісте қолдану БТ кәсіп орындарының саласын арттыру барлық бағытта жұмыс істеуде үйлесімдіболу керек. Сондықтан өндірісте 1-ші үйлесімділік процесі қоректік ортаны таңдап алу керек. 2. Жаңа штамдарды н\е микроорг аралас культураларын пайдалану. 3. Фагтарға қарсы күресу жұмысын нақты ұйымдастыру. Ферментацич процесі жағдайында үйлесімділік таз тәжірибелік мақсатқа сай жүргізілетін жұмысты атқарылатын мақсатқа сай өндіретін өнімді алу үшін қоректік орта құрылымының концентрациясын және биореакторлық жұмысын қолайлы режимде жүргізу керек. Қоршаған ортаның өзгеруіне жауап қайтау барысында түрлер арасында сұрыптау процесі үздіксіз жүріп отырады.

Фагалозис.Фагтар мен олардың топтары

БТ өндірістің жұмысы барысында ақырғы өнімнің шығымы төмендеп немесе оның сапасы нашарлап кетеді.Бұл бактерия-ң вирустық инфекциялармен зақымданып,фаголизис құбылысына ұшырағандығының белгісі болады.Бактерия вирустары және бактериофак-р басқа вирустар сияқты емес,олардың өзіндік айырмашылығы болады.Фагтар және олардың топтары-Фагтарды 3 топқа бөлуге болады:Қожайын фаг-р-олар клетканың тіршілігін мүлдем жойып жіберетін нағыз күшті вирулентті фаг-р.2.өнімді инфекциялаушы,яғни бак-ы өлтіруге дейін апармайтын фаг-р.Бұлар қожайын клеткаларда бөлініп кетсе де оны бүлдірмейді.3.Бір қалыпты фагтар-олар клетканы ерітетін және ерітпейтін қабілеті бір келкі болыпкеле бермейтін,белгілі бір жағдайда бірклеткадан 2-ші клеткаға көшіп-қонып жүретін фаг-р.

Эмбриодарға жалпы сипаттама

Эмбрион (грек, embryon – ұрық) аталық және аналық жыныс жасушаларынын қосылуы нәтижесінде пайда болады. Ұрықтану – жануарлар мен адам организмінде жатыр түтігінің жоғарғы бөлігінде, ал суда тіршілік ететін жануарларда – сулы ортада жүреді.Эмбриология (embryologia, грек, embryon – ұрык, logos – ілім) – ұрыктың пайда болуы және дамуы туралы ілім. Эмбриология жыныс жасушаларының қалыптасуын, дамуын, құрылысын және эмбриондық дамудың негізгі кезеңдерін, ұрықтантыс мүшелердің дамуын зерттейтін морфология ғылымының саласы. Ол биология ғылымдарының жедел дамып келе жатқан саласы. Эмбриологияның соңғы қол жеткен ғылыми жетістіктері биологияда, медицина мен ветеринарияда кеңінен қолданылуда. Атап айтқанда, қолдан ұрықтандыру, ұрықтануды аналық организмнен тыс пробиркада жүргізіп, ұрықтарды мұздату өдістері, клондау, мал шаруашылығындағы суперовуляция және ұрықтарды басқа организмдерге көшіру және т.б. өдістер. Эмбриология – медициналық және ветеринарлық пәндердің (акушерство, педиатрия, гинекология) іргетасын қалайды.