Логометрді тексеру.
Тексеру протоколы
Милливольтметрдітипі --------------------дәлдік класы------------------
Осы шкаладан-----------------------дейін------------қарсылығы
Ішкі цепь-------------------------------------тексеруден өтті:
-------------------------------------------------------------------------------------
Өлшемдер | Милливольтметрдің көрсетуі | ПЭД -250 көрсету | Абсолюттік қателік | Салыстырмалы қателік |
Тура жол 1 | ||||
Қайтар жол 1 |
Лабораториялық жұмыс № 4
І. Жұмыстың мақсаты: Логометрдің құрылысымен және жұмыс істеу принципімен танысу. Логометрді тексеруді жүргізу.
ІІ. Логометрдің құрылысы және жұмыс істеу принципі.
Логометр электр термометрінің кедергілерін өлшейтін құралдар ретінде қолданылады.
Логометрлер магнитті-электрлік жүйедегі құралдар, олар белсенді кедергінің өзгергенде датчиктің көмегімен өзгеретін температураны және басқа электрлі емес шамаларды көрсету және реттеу үшін қажет.
Логометр – бұл магнит электрлі приборлар. Ол қозғалмалы жүйесі бір-біріне қатаң бекітілген екі рамкіден тұрады және белгілі бір бұрышпен орналасқан.
Сурет 1. Логометрдің принциптік схемасы.
Мұндай қозғалмалы жүйенің бұрылу бұрышы екі рамкадағы тоқтардың қатынасының функциясы болып табылады:
Мұнда - рамкамен ағып өтетін тоқтар.
Тұрақты магнит цилиндр түрінде ойылған полюсті ұштарымен N және S қамдандырылған. Полюс ұштарының арасында жұмсақ болаттан жасалған цилиндр өзекшесі орналасқан, оны айнала екі рамкадан тұратын R1 және R2 қозғалмалы жүйе айналып тұр және рамкілерге көрсеткіш бекітілген. Өзекше мен полюсті ұштардың арасындағы ауа біркелкі емес қылып істейді. Соның салдарынан қуыстағы магнит өрісі де біркелкі болмайды. Жалпы тоқ көзінен рамкілерге тоқ беріледі. R1 рамкасына тоқ тұрақты кедергі R арқылы келеді. R2 рамкасына – термометр кедергісі Rt арқылы келеді. Рамкаларды схемаға қосқанда олардың жасайтын айналу моменті қарсы бағытталған болуы қажет. Рамкалардың айналу моменті бір-біріне тең:
Мұнда С1 және С2 – тұрақты геометриялық өлшемдері мен рамканың айналым санына тәуелді.
В1 және В2 – рамка орналасқан зонадағы магнит индукциясы.
Қызу, /немес салқындау/ салдарынан термометр кедергісі өзгергенде бір рамка арқылы үлкен шамадағы тоқ ағады. Момент теңдігі бұзылады және қозғалмалы жүйе үлкен момент әсер ететін жаққа қарай бұрыла бастайды. Қозғалмалы жүйе айналғанда рамка үлкен шамадағы тоқ ағатын магнит индукциясы кішкентай қуысқа келеді. Керісінше, басқа рамка магнит индукциясы үлкен қуысқа келеді және оның моменті үлкейеді. Олардың айналу моменті болғанша, рамкалар айналуын жасғастыра береді. Теңдік моментінде:
немесе
; ;
Сонда анализ:
болғандықтан, онда болады.
Сонда немес
Бұл жерде R, R1 және R2 шамалары тұрақты. Сондықтан қозғалмалы жүйенің бұрылу бұрышы тек термометрдің кедергі ету шамасына тәуелді:
Формулаға тоқ көзінің кернеуі кірмейтіндіктен логометр көрсеткіші бұл кернеудің өзгеруіне тәуелді емес.
Осы себептен, логометрлер теңестірілген /тоқ көзінің кернеуінің тербелісіне тәуелсіз/, және теңестірілмеген /тікелей өлшеу/, көпірлерінің жақсы жақтарын алады.
ЛПр – 53 типті көрсететін логометрдің схемасы. 2 – суретте көрсетілген.
Rа, Rб – рамкалар;
R1, R2 , R3 R, R6 – тұрақты кедергілер;
R4, R5 – өлшеу шектерін келтіретін кедергілер;
RК – бақылау кедергісі.
Rа, Rб рамкілері көпір схемасына қосылған, оның бір жағы термометр кедергісін Rt құрайды. Көпір теңдігі кезінде рамкадағы нүктелермен және полюстік ұштардың өсіне қарағанда рамкалар симетриялы орналасқан. Егер термометр кедергісі өзгерсе, онда көпір теңдігі бұзылады. Термометр кедергісінің үлкен Rа рамкасындағы тоқтың азаюына әкеледі, бұл логометрдің стрелкасының рамкасының бұзылуына әкеледі.
Сурет 2. ЛПр – 53 типті көрсететін логометрдің схемасы.
Логометрді тексеруге арналған стендтік схемасы 3 – суретте көрсетілген.
3 сурет. Логометрді тексеру схемасы.
1 – логометр, 2 – кедергі дүкені, 3 – реостат, 4 – вольтметр.
ІІІ. Жұмыс орындау тәртібі.
І. Логометрді тексеруге арналған стендтік схемасын жинау. /3. Логометрді шкаланың барлық санмен белгіленген нүктелерін тексеру қажет. Тексеру екі рет жүргізіледі: басында тура жүрісте /көрсеткіш өлшеуден өлшеу өскен кезде/, одан соң кері жүрісте /бағытталған шкала соңынан басына қарай қозғалғанда/. Тексеруді жүргізу үшін приборды тоқ көзіне қосу қажет: реостаттың көмегімен вольтметрді 4В қою қажет, кедергі дүкеніндегі жайменен өзгерте отырып, термометр кедергісінің орнына қосылған. Логометрдің шкаласындағы барлық санмен белгіленген нүктелерді тура және кері жүрісте тексеру керек. Нәтижелерді протоколға ендіру және қателіктерін есептеу керек, кестеде берілгендерді қолдана отырып /мыс термометр кедергілері гр.23 арналған градуировка кестені қара/, және де вариацияларын да есептеу қажет. Тоқ көзінің кернеуін ±20% өзгеруінен пайда болған, қосымша қателікті анықтау керек.