Милливольтметрді тексеру

І. Жұмыстың мақсаты:Милливольтметрдің жұмыс істеу принципі және

құрылысымен танысу, милливольтметрді тексеру

ІІ. Милливольтметрдің жұмыс істеу принципі және құрылысы.

Екі сымның жалғанған жерінен пайда болған термоэлектр қозғаушы күшін өлшеу күшін сезгіштігі жоғарғы приборлар қолданылады: магнит электрін жүйе милливольтметрді милливольтметр-магнитті электрлі құрал.

Бұл прибордың жұмыс істеу принципі: ток ағыны өтіп жатқан және тұрақты магнит өрісі бар сымның бір-біріне әсеріне арналған.

Сурет-1 1-рама, 2-магнит, 3-жүрекше, 4-полюс ұштары

 

Милливольтметрдің магнит жүйесі: таға тәрізді магниттен, полюсті болат ұштарының цилиндр тәрізді жүрекшеден тұрады.

Изоляциялы сымнан жасалған рама, жүрекшемен полюс ұштарының арасындағы ауа саңылауы арқылыайналады.

Полюсті ұштары арқылы магнит жүйе сызықтары бір полюстен екінші полюске өтеді.

Жүрекшемен және ұштарының цилиндр тәрізді болуынан, ауа саңылауымен магнит өрісі қақ екіге бөлуге болады.

Раманың айналу осьі жүрекшенің сызығына қаптасады.

Раманың осьіне стелка бекітілген. Қарсы момент тұрғызу үшін фосфорлы күмістен жасалған екі спиральді пружина орнатылған. Пружинаның сыртқы ұшы қимылсыз нәрсеге бекітілген, ал екіншісі корректорға бекітілген.

Раманың айналуы кезінде бір серіппе қосылмаса бұрыла бастайды, ал екіншісі қарсы бұрыла бастайды.

Осыдан қарсы істеу моменті раманың айналу бұрышына сызықты қатынаста басады.

Ток раманың ормадары арқылы өткенде айналу моменті пайда болады. Бұл момент магнит өрісінің раманың жақтарына әсер етуіне болады.

Осы момент қозғалысы серіппенің қарсы әсер моментімен айналу моменті теңескенше айналады.

Айналу моменті Мвр 1*І*В

К1-деген коэффициент раманың еніне,ұзындығына, биіктігіне байланысты

В-магнит индукциясы

І-ток күші

Спиральді серіппенің қарсы әсер ету моменті Мпр 2*Е*φ

К2 –тұрақты көбейткенге серіппенің геометриялық өлшеміне байланысты

Е-үйкеліс модулі

Φ-қозғалмалы жүйенің бұрылу бұрышы теңескенде осыдан

Мвр = Мпр

К1*І*В=К2*Е*φ

Осы конструкциялы механизмде К,В,Е тұрақты, сондықтан қозғалмалы жүйенің. Бұрылу бұрышы рамадағы тогқа пропорционал болады:

φ=С*І

ІІІ. Милливольтметрді тексеру

Милливольтметрді тексеру жолы

Милливольтметрдің көрсетуімен потенциометрдің көрсетуін салыстыру арқылы тексереді.

ПЭД реттегіш ток көзіне РТК милливольтметр және потенциометр қосарлана параллельді жалғанады.

Милливольтметрмен тізбектеле қарсылық қорапшасы қосылған, Бұл сыртқы цептің қарсылығы, милливольтметрдің шкаласында көрсетілген.

Милливольтметрді тексеру схемасы

 

1-РТК, 2-ПЭД-250, 3- Милливольтметрдің МСП ПР-018 4-кедергі нүктесі.

 

Жұмыс істеу тәртібі

І. Милливольтметрдің құрылысымен танысу

ІІ. Милливольтметрді тексеру үшін қабырға схемасын жинау керек

ІІІ. Милливольтметрді барлық сан қойылған нүктелердегі шкалаларды тексеріп шығу керек

4. Тексеру екі мәрте жүреді

Бірінші тура жолда

Екінші қайтар жолда

Абсолюттік және салыстырмалы қателігін есептеу керек