Мемлекеттік бюджет. 5 страница

Р S Р2 Е PЕ Р1 D QЕ Q Мұнда, S – ақшаның ұсыныс; D – ақшаға сұраныс; Р - проценттің мөлшерлемесі, Q – ақшаның массасы. Ақшаға сұраныстың және ақша ұсынысының тепе-теңдігі, басқа кезгелген нарықтағы тепе-теңдік сияқты қалыптасады. Проценттің мөлшерлемесі тепе-теңдік процент мөлшерлемесінен PЕ төмен болса, шаруашылық субъекттер өздерінің ақша көлемін өсіруге тырысады.

 

Ақша массасының құрамы әр мемлекеттің өз несие-ақша жүйесімен, яғни ақша нарығы құралдарының дамуымен анықталады. Біздің республикамыздағы айналыстағы ақша қаражатының құрылымына келсек, онда ол мынадай агрегаттардан құралады:

1. Мо –айналыстағы қолма-қол ақшалар.

2. М1= Мо + есеп айырысу немесе басқа депозиттік есеп - шоттардағы қалдықтар + чектік және аккредитивтік есеп-шоттар + талап еткенге дейінгі салымдар.

3. М2= М1+мерзімді салымдар.

4. М3 = М2 + мемлекеттік облигациялары.

 

Тауар айналымына қызмет ететін ақша айналымы экономикалық заңмен анықталады және нақты тауар айналымын қамтамасыз етуге қажетті ақша санына (Аа) сай болады:

 

Мұндағы: С – тауар бағасының соммасы;

А- бір өлшемді ақша бірлігі айналымының шапшаңдығы.

Нарық жағдайында айналымдағы ақша саны әрбір кезеңде үш факторға тәуелді:

- айналатын тауардың массасымен

- олардағы баға қозғалысымен

- ақша айналымының жылдамдылығымен анықталады.

Бірақта ақша айналым құралы ретінде ғана емес төлем құралы ретінде қызмет атқарады. Сондықтан айналым үшін қажетті ақша саны төмендегі формалумен анықталады:

 

Аа= С – Н + Т -Е

 

Мұндағы: Аа - айналымдағы ақша саны;

С - өткізуге жататын тауар бағасының сомасы;

Н- несиеге өткізілетін тауар бағасының сомасы;

Т - мерзімі келген төлемдер;

Е - өзара есеп айырысу сомасы;

А – бір өлшемді ақша бірлігі айналымының шапшаңдығы.

 

Ақша нарығындағы маңызды элементтерінің бірі несие. Несие дегеніміз қарыз қорының болмысының формасы, қарыз қорына меншіктің жүзеге асырылуының ерекше формасы. Несие төмендегі принциптер бойынша беріледі:

1. Несиені қайтару прнциптері – белгіленген уақытта алынған құралдарды пайдаланғаннан кейін қайтару қажет болады.

2. Мерзімдік принцип – келісімшарт бойынша белгіленген уақытта қайтару.

3. Төлем приципі – несиені пайланғаны үшін ақы төлеу.

4. Материалдық қамтамасыз ету – қарыз алушы өзінің міндеттемесін бұзғанда кредитордың мүддесін қамтамасыз етуді қорғау қажеттілігі.

5. Несиенің дифферециалды сипаттамасы - әртүрлі қарыз алушыларға ыңғайлы бапты несие бөлу.

Несие функциялары:

1. Ынталандыру функциясы- экономикада ақша айналымын жылдамдату арқылы процестерді жылдамдату.

2. Орын басу функциясы – қолма-қол ақшаның орнына несие ақшалар жүреді.

3. Жинақ функциясы – ақша капиталын жұмылдыру, іске тарту.

4. Қайта бөлу функциясы –несиенің көмегімен әртүрлі салалардың арасында қаржылық құралдар қайта бөлініп отырады.

5. Реттеу функциясы – нарықтық экономикада несие экономиканы реттеу құралы ретінде қолданылады.

 

Несиенің түрлері

Әрекет ету мерзімі бойынша
Несие сипаттамасы бойынша
Несиелеу объектісі бойынша

 

           
     

 


Коммерциялық несие тауарлар мен қызметтердің өтуін тездету мақсатымен, төлем мерзімі кешіктірілген тауардың сатылуында қолданылады. Оның объектісі тауарлық формадағы құралдар. Коммерциялық несие формасында жасалатын келісім құжатының қызметін вексель атқарады.

Банктік несиесін кәсіпкерлерге және басқа қарыз алушыларға ақшалай қарыз формасында банктер береді. Несие беруші болып банк табылады.

Мемлекеттік несиеде қарыз алушы мемлекет, ал несие беруші көбінесе халық болады. осы несие мемлекеттік қарыз, мақсатты процентсіз қарыздар, қазыналық міндеттемелер түрін алады.

Несиелік жүйенің незізгі элементтері:

І Орталық (эмиссиялық банк)

ІІ. Банктік жүйе:

- коммерциялық банктер

- жинақ банктері,

- инвестициялық банктер,

- ипотекалық банктер,

- басқа да мамандандырылған банктер.

ІІІ. Сақтандыру ұйымдары:

- сақтандыру компаниялары,

- зейнетақы қорлары.

ІҮ. Мамандандырылған бакнтік емес несие қаржылық институттар:

- инвестициялық компаниялар,

- қаржылық компаниялар,

- қайырымдылық қорлары және т.б.

Несие жүйесінде негізгі рөл атқаратын банк. Банк – (итальян сөзі - орындық) – уақытша басы бос ақшаларды жинақтап, оларды пайыз алу арқылы қарызға (несие) беретін негізгі экономикалық институт. Банктер активтік және пассивтік операциялар жүргізеді. Пассивтік операциялар арқылы банк ақша ресурстарын тартып жинақтайды, ал активтік операицялар арқылы соларды орналастырады.

Банктердің функциялары:

1. Есеп айырысу мен несие беруде делдалдық қызмет атқару.

2. Ақшалай табыстар мен жинақтардың бір бөлігі капиталға айналдыру.

3. Айналымға несие құрылымдарын шығару (вексель, чек, банкнот)

Функциялар және операция жүргізу сипаты бойынша банктер бөлінеді:

- орталық эмиссиялық,

- коммерциялық депозиттік, инвестициялық,

- жинақ,

- арнайы бағытағы банктер.

Ақша массасы көлемінің банктің жаңа ақшалармен ұлғаюы банктік

мультипликатор (т) арқылы есептеледі:

 

мұндағы: Ү-міндетті резервтік норма (%), немесе

М – депозиттердің өсуі,

R – резервтердің өсуі

Банктік мультипликатор егер сырттан банктік жүйеге қандай бір ақша соммасы түскен болса, онда ақшаның ұсынысы банктік мультипликаторға көбейтілген бастапқы салымға тең соммаға дейін өседі. Қазақстан республикасы Президентінің «Банктер және банктер іс-әрекеттері туралы» Жарлығы бойынша Қазақстанда банк жүйесі екі дәрежеден құралады:

- І дәрежеде – Қазақстан республикасының Ұлттық банкі.

- ІІ дәрежеде – мемлекеттік, коммерциялық, бірлескен және шетелдік банктер.

Несие саясатының негізгі субъектісі Ұлттық банк. Ұлттық банктің міндеттерін екі бағытта арқарылады:

1. Валюта жүйесінің бірқалыпты тұрақты дамуын қамтамасыз ету.

2. Мемлекеттің мүддесін қамтамасыз ету үшін жеке коммерциялық банктердің несие қызметіне әсер ету.

Қазақстан республикасы Ұлттық банкінің қызметтері мен міндеттері:

- мемлекеттер және коммерциялық банктермен белгілі бір келісім әрекет атқаратын заңды тұлға;

- Қазақстан республикасының ақша несие жүйесін басқару;

- Қазақстан республикасы Ұлттық валютасының сыртқы және ішкі тұрақтылығын сақтау;

- Банктік есеп-шот және валюталық қарым-қатынастар жасау;

- Ақша, несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету;

- Ақша мен мемлекеттік құнды қағаздардың эмиссиясын жүргізу;

- ҚР Үкімет кепілдігі бойынша ішкі және сыртқы қарыздарды өтеу;

- Коммерциялық банктермен несиелік жүйенің басқа мекемелерінің іс-әрекеттеріне бақылау жүргізу;

- Ұлттық банктік Қазақстан мүддесін әлемдік нарықта көрсету.

Екінші дәрежедегі банктердің қызметтері:

- Салымдар жинап, несие беру;

- Есеп айырысу операциялары және есеп шот жүргізу;

- Валюта және бағалы қағаздар мен операциялар жүргізу;

- Несие беруде делдалдық қызмет атқару;

- Ломбардтық және сейфтік операциялар жүргізу және т.б.

Несие саясаты – ұлттық банктің ақша айналымымен несие қатынастары саласында жүргізетін макроэкономикалық процестерді мемлекеттік деңгейде реттеу мен дамытуға бағытталған шаралар жиынтығы. Несие саясатының мақсаты – ұлттық шаруашылықтың тұрақты дамуы мен тепе-теңдікті болуын қамтамасыз ету. Халық шаруашылығының тұрақтылығын сақтау үшін Ұлттық банк коммерциялық банктерге үнемі бақылау жасап отыруы қажет. Ұлттық банк мемлекеттің несие саясатын жүзеге асыруда құралдар жиынтығын қолданады. Ол құралдар ақша-несие саясатына жанама және тікелей әсер ету әдістерінен құралады. Несие саясатының жанама әдістеріне жататындар: есептік ставка саясаты, ашық нарықтағы операциялар, минималды резерв саясаты, еркін келісімдер.

Тікелей әдістің мәні Ұлттық банк коммерциялық банктердің банктік емес секторға несие салымдарына шектеу қояды. Белгілі уақыт аралығында коммерциялық банктердің несие операциялары арқылы өтетін ақша сомасына проценттік норма белгіленеді. Ол норма сақталмаған жағдайда айып салынады.

Арзан ақша саясатының мақсаты – несиені арзандату және беру тәртібін жеңілдету арқылы халық шаруашылығын дамыту, сондай-ақ елдің жиынтық шығындары мен жұмыс орындарын молайту. Қымбат ақша саясаты ақша ұсынысын қысқарту арқылы қоғамның жиынтық шығындары мен ақша инфляциясын төмендетуді көздейді. Осындай саясаттардыңқолданатын шараларын 15 кестеде көрсетілген.

Мемлекеттің ақша-несие саясатының мақсаттары:

- өндіріс көлемін өсіру;

- толық жұмысбастылық;

- инфляцияны төмендету.

Мемлекеттің ақша-несие саясатының құралдары:

1. Ашық нарықтағы операциялар. Ұлттық банктың ашық нарықта ақша массасының көлемін реттеу мақсатында мемлекеттің құнды қағаздарын сатуы және сатып алуы. Мұның мағынасы: Ұлттық банк ақша эмиссиясын тоқтату және банктердің несиелік мүмкіншіліктерін шектеу мақсатында, нарықта құнды қағаздарды сатып, бұл қағаздарды сатып алған банктердің резервтік шоттарынан белгілі бір соманы есептен шығару. Керісінше, ақша шығаруын және несиелерді беруді ынталандыру үшін Ұлттық банк құнды қағаздарды өзіне қайта сатып алып, оның құнын банктердің резервтік шотына аударады.

2. Резервтік норманы өзгерту - ақша-несиені реттеуде қолданатын өте қатаң құрал. Ұлттық банк барлық банк мекемелердің міндетті резервті нормасын бір мезгілде өзгерту арқылы әрбір банктің резервінің көлеміне тікелей әсер ете алады. Міндетті резервтер – бұл әрбір коммерциялық банктер салымдардың бір бөлігін міндетті түрде сақтау қоры ретінде мемлекеттің Ұлттық банкте ұстауы қажет.

3. Есептік ставкасын өзгерту - коммерциялық банктер Ұлттық банктен несие алғанда ақша көлемін реттеу мақсатымен бірінші дәрежедегі банк несиенің мөлшерлемесін жиі өзгертіп отырады. (пайыз мөлшерлемесін көтерсе коммерциялық банктер алатын несиелерін азайтуға мәжбүр болады, керісінше, төмендетсе – несие көлемі өседі) Осы жоғарыда келтірілген 3 құралдарды қолдану – мемлекеттің «арзан ақша саясаты» және «қымбат ақша саясаты» деп аталады. Қазақстанда осы келтірілген құралдармен қатар, ақша айналысын реттеу үшін басқа да тәсілдер қолданылады.

4. Күрделі несиелік қаржының өсімін шектеу. Ұлттық банк коммерциялық банктердің несиелік қаражаттарының бөлінуін пайыздық норма арқылы шектеп отырады.

5. Ерікті келісімдер бойынша Ұлттық банк коммерциялық банктермен өзара келісімге келеді.

 

15-кесте.

Несиелік белсенділікті басқару

 

Арзан ақша саясаты Қымбат ақша саясаты
Қолданылады: Жұмыссыздық өскенде, экономика құлдырағанда Жоғары инфляцияда
Іс-әрекеттер: Орталық банк мемлекеттік құнды қағаздарды сатып алады, сақтық қордың шамасын немесе міндетті резервтердің нормасын төмендету, процентік мөлшерлемесін төмендету Орталық банк мемлекеттік құнды қағаздарды ашық нарықта сатады, сақтық қордың шамасын немесе міндетті резервтердің нормасын көтереді, процентік мөлшерлемесін көтереді.
Нәтиже: Ақша ұсынысы молаяды, процентік мөлшерлемесі төмендейді, инвестициялар өседі, шаруашылық белсенділігі өседі, жұмыссыздық төмендейді, ұлттық өнім өседі Ақша ұсынысы қысқарады, процентік мөлшерлемесі өседі, инвестициялар қысқарады, шаруашылық белсенділігі төмендейді. Инфляция қысқарады.

 

Несиелік қатынастары құнда қағаздар нарығы арқылы жүзеге асады. Құнды қағаздар нарығында келісім объектісі ретінде құнды қағаз болып саналады. Құнды қағаз нарығының пайда болуының басты себебі – кәсіпкерлік қызметте қаржы ресурстарының жетіспеуіне орай кәсіпкерлікпен айналыспайтын басқа адамдар тобынан қаражат тарту. Қазіргі кездегі негізгі құнды қағаздар түрлері: акция, облигация, вексель, сертификат.

Акция – бұл иеленушіге акционерлік қоғам пайдасынан дивилент түрінде пайданың бір бөлігін алуға, оны басқаруға қатысуға және оны таратқаннан кейін қалған мүліктің бөлігін иемденуге құқық беретін қағаз. Ол мерзімсіз, яғни оны айналысқа шығарған акционерлік қоғам жойылғанша болады. Акциялар жай және пұрсатты деп бөлінеді.

Жай (қарапайым) акция пұрсатты акциядан келесі белгілері бойынша ажыратылады:

- акционерлер жиналысында дауыс беруге құқық береді;

- дивидент көлемі акционерлік қоғамның пайдасына байланысты болады (белгілі % көлемінде);

- олар бойынша дивидент тек пұрсатты акцияларға дивидент төленгеннен кейін жүргізіледі.

Пұрсатты акция иеленушіге дауыс бермейді, олар бойынша дивидент көлемі алдын ала белгіленеді.

Келесі құнды қағаз түрі облигация. Облигация – иеленуші мен эмитент арасындағы қарыз қатынасын көрсететін құнды қағаз. Облигацияларды мемлекет, акционерлік қоғам, жеке кәсіпорындар шығара алады. Оның акциядан ең басты ерекшелігі – ол эмитенттің қарыз міндеттемесін көрсетеді. Оны төлеу міндеті эмитент мүлкімен қамтылған. облигация белгілі бір мерзімге (1 жылға дейін), орта және ұзақ мерзімді болады.

Облигациялардың бірнеше түрі бар. Көп жағдайда облигацияларға тұрақты процент түрінде табыс төленеді, оны купон деп атайды. Купондық емес облигацияны дисконттық облигация деп аталады.

Вексель – бұл оны иеленушіге көрсетілген соманы вексель берушіден төлеуін талап етуге құқық беретін құнды қағаз міндеттемесі ең алдымен, вексель несие құрамы, оны сонымен бірге есеп айырысу құралы ретінде пайдалануға болады. Коммерциялық вексель дегеніміз - өнім сатып алушы сатушымен есеп айырысу үшін ақша қаражаты жоқ болса, онда сатып алушы белгілі мерзім ішінде көрсетілген соманы төлейтіні туралы міндеттеме вексель жазып береді. Яғни сатып алушыны несиелеу деген сөз, соған байланысты вексель сомасында несие үшін процентте қосылады. Вексельдің қарапайым түрі – вексель берушінің вексель ұстаушыға көрсетілген соманы белгіленген мерзімде міндетті түрде төлеуі туралы құжат.

Ауыспалы вексель (тратта) – вексель берушінің көрсетілген соманы белгілі мерзім мен орында төлеушіге вексель ұстаушыға төлеуі туралы берген ұсынысы.

Банк сертификаты – бұл банкке ақша салғанын және инвесторға қағаздың номиналды құнымен проценталуына мүмкіндік беретін құнды қағаз. Жинақ және депозиттік сертификат заңды тұлғаларға жинақ сертификаты жеке тұлғаларға арналған.

Қазақстанда құнды қағаз нарығының алғашқы элементтері 1991 жылы калыптасты. Сол жылы Қазақстан Республикасында құнды қағаздармен жасалатын операцияларға реттейтін заң қабылданды. Құнды қағаздар нарығының инфрақұрылымын дамытуға әсер ететін «Құнды қағаздар туралы», «Қазақстан Республикасында зейнет ақымен қамтамасыз ету туралы», «Инвестициялық қорлар туралы» заңдар қабылданды.

 

Негізгі түсініктер мен терминдер

Ақша массасы

Вексель

Инвестициялық банк

Ипотекалық банк

Коммерциялық банк

Құнды қағаз

Мультипликатор

Несие

Несиелік жүйе

Облигация

Эмиссия

Эмиссиялық банк

 

Бақылау сұрақтары

1. Ақшаның түсінігі мен қызметтері.

2. Ақша жүйесі.

3. Несие түсінігі.

4. Несие жүйесі.

5. Қазақстан республикасының банктік жүйесі.

6. Қазақстанның ақша несие саясаты.

7. Айналымдағы ақша санын есептеу.

8. Ақша айналымының жылдамдығы.

9. «Арзан ақша саясаты».

10. «Қымбат ақша саясаты».

 

16 тақырып. Мемлекеттің қаржы жүйесі.

1. Қаржы жүйесінің мәні.

3. Салық жүйесі.

4. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты.

Қаржы – бұл ақша қаражаттарын бөлу және пайдалануға байланысты қатынастардың жүйесі. Ол экономиканың дамуы мен ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етуге бағытталған.

Мемлекеттің қаржысы ақша қаражатынан тұрады. Ол қаражат тұрғындарды әлеуметтік қамтамасыз етуге, заңдылық пен қоғамдық шаруашылықты басқаруға жұмсалады.

Мемлекеттік қаржы құрамына:

- мемлекеттік бюджет,

- банктік және мемлекеттік несие,

- экономиканы тұрақтандыру қоры,

- зейнеткерлік, тұрғындарды жұмыспен қамту қоры,

- әлеуметтік және медициналық сақтандыру қоры,

- валюталық қор,

- мемлекеттік қоғамдық ұйымдардың қаржысы,

- мемлекеттік салалық министрлік пен ведомстваның қорлары енеді.

Шаруашылық жүйесіндегі қаржыны (мемлекттік және мемлекеттік емес) – заңды тұлғалардың арасындағы (компания, концерн, холдинг, акционерлік қоғам, ассоциация, трест, бірлестіктердің), заңды тұлғалар мен мемлекет, заңды тұлғалар мен физикалық тұлғалардың арасындағы ақшалай қаржы қатынастары.

Кәсіпорынның қаржысын (мемлекеттік және мемлекеттік емес) – меншіктегі және қарыз қаржылар, ғылым мен техника қорының ақшалай қаражаты, әлеуметтік-мәдени даму мен материалдық ынталандыру қоры, амортизациялық қор, резервті және сақтандыру қоры енеді.

Тұрғындардың қаржысы – шаруашылық, еңбек қызметтерінің (жалақы, акция дивиденті, банк салымының пайызы, жер рентасы, т.б.) негізінде, банкте сақталған қаржылардың, зейнеткерлік қордағы ақшалай қаражаты құрайды.

Мемлекеттік қаржылар барлық қаржы жүйесінің басты бөлігін құрады, ал мемлекет қаржыларының жетекші буыны мемлекеттің бюджеті болып табылады.

Сонымен, қаржы – қоғамдағы ақша құралдарының қорларын қалыптастыру мен пайдаланудағы жалпы экономикалық қатынастардың жиынтығы. Мұндай қатынастар негізгі субъектілер арасында қалыптасады:

- мемлекет және оның институттары,

- компаниялар, кәсіпорындар,

- үй шаруашылығы.

Қаржы шаруашылығы экономика мен қоғамдағы мемлекет рөлінің басым екендігін көрсетеді, яғни қоғамдық құқықтық институттардыңқаржы ағыстарын қамтиды.

Каржы негізінде төрт қызмет атқарады:

1. Бөлу – мемлекет ұлттық табыстың едәуір бөлігін қоғамдық шаруашылыққа, әлеуметтік мәдени шараларға, мемлекетті басқаруға, қорғанысты дамытуға бағыттайды.

2. Реттеу – мемлекет экономиканы реттеуді салық салу, несие саясаты, әртүрлі экономикалық жеңілдіктер мен дотация беру кезінде жүзеге асырады.

3. Ынталандыру – кәсіпорынның экономикалық дамуы әртүрлі қаржылық ынталандырумен жүзеге асады.

4. Бақылау – бөлінген қаражаттардың мақсатты пайдаланылуын жүйелі түрде тексеру арқылы жүзеге асады.

Мемлекеттік қаржылар жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орын алады. Мемлекеттік бюджет елдің әлеуметтік-экономикалық қажеттіктерін және мемлекеттік құрылысын қамтамасыз ететін күрделі механизм. Қазақстан республикасында бюджет екі деңгейлі: жалпы мемлекеттік және жергілікті бюджет. Мемлекеттік бюджет – мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары. Мемлекеттік бюджет жалпы қоғамдық қажеттерді өтеу мақсатымен мемлекеттік аппарат пен қорғаныс күштерін қаржыландыруға және әлеуметтік-экономикалық қызметтерді атқару үшін қаражат. Ол мемлекеттің шығыны мен табыстарының балансы. Бюджеттен мемлекеттік кірістер мен шығындарының құрылымын көруге болады. Бюджеттің шығындар бөлімі жұмсалатын қаржының бағыттары мен мақсатырымен көрсетеді. Бюджет шығындары келесі баптардан тұрады: әлеуметтік жәрдемдер; білім, деңсаулық сақтау, мемлекеттік басқару, қорғаныс шығындары; қарулану мен сыртқы экономикалық қызмет шығындары, халық шаруашылығы, мемлекеттік қарыз төлемі, құқық қорғау органын басқару мен оған басқа да қажетті шығындары.

Мемлекеттік бюджеттің төлемдері:

- ассигнованиялар - кәсіпорындар мен мекемелерге міндеттерін атқаруға берілген ақша қаражаттары,

- субсидиялар – мемлекеттің ақшалай көмегінің бір түрі,

- сувенция – мемлекеттің белгілі бір мақсаттың орындалуына бағытталған ақша қаражаты,

- дотоция – зиянды шығындарды жабуға арналған төлемдер.

Экономист Пигу мемлекеттік шығындарды екі топқа бөлген:

- Трансформациялық шығындар – тауар мен қызметтерге, яғни мемлекеттің қаржы шығыны басқа игіліктерге айналады. Оларға мемлекеттік инвестициялар, бюджеттік жалақы, мемлекеттің тауар мен қызметтерді сатып алуы жатады.

- Трансферттік шығындар – қайтарылмайтын, яғни тікелей мақсатқа жұмсалатын субсидиялар, үй шаруашылығына көмек ақшалар, әлеуметтік қорғау шығындары.

Бюджеттің кіріс бөлімі жинайтын салықтардан, мемлекеттік қарыздардан, салықтық емес түсімдер (мемлекеттік меншіктен табыстар), бюджет тыс қорларға түсімдерден құралады. Бюджет тыс қорлар нақтылы әлеуметтік-экономикалық қажеттектерді қанағаттандыру үшін жасалады. Оларға медициналық, әлеуметтік қамсыздандыру, жол құрылысы, қоршаған ортаны сақтау сияқты шығындар жатады.

Бюджеттің кірістері мен шығындары тепе-тең болғаны жөн, дегенмен көп жағдайда шығындар көлемі бюджетке түсетін кірістерден асып кетеді. Осы жағдайда бюджеттік тапшылық пайда болады. Бюджеттік тапшылықтың себептері көп:

- қоғамдық өндірістің құлдырауы;

- ақша эмиссиясы;

- мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік қызметтерінің өсуі;

- тиімсіз әлеуметтік бағдарламаларды қабылдау;

- әскери шығындарының өсуі;

- шаруашылық конъюнктурасын өзгеруі;

- көленкелі экономиканың дамуы.

Бюджеттік тапшылықты жабу үшін табыс бөлігін толтыру немесе шығын бөлігін қысқартқан жөн. Бюджет тапшылығын қысқарту үшін мемлекет мынадай шаралар қолданады:

- мемлекеттік несие;

- салық салу жүйесін қатайтады;

- мемлекетті басқару шығындарын қысқартады.

Бюджеттің табыс пен шығын айырмашылығын жабу үшін мемлекет қиылыстырылған вариантына көшеді. Яғни мемлекет Ұлттық банк несие қорының, тұрғындардың Халықтық банктегі салымының, сақтандыру қоғамдары қорының белгіленген бөлігін алып отырады. Осы сомалар мемлекеттің ішкі қарызын құрайды.

Бюджет тапшылығы мен мемлекеттік қарыз тығыз байланысты. Мемлекеттік қарыз – белгілі уақыт мерзімінде өткен жылдардағы жиналған бюджет тапшылығының сомасы. Мемлекеттік қарыздар қысқамерзімдік, ортамерзімдік, ұзақмерзімдік болып бөлінеді.

Мемлекеттік сыртқы қарыз – бұл шетел мемлекеттеріне, мекемелеріне, азаматтарына төленетін қарыз. Қарыздың бұл түрі ел үшін ең ауыр, себебі оны төлуе үшін мемлекет құнды қағаздарды беруге немесе белгілі қызмет көрсетуге мәжбүр болады.

Мемлекеттік ішкі қарыз –бұл осы мемлекеттің халқына төленетін қарыз, табыстардың алдымен елдің ішінде қайта бөлінуін талап етеді.

Нарықты экономиканы реттеудің ең тиімді нысаны салықтар болып табылады. Салық – заңмен белгіленген тәртіп пен шарттарға сәйкес жеке және заңды тұлғалардың бюджетке төлейтін міндетті төлемдері. Салық салу табысты реттеу мен мемлекеттің қаржыларын толықтыру тәсілі. Мемлекетте түсетін салықтардың және басқа да төлемдердің жиынтығы және олардың құрылуының формалары мен әдістерінің жиынтығы салық жүйесідеп аталады.

Салық жүйесінің элементтері:

1. Салық субъектісі – заң бойынша салық төлеу міндетті адам. Бірақ, салықтың ауыртпашылығы бағалар механизмі арқылы басқа тұлғаға жіктелуі мүмкін, сондықтан арнайы салық төлеу қызметін атқарушы тұлға белгіленеді.

2. Салық объектісі – салықтың есебі неге жүргізіледі (жалақы, пайда, құнды қағаздар, жылжымайтын мүлік).

3. Салықтың көзі – салық неден төленеді.

4. Салық ставкасы – салық салыну бірлігіне келетін салықтың көлемі.

5. Салық жеңілдіктері.

Салық қызметтері:

- Фискальды (тіркелген) немесе жұмылдыру қызметі. Салық түсімі арқылы алынатын қаражаттар мемлекеттің саяси-шаруашылық қызметін атқарудың қаржы негізі болып табылады.

- Бөлу қызметі. Салық механизм арқылы мемлекеттік бюджетке жалпы ұлттық өнімнің көп бөлігі жұмылдыруда болады. Салық арқылы мемлекет әскери, әлеуметтік бағдармаларды қаржыландырады. Салық мемлекетке қаржыны әртүрлі топтардың арасында территория, облыс, аудандар бойынша барынша біркелкі бөлуге мүмкіндік береді.

- Реттеуші қызметі, мемлекет салықтың көмегімен тұтыну және қорлану арасындағы пропорцияны реттейді. Салықтар дағдарыстық құбылыстарды жоюға, нарық конъюнктурасына әсер етуге, экономиканы тұрақтандыруға пайдаланады.

- Ынталандыру қызметі, мемлекет өндіріс пен техникалық прогресті дамыту үшін әртүрлі ынталандыру шараларын жүзеге асырады.

- Бақылап-есептеу қызметі, мұнда кәсіпорын мен тұрғындар топтарының, қаржы қоры көлемінің табысын есептеуді жүзеге асырады.

Салық жүйесінің принциптері:

1. Салық барлық игіліктерге пропорциональды түрде қоғам мүддесіне сай болуы.

2. Салық табыс мөлшері мен әл - ауқаттылық деңгейіне тәуелді болуы.

3. Жеке тұлға төлейтін салық міндетті түрде айқын болуы керек. Салық төлеу мерзімі, төлем тәсілі, сомасы - барлығы анық, ашық болуы.

4. Белгілі бір мерзімде салықтың түрлері мен мөлшермесі тұрақты болуы.

5. Табысты жасырғаны үшін салық төлеуші әкімшілік және қаржылық жауапкершілік міндеттемесін білуі қажет.

Салық салу жүйесінде формасы және өндіріп алу көздеріне байланысты салықтық бірнеше түрлері бар.

Салық сипаты тұрғысынан:

- Тікелей салықтар. Олар мемлекет тарапынан тікелей кәсіпорындар тұрғындар табысынан алынады. Тікелей салықтар төлем қабілеттілігіне тікелей пропорционалды болады. Осы салықтың түрлеріне – пайдадан, табыстан, жылжымайтын мүліктен, құнды қағаздар операциясынан, жалақыдан т.б. алынған салықтар жатады.

- Жанама салықтар – мемлекет тікелей емес, баға арқылы айналдыра отырып алады. Бұл белгілі тауарлар мен қызметтерге салынатын салықтар. Жанама салықтар бағаға үстеме жасалып алынады. Оған – акциздер, кеден баж салығы, қосымша құнға салынған салық жатады.

Бюджет деңгейіне байланысты салықтар бөлінеді:

- Жалпы мемлекеттік салықтар. Олар мемлееттік бюджетті реттеудің қайнар көзі саналады. Жалпы - мемлекеттік салыққа жататындар: заңды және жеке тұлғалардың айлығынан (табысынан) салық; қосымша құн салығы; акциздер; құнды қағаздар операциясынан салық; арнайы төлемдер мен жер байлығын пайдаланғандар салығы.

- Жергілікті салықтар жергілікті бюджет табысының негізгі көзі болып табылады. Жергілікті салық пен алымға жататындар: заңды және жеке тұлғалар мүлкінің салығы; көлік, құрал-жабдық салығы; кәсіпкерлікпен айналысатын заңды және жеке тұлғаларды тіркеудегі алым; қызметтің кейбір түрімен айналысуға құқылы адамдардан алым; аукцион сатылымынан алым.

Салық өсімі (салық салу бірлігіне деген мөлшер, %) арқылы салықтар бөлінеді:

- Тұрақты салықтабыстар көлемінің мөлшеріне байланысты емес, салым бірлігіне абсолюттік сомада белгіленеді.

- Регрессивтік салық, яғни табыс өскен сайын салық мөлшерлемесі төмендейді. Регрессивтік салық үлкен табыстары барларға пайдалы.

- Пропорциональды салық. Табыс өзгерсе де салық өсімінің мөлшері тұрақты болып қалады (қосымша құн салығы - 16%).

- Прогрессивтік салық. Мұның мағынасы – табыстың өсуіне қарай салық өсімінің мөлшері өседі. Мысалы, Қазақстандағы жеке тұлғалардан алынатын жеке табыс салығы. Прогрессивтік салық үлкен табыстары барларға тиімсіз.

Табысқа салынатын жоғары салық кәсіпкердің белсенділігінің төмендеуіне, басқа да жағымсыз факторларға әкеледі. Осы проблемаларды американ экономисі Артур Лаффер 80-шы жылдардың басында зерттеп келесі қорытындыға келді: табыс салығы өсімінің жоғары болуы қай бір елде болмасын оның өндірісінің тоқырауына, инфляция деңгейінің тереңдеуіне және халық байлығының төмендеуіне әкеледі. А.Лаффер салықтардың бюджетке түсуі және оның мөлшері арасындағы тәелділікті зерттеген. Графиктегі мұндай көріністі «Лаффер қисығы» деп атайды.

Лаффер қисығы салық мөлшерімен келіп түсетін салық көлемінің арасындағы байланысты көрсететін қисығы. Корпорациялардың табыстарына салық мөлшерінің тым көп өсуі олардың капиталдық салымдар жасауға ынтасын жоққа шығарады, экономикалық өсуді төмендетеді. Соның нәтижесінде мемлекет бюджетінің түсімі азаяды. Осы қисық көмегімен келіп түсетін салық көлемдерінің сомасының ең жоғары деңгейде болатын салықтың мөлшерің анықтауға болады. Артур Лаффер ойы бойынша, табыс салығы 50% асқанда фирмалар мен адамдардың іскерлік белсенділікгі төмендейді.

16 график. Лаффер қисығы.
5rik.ru - Материалы для учебы и научной работы