БРОНХТАР 11 страница

216. Шонданай нерві, оның тармақтары және нервтендіру аймақтары.

 

Шонданай нерві – n.ischiadicus. бел-сегізгөз өрімі ғана емес денедегі барлық нервтердің ішіндегі ең ірі нерв. Ол сегізгөз өрімінің алдыңғы тармақтарының жалғасы.

Бұл нерв бір жағынан m. Gluteus maximus екінші жағынан m.abturotorius internus et m. Quadrates femoris арасында, ортан жіліктің үлкен ұршығы мен шонданай төмпесі арасымен өткізілген сызықтың ортасында жатады.

Тақым шұңқырының жоғарғы бұрышында екі тармаққа: асықты жілік нервке n. Tibialis, және жалпы кіші жіліншік нервке n.peroneus comminis,бөлінеді.

Шонданай нервтің барлық аталған тармақтары жалпы дәнекер тінді қынапта жатады.

 

Тармақтары:

  1. Бұлшықеттік тармақтар келесі бұлшықеттерге тармақталады : m. Abturatorius internus, mm. Gemelli sup et inf, m. quadratus.
  2. Буындық тармақ.
  3. Бұлшықеттік тармақ - сан аймақтың асықты жілік бөлігінен бағытталады.
  4. Буындық тармақ – асықты жілік және кіші жіліншік бөліктерінен тармақталады.
  5. Жалпы кіші жіліншік нерві оз кезегінде бірнеше тармақтарға бөлінеді.
  6. Асықты жілік нервтері немесе улкен жілік n.tibialis. өз кезегінде бірнеше тармақтар береді.

 

 

217. Үлкен жіліншіктік нерв, қалыптасуы, тармақтары, нервтендіру аймақтары.

 

Үлкен жіліктік немесе асықты жілік n.tibialis. – бағыты бойынша шонданай нервтің тіккелей жалғасы болып, жалпы кіші жіліншіктен әдеуір ірі келеді.

Ол тақым шұңқырының проксимальді ұшында басталып, оның дистальді бұрышында жүріп, шандыр астында, шандыр мен тақым тармақтарының vasa poplitiea, арасында орналасады.Шұңқырда нервтен алға және кішкене медиалды тақым венасы, тереңдеу тақым артериясы жатады.Кейін нерв балтыр бұлшықетінің бастары арасымен жүріп, тақым бұлшықетінің артқы бетінде жатады.

 

Тармақтары:

 

1. Тақым шұңқырында Балтырдың медиалді терілік нерві n.cutaneus surae medialis ті береді – асықты жілік нервтің артқы бетінен тақым шұңқыры аймағында тармақталып saphena parva мен бірге шандыр астымен балтыр бұлшықеті арасында жүріп сирақтың медиалды бетінің терісін нервтендіреді.

 

Нерв retinaculum mm. flexorum астында өзінің ең соңғы тармағына :

Табанның медиалды және латералді нерв n.plantaris medialis et lateralis ке бөлінеді:

 

N. plantaris medialis - табанның медиалды нерві аттас артериямен бірге m. Flexor digitorum brevis – тің медиалды жиегімен sulgus plantaris medialis- те өтедіде, осы бұлшықетті және M.addugtor hallicus brevis- тің латералды басынан басқа медиалды топ бұлшықеттерін нервтендіреді. Содан кейін нерв ақыр аяғында n. Digitalis plantaris proprii – ге бөлінеді.Олардың біреуі бас бармақтың медиалды жиегіне қарай барады.Ал қалғаны үлкен бақайдың латералды жағынан бастап 4- саусақтын медиалды жиегімен, саусақтардың бір- біріне қараған жақтарының терісін нервтендіреді.

N. plantaris lateralis - аттас артерия жолымен sulgus plantaris lateralis-ке келеді. Бұлшықеттік тармақтар арқылы табанның латералды тобының барлық үш бұлшықетін және m.quadratus plantae – ні нервтендіріп, терең және беткей тармақтарға бөлінеді:

Беткей тармағы – табан терісіне тармақтар беріп, nn.digitalis plantares proprii – ге бөлінеді.Олар 5- бақайдың екі жағына және 4- башпайдың 5-ке қараған жағына барады.

Терең тармағы- табанның артериялық доғасымен бірге жүріп, 3-ші және 4- ші mm.lumbricales пен барлық m. Interossei ді сондай- ақ m. adductor halligus және

m. flexor halligus- тің латералды басын нервтендіреді.

 

218. Жалпы кіші жіліншіктік нерві, тармақтары, нервтендіру аймақтары.

Жалпы кіші жіліншік нерві N.peroneus comminis немесе fibularis – улкен жіліншіктен кіші латералды бағытта келіп,сол жерде M.peroneus longus- тың басын тесіп өтіп, беткей және терең тармақтарға бөлінеді:

 

Тармақтары:

 

  1. Бұл нерв өз жолында сирақтың латералды жағының терісін нервтендіретін n.cuteneus surae lateralis-ті береді.Сирақтың ортасынан төмендеу жерде n.Cuteneus surae lateralis- пен n.cuteneus medialis екеуі қосылып n. Suralis- ті түзеді. Ол латералды толарсақты артқы жағынан айналып өтіп, өкше терісіне тармақтар r.calcanei lateralis беріп,содан кейін n. Cutaneus dorsalis lateralis деген атпен аяқ ұшы үстінің латералды жиегімен жүріп, оның терісі мен кішкене бақайдың бүйір жағын нервтендіреді.
  2. Кіші жіліншіктің беткей тармағы – кіші жілік бұлшықеттері арасымен canalis muscularis peroneus superior-ға түсіп, оларға бұлшықеттік тармақтар береді.

Ол сирақтың ортаңғы және төменгі шекарасында, тек тері нервісі ретінде шандырды тесіп өтіп,аяқ ұшы ортасына келіп, екі тармаққа бөлінеді :

a) n. cutaneus dorsalis medialis – үлкен бақайдың медиалды жағы мен 2-3 башпайлардың бір – біріне қараған жиектерін n.digitales dorsales.

b) N. cutaneus dorsalis intermedius – 2-5 бақайлардың сыртқы бетінің бір – біріне қараған жақтарын нервтендіретін n.digitalis – ке бөлінеді.

 

  1. Кіші жіліншіктің терең тармағы – асықты жілік артериясымен қосарлана жүре аяқ ұшы сыртына шығып, қысқа бақай жазғыштарын нервтендіреді. Содан кейін екі nn.digitalis dorsales- ке бөлініп,1-2 бақайлардың бір – біріне қараған беттерінің терісін нервтендіреді.

 

219. Вегетативтік рефлекторлық доға.

 

Нерв жүйесі қызметінің негізін рефлекс доға құрайды. Бұл доға күрделеніп, оның әрбір бөлігіндегі бір нейронның орнына афферентті және эфферентті өткізгіш жолдар түзетін нейрондар тізбектері пайда болады.Демек нерв жүйесінде өткізгіш жолдар деп – оның түрлі бөлімдерін байланыстыратын және құрылысы мен қызметінің ортақтығымен сипатталатын будалар жүйелеріне біріккен, бірінің жанына бірі тығыз орналасқан нерв талшықтарын айтады. Вегетативті рефлекторлық доға құрылысы – нерв жүйесінің соматикалық бөлігінің рефлекторлық доғысынан айырмашылығы бар. Негізгі ерекшелігі: Нерв жүйесінің вегетативтік бөлігінің рефлекторлық доғасында эфференті звено біреу емес, екі нейроннан тұрады. Жалпы қарапайым доға 3нейронмен көрсетілген.

Рефлекторлық доға 1- ші звеносы Сезімтал нейрон, оның денесі жұлын түйіндерінде немесе ми нервтерінің сезімтал түйіндерінде орналасады.Бұл нейронның перифериялық өсіндісіндегі сезімтал талшықтар рецептор ағзалар мен тіндерден басталады.

2- ші звеносы эфферентті, себебі импульсті жұлын немесе мидан жұмыс ағзасына апарады.Осы звеносы екі нейронмен көрсетілген: 1- шісі яғни қарапайым вегетативтік рефлекторлық доғадағы саны бойында екінші нейрон орталық нерв жүйесінің вегетативтік ядроларында орналасады.1-шісі сезімтал нейрон, ал 2- шісі аралық деп атауға болады.Эфекторлық нейрон осы доғаның 3-ші нейрнын көрсетеді.Эффекторлы нейрондар денелері вегетативтік нерв жүйесінің перифериялық түйіндерінде ми нервтерінің вегетативтік түйіндерінде, вегетативтік өрімдер түйіндерінде жатады.Осы нейрондар өсінділері ағзалық вегетативтік немесе аралас нервтер мен тіндерге бағытталады және нерв талшықтары сайкес соңғы нерв аппаратымен біріңғай салалы мускультарда,бездерде және тіндер аяқталады.

220. ВНЖ, оның жіктелуі және бөлімдеріне жалпы сипаттама.

ВНЖ –қызметі біздің санамызға бағынбайды.Ол жұлынға, мишыққа, гипоталамуста, соңғы мидың жоғарғы бөлімі- ми қыртысына тәуелді.

 

Жіктелуі:

ВНЖ – орталық және перефиялық бөлімдерге бөлінеді:

Орталық бөліміне:

1.ми бағансында орналасатын 3,7,9,10 жұп ми нервтерінің парасимпатикалық ядролары.

2. Жұлынның 8- мойын, барлық кеуде және екі жоғарғы бел сигменттерінің бүйір аралық бағанасында орналасатын вегетативтік ядро.

3. Жұлынның үш сегізгөз сегменттерінің сұр затында орналасатын сегізкөз парасимпатикалық ядролары.

 

Перифериялық бөліміне:

  1. Жұлын мен мидан шығатын вегетативтік нервтер, тармақтар, талшықтар.
  2. Вегетативтік өрімдер, түйіндері.
  3. Симпатикалық сабау және оның түйіндері, дәнекер тармақтары.
  4. Вегетативтік нерв жүйесінің парасимпатикалық бөлігі- соңғы түйіндері.

 

 

Қызмет ерекшеліктеріне байланысты: симпатикалық және парасимпатикалық болып бөлінеді.

 

Симпатикалық бөлігінің негізгі қызметі трофикалық болып табылады.Ол тотығу үрдістерін, қоректік заттардың жұмслуын, тыныс алуды,жүрек қызметін, бұлшықеттерге оттегінің келуін күшейтеді.

Симпатикалық бөлігіне:

1. Жұлынның 8- мойын, 2- бел сигменттерінің бүйіраралық бағанасындағы вегетативтік ядро.

2. Оң және сол симпатикалық сабау .

3. Дәнекер тармақтар.

4. Омыртқа бағананы алдында және ірі тамырлардың маңында орналасатын вегетативтік өрімдер түйіндері.

5. Осы өрімдермен ағзаларға бағытталатын нервтер.

6. Тамыр маңындағы және ағзалық өрімдер.

7. Сомалық нервтердің құрамында ағзалар мен тіндерге баратын симпатикалық талшықтар жатады.

 

Парасимпатикалық бөлігінің қызметі қорғаныштық: жарық күшейгенде көз қарашығын тарылтады, жүрек қызметін тежейді, қуысты ағзларды босатып тазартады. Парасимпатикалық н.ж. орталық және перефиялық болып бөлінеді.

 

Парасимпатикалық бөлігінің орталық бөлігіне: ми мен жұлынның әр түрлі бөлімінде жататын жасушалар жиынтығы жатады.Бұл бөлік бассүйектік бөлікке, милық бөлікке және сегізкөз бөлігіне бөлінеді.

 

Парасимпатикалық бөлігінің перефиялық бөлігіне :

Перефиялық түйіндерге ми нервтері мен сегізкөз нервтері құрамында болатын талшықтардан және сыртқы түйіндері кіреді. Бұл бөлік 3,7,9, және 10 ми нервтері және 2,3,4,5 сегізкөз нервтерінің сабаулары ішінде өтеді.

 

221-222.Вегетативтік нерв жүйесінің парасимпатикалық бөлімі,краниалды және сокралд бөлімдеріне сипаттама.

ПНЖ-інде симпатикалық нерв жүйесі сиақты орталық,милық бөлігін және перифириялық бөлігін ажыратады.

Оратлық бөлік ми мен жұлынның әртүрлі бөлімінде жататын жасушалар жиынтығын көрсетеді.Орталық бөлік бассүйектің бөлікке pars cranialis және сегіз көз бөлігіне,pars sacralis бөлінеді.

Перифериялық бөлігі:а.перифериялық түйіндерге ми нервтері мен сегіз көз нервтері құрамында баратын талшықтардан және Б.ағзаларға маңында орналасатын қабырға-сыртқы түйіндер,ganglia extramuralia, немесе ағзалар қабырғасына енетін қабырғаішкі түйіндер ,ganglia intramuralia , кіретін перифериялық түйіндерден тұрады.

Перифериялық бөлік ІІІ, ҮІІ,ІХ және Х жұп ми нервтері және І,ІІ,ІІІ,ІҮ,Ү сегізкөз сабаулары ішінде өтеді.

Перифериялық экстармуралды түйіндерге: кірпікті түйін ,ganglion ciliare, қанат –таңдай түйін ,ganglion pterygopalatinum ,құлақ түйін ,ganglion oticum, төменгі жақсүйек асты түйін бронхтық және жүректік ағзасыртқы өрімі түйіндері,құрсақ өрімі түйіндері және құрсақ қуысы ағзаларының онымен байланыстағы өрімдерінің түйіндері (бүйрек,бүйрекүсті безі,бауыр,ұйқыбез,асқазан,шажырқай,аналық без,аталық безғқолқа ,көкбауыр) ,құрсақасты өрімі(жамбас түйіндері ,ganglia pelvic ) түйіндері және кіші жамбас астауы ағзаларының онымен байланыстағы түйіндері кіреді.

Перифериялық интрамуралды түйіндерге ішкі ағзалардың қабырғасында жататын көптеген нерв жасушаларының жиынтығын кіргізеді.

Парасимпатикалық нерв жүйесінің бассүйек және сегізкөз бөліктері орталығында жататын жасушалар талшықтарын түйіналды,преганглионарлық ,перифериялық экстра және интрамуралды түйіндерде жататын жасушалар талшықтары түйінарты,постганглионарлық талшықтар д.а.

Парасимпатикалық НЖ Бассүйек бөлігі.

ПНЖ бассүйек бөлігі ортаңғы ми бөлігіне ,pars mesencephalica ,оның орталығы мидың суқұбыры түбінде ,төрт төбешіктің алдыңғы төмпешіктері деңгейінде жатады және ромбтәрізді (бульбарлы ) бөлікке ,pars rhombencephalica , оның орталығы сопақша ми аймағында ораласады.

Парасимпатикалық және сегізкөз бөлігі.

Парасимпатикалық нерв жүйесінің сегізкөз бөлігінің орталығы жұлынңың сұр затында ,ми конусы аймағында , жұп оң және сол парасимпатикалық сегізкөз ядролары ,nucleus parasympathicus sacralis , түрінде І,ІІ-ІҮ,Ү сегізкөз сегменттерінде орналасады.

Осы жасушалардың өсінділері –преганглионарлық талшықтар жұлынның алдыңғы түбіршіктері арқылы өтіп, І,ІІ-ІҮ,Ү сегізкөз нервтерінің алдыңғы тармақтарының құрамында жүреді.Олармен бірге алдыңғы сегізкөз тесіктері арқылы шығып, сегізкөз нервтерінен бөлініп , ағзалық сегізкөз нервтері ,nn.splanchnici sacralis ,атауын алады, бөлігімен құрсақасты өрімнің , жамбас астауы ағзалары, ішек өрімдерінің (сигматәрізді жиек ішектен жоғары) экстрамуралды түйіндерге , бір бөлігімен осы ағзалардың интрамуралды түйіндеріне барады.

Осы түйіндерде преганглионарлық талшықтар перифериялық нейрондарға алмасып, постганглинарлық талшықтар түйінінде несепқуыққа , несеп жібергіш өзекке, ішектерге , ішкі және сыртқы жыныс ағзаларына жатады.Еркек жыныс мүшесінің үңгірлі денесінің тамыр кеңейткіш талшықтары қоздыратын нервтер,nn.erigentes атауын алады.

223. В.Н.Ж.Симпатикалық бөлімі. ОРталық, перифериялық органдары

Вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімі орталық және перифериялық бөлімнен тұрады. Орталық бөлігі С8-L2-3 –де 15-16 сегмент бойы сұр затттың бүйір бөлігінде орналасқан жұлынның тораколюмбалды бөлігінің латеральді аралық ядролары болып табылады. Бұл ядролардың ұсақ мультиполярлы нейрондарынан барлық преганглионды талшықтар басталады. Олар жұлыннан жұлын нервтерінің алдыңғы түбіршектері арқылы шығады.

Перифериялық бөлімі құрамына кіреді:

1. С8-L2-3 жұлын сегменттерінің жұлын нервтерінің алдыңғы түбіршіктері арқылы шығатын преганглионды симпатикалық талшықтар;

2. Паравертебралды түйіндерден және олардың байланыстарынан (симпатикалық бұтақ және нервтер)тұратын симпатикалық сабау;

3. Құрсақтық аорталы өрім, жоғарғы және төменгі мықындық өрім – олар, превертабралды түйіндер және олардың байланыстары, тамырлар бойымен орналасқан ұсақ түйіндер.

4. Паравертебралды түйіндерден соматикалық нерв құрамымен органдар мен ұлпаларға баратын симпатикалық талшықтар;

5. Симпатикалық органдық және тамырмаңылық өрімдер;

6. Симпаткалық нерв ұштары.

 

226. құрсақ және жамбас бөлімдерінің симпатикалық өрімдері

Құрсақтық өрім

Құрсақтық өрім,plexus coeliacus,құрамында превертебоһралды құрсақтық түйін, gangl. Coeliacum, немесе жартылай ай тәрізді түйіндер, gangl. Semiulnaria, бар вегетативті өрімдер ең ірі өрімі.

Құрсақтық өрімге келесі тармақтарын береді:

1) Үлкен ағзалық нерв,n.splanchnicus major,

2) Кіші аағзалық нерв, n.splanchnicus minor

3) Кезбе нерв, n.vagus, құрсақтық тармақтарын, r. Coeliaca

4) Симпатикалықсабаудың (оң және сол) бел түйіндері, , gangl. Lumbalia trunci sympatici

5) Кеуде қолқа өрімі, plexus aorticus thoracicus

6) Көкет нерві, n. phrenicus, тек соңы құрсақтық өрімнің парасимпатиалық бөлігінің қалыптасуына оң және сол көкет нервтер қатысады. Құрсақьық өрімінің құрамына кезбе нервтің жалпы артқы сабауының көп бөлігі кіреді. Құрсақтық өрімнен екінші реттік өрімдер түзетін ұзындығы мен қалғдығы әртүрлі нерв тармақтары таралады. Осы тармақтар жолында және түзетін екінші реттік өрімдер тармақтары ішінде ганглионарлық жасушалар бар.

Екінші реттік өрімдер жұп және тақ болып бөлінеді.

Жұп өрімдер :

1) Көкеттік өрім (төменгі), plexus phrenicus (inferioir), a. Phrenica inferioir , жолында жатады. Оның тармақтары: құрсақ қуысын тесіп өтетін көкеттік , нрвтің құрсақтық тармақтарымен байланысады, оосы жерде оң жағынан көкеттік түйін , , gangl. Phrenicum, орналасады. Көкеттік өрім тармақтары буйрекусті безе, төм. Кус веенаға жүріп, бауырлық және асқазандық өрімдері құрамана кіреді.

2) Буйрек үсті өрімі, plexus suprarenalis, осы өрімнің тармақтары құрасақтық өрімнің көршілес жатқан түйіндерімен жзүріп буйрек үсті артерия тармақтарымен жүріп қосарлана жүреді. Өрімге кейбір тармақтар бауырлық өрімнен және кіші ағзалық нервтен келеді.

3) Буйрек өрімі, plexus renalis, оның қалыптасуына құрсақтық өрімнің тармақтары мен бәрге іштік қолқа тармақтары, сонымен қатар кіші ағзалық нерв бөлігі және ең кіші ағзалық нерв қатысады

4) Атабез өрімі, plexus testicularis, іштік қолқаның және буйрек өрімі тармақтарымен түзіледі; ерлерде ол a. Testicularis - пен қосарлана жүріп, атабезге жетеді. Әйелде plexus ovaricus атауын алады.

Тақ өрімдер:

1) Бауыр өрімі, plexus hepaticus, құрсақтық өрімнен тамақталытын сабаушалармен түзіледі. Сонымен қатар, кезбе нервтердің жалпы алдыңғы сабаы және оң , сол төменгі көкет өрімдері қатысады.

2) Көкбауыр өрімі, plexus lienalis ; оның түзілуіне құрасақтық өрім және кезбе нервтердің жалпы артқы сабау тармақтары қатысады

3) Жоғарғы асқазан өрімі, plexus gastricus suoerior, оның түзілуіне құрасақтық өрім және кезбе нервтердің жалпы сабаулары , тармақтары қатысады.

4) Төменгі асқазан өрімі, plexus gastricus inferior, оның құрамына құрасқтық және жоғарғы шажырқай өрімдерінің нервтері кіреді, ол асқазан- он екі елі ішек артериясы мен оның тармақтарымен қосарлана жүреді

5) Ұйқы без өрімі, plexus pancreaticus, оның құрамында құрсақтық бауыр,жоғарғы шажырқай және көкбауыр өрімдерінің тармақтары және сол буйрек өрімінің тармақтары кіреді

6) Жоғарғы шажырқай өрімі , plexus mesentericus superior; оның қалыптасуына құрсақтық өрім тармақтары мен ішкі қолқасы өрімінің бөлігі қатысады. Оның негізгі массасы жоғарғы шажырқай артерия негізінде орналасады. Осы жерде 1-2 кішкене жоғарғы шажырқай түйіндері,gangl. mesenterica superior , жатады.

7) Төменгі шажырқай өрімі plexus mesentericus inferior, төменгі шажырқай артерия түбіндегі 1-2 кішкене төменгі шажырқай түйіндерімен ,gangl. Mesenterica inferior, бірге жатады. Өрім өзінің ірі ілмектерімен төм. шажырқай артерияны қоршап,оның тармақтарына өтеді және сигматәр. Жиек ішекке жиектік тармақтар, r. colici, түрінде жетеді. Жоғарғы тік ішек нервтері , түрінде төмен түсіп, жоғарғы тік ішек өрімінің түзілуіне қатысады, ортаңғы және төменгі тік ішек нервтерімен, n.rectalis medii et inferioris қосылысы бар

8) Іштік қолқа өрімдері, plexus aorticus abdominalis, ірі әртүрлі көлемді ілмекті құрылым түрінде жоғарғы және төменгі шажырқай артериялры арасындағы деңгейде, іштік қолқаның алдыңғы және латералды бетінде жатады. Жоғарыдан іштік қолқа өрімі құрсақтық өріммен латыралды жағынан қос буйрек өрімдерімен , төменнен оның жалғасы саналатын жоғарғы құрсақ асты өріммен байланысады

9) Жоғарғы құрсақ асты өрімі, plexus hypogastricus superior, жоғарыдан іштік қолқаның екі жалпы мықын артерияларға бөлінген жерімен латералды қос мықын артериямен, төменнен мүйістен 0,5 -1 см төмен жерімен шектелген кеңістікте жатады. Ол кішкене жалпайған, тығыз, жоғарыдан төмен керілген нерв табақшасы түрінде, онда әртүрлі пішінді және көлемді нерв сабаулары қалыңдығында сабау ішкі нерв жасушаларының көп мөлшері бар

Жоғарғы құрсақ асты өрімінен жалпы мықын артерия мен венаны қоршайтын өрімдерге сабаушалар кетеді:

А) мықын өрімі , plexus iliacus, оң және сол , жалпы мықын артерияны қоршайды

Б) сан өрімі, plexus femoralis, оң және сол сан артерияны қоршап оның тармақтарына жалғасады.

Жамбастық бөлігі

Симпатикалық сабаудың жамбас бөлігі, pars pelvina trunci sympathici, сегізкөз сүйектің жамбастық бетінде сегізкөз тесіктерінен медиалды жатады.

Симпатикалық сабаудың жамбас бөлігінде 3-4 сопақ пішінді түйіндер бар , олар төменге қарай кішірейіп, симпатикалық сабаудың сегізкөз түйіндерін , gangl. Sacralia trunci sympatici, және тақ құйымшақ түйініне , gangl. Coccygeum impar, жалғасады.

Сегізкөз сүйектің алдыңғы бетінде көлденең бағытта қос симпатикалық сабаудың арасында бірнеше қатар жіңішке сааушалар өтеді. Олар оң сабауды сол симпатикалық сабаумен байланыстырады.

Екі симпатикалық сабау орталық жазықтыққа жақындап, бірінші құйымшақ омыртқасының алдыңғы бетңнде сегізкөз ілмегінде бірігеді, ілмектің ортасында құйымшақ түйіні жатады.

Симпатикалық сабаудың сегізкөз және құйымшақ түйіндерінен дәнекер және ағзалық тармақтар таралады.

Симпатикалық сабаудың жамбас бөлігі тармақтары:

1) Дәнекер тармақтар, rami communicantes, әрбір түйіннің латералды бетінен тармақталып, сегізкөз және құйымшақ нервтердің алдыңғы тармақтар құрамына кіріп, осы нервтерддің құрамында тұлға мен аяқ бұлшықеттері мен тамырларрына кіріп, тері бездері мен шаш бұлшықеттеріне жатады.