БРОНХТАР 10 страница

Ол тармақтардың ішінде мыналарды ажыратады:

a) rami temporales, олар: mm. auricularis anterior et superior, venter frontalis m. epicranius және m. orbicularis oculi-ге барады;

ә) rami zygomatici, олар: m. orbicularis oculi және m. zygomaticus-ке барады;

б) rami buccales ауыз шеңбері мен мұрын бұлшықеттеріне барады;

в) ramus marginalis mandibulae - төменгі жақсүйек жиегімен жүріп, иек және төменгі ерін бұлшықеттеріне баратын тармақ;

г) ramus colli - мойынға түсіп, теріасты бұлшықетін нервтендіреді.

202.Тіл-жұтқыншақ нерві (IX)

N.glossopharyngeus, тіл-жұтқыншақ нерві үшінші желбезек доғасы нерві даму үрдісінде нервтердің Х жұбынан (n. vagus) бөлінген. Онда үш текті талшықтар болады:

1) жұтқыншақ, дабыл қуысы, тілдің шырышты қабаты (артқы 1/3-і), бадамшалар және таңдай доғалықтары рецепторларынан шығатын афферентті (сезімтал) талшықтар:

2) жұтқыншақ бұлшықеттерінің біреуін - m. styloparyngeus нервтендіретін эфферентті (қозғалыс) талшықтар;

3) glandula parotis үшін эфферентті (секреттік) парасимпатикалық талшықтар.

Құрам бөліктеріне сәйкес оның үш ядросы болады: nucleus soliterius, оған 2 афферентті түйін - ganglia superius et inferius - тердің жасушаларының орталық өсінділері келеді. Вегативті (секреттік), парасимпатикалық ядро - төменгі сілекей бөлетін ядро - торлы құрылымында кезбе нервпен ортақ үшінші қозғалыс ядросының - nucleus ambiguus пен жанында шашыраған жасушалардан тұрады. Тіл жұтқыншақ нерві түбіршіктері арқылы оливаның артында, кезбе нервтің үстінде сопақша мидан шығып, соңғы нервпен бірге мойындырық тесігі арқылы бассүйектен шығады.

Тіл-жұтқыншақ нервінің тармақтары

1. N. tympanicus, ganglion inferius-тен шығып, дабыл қуысына, cavitas tympani, өтіп, сол жерде өрім, plexus tympanicus, түзеді. Бөрім дабыл қуысы мен есту түтігінің шырышты қабығын нервтендіреді. Ол өрімге ішкі ұйқы артериясынан да тармақтар келеді. Нерв n. petrosus minor түрінде дабыл қуысынан оның жоғарғы қабырғасы арқылы шыққаннан кейін, пирамиданың алдыңғы бетіндегі аттас жүлгемен sulcus n. petrosi minoris-те жүріп, ganglion oticum-ға келеді. Осы нерв арқылы шықшыт безі үшін nucleus salivatorius inferior-тен шығатын парасимпатикалық секреттік талшықтары құлақ түйініне келеді. Түйінде үзілгеннен кейін секреттік талшықтар үшкіл нервтің үшінші тармағынан шығатын n. auriculotmporalis-тің құрамында безге келеді.

2. Ramus n.stylopharyngei - аттас бұлшықетке барады.

3. Rami tonsillares-таңдай бадамшаларына және доғашықтарына барады.

4. Rami pharyngei-жұтқыншақ өріміне барады.

5. Rami linguales-тіл-жұтқыншақ нервінің соңғы тармақтары тілдің артқы 1/3-не барып, оны сезімтал талшықтарымен жабдықтайды, олардың арасында papillac valatac-те баратын дәм сезу талшықтары да өтеді.

6. R. sinus carotici-sinus caroticus-ке (glomus caroticum) баратын сезімтал нерв.

203.Кезбе нерв (X)

N. vagus, кезбе нерв - төртінші жіне одан кейінгі келесі желбезек доғаларынан дамыған, кең таралғандықтан осылай деп аталады (119-сурет). Бұл бассүйек нервтерінің ішіндегі ең ұзыны. Кезбе нерв тармақтары арқылы тынысалу ағзаларын, асқорыту жолының едәуір бөлігін, сигматәрізді тоқ ішекке дейін нервтендіреді, сондай-ақ ол жүрекке оның соғуын баяулататын тармақтар береді.

N. vagus құрамында үш түрлі талшықтар бар:

1. Аталған ішкі ағзалар мен тамырлардың рецепторларының, сондай-ақ мидың қатты қабығының кейбір бөлігінен жіне құлақ қалқанын қоса сыртқы есту жолынан сезімтал ядроға nucleus solitarius-ке келетін афферентті (сезімтал) талшықтар.

2. Жұтқыншақ, жұмсақ таңдай мен көмейдің ерікті бұлшықеттеріне баратын эфферентті (қозғалыстық) талшықтар және осы бұлшықеттер рецепторларынан шығатын (проприоцептивті) талшықтар. Бұл бұлшықеттер талшықтарды қозғалыс ядросынан nucleus ambigus-тен алады.

3. Вегативті ядродан, nucleus dorsalis n. vagi-ден шығатын эфферентті (парасимпатикалық) талшықтар. Олар жүрек миокардына (жүрек соғысын баяулатады) және тамырлардың бұлшықет қабықшасына (тамырларды кеңейтеді) келеді. Сонымен кезбе нервтің жүрек тармақтарына n. depressor енеді, ол жүректің өзі мен қолқаның бастапқы бөлігі үшін сезімтал нерв жіне қан қысымын рефлекстік жолмен реттеуді басқарады. Сондай-ақ парасимпатикалық талшықтар кеңірдек пен өкпені (бронхыларды тарылтады), өңеш және colon sigmoidum-ге дейін ішекті (перисталтиканы күшейтеді), аталған ағзаларда орналасқан бездер мен іш қуысы бездерін-бауыр, ұйқыбезін (секреттік талшықтар), бүйректі нервтендіреді.

А. Бас бөлігінде (нерв басталатын жер мен төменгі түйін арасында):

1. Ramus meningeus-артқы бассүйек шұңқыры аймағындағы мидың қатты қабығына барады.

2. Ramus auricularis-сыртқы есту жолының артқы қабырғасы мен құлақ қалқаны терісінің бір бөлігіне барады. Бұл бассүйек нервтерінің ішіндегі үшкіл нервке жатпайтын жалғыз тері тармағы.

Ә. Мойын аймағында:

1. Rami pharyngei-тіл-жұтқыншақ нерві және симпатикалық сабау тармақтарымен бірге өрім-plexus pharyngeus-ті түзеді.

Кезбе нервтің жұтқыншақ тармақтары жұтқыншақ тарылтқыштарын (констрикторларын), таңдай доғашықтары мен жұмсақ таңдай бұлшықеттерін (m. tensor veli palatini-ді қоспағанда) нервтенліреді. Жұтқыншақ өрімі жұтқыншақтың шырышты қабығына сезімтал талшықтар береді.

2. N. laryngeus superior - дауыс саңылауына жоғарылау көмей, тіл түбірі бөлігі мен көмей қақпағының шырышты қабығын сезімтал талшықтармен, ал көмей бұлшықетінің бір бөлігі мен жұтқынщақтың төменгі тарылтқышын (констрикторын) қозғалыс талшықтарымен қамтамасыз етеді.

1. Rami cardiaci cervicalis superiores et inferiores-тің бір бөлігі n. laryngeus superior құрамынан шығып, жүрек өрімін түзеді.

Б. Кеуде бөлігінде:

1. N. laryngeus recurrens- қайтарма көмей нерві кезбе нервтің қолқа доғасының немесе бұғанаасты артериясының алдында (оң жағында) жатқан жерінен шығады. Бұл нерв оң жағында a.subclavia-ны астынан артына қарай, ал сол жағында да астынан артқы жағына айналып өтіп, содан кейін өңеш пен кеңірдек арасындағы жүлгемен жоғары көтеріле, оларға көптеген тармақтар береді. Нервтің, n. laryngeus inferior, соңғы ұшы көмей бұлшықеттерінің бір бөлігін, оның дауыс байламдарынан төмендегі шырышты қабығын, тіл түбірінің көмей қақпағы жанындағы шырышты қабығының бөлігін, сондай-ақ кеңірдек,жұтқыншақ, қалқанша және айырша бездерін мойынның лимфа түйіндерін, жүрек пен көкірекаралықты нервтендіреді.

2. Rami cardiaci thoractici-көмейдің қайтарма нерві мен кезбе нервтің кеуде бөлігінен басталып, жүрек өріміне барады.

3. Rami bronchiales et tracheales симпатикалық сабау тармақтарымен бірге бронх қабырғаларында өрім plexus pulmonalis-ті түзеді. Бұл өрім тармақтары кеңірдек пен бронхтардың бұлшықеттері мен бездерін нервтендіреді, сонымен қатар онда кеңірдек, бронхтар мен өкпеге арналған сезімтал талшықтар да болады.

4. Rami esophagei-өңеш қабырғасына барады.

В. Іш бөлігінде:

Кезбе нервтің өңештен жүретін өрімдері асқазанға созылып, алдыңғы және артқы сабаулар- trunci vagales-терді түзеді. Әрбір truncus vagalis парасимпатикалық ғана емес, сондай-ақ симпатикалық және афферентті анималды нерв жүйесінің нерв өткізгіштері кешені болып табылады және онда екі кезбе нервтің де талшықтары болады.

204.Қосымша нерв (XI)

N. accessorius - қосымша нерв соңғы желбезек доғаларынан дамиды; эфферентті талшықтарды және сопақша ми мен жұлында жайғасқан екі қозғалыс ядросы бар. Ядроларына сәйкес оның ми және жұлындық бөліктерін ажыратады. Ми бөлігі сопақша мидан, кезбе нервтің төменгі жағында шығады. Қосымша нерв жұлындық бөлігі (С25) алдыңғы және артқы түбіршіктері арасында және жоғарға үш мойын нервтерінің алдыңғы түбіршіктерінен құралып, нерв сабаушасы түрінде жоғары көтеріліп, ми бөліміне қосылады. Қосымша нерв кезбе нервтің бөлініп шыққан тармағы болғандықтан, ол онымен бірге бассүйек қуысынан мойындырық тесігі арқылы шығып m. trapezius пен одан бөлінген m. sternocleidomastoideus екеуін нервтендіреді. Қосымша нервтің ми бөлігі n. laryngeus reccurens құрамында көмей бұлшықеттерін нервтендіруге барады. Қосымша нервтің жұлын бөлігі жұтқыншақтың қозғалыстық нервтендірілуіне қатысады.

Қосымша және тіл-жұтқыншақ нервтерінің кезбе нервпен ортақтығы мен жақындығы IX,X және XI бассүйек нервтері желбезек нервтерінің vagus тобын құрайтындығымен түсіндіріледі.

206.Мойын өрімі,топографиясы,тармақтары,нервтендіру аймақтары.

Жауабы: Мойын өрімі, Plexus servicalis, 4 жоғарғы мойын нервтерінің алдыңғы тармақтарынан түзіледі.Олар өзара 3 доға ілмектерімен байланысып,көлденең өсінділердің бүйірінен медиальді жағынан омыртқаның алдыңғы бұлшық еттері, ал латеральді жағынан омыртқа бұлшықеттері m.scalenus medius, m.levator scarulae, m.splenus cervicis арасында орналасып, n.accessorius пен n.hypoglossus жане tractus sympaticus пен анастамозданады.Өрімді алдыңғы жағынан m.sternocleidomastoideus жауып турады.Өрімнен шығатын тармақтар терілік , бұлшықеттік , аралас болып бөлінеді.

Терілік тармағы: 1.N.occipitalis minor(C1және С3-тен) шүйде аймағы латеральді бөлігінің терісіне барады. 2.N.auricularis magnus (C3-тен ) құлақ қалқанымен сыртқы есту есту тесігін нервтендіреді. 3.N.Transversus colli24-тен ) алдыңғы екі нерв сияқты m.sternocleidomastoideus-тің артқы жиегі ортасынан шығып, осы жиекті айналып, алға қарай өтіп, мойын терісін нервтендіреді.4.N.supraclaviculares34-тен)үлкен кеуде және дельта тәрізді бұлшықеттердің үстіне келеді.

Бұлшықеттік тармағы: Mm.recti capitis anterior et lateralis, mm. longi capitis et colli, mm. scalene, m.levator scapulae және m. intertransversari anteriores бұлшықеттеріне барады. Мойын өрімінің қозғалтқыш талшықтарына ansa cervicalis және тіл асты нервінің төмендеген тармағы radix superior жатады.

Аралас тармағы: N.phrenicus- көкеттік нерв (C3-C4) m.scalenus anterior бойымен бұғана асты артериясы мен венасы арасынан кеуде қуысына өтеді. Одан әрі оң жақтағы N.phrenicus тік дерлік оң өкпе түбірі алдына түсіп, жүрекқап бүйір бетімен көкетке барады.Сол жақ N.phrenicus қолқа доғасының алдыңғы бетін қиып өтіп,жүрекқаптың сол жақ бүйір бетімен көкетке барады.Екі нервте жүрекқаппен өкпеқап арасында алдыңғы кеуде аралықта өтеді.Көкеттік нерв симпатикалық сабаудың екі төменгі мойын түйіндерінен талшықтар қабылдайды.Ол аралас нерв, оның қозғалыс тармақтары көкетті нервтендіреді, сөйтіп , ол ол тыныс алуды қамтамассыз ететін нерв болып табылады:сондай-ақ өкпе қаппен жүрекқапқа сезімтал тармақтар береді.

207.Иық өрімінің бұғанаүсті бөлігі,қалыптасуы,топографиясы,тармақталуы,нервтеу аймақтары.

Иық өрімі plexus brachialis 5,6,7 және 8 мойын жұлын нервтерінің алдыңғы тармақтарының rr.anteriores nn. Cervicalium 5-8 бірігілуінен түзіледі.Сонымен бірге өрімнің түзілуіне 4-ші мойын жұлын нервтің алдыңғы тармағының кішкене тармағы және 1-ші кеуде нервтің алдыңғы тармағының r.anterior n.thoracici primi көп бөлігі қатысады.Иық өрімінің бұғана үсті бөлігі pars supraclavicularis plexus brahialis мойынның терең бұлшықеттеріне бұлшықеттік тармақтар, rr.musculares және иық белдеуі бұлшықеттеріне қысқа нервтер береді.

Қысқа тармақтар:1.N.dorsalis scapulae жаурынның медиальді жиегін бойлай өтеді.Олm.levator scapulaeжане mm.rhomboidei-ні нервтендіреді.2.N. thoracicus longus m/serratus anterior-дың сыртқы бетімен түсіп, оны нервтендіреді.3. N.supraclaviculares incisura scapulaeарқылы fossa supra spinata-ға өтеді.4.N.pectoralis medialis et lateralis.5.N.subclavius.6.N.subscapularis.7.N.axillaris- қолтық нерві.Иық өрімі қысқа тармақтарының ең жуаны.

Ұзын тармағы:Оның ішінен алдыңғы тармақтарды- бүккіштер мен пронаторлар үшін nn.musculocutaneus,medianus et ulnaris- ті және артқы тармақтарды- жазғыштармен супинаторлар үшін n.radialis-ті бөліп көрсетуге болады.1. n.musculocutaneus- бұлшықеттер нерві.2.n. medianus-ортаңғы нерві.3.N. ulnaris-шынтақ нерві.4.n.cutaneus brachii medialis.5.n.cutaneus antebrachii medialis.6.n.radialis.

208.Иық өрімінің бұғанаасты бөлігі тармақтары, нервтендіру аймақтары.

Иық өрімінің бұғанаасты бөлігі pars infraclavicularis plexus brachialis қолдың бұлшықеттері мен терісіне ұзын тармақтар және бір қысқа нерв қолтық нервін N.axillaris береді. Иық өрімінің бұғанаасты бөлігі қолтық шұңқырында mm.pectorales major et minor артында m.subscapularis алдында,m.seratus anterior-дан латеральді орналасады.Өрімнің бұл бөлігі қолтық шұңқырынан шыға берісінде m.coracobrachialis,m.subscapularis және m.latissimus dorsi арасында жатады.Иық өрімінің бұғанаасты бөлігінің 3 будасықолтық шұңқырында a. Axillaris-ті медиальді,латеральді және артынан қоршайды,артерияның тек алдыңғы беті жабылмайды.

209.Бұлшықет-тері нерві,тармақтары, нервтендіру аймақтары. Бұлшықет-тері нерві n.musculocutaneus төмен және сытқа бағытталады, m.coracobrachialis-ті жоғарыдан төмен қиғаш тесіп өтіп, m. Brachialis және m.biceps brachii арасында жатады.Кейн нерв иықтың екібасты бұлшықеттің дистальді сіңірінің латеральді жиегінің астынан шығып,шынтақ буын аймағында,иықтың меншікті шандыры арқылы теріасты майлы қабатқа кіріп, білектің терілік латеральді нерв, n.cutaneus antebrachi lateralis атауын алады. Бұлшықет-тері нерві өз жолында келесі тармақтарды береді:1) Бұлшықеттік тармақтар, rami musculares. m.coracobrachialis. m. brachialis,m.biceps brachii. нервтендіреді. 2) тоқпан жілік сүйек қабығына және шынтақ буынының буындық қабына тармақтар.3)Білектің терілік латеральді нерві, n.cutaneus antebrachi lateralis Бұлшықет-тері нервтің соңғы тармағы.Ол шынтақ буын аймағында aponeurosis m.bicipitis brachi-ден латеральді иық шандырын тесіп өтіп,v.cephalica жанында жатады,және төмен жүріп,тенар аймағына дейн білектің алақан бетінің кәріжілік жиегі терісінде тармақталады.

210.Шынтақ нерві,қалыптасуы,тармақтары,нервтендеру аймақтары. N.ulnaris, шынтақ нерві, иық , өрімінің медиалды будасынан ( С7 , С8 , Тh1) шығып, иықтың медиалды жағынан медиалды айдаршықтың артынан өтеді ( ол бұл жерде тері астында жатады , сондықтан оған тиіп кеткен кезде білектің медиалды аймағында ауырсыну түйсігі пайда болады),содан кейн ол sulcus ulnaris-ке өтеді,одан кейн canaliscarpi ulnaris арқылы аттас артериялармен веналармен бірге алақанға барады,retinaculum flexorum бетінде өзінің соңғы тармағына,ramus palmaris n.ulnaris-ке жалғасады.Шынтақ нерві ортаңғы нерв сияқты иықта тармақтар бермейді.

211.Кәріжіліктік нерв, тармақтары,нервтеу аймақтары.N.radialis кәрі жілік нерві иық өрімі артқы будасын құрайды.Ол иық артериясы артынан a.profunda brachii-мен бірге иықтың артқы жағына өтіп,тоқпан жілікті спиральді айнала canalis humeromuscularis-те орналасып,содан кейн арттан алға қарай латеральді бұлшықет аралық пердені тесіп өтіп, m. Brachioradialis пен m.brachialis аралығына шығады.Осы жерде нерв беткей ramus superficialis және терең тармақтарға бөлінеді. N.radialis иықтағы ,білектегі барлық жазғыш бұлшықеттерді нервтендіреді.Білекте бұлшықеттердің кәрі жілік топтарын,иықпен білектің жазылатын жағында терініде нервтендіреді.

212.Бел өрімі,қалыптасуы,тармақтары,нервтеу аймақтары. Бел өрімі,plexus lumbalis,3 жоғарғы бел нервтерінің алдыңғы тармақтарынан және 4 нервтің жоғарғы бөлігінен, сондай-ақ 12 қабырға аралық нерв тармақтарынан түзіледі.Бұл өрім бел омыртқаларының көлденең өсінділері алдында m. Psoas major қабатында жайғасып,бір қатар тармақтар береді.Олардың бір бөлігі осы бұлшықеттің латеральді жиегінен, бір бөлігі медиальді жиегінен шығып, бір бөлігі оны тесіп өтіп,оның алдыңғы бетінен шығады.Бұл тармақтар мыналар:1.Rami muscularis mm. Psoas major et minor m.quadratus lumbarum және m.intertransversarii laterals lumbarum барады.2.N.Iliohypogastricus m.psoas major-дың латеральді жиегінен шығып,12 қабырғааралық нервке паралельді бағытта белдің шаршы бұлшықетінің жоғарғы жағындағы алдыңғы бетінде жайғасады.12 қабырғааралық нерв сияқты сегменттік нерв болғандықтан N.Iliohypogastricus та сол сияқты іштің көлденең және ішкі қиғаш бұлшықеттері арасынан өтіп, оларды бұлшықеттік тармақтармен қамтамассыз етеді және бөксенің жоғарғы жағымен шап өзегінің беткей тесігінің терісін нервтендіреді.3.ilioinguinalis бұлда сегмненттік нерв, m.psoas major-дың латеральді жиегі астына шығып N.Iliohypogastricus-ке паралельді және оның төменгі жағында орналасады.Одан кейн тікелей шап өзегіне барып,беткей шап сақинасы арқылы шығып, қасаға және ен терісінде н/е үлкен жыныс ерінінде тармақаталады.4.N.genitofemoralis m.psoas қабатынан осы бұлшықеттің алдыңғы бетіне өтіп,2 тармаққа бөлінеді.Олардың біреуі – r.femoralis шап байламына барып, оның астынан өтіп, осы байламның төменгі жағындағы сан терісінде тармақталады.Басқа тармағы – r.genetalis шап өзегінің артқы қабырғасын тесіп өтіп,ұрық шылбырына қосылып – m.cremaster мен атабез қабықтарын нервтендіреді.5.N.cutaneus femoris lateralis , m.psoas major-дың бүйір жиегі астынан шығып m.iliacus бетімен spina iliaca anterior superior-ға барып,сол жерде іш қабырғасын тесіп өтіп,санға шығып, тері астына тармақтала санның бүйір бетімен тізеге дейін түсіп,теріні нервтендіреді.6.Сан нерві n.femoralis 213 cұрақтан оқисын.7.N.obtoratorius жапқыш нерві213.сұрақта толығымен.

213.Сан және жапқыштық нерві тармақтары,нервтендіру аймағы.Сан нерві n.femoralis белөрімінің ең жуан тармағы lacuna musculorum арқылы санның алдыңғы бетіне шығады.Ол сан артериясынан латеральді орналасып,одан fascia latae-нің терең жапырақшасы арқылы бөлініп, көптеген тармақтарға ыдырайды.Олардың біреулері rami muscularis m.quadriceps,m.sartorius-ті ,ал басқалары санның алдыңғы медиальді бетінің терісін нервтендіреді.Сан нервінің тері тармақтарының ең ұзыны n.saphenus canalis adductorius –те a.femoralis-тен латеральді жатады. Hiatus adductorius-тің жанында нерв артериядан алшақтап , өзектің алдыңғы қабырғасын тесіп өтіп,беткей нервке айналады.Нерв сирақта v.saphena magna –мен қосарлана журеді.Одан тізе терісінің төменгі бетіне ramus infrapatelaris және сирақтың медиальді бетімен аяқ ұшының медиальді жиегіне rami cutanei cruris mediaes-тер кетеді.N.obtoratorius жапқыш нервітұйықтаушыөзек арқылы санға өтіп,m.obtoratorius externus –ты жамбас сан буынын және барлық келтіруші бұлшықеттерді,оладың устіндегі теріні нервтендіреді.Тармақтары:1).Бұлшықеттік тармақ ramus muscularis негізгі сабаудан жапқыш өзекке кірмей басталады,нервпен бірге өзек арқылы өтіп, m.obtoratorius externus-те тармақталады.2).Ramus anterior алдыңғы тармақ артқыдан қалыңдау, енгізгі сабаудың жалғасы ретінде m.adductor longus және m.adductor brevis арасында журіп,келесі бұлшықеттерге бұлшықеттік тармақ береді.3).Ramus posterior артқы тармақ негізгі сабаудан тармақталғасын m.obtoratorius externus-ті тесіп, m.adductor magnus және m.adductor minus бұлшықеттік тармақтар,rami muscularis береді.

214.Сегізкөз өрімі қалыптасуы,тармақтары,нервтеу аймақтары. Сегізкөз өрімі,plexus sacralis,өрімдердің ішіндегі ең маңыздысы 4 және 5 бел нерві алдыңғы тармақтарынан және сегізкөз алдыңғы тесіктерінен шығатын төрт сегізкөз нервтерінің (S1-S4) дәл осындай тармақтарынан құралады. Өрім нервтері бір-бірімен қосылып , foramen infrapiriforme арқылы жамбас астау қуысынан шығатын шонданай нервінің жуан сабауын түзеді. Сегізкөз өрімінін шығатын тармақтар қысқа және ұзын болып бөлінеді. Қысқа тармақтар аяқ-бел аймағын, ал ұзын тармақтар оның бел өрімі тармақтарымен жабдықталған бөлігін қоспағанда бүкіл аяқты нервтендіреді. Қысқа тармақтар. 1. Rami musculares m. piriformis ( S1-S2) m.obturatorius internus, mm. gemelli және quadratus femoris пен mm. levator ani et coccygeus бұлшықеттерін нервтендіреді. 2. N. gluteus superior (L4,L5,S1), foramen suprapiriforme арқылы аттас артериямен бірге жамбас астауынан шығып,содан кейн m.gluteus medius, m. Gluteus minimus және m. tensor fasciae latae-де таралады. 3 N. gluteus inferior( L5, S1, S2,) foramen infrapiriforme арқылы шығып, өзінің тармақтарымен m. gluteus maximus пен жамбас-сан буын қабын нервтендіреді. 4N. pudendus,шыныс нерві

215.Сегізкөз өрімінің ұзын тармақтары , топографиясы