БРОНХТАР 7 страница

163. Соңғы мидың базалді ядролары. Стриопаллидарлы және лимбиялық жүйе. Ми сыңарларының бетіндегі сұр қыртыстан басқа, тағы да оның қабатында негіздік ядролар немесе қыртысасты деп аталатын сұр зат жиындары орналасады. Қыртысасты ядролардың үш жиыны бар: corpus striatum, claustrum және amygdaloidem. 1.Corpus striatum, жолақ дене, бір-бірінен толық бөлінбеген екі бөліктен – nucleus caudatus және nucleus lentiformis-терден тұрады. А. Nucleus caudatus, құйрықты ядро, nucleus lentiformis-тен жоғары және ортаға жақын жатады. Одан ішкі қапшық (капсула), capsula interna, деп аталатын ақ зат қабықшасымен бөлінеді. Құйрықты ядроның жуандаған алдыңғы бөлігі, оның басы, caput nuclei caudati, бүйір қарыншаның алдыңғы мүйізінің латералды, қабырғасын түзеді, ал құйрықты ядроның жіңішкерген бөлімі, corpus nuclei caudati, бүйір қарыншаның орталық бөлігінің түбімен артқа қарай созылады; ал оның құйрығы, cauda nuclei caudati, төменгі мүйіздің жоғарғы қабырғасына қарай иіледі. Құйрықты ядро медиалды жағынан таламуқа жанасып, одан ақ зат жолағымен, stria terminalis, бөлінеді. Алдыңғы және артқы жағынан құйрықты ядроның басы алдыңғы тесіктелген затқа жетіп, сол жерде жасымық тәрізді ядромен , оның putamen деп аталатын бөлігімен қосылады. Екі ядроның бұл кең байланысуынан басқа ішкі қапшықтың ақ будаларымен араласа орналасатын жұқа сұр жолақтары болады. “Жолақ дене” – corpus striatum – деп аталуы осы себептен. Ә. Nucleus lentiformis, жасымық тәрізді ядро, құйрықты ядромен таламустан латералды орналасып, олардан ішкі қапшық арқылы бөлінеді. Ми сыңарларының горизонталды кесіндісінде жасымық тәрізді ядроның ішкі капсулаға қараған медиалды беті, ұшы ортасына қарай бағытталған бұрыш пішінді болып келеді. Бұрыштың алдыңғы жағы құйрықты ядроға, ал артқы жағы таламусқа параллелді жатады. Латералды беті сәл дөңестеу және аралшық аймағындағы ми сыңарларының латералды жағына қарайды. Жасымық тәрізді ядро екі параллелді ақ қабатшалар, lamina medullaris, арқылы үш кішкентай ағзаға бөлінеді. Біреуі күңгірт-сұр түсті латералды қабық, putamen, ал ақшылдау екі медиалдысы бозғылт шар, globus pallidus, деп аталады. Putamen және nucleus caudatus-қа қарағанда globulus pallidus филогенездік жағынан көнелеу түзіліс, paleostriatum, болып табылады. 2. Claustrum, шарбақ, аралшық пен putamen арасындағы орналасқан сұр зат табақшасы. Ол қабықтан ақ зат қабықшасы – capsula externa, ал аралшық қыртысынан capsula externa деп аталатын қабатша арқылы бөлінеді. 3. Corpus amygdaleideum, бадамша тәрізді дене, putamen астында самай үлесінің алдыңғы шетінде орналасқан. Стриопаллидарлық жүйе – экстрапирамидалық жүйенің басты бөлігі, сонымен қатар ол hypothalamus құрамындағы осыған ұқсас вегетативті орталықтарға басымдық жасайтын, жылу реттеу мен көмірсу алмасуға қатысты вегетативтік қызметтерді жоғары реттеуші орталық болып табылады. Көмкерме жүйе түрлі вегетативтік қызметтерді реттеуге, организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын сақтауға және сезімге бөленген мінез-құлық реакцияларының эмоционалдық қалпына әсер ететін соңғы, аралық және ортаңғы ми түзілістерінің кешені. Оның негізгі бөлігін бадамша тәрізді ядро аймағы, шекаралық жолақ, гипоталамус, гиппокамп, күмбез, септалды аймақ, емізіктәрізді денелер, емізік-таламус будасы, белдеулік қатпар құрайды. Үлкен ми сыңарының медиалді бетінде көмкерме жүйе белдеулік және гиппокамп жанындағы қатпарлардан тұрады.

164. Мидың латералді қарыншалары, бөлімдері, олардың қабырғалары, қатынасы. Соңғы ми сыңарларында сүйелді дене деңгейінен төмендеу, ортаңғы сызықтың екі жағында ми сыңарларының жоғарғы латералды бетінен бүкіл ми заты қабаты арқылы бөлінген екі бүйір қарынша, ventriculi lateralis, сииметриялы орналасады. Әрбір бүйір қарыншаның қуысы ми сыңары пішініне сәйкес келеді: қарынша қуысы маңдай үлесінде төмен және латералды жаққа қарай иілген алдыңғы мүйіз, cornu anterius, түрінде басталып, осы жерден шеке үлесі арқылы орталық бөлікке, pars centralis, созылады. Ал бұл бөлік сүйелді дененің артқы жиегі деңгейінде төменгі мүйізге, cornu inferius, (самай үлесі қабатында) және артқы мүйізге, cornu posterius, (шүйде үлесіне) бөлінеді. Алдыңғы мүйіздің медиалды қабырғасын septum pellucidum түзеді, ол алдыңғы мүйізді басқа ми сыңарының дәл осындай мүйізінен бөліп тұрады. Алдыңғы мүйіздің латералды қабырғасы мен ішінара түбін құйрықты ядроның басы, caput nuclei caudatі, алып жатады, ал жоғарғы қабырғасы сүйелді дене талшықтарынан түзіледі. Бүйір қарыншаның орталық, ең тар бөлігінің жоғарғы қабырғасы сүйелді дене талшықтарынан тұрады. Ал түбі құйрықты ядроның денесі мен таламустың жоғарғы бетінің бір бөлігінен құралады. Артқы мүйіз сүйелді денеден шығатын – tapetum деп аталатын ақ нерв талшықтары қабатымен қоршалған; оның медиалды қабырғасында ми сыңарының медиалды бетіндегі sulcus calcarinus-тің ішке енуінен түзілген буылтық – құс топшысы, calcar avis, байқалып тұрады. Төменгі мүйіздің жоғарғы латералды қабырғасын артқы мүйізді қоршап тұратын tapetum-ның жалғасы құрайды. Жоғары қабырғаның медиалды жағында төмен және алға қарай иілетін құйрықты ядроның жұқарған бөлігі – cauda nuclei caudate өтеді. Төменгі мүйіздің медиалды қабырғасымен бүкіл өн бойында ұзын ақ түсті дөңес – гиппокамп, hippocampus, созылып жатады, ол сырттан терең енетін гиппокамп жүлгесінен түзіледі. Гиппокамптың медиалды жиегімен күмбез аяқшасының жалғасы болып табылатын шашақ – fimbria hippocampi деп аталатын түзіліс өтеді. Төменгі мүйіздің түбінде аттас жүлгенің сырт жағынан батуынан пайда болған буылтық, eminentia collateralis, жатады. Бүйір қарыншаның медиалды жағынан, оның орталық бөлігі мен төменгі мүйізіне тамырлы өрім, plexus choroideus ventriculi lateralis, түзетін жұмсақ ми қабығы еніп тұрады. Өрім қарыншаның жетілмеген медиалды қабырғасының қалыңдығы болып табылатын эпителимен жабылған. Plexus choroideus ventriculi lateralis, tela choroida ventriculi tertii-дің латералды жиегі болып табылады.

165. Аралық ми, бөлімдері, таламус аймағы: бөлімдері, қызметі. Аралық ми, diencephalon, бүйірлері жағынан соңғы мидың сыңарларымен бітісе өсіп, сүйелді дене мен күмбез астында жатады. Аралық мида екі негізгі бөлікті ажыратады: 1) дорсалды бөлік, thalamencephalon афферентті жолдар орталығы және 2) вентралды бөлік, hypothalamus, жоғары вегетативтік орталық. Қуысы – III қарынша. Thalamencephalon, таламус аймағы өз кезегінде үш бөліктен тұрады: таламус – thalamus, таламусүсті – epithalamus және таламусарты аймағы – metathalamus. Thalamus, таламус, көру төмпесі, аралық мидың бүйір қабырғаларында III қарыншаның бүйір жақтарындағы сұр затттың жұмыртқа пішінді жұп жиынтығы болып табылады, оның алдыңғы шеті – tuberculum anterius түрінде сүйірленген де, ал артқы шеті кеңейіп, жастық, pulvinar, түрінде жуанданған. Таламустың қызметінің маңызы өте зор. Онда афферентті жолдар үзіледі, оның жастығының, pulvinar, артқы ядросында, көру талшықтарының бір бөлігі, алдыңғы ядроларында corpora mammilaria-дан шығып, таламусты иіс сезу аймағымен байланыстыратын будалар, орталық нерв жүйесінің төмен жатқан бөлімдерінен шығатын қалған барлық афферентті сезімтал жолдар қалған ядроларында аяқталады. Epithalamus, таламусүсті.Екі таламустағы striae medullares артқа қарай бағыт алып, екі жағында trigonum habenulae деп аталатын кеңейген жер түзеді. Бұл соңғыдан жүген деп аталатын қысқа, жіңішке түзіліс шығады. Ол қарама-қарсы жақтың жүгенімен бірге томпақ денемен, corpus peniale-ның, қосылады. Corpus peniale алдында екі жүген өзара дәнекермен, comissura habenularum, байланысқан. Біршама қарағай қылқанына ұқсайтын томпақ дененің өзі құрылысы мен қызметі жағынан ішкі секреция бездеріне жатады. Metathalamus, таламусарты. Таламустың артында екі кішкене төмпешік - иінді денелер, corpus geniculatum laterale et mediale, бар. Көлемі кішілеу, бірақ айқын көрінетін медиалды иінді дене төменгі төбешік сабының алдында таламус жастығының астында жатады. Онда есту ілмегінің, lemniscus lateralis, талшықтары аяқталады. Ол ортаңғы ми төбесінің төменгі төбешіктерімен бірге қыртысастындағы есту орталығы болып табылады. Латералды иінді дене үлкен, жалпақ төмпешік түрінде жастықтың төменгі латералды жағында орналасады. Онда көру жолағының латералды бөлігінің көбісі аяқталады. Pulvinar мен ортаңғы ми төбесінің жоғарғы төбешіктері және латералды иінді дене қыртысастындағы көру орталығы болып табылады. Екі иінді дене ядролары орталық жолдар арқылы тиісті анализатордың қыртыстық шеттерімен байланысады.

166. Таламусасты аймағы, оның бөліктері. Гипоталамус-гипофиз жүйесі. Гипоталамус, таламусасты, hypothalamus, сөздің кең мағынасында III қарыншаның түбі астында вентралды, артқы гипоталамус аймағын, regio hypothalamica posterior-ды қоса, substantia perforate posterior-дың, алдында орналасқан түзілістерді біріктіреді. Құрсақтағы дамуға сәйкес hypothalamus екі бөлімге бөлінеді: а) алдыңғы бөлім regio hypothalamica anterior, бұған tuber cinereum, infundibulum және hypophysis, сондай-ақ tractus opticus-пен hiasma opticum біріктіріледі; ә) артқы бөлімге – corpora mammilaria мен region hypothalamica posterior жатады. Гипоталамус аймағының ядросы порталды тамырлар және гипоталамус-гипофиз будасы арқылы гипофиздің артқы үлесімен байланысқан. Осы байланыстар арқылы гипоталамус пен гипофиз ерекше гипоталамус-гипофиз жүйесін түзеді. А. Tuber cinereum, сұр төмпе, corpora mammilaria-ның алдында жатады. Сұр заттың жұқа табақшасынан тұратын III қарыншаның төменгі қабырғасының сыңар қуысты шығыңқы жері болып табылады. Төмпе, ұшы тар қуыс құйғышқа, infundibulum, созылған, оның тұйық ұшында түрік ертоқымында жататын гипофиз, hypophysis, орналасқан. Сұр төмпеде жоғары вегетативті орталық болып табылатын және атап айтқанда, зат алмасу мен жылу реттеуге әсер ететін сұр зат ядролары орналасады. Ә. Hiasma opticum, көру қиылысы, сұр төмпе алдында орналасып, көру нервтерінің, nn. optici, қиылысынан түзілген. Б. Corpora mammilaria, емізік тәрізді денелер, substantia perforata posterior-дың алдында ортаңғы сызық бүйірлері бойында симметриялы жатқан, дөңгелек екі кішкене ақ түсті құрылым. Әр дененің ішінде ақ заттың беткей қабаты астында екі сұр ядро жатады. Қызметі жағынан corpora mammilaria қыртысастындағы иіс сезу орталықтарына жатады. В. Regio hypothalamica posterior, артқы гипоталамус аймағы. Бұл таламус астында орналасқан ми затының кішкене бөлімі. Онда substantia nigra-дан латералдылау аралық мидың құрамына кіретін, сопақша дене, nucleus hypothalamicus posterior, жатады. Ол экстрапирамидалық жүйенің бір буыны болып табылады, оның вегетативтік қызметі бар деп есептеледі.

167. III қарынша, қабырғалары, қатынасы. III қарынша, ventriculus tertius, ортаңғы сызық бойымен орналасқан және мидың фронталды кесіндісінде жіңішке вертикалды саңылау түрінде көрінеді. III қарыншаның бүйір қабырғалары таламустың медиалды беттерінен түзілген, бұл беттер өзара, adhesio interthalamica арқылы жалғасқан. Қарыншаның алдыңғы қабырғасын төменнен жұқа табақша, lamina terminalis, ал одан әрі жоғары қарай көлденең жатқан ақ алдыңғы дәнекер, comissura cerebri anterior, және күмбез бағаналары, columnae fornicis, құрайды. Күмбез бен сүйелді дене астында III қарыншаның жоғарғы қабырғасы tela choroidea ventriculi tertii орналасады. Оның құрамына эпителилі табақша, lamina epithelialis, түріндегі ми көпіршігінің жетілмеген қабырғасы және оның бітісіп кеткен жұмсақ қабық енеді. Ортаңғы сызықтың бүйірлері бойындағы тамырлы негізі, тамырлы өрім, plexus choroideus ventriculi tertii, жайғасқан. Қарыншаның артқы қабырғасы аймағында comissura habenularum мен comissura cerebri posterior жатады. Олардың арасында артқы жаққа қарай қарыншаның тұйық ұңғыл, recessus pinealis, бытыңқырап тұрады. Comissura posterior-дан вентралды III қарыншаға құйғыштәрізді тесікпен су құбыры ашылады. III қарыншаның төменгі қабырғасы ішкі жағынан бүйір қабырғаларынан жүлгелермен, sulci hypothalamici, шектелген, ми негізі жағынан substantia perforata posterior, corpora mammilaria, tuber cinereum, hiasma opticum-мен сәйкес келеді. Қарынша қуысының түбінде екі ұңғыл: сұр төмпе мен құйғышқа батып тұратын recessus infundibuli және хиазманың алдында жатқан recessus opticus, түзіледі. III қарынша қабырғаларының ішкі беті эпендимамен жабылған.

168. Ортаңғы ми, бөлімдері, құрылысы, қызметі. Ортаңғы ми, mesencephalon, филогенез үрдісінде негізінен көру рецепторының әсерімен дамиды. Сондықтан оның ең басты түзілістерінің көзді нервтендіруге қатысы бар. Бұл жерде есту орталықтары да түзілді. Ортаңғы мидың екі негізгі бөлігі болады: қыртысасты есту және көру орталықтары орналасатын төбесі мен негізінен өткізгіш жолдар өтетін ми аяқшалары. 1. Дорсалды бөлік, ортаңғы ми төбесі, tectum mesencephali. Ол сүйелді дененің артқы шетінің астында жасырынған және айқаса өтетін екі – бойлық және көлденең жүлгелер арқылы жұптаса орналасатын төрт төбешікке бөлінеді. Жоғарғы екі төбешік, colliculi superiores, қыртысасты көру орталықтары, ал екі төменгі төбешік – colliculi inferiores – қыртысасты есту орталықтары болып табылады. 2. Вентралды бөлік, ми аяқшаларында, pedunculi cerebri, барлық алдыңғы мидың өткізгіш жолдары өтеді. Ми аяқшалары көпір жиегінен бұрыш жасай ажырап, үлкен ми сыңарлары қабатына бататын екі жуан жартылай цилиндрлік ақ тәж тәрізді. 3. Ортаңғы ми көпіршігінің бірінші қуысының қалдығы болып табылатын ортаңғы ми қуысы - жіңішке өзекше пішінді, ол ми суқұбыры, aqueductus cerebri, деп аталады. Ол IV қарыншаны III қарыншамен қосатын эпендимамен астарланған өзек. Суқұбыр дорсалды жағынан ортаңғы ми төбесімен, вентралды жағынан ортаңғы ми төбесімен, вентралды жағынан ми аяқшаларының жамылғысымен шектелген. Ортаңғы мидың ішкі құрылысы. Оның көлденең кесіндісінде үш негізгі бөлікті ажыратуға болады: 1) төбе таяқшасы, lamina tecti; 2) pedunculi cerebri-дің жоғарғы бөлімі болып табылатын жамылғы, tegmentum; 3) pedunculi cerebri-дің вентралды бөлімі немесе ми аяқшасының негізі. Ортаңғы мидың көру рецепторларының әсерімен дамуына байланысты, онда көзді нервтендіруге қатысы бар түрлі ядролар орналасқан. Қарапайым омыртқалыларда жоғарғы қос төбешік көру нервінің негізгі аяқталатын жері және негізгі көру орталығы. Сүтқоректілер мен адамда көру нервтерінің алдыңғы миға ауысуына байланысты көру нервінің жоғарғы төбешікпен қалған байланәысының тек рефлекстер үшін ғана маңызы бар. Төменгі төбешік ядросында, сондайт-ақ медиалды иінді денеде есту ілмегінің талшықтары, lemniscus lateralis, аяқталады. Ортаңғы ми төбесінің жұлынмен екі жақты байланысы, tractus spinotectalis және tractus tectobulbaris et tectospinalis бар. Соңғылары жамылғыдағы қиылыстан кейін сопақша ми мен жұлындағы бұлшықет ядроларына барады. Бұл жұлынды сипаттаған кезде сөз болған көру-дыбыстық рефлекс жолы. Сөйтіп, ортаңғы ми төбесі табақшасын негізінен көру және есту тітіркендірулері әсерінен пайда болатын әр алуан қимыл-қозғалыстар үшін рефлекс орталығы деп қарастыруға болады.

169. Артқы ми, бөлімдері, құрылысы (Варолий көпірі). Metencphalon екі бөліктен тұрады : вентральді көпірден және дорсальді мишықтын тұрады. Көпір, Pons, ми негізі жағынан қарағанда артқы жағында сопақша мидың жоғарғаы шетімен алдыңғы жағынан ми аяқшаларымен шектеетін жуан ақ түсті түзіліс. Көпірдің латеральді шекарасы үшкіл және бет нерві түбіршіктері арқылы жасанды жүргізілетін сызық - Linea trigeminofacialis – болып табылады. Осы сызықтан латеральді екі жағында мишыққа батып тұратын ортаңғы мишық аяқшалары – pedunculi cerebelares medii – орналасады. Көпірдің дорсальді беті сырт жағынан көрінбейді, өйткені ромбтәрізді шұқырдың жоғарғы бөлігін (IV қарыншының түбі) түзе, мишықтың астында жасырынып жатады. Көпірдің вентральді беті талшықты, талшықтар жалпы алғанда көлденең жүріп, pedunculi cerebellares medii- ге қарай бағыт алады. Вентралды беттің ортаңғы сызығы бойымен жалпақ жүлге – sulcus basilaris – өтеді. Онда – a.basilaris жатады. Көпірдің ішкі құрылысы. Көпірдің көлденең кесінділерінен оның үлкен алдыңғы немесе вентралды (pars ventralis pontis) және кішілеу дорсалды бөліктерден (pars dorsalis pontis) тұратынын көруге болады. Олардың арасындағы шекара ретінде талшықтарды есту жолына жататын көлденең талшықтардың қалың қабаты – трапециятәрізді дене, corpus trapezoideum, жатады. Трапециятәрізді дене аймағында есту жолына қатысы бар ядро – nucleus dorsalis corporis trapezoidei орналасады. Pars ventralis құрамына бойлық және көлденең талшықтар бар, олардың арасында сұр зат меншікті ядролары – nucleus pontis шашырап жатады. Бойлық талшықтар пирамидалық жолдарға – fibrae corticopontini –жатады, ол жолдар көпірдің меншікті ядроларымен байланысқан, ол ядролар мишық қыртысына баратын көлденеі талшықтар – tractus pontocerebellaris – басталады. Өткізгіш жолдардың бүкіл жүйесі көпір арқылы үлкен ми сыңарларын мишық қыртысымен байланыстырады. Үлкен ми қыртысы неғүрлым күштірек дамыған болса, көпір мен мишықта соғұрлым күшті дамиды. Көпір адамда күшті дамыған, бұл оның ми құрылысының өзіне тән белгісі болып табылады. Pars dorsalis құрамында сопақша мидың дәл осындай құрылымының жалғасы болып табылатын formation reticularis pontis жатады, ал торлы құрылым үстінде ромбтәрізді шұңқырдың түбі жатады (ол жерде VIII –V жұп бас сүйек нервтерінің ядролары орналасқан). Орталық сызық пен nucleus corporis trapezoidei арасында орналасқан медиалды ілмек – lemnicus medialis – құрамына кіретін сопақша мидың өткізгіш жолдары - pars dorsalis- ке созылады, медиалды ілмекте сопақша мидың жоғары көтерілетін жолдары – tractus bulbothalamicus – қиылысады.

170. Мишық, құрылысы, ядролары, аяқшалары, қызметі.Мишық, cerebellum, артқы мидың тепе-теңдік рецепторларымен байланысты дамыған туындысы. Сондықтан оның қозғалыстартды үйлестіруге тікелей қатысы бар, организмнің дене массасының негізгі қасиеттері – ауырлық пен инерцияны жеңуге бейімделу ағзасы болып табылады. Мишық жануарлардың қозғалып орын ауыстыру тәсілдерінің өзгеруіне сәйкес филогенез барсында 3 даму кезеңінен өтті. Мишық ең бірінші дөңгелекауыздыларда, жыланбалықтарда, көлденең табақша түрінде пайда болды. Қарапайым омыртқалыларда (балықтарда) құртқа (vermis) сәйкес келетін құлақшатәрізді бөліктер (archicerebellum) мен сыңар дене (paleocerebellum) бөлінеді; жорғалаушылар мен құстарда денесі күшті дамып, ал құлақшатәрізді бөліктері рудименттік күйге келеді. Мишық сыңарлары сүтқоректілерде ғана пайдап болады (neocerebellum) . Адамда тік жүруіне және еңбек ету кезінде қодың ұстау-қармау қозғалыстарының жетілуіне байланысты мишық сыңарлары барынша дамиды. Мишық үлкен ми сыңарларының шүйде үлестерінің астында, көпір мен сопақша мидан дорсальды, артқы бассүйек шұңқырында жатады. Оның көлемді бүйір бөліктерін немесе сыңарларын – chemispheria cerebelli – және олардың арасында орналасқан жіңішке құртты бөлігін, vermis, ажыратады. Мишықтың алдыңғы жиегінде ми сабауының жанаса жатқан бөлігін қаститын алдыңғы тілік бар. Артқы жиегінде сыңарларда бір-бірінен бөлетін тар артқы тілік орналасқан. Мишық беті оның қыртысын құрайтын сұр зат қабатымен жабылған, бұл бетте бір – бірінен саңылаулармен – fissurae cerebelli - бөлінген тар қатпарлар, мишық жапырақшалары – folia cerebelli –түзіледі. Олардың ішінен ең тереңі – fissure horizantalis - мишықтың артқы жиегімен өтіп, сыңарлардың жоғарғы бетін – facies superior – төменгі бетінен – facies inferior бөліп тұрады. Мишықтың бүкіл беті горизонталды және басқа ірі жүлгелер арқылы бірнеше үлесшелерге, lobuli cerebelli, бөлінеді. Олардың ішінде ең оқшауланған, әрбір сыңардың төменгі бетінде, ортаңғы мишық аяқшасының артында орналасқан кішкентай бөлік – жырым, flocculus, бар. Құрттың жырыммен байланысқан, жіңішке жолақша медиалды жаққа қарай ай тәрізді табақшаға - төменгі ми желкеніне, velum medullare inferius, ауысады. Мишықтың ішкі құрылысы. Мишық қабатында ақ заттың арасында сұр заттың жұп ядролары жатады. Ортаңғы сызықтың бүйір жақтарында мишық шатырға, fastigium, батып тұрған жерде ең медиалды ядро –шатыр ядросы, nucleus fastigii, жатады. Ол латералды шартәрізді ядро, nucleus globosus, ал одан латералды тығынтәрізді ядро, nucleus emboliformis, орналасады. Жартышардың ортасында олива ядросына ұқсас, иірімді табақша тәрізді тісті ядро, nucleus dentatus, жатады. Оның олива ядросымен ұқсастығы кездейсоқ емес, ойткені екі ядро да өткәзгіш жолдармен fibrae olivocerebellares арқылы байланысқан да, бір ядроның иірімі екінші ядроның иіріміне тура келеді. Сөйтіп, екі ядро да тепе –теңдік қызметін атқаруға қатысады.Аталған мишық ядроларының аталған мишық ядроларының филогенездік уақыттары әр түрлі: nucleus fastii вестибулярлық аппаратпен байланысты мишықтық ең көне бөлігіне - floccus- ке (archicerebellum) –жатады; nuclei emboliformis et globosus тұлғаның қозғалыстарына тұлғаның қозғалыстарына байланысты пайда болған – ескі бөлігіне (paleocerebellum) жатады; nucleus dentatus – қол-аяқтарымен қозғалып жүруіне байланысты дамыған ең жаңа (neocerebellum) бөлігіне жатады. Сондықтан осы бөліктердің біреуі зақымданғанда әр түрлі кезеңіне сәікес келетін түрлі жақтары бұзылады, атап айтқанда: флоккулондулярлық жүйе мен оның шатырядролары зақымданғанда дененің тепе-теңдігі бұзылады. Құрт пен оған сәйкес тығын және шартәрізді ядролар зақымданғанда мойын мен тұлға бұлшықетінің қызметі; мишық сыңарлары мен тегіс ядролар зақымданғанда қол- аяқ бұлшықетінің қызметі бұзылады. Мишықтың ақ заты кесіндісінде әрбір қатпарға сәйкес келетін, шет жағынан сұр зат қыртысымен жабылған, ұсақ өсімдік жапырақшалары тәрізді. Нәтижесінде мишықтың кесіндісінде ақ және сұр заттың жалпы көрінісі ағашқа ұқсайды, сондықтан «тіршілік ағашы» деп аталады. Мишықтың ақ заты түрлі нерв талшықтарынан құралады. Олардығ кейбірі қатпарлар мен үлесшелерге байланыстырады, екіншілері қыртыстан мишықтың ішкі ядроларына барады, үшіншілері мишықты мидың көрші бөліктерімен байланыстырады. Бұл соңғы талшықтар үш жұп мишық аяқшалары құрамына кіреді. Төменгі аяқшалар, pedunculi cerebellares inferiores (сопақша миға барады). Олардың құрамында мишыққа мидың артқы жіпшелері ядроларынан tractus spenocerebellaris posterior, fibrae arcuatae externae және оливадан fibrae olivocerebellares барады. Алғашқы екі жол құрт пен сыңарлар қыртысында аяқталады. Сонымен қатар бұл жерден nucleus fastigii –де аяқталатын вестибулярлық нерв ядроларның талшықтары өтеді. Барлық осы талшықтардың арқасында мишық вестибулярлық аппарат пен поприоцептевті алаңнан импульстар алады, сол себепті ол мидың басқа бөліктерінің қозғалыс қызметін автоматты түзетіп отыратын проприоцевтивті сезімталдық ядросына айналады.Төменгі аяқшалар құрамында да төмен түсетін жолдар бар, олар кері бағытта өтеді. Атап айтқанда : cleus fastigii- ден латералды вестибулярлық ядроға, ал одан – жұлынның алдыңғы мүйіздеріне, tractus vestibulospinalis, барады. Мишық осы жол арқылы жұлынға әсер етеді. 2. Ортаңғы аяқшалар, Pedunculi cerebellares medii.олардың құрамында нерв талшықтары көпір ядроларынан мишық қыртысына барады. Көпір ядроларында пайда болатын мишық қыртысына өткізгіш жолдар, tractus pontocerebellaris, қиылыстан кейінгі көпір ядроларында аяқталатын қырытыс- көпір жолдарының жалғасы болып табылады. Бұл жолдар үлкен ми қыртысымен мишық қыртысын байланыстырады, үлкен ми неғұрлым дамыған болса, көпір мен мишық сыңарларының соғұрлым дамуы осымен түсіндіріледі. Мұндай жағдай адамда байқалады. 3.Жоғарғы аяқшалары ,pedunculi cerebellares superiores. Олар екі бағытта өтетін нерв талшықтарынан тұрады: а) мишыққа, tractus spinocerebellaris anterior және ә) мишықтың тісті ядросынан ортаңғы ми жамылғысына, tractus cerebellotegmentalis, ол қиылыстан кейін қызыл ядро мен таламуста аяқталады. Біріншімен жұлыннан мишыққа импульстар келеді, екіншімен мишық экстрапирамидалық жүйеге импульстар жіберіп, сол жүйе арқылы өзі жұлынға әсер етеді.