БРОНХТАР 1 страница

Кеңірдектің кеуделік бөлігі 5 ші кеуде омыртқаның жоғарғы жиегінің тұсында оң және сол бронхтарға БРОНХИ ПРИНЦИПАЛЕС бөлінеді.

Оң басты бронх БРОНХУС ПРИНЦИПАЛЕС ДЕКСТЕР кеңірдектің тікелей жалғасы болғандықтан , тіктеу , өту жолы кең және қысқа 6-8 жартылай сақиналы шеміршектерден тұрады. Оң басты бронх ұзындығы шамамен 9 смдей.

Сол басты бронх БРОНХУС ПРИНЦИПАЛИС СИНСИТЕР оң басты бронхтарға қарағанда бұрыш құрап Ұзындау және жіңішкелеу келіп 9-12 сақиналы шеміршектерден тұрады.

Оң басты бронх доға тәрізді иіліп , жоғарғы қуыс венаға В КАВА СУПЕРИОР бағытталған сыңар венамен В, АЗУГОЗ бен шектесіп , сол басты бронхтың жоғарғы беті қолқа доғасымен АРКУС АОРТЕ беттесіп орналасқан

 

56. өкпенің құрылымдық- функционалді бірлігі.

Өкпе ПУЛЬМО тыныс алу жүйесінің негізігі мүшесі. Ол куде қуысының КАВУМ ТОРАКИС өкпеқаптың ішінде орналасқан жұп мүше. Өкпенің сыртқы пішіні кесілген конус тәрізді , екі өкпенің өкпе ұшы АПЕКС ПУЛЬМОНИС және өкпе негізі БАЗИС ПУЛЬМОНИС алдынан қарағанда : І қабырғадан 3-4 см немесе бұғана сүйегінен 2-3см жоғары орналасады, артқы бетінен қарағанда , ол УІІ мойын омыртқаның көлденең өсіндісіне тұспалас орналасады. Өкпе негізі БИЗИС ПУЛЬМОНИС жалпак көкетпен беттесіп орналасады. Екі өкпенің дөңестеу келген қабырғалық беті ФАЙИЕС КОСТАЛИС ойыстау келген төменгі көкеттік беті ФАЙИЕСДИАФРАГМАТИКА және көкірекаралық беті ФАЦИЕС МЕДИАСТИНАЛИС ажыратылады. Сонымен қатар , екі өкпе беттерінің бір-бірімен өзара беттескен жерінде өткірлеу келген алдыңғы жиегі МАРГОАНТЕРИОР төменгі жиегі МАРГО ИНФЕРИОР доғалдау келіп вертикальді орналасқан артқы жиегі МАРГО ПОСТЕРИОР ажыратылады.

Өкпенің қабырғалығ беті ФИЦИЕС КОСТАЛИС дөңестеу келіп қабырғалардың ішкі бетімен және қабырғааралық бұлшықеттермен беттесіп орналасқандықтан, қабырғалардың батыңқылары айқын байқалады.

Өкпенің медиальді беті ФИЦИЕС МЕДИАЛИС ойыстау келіп артында омыртқалық бөлікке ПАРС ВЕРТЕБРАЛИС алдында көкірекаралық бөлікке ПАРСМЕДИАСТИНАЛИС бөлінеді. Медиальді бетінің ортаңғы бөлігінде өкпе батыңқысы немесе өкпе қақпасы ХИЛУС ПУЛЬМОНИС орналасқан.

 

 

58.Өкпенің құрылысы және қызметі.Өкпенің шекаралары.

----Өкпенің алдыңғы жиегі МАРГО АНТЕРИОР ол өкпенің қабырғалық беті мен ФИЦИЕС КОСТАЛИС көкірекаралық бетінің ФАЦИЕС МЕДИАСТИНАЛИС аралығында орналасқан. Сол өкпенің алдыңғы жиегі , ойыса келе , жүректік тілікті ИНЦИЗУРА КАРДИАКА құрап , өкпенің төменгі диегіне жалғасады.

-----Өкпенің төменгі жиегі МАРГО ИНФЕРИОР өкпенің қабырғалық беті ФАЦИЕС КОСТАЛИС пен көкірекаралық бетін ФАЦИЕС МЕДИАСТИНАЛИС көкеттік бетінен ФициесфИАФРАГМАТИКА бөледі.

-----Өкпенің артқы жиегі МАРГО ПОСТЕРИОР омыртқа бағанасының бүйір қапталында өкпе ұшынан ХІІ қабырғаның басына дейінгі аралықта , вертикаль бағытта орналасқан. Сонамен қатар екі өкпенің бетінде қиғаш саңылау ФИССУРА ОБЛИГУА мен горизантальді саңылау ФИССУРА ХОРИЗОНТАЛИС орналасқан.

 

Екі өкпенің көкірекаралық бетінің ортаңғы бөлігінде өкпенің қақпасы ХИЛУС ПУЛЬМОНИС орналасқан. Өкпе қақпасы арқылы өкпенің терең қабатына өкпенің басты бронхтары БРОНХИ ПРИНЦИПАЛИС пен өкпе артериялары АА.ПУЛЬМОНАЛИС ДЕКСТРА ЕТСИНИСТРА және өкпе нервтері өтіп , өкпе қақпасынан кері бағытта өкпе веналары мен лифа тамырлары шағады. Өкпе қақпасы арқылы өтетін анатомиялық құрылымдар жиынтығы өкпе түбірі РАДИКС ПУЛЬМОНИС деп аталады.

--------Оң өкпе қақпасы ХИЛУС ПУЛЬМОНИС ДЕКСТРА сол өкпе қақпасына қарағанда қысқа және көлемді. Ол У кеуде омыртқасы мен ІІ қабырғаның аралығында орналасқан. Оң өкпе қақпасында, жоғарыда оң басты бронх, БРОНХУС ПРИНЦИПАЛИСДЕКСТРА оның астында өкпе артериясы а.ПУЛЬМОНАЛИС одан төменірек өкпе веналары ВВ.ПУЛЬМОНАЛЕС орналасқан.

---------Сол өкпе қақпасының ХИЛУС ПУЛЬМОНИС СИНИСТРА жоғарғы жағында өкпе артериясы а.ПулЬМОНАЛИС төменірек сол басты бронх БРОНХУСПРИНЦИПАЛИС СИНИСТРА Одан төменірек өкпе веналары ВВ.ПуЛЬМОНАЛЕС орналасқан.

 

 

59 .Оң және солжақ өкпетүбінің анатомиясы және топографиясы, сол өкпенің оңнан айырмашылығы

Өкпенің топографиясы:

Өкпенің ұщы АПЕКС ПУЛЬМОНИС алдынан қарағанда бұғана сүйегінен 2см , бірінші қабырғадан 2-3см жоғары орналасса, артқы жағы УІІ мойын омыртқаның көлденең өсіндісіне тұспалас орналасқан.

Оң Өкпенің скелетопиясы:

------Оң өкпенің алдыңғы жиегі МАРГО АНТЕРИОР оң өкпенің қабырғалық беті мен көкірекаралық бетінің бір –біріне ұласқан жерінде өткірлеу болып орналасқан. Ол оң өкпенің ұшынан төс-бұғана буынның АРТ.СТЕРНОКЛЯВИКУЛЯРИС артқы бетіне қарай қиғаш өтіп , одан әрі вертикаль бағытта орталық сызықтың ЛИНЭ МЕДИАНА бойымен төмен бағытта, оң УІ қабырға шеміршегінің тұсында оң өкпенің төменгі жиегіне жалғасады.

-------Оң өкпенің төменгі жиегі МАРГО ИНФЕРИОР оң өкпенің қабырғалық беті мен көкеттік бетінің өзара бір-бірімен беттескен жерінде өткірлеу келіп, жартылай шеңберлі горизонталь бағытта орналасқан. Ол , Оң өкпенің алдыңғы жиегінің тікелей жалғасы , орталық сызықтың бойында, УІ қабырғаның шеміршектік бөлігімен қиылысқан жерінен басталып , төмен жйне латеральді өтіп , алдыңғы қолтық сызығында ЛИНЭАКСИЛЯРИС АНТЕРИОР УІІ қабырғаны, ортаңғы қолтық сызығында ЛИНЭАКСИЛЯРИС МЕДИА УІІІ қабырғаны артқы қолтық сызығында ЛИНЭ АКСИЛЯРИС ПОСТЕРИОР ІХ қабырғаны , жауырын сызығында ЛИНЭ СКАПУЛЯРИС, Х қабырғаны кесіп өтіп , омыртқа жанындағы сызықта ЛИНЭ ПАРАВЕРТЕБРАЛИС ХІ қабырғаның тұсында оң өкпенің артқы жиегіне жалғасады.

------- Оң өкпенің артқы жиегі МАРГО ПОСТЕРИОР оң өкпенің қабырғалық беті мен көкірекаралық бетінің түйіскен жерінде , Оң ІІ қабырға басының тұсынан ХІ қабырғаның мойнына дейінгі аралықта вертикал бағытта орналасқан.

Сол өкпенің склетопиясы :

Оң өкпенің склетопиясына ұксас.

-------Сол өкпенің алдыңғы жиегі МАРГО АНТЕРИОР сол өкпе ұшынан төмен және медиальді төс-бұғана буынның АРТ.СТЕРНОКЛЯВИКУЛЯРИС артқы бетіне қарай өтеді. Одан әрі оң өкпенің алдыңғы жиегімен параллель ІУ қабырғаның шеміршектік бөлігіне дейін өтеді . Сол өкпенің алдыңғы жиегі ІУ қабырғаның тұсында , шұғыл сол жаққа қарай бұрылып , сол қабырғаның шеміршектік бөлігінің төменгі жиегін горизонтальді өтіп, сол төс жанындағы сызықта ЛИНЭ ПАРАСТЕРНАЛИС төмен иіліп, жүректік тілікті, ИНЦИЗУРАКАРДИАКА құрап ,ІУ қабырғаның тұсында, сол өкпенің төменгі жиегіне жалғасады.

------Сол өкпенің төменгі жиегі МАРГО ИНФЕРИОР оң өкпенің төменгі жиегінен айырмашылығы, бір қабырға төмен орналасқан. Омартқа жанандағы сызықта ЛИНЭПАРАВЕРТЕБРАЛИС сол өкпенің артқы жиегіне жалғасады.

 

ЕКІ ӨКПЕНІҢ ҰШЫ МЕН АРТҚЫ БЕТТЕРІ БІР-БІРІНЕ СӘЙКЕС ОРНАЛАСҚАН , АЛДЫҢҒЫ ЖӘНЕ ТӨМЕНГІ БЕТТЕРІНІҢ СӘЙКЕС КЕЛМЕУІ ОҢ МЕН СОЛ ӨКПЕ КӨЛЕМІНІҢ ӨЗГЕШЕЛІКТЕРІНЕ ТІКЕЛЕЙ БАЙЛАНЫСТЫ.

 

 

60 .Плевра: бөлімдері, шекаралары, плевра қуысы, плевра синусы, олардың маңызы.

Өкпеқап:

Өкпенің сыртқы бетін жауып орналасқан тұйық сірлі қабық , өкпеқап ПЛЕУРА деп аталады. Топографиялақ орнына қарай қабырғалық немесе париеталды өкпеқап ПЛЕУРА ПАРИЕТАЛИС және мүшелік немесе висцеральды өкпеқапқа бөлінеді.

------Висцералды өкпеқап ПЛЕУРА ВИСЦЕРАЛИС өкпе паренхимасының сыртқы бетін тығыз жауып орналасқандықтан висцеральды ПЛЕУРА ПУЛЬМОНАЛИС деп аталады. Висцеральды өкпеқап өкпе қақпасының тқменгі қапталының тұсында бүктеліп, вертикальді бағытта көкетке өтіп , өкпелік байламды ЛИГ.ПУЛЬМОНАЛИС құрап, париеталды өқпеқапқа ПЛЕУРА ПАРИЕТАЛИС жалғасады.

--------Париеталды өкпеқап ПЛЕУРА ПАРИЕТАЛИС ол өкпенің сірлі қабығының сыртқы табақшасы болып саналады. Париетальды өкпеқаптың сыртқы беті, кеуде қуысы қабырғаларының ішкі бетін жауып орналасқан , , тұйық ішкі кеуделік шандырмен ФАСЦИА ЭНДОТОРАЦИКА тығыз байланысып , өкпеқапқуысына қараған беті сірлі сұйықтықтыбөлетін мезотелий жесушаларымен көмкерілген

Өкпеқап қуысы:

Париетальды және висцеральды бөліктерінің арасындағы саңылау өкпеқап қуысы КАВУМ ПЛЕУРАЛИС деп аталады. Тыныс ал у кезінде сұйықтық өкпенің сірлі қабық аралығындағы үйкелісті жеңілдеті қызметін атқарады.. Сонамен қатар инспираторлық күш пен өкпенің талшықтты тінінің әсерінен өкпеқап қабықтарының бір-біріне беттісін қамтамасыз етіп, өкпеқап куысында теріс қысымның пайда болуына байланысты өкпенің тыныс алу кезінде еркін жазылып , еркін қазғалуына ықпал етеді. Өкпеқаптың жоғарғы бөлігі мойын аймағына өтіп , өкпенің ұшымен беттесіп , өкпеқап күмбезін КАПУЛЯПЛЕУРЭ құрайды. Париетальды өкпеқап орналасуына қарай : Қабырғалық ПЛЕУРАКОСТАЛИС, көкеттік ПЛЕУРА ДИАФРАГМАТИКА және көкірекаралық ПЛЕУРАМЕДИАСТИНАЛИС болып бөлінеді.

Өкпеқаптың шекарасы.

Өкпеқап бауырмен тұспалас орналасуына байланысты ассиметриялық жағдайда , оң өкпеқап сол өкпеқапқа қарағанда жалпақ және қысқа. Өкпеқаптың алдыңғы , артқы, төменгі жиектері біркелкі орналаспаған.

---- Екі өкпеқаптың жиегі , қабырғалық өкпеқаппен шекарасы бірдей омыртқа бағанасының бойында сәйкес келіп , өкпеқаптың күмбезі КАПУЛЯ ПЛЭУРА мен 12 қабырға басының аралығында бойлық орналасқан.

----- Өкпеқаптың алдыңғы жиегі оң және сол жағында бірдей , өкпенің ұшынан АПЕКС ПУЛЬМОНИС Төмен медиальді бағытта өтіп, төс-бұғана буынының АРТИКУЛЯЦИОСТЕРНОКЛЯВИКУЛЯРИС аотқы бетіне өтеді. Одан әрі параллель бағытта 2 қабырғадан 4 қабырғаға дейін төмен өтеді.

------Оң өкпеқаптың алдыңғы жиегі , төс- бұғана буынының артқы бетінің тұсынан , алдыңғы орталық сызықтан ЛИНЭ МЕДИАНА антериор оң қапталының бойымен тік бағытта төс сүйегінің тұтқасы мен денесінің аралығына дейін өтеді . Одан әрі , төмен тік бағытта 6-7 қабырғалардан немесе төс сүйегінің семсертәрізді өсіндіден ПРОЦЕССУСХИПОИДЕУС төмен оң жаққа өтіп , оң өкпеқаптың төменгі жиегіне жалғасады

Сол өкпеқаптың алдыңғы жиегі , оң өкпеқаптың алдыңғы жиегі саяқты , төс-бұғана буынның артқы қапталының тұсынан төмен төс сүйегінің сол қырының бойымен 4-қабырғаның шеміршектік бөлігіне дейін өтеді. Сол 4 қабырғаның тұсында , жүректік тілікті ИНЦИЗУРА КАРДИАКА құрап , төмен өтіп 6 қабырға шеміршегінің тұсында сол өкпеқаптың төменгі жиегіне ұласады.

------Оң өкпеқаптың төменгі жиегі , оң өкпеқаптың алдыңғы жиегінің тікелей жалғасы. Ол төмен латеральді өтіп , емшектік сызықта ЛИНЕ МАММИЛЯРИС 7 қабырғаны , ортаңғы қалтық сызықтын, ЛИНЭ АКСИЛЯРИС МЕДИАНА 9 қабырға кесіп өтіп , одан әрі горизонтальді бағытта 10-11 қабырғаны кесіп өтіп 12 қабырға басының тұсында өкпеқаптың артқы жиегіне жалғасады.

------Сол Өкпеқаптың төменгі жиегі. Оң өкпеқаптың төменгі жиегіне қарағанда , жағарда көрсетілген сызық бойынша бір қабырға төмен орналасып , оң 12 қабырға басының тұсында өкпеқаптың артқы жиегіне жалғасады.

Өкпеқаптың қойнаулары СИНУСТАРы:

------Өкпеқап синустары немесе қойнаулары РЕККЕСУС ПЛЕУРАЛИС деп париетальды және висцеральды өкпеқаптың аралығындағы қуыс. Екі өкпеқаптың Түйіскен жерінде орналасқан кең қабырға-көкет қойнауы РЕККЕСУСКОСТАДИАФРАГМАТИКУС

Қабырға-көкірекаралық қойнау РЕККЕСУС КОСТОМЕДИАСТИНАЛИС , ол сол өкпенің алдыңғы жиегінің жүректік тілігінің ИНЙИЗУРА КАРДИАКА бойында орналасқан.

 

60. Көкірекаралық. Базель жіктемесі бойынша бөлімдері, көкірекаралықтың ағзалары, олардың топографиясы. Көкірекаралық Париж номенклатурасы бойынша.

Көкірекаралық МЕДИАСТИНУМ екі өкпеқап аралығында орналасқан мүшелер жиынтығы.

Көкірекаралық МЕДИАСТИНУМ алдынан төспен , артынан –омыртқа жотасының бөлігімен, бүйірінен – оң және сол көкірекаралық өкпеқаппен шектелген. Көкірекаралық жағарыдан кеуде торының жоғарғы апертурасыныңа, төменнен көкетке дейін жетеді. Қазіргі уақатты көкірекаралықты шартты түрде жағарғы және төменгі бөліктерге бөледі. Доғарғы көкірекаралық МЕДИАСТИНУМ СУПЕРИУС төс сабын 4-5 кеуде омыртқаларымен қосатын шартты көлденең жазықтықтан жоғары орналасады. Жоғарғы көкірекаралықта тимус, оң және сол иықбас веналары, жоғарғы қуыс венаның жоғарғы бөлігі, қолқа доғасы мен одан тармақталған тамырлар , кеңірдек, өңештің жоғарғы бөлігі , кеуде түтігінің сәйкес бөлігі , оң және сол симпатикалық сабау, көкеттік нерв орналасқан.

Шартты горизонтальды жазықтықтан төмен төменгі көкірекаралық МЕДИАСТИНУМИНФЕРИУС орналасады. Ол3 ке бөлінеді: Алдыңғы , ортаңғы, артқы.:

--------Алдыңғы МЕДИАСТИНУМ АНТЕРИУС алдынан төс сабы мен артынан жүрекқаптың алдыңғы қабырғасының аралығында орналасып, құрамында ішкі кеуде тармақтары , төс мңындағы , алдыңғы көкірекаралықтық және жүрекқапалды лимфа түйіндері орналасады.

-------Ортаңғы Көкірекаралықта МЕДИАСТИНУМ МЕДИУМ ішінде жүрек және ірі қан тамырлардың жүрекқап ішкі бөлімдері орналасқан жүрекқап , басты бронхылар, өкпе артериясы мен венасы, көкеттік нерв пен қосарланып жүретін көкетжүрекқаптық тамырлар, төменгі кеңірдек- бронхтық және латеральді жүрекқаптық лимфа түйіндері болады.

-------Артқы көкірекаралық МЕДИАСТИНУМ ПОСТЕРИУС алдынан жүрекқаптың қабырғасымен және артынан омыртқамен шектелген . Артқы көкірекаралықтың мүшелеріне төмендеген қолқаның кеуделік бөлігі, сыңар және жартылай сыңар веналар, оң және сол симпатикалық сабудың , ішкі мүшелік нервтердің , кезбе нервтін, өңештің, кеуде түтігінің сәйкес бөлімдері , артқы кқкірекаралық және омыртқа алдындағы лимфа түйіндері жатады.

 

Клиникалық практикада Базель номенклатурасыбойынша көкірекаралық алдыңғы кк МЕДИАСТИНУМ АНТЕРИОР және төменгі кк МЕДИАСТИНУМ ПОСТЕРИОР бөлінеді.

------Алдыңы кк-қажүрекжәне жүрекқабы ПЕРИКАРДИУМ , жүрекке кіретін жіне шығатын ірі артериялар мен вена қантамырлары, тимус , көкет нерві ПРЕНИКУМ, көкет-жүрекқап қантамырлары және жоғарғы көкеттік , көкірекаралық лимфа түйіндері орналасқан.

-----Артқы кк-та, өңеш, кеуде қолқасы, кеуде түтігі, ДУКТУС ТОРаЦИКУС , сыңар және жартылай сыңар веналар ВВ.АЗУГОЗ ЕТ ХЕМИАЗУГОЗ кезбе нерв Н.ВАГУС, оң және сол симпатикалық сабау, ТРУНЦИСИМПАТИЦИ ДЕКСТЕР ЕТ СИНИСТЕР және артты кк , алдыңғы омыртқалық лимфа түйіндері орналасқан.

 

 

61. Бүйрек топографиясы, бүйректің капсуласы, ішастарға қатынасы. Бүйректің фиксациялық аппараты.

Бүйрек РЕН грекше НЕФРОЗ жұп экскреторлық мүше. Бүйректің сыртқы пішіні бұршақтәрізді, құрамы тығыз. Ересек адамдардабүйрек көлемі: бүйректің ұзындығы 10-12 см көлденең ені 5-6 см қалыңдығы 3-4 см Орташа салмағы 120 гТүсі қою-қызыл

Бүйрек топографиясы: Бүйрек іші куысының артқы қабырғасында , омыртқа бағанасының бүйір қапталында ХІІ кеуде омыртқа мен жағарғы екі бел омыртқалардың аралығында , ішастардың артқы қапталында, бүйректік қалтада орналасқан. Оң бүйрек бауырдың оң үлесімен жақын беттесіп орналасуына байланысты сол бүйрекке қарағанда 1-1,5 см төмен орналасқан. Проксимальды ұшы ЕКСТРЕМИТАС СУПЕРИОР ХІ қабырғаның тұсында , дистальді ұшының ЕКСТРЕМИТАС ИНФЕРИОР орналасуы тұрақсыз., жалпымықын сүйегінің қырынан 3-5 см жоғары орналасқан.

Бүйректің қабықтары:

----Бүйректің сыртқы беті фиброзды қабықпен КАПСУЛЯ ФИБРОЗА жабылған. Қабықбүйрек паренхимасынан жеңіл сылынып алынады.. Құрылысы: дәнекер тінді талшықтардан және біріңғай салалы бұлшақеттерден құралған.

----- Майлы қабық КАПСУЛА АДИПОСА бүйректің фиброзды қабығының сыртында орналасқан. Майлы қабық бүректің артқы бетінде жақсы дамыған, ол бүйрек майын КОРПУС АДИПОСУМ түзеді. Майлы қабығы қалыңдығының күрт азаюынан бүйрек қазғалмалы келеді.

-----Бүйрек шандыры ФАСЦИА РЕНАЛИС екі бүйрекке ортақ, ол майлы қабықтың сыртқы бетін жауып бүйрекалды және бүйрекарты екі табақшадан тұрады. Бүйрек шандырының бүйрекалды табағы алдынан сол бүйректі , бүйрек тамырларын, құрсақтық қолқаны, төменгі қуыс венаны жауып, омыртқаның алдынан өтіп , оң бүйрекке жалғасады. Бүйрек шандырының бүйрекартытабағы оң және сол жақтарынан омыртқа жотасының бүйір бөлігіне бекиді. Бұл екі табақшаның төменгі ұштары өзара байланыспайды. Бүйрек шандыры талшықты дәнекер тінді жіпшелер арқылы бүйректің фиброзды қабығымен байланысады.

Бүйрек шандырының бүйрекалды табағының алдында париеталды ішастар орналасқан. Бүйрек ішастармен экстраперитоеалды жабылған.

Бүйректің фиксациялық аппараты

Бүйректің қалыпты жағдайда бір деңгейде орналасуы келесі факторларға тікелей байланысты:

----Бүйрек орнына , белдің үлкен бұлшықеті , М:ПСОАС МАЙОР мен белдің шаршы бұлшықетінен М:ГУАДРАТУС ЛЮМБОРУМ түзілген

----Іш қуысы, көкет және шаттың бұлшықеттің жиырылуы нәтижесінде пайда болатын құрсақтық қысымға.

----- Бүйрек аяғына: бүйрек қантамырлары, нервтері, лимфа тамырлары, бүйрек түбегі немесе несепағар

----Бүйрек қабықтары әсіресе бүйрек шандырына

----- ішкімүшелермен тығыз жанасып орналасуына

-----ішастар байламдарына

Бүйректің фиксациялықаппаратының күрделігіне қарамастан, тыныс алу кезінде 2-5см ауытқуы байқалады.

 

62. Бүйректің микроструктурасы. Бүйректің құрылымдық функционалдық бірлігі.

Бүйректің сегменттік құрылысы және қантамырларерекшеліктеріне байланысты бүйрек затын 5 сегментке бөлуге болады. Сегменттері: Жоғарғы сегмент СЕГМЕНТУМСУПЕРИУС Жағарғы алдыңғы СЕГМЕНТУМ АНТЕРИУССУПЕРИУС Төменгі алдыңғы сегмент СЕГМЕНТУМ АНТЕРИУС ИНФЕРИУС және артқы сегмент СЕГМЕНТУМ ПОСТЕРИУС ажыратылады.

Әрбір сегмент2-3 бүйрек үлестерін ЛОБУС РЕНАЛИС қосады. Құрамына:бүйрек бағанларында орналасқан үлесаралық артериялар мен веналармен шектелген бүйрек пирамидасы және оған тұспалас орналасқан қыртыс заты кіреді. Қыртыс заттың әрбір бүйрек үлесіне 600гн жуық қыртыс үлесшелері ЛОУЬУЛЮС КОРТИКАЛИС кіреді.