Гастриттер

Гельминтоздар

Гельминттер дегеніміз адам мен жануарлар денесінде паразиттік өмір сүретін құрттар. Осы құрттардың шақырған аурулары гельминтоздар деп аталады. Гельминттер улы заттар бөлу арқылы әртүрлі аурулы жағдайларға ұшыратады: ішегінің қызметін бұзады, зат алмасуын бұзады, организмде аллергия тудырады, гельминттер көбейіп кетсе ішек түйілуі мүмкін /непроходимость/. Балаларда гельминтоздардың арасында аскаридоз және энтеробиоздар жиі кездеседі.

Аскаридоз-ұзындығы 25-40 см болатын аскаридалармен шақырылады. Аскаридалар ащы ішекте өмір сүреді, жұмыртқалары үлкен дәретпен сыртқа шағады да, баланың аузына кір қол, су, жеміс-жидектор, көкөністер арқылы түсіп ішекке барады. Ішекте жұмыртқадан личинка шығып қанға өтеді, қанмен жүрекке, өкпеге өтіп альвеолаларға түседі, альвеолаладан қақырық арқылы қайта асқазан-ішек жолдарына түседі. Осында өсіп-жетіледі.

Клиникасы: Аурудың айқындалуы-личинкалар қанда болғанда бала әлсіздік сезініп, кейде жөтеліп, үстіне бөртпе шығуы мүмкін.

Аскаридалар ішекте болған кезде баланың жалпы жағдайы бұзылып, жүрегі айнып, іші ауырып, тәбеті төмендеп, шаршағыш болады, салмағы кемиді.

Энтеробиоз-кішкене жұмыр, ұзындығы 4-12 мм болатын ішек құрты-острицалармен шақырылады. Острицалар тоқ ішекте өмір сүреді, ұрғашылары түнде анустың айналасындағы қатпарларға шығып жұмыртқа салады. 5-6 сағаттан кейін бұл жұмыртқалар өсіп-жетіледі, бала құйрығын қасыған кезде тырнақтың астына жиналады да, қолын жумай тамақ ішкенде өзіне-өзі қайта жұқтырады-аутоинвазия.

Клиникасы: Баланың іші ауырады, құйрығы қышиды, ұйқысы бұзылады, тәбеті төмендейді.

Гельминтоздардың диагностикасы: Нәжісті гельминттер жұмыртқасына тексереді, тік ішектен және анустың айналасынан қырынды алынады.

Емі және күтімі:

1.Баланың тырнақтарын қысқа етіп алып тастау керек, іш киімін, төсегін жиі ауыстырып, жуып, үтіктеп тұру керек.

2.Ауырған баланың жанұясындағы барлық мүшелерін тексеріп, емдеу керек.

3.Гельминттерге қарсы дәрілер беру-пиперазин адипинатын, декарис, вермокс, гельминтокс т.б. жасына байланысты тағайындау.

4.Оттегімен емдеу /оттегіні асқазанға немесе тік ішекке жіберу/.

Алдын алуы:

1. Жеке бас гигиенасын мұқият сақтау.

2. Шыбындармен күресу.

3. Жуылмаған жеміс-жидектерді, көкөністерді жемеу.

4. Тұрақты мерзімінде тамақ өнеркәсібі, тамақ дүкендері, балабақша, бала ауруханалары, перзентхана, бала үйлері жұмысшыларын гельминттерге тексеріп тұру.

5. Балаларды коллектике жіберерде және жылына 2 рет гельминттерге тексеру. Ауру балалар табылғанда дереу емдеу.

Гастрит-асқазанның шырышты қабатының қабынуы.

Этиологиясы. Әдетте жедел ағымды гастриттің дамуында экзогендік жайлардың маңызы бар; токсикалық инфекциялар, тамақтану бұзылыстары (режим, рацион жайы, пісіп жетілмеген көкөністер, майлы, тәтті, көпклеткалы тағамдарды мөлшерден тыс қабылдау, өте ыстық не өте салқын, қорытылуы ауыр не жағымсыз тағамдар, кейбір тағамдардың жақпауы (аллергиялық сезімталдық).

Клиникалық көрінісі:ауру өте жылдам, кейде кенет басталуы мүмкін, алдында бала аз уақыт мазасызданады — енжарлық қалтырау, лоқсу, асқазан толу сезімі, сілекей ағуболады.. Бұған қоса бас ауыру, бас айналу, тәбеттің жоғалуы, іш бүріп, қайталап құсу болады. Ұзақтығы-2-5 күн. Инфекциялық гастритте улану белгілері, дене қызуының көтерілуі, сусыздану байқалады. Ұзақтығы-7-10 күн.

Диагностикасы:

1) Этиологиясын анықтау (инфекциялар, тамақтану кемістіктері).

2) Гастроскопия (шырышты қабаттарының алқызыл түсі, ісінуі, геморагиялар мен эрозиялар).

3) Клиникалық белгілері.

4) Инфекциялық аурулармен, хирургиялық аурулармен ажырату диагностикасы.

Емі;

1. Асқазанды тағам қалдықтарынан тазарту (1 ас содасы, ас тұзының изотоникалық ертіндісі, минералды не жылы сумен тазарғанша шайып-тазарту).

2. Ішектегі тазалау (тазалау клизмасы)

3. Төсек режимі (1-3 күнге)

4.Ішке жылу басу (қозғалыс және сөл шығару қызметінің бұзылысын қалпына келтіру үшін)

5.Сұйық (суық чай, лимон қосылған қайнаған су, 5-тік глюкоза, Рингер сұйығы, қоңыр итмұрын (шиповник) тұнығы. Қажетті сұйық мөлшерін жасы мен жоғалған дене салмағына қарай толтырады; сұйық вена арқылы жіберіледі (инфузия).

6. №1 диетаға ауыстырады. Қалыпта тамақтануға көшіру 1-2 аптаға созылуы тиіс.

7. бактерияларғақарсы ем тағайындалады;

8. ферменттер,

9. С мен В (В1В2В3) тобыныңвитаминдері;

10. ас тұзыныңизотоникалық, глюкозаның 5 ертіндісі,

11. керекжағдайда плазма қолданылады.

Алдын алу-тамақтану гигиенасы тәртібін қатаң сақтау (жеке және қоғамдық); қосалқы созылмалы инфекция ошақтарынан дер кезінде тазатрып-сауықтыру; гельминттерден арылту; асқазан-ішек жұмысын қалыпқа келтіру шаралары; дәрі-дәрмектер қабылдауға ұқыпты қарау; балалардың соматикалық ауруларын дер кезінде анықтап әрі мұқият емдеу.

 

Асқазан мен 12 елі ішектің созылмалы аурулары.Гастродуодениттер.

Ас қорыту, функционалдық бірыңғайлығына қарай созымалы гастрит пен дуоденит көбінесе аралас гастродуоденит түрінде байқалады.

Созылмалы қабыну қарын мен 12 елі ішектің шырышты қабатындағы дистрофиялық өзгерістерімен білінеді.

Этиологиясы мен патогенезі өте күрделі, әлі толық зерттелмеген. Соңғы кезге дейін бұл дерт асқорыту жүйесінің қарын-12 елі ішек бөліміндегі инфекциялық емес қабынуы деп қарастырылап келді.

Австралия зерттеушілері (Уоррен Маршал 1983) ашқан жаңалық ( олар осы ағзалардың шырышты қабатынан Грам-теріс-Gelicobacter pyloris-микробтар бөліп шығарып, өздеріне тәжірибе жасады) бұл аурулардың этиологиялық және патогенетикалық жайларына көзқарасты мүлдем өзгертуге негіз болды.

Созылмалы гастродуоденит дамуына себепші жағдайлар;

1. Алиментарлық жағдай. Сәбилік жастан бастап әр адамға қарын-ішек секрециясына сай тамақ стереотипі қалыптасады; сондықтан тамақты қабылдаудың дұрыс тәртібін (режимі) сақтаудың мәні зор. Ретсіз, сирек тамақтану асқазан секрециясын бұзып, өзінің шырышты қабаттарына қышқыл пепсин факторының зиянды (агрессивті) әсерін жоғарылатады Тамақтанудың сандық және сапалық кемістігінің де мәні көп өзгерткені де анық.

2. Тағамдық аллергия. Оның созылмалы гастриттер дамуында елеулі үлесі бар,

3. Дәрі-дәрмектер. Асқазан шырышты қабатына дәрі-дәрмектер тікелей әсер етеді. Бұлардың ішінде агрессиялық әсері көп салицил қышқылы, дигиталис дәрілері, сульфаниламид, тетрациклин, глюкокортикоид т.б. ерекше атаған жөн. Өзгеріс беткейлік қабынудан, эрозия, жараға дейін болуы ықтимал. Кейде гемморагиялық гастрит дамып, асқазаннан қан кетуі байқалады. Созылмалы гастрит дамуында дәрі-дәрмектерді ұзақ, әрі қайталап қабылдаудың зиянды мәні бөлек.

4. Инфекциялық әсерлер. Қазіргі кезде бұл жағдайлар себеп-салдар ретінде көрнекті орын алып отыр (созылмалы гастродуодениттің 50% , ал ойық жара ауруларында бұдан да жоғары 84%). Аурудың асқазан шырышты қабаты биоптатынан 1983 жылы алғаш бөліп шығаралған Грамм-теріс (Gelicobacter pylori) таяқшасының бұл аурулар дамуына өте көп әсер тигізері дәлелденіп отыр.

Клиникалық көрінісіне полиморфизм тән.

1. Ауырсыну синдромы; іштің жоғарға тұсы, тамақ ішкен соң бірден аз не анық. Бірақ қысқа мерзімді болса, беткейлік гастритке тән.

2. Диспепсиялық синдром; «сасық” кекіру, ауыздан жағымсыз иіс байқалады.Лоқсу, құсу, ішек бұзылыстары (көбіне іш қатуы) болуы мүмкін.

Пальпациялық көріністер;ауырсыну сезімі эпигастрий аумағында толық байқалады.