Президенті 2 страница

1. «Аль-Каида», сонымен қатар «Каида», «База», «Ислам әскері», «Еврей мен крестоностарға қарсы дүниежүзілік жихад ислам фронты», «Киелі жерлерді азат ету Ислам әскері», «Усама бен Ладен ұйымы», «Ислам құтқару қоры», «Киелі жерлерді қорғау тобы» материалдық, қаржылық мүмкіндіктері бар лаңкестік ұйым болып саналады.

Халықаралық террорист Усама бен Ладенмен 1990 жылы Ауғанстанда кеңес әскере қарсы күрескен моджахедтерді қолдау және 1996 жылдан бастап, У.б.Ладенмен АҚШ, Израиль және олардың одақтастарына қарсы «қасиетті соғыс» (жихад) жарияланды.

1998 жылы 7 тамыз Найроби қаласында (Кения) және Дар-эс-Салам қаласында (Танзания) американдық елшіліктердегі жарылыстарды, 2000 жылы қараша айында Йеменде «Коул» американдық эсминціне шабуылды, сонымен қатар АҚШ-та 2001 жылғы 11 қыркүйектегі террорлық актіні қоса алғанда, ең ірі террорлық актілер «Аль-Каиданың» есебінде.

«Аль-Каиданың» басты мақсаты-исламдық және көптеген исламдық емес мемлекеттердің аумақтарын біріктіретін, утопиялық мемлекеттін орнату арқылы бүкіл әлемде исламдық тәртіпті орнату.

Бұл топты АҚШ-тың Құпия барлау қызметі Кеңес одағына қарсы күрес үшін құрғанын мәлімдегенін еске саламыз.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесімен «Аль-Каида» террорлық ұйым деп танылып және сәйкес халықаралық санкцияларды қолдау үшін мерзімі ұзартылған тізімге қосылған. «Аль-Каида» ұйымына АҚШ, Батыс Еуропа, Ресей және Өзбекстан елдері тыйым салған.

2. «Асбат аль-ансар». Штаб-пәтері «Айн-аль-Хыльва» (Сайда қ., Ливан) палестиналық лагерде орналасқан 1985 жылы құрылған террорлық ұйым. У.Б. Ладеннің қолдауымен аталған лагерьдің аумағында әлемнің «дүрбелең аймақтарына» жіберуге жауынгерлер дайындайды. АҚШ, Израиль, сонымен қатар Батыс Еуропа мемлекеттері және Ресей «Асбат аль-Ансардың» негізгі дұшпандары болып жарияланды.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі «Асбат аль-Ансар» террорлық ұйымдардың мерзімі ұзартылған тізіміне қосылған. Ресей, Өзбекстан және бірқатар мемлекеттерде әрекет етуіне тыйым салынған.

3. «АУМ Синрике» («Алеф») 1984 жылы ақпан айында құрылған Жапондық діни секта. 1989 жылы «АУМ Шинрикио Культ» діни корпорация ретінде Жапонияда ресми түрде тіркелген. Өткен ғасырдың 90 жылдарында осы сектаның өкілдері Австралияда, Германияда, Ресейде, АҚШ-та, Тайванда және Шри-Ланкада болды. «АУМ Синрикё» басшысы Чизуо Мацумото (Сёко Асахара атты жалған атымен белгілі) 1994 жылы маусымда өзін «Әулие император» етіп жариялады. Әлеуметтiкке қарсы идеяларды, тіпті кісі өлтiрудi iске асыруда насихаттайтын идеологиялық базасы кертартпа табынушылық болып табылады. Жапонияда «АУМ Синрикё» мүшелерімен бұрынғы осы дінді жақтаушыларының өлтірілуі туралы біршама деректер дәлелденген. «АУМ Синрикёнің» қоғамдық қауіптілігі, адамдардың денсаулығына физикалық және психологиялық зақымдар келтіруімен ерекшеленеді. Сектаға жаңадан кірген мүшелерін қатарда ұстауға және бақылауға және де өздерінің қатарына жаңа жақтаушыларды тарту үшін ұйымның жасырын лабораторияларында есірткілер (ЛСД, амфетамин және мескалин) өндіріп, діни жоралар жүргізу барысында жиі қолданып отырған.

«АУМ Синрикёнің» бірінші террорлық актісі 1994 жылы шілде айында Мацумото қаласында (Ногано префектурасында) секта лабораториясында жасалған «зарин заман» зәрлi улы затты қолданумен жасаған. Құрбандар саны 7 адамды құрады, 144 зақымданды. 1995 жылы 20 наурызда Токио қаласында метрода сипаты бойынша осыған ұқсас екінші террорлық акция орын алып нәтижесінде 5300 жолаушы зақымданды және 12 адам қаза тапты.

Бұдан басқа, осы террорлық құрылымның басшылығы шетелден автоматты винтовкалардың контрабандылық жабдықтауын ұйымдастырып, олардың түпнұсқаларын үлгi ретiнде қолданып, оқпен атылатын қарудың сериялық өндiрiсiн заңсыз жолға қоюғы жоспарлады.

«АУМ Синрикё» қызметін бейтараптандыру мақсатында Жапонияның құқық қорғау органдарымен сектаның 500-ге жуық мүшелесінің артынан қылмыстық істер қозғалды, 110-нан астам адамды ұлттық іздестіру тізіміне қосты. «АУМ Синрикё» көсемі тұтқындалып, 1996 жылы 16 мамырда өлім жазасына кесу туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, сотта осы істі талқылау барысы ұзаққа созылды. 2004 жылы 27 ақпанда Токио қаласы аймақтық соттың шешімі, 2006 жылы өз күшінде қалған Токионың жоғарғы соты қорғау апелляциясын қарастыру нәтижесі бойынша «АУМ Синрикёнің» көсемі Секо Асахараға тиісті жазасын берді.

Сонымен қатар, Жапонияның билігі ұлттық заңды есепке ала отырып сектаның қызметіне тыйым салу шараларын қарастырды. Осы жұмыстың шеңберінде 2006 жылы 23 қаңтарда Жапонияның қоғамдық қауіпсіздіктің Талдау комиссиясы сектаға бақылау жүргізуге шешім қабылдады.

«АУМ Синрикёнің» жеке басшылары мен мүшелері «заринды» қолданып, террорлық актілерді жасауды ақтап, оның оқуларын әлі де таратуды жалғастырады. «АУМ Синрикё» идеологтарымен жалған әдісті (йога-клубтар немесе «кездесуге арналған веб-сайттар») қолдану арқылы жаңа жақтаушыларды тарту үшін «агитпункттер» құрылады, сонымен қатар қызметті жалғастыру мақсатымен қажетті қаржы құралдары жинақталады. Жапондық құқық қорғау органдарының мәліметтері бойынша елде секта мүшелерінің саны 1650 адамды құрайды.

Қазіргі уақытта «АУМ Синрикё», оның жаңа басшысы Фумихиро Дзеимен (аты «Алефке» өзгертілді) елдің 17 префектурасында 30 бөлімше және аталмыш діни орталықтар бар.

«АУМ Синрикё» бөлшін берін ашу талпыныстары Қазақстанның аумағында да қолданды.

«АУМ Синрикё» Еуропалық одақта және АҚШ-та террорлық ұйымдар тізіміне енгізілді.

4. «Боз гурд» немесе «Сұр қасқыр» ұйымы атауымен белгілі. Бұл ұйым әскерилендірілген ұлтшыл топтың бірі болып табылады. Негізгі мақсаты Тұран ойпатында түркі халықтарының бірыңғай мемлекетін құру. Ұйымның негізі 1965-1970 жылдарда Альпарыслан Тюркеш тарапынан қаланды. 1968 жылы «Боз гурд» ұйымы басқа ұлтшыл түрік ұйымдарымен бірігіп альянс құрды, кейіннен бұл альянстың негізінде Ұлттық қозғалыс партиясы құрылды. Партияның ұстанымы радикалды идеялардан тұрды. 1974-1980 жылдар арасында қоғам қайраткерлерін, саяси партия жетекшілерін, журналистерді өлтірмен және қоғамдық орындарда, қалалық көпіктерде жарылыстар ұйымдастырумен айналысты. 1977 жылы мамыр айында Стамбул қаласында ереуілге шыққан халыққа оқ жаудырып 40 адамды өлтірді. 1978 жылы желтоқсанында бір топ жанкешті Кахраманшехир қаласында діни рәсімнің үстінде 101 адамды өлтіріп, мыңға жуық адамды жарақат таған. 80 жылдары бұл ұйымның әрекеттері экстремистік және заңсыз деп табылды. Бұған қарамастан 1988 жылы А. Тюркеш «Ұлттық жұмысшылар партиясын» құрды. 1992 жылы ұйымның құрылымы екіге бөлініп кетті. Бөлінген екінші топтан радикалды бағыттағы жанкештілер шықты. Ұйым дүниежүзіне 90 жылдары ұйым мүшесі А. Агджи тарапынан католик шіркеуінің папасы Иоанн Павел ІІ-ге жасалған қастандықтан кейін танымал болды. 90 жылдардың басында «Боз гурд» ұйымы қызметінің ауқымы кеңейді. Бірегей түрік мемлекетін құру идеясынан Қазақстан да тыс қалған жоқ. Ұйым мүшелері тарапынан елімізге келіп, жасырын жиналыстар ұйымдастыру фактілері тіркелген. Сонымен қатар, Түркияда оқып жүрген студенттерді аталмыш ұйым қатарына тарту оқиғалары кездескен. Бұл ұйымның қызметіне Түркия мен Өзбекстанда тыйым салынған.

5. «Мұсылман бауырлар» трансұлттық, діни-саяси, террористік ұйым. 1928 жылы Мысырда (Исмаилия қ.) Хасан әл – Банна тарапынан құрылды. 1950 жылдары Сейіт әл-Кутб жүргізген өзгерістерден кейін ұйым радикалды сипатқа ие болды. «Мұсылман бауырлар» ұйымының негізгі мақсаты қоғамды мұсылмандандыру, мұсылман емес өкіметтік құрылымдарды жойып, дүние жүзінде ислам діні негіздеріндегі халифаттық режимдегі мемлекет орнату.

Ұйымдастырушылық негізгі қызметтерін Сопылық ордендік қағидаттармен байланыстырады, саяси және жасырын әскери құрылымдар террористік әдіспен өз қызметіне пайдаланады. Ұйым өз ұранын жариялады. Ұраны: Аллах-идеал, Пайғамбар-көсем, Жихад-өз мақсатына жету құралы.Аллах атымен өлу-ұлы армандардың бірі. Қозғалыстың негізгі эмблемасы Құран және айқышталған екі қылыш. «Мұсылман бауырлар» ұйымының құрылтайшылар комитетінде 20-дан аса адам басшылықта отыр. 1940-50 жылдары ұйым мүшелері Египетте саяси өлтіру әрекеттерін ұйымдастырды, 1954 жылы осы елдің Премьер Министрі (кейінірек Президент) Г.А. Насерға қастандық ұйымдастырылды.

Тұтастай алғанда, 70-жылдардың аяғы, 80-жылдың басында Сирияда жергілікті «Мұсылман бауырлар» ұйымының мүшелері террорлық әрекеттерін күшейтті. Айталық, 1981 жылы террористік ұйым мүшелері Кемпдевид келісіміндегі Израилмен достыққа қол қойған Египет президенті А. Садатты өлтіру үшін қастандық ұйымдастырды. 80-жылдары «Мұсылман бауырлар» Ауғанстанда әрекет етіп жүрген ислами экстремистік топтарға белсенді қолдау жасады. Ұйым шабармандары жалдамалыларды тартумен айналысып отырды, оларды әуелі содырлардың дайындық жасайтын орнына кейін әскери соғыс жүргізу үшін Ауғанстанға бағыттап отырды. Айғақтар көрсеткеніндей «Мұсылман бауырлар» ұйым мүшелері басқа да шиеленісті аумақтарға террористерді әзірлеуде. 90 жылдардың ортасында «Мұсылман бауырлар» ұйымы бірнеше рет Египет Президенті Х. Мубаракқа қастандық жасады. Египетте бір мезгілде ұйым жауынгерлері жол бағытындағы шетелдік азаматтарына террористік актілер ұйымдастырды.

Қазіргі таңда «Мұсылман бауырлар» Мысырда жартылай заңды жағдайда. Ұйымның құрылымдық буындары әлемнің әр мемлекеттерінде әрекет етеді. Аталмыш лаңкестік құрылым эмиссарлары қызметінің іздері Қазақстанда байқалды. «Мұсылман бауырлар» Ресей Федерациясы Тәжікстан және Өзбекстанда лаңкестік ұйымдардың қатарына жатады.

6. «Орталық Азиядағы моджахедтер жамағаты» басқаша атауы – «Исламдық жихад тобы». Халықаралық лаңкестік Аль-Каида ұйымына қосылған «Өзбекстандағы ислам қозғалысының» жауынгерлерінен құрылған. «Жамааттың» мақсаты Өзбекстан аумағында ланкестік акцияларды ұымдастыру арқылы конституциялық елді қатардан шығару болып табылады. Сонымен қатар, аталмыш ұйым Ислам мемлекеттерінің жауы болып саналатын АҚШ Израиль және олардың одақтастарымен күресу мақсатын алдыға қойды.

2004 жылы ҰҚК-нің күшімен Қазақстан аумағында «Орталық Азиядағы Жамаат моджахедтер» құрылымы болып табылатын террористік ұйым жойылды.

Нәтижесінде, оның жетекшiсi және осы «ұяда» тәрбиеленген 14 жауынгер тұтқындалды.

2002 жылдың екiншi жартысында «Аль-Каида» және «Талибан» басшыларының тапсырмасы бойынша Қазақстан және Өзбекстан жерінде террористік қызметтерді ұйымдастыруға жіберілген эмиссарлар анықталды. Олар Қазақстан бойынша эмиссар Ж. Биймурзаев және Өзбекстан бойынша эмиссар А. Бекмирзаев. Аталған тұлғалар 90 жылдары ӨИҚ мүшелері болған және Ауғанстанда діни және жауынгерлік дайындықтан өткен. 1999-2000 жылдардағы Баткен оқиғаларына қатысқан, Аль-Каиданың мамандарынан барлауды ұйымдастыруды және жару жұмыстарын үйренген.

Ұйым екі жыл шамасында Қазақстанның кемінде 20 және Өзбекстанның кемінде 50, азаматтарын шырмауына түсірген. Ұйым ТМД 4 мемлекетінде жұмыс істеді. Террористік құрылымның жеке мүшелерін шетелдегі «Аль-Каиданың» лагерьлеріне арнайы дайындыққа жіберіп отырды. Олардың арасында нақты маманданған адамдар болды (жарушылар, жасақтаушылар, жалған құжат жасаудың мамандары және т.б.).

«Жамааттың» жеке мүшелері 2004 жылдың наурыз айының соңы мен сәуір айының басы және 30 шілдедегі Өзбекстан аумағындағы террористік актілерді дайындауға және іске асыруға қатысқан. Тікелей ұйымдастырушылар жоғарыда аталған Бекмирзаев және Биймурзаев. Сонымен қатар, ҰҚК-нің қызметкерлері «Орталық Азиядағы Жамаат моджахедтер» жауынгерлері Қазақстанға көршілес жатқан мемлекеттерге жасамақ болған терактілік істерінің алдын алды. Алыстағы шетелде жасырынып жүрген террористік ұйымның басшысы бұл терактілерді 2004 жылдың соңына дейін іске асырмақ болған. Қазақстан тарабының ұсынысы бойынша БҰҰ Қауiпсiздiк кеңесi 2006 жылдың 20 сәуiрінде «Орталық Азиядағы Жамаат моджахедтерді» тыйым салынған Террористік ұйымдардың тізіміне қосты. «Жамааттың» қызметіне РФ-да тарапынан тыйым салынған.

7. «Шығыс Түркістанды азат ету ұйымы», сонымен қатар басқа атаулары «Шығыс Түркістан ислам партиясы», «Аллах партия». 90 жылдарда сепаристік қозғалыстың көсемі Айсан Махсум (шын есімі Хасан Джундулла) «Шығыс Түркістанды азат ету ұйымы» террористік діни ұйымын құрды. Негізгі мақсаты Қытайды террористік әдіспен қирату, Шыңжан аумағында біріккен «Шығыс Түркістан исламдық мемлекетін» құру болып табылады. Осы қойылған мақсаттар дінге сенбеушілерге террорлық актілерді қарулы джихад арқылы iске асыру идеясына негізделді.

«Шығыс Түркістандағы исламдық қозғалыс» (әрі қарай – ШТИҚ), «Талибан» және «Аль-Каида» қозғалыстарымен тығыз қарым - қатынаста болған. 1999 жылдан Ауғанстан аумағында орналасып, ауғандық және араб мужаһидерінен қолдау тауып отырған. Оның үстіне ШТИҚ Ахмад Шах Масуд басқарған «Солтүстік альянс» күштеріне қарсы соғыс қимылдарына қатысты. 2001 жылы АҚШ-тың және оның одақтастарының Ауғанстандағы террорға қарсы операциясын жүргізу кезінде ШТИҚ содырлары «Талибан» және «Аль-Каида» жағында соғысты. 2003 жылдың күзінде Ауғанстанда Халықаралық коалициясының күшімен «Шығыс Түркістандағы исламдық қозғалысының» көзі жойылды. Осыдан кейін ұйымның көптеген мүшелері шетелге қашып кетті, қалғандары жаңа террорлық құрылым «Түркістанның ислам партиясын» құрып, «Аль-Каидамен» бірге іс-қимыл жасады. ШТИҚ – Қытай, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінде тыйым салынған ұйым.

8. «Өзбекстанның ислам қозғалысы» (әрі қарай – ӨИҚ), «Өзбекстанды азат етуші исламдық қозғалыс» және «Исламдық өрлеу партиясы» деген атаумен де аты шыққан. Ұйымды 1992 жылы Т. Юлдашев экстремистік және діни радикалды әрекетке бейім адамдар қатарына тарту арқылы құрды. Ұйым мүшелерінің көбісі 90 жылдардың басында Өзбекстанның Наманған облысында билікті күшпен басып алуға қатысқан және сол елдің құқық қорғау органдарынан қашып жүрген содырлар. ӨИҚ-тың басты көсемдерінің бірі Ж. Ходжиев (Джума Намангани деген аты да бар), оның көзі 2001 жылы халықаралық тәлібтерге қарсы коалициясының күшімен жойылды.

ӨИҚ негізгі мақсаты Өзбекстан Ресбуликасындағы конституциялық билікті құлатып, орнына ислам мемлекетін құру. 1997 жылы «Талибан» ауған қозғалысы және «Аль-Каида» тарапынан қолдау тапқаннан кейін, ӨИҚ қарулы содырлары Ауғанстанның солтүстік аймақтарында шоғырланды. Аталған халықаралық қозғалыс құрылымдарының көсемдері Усама бен Ладен және молла М. Омардың ықпалмен ӨИҚ Өзбекстан үкіметіне қарсы жихад жариялады. Одан басқа Орталық Азия елдеріндегі радикалды ұйымдардың басын қосып өз қарамағына енгізу жоспарын құрды.

2001 жылы қозғалыс мүшелері шамамен 2000 адамды құрады.

ӨИҚ-тың соғыс тәжірибесі мол. Ұйым мужахеттері 1992-1997 жылдары Тәжікстанда қарулы оппозиция жағында белсенді түрде соғысты. 1997 жылдан бастап Ауғанстанда тәлібтер және «Аль-Каида» жағында Ахмад Шах Масуд басқарған «Солтүстік альянс» және ұлты өзбек генерал Достумға қарсы соғыс жүргізді. 1999 жылы ақпан айында ӨИҚ содырлары Ташкент қаласында 6 жарылыс ұйымдастырған, нәтижесінде жалпы саны 20 адам қайтыс болды. 1999 және 2000 жылдары ӨИҚ содырлары екі мәрте Тәжікстан арқылы Қырғызстанның Баткен облысында және Өзбекстанның Ферғанасында аталған елдердің әскерімен қарулы қақтығыстар жүргізген.

2001 жылы АҚШ-тың Ауғанстанда террорға қарсы көлемді операциясынан кейін ӨИҚ жағынан төнген қатер азайды. «Талибан» қозғалысы қолдау берген ӨИҚ жағынан Орталық Азияға бағытталған қатерді әлсіретті. Осы операциядан кейін ӨИҚ өз күштерінің айтарлықтай бөлігін және техникаларын жоғалтты. Бірақта, ӨИҚ көсемдері ұйымның негізін сақтап қалып және қайта құру үстінде. ӨИҚ содырларының басым көпшілігі Пәкістанның солтүстік-батыс аймақтарында орналасқан.

ӨИҚ «Аль-Каида» және «Талибан» қозғалыстарының тікелей қарамағында болғандықтан оның содырлары АҚШ басқаратын халықаралық коалицияға қарсы Ауғанстанда әлі де соғыс қимылдарына қатысып жүр.

Қазақстан Республикасында ӨИҚ мүшелері бірнеше мәрте Қазақстан Республикасының аумағында жасырынып шоғырланбақшы болды. Одан басқа, осы территорияда өз ұйымдарына жақтастарын тартып, террорлық акциялар жасамақшы болды.

«Өзбекстанның ислам қозғалысы» бірыңғай халықаралық тізімде террорлық ұйым ретінде тіркелген. ӨИҚ қызметі Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және АҚШ елдерінде тыйым салынған.

9. Түркістанның ислам партиясы (әрі қарай – ТИП) олардың «Түркістанның жамағаты» деген атауы бар. 2004-2005 жылдары Пәкістанның Вазиристан провинциясында «Шығыс Түркістанның Ислам қозғалысы» халықаралық террорлық ұйымның орнына қайта жасақталған.

Соңынан шетелдік басшылықтың нұсқауымен террористік топтың көсемі мен 8 мүшесі сот үкімімен түрлі мерзімге сотталып, еркіндіктерінен айрылды. Шетелдік арнайы қызметпен бірлесіп өткізген операцияда қазақстандық азаматтарды лаңкестік қызметке тартқан ұйымдастырушыларының екі басшысы ұсталып Қазақстанға қайтарылды.

10. «Күрд Халық Конгресі» (одан әрі КХК, («Конгра-Гел», ертеде Күрдістан жұмыс партиясы) 1978 жылы қарулы күрес жолымен Түркияның оңтүстік-шығысында тәуелсіз күрд мемлекетін құру мақсатында құрылған. Алға қойған мақсатты жүзеге асыру үшін лаңкестік акцияларды Түркияның ішінде және шет елдерде ұйымдастырып өткізу көзделді. КХК көсемі А. Оджалан, 1988 жылы Найроби (Кения)қаласында ұсталып, 1999 жылдың басынан бері Түркияда қамауда.

КХК көп жағдайда өзінің жауынгерлік әрекеттерін партизандық тактикада жүргізеді. Одан басқа қалалық лаңкестік тактикасын белсене пайдаланады.

КХК лаңкестік актілерінің басым бөлігі Түркияның әскери қызметшілеріне, қауіпсіздік қызметінің және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарсы дәрімен атылатын қаруды, жарылғыш заттарды қолдану арқылы іске асады. Бұл ретте құрбан болғандардың арасында бейбіт халық та болды. Ұйым жауынгерлері шенеуніктер мен саясаткерлерге шабуылдар ұйымдастырды. Шетелдегі Түрік дипломаттарына, іскерлерге де шабуыл жасау тәжірибесі кең қолданылады. 1994 жылдан КХК елдің туристік инфрақұрылымына, соның ішінде Жерорта теңізі жағалауының курорттарында, жолаушы поездарында, паромдарда және қоғамдық көліктерде теракт өткізуді ұйымдастырды. 1996 жылдан КХК террорист-жанкештердің қатысумен терактілер өткізді. КХК көсемі тұтқындалғаннан кейін лаңкестік құрылымның белсенділігі төмендеп, жауынгерлердің көпшілігі Түркиямен шекаралас солтүстік Иракқа көшірілді. Соңғы жылдары КХК жауынгерлерінің лаңкестік шабуылдары қайта басталды. Эмиссарлар өз ұраның бүркемелеу арқылы ұйымының қызметі, ұлттық қысым көрсету Қазақстан Республикасында байқалды. КХК Европалық одақтың және АҚШ лаңкестік ұйым ретінде тізімге енді және Түркия Республикасында тыйым салынған.

11. «Лашкар-е-Тайба» Пәкістанның әскериленген лаңкестік топтастығы. «Марказ-е Дават-уль-Иршад» радикалды діни-саяси ұйымның оң қанаты болып табылады, У.б. Ладенмен тығыз байланыста. Ауған мужаһидтеріне әскери көмек көрсету мақсатында 1980 жылы Лахор қаласында профессор Хафиз Мухаммад Саид құрды. Қазіргі уақытта топтастық ресми түрде АҚШ пен Израильге жихад жариялады, Джамма мен Кашмир штатында индиялық әскерге қарсы соғыс қимылдарын жүргізуде. 2001 жылдың желтоқсанында «Лашкар-е-Тайба» тобының 6 жауынгері Дели қаласында Үндістан Парламентінің ғимаратына шабуыл жасап, сонынан жойылды. Шабуыл барысында 12 адам өліп, 20 адам жарақат алды. Ұйым көсемдерінің өтініші бойынша «Лашкар-е-Тайба», «Жихад-Ауғанстан» және «Жихад-Кашмир» екі әскери-саяси бағдарламасын жүзеге асырады. Сонымен қатар Орталық Азия мен Солтүстік Кавказ аймақтарында, басқа мемлекеттегі мұсылман анклавтарына өз ықпалын кеңейтетіні туралы мәлімдеді. «Ланшкар-е-Тайба» әр түрлі лаңкестік ұйымдарға қаржылық және басқада көмек көрсетеді. «Лашкар-е-Тайба» Пәкістанда тыйым салынған, Ресей мен Өзбекстанда лаңкестік ұйым ретінде танылған.

12. «Әлеуметтік реформалар қоғамы» (бұдан әрі ӘРҚ) жәрдем беруге арналған мәртебесі бар үкіметтік емес ұйым, штаб-пәтері Эль-Кувейт (Кувейт) қаласында орналасқан. Әлеуметтік бағдарламаны бүркене отырып, «Мұсылман бауырлар» лаңкестік ұйымының алдына қойған мақсатын іске асыруға көмек көрсетеді және мұсылман емес үкіметті жойып ислам басқармасы қағидаларының жолымен дүниежүзілік көлемде, ТМД елберінде ислам халифатын орнатуды көздейді. Қызметтің негізгі пішіндері – исламдық емес конфессияларға шыдамсыздық таныта отырып лаңкестік актілерді және қарулы жихадты астыртын қаржыландыруды көздейді. Осы тұста ӘРҚ өз белсенділігін Солтүстік Кавказда айқындады. Ресей Федерациясы Жоғарғы сотының шешімімен «Әлеуметтік реформалар қоғамы» лаңкестік және экстремистік ұйым тізіміне алынып, тыйым салынды. Қазақстанда «Әлеуметтік реформалар қоғамының» өкілдігі 1998 жылдан еліміздің оңтүстік аймақтарында көмек беруге арналған және ағартушылық қызметін бастады. Қолданған шаралар нәтижесінде ел аумағында ӘРҚ қызметі 2004 жылы тоқтатылды.