Патогенді амеба

Entamoeba histolytica - Sarcomastigophora типіне, Sarcodlna (корненожек) классына жатады, 1875 жылы Ф. Леш және Ф. Шаудин типті ішек инфекциясы кезінде ашқан. Амебаның адам ағзасының ішегінде 6 түрі тіршілік ететіні белгілі. Бес түрі ішек саңылауында өмір сүріп бактериялармен қоректенеді және адам ағзасына патогенді әсер көрсетпейді. Бір-ақ түрі патогенді (бұрын дизентериялық) амеба — нақты бір жағдайларда адамда ауыр өтетін ауру тудырады. Патогенді амебаның адамда 3 түрі кездеседі:

1. Вегетативті кіші формасы (сәулелі немесе саңылаулы) — forma minuta.

2. Вегетативті ірі формасы (тіндік) — forma magna.

3. Циста (сурет 1).

Амебамен зақымдалғандардың көбінде тоқ ішегінің (соқыр ішек) саңылауларында сәулелі вегетативті формасы кездеседі, ал ішектің төменгі бөлігінде циста түзіліп нәжіспен сыртқа шығады. Амебамен зақымдалғандардың кейбірінде тоқ ішектің шырышты қабатына қоздырғыш еніп тіндік вегетативті ірі формасына айналады, ол эритроциттерді фагоциттеуге қабілетті.

Ірі вегетативті формасының (эритрофаг) көлемі 30-40 мкм, кенеттен пайда болатын доғал кең эктоплазматикалық псевдоподий арқылы иректеліп қозғалады. Бір бағытта үздіксіз түсуінен псевдоподии үлкеюі мүмкін, бұлардың цитоплазмаға (амеба пішіні тіл тәрізді) құйылу нәтижесінде ену қозғалысы пайда болады. Ядро шар тәрізді, көлемі 3-7мкм. Ядро тек қана жаңадан дайындалып фазалы контрастты микроскопиямен қарағанда ғана көрінеді. Гематоксилин хроматинмен ядроны бояғанда ядро қабықшасының ішкі беткейінде ұсақ бозғылт түсті үйінді пайда болады, ал оны микроскоптан қарағанда тұтас тісшелі сақиналарды көруге болады. Ядро ортасында — кішкентай кариосома орналасады. Цитоплазмада 20-дан астам эритроциттер орналасуы мүмкін, оларды гематоксилинмен бояғанда қара түс береді. Бактерия бұл түрін фагоциттемейді. Патогенді амебалардың ішекте эритроциттерді фагоциттеуі қабілеті негізгі және басқа да ішектік амебалардан айырмашылығы болып табылады.

Кіші (саңылаулы) формасының көлемі 15-20мкм, құрылысы ірі вегетативті формаға ұқсас, негізгі айырмашылығы – активтілігі нашар және эритроциттерді фагоциттеу қасиеті жоқ. Кейде цитоплазмадан аздаған мөлшердегі бактерияны көруге болады. Нәжіс қоюланған кезде амеба шеңберленіп, қабықшасыз бір ядролы циста тәрізденіп (циста алды формасы) қозғалаалмай қалмайды. Цисталар дұрыс шар тәрізді, бірақ кейде сәл созылған диаметр 8-15мкм болады. Түссіз қабықшасы жақсы байқалады. Жетілген цисталарда вегетативті форма тәрізді құрылысы да ұқсас 4 ядро болады. Жетілмеген цисталарда гликогеннен тұратын вакуольді бір, екі және үш ядродан тұрады. Жаңадан жасалған препаратты Люголь ерітіндісі және гемотоксилинмен бояғанда ядро жақсы бақалады. Кейбір цисталардың құрамында бір немесе бірнеше ірі соңы доғалданған хроматоидты денешік кездеседі, ол жаңа дайындалған препаратта нашар көрінеді, ал гематоксилинмен бояғанда қара түске ауысады.

Саңылаулы және тіндік формалар қоршаған ортада тұрақсыз, нәжісте 20-30 минуттан кейін жойылады. Цисталар нәжіс пен ылғалды ортада 1 ай, ал тағам өнімдерінде бірнеше күн тіршілік етеді. Қайнағанда жойылады.

Жасанды орталарда тек қана вегетативті формасы ғана өсіре аламыз. Молайтылған қоректік ортада t 370C рН 7,0 анаэробиоз жағдайында жылдам өседі.

Инфекция көзі — цистаны нәжіспен сыртқа бөлетін адам (ремиссия, реконвалесцент, тасмалдаушы сатысындағы науқас адамдар). Цисталар ұзақ жылдар бойы бөлінуі мүмкін. Зақымдалу механизмі — фекальді-оральді, цисталар сау адам ағзасына қайнамаған су, жемістер, кір қол және күнделікті қолданатын заттар арқылы жұғады.

Патогенезі және клиникасы.Амеба цисталарынжойғанмен, ол ұзақ уақыт тоқ ішекте өмір сүруі мүмкін. Тоқ ішектің қабырғасына енген соң патологиялық процесс дамиды. Аурудың тасымалдаушылыққа ауысуы адам ағзасының иммундық жағдайына, бактериальді флораның өзгеруі және сонымен қатар қоздырғыш штаммының вируленттілігіне байланысты. Көбінесе – соқыр ішек, ал аз жағдайда сигма тәрізді және тік ішек зақымдалады. Гематогенді жолмен амебалар бауыр және басқа да ағзаларға түсіп абсцесс тудырады. Аурудың типті түріне тән: қан және шырыш араласқан іш өту, толғақ тәрізді іштің ауруы, аурулы тенезм, күніне 15-ге дейін үлкен дәрет. Ішекке енуі перитониттің дамуына әкеп соғады.

Зертханалық диагностикатіндік формадан эритроциттерді анықтау немесе науқастың нәжісінен төрт ядролы цистаны анықтауға негізделген. Нәжісті қайта егу кезінде консервант ретінде поливинилді спирт қолданылады. Кейбір жағдайда диагнозды анықтау үшін серологиялық әдіс (латекс-агглютинация, тікелей иммуноэлектрофорез т.б.) қолданылады.

Арнайы алдын-алу шаралары жоқ. Емдеуге метронидазол (трихопол, метрогил), делагил, тетрациклин, мономицин, эмитин, аминарсон, осарсол, энтеросептол қолданылады.