Кестелерді жасау

Кестелерді бейнелеу үшін HTML тегтерінің бірнеше түрі қолданылады:

§ TABLE тегтері – бүкіл кестенің спецификациясын қоршайды.

§ Міндетті емес элемент CAPTION – кестенің тақырыбын (атын) спецификациялайды.

§ TR тегтері – кесте жолдарын спецификациялайды.

§ TH тегтері – жолдар мен бағандардың тақырыптарын спецификациялайды.

§ TD тегтері– кестедегі деректерді (кесте ұяшықтарының ішіндегісін) спецификациялайды.

Негізгі кестелік құрылымдар

Қарапайым мысалды: тақырыбы жоқ, 2 жол 2 бағаннан тұратын сандар кестесін (бірлік матрица) қарастырайық. Оның HTML коды мынандай болады:

<TABLE>

<TR> <TD> 1 </TD> <TD> 0 </TD> </TR>

<TR> <TD> 0 </TD> <TD> 1 </TD> </TR>

</TABLE>

және көбінесе броузерлер арқылы былайша көрсетіледі.

Кестенің қосымша қасиеттері. Мәтіндік ұяшықтары бар типтік кесте.

Жоғарыда көрсетілген кесте үлгісіне қосуға болатын бірнеше элементтер бар:

§ Кестенің тақырыбы (caption ) – кестенің өзімен байланысқан (кесте туралы құжаттағы жолдар тексіне толықтауыш);

§ Тақырыпша (headers) (түсіндірме) – кесте жолдары мен бағаларына арналған;

§ Жақтау (рамка, borders) – кесте мен әр кесте ұяшығының айналасына арналған.

Сонымен қатар ALIGN мен VALIGN атрибуттары кестенің бейнелену сапасына әсер етеді. Олар құжаттың өрістеріне қатысты кестенің орналасуын айқындайды.

Мүмкін болатын мәндері: ALIGN=LEFT (сол жақпен туралау), ALIGN=CENTER (ортаға туралау), ALIGN=RIGHT (оң жаққа туралау).

WIDTH– Кестенің ені, пиксель арқылы WIDTH=400) немесе беттің енінің проценті түрінде (мысалы, WIDTH=80%) беріледі.

Жаттығу жұмыстары:

1-жаттығу. Тексті пішімдеу (форматтау) тегтерін қолданып 1-суреттегідей HTML –құжат жасау.

1. Блокнот текстік редакторын ашып, бос құжатты Задание1.html деген атпен сақтаңыз.

2. Құжаттағы алғашқы тег <HTML> тегі болу керек. Бұл тег WEB-броузерге құжаттың HTML қолданылып жасағанын хабарлайды. Сондықтан құжаттыі бірінші жолына <HTML>деп теріңіз.

1-сурет. HTML құжат үлгісі

3.Терезенің тақырыбын енгізу үшін мына жолдарды теріңіз:

<HEAD>

<TITLE> Пример работы