MS Word-та формулалар редакторын пайдалану

Жұмыстың мақсаты:

Құжаттарды туралау, сөз ауыстырмаларын, іздеу әрекеттерін үйрену

Жұмыстың орындалу тәртібі:

 

Wk=Кинетикалық энергия

 

A=dA=FsdScos=SFsdS

A=Sауд Жұмыс форм-сы

 

J=J0 + md2 Штейнер теоремасы

 

 

х=Asin(0t + ) Еркін гармониялық тербеліс

 

==Өшудің декременті

 

Q=cmЖылу мөлшері

 

Ішкі энергия

 

A= Изотермиялық процесс үшін жұмыс

 

Адиабаталық көрсеткіш

P=P0*eБарометрлік фор-а

 

 

№ 13 зертханалық жұмыс

Microsoft Excel-де функция пайдалану

Орындау уақыты: 2сағат Рейтинг: 1 балл

Жұмыс мақсаты:

Excel програмасында кестеде функция мәндерін есептеп абсолютті адрестеуді қолдануды үйрену.

 

Жұмыстың орындалу реті:

1 кезең. Excel–ті жүктеңіз. Ол үшін Пуск–Программы-MS Excel командаларын орындаңыз. Y=k*(x^2-1)/(x^2+1) функциясының мәндерін х айнымалысы аралығында 0,2 қадамымен өзгергендегі мәндері үшін есептеу керек. Мұндағы К=10. Есептің нәтижесін мынандай кесте түрінде көрсету қажет болсын:

11.1.-сурет. Excel жұмыс аумағы

1. А1 ұяшығына N әріпін

2. В1 ұяшығына Х әріпін енгізіңіз.

3. С1 ұяшығына К әріпін енгізіңіз.

4. Д1 ұяшығына у1=x^2-1 формуласын теріңіз. Бағаналардың енін формула толық көрініп тұратындай етіп өзгертіңіз.

5. Е1 ұяшығына у2=x^2+1

6. Н1 ұяшығына ХО және Н2 ұяшығына -2 сандарын енгіз.

7. Осылайша I1-step I2-0.2

8. J1-K J2-10

9. Автотолтыруды қолдана отырып, А2 ұяшықтарынан А22 ұяшығына дейін 1-ден 21-ге дейінгі сандарды жазыңыз.

2 кезең. Кесте ұяшықтарына автотолтыру және абсолютті адрестеуді пайдаланамыз.

10. В1 бағанасына х-тің мәндерін формуламен есептеп жазамыз.

11. В2 ұяшығына +$H$2 адресін теріп Enter пернесін басамыз.

12. В3 ұяшығына =B2+$I$2 формуласын енгіземіз. Бұл Х-тың бастапқы мәніне I2 ұяшықтың мәні, қадамы тұрақты 0,2-ге тең болғандықтан абсолютті адрестеуді пайдаланамыз.

13. Осы формуланы В4:В22 ұяшықтарына автотолтыру арқылы формуланы барлық ұяшыққа енгіземіз. Нәтижесінде осы бағанда -2 мен 2 аралығындағы қадамы 0,2-ге өсіп отыратындай шамалармен толтырылуы керек. (-2, -1,8, -1,6...2)

14. С бағанының С1 ұяшығына К-коэффициентінің мәндерін еңгіземіз.

15. С2 ұяшығына =$J$2 абсолютті адрестеу жазамыз.

16. С2 ұяшығындағы формуланы С3:С22 ұяшықтарына автотолтыруды пайдалан.

17. Осы бағанда бастапқы дан соңына дейін 10 саны шығуы тиіс.

18. D2 ұяшығына B2^2-1формуласын жаз. D3:D22 ұяшықтарына автотолтыруды пайдалан. Нәтижесінде бастапқы мәні 3 және соңғы мәні 3 болуы тиіс.

19. Дәл жоғарыдағы тәсіл бойынша Е бағанасына y2=x^2+1 функциясының мәндерін есептеу формуласын өрнектеңіз. Нәтижесінде барлық сандар оң және бастапқы мәні 5 соңғы мәні де 5 болуы керек.

20. F2 ұяшығына С2*D2/Е2 формуласын жазыңыз. Осы формуланы F2:F22 ұяшықтарына көшіріңіз. Бастапқы мәні 6 және соңғы мәні 6 болады.

 

Бақылау сұрақтары

1. Excel-де ұяшық дегеніміз не?

2. Excelқадамы тұрақты болған жағдайда абсолютті адрестеуді қалай

пайдаланамыз?

3. Excel ұяшыққа формула енгізу үшін алдымен нені енгіземіз?

4. Excel программасының атқаратын қызметі?

5. Excel (*)жұлдызша белгісі нені білдіреді?

№14 зертханалық жұмыс

Microsoft Excel-де логикалық функцияны пайдалану

Орындау уақыты: 2сағат Рейтинг: 1 балл

Жұмыс мақсаты:

Microsoft Еxcel- программасында логикалық функциямен есеп шығару.

 

Жұмыстың орындалу реті:

Жаңа құжат ашып оны сақтау керек. Құжаттың 3 парақтың аттарын математика, информатика, тарих етіп өзгертеміз.

1-Кезең1-ші парақтың 1-тапсырмасы:

Кестенің А1:Е15, F5:J5 және В17:В22 бағандарындағы ұяшықтарына кестені өзгеріссіз көшіріңіз.

 

12.1.-сурет. Microsoft Excel жұмыс парағына енгізілетін мәліметтер

 

2-Кезең Кестенің F6:J15 ұяшықтарына логикалық функцияның-если амалын пайдаланып формула тереміз.

 

 

12.2.-сурет. Функция шебері терезесі

 

Мысалы F6 ұяшығына мына формуланы G6-ға

H6-ға I6-ға

J6-ға мына формулаларды енгізу керек. Ол үшін Вставка-Функция–логические–если.

3-тапсырма С17 ұяшығына Вставка – Функция –Математикалық категориясы –СУММ функциясын таңда. Аргументы функции терезесін тышқан батырмасымен ұстап жібермей төмен орналастырып число1 жолына F6 ұяшығына барып тышқанды жібермей F15 ұяшығына дейін тартамыз. Число1 жолына F6:F15 ұяшықтар адресі жазылуы керек. С18 ұяшығына G6:G15 С19 H6:H15 С20 I6:I15 С21 J6:J15, С22-ге С17 ден С22-ге дейін бел- гілеп стандартты қатардағы сумма белгісіне басыңыз.

2-парақтың тапсырмасы

Дайын кестені толық белгілеп Правка–Копировать және информатика парағын ашып Правка–Вставить. Мұнда D6:D15 бағанындағы сандар- ды ауыстыр. F6:J15, C17:C22 ұяшықтарында өзгеріс енгізілгенін байқайсыз. 3-парақтың тапсырмасы 2-ші парақтың тапсырмасындай етіп қайталаңыз.

 

Бақылау сұрақтары

1.Функция шеберінің қандай категориялары бар?

2.Функция шебері қанша қадамнан тұрады?

3.Сумма функциясы қандай категорияға жатады?

4. Если функциясы қандай категорияға жатады?

5. Если функциясы қанша аргументтен тұрады?

№ 15 зертханалық жұмыс

Microsoft Excel-де диаграмма құру

Орындау уақыты: 2сағат Рейтинг: 1 балл

Жұмыс мақсаты:

Microsoft Excel-де диаграмма құруды үйрену.

 

Жұмыстың орындалу реті:

  1. Excel-ді жүктеңіз.Жаңа параққа Жалақы есептеу атауын беріңіз.
  2. Кестеге 13.1-суреттегі мәліметтерді ендіріңіз.

13.1.-сурет. Microsoft Excel жұмыс парағына енгізілетін мәліметтер

3. D4 ұяшығына =C4*0,1 формуланы енгізіп, зейнетақы қорына төлемді есептеңіз.

4. Е4 ұяшығына =C4*0,05 формуланы енгізіп, салыққа төлемді есептеңіз.

5. Ғ4 ұяшығына =C4-(D4+E4) формуланы енгізіп, қызметкерлердің қолына алатын еңбекақысын есептеңіз.

6. D4: Ғ4 ұяшықтар диапазонын ерекшелеп, автотолтыру тәсілімен формуланы жол бойынша көшіріңіз.

7. 3, 4, 5-пунктердегі есептеулердің нәтижесі 13.2.-суретте берілген

 

13.2.-сурет. Microsoft Excel жұмыс парағындағы есептеулер нәтижесі

8. Мәліметтерге диаграмма тұрғызу үшін Қою-Диаграмма (Вставка - Диаграмма) командасын беріңіз.

9. Диаграмма шебері сұхбаттық терзесінің (13.3.-сурет) бірінші қадамындағы диаграмма типінен гистограмманы таңдаймыз және диаграмманың қажетті түрін таңдап, келесі (далее) батырмасын басаңыз.

 

 

 

13.3.-сурет. Диаграмма шебері сұхбаттық терезесінің 1-қадамы

 

10. Диаграмма шебері сұхбаттық терзесінің (13.4.-сурет) екінші қадамындағы диапазон аймағына курсорды қойып, кестедегі А3:А10 ұяшықтар диапазонын ерекшелеп, CTRL пернесін басып тұрып, Ғ3:Ғ10 ұяшықтар диапазонын ерекшелеңіз. Жолға (строках) параметрін орнатып, келесі (далее) батырмасын басыңыз.

 

13.4.-сурет. Диаграмма шебері сұхбаттық терезесінің 2-қадамы

 

11. Диаграмма шебері сұхбаттық терзесінің (13.5.-сурет) үшінші қадамындағы подписи данных ішкі бетінде орналасқан значения пунктіне жалауша белгісін қойыңыз. Осы терезенің Тақырып (Зоголовки) ішкі бетінде диаграммаға Қызметкерлердің еңбекақысы тақырыбын беріңіз және келесі (далее) батырмасын басыңыз.

 

 

13.5.-сурет. Диаграмма шебері сұхбаттық терезесінің 3-қадамы

 

 

12. Диаграмма шебері сұхбаттық терзесінің (13.6.-сурет) төртінші қадамында диаграмманы орналастыру параметрін орнатыңыз және Дайын (Готово) батырмасын шертіңіз. Диаграмма нәтижесі 13.7.-суреттегідей болады.

 

 

13.6.-сурет. Диаграмма шебері сұхбаттық терезесінің 4-қадамы

13.7.-сурет. Диаграмма нәтижесі

 

13. Кестедегі мәліметтерден зейнетақы қоры мен салыққа төлемдер бойынша дөңгелек типті диаграмма тұрғызыңыз және нәтижені оқытушыға көрсетіңіз.

 

Бақылау сұрақтары

1. Диаграмма шебері қай мәзірде орналасқан және неше қадамнан тұрады?

2. Диаграмма шебері қадамдарын сипаттаңыз.

3. Диаграмма типтерінің қандай түрлері бар?

 

 

№ 16 зертханалық жұмыс

Microsoft Excel-де макрос құру

Орындау уақыты: 2сағат Рейтинг: 1 балл

Жұмыс мақсаты:

Microsoft Excel-де макрос арқылы беттерді бір бірімен байланыстыру.

Жұмыстың орындалу реті:

1.Excel-ді жүктеңіз. Ол үшін Пуск–Программы-MS Excel командаларын орындаңыз. Жаңа жұмыс кітабындағы 3-параққа 2 парақ қосыңыз. Ол үшін Вставка-Лист командаларын орындаңыз.

2. 1-ші парақты–Ms word.2-ші парақты Ms excel. 3-ші парақты Ms access. 4-ші парақтыPower-Point. 5-ші парақты Информатикадеген жазбалармен ауыстырыңыз.

3. Әр параққа WordArd-тың көмегімен аттарына сәйкес етіп мәтін теріңіз және Вставка-Рисунок-Картинки пайдаланып картинка орналастырыңыз.

Қалған 3 парақты осылай етіп әшекейлеп орындаймыз. 1-ші парақтың 1-ші тапсырмасы С5:G20 дейін ұяшықтарды қарамен белгілеп цвет заливки таңдаймыз.

WordArd–тың көмегімен мәтін тереміз.

Түр- саймандар тақтасы -қалып (Вид-Панели инструментов - Формы)қатарынан батырмасын алып өзімізге керекті мөлшерде боялған аумаққа батырма саламыз. Батырмалардың атын парақтардың аттарына сай өзгертеміз.

4.Осы батырмаларға макростар пайдаланамыз. Ол үшін батырма тышқанның оң жағын басамыз макрос тағайындау макрос тағайындау (назначить макрос) шыққан терезеге батырманың атын теріп Ок басамыз. Сосын Сервис-макрос-жазуды бастау (Сервис-Макрос-Начать Запись). Шыққан терезедегі макростың атына (имя макрос) батырманың атын теріп Ок батырмасын басамыз. Енді Ms word парағын ашыпСервис-макрос-жазуды тоқтату (Сервис-Макрос-Остановить Запись) батырмасына басамыз. Ары қарай информатика парағына оралып Ms word батырмасын басқанда Ms word парағы ашылу тиіс.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Excel-де макрос орналастыру командалары қай мәзірде орналасқан?

№ 17 зертханалық жұмыс

Microsoft Excel-де тізім түрінде мәліметтер қорын өңдеу

Орындау уақыты: 2сағат Рейтинг: 1 балл

Жұмыс мақсаты:

Microsoft Excel-де тізімде мәліметтерді сүзгілеу. Автосүзгі. Кеңейтілген сүзгі. Есептелінетін критерийді қолдану.

 

Жұмыстың орындалу реті:

  1. Excel-ді жүктеңіз.Жаңа параққа ведомость атауын беріңіз.
  2. Төменде берілген кестедегі мәліметтерді енгізіңіз.

15.1.-сурет. Microsoft Excel жұмыс парағына енгізілетін мәліметтер

 

  1. Төлемақыны төмендегі формула бойынша есептеңіз. Алдымен =ЕСЛИ(C4=$I$5;$J$5;ЕСЛИ(C4=$I$6;$J$6;$J$7)) формуласын енгізіп, көлікті жөндеу құны если функциясының көмегімен сәйкестендіріңіз, сонан соң, формула жолына курсорды қойып, шыққан нәтижеге көлік санын көбейтіңіз. Формула келесі дей болады: =ЕСЛИ(C4=$I$5;$J$5;ЕСЛИ(C4=$I$6;$J$6;$J$7))*D4
  2. Көлік саны мен төлемақының барлық санының қосындысын СУММ функциясының көмегімен есептеңіз.
  3. Курсорды тізімнің, яғни негізгі кестенің кез-келген жеріне орналастырып, Мәліметтер (Данные) - Сүзгі (Фильтр) –Автосүзгі (Автофильтр) командасын таңдаңыз. Кестенің тақырыптар жолында, ашылатын мәндер тізімі бар -батырмалары пайда болады.
  4. №1-бригада жұмысшылары тізімін шығару керек болсын. Ол үшін бригада тақырыбының төменгі жағындағы ашылатын мәндер тізімі бар арнайы батырмасын шертіп, ашылған тізімнен 1 мәнін таңдаймыз.
  5. Келесі сүзгі критерийі: Көлік түрі өрісінен «ВАЗ- 2121» мәнін таңдау. Онда экранға үш жол ғана шығады.
  6. Жекелеген баған бойынша сүзгі критерийін өшіру үшін, ашылған тізімнен Барлығы(Все) параметрін таңдау керек.

 

 

15.2.-сурет. Автосүзгі орнатылған терезе

 

9. Көлік саны өрісінде келесі шарт бойынша іріктеу жүргізіңіз: үшке тең және үшеуден артық көлік жөндеген қызметкерлер жайында жазбаларды таңдау. Ол үшін ашылған тізімнен Шарт…(Условие…) параметрін таңдап, ашылған Пайдаланушы автосүзгісі (Пользовательский автофильтр) сұхбаттық терезісінде 15.3.-суретте көрсетілгендей қажетті параметрлерді енгізіңіз.

 

 

15.3.-сурет. Сұхбаттық терезеде шартты орнату

 

Нәтижесі 15.4.-суретте көрсетілген.

 

15.4.-сурет. Автосүзгі нәтижесі

10. Күрделі сүзгілеуді, яғни кеңейтілген сүзгілеуді қарастырайық. Мысалы 9000 тг. мен 10000 тг. аралығында төлемақы алатын қызметкерлер жайында жазбалар қажет болсын. Ол үшін алдымен бос жерге критерийлер интервалынан басқа қорытынды блогын анықтауымыз қажет. Нәтижелерді орналастыру үшін L6:M6 диапазонынан бос жерді қарастыруымызға болады (15.5.-сурет).

 

 

15.5.-сурет. Қос шартты критерий интервалы

мен қорытынды блогы

 

11. Курсорды тізімнің кез-келген жеріне орналастырып, Мәліметтер (данные) – Сүзгі (Фильтр) – кеңейтілген сүзгі (Расширенный фильтр) командасын таңдаңыз. Ашылған сұхбаттық терезеде (15.6.-сурет) қажетті параметрлерді енгізіңіз.

 

 

 

15.6.-сурет. Кеңейтілген сүзгі сұхбаттық терезесі

 

Нәтижесі 15.7.-суретте көрсетілген.

 

 

 

15.7.-сурет. Кеңейтілген сүзгіні қолдану нәтижесі

 

12. Шартты автосүзгінің көмегімен Аәрпінен басталатын қызметкерлердің аты-жөнін шығарыңыз және кеңейтілген сүзгінің көмегімен тек 6000 тг.-ден кем төлем ақы алатын қызметкерлер жайында жазбаларды шығарыңыз. Жұмыс кітабын сақтап, оқытушыға нәтижені көрсетіңіз.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Сүзгінің қандай түрлері бар және сүзгі қандай мәзірде орналасқан?

2. Автосүзгіде шартты қалай ендіреміз?

3. Кеңейтілген сүзгіде қандай параметрлерді енгіземіз?

 

 

№ 18 Зертханалық жұмыс

Формулаларды және стандартты функцияларды қолдану

Жұмыстың мақсаты:

Студенттерге кестеге мәліметтер жазу және оларды өңдеу, адрестерді дұрыс көрсетуді үйрету, формуламен жұмыс істеу және функцияларды қолдану жолдарын үйрету, кестені безендіру әдістерін меңгеру.

Жұмыстың орындалу тәртібі:

1. MS Excel-де кесте құрып, формула арқылы толтырып шығыңыз (1 кесте).

Боялған ұяшықтардағы берілгендер формула арқылы есептелінеді.

 

1 кесте - Формула арқылы толтыру

Үлгірім ведомосы
Тобы Барлық студент саны 4-5 ке үлгеретіндер % сапасы Үлгермей тіндер % үлгерім
11-5В070000 56% 63%
11-5В070000 44% 64%
12-5В070000 70% 83%
31-5В070000 95% 95%
32 -5В070000 69% 72%
% сапа=(4-5 үлгеретіндер)/студенттер саны*100 % үлгерім=(4-5 үлгеретіндер+үлгермейтіндер)/студенттер саны*100

 

2. Белгісіз элементтерді формула арқылы тауып, есепті шығарыңыз (2 кесте).

Боялған ұяшықтардағы берілгендер формула арқылы есептелінеді.

 

2 кесте - Формула арқылы есепті шығару

Үшбұрыштың ауданы мен периметрі
а b c P P S
7,5 10,82532
152,9706

 

P = a+b+c (үшбұрыш периметрі)

P = P/2 (Жарты периметр)

S - аудан (Герон формуласы бойынша табылады)

S = корень(р*(р-а)*(р-b)*(p-c))

 

3. Математикалық функцияларды қолдана отырып, кестені толтырыңдар (3 кесте).


3 кесте - Математикалық функцияларды қолдану

Математикалық функциялар
Х Х2 Х3 Х2+ Х3 Cos(x) |X- Х2|
0,540302 1,414214
1,414214 -0,41615 3,464102
1,732051 -0,98999
-0,65364 8,944272
2,236068 0,283662 12,24745
2,44949 0,96017 15,87451
2,645751 0,753902 19,79899
2,828427 -0,1455
-0,91113 28,4605

 

Бақылау сұрақтары:

 

1. Функция дегеніміз не, не үшін қолданамыз?

2. Статистикалық категория не үшін керек?

3. Ұяшықтарды біріктіру командасы?

4. Ұяшыққа сөздерді тасымалдап жазу командасы?

 

 

№19 Зертханалық жұмыс

Жанама кесте құру. Зейнеткердің айлық счеттарын сәйкестендіру

Жұмыстың мақсаты:

MS Excel-де жанама кесте құрудың тәсілдерімен жұмыс істеуді үйрену

Жұмыстың орындалу тәртібі:

1. MS Excel бағдарламасын жүктеп жұмыс кітабын ашыңыз. Ашылған жұмыс кітабында төмендегі 1 кестеге сүйене отырып, кесте құрыңыз.

 

1 кесте - Зейнеткердің айлық есепшоттарын сәйкестендіру

Зейнеткердің айлық есепшоттарын сәйкестендіру ақпан, 2009
Зейнеткердің аты-жөні Зейнетке шыққан күні Айдын басындағы аударымы Есеп-шоттан алынғаны Есеп-шотында қалғаны
Ахметова А.Р. 12.01.2000  
Ақылбаева А.Қ. 17.02.2002  
Бауыржанов Б.Б. 25.03.2003  
Жайшиева Қ.Ж. 14.11.2004  
Жұманов К.Р. 23.01.2001  
Исабекова С.С. 15.05.2002  
Құрамысов А.М. 18.10.2006  
Мектепбаев А.Қ. 15.06.2005  
Тұтқабаев Е.Е. 06.04.1999  
Татенов Д.Н. 30.03.2000  
Токаев Р.Р: 28.12.2001  

 

2. Мәліметтерді алу.

· Курсорды Е3 ұяшығына орналастырыңыз.

· Келесі формуланы жазыңыз =C2-D2

· Автотолтыруды пайдаланып, Е13 ұяшығына дейін есептеңіз.

 

3.Жанама кесте құру.

Курсорды А2 ұяшығына орналстырып, жанама кесте құрыңыз. Ол үшін Берілгендер–Жанама кесте (Данные-Сводная таблица)командасын таңдап, шыққан сұхбат терезесінде Әріқарайбатырмасын басыңыз, пайда болған терезеде ерекшеленген абсолютті адрес диапозоны көрсетілген. Әріқарай батырмасын басып, жұмыс істеуін белсендіріңіз.

 

 

Пайда болған терезеден Жанама кесте (Сводная таблица) Зейнетке шыққан күнін таңдаңыз. Осы өрісті А1 ұяшығына әкеліңіз.

 

4.2-ші парақта қосымша кесте құрыңыз.

 

01.01.2005 зейнетке шыққандардың саны Барлық жиналған зейнетақы соммасы Барлық деректер тек зейнеткер Жайшиеваның Есеп- шоттан қалған сомма Есепшот-тан алынған сомма

 

 

Бақылау сұрақтары:

1. Бірнеше ұяшықтарды қалай біріктіруге болады?

2. Ұяшықта сөзді тасымалдап жазу командасы қалай орындалады?

3. Жанама кестенің сұхбат терезесін қай команда көмегімен шығаруға болады?

4. Жанама кесте не үшін керек?

 

№ 20 Зертханалық жұмыс

ППЛАТ қаржылық функцияларын пайдалану

Жұмыстың мақсаты:

Электрондық кестеде қаржылық функцияларды қолданып есептеулер жүргізуді үйрену

 

Жұмыстың орындалу тәртібі:

MS Excel бағдарламасын жүктеп, жұмыс кітабының 1-ші парағына № 20 зертханалық жұмыс деп атау беріп, өз бумаңызға сақтаңыз. Төмендегі мысал бойынша кесте толтырып, есептеулер жүргізіңіз.

Мысал: Пәтер сатып алу үшін банктен 30-жылға 20190$ ссуда алдыңыз, жылдық пайыздық мөлшерлеме 8% және алғашқы салым 20%. Жылдық және ай сайындық төлем көлемін анықтау керек.

Төлемді есептеу кезінде кезеңдік жыл сайынғы төлем төлеуге келесі функцияларды қолданамыз:

=ППЛАТ (жылдық пайыздық мөлшерлемесі; төлу саны; ссуда көлемі).

Кезеңдік, айлық төлем көлемін есептеу кезінде келесі функцияны пайдаланамыз:

=ППЛАТ (жылдық пайыздық мөлшерлемесі/12; төлем саны; ссуда көлемі).

Төмендігі кестені толтырып, ай сайындық және жылдық төлемді есептеңіз:

 

  А В С
Соммасы  
Жылдық пайыздық мөлшерлемесі %  
Алғашқы төлем =В1*20/100  
Судданы төлеу уақыты, ай, жыл
Судданың көлемі,$ =В1-В3  
  Айлық төлемдер Жылдық төлемдер
Кезеңдік төлемдер =ППЛАТ(В2/12;В4;-В5) =ППЛАТ(В2;C4;В5
Жалпы сомасы =В7*В4 =С7*С4
Бақылаудан кейінгі соммасы =В8-В5 =С8-В5

 

Бақылау сұрақтары:

1. ППЛАТ, НПЗ, ПЗ функциялары не үшін керек?

2. Қаржылық фунциялар қандай категорияға жатады?

3. Қортынды қалай есептеледі?

4. Параққа қалай атау береміз?

5. Қосымша парақ қосу әрекеттері

6. Жұмыс парағында неше парақ бар?

№ 21 Зертханалық жұмыс

MS Access. Конструктор режимінде кесте құру

Орындау уақыты: 2 сағат Рейтинг: 1 балл

Жұмыс мақсаты:

Жаңа деректер қорында кесте құрудың ең қарапайым түрі конструктор режимінде кесте құрып үйрену.

 

Жұмыстың орындалу реті:

1 кезең. MS Access -тіжүктеу және жаңа деректер қорын құру

1. Access–ті жүктеңіз. Ол үшін Пуск–Программы - MS Access команда-ларын орындаңыз.

2. Пайда болған терезеден “Жаңа дерек қоры”(Новая база данных) белгісін таңдап ОК батырмасын басыңыз.

3. Ашылған “Жаңа дерек қоры файлы”(Файл новой базы данных)терезесінің “Файлдың аты” (Имя файла) өрісіне “db1” орнына “Студент” деген атты енгізіңіз.

4. Құрылған деректер қорын Менің құжаттарым (Мои документы) бумасында өз бумаңызды құрып сақтаңыз.

2 кезең. Конструктор режимінде кесте құру

1. Ашылған «Студент:деректер базасы» терезесінде 6 объекті орналасқан: Кестелер(Таблицы),Сұраныстар(Запросы),Қалыптар(Формы),Есептер(Отчеты),Макростар(Макросы), Модульдер(Модули). Кесте объектісін таңдап “Құру”(Создать) батырмасын басыңыз.

2. Пайда болған «Жаңа кесте»(Новая таблица) терезесінен Конструктор режимін таңдаңыз.

3. 3 бағаннан тұратын кесте пайда болады, кестенің 2 бағанын: 1. “Өрістің аты”(Имя поля);2 . “Өрістің түрі”(Тип данных)және әрбір жолдың қасиеттерін (Свойства) пайдалана аламыз.

16.1.-сурет. Конструктор көмегімен кесте құру терезесі.

4. Студент өзіне тиісті мәліметтерді енгізуі керек. Ол үшін төменде берілген үлгілерді қолданыңыз:

 

Үлгі 1.

Өрістің аты (Имя поля) Өрістің түрі (Тип данных)
Фамилиясы Текстовый (Мәтіндік)
Туған жылы Дата/время (Дата/уақыт)
Үй телефоны Числовой (Сандық)
Курс Числовой (Сандық)

Үлгі 2. Үлгі 3.

5. Құрылған кестені “Х” (Жабу, Закрыть) белгісімен жауып, кестені «Студент» атымен сақтаңыз, кілт сұраған жолға “Жоқ” (Нет) батырмасын шертіңіз.

6. Құрылған кестеңіз Кестелер (Таблицы) обьектісіне орналасты, енді осы кестені “Ашу” (Открытъ) командасы арқылы ашыңыз.

7. Ашылған кестедегі бағаналарға берілген мәліметтер кестенің өріс аты болып орналасады, ал деректер түрі өрістің атына сай қабылданады.

8. Енді кестені топтастарыңыз туралы мәліметтермен толтырыңыз (10 жазылым).

10. Дайын болған кестені жабыңыз.

11. Жұмыс нәтижесін оқытушыға көрсетіңіз.

Ескерту:Егер кесте толтыру барысында енгізілетін мәлімет қабылданбаса, онда міндетті түрде кестені жауып, Конструктор режимінде кестенің “Деректер түрін ” (Тип данных)тексеру қажет.

 

Бақылау сұрақтары:

2. Деректер қандай объектіде сақталады?

3. Конструктор арқылы кестені қалай құруға болады?

4. Кесте өрісі және жазылымының айырмашылықтары неде?

5. Деректер қоры дегеніміз не?

6. Деректер типтерін атаңыз?

 

мәнін жойыңыз.

 

№ 22 Зертханалық жұмыс

MS Access. Кесте шебері көмегімен кесте құру

Орындау уақыты: 2 сағат Рейтинг: 1 балл

Жұмыс мақсаты:

Студенттерге MS Access деректер қорында кесте шебері көмегімен кесте құру тәсілін үйрету. Деректер қоры терезесінде жұмыс істеуге дағдыландыру.

Жұмысты орындалу реті:

1 кезең. MS Access -тіжүктеу және жаңа деректер қорын құру.

1. MS Access программасын жүктеңіз (Пуск-Программы-MS Access коман-даларын орындаңыз).

2. Ашылған терезеден Жаңа деректер қорыбелгісін және ОК батырма-сын басыңыз.

3. Файл аты (Имя файла) жолына Фирма Болашақ атын теріп, Құру (Создать)батырмасын шертіңіз.

2 кезең. Кесте шебері көмегімен кесте құру.

1. Таблица объектісіне көшіп, Құрубатырмасына шертіңіз.

 
 

2. Жаңа кесте (Новая таблица) терезесінде Кесте шебері (Мастер таблиц)қатарын және ОК батырмасын басыңыз.

 

17.1.- сурет. Кесте шеберімен кесте құру терезесі

3. Ашылған терезеде Кестелер үлгісі (Образцы таблиц)өрісінен Қызметшілер(Сотрудники), Өрістер үлгісі (Образцы полей) өрісінен тегі(Фамилия),жолын ерекшелеп > батырмасын басқанда, Фамилиясы сөзіЖаңа кесте өрістері(Поля новой таблицы) өрісіне көшеді.

4. Жоғарыдағыдай тәсілмен Лауазымы(Должность),Туған жылы(Дата рождения),Білімі(Образование), Жұмыс стажы (Стаж работы)сөздерін көшіріңіз және Далее батырмасын басыңыз.

5. Егер өріс аты тізімде жоқ болса, кез келгенін таңдап …өрістің атын ауыстыру (Переименовать поле..)батырмасын шертіңіз. Далее батырма-сын басыңыз.

6. Келесі ашылған сұхбаттық терезеде MS Access автоматты түрде кілтті белгілейді және Далеебатырмасын шертіңіз.

7. Кестеге деректерді шебермен құрылатын форма көмегімен енгізу (Ввести данные в таблицу с помощью формы, создаваемой мастером)жолын таңдап, Дайын (Готово) батырмасын басыңыз.

8. Форманы толтырыңыз (1- кесте).

9. Өріс арасында жылжу үшін тышқанды немесе Enter пернесін пайдала-ныңыз.

10. Формаға Қызметшілер атын беріңіз.

11. Форманы жабыңыз.

12. Форма объектісінде орналасқан Қызметшілер формасын конструктор батырмасын басу арқылы ашыңыз. Туған жылы, Жұмыс стажы өрістерінің түрлерін сәйкесінше өзгертіңіз:ол үшін Қасиеттер тақтасында орналасқан Енгізу маскасы (Маска ввода) қасиеті

13. Форманы жабыңыз.

14. Жұмыс нәтижесін оқытушыға көрсетіңіз.

1- кесте

Код Фамилиясы Лауазымы Туған жылы Білімі Жұмыс стажы
Асанов Инженер 11.12.71 жоғары
Алин Есепші 25.12.55 жоғары
Аренов Экономист 05.08.76 жоғары
Бейсенов Инженер 26.05.76 жоғары
Жусупов Жүргізуші 11.07.66 орташа
Ныгметов Директор 06.08.60 жоғары
Оспанов Техничка 08.03.57 орташа
Пазылов Есепші 26.01.79 орташа
Сарин Ревизор 18.11.80 Жоғары
Толегенов Механник 31.12.69 орташа

 

Бақылау сұрақтары:

1. Кесте шеберін пайдаланып кесте құру технологиясы?

2. Деректер қорын құру әдісі?

3. ДҚ терезесіне енгізілген ашу, конструктор, құру,

батырмаларының қызметі?

4. Кестеге өріс немесе жазылым қосу әдістері?

5. Кесте өрісін жылжыту әдістері.

 

№ 23 зертханалық жұмыс

MS Access. Кесте режимі көмегімен екі кесте құру, оларды өзара байланыстыру және MS Excel электрондық кестесіне экспорттау

Орындау уақыты: 2 сағат Рейтинг: 1 балл

 

Жұмыс мақсаты

Студенттерге кесте режимі арқылы кесте құру тәсілімен таныстыру. MS Access деректер қорында екі кесте арасында байланыс құрып үйрету. Деректер қорын MS Excel электрондық кестесіне экспорттау тәсілімен таныстыру.

 

Жұмыстың орындалу реті

1 кезең. MS Access -ті жүктеу және жаңа деректер қорын құру

1. MS Access программасын жүктеңіз.

2. Ашылған терезеден Жаңа деректер қоры(Новая база данных) белгісін және ОК батырмасын басыңыз.

3. Файл аты(Имя файла) жолына Университетатын теріп, Құрубатырмасын шертіңіз.

 

2 кезең. Кесте режимінде кесте құру

1. Кестелер (Таблицы) объектісіне көшіп, Құру(Создать)батырмасына шертіңіз.

2. Ашылған Жаңа кесте (Новая таблица) терезесінде Кесте режимі (Режим таблицы)қатарын және ОК батырмасын басыңыз.

3. Өрістеріне ат берілмеген және анықталмаған бос кесте пайда болады. 1- Өрістің (Поле1) атын ауыстырыңыз. Ол үшін меңзерді 1-ші өрістің кез келген ұяшығына орналастырып Пішім (Формат)– Атын ауыстыру(Переименовать) командасын орындаңыз. Өріске Оқу тобы деген ат беріңіз.

4. 2- өріске Оқытушы атын беріңіз.

5. Кестені Топ атымен сақтаңыз. Кілттік өріс құру сұрағына жоқ жауабын беріңіз.

6. Конструктор режиміне көшіп, өрістердің қалай берілгенін қараңыз. Оқу тобы өрісіне тышқанның оң жағын басып, ашылған жанама мәзірден кілттік өріс (ключевое поле) жолын таңдаңыз.

7. Оқу тобы өрісінің түрін (тип) сандық (числовой) түріне өзгертіңіз.

8. Кестені сақтап, жабыңыз.

 

3 кезең. Тізім кестесін құру

1. Кестелер (Таблицы) объектісін ашыңыз. Құру (Создать) батырмасын шертіңіз.

2. Кесте режимін (Режим таблицы) таңдаңыз.

3. Өріс аттарын Пішім (Формат) – Атын ауыстыру (Переименовать) командасы арқылы өзгертіңіз:

 

Ескі аты Жаңа аты
Поле 1 Код
Поле 2 Фамилиясы
Поле 3 Аты
Поле 4 Әкесінің аты
Поле 5 Оқу тобы
Поле 6 Курс

4. Кестені Тізім атымен сақтаңыз. Кілттік өріс беру сұрағына теріс жауап беріңіз.

5. Конструктор режиміне көшіп, өрістер түрін қараңыз.

6. Код өрісі кілттік болсын. Ол үшін код өрісіне жанама мәзірден кілттік өріс (ключевое поле) жолын таңдаңыз. Код өрісінің түрін санауыш (счетчик) түріне өзгертіңіз.

7. Сәйкесінше Фамилиясы, Аты, Әкесінің аты өрістерінің түрі - мәтіндік, ал оқу тобы, курс өрістерінің түрі - сандық болуы керек.

8. Меңзерді оқу тобы өрісіне орналастырыңыз.

9. Қасиеттер(Свойства) өрісінде орналасқан Подстановкабөлімін таң-даңыз, басқару элементінің түрі(тип элемента управления) – тізімі бар өріс (поле со списком) (18.1-сурет), жол көзі (источник строк) – Топ деп беріңіз.

 

18.1- сурет. Конструктор терезесі

 

10. Кестені сақтап, жабыңыз.

 

4 кезең. Кестелер арасында байланыс орнату

1. Сервис – Деректер сызбасы(Схема данных) командасын орындаңыз. Кесте қосу (Добавление таблицы) сұхбаттық терезесінде Топ кестесін ерекшелеңіз және Қосу (Добавить) батырмасын шертіңіз. Тізім кестесін ерекшелеңіз және Қосу (Добавить) батырмасын шертіңіз.

2. Деректер сызбасы (Схема данных) терезесінде осы кестелердің шартты түрлері пайда болады. Кесте қосу (Добавление таблицы) терезесінің Жабу (Закрыть) батырмасын шертіңіз.

3. Тышқан меңзерін Топ кестесінің Оқу тобы өрісі атына шертіп, тышқанды ұстаулы күйде Тізім кестесінің Оқу тобы өрісіне апарыңыз және тышқанды босатыңыз. Байланыстарды өзгерту(Изменение связей) сұхбаттық терезесі пайда болады.

4. Деректердің бүтінділігін қаматамасыз ету (Обеспечение целостности данных)белгішесін қосыңыз. Егер екі өрістің түрі бірдей болмаса бұл орындалмайды.

 

 

18.2.-сурет. Байланыстарды өзгерту терезесі.

5. Байланысқан өрістерді каскадты жаңаруы(Каскадное обновление связанных полей) белгішесін қосыңыз. Бұл жағдайда Топ кестесіндегі оқу тобы номерін өзгерткенде автоматты түрде Тізім кестесіндегі оқу тобы номерінің де өзгеретінін білдіреді.

6. Байланысқан өрістердің каскадты жойылуы (Каскадное удаление связанных полей) белгішесін қосыңыз. Бұл, егер Топ кестесінде оқу тобы номерін жойғанда Тізім кестесіндегі сәйкес мәліметтің де жойылатындығын білдіреді.

7. Құру (Создать) батырмасын шертіңіз. «Бірдің – көпке» (Один-ко-многим) байланысы пайда болады. Деректер сызбасы (Схема данных) терезесін жабыңыз және сақтаңыз.

 

 

18.3.-сурет. Деректер сызбасы терезесі

8. Топ кестесін ашыңыз және 5 жазылыммен толтырыңыз:

Оқу тобы Оқытушы
Махмутова Ш. И.
...  

9. Кестені сақтап, жабыңыз.

10. Тізім кестесін таңдап 5 жазылыммен толтырыңыз.

11. Топ кестесін ашыңыз. Оқу топтарын 200, 201, 202, 203, 204 мәндерімен ауыстырыңыз.

12. Кестені сақтап, жабыңыз.

13. Тізім кестесін ашыңыз, ондағы оқу тобы мәндерінің өзгергенін қа-раңыз. Кестені жабыңыз.

14. Топ кестесін ашыңыз және ондағы бірінші жазылымды жойыңыз. Тексеру сұрағына иә жауабын беріңіз және кестені жабыңыз.

15. Тізім кестесін ашыңыз және онда орналасқан 200 номерлі топтың жойылғанына назар аударыңыз.

16. Кестені жабыңыз.

17. Тізім кестесін ашыңыз.

18. Файл - Экспорт командасын орындаңыз.

19. Экспорт объекта сұхбаттық терезесіндегі Файл түрі (Тип файла) жолындағы түспелі менюден MS Excel 3 жолын таңдаңыз.

20. Осы жолдың оң жағында орналасқан Экспорт батырмасын басыңыз. Сіздің MS Access деректер базасында құрған кестеңізді енді MS Excel электрондық кестесінде де ашып жұмыс істеуге болады.

21. Менің құжаттарым (Мои документы) бумасын ашып MS Excel кеңейтілуінде сақталған Тізім файлын ашып қараңыз.

22. Жұмыс нәтижесін оқытушыға көрсетіңіз.

23. MS Access терезесін жабыңыз.

 

Бақылау сұрақтары

1. Кестелер арасында байланыс орнату технологиясы?

2. «Деректер сызбасы», «Байланыстар» терезелері не үшін қажет? Оларды пайдалану әдістері.

3. Кесте режимінде кесте құру әдісі?

4. Берілген кестені MS Excel электрондық кестесінде ашу үшін орындалатын әрекет?

 

 

24 Зертханалық жұмыс

MS Access.Кестеде жазылым іздеу, қарапайым сұраныс құру

Орындау уақыты: 2 сағат Рейтинг: 1 балл

 

Жұмыс мақсаты

Студенттерге қарапайым сұраныс құру тәсілін таныстыру. Іздеу және алмастыру функцияларын қолдануға үйрету.

 

Жұмыстың орындау реті

1 кезең. Кестеден жазылым іздеу

1. №17 зертханалық жұмыста орындаған Фирма Болашақ деректер базасында құрылған Қызметшілер кестесін ашыңыз.

2. Фамилия өрісіне шертіңіз. Аспаптар тақтасында орналасқан Табу (Найти) батырмасын шертіңіз немесе Түзету (Правка)– Табу(Найти) командаларын (немесе Ctrl + F пернелер комбинациясы) орындаңыз.

3. Үлгі (Образец) өрісіне Бейсенов фамилиясын енгізіңіз.

4. Ары қарай табу (Найти далее) батырмасын басыңыз. Ізделінген фамилияның табылғанына көз жеткізіңіз.

2 кезең. Деректерді ауыстыру

1. Түзету (Правка)– Алмастыру (Заменить) командасын немесе Ctrl + H пернелерін орындаңыз.

2. Үлгі (Образец) өрісіне Бейсенов жазылымын енгізіңіз.

3. Заменить на өрісіне Бейсенбаев теріңіз және Заменить батырмасын шертіңіз.

3 кезең. Деректерді сұрыптау

1. Туған жылы өрісін өсу реті бойынша сұрыптаңыз. Ол үшін Жазылымдар (Записи) – Сұрыптау (Сортировка) – Өсу реті бойынша сұрыптау (Сортировка по возростанию) командаларын орындаңыз.

4 кезең. Деректерді іріктеу

1. Қызметшілердің арасынан инженерлерді іріктеп алыңыз. Ол үшін меңзерді лауазымы өрісіне орналастырып, инженер мәтінін ерекшелеп Жазылымдар (Записи) – Сүзгі (Фильтр) – белгіленгені бойынша сүзгі (фильтр по выделенному) командаларын орындаңыз немесе аспаптар тақтасындағы сәйкес батырманы басыңыз.

2. Сүзгіні өзгерту (Изменить фильтр) батырмасын шертіңіз.

3. Жұмыс стажы 5 жылдан артық инженерлер тізімін шығару керек. Ол үшін Жұмыс стажы өрісіне >5 шартын енгізіңіз.

4. Қолдану (Применить) батырмасын шертіңіз.

 

5 кезең. Іріктеуге сұраныс құру

1. Қызметшілер кестесі үшін іріктеуге сұраныстар құру қажет. Сұраныста қызметшілердің фамилиялары және лауазымы – инженер болуы қажет, сұраныс нәтижесі фамилиясы бойынша реттелуі тиіс және сұраныс аты «қызметшілер лауазымы» болсын. Ол үшін:

2. Сұраныстар (Запросы) объектісіне шертіңіз, Құру (Создать) – Кон-структор режимін таңдаңыз.

3. Кесте қосу терезесінде Қызметшілер кестесін таңдап, Далее батырма-сын шертіңіз.

4. Кесте қосу(Добавление таблицы) терезесін жабыңыз.

5. Іріктеуге сұраныс (Запрос на выборку) терезесінде өріс (поле)жолындағы бірінші бағанға шертеміз, ашылатын тізім бағыттауышына шертіп, фамилия өрісін таңдаймыз және 2-ші бағаннан – лауазымын таңдаңыз.

6. Таңдау шарты (Условие отбора) жолында лауазымыөрісіне инженер сөзін енгізіңіз.

7. Сұрыптау (Сортировка) жолынан өсу реті бойынша (по возрастанию) таңдаңыз.

8. Аспаптар тақтасында орналасқан ! (Запуск) батырмасына шерту арқылы сұранысты орындаңыз.

9. Сұранысты сақтаңыз.

10. Келесі сұраныста 12.01.1972 - 12.12.1975 жыл аралығында туылған-дардың фамилиясын шығару керек. Ол үшін 2 пункттен 5-ші пунктке дейінгі нұсқауды орындап, тек 2-бағаннан туған жылын таңдаңыз.

11. Таңдау шарты (Условие отбора) жолында туған жылыөрісіне between #12.01.1972# and #12.12.1975# енгізіңіз.

12. Сұранысты орындауға жіберіңіз.

13. Сұраныс аты «Туған жыл».

14. Жұмыс нәтижесін оқытушыға көрсетіңіз.