Курс пререквизиттері мен постреквизиттері 23 страница

Бұрын біріккен заңды тұлғаларды бөлгенде бұрынғы міндеттеме қалпына келмейді, бұрынғы міндеттемелердің тағдыры жасалған бөлу балансы бойынша қайта анықталады. Жаңалау. Жаңалау дегеніміз- сол адамдар арасындағы бір міндеттемені екіншісіне алмастыру туралы келісім (мысалы, сатып алу-сату шарты бойынша ақша төлеу жөніндегі міндеттеме жаңалау жолымен сол адамдар арасындағы заемдық міндеттемемен алмастырылуы мүмкін). Бұл ретте жаңа міндеттеме туралы нормалар (заем шарты) қолданыла бастайды.

Бұрынғы міндеттеме тоқтағандықтан, онымен бірге барлық қосымша міндеттемелер де (кепіл, кепіл болушылық және т.б.) тоқтайды, бір тараптардың оларды жаңа міндеттемеде де қарастыруына болады. Жаңа міндеттеме бойынша талап қою мерзімі жаңалау шарты жасалған кезде санала бастайды. Жаңа міндеттеме заңды, күші бар міндеттемені ғана алмастыра алады. Егер бұрынғы міндеттеме заңсыз деп танылса, онда жаңа да заңсыз болады.

Егер келісім міндеттеменің мақсаты мен мәніне қайшы келетін болса, онда ол міндеттемені тоқтата алмайды (өмір мен денсаулыққа келген зиянды өтеу туралы, алимент төлеу жөніндегі міндеттеме және т.б.). Жаңалау мен бас тарту төлемі арасында қандай да бір ортақтық бар. Сонымен қатар олардың арасында айырмашылық та бар, себебі бас тарту төлемінің бірден бір мақсаты- тараптар арасындағы міндеттемені және барлық ары қарайғы қатынастарды тоқтату. Ал жаңалаудың мақсаты міндеттемені тоқтату емес, қайта жаңасын құру. Жаңалауды міндеттеменің кейбір жағдайларын өзгертуден (орындаудың мерзімі мен орынын, төлеу тәртібін, т.б.) ажырату керек. Бұл ретте міндеттеме тоқтамайды, өзгереді. Жаңалаумен қоса тоқтайтын қосымша міндеттемелерге кепілді, кепіл болушылықты, міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етудің басқа тәсілдерін, сондай-ақ ақша міндеттемесі бойынша сыйақы (мүдде) алуға құқықты жатқызуға болады.

Шығынды өтетуге құқық тоқталмайды, себебі оны қосымша міндеттеме деп қарастыруға болмайды, ол кез келген міндеттемеге имманентті тән, және жаңалау оны тоқтата алмайды. Борышты кешіру. АК-ның 373-бабында «егер бұл несие берушінің мүлкіне қатысты басқа адамдардың құқықтарын бұзбайтын болса, міндеттеме тоқтатылады» делінген. Борышты кешіру несие беруші жасайтын біржақты мәміле ретінде танылады. Егер үшінші жақтың құқығы бұзылатын болса және үшінші жақ оны дәлелдей алса несие беруші борышкердің борышын кешіркге құқылы емес. Кейде борышты кешіру борышкердің де мүддесін бұзуы мүмкін, мысалы, қарсы орындалатын міндеттемелерде. Сондықтан борышкер не борышты кешіруден бас тартуға немесе қарсы міндеттеменің орындалуын талап етуге тиіс. Мысалы, егер телевизорды сатып алу-сату шарты бойынша сатушы борышкерді ақша төлеуден босатса, ол оны телевизорды сатып алушыға беру міндетінен босатпайды. Олай болмаған ретте міндеттемені орындаудан жеткілікті дәлелсіз біржақты бас тарту орын алады. Орындаудың мүмкін еместігінен міндеттемені тоқтауы. АК-ның 371-бабына сәйкес, міндеттеме, егер орындай алмау борышкер жауап бермейтін мән-жайлармен байланысты болса, тоқтайды. Егер орындаудың мүмкін еместігі борышкер жауап беретін мән-жайлармен байланысты болса міндеттеме тоқтамайды, тек өзгереді, себебі кінәлі тарап үшін орындау міндетті конртагентке келген шығынды өтеу, тұрақсыздыө айыбын төлеу және басқадай міндетке түрін өзгертеді. әңгіме бұл жерде борышкерді міндеттемеден босатудың негіздері жайында. Жалпы ереже бойынша, орындаудың мүмкін еместігінде борышкердің кінәсінің болмауы сондай негізге жатады, яғни борышкер орындаудың мүмкінеместігінің кездейсоқ туындағанына жауап бермейді. Міндеттемені орындаудың мүмкін еместігінің дуындауына кінәлі еместігін дәлелдеу ауыртпашылығы міндеттемені бұзған адамға жүктеледі. Дегенмен, бұл жалпы ережеге кірмейтін және кәсіпкерлік қауіппен байланыстыжағдай. Міндеттемені орындаудың мүмкін еместігі кәсіпкерлік қатынастарда, жалпы ереже бойынша, дүлей күш деп мойындаған мән-жайлардың әрекеті болса ғана орын алады, себебі, қалған жағдайларда, оның ішінде міндеттемені орындамаудың себебі борышкерге байланысты емес кездейсоқ мән-жайлар болса да, ол жауапкершілік көтереді.

Ақша міндеттемелерінде орындаудың мүмкін еместігі міндеттемені тоқтатуға негіз бола алмайды. Орындаудың мүмкін еместігі жеке (белегілі бір заттың жойылуы, азаматтың қайтыс болуы және т.б.) және заңды (құзіретті мемлекеттік органның тыйымы) болады.

Міндеттемені орындаудағы экономикалық қиындықтарды орындаудың мүмкін еместігіне жатқызуға болмайды. Міндеттемені орындау мүмкін емес жағдайда тараптардың біреуінің еркімен шарттың өзгеруі немесе бұзылуы мүмкін. АК-ның 374-бабында міндеттемені орындаған әрбір тараптың орындалғанның қайтарылуын талап теу құқығы бекімін тапқан. Егер борышкердің міндеттемені орындауының мүмкін еместігі несие берушінің кінәлі әрекеттерінің салдарынан туындаса, онда несие беруші міндеттеме бойынша орындалғанды өзіне қайтаруды талап ету құқынан айырылады.

Міндеттеменің мемлекеттік органның актісінің негізінде тоқтауы. АК-ның 375-бабына сәйкес, мемлекеттік органдардың, оның ішінде жергілікті өкілдік және атқарушы органдардың шығарған актілерінің (жария актілерінің) әрекетінен міндеттемені орындау толықтай немесе ішінара мүмкін болмай қалса, міндеттеме толықтай немесе ішінара тоқтайды. Соның нәтижесінде шығынға түскен тараптар шығындарын өндіртіп алуға құқылы. АК-ның 375-бабына жария акт ұғымы негізілген, ол мемлекеттік органның, оның ішінде жергілікті өкілді және атқарушы органдардың актілерін қамтиды. Мемлекеттік орган ұғымы Қазақсатн Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Парламенті туралы заң актілерінде және басқа Заң актілеріне сәйкес анықталады. Жария актіде міндеттменің орындалу мүмкіндігін жоятындай заңдық күші болуға тиіс (мысалы, белгілі бір бағытта немесе белгілі бір жерге тауар жеткізуге тыйым салу, мүлікті алып қою және т.б.) Тараптар, Ак-ның 9-бабының 5-тармағына сәйкес, шығындарды өндіртіп алуға құқылы, бұл бапта мемлекеттік билік органдарының, өзге де мемлекеттік органдардың сәйкес келмейтін заң актілерін шығаруы, сондай-ақ сол органдардың лауазымды адамдарының әрекеттері (әрекетсіздігі) нәтижесінде келетін шығындар жайында айтылған. Ал, мемлекеттік органның құзіреті шегінде заңды шығарылған актіден келген шығындар өтелмейді. Актіні республикалық немесе жергілікті органның шығарғанына қарай Қазақстан Республикасы немесе тиісінше әкімшілік-аумақтық бөлініс шығындарды өтейді.

Міндеттеменің тоқталуына негіз болған жария құжат белгіленген тәртіп бойынша заңсыз деп танылған жағдайда, егер тараптардың келісімімен немесе міндеттеменің мәнінен өзгеше жағдай туындамайтын болса және міндеттеменің орындалуына несие берушінің мүдделілігі жоғалмаса, міндеттеме қайтадан қалпына келтіріледі.

Азамат қайтыс болғанда міндеттеменің тоқтауы. Егер міндеттемені орындау борышкердің жеке өзінің қатысуынсыз жүргізілмейтін болса не міндеттеме басқаша түрде борышкердің жеке басымен ажырамастай байланысты болса, борышкер қайтыс болғанда міндеттеме тоқтайды. Егер міндеттеме орындау несие берушінің жеке өзіне арналса не міндеттеме басқаша түрде борышкердің жеке басымен ажырамастай байланысты болса, несие берушінің қайтыс болуымен міндеттеме тоқтатылады. Бұл ережелер азаматты өлді деп хабарлаған жағдайда да қолданылуы тиіс. Борышкер немесе несие беруші қайтыс болғанда тек жеке сипаттағы міндеттемелер ғана тоқтайды (мысалы, жазушы қайтыс болса авторлық шарт тоқтайды, сенім білдірушінің қайтыс болуымен тапсыру шарты тоқтайды және т.б.) бұл ережеден кейбір ауытқулар бар. Мысалы, комитент қайтыс болған жағдайда комиссионер комитенттің мұрагерлерінен немесе өкілдерінен тиісті нұсқаулар келіп түскенше өзіне берілген тапсырманы орындауды жалғастыруға міндетті.

Борышкердің немесе несие берушінің жеке басымен байланысты емес басқадай мән-жайларда, олардың біреуі қайтыс болғанымен міндеттеме тоқтамайды, құқық мирасқорлығы рпинципі бойынша құқақтар мен міндеттердің мұраға өтуі орын алады. Азамат қайтыс болғанда міндеттеменің тоқтауының құқықтық салдарлары, егер міндеттеме ішінара орындалған болса, негізсіз иеленген немесе сақтаған мүлікті қайтару міндеті туралы нормаларға сәйкес анықталады. Міндеттеменің заңды тұлға таратылғанда тоқтауы. АК-ның 377-бабының 1-тармағына сәйкес, таратылған заңды тұлғаның міндеттемесін орындау заңнамамен басқа заңды тұлғаға (азаматтардың өмірі мен денсаулығына зиян келуі салдарынан туындаған міндеттемелер бойынша) жүктелген жағдайлардан басқа реттерде, міндеттеме заңды тұлға (борышкер немесе несие беруші) таратылғанда тоқтатылады.

Заңды тұлғалардың тоқтауы тарату және қайта құру формасында жүргізіледі. Міндеттеме тек заңды тұлға таратылғанда ғана тоқтайды. Қайта құрғанда ол тоқтамайды, тек құқық мирасқорына өтеді. Заңды тұлғаны тарату және несие берушілермен есеп ажырасу тәртібі АК-ның 50-57-баптарымен, Банкроттық туралы Заңмен анықталады. Несие берушінің, таратылған заңды тұлғаның мүлкінің жеткіліксіздігінен қанағат алмаған, сондай-ақ оның тарату балансы бекітілгенге дейін мәлімделмеген талабы өтелген деп саналады. Егер несие беруші талап қойып сотқа жүгінбесе, несие берушілердің тарату комиссиясы мойындамаған талаптары да, сот шешімімен несие берушіге қанағаттандырудан бас тартылған талаптар да өтелген деп есептеледі. Жергілікті өкілді және атқарушы органдарды қоса алғанда, мемлекеттік органдардың қызметін тоқтату немесе оларды қайта құру осы органдар борышкер болған міндеттемені тоқтатуға әкеліп соқтырмайды. Егер тиісті органдардың қызметін тоқтату немесе оларды қайта құру туралы шешімді өзгеше көзделмесе, көрсетілген міндеттемелерді орындау қарамағанда бюджет қаражаты бар органға жүктеледі.

 

20- тақырып. Шарттың ұғымы және жағдайлары.

Жоспар:

1. Азаматтық –құқықтық шарттардың ұғымы және белгілері.

2. Шартты саралау.

3. Шарттың түрлері.

1. Шарт ұғымы. Екі немесе одан да көп адамнын азаматтық құқықтар мен міндемелерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі шарт деп танылады.

“Шарт” термині азаматтық заңнамада әртүрлі мәнде қолданылады: өзінен туындайтын азаматтық факты; сол шарттық міндеттеменің өзі; шарттық міндемені рәсімдеген құжат. арт- құқықтық қатынастың туындауына, өзгеруіне немесе тоқтатуына негіз болатын заңдық факт. Сондықтан да, шарт азаматтық құқықтар мен міндемелерді туындататын негіздердің бірі болып саналады. 148-баптың 1-тармағына сәйкес мәмілелер бір жақты және екі немесе көп жақты (шарттар) болуы мүмкін Сол себепті, шарт мәміле болып табылады және шартқа екі және көп жақты мәмілелер туралы, атап айтқанда, мәміленің формасы және оны тіркеу туралы, мәмілені заңсыз деп тану туралы және т.б ережелер қолданылады. “Бір жақты және көп жақты мәмілелер” ұғымын “бір жақты және өзара шарттар” ұғымынан ажырату керек. Бір жақты мәміле шартқа жатпайды, себебі мәмілені жасау үшін тараптардың келісімі керек емес, бір жақтың ерік білдіруі жеткілікті. Шарттың басқа мәмілелерден және басқа заңдық фактылардан айырмашылығы сол, шарт дегеніміз тараптардың келісімі. Сондықтан 148- баптың 3-тармағына сәйкес, шарт жасасу үшін екі тараптың не үш немесе одан да көп тарптың ( көп жақты мәміле) келісілген ерік білдіруі қажет. Шарттардың басым көпшілігі екі жақты мәміле болып табылады, себебі шарттан, әдетте, міндеттемелік құқық қатынастары туындайды, ал міндеттеме үшін мүдделері қарама-қарсы екі тарап болуы керек, біреуінде талап ету құқығы(несие беруші), екіншісінде- сол құқыққа икемделген міндет борышкер болады. Бірлескен қызмет туралы шарт көп жақты мәмілеге мысал бола алады. Бұл шарттың ерекшелігі сонда, оның тараптары ортақ шаруашылық мақсатқа қол жеткізу үшін бірлесіп әрекет жасауға келіседі. және осы қызметтің нәтежиесінде ортақ меншік пайда болады. Бірлескен қызмет (жай серіктестік) шарттың “Міндеттемелік құқық”туралы бөлімде емес, меншік құқығына арналған бөлімде, ортақ меншік туралы тарудан кейін орналасуы бекерден бекер емес.

Көп жақты шарттарға, әдетте, шарт туралы жалпы ережені қолдануға болады. Дегенмен, көп жақты шарттардың жоғарыда айтылған ерекшеліктеріне байланысты кейбір нормаларды қолдануға болмайды. Атап айтқанда, жария шарт туралы, үшінші жақтың пайдасына шарт туралы (391-бап) ережелері көп жақты шартқа қолдану да қандай да бір ерекшілік болуға тиіс. “Шарттан міндеттемелік, заттық немесе өзге де құқықтық қатынастар туындауы мүмкін” деген ережені Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне кіргізу елеулі жаңалық болып табылады. Азаматтық құқықтық шартты, әдетте, міндемелік құқықтық қатынастармен байланыстырады. Бірақ, міндемелік құқық қатынастарының ауқымына зорға сиятын құқықтық қатынастар да бар. Мысал, бірлескен қызмет туралы шарттан ортақ меншік объектісін бірлесіп иелену және пайдалану жөнінде оның қатысушылары арасында қатынастар туындайды,ал олар міндеттемелік емес заттық құқықтық қатынастар болып туындайды.

Шарттан авторлық қатынастар (бірлескен авторлар арасында), өнертапқыштық қатынастар (бірлескен өнертапқыштар арасында) және т.б туындаған жағдайда осылай бағалауға болады. Құқықтық қатынастар кешені (заттық және міндеттемелік) заңды тұлғаның пайда болуына негңз болатын құрылтай шартынан туындайды. АК-ның 379-бабының 3-тармағына басқа формула енгізілген: шарттан (бірлескен қызмет туралы шарт, құрылтай шарты, авторлық шарт және басқа) туындайтын заттық авторлық немесе өзгедей құқықтық қатынастарға, егер заңнамадан, шарттан немесе құқықтық қатынастардың мәнінени өзгедей туындамаса АК-ның 22- тарауының баптары (Шарт ұғымы және оның ережелері қолданылады.

Шарт еркіндігі. Азаматтар мен заңды тұлғаларға шарт жасасуда еркіндік берілген. АК-да, заң құжаттарында неиесе өз еркімен қабылдаған міндеттемеде, шарт жасасу міндеті көзделген жағдайларды қоспағанда, шарт жасасуға мәжбүрлеуге жол берілмейді. Шарт еркіндігі АК-да бекімін тапқан кәсіпкерлік қызмет еркіндігімен және тұтынушылардың тауарлар иеленуге, жұмыстар мен қызметтер пайдалануға шарт жасасу еркіндігіне құқығымен үйлестік болады. Шарт еркіндігі принципі тараптардың заңдарда көзделген шартты да, көзделмеген шартты да жасаса алатындығына көрініс табады. Тараптар заңда көзделмеген шарттарды да жасаса алады.

2. Шартың мазмұны мен формасы. Заңдық факт деп саналатын шарттың мазмұнын оны жасасқан кезде тараптар құрастырған ережелері құрайды. Шарт ережелерін, егер тиісті ереженің мазмұны заңда тікелей міндеттелген болмаса, тараптар өз қалауларымен анықтайды. Шарт ережелерін анықтаудың жалпы принципі шарт еркіндігінен туындайды. Тараптар шарттың заңнамада тікелей тыйым салынғанынан басқа кез-келген ережені анықтауға құқылы. АК-ның 382-бабының 1-тармағында императивтік және диспозитивтік нормалар арасындағы айырмашылық көрсетілген. Тиісті ереженің мазмұны заңда тікелей міндеттелген болса (императивтік норма), тараптар оны өзгертуге құқылы емес. Олар ол нормаларды шартта қарастыруда, қарастырмауыда мүмкін, бірақ оған қарамастан олар оны заңда көрсетілген қалпында орындауға міндетті. Мысалы, 282-бапта ақша міндеттемесі Қазақстан аумағында теңгемен көрсетілу тиіс делінген немесе 304-бапта ортақ меншік болып табылатын мүлік кепілге тек барлық меншік иелерінің келісімімен ғана берілуі мүмкін деп көрсетілген. Сондықтан да, шарттың тараптары (заңда көзделмеген басқа реттерде) есеп-қисапты доллармен жасу туралы немесе мүлікті кепілге басқа меншік иелерінің келісімінсіз беру туралы ережені шартта көрсете алмайды. Егер шарт ережелерінде диспозитивтік норма көзделген болса тараптар оны қолданбауға немесе одан өзгеше ереже белгілеуге құқылы.

Азаматтық заңда императивтік нормалар көп емес. Олардың басым көпшілігі диспозитивтік нормалар. Ол шарт еркіндігіне сүйене отырып тараптардың оның барлық ережелерін өздері анықтай алатындығымен байланысты. Тараптар шартта кез-келген жағдайды қарастыруға құқылы, егер олар оны істемесе (білместіктен немесе көңіл аудармай),онда диспозитивтік нормалар қолданылады.

Шарттың елеулі ережелері. Шарт дегеніміз екі немесе бірнеше адамның келісімі, екі немесе бірнеше адамның келісіп ерік білдіруі. Әр шартта көптегген болуы мүмкін,олардың ішінен келісілмесе шарт жасалды деп саналмайтындарын бөліп алу қажет.Бұл-шарттың елеулі ережесі. АК-ның 393-бабына сәйке тараптар арасында шарттың барлық елеулі ережелері бойынша тиісті жағдайларда талап етілетін формада келісімге қол жеткен кезде шарт жасалынды де есептелінеді. 393-бап елеулі ережелердің тізбесін бермейді, тек жалпы тәртіпте олардың тәртіптерін атап өтеді. Ережелердің елеулі болып табылатын үш тобн тауып алуға болады, олар: шарт нысаны туралы ережелер. Шарт нысаны анықталмайынша бірде-бір шарт жасалған болып саналмайды; заңнамада елеулі болып танылған ережелер. Мысалы, брокер-диллер мен оның клиенті арасында жасалған брокерлік шарттар мыналар болуға тиіс:

а) шарт нысаны: номиналдық ұстаушы ретіндегі клиенттің тапсырмасы бойынша брокер-диллердің өз қызметін жүзеге асыруы;

б) тараптардың ,оның ішінде брокер-диллердің,клиенттің есепшоты туралы коммерциялық құпияны сақтау міндеттемесін қоса алғандағы,құқықтары мен міндеттері;

в) брокер-диллердің қөызметін төлеудің мөлшері мен тәртібі;

г) брокер-диллердің клиент алдында есеп беруінің формасы мен кезеңділігі;

д) тараптардың шарт ережелерін бұзғандық үшін жауаптылығы;

е)бағалы қағаздар бойынша табыс алудың,және оны клиенттің есепшотына аударудың, сондай-ақ ақша қаражатын клиенттің бұйрығы бойынша төлеудің шарттары мен тәртібі; шарттардың осы түрі үшін қажетті ережелер,мысалы мүлікті жалдау шартындағы жалдау ақысының мөлшері; тараптардың біреуі арызы бойынша оған қатысты келісім болуға тиісті ереже.

Дағдылық ережелер Заңнамада шарттардың осы түрі үшін дағдылы деп көзделгендіктен қолданылады, және олар шартта бар-жоғына қарамастан қолданылады. Дағдылы ережелер, негізінен диспозитивтік нормаларда көзделеді және ол шартқа ондағы бар ережелер қандай да бір себептермен шешілмей қалғанда қолданылады. Кездейсоқ ережелер шарттың бұл түріне тән емес және шартқа тараптардың өзара келісімі бойынша кіреді (мысалы,сатыпалу-сату шартының нысанын сатып алушыға беру тәртібі туралы ереже, мердігерге үшін қосымша сыйақы беру туралы ереже және т.б. Бұл ережелердің бар жоғы шартты жасалған деп тануға еш ықпал етпейді. Дағдылы ережелерге шарттың үлгі ережелерін жатқызуға болады. Үлгі ережелер шарттардың тиісті түрлері үшін жасалынады және баспасөзде жариялануы тиіс. Үлгі ережелерді тараптардың біреуі дайындаған шарттардың үлгілеріне бөліп қарауы тиіс өнім өндіретіндер жұмыс қызмет орындайтындар , әдетте өз клиенттеріне шарт жобасын ұсынады. Үлгі ережелер әдетте үкімет бекітетін және өзінде міндеттеу күші болатын типтік шарттардың ережелерінен де басқа. Егер осы көрсетілген ережелерімен шарт мазмұны анықтау мүмкін болмаса, АК-ның 392-бабының 2-тармағына сәйкес, шарт мақсаты ескеріле отырып, тараптардың шын мәніндегі ортақ еркі анықталуға тиіс. Бұл орайда шарт жасасу алдындағы келіссөздер мен хат алмасу, тараптардың өзара қатынастарында орныққан тәжірибе, іскерлік қызмет дағдысы, тіптен олардың мінез- құлықтары да назарға алынады. Шарттың қандайда бір ережесін түсінуде талаптар арасында қайшылық туындаса, онда шартқа сай түсініктеме беріледі. Ал сотқа кең өкілеттік берген : ол шарттың мәтіні мен мазмұнына ғана сүйеніп, қоймайды,тараптардың пиғылын білу үшін шарт шегінен шығып та кете алады. Ондай жағдайда сот шарт мәтіні төңірегіндегі талқылау нәтежие бермегенде барады. Шарттың жазбаша формасы сақталғаны бар құжат немесе хат, телеграмма, телефонограмма, факс сияқты құжаттар алмасу арқылы расталынады.

3. Шарттардың түрлері. Шарттарды топтастыру әр түрлі негіздерде жүргізіледі. Міндеттемеле туралы мәселені қарастырғанда жүргізілген топтастыруда, атап айтқанда, тауарды беру, жұмыс жасау, қызмет көрсету сияқтылар шарттарға да қолданылуы. Шарттарға мәмілелер топтастырылуы да қолданылады. Нақты және консенсуальдық шарттар. Егер заң актілеріне сәйкес шарт жасалу үшін мүліктің берілуі қажет болса, шарт тиісті мүлік берілген бастап жасалынған болып саналады. 393- баптың 2-тармағында нақты шарттың жасалу кезі туралы сөз болады. Шарттардың көпшілігі консенсуальдық болып табылады, (лат. сonsensus - келісім), яғни оларды жасу үшін ол жайында келісім болса жеткілікті. Мысалы, сатып алушы мен сатушы арасындағы келісімге қол жеткен кезден бастап сатып алу-сату шарты жасалынды деп саналады. Затты беру, ақша төлеу, және басқа әрекеттер жасалынып қойған шартты орыедау мақсатында атқарылады.. Бірақ кейбір шарттар (мысалы, сыйға тарту, сақтау, заем , жүк тасымалдау) шарт нысаны берілген бастап ғана жасалынады деп саналады. Мұндай шарт нақты (лат.res-зат) деп аталады, ол заң актілерінде бекімін табуға тиіс.

Ақылы және ақысыз шарттар. Шарт бойынша тараптар өз міндеттемелерін орындағаны үшін ақы алуы немесе біріне бірі нәрсе керек болса ,бұл ақылы шарт болып табылады. Бір тарап екінші тарпқа одан ақы алмай немесе еш нәрсе бермей бір нәрсені ұсынуды міндетіне алған шарт ақысыз шарт болып табылады. Ақылы және ақысыз шарттар арасындағы айырмашылық- шарт бойынша өз міндеттерін орындағаны үшін біріне-бірінің бір нәрсені ұсыну –ұсынбауында. Бір жақты және өзара шарттар тараптардың құқықтары мен міндеттерінің сипатына қарай анықталады. Бір жақты шартта бір тарапта тек құқық, екіншісінде тек міндет туындайды (мысалы, заем шарты). Өзара шартта тараптардың әрқайсысында құқық болады,олар міндеттемелерде көтереді.