Олданылу аясы 3 страница

6-тарау. Медициналық техника мен медициналық мақсаттағы
бұйымдардың сәйкестігін растау

77. Медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
78. Шетел мемлекеті берген сәйкестікті растау саласындағы құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес танылады.
79. Сәйкестікті міндетті растау мынадай:
1) сәйкестік туралы декларацияны өндіруші (дайындаушы) ұйымның қабылдауы;
2) міндетті сертификаттауды жүргізу нысандарында жүзеге асырылады. Сәйкестікті міндетті растауға жататын медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесі осы Техникалық регламентке 2-қосымшада келтірілген.
Сәйкестік туралы декларациямен сәйкестігі расталуға рұқсат етілетін өнімдердің тізбесі осы Техникалық регламентке 3-қосымшада келтірілген.