Есеп мысалдары
1. Көмір қышқылының крититикалық нүктесі 310С , критикалық қысымы 73 атм. СО2-нің молінің критикаоық көлемін анықтау керек.
2. Азоттың критикалық температурасы -1490С, Ркр=33 атм. Азот үшін Ван-дер-Ваальс теңдеуінің тұрақтысын анықтау керек.
3. Су үшін Ван-дер-Ваальс тұрақтысы =5,47*106 атм*см/моль2 деп алып, судың ішкі энергиясын анықтау керек.
4. Ван-дер-Ваальс газы үшін изотермиялық сығылу өрнегін жаз.
5. Тұрақты қысымдағы Ван-дер-Ваальс газы үшін температуралық ұлғаю коэффициентін анықтау керек.
6. Азоттың 1 молі бостыққа алғашқы 1 л көлемнен шекті 10 л –ге дейін ұлғаяды Азот үшін Ван-дер-Ваальс тұрақтысы =1,35 *106 атм*см/моль2 деп алып, осы процесс ұшін температураның
төмендеуін анықтау керек.
7. Ван-дер-Ваальс газының молі үшін (Ср- Сv)-ні анықтау керек.
8. Ван-дер-Ваальс газының молі үшін энтропия өрнегін жазу керек.
9. Ван-дер-Ваальс газының 1 моліне бостықта V1 көлемнен V2 көлемге дейін ұлғайғанда температурасы өзгермеу үшін қандай жылу беру керек.
10. Ван-дер-Ваальс теңдеуіне бағынатын газ үшін Сv жылу сыйымдылығының көлемге байланыссыздығын, тек температураның функциясы болатындығын дәлелде.
11. Жылу сыйымдылығының температураға байланысты болатын Ван-дер-Ваальс газының ішкі энергиясының теңдеуін жаз.
3 Электр ЖӘНЕ магнетизм