Жасанды интеллект технологиялары

Жасанды интеллекттің мәселесі қазіргі кезеңде ең маңызды проблемаға айналған тақырып. Онымен айналысушылар мүлде көп-ақ. Ол жөнінде ізденушілердің қатарына кибернетиктер, лингвисттер, психологтар, философтар, математиктер, инженерлер
жатады. Осы жасанды интеллект мәселелерін шешу арқылы ғылыми дамудың көптеген проблемалары шешімін табады. Бұл проблемаларға есептеу техникалары мен робототехника саласындағы күрделі есептер шешіліп жатады. Дәл осы тұста
пәнаралық зерттеулер туындап, олардың жаңа бағыттары айқындалып жатады.

Жергілікті желі сапасы мен сенімділігін модельдеу жүйесі келесі үш принцип негізінде құрыла алады:

1 Желінің жұмысқа қабілеттілігін бақылау, қадағалау.

2 Имитациялық модельдеу.

3 Есептеулер жүргізу.

Желінің жұмысқа қабілеттілігін бақылау нақты уақыт ағымында желіні қадағалау мен диагностиканы визуалдауға мүмкіндік береді. Желі моделі оның техникалық жағдайын үздіксіз қадағалайтындай етіп құрылған. Қазіргі кезде желінің техникалық жағдайын модельдейтін көптеген программалар бар. Мысалы, HP OpenView Network Node Manager (NNM) шешімі желі ресурстарын тиімді қолдану мен өнімділікті арттыра отырып, желіні функционалды басқаруды қамтамасыз етеді. HP OpenView NNM шешімінің құрамына кіретін құрылғылар іздеу мерзімін азайтуды және ақауларды болдырмауды қамтамасыз етеді. HP OpenView NNM шешімінің графикалық интерфейсі желінің ағымдағы күйі жайында көрнекі түрде мәлімет береді және желі картасына не құбылыстар мен оқиғалардың детальді түрде сипатталған тізімдеріне жылдам өтуді ұйымдастырады. Желі картасы желілік құрылғылар жағдайлары мен бүлінулер пайда болған орындарды бейнелейді де, желі жұмысына кедергі келтіретін ақауларды дер кезінде анықтап, жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. Мұның барлығы HP OpenView NNM программасының желіні зерттеу құрылғысы емес, желі жұмысын қадағалайтын маманның пайдалы құралы екендігін көрсетеді.

Имитациялық модельдеу жүйелері мамандандырылған және әмбебап болуы мүмкін. Мамандандырылғын имитациялық жүйеге әлемге танымал InTouch HMI адам-машиналық интерфейсінің программалық қамсыздандырылуы мысал бола алады. Ол өндірістік үдерістердібасқаруды және визуализациялауды қамтамасыз етеді. Ол пайдаланушының қолдануына ыңғайлы орта мен графикалық құралдар жиынтығынан тұрады. 9.5 нұсқасы өндіріс өнімділігі мен тиімділігіне қол жеткізетін көптеген жеңілдіктер мен мүмкіндіктер береді. Wonderware SmartSymbols жаңа технологиясының қуатты құрылғылары автоматтандырудың арнайы қосымшаларын жылдам құру мен жүзе асырудың танымал функционалды мүмкіндіктерін береді.

InTouch қосымшалары ағымдағы және келешектегі қажеттіліктерді қосымша инвестиция мен күш салуды қажет етпей-ақ қанағаттандыру мүмкіндіктеріне ие. InTouch әмбебап қосымшаларын пайдалану мүмкіндігі әртүрлі мобильді құрылғылар, аса қуатты емес желілік клиенттер, компьютерлік түйіндер және Интернет арқылы қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар InTouch ашық және кеңейтілетін интерфейсі өндірісті автоматтандырудың көптеген құрылғыларымен байланыс жасау мүмкіндіктерін ұсынады.

Имитациялық модельдеудің әмбебап жүйесіне GPSS жатады. GPSS World жүйесі – бұл модельдеу саласының кәсіби мамандарына арналған қуатты компьютерлік модельдеу ортасы. Бұл жоғары деңгейлі интерактивті және ақпаратты визуалды бейнелеу қасиетіне ие дискретті түрде де, үздіксіз де компьютерлік модельдеу мүмкіндігін беретін кешенді модельдеу құралы. GPSS World –ты қолдану нақты өмірдегі өте күрделі жүйелердегі конструкторлық шешімдер тиімділігін бағалау мүмкіндігін береді. Оның құрамына мыналар кіреді:

- Пайдаланушының объектілі-бейімделген интерфейсі. Оның құрамына «Модель», «Модельдеу процесі», «Отчет», «Текст» кіреді.

- Жоғыра өнімділікті модельдер трансляторы.

- Модельдеу процесі кезінде енгізу/ шығарудың ұйымдастырылуы.

- 20-дан аса кірістірілген ықтималдықтар үлестірімі.

- PLUS интегралды программалау тілі.

- PLUS-процедуралар кітапханасы.

- Модельдеу процесін бақылауға арналған әртүрлі графикалық терезелер жиынтығы.

- Эксперименттерді таратуға және оптимизациялауға мүмкіндік беретін автоматтандырылған генераторлар.

- Блоктарды енгізуге арналған сұхбат терезелері.

ЖШС «Алтын Алма» Кәсіпорны корпоративтік ақпараттық жүйесінің жергілікті желісін модельдеу. ЖШС «Алтын Алма» кәсіпорны тұтынушыларға ақпараттық қызмет түрін көрсетеді.

Рекрутерлер кәсіпорынның өз жұмысын автоматтандыруды қажет ететін қызметкерлері болып саналады. Олар жұмыс уақытын үнемі телефон байланыстарында, әңгімелесуде, тұтынушылар тапсырыстары негізінде кандидаттар бойынша үлкен көлемді әртүрлі ақпараттарды өңдеу, іздеу сияқты жұмыстармен өткізеді.

Жұмыс берушілермен компанияның тұтынушылармен жұмыс жасаушы қызметкерлері айналысады. Олар келесі әрекеттердің орындалуын қамтамасыз етеді:

- жұмыс берушілердің жаңа ұсыныстарын іздеу

- ұсыныстарды қабылдау

- осы ұсыныстарды жылдам іздеп табуға арнап рәсімдеу

- сұхбат алмасудың сәтті өтуі үшін қажетті ақпараттарды дайындау

- жұмыс берушілермен орнатылған байланысқа қолдау жасау.

Тұтынушылармен байланысатын қызметкерлер де үлкен көлемді ақпаратпен жұмыс жасайды. Ол жұмысын жұмыс берушімен жылдам байланыс орнатып, қажетті ұсыныстар жасау үшін дұрыс ұйымдастыруы керек.