Лекция №8

Іскерлік әңгіме тәжірибесіндегі вербальді емес әдістер

Лекция жоспары:

1.Амандасу түрлерінің мағынасы.

2.Амандасудың түрлері.

3.Іскерлік мәртебені көтерудің вербальды емес тәсілдері.

4. Вербальды емес қарым-қатынас тәсілдері

Әдебиеттер:

4. Кузин Ф.А культура делового общения М. Тандем 2006

5. Баева О.С Ораторская искусство и деловое общение- М. Просвещение 2003

3.Бороздина Г.В Психология делового общения. М. Просвещение 2005

Кез-келген іскерлік кездесу сәлемдесумен басталып,сәлемдесумен аяқталады. Ол хабарламалы болуы мүмкін,әсіресе оның қарқындылығы мен ұзақтығы. Өте қысқа және салқын амандасу-бұл нашар қарым-қатынасты білдіреді және керісінше.Жылы жүзбен,ұзартылып берілген қол-бұл достықтың белгісі. Алайда,серіктестің қолын ұзақ ұстап тұруға болмайды,ол ыңғайсыз жағдайда болуы,яғни өзін қақпанға түскендей сезінуі мүмкін.

Шетелдіктердің сәлемдесу ерекшеліктерін білген де жөн,мысалы азиялық бизнесмендермен амандасқанда,қолды қатты қысуға және ұзақ ұстап тұруға болмайды. Керісінше батыс-европалық және америкалық кәсіпкерлер атлетизм мен энергияны жоғары бағалағандықтан,салқын амандасуды мүлде ұнатпайды. Олармен қатты және белсенді амандасу керек.

Алақанның түрлі бұрмалануына байланысты бірнеше мағына беруге болады. Сіз серіктесіңізбен амандасқанда алақаныңызды төмен қаратып,қолын алсаңыз-бұл сіздің билікті екеніңізді білдіреді. Мұндай сәлемдесу осы іскерлік қарым-қатынаста сіздің серіктесіңіздің алдында қарым-қатынас процесін басқарғыңыз келетінін куәландырады.

Ал егер алақаныңызды жоғары қаратып созсаңыз – бұл бағыныңқы сәлемдесуді білдіреді. Ол басшылықты екінші бір адамға берген кезде немесе оған сол жағдайдың қожайыны екенін сездіру мақсатында болады.

Егерде амандасқанда екі серіктестің қолы бірдей жағдайда болса,онда бұл олардың арасындағы сыпайылықты,өзара түсінушілікті білдіреді.

Тіке және иілмеген қолдар –бұл құрметсіздіктің белгісі. Бұл қашықтықты сақтау және өзінің биік екенін,яғни теңсіздікті көрсету мақсатында болады.

«Қолғап» деп аталатын сәлемдесу оның инициаторының адал және оған сенуге болатынын білдіреді. Мұндай сәлемдесу тек жақсы таныс адамдарда ғана қолданылады.

Екі қолмен бірдей амандасу – серіктестің шынайы көңілін,адал екенін көрсетеді. Серіктестер өзінің шын ықыласын осылай білдіре алады.

Сезімдердің тереңдік дәрежесі қолды қай жерге қойғаныны байланысты. Егер қол шынтаққа жетсе,бұл білезікке жеткенге қарағанда,тереңірек сезімді білдіреді. Ал егер қолды иыққа қойып амандасса,бұл үлкен құрметті білдіреді.

3.Іскерлік мәртебені көтерудің вербальды емес тәсілдері.

Іскерлік әңгіменің өту барысында серіктес немесе басқа тұлға болсын,өзінің отырған ортасына көз салары анық. Сондықтан қабылдаушы өз кеңсесін жақсы безендіруі тиіс.

Осыған сәйкес дұрыс және дәлелденген іскерлік пікірлер,іскерлік кездесу барысында өзін ұстай білуі,кеңсенің әдемі сәйкесінше интерьермен жабдықталуы оның егесінің іскерлік мәртебесінің жоғарлауына үлкен септігін тигізеді.

Кеңсенің интерьері көп нәрседен мағлұмат береді:фирманың жағдайын,сенімділігін,тұрақтылығын көрсетеді. Сондықтан сіздің жұмыс істейтін, яғни келушілерді қабылдайтын жеріңіз.оларға мүмкіндігінше жақсы әсер қалдыру керек. Ал бұл өз кезегінде сіздің іскерлік мәртебені көтереді.

Олжалы бизнесмендер өз кеңселерінің жабдықталуына үлкен мән береді. Себебі кеңседегі әрбір заттың өз орнында тұруының үлкен мәні барын олар жақсы біледі. Кеңсенің жағдайы – бұл іскер адамның мәдениетінің көрнекі куәгері. Оның жағдайы іскер адамдарды жақындастырады,олардың әңгімесін жағымды және нәтижелі етеді.

Визиттік картаның болмауы – іскерлік этикетті ұстанбау болып саналады,ал кеңсе мен қызметтік кабинеттің ұқыпсыз түрі фирманың беделіне үлкен нұқсан келтіреді. Нәтижесінде оның қызметкерлерінің кәсіби имиджі де зардап шегеді. Жеке бедел мен фирманың адалдығы жөнінде сөз қозғағанда,мұндай қателіктерге жол берілмейді.

Кеңсе интерьеріне қатысты нені ескеру керек? Осыған қатысты Д.Ягер атап кеткен негізгі кезеңдер мынадай:

1. Шашылып жатқан стол – жиіркенішті әсер қалдырады. Сондықтан ұқыпты болыңыз,ешқашан артық қағаздарды және бөтен заттарды қоймаңыз.

2. Жұмыс столында ешқашан тамақтанбаңыз. Басқа амал жоқ болса,жақын маңайда клиенттеріңіздің жоқ екеніне көз жеткізіңіз,ал тамақтанып болған соң бәрін тазалаңыз.

3. Жұмыс столында отырып кофе ішсеңіз стакан немесе шыныаяқ қолданыңыз.

4. Өз жұмыс орныңызға бөтен адамның қөзқарасымен қараңыз,сосын «осындай кеңседе жұмыс істейтін адамға келер ме едім,ал егер келсем бұл кеңсе қожайыны туралы қандай пікір қалыптасар еді ?» деген сұраққа жауап беріңіз.

5. Өз кеңсеңізді оның көлеміне қарамастан өз үйіңіздей қабылдаңыз. Барлық ұсақ – түйекке дейін дұрыс ойластырыңыз.

6. Кеңсеңіздегі тіпті маңызды емес затта сіздің имиджіңізді айқындап тұруы керек.

7. Кеңсеңізді киіміңізге қарағандай таза әрі ұқыпты ұстаңыз.

8. Егер сізге жұмыс барысында көп қағаз керек болса,келушілерге жинақы,таза қабылдау бөлімін орнатыңыз. Ал егер кеңсеңіз өте тар болса немесе үлкен ғимарат ішінде сізге стол ғана бөлінсе,онда өзіңізге керек кезде алуға және бөтен адамдарға көрсетпей тығып қоятын жеке «қоқыс» жәшігін арнап қойыңыз.

9. Өзіңізге сеніп тапсырған телефон номерлері мен құжаттарды фирма қызметкерлері немесе келушілер көрмейтіндей жерде сақтаңыз.

Кеңсені жабдықтауда негізгі үш зонаны бөлуге болады:

1.жеке жұмыс орны;

2.әріптестік қызмет орны;

3.достық қарым-қатынас орны.

Жеке жұмыс орны – жұмыс столы,жайлы кресло конструкциясы,жұмыс столының жарықтандырылуы,телефонның рационалды орналасуы,заманауи ұйымдастырушылық-техникалық құралдардың реті сияқты параметрлерді ескере отырып жабдықтайды.

Әріптестік қызмет орны – ұйымның адамдармен жиналыс жұмыс талаптарын ескере отырып жабдықталады. «Әріптестер» столының болуы міндетті және жиналысты өткізуге ыңғайлы орындықтар,қалам,ручка,таза қағаз парақтары, суы бар графин болуы керек. Егер жиналыс барысында техникалық аппаратура қолданылатын болса,сәйкес орынға қойылып,алдын-ала тексеруден өту керек.

Достық қарым-қатынас орны – екі ыңғайлы кресло,журнал столы,салқын сусындар болғаны лазым. Бұл зона жоғарыда аталған екі зонадан тыс орналасуы тиіс. Ресми емес қарым-қатынас атмосферасына сәйкес безендірілуі тиіс.

Кеңсені жабдықтауда өз қожайынының іскерлік мртебесін көтеретін аракегкоали ескерген жөн. Бұған қол жеткізуге болады,мысалы,кресло формасын өзгерту;оның көлемі мен бөлшектерінің көлемін үлкейту,орындықтардың аяғын ұзарту.

Келушілерге мынадай жағдайда үлкен әсер қалдыруға болады:егер сіздің орындығыңыз келуші отыратын орындықтың басқа бұрышында тұрса. Бұл келушінің орындығын алысырақ қоя отырып,оның мәртебесін төмендету болып саналады.

Сіздің іскерлік мәртебеңізді жоғарлатуға басқа да вербальді емес қарым-қатынастар көмектеседі,жекелей айтсақ:

1. Төмен столдар және келушілерге дивандар;

2. Келушінің қолы жетпейтін жердегі қымбат күлсалғыш.

Кеңсе жабдықталып болған соң,безендіріледі. Кеңсені безендіргенде төмендегі нұсқауларды ескеру керек:

1. Кеңсе қабырғаларын қызметтік ғимараттарға жалпы қабылданған стандартты түстерге сәйкес бояу керек;

2. Жұмыс столына гүл қоюдың қажеті жоқ. Қабылдау бөліміндегі хатшының алдында тұрғаны да жеткілікті;

3. Кеңседе ауыстырып киетін киіміңіздің болғаны артықтық етпейді;

4. Кресло массивті болмауы керек;

5. Барлық суреттер немесе кеңселік әшекейлер бейтарап болуы керек.

Бақылау сұрақтары:

1.Шетелдіктердің амандасуындағы айырмашылықтар.

2.Іскерлік әңгімені өткізу барысында тырған ортасының әңгімелесушіге және серіктеске әсер етуі.

3.Д.Ягердің кеңсе интерьеріне қатысты негізгі кезеңдері