Лекция.

Органикалық дүние эволюцияның негізгі

бағыттары мен жолдары. Биологиялық прогресс.Табиғат бірлестіктері және адамның іс әрекеттері.

Биологиялық прогресс. Эволюсияның негізгі бағыты – қарапайымнан күрделігіе қарай даму. Орыс биологі А.Н. Северцов органикалық дүниенің даму тарихында биологиялық прогрес пен биологиялық регресс болатынын ерекше бөліп көрсеткен.

Биологиялық прогресс – түрдің немесе басқа да жүйелік топтардың тіршілік үшін күресте жеңіп шығуы. Биологиялық прогрестің негізгі белгілері: жүйелік(систематикалық) топтағы даралар санының артуы; тағыда басқа жүйелік топтарға ажырауы. Организмдердің қоршаған ортаға бейімделуі:

а) түр дараларының саны артады;

ә) түрдің таралу аймағы кеңейеді;

б) жаңа популяциялар, түр тамақтары, түрлері түзіледі;

Биологиялық эволюцияның бағыттары.Академиктер Алексей Николаевич Северцов пен Иван Иванович Шмальгаузен биологиялық эволюцияның биологиялық прогреске әкелктін 3 бағытын анықтайды.

1. Ароморфоз (Арогенез)

2. Идиоадаптация (Аллогенез)

3. Дегенерация (Катагенез)

1.Ароморфоз (грекше "airo"- көтеру, "morpha"-пішіні),арогенез-

организмнің құрылысы мен қызметін күрделендіруге, құрылымы мен тіршілік етуге қабілетінің жалпы деңгейін көтеруге акелетін эволция- лық өзгеріс.Аромофоздың нәтижесінде жаңа ірі систематикалық топ-тар мен кластар пайда болады.

Сүтқоректілердің құрылым деңгейі-миының күрделенуі,тірі туу,жылықандылық прогресс жолымен дамуы негізінде күрделенді.

Эволюцияның даму бағыты:

а)бір жасушалылардан көп жасушалыларға:

ә)екі қабатты организмнен үш қабаттыға:

б)төменгі сатыдағыдан хордалыларға дейін дамуы және т.б.

2.Идиоадаптация( грекше "idios"-"ерекшелігі",латынша "adaptatio"-"беімдеушілік" деген мағына береді), аллогенез-биология құрылым деңгейін күрделендірмей,өзгертпей тіршілік жағдайында бейімделушілігі. Әрбір түр белгілі бір ортада тіршілік ететіндіктен дәл осы ортаға тән пайдалы бейімделушілік қалыптасады.

Жануарлардың бүркенгіш (жасырушы)реңі,өсімдіктердің тікен- тері,безді түтіктері,скат,камбала балықтарының су түбіне бейімделіп, жалпақ пішінді болуы-идиоадаптация.Идиоадаптация-тірі организм- дердің тіршілік ортасына жеке бейімделуі.Жануарлардағы нағыз идио- адаптация-аяқтарының құрылысындағы ерекшеліктер (көртышқандар, тұяқтылар, ескекаяқтылар); құс тұмсықтарының түрлі пішінді болуы (жыртқыш құстарда-имек тұмсық, балшықшы құстарда-өте ұзын тұмсық, т.б.); түрлі жәндіктердің, балықтардың бүркеніш реңдері.

3.Дегенерация( катагенез;грекше“kata”-қарапайымдану, кері-кету)-эволюцияның үшінші бағыты. Бұл бағытта (дегенерацияда) организмдердің құрылысы қарапайымданады, бірақ өлімге апармайды. Мұның мысалы ретінде паразит құртарды алуға болады. Жалпақ құт- тар жануарлардың ішінде тіршілік ететіндіктен олардың ас қорыту және сезім мүшелері жойылған. Паразит құрттардың құрылысының бұлай қарапайымдануы құрттарға ешбір кедергі жасамайды.

Организмдердің тіршілік ету ортасына пайдасыз мүшелері регрес-ке ұшырап жойылып,оның орнына бейімделу ыңғайына қарай жаңа мүшелері пайда болады.Дегенерация-жалпы құрылым деңгейін қара-пайымдатып төмендету арқылы организмдердің бейімделгіштік өзге-рісі.

 

Биологиялық регресс-биологиялық прогреске кері процесс.

Биологиялық регресс те эволюцияның бағыты. Биологиялық рег-ресс-организмдердің таралу аймағын азайтады;түрлер мекен ету орта-сында дұрыс,жақсы бейімделе алмағандықтан саны азаяды;басқа түр-лердің ығыстыру себебінен өліп,жойылып бітеді. Биологиялық прог-ресте түрлер дамып,көбейіп,жер жүзіне кең таралса,биологиялық регресте бейімделе алмаған кейбір түрлер тіршілігін бірте-бірте жоя-ды.

Сонымен боилогиялық регрестің себебі;сыртқы орта жағдайының өзгеруіне организмдердің әсер ету қабілетінің жойылуы.

Биологиялық регреске ұшырағандaр:

1.Паразитті тіршілік етуге көшкендер.

2.Қозғалмай бекініп,іршілік ететіндер.

3.Жер астында және үңгірлерде тіршілік ететін жануарлардың жеке мүшелерінің қарапайымдануы.

1.Паразитті тіршілік етуге көшкен организмдердегі дегенерация мысалдары.

Жануарлардағы регресс мысалдары: паразитті тіршілік ететін жануарларда (жалпақ құрттарда) сезім,ас қорыту мүшелері жойылып, жүйке жүйесінің құрылысы қарапайымданады.

Өсімдіктердегі регресс мысалдары. Өсімдіктердегі регресс те пара-зиттік тіршілік етумен байланысты.

2.Қозғалмай бекініп тіршілік ететін организмдердегі дегене-рация мысалдары. Қозғалмай бекініп тіршілік ететін жануарлардың қозғалу мүшесі дернәсіл сатысында болады,хордасы жойылған. Мысалы, өзінше бөлек погонофоралартипінің өкілдері теңізтүбінде қозғалмай тіршілік етеді.

3. Жер астында және қараңғы үңгірлерде тіршілік ететін жануарлардың дегенерациясының мысалдары.

Югославия мен Оңтүстік Австрияның ұңгірлерінде қосмекенділер класына жататын тритонға ұқсас протей тіршілік етеді.Өкпесінен басқа басының екі жағында сыртықы желбезектері бар.Суда желбезек-терімен,құрлықта өкпесімен тыныс алады.Жер асты үңгірлеріндегі суда мекендейтіндіктен дене пішіні жыланға ұқсас ұзын,мөлдір,түссіз, пигменті болмайды. Көздері терімен жабылған,уылдырығынан дамы- ған итшабақтарында көздің бастамасы бар.

Сонымен органикалық дүние эволюциясында 3 бағыт бар.Аромор-фоз-организмдердің жалпы құрылым деңгейін күрделендіріп, жоғары сатыға көтеру; идиоадаптация –организмдердің жеке бейімделушілі-гін арттырады, бірақ организімнің құрылым деңгейінде ешқандай өзгеріс болмай сол қалпында сақталады; дегенерация –даралардың құрылым деңгейін төмендетіп (қарапайымдандырып), биологиялық регреске әкеледі.

Эволюцияның негізгі заңдылықтары.