Арахандар мемлекеті 4 страница

 

Лекция тақырыбы: Осман империясы

Жоспары:

1. Беиліктердің құрылуы. Осман Бейлігі

2. Османдардың жаулап алу жорықтары

3. Империяның құрылуы. Константинопольді жаулап алуы

4. 17-19 ғғ. Осман империясы

5. XX ғ. басында империяның құлауы.

 

Лекция мақсаты: 600 жыл билік құрған Осман империясының құрылу тарихы, мемлекеттік басқару құрлымы, ішкі және сыртқы саясатын және әлем тарихында алар орнын түсіндіру.

 

Лекция мәтіні:Осман мемлекетін құрушы Түркия сүлтандарыныц атасы Осман хан (Ерторғылдың ұлы) екесі қайтыс болғаннан кейін өз қауымының басшысы болды. Әкесі Ерторғын тірі кезінде-ақ селжуктармен тату болып, олардың дүшпаңдарына қарсы соғысқан. Сол дәстүрді сыйлап, селжук ханы Ғияселдин Масғд бүған көп жер, су береді және сол жақтағы халықтарға әмір етіп қояды. Селжук түркілерінің 15-ші ханы Ғаллаләлдин Кейкібатты Ғазанхан әскері түтқынға алады да, мемлекет басшысыз, мүлде басқарусыз қалады. Заңға қарсы заңсыздықтар бас көтереді. Сол үшін Селжук түркілері өздеріне Осман сүлтанды хан сайлайды. Және оған мемлекет мекеме-лерін тапсырады. Осы күннен бастап Анатолы жеріндегі ұлы Селжук мемлекеті Осман хан есімімен аталады. Бірте-бірте Селжук есімі үмытылады.

Осман мемлекеті осылайша 1300 жылы құрылды. Қайсы ай, қайсы күні екені нақты болмаса да, мөлшермен маусым айының 9-ы күні деуге болады.

1352 жылы түріктер Дарданеллдің Еуропалық жағалауын-дағы маңызды тірек пункт Цимпе қамалын, ал 1354 жылы Галлиполи қаласын қаратып алады.

Осман түріктердің Балқан түбегіндегі жаулап алулары басталады. Византия мемлекетінің ішкі құлдырауын пайдаланған түріктер Византияның Балқандағы Еуропалық аймақтарын жаулауға кіріседі.

1363 жылы сүлтан I Мурад2 Андрианопольді алады да, бүған өз астанасын көшіреді3. 1369 жылы түріктер Андриа-нопольді басып алып, оны одан ары шабуыл жасаудың базасы етеді. Болгариядағы феодалдық өзара тартыстар, оның ХІҮ ғасырда үш дербес мемлекетке бөлінуі, Сербияның бірнеше

дербес өзара қырғи қабақ феодалдық иеліктерге бөлініп кетуі түріктердің тез жылжып кіруіне, сөйтіп олардың Балқан түбегіне орнығып алуына мүмкіндік туғызды.

1389 жылы 15 шілдеде Косов жазығында сербтер мен түріктердің арасында үлкен шайқас болады. Бұл шайқаста сербтер түріктерге қарсы жақын көршілес елдердің көмегінсіз жалғыз шықты.

Сербтер жеңілді, сербтердің князі Лазаре қаза тапты.

Түріктер әлі де Сербияны түбегейлі жаулап алмағанмен, Сербтердің осы жеңілісі түріктердің Балқан түбегінің бүкіл шығыс және онтүстік-батыс жағына қожалық жүргізуіне қол жеткізді. Бұл қожалық ету 1390 жылы 29 жасында таққа отырған Мурад Құдававдигардың баласы Иылдырым Баязит (1360-1 403 ж.) кезінде іске асты.

Баязит бүған дейін талай қанды соғыстарга тікелей араласып, ерлігімен көзге түсіп үлгерген еді, яғни болашақ тақ мүрагері көпшіліктің құрметі мен сүйіспеншілігше әбден бөленген болатын. Соғыс майдандарында көрсеткен тамаша ерлігі мен шапшандығына, сүйсінгендер оған Иылдырым (Найзағай) деген лақап ат берген болатын.

Иылдырым патшалық таққа отырысымен іске бірден кірісіп кетті. Сайлаулы сарбаздарын жасақтап, рум еліне жорыққа аттандырды. Балқандағы жеңісті жорықтарын аяқтасымен Анатолыға оралып, ісін жалғастырды. Бұл түста Анатолыда дара билік жүргізіп түрған Айдынүлдарына, Саруханүлдарына, одан кейін Мептеше бектігіне шабуылдап, өзіне қаратгы. Осыңдай сәтгі жорықтарын жалғастыра отырып, әйгілі Қараманүлдарына шүйлікті. Кония, Нигде, Ақшақар және Ақсарайды бағындырғаннан кейін көптен бері бүра тартып, Бұлік шығарып келген Қараманүлдарын тізе бүктірді.

1391 жылы Ефлақ бектігінің опасыздықпен жасаған Бұлігін жаныштап, Рум елін біржола өзіне қаратты.

Дәл осы кезде Анатолыда қайтадан бас көтерген Қараманұлы Алаедин Әлиді тынынггандыру үттгін атгың басын кері бүруға мәжбүр болды. Қараман бегі өлтірілгеннен кейін жағдай женге келді. Осыдан кейін шығыс аймақта өрекпіп, атойлап жүрген басбүзар Қади Бүрханелдиннің кеудесін басуға кірісті. Тоқат, Сивас, Қайсари және оның айналасын Османлы иелігіне біржола қосып, өрісін кеңейтті.

Анатолыдағы үлкен жеңістерімен шабытганған жас патша Османлы елінің төніндегі қанды жарадай сыздап келген Византия империясын жоқ қылу мақсатымен Станбулға кіруге дайындала бастады. 1391 және 1392 жылдары екі рет Станбулды қоршай шабуылдады. Екінші рет қоршау соғысында бүғаздың Анатолы жақ жиегіне тамаша қамал (Анатолы қамалы) салғызды. Бұл жағдай византиялықтардың халын мүшкілдендіріп жіберді. Румдіктер Станбулды аман сақтап, Византия империясына қолдау көрсету мақсатымен тағы да крестшілер жорығын ұйымдастыруға кірісті. Ақырында Мажарстанның Патшасы Сигизмундтың қол астына 130000 адамдық қалың қол жинап беріп, жорыққа аттандырды. Мажарстан, Франция, Англия, Полына, Венедік, Норвегия, Родос, Италия, Ефлақ және Папаның өз әскерін қоса есептегенде жер қайысқан қальщ қол жолында кезіккенді қырып-жоя, ертей отырып Нигболға дейін жетті. Доған бек деген түрік қолбасы қарамағындағы шағын әскерімен Нигбол қамалын жан аямай қорғап түрды. Сондай қиын-қысталаңда аты затына сай Баязит хан найзағайдай жарқылдап қамалды қорғаушыларға көмекке келіп үлгерді. Өліспей беріспейтін екі армия 1396 жылдың 25 қыркүйегінде бетпе-бет кездесті. Тарихтағы ең зор қанды шайқастың бірі болып саналған осы айқаста крестшілер ауыр жеңіліске үшырап, быт-шыт болады. Сигизмунд патша өзінің қара басын әрең қорғап, алды-артына қарамай қашады.

1398 жылы Станбулды тағы қоршауға алды. Бұл кезде Византиялықтардың үміті үзіліп, күдер үзе бастаған еді. Бір өкініштісі - осындай бір алмағайып, шешуші кезеңге жеткенде, шығысты шандатқан Ақсак Темірдің қалың қолы төніп келе жатты.

Аса құдіретгі түркі империясының негізін қалап, дүниені дүр сілкінтіп түрған Темір сынықты сылтауратып Османлы жеріне басып кірді. Сивасты талқандап, Анкараға төнеді. Бұл жағдайдан хабар алған Иылдырым Баязит Станбулды қоршауын тоқтатып, асығыс Анкараға қайтады. Түркілердің екі жеңімпаз армиясы 1402 жылдың 20 шілдесінде Чубук даласында бетпе-бет кездесіп, соғысқа кіріседі. Қанды соғыстың ақырында османлы әскері жеңіліп қалады. Османлы империясының ұлы патшасы Иылдырым Баязит түтқынға түседі2. Оның әскери қолбасынары мен балалары майдан даласынан кетуге мәжбүр болады. 1402 жылы Осман державасы Анкара түбінде Темір әскерінен ойсырай жеңілгендіктен, Византия жарты ғасырға өзінің өмірін ұзартты. Сұлтан Баязиттің балалары арасында тақ үшін болған (1415-1418 ж.) күрес Византиядан түркі-лердің назарын біраз уақытқа аударып әкетті. Алайда 1422 жылы түріктер Константинопольге шабуыл жасап, басып алуға тырысты. II Мурад сүлтан Кіші Азиада Осман ақсүйек-терінің Бұлігі тағы басталған соң қоршауды тастап кетті де, Византия, Македония мен Фракиядағы бірсыпыра қалаларды түріктерге беруге мәжбүр болды және бір кездегі иеліктерінің болмашы бөлігін ғана сақтап қалды. 1430 жылы түріктер Византияның ең ірі экономикалық орталығы - Фессоло-никаны басып алды1.

Сонымен, Түріктер Болгарияны толығымен жаулап алып, болгардың Тырново патшалығын, онан кейін қалған екі болгар мемлекетін өзіне бағындырды. Қалжыраған Сербия мен Болгария түріктерге айтарлықтай қарсылық көрсете алмады. Содан соң түріктер Константинополь төңірегін түрік иеліктері етіп қаратып алды. 1452 жылдың жазында түріктер Константинополъды басын алу үшін тікелей әзірлікке кірісті.

Олар оны сыртқы дүниеден бөліп тастап, блокода ұйымдастырды. 1453 жылы көкектің басында II Мехмед сүлтан құрлықтағы және теніздегі үлкен күшпен Византия астанасын қоршады. XV ғасырдағы Византия тарихшыларының айтуынша Константинополь түбінде сол кездегі тамаша артюшериямен жабдықталған 200 мындық түрік армиясы болды, ал қыруар түрік флоты қаланың теңіз жағын мықтап үстап түрды. Византия тарихшысы Дуканың айтуы бойынша империяның ежелгі астанасын қоршап алушының 20 адамына қорғаушылардың бір адамы қарсы түрды. Оның үстіне қала қорғанысының әлсіреуіне өз ішіндегі басшылардың арасындағы талас-тартыстың тоқталмауы да көп әсер етті.

Аса маңызды қамалдарды қорғау шетелдік жалдамалыларға тапсырылды.

Константинопольге қарама-қарсы Алтын мүйіз шығанағының солтүстік жағалауында орналасқан Генуя отары Галатаның басшылары қаланы қоршап алғанға дейін-ақ II Мехмедпен өздерінің сауда артықшылықтарын сақтап қалу жөнінде келіссөз жүргізіп, түрік әскеріне жасырын түрде көмек көрсетіп отырды.

Осының бәрі жиналып, халықтың бір бөлігі түріктерге ерлікпен қарсылық көрсеткеніне қарамастан, Констан-тинополь 1453 жыны 29 мамырда түріктердің үдере шабуылы-мен алынды және үш күн бойы тоналды. Византияның соңғы императоры Константин XI Палеолог (1449-1453 ж.) шайқас үстінде өлтірілді. Константинопольдің құлауымен Византия империясы да өмір сүруін тоқтатады. Константинопольдің атын Стамбул (Истанбул) деп өзгертіп, Осман империясы астанасын осында көшірді. Түркия Осман империясы болып жарияланды.

Константинопольдан соң іле-шала түріктер бұрынғы Византия мемлекеіінің Орта Грециядағы және Пелопеннестегі басқа аймақтарын басып алды. Осыдан кейін түріктер Серб жерлерін толығымен бағындыра бастады. 1459 жылы Серб-тердің соңғы бекінісі Смедерево құлады, ал 1461 жылы Трапе-зунд империясының астанасы Трапезундты да өзіне қаратгы.

II Мехмедтің әскерлері Константинопольді алғаннан кейін арада 25 жыл өткен соң бүкіл Балқан түбегін Дунайға дейін Осман империясына қаратты. Түріктер Молдова мен Валахияға өз ықпалын жүргізді. Осман империясы XV-XVII ғасырларда дамудың ең жоғарғы сатысына көтерілді. 1514 жылы парсылар, Әзірбайжан, Күрдстан мен Месопатамия бағындырылды.

1516 жылы бүкіл Сирия, Мекке мен Медине, 1517 жыны Каир, бүкіл Египет тізе бүкті. 1553 жылы Грузияның батыс бөлігі, 1574 жылы Кипр мен Тунис, іле-шала Алжир мен Триполи сүлтан өкіметін мойындады. Оңтүстік Венгрияны, Критгі (1669 ж.), Цодолия мен Украинаның бір бөлігін (1672 ж.) басып алды.

XVI ғасырдың ақырындағы бұқара халық көтерілістері,ауыл шаруашылығының құлдырауы салдарынан империяньщ әскери-лендік (міндетгілік) жүйесінің іргесі сөгілді. Сөйтіп барған сайын шиеленісе түскен ішкі алауыздықтар Осман империясының әскери қуатын кемітті. 1664 жылы Сентготхард түбінде австриялықтар мен венгрлерден ауыр жеңіліс тапқан түріктер бүдан кейінгі соғыстарда сәтсіздікке үшыраумен болды. 1684 жылы түріктерге қарсы Австрия, Полына, Венеция «Қасиетгі Лига» құрды, оған 1686 жылы Ресей қосылды.

Австрия, атап айтқанда, 1735-1739 жылдарғы орыс-түрік соғыеында Ресейдің одақтасы болды. Бұл соғыста Ресей Қырымның көптен бергі талан-тараж шабуылдар жасауын тоқтатуды, сөтсіз болып шыққан Прутск жорығының салдарын жоюды және Қара теңізге шығуға жол ашуды көздеді. Соғыс өрекеттері Днепр өзенінің төменгі жағында, Молдовада және Қырымда кең өріс алды. Орыс армиясы Ставучан төңірегінде маңызды жеңіске жетті. Очаковты, Кинбурнды, Яссыны басып алды; Перекопке бүзып-жарып өтті; Қырым хандығының астанасы Бахшасарайды алды. Алайда, 100 мың орыс солдаты құрбан болған бұл соғыс алға қойылған мақсаттарды шеше алмады: Иран Түркиямен соғыс бастау жөніндегі міндеттемесін орындаған жоқ, Австрия сепаратгық бітім жасады, Фельдмаршал Миних бастаған орыс армиясы соғыс әрекетгерін баяу жүргізді және өз жеңістерін орынды пайдаланбады. Миних армиясы прусс төртібін: уставтарын, тактикасын, киім-кешегін, таяқтау жазасын қолданды. Армияны азық-түлікпен, жем-шөппен, қару-жарақ, оқ-дәрімен жабдықтау өте нашар болды. Осының нәтижесінде Ресей бітімге келуге мәжбүр болып, бұл бітімге 1739 жылы Белградта қол қойылды. Келісім-шарт бойынша Ресей теңізге шығатын жолды да, Азов пен Қара теңізде флот үстау құқын да ала алмады.

Қорыта келгеңде, Осман Түріктері XIV-XVIII ғасырдың бірінші жартысында ұлы империя құрды. Қуатты ескери күштің иесі болды, жер аумағын кеңейтті. 1329 жылы (басқа мәліметтер бойынша 1331 ж.) Никеяны (Изник), 1337 жылы Никомедияны (Измит) басып алды. 1354 жылы Балкандағы Галипольді (Гелиболу) және оның маңындағы Византиялық бекіністерді бағындырды. I Мурад (1359-60 немесе 1362- 89 ж. билік еткен) 1361 жылы немесе 1362 жылы Андриа-нополь (Эдрне) мен Шығыс Фракияны, көршілес аймақтарын, сонан соң Пилиппопольды (Пловдив), Софияны, Шуменді, Ништі басқа да болгар және серб қалаларын өзіне қаратты.

I Баязид (1389-1402 ж. билік өткен) бүкіл Болгарияны жаулап алып, Никополь шайқасыңда (1396 ж.) Еуропалық рьщарлардың біріккен күшін талқандады. Бұл кезенде Осман мемлекеті Анатолыда өз шекарасын кеңейтгі. Мүвда негізінен түрік халқы қалыптасты. XIV ғасырдың аяғына қарай Анатолы иеліктерінің (князьдықтар) бәрі Осман мемлекетіне қосылды. XV ғасырдың 40 жылдары Осман түріктері Балканда тағы да жорық бастады. Сүлтан II Мурадтың әскері (1421-52 ж. билік еткен) 1444 жылы Варна маңыңдағы шайқаста еуропалық мемлекеттердің армиясын, ал 1448 жылы крестілер жасағын талқандады. Сүлтан II Мехмедтің (1451-81 ж. билік. еткен) әскері 1453 жыны 29 мамырда Константинопольді алды. Сонымен Византия империясы құлады. Осман мемлекеті енді империяға - Осман империясына айналды. XV ғасырдың 50-70 жылдары Сербияның тәуелсіздігі біржолата жойылып, Морея, Атгика, Трапезунд империясы Боснияны, Эвбея аралы, Эгей теңізінің басқа бірсыпыра аралын жаулап алды. Қырым хандығы мен Валахияда түрік суверенитеті орнады. II Мехмед өзі билік жүргізген жылдардың аяқ шенінде, бүкіл Албанияны басып алды.

Сүлтан II Баязид (1481-1512 ж. билік еткен) Оңтүстік Шығыс Еуропаны жаулап алуды аяқтап, Гердеговинаны қосып (1482 немесе 1483 ж.), Молдоваға өз суверенитетін орнатты (1501 жылы).

Сүлтан I Селимнің (1512-20 ж. билік еткен) ескері 1514 жылы Сефеви мемлекетінің армиясын талқандап, оның астанасы Тебризді езіне қаратты. 1514-15 жылдары Арменияны, Күрдстан мен Солтүстік Месопатамияны (Мосулмен қоса) басып алды. 1516-17 жылдары Сирияға, Ливанға, Палестинаға, Египетке, Хиджазға, 1519 жылы Алжирдің бір бөлігіне билік орнатты. 1521 жыны түріктер Белградта, 1526 жылы Венгрияның астанасы Буданы бағындырды. Родос, Эгей архипелагының өзге де аралдары,

Триполитения, бүкіл Алжир түрікгердің билігіне көшті. 1664 жылы Түрік армиясы Сентготхард маңында австриялықтар мен венгриялықтардың, 1683 жылы Вена шайқасында поляк әскерлерінен күйрей жеңілді. 1684 жылы түріктерге қарсы «Қасиетті Лига» (Австрия, Полыиа, Венеция, 1686 ж. Ресей) ұйымдасты. Австриямен болған соғыста (1716-18 ж.) түрікгер Кіші Валахиядан, Боснияның бір бөлігінен, басқа да иеліктерінен, оның ішінде Белградтан, Иранмен болған соғыста (1730-36 ж.) Тебриз бен Хамаданнан айырылды. 1715-1739 жылдардағы соғыста Ресей Азов пен Запорожьені қайтарып алды. Қырым хандығы тәуелсіздік алды.

Әскери-лендік жүйе дағдарысы тереңдей түсті. Армияның жауынгерлік қабілеті төмендеді. Билеуші тап шаруаларды қанауды күшейтті. Алжирде ауыл шаруашылығының негізі шайқала бастады. Шаруа жерін тастап, қалаға қаіыты. Сыртқы сауда іс жүзінде шетелдер капиталы мен компрадарлық буржуазияға бағынды. Рынок қысқарды.

Осман империясы елсіреуінің негізгі себептерін айта келе Түрғыт Өзәл «Түркия - Еуропа аясында» атты мақаласында: «Осман империясы Еуропа саясатында елеулі рөл атқарады. Алайда XVII ғасырдың аяғынан-ақ оның түғыры әлсірей бастады. Жаңа теңіз жолдарының ашылуы Жерорта теңізінің әлеми сауда-саттық көздерін жабады. Империяны қорғау қажеттігі, үдайы болып жататын соғыстар оның ішкі қорын сарқиды. Осман империясының өлсіреп құлауының басты себебі - сол өзінің экономикалық даму жолын таба алмады»

Батыс Еуропа болса, оның жөні басқа еді. Ол Бұл кезде Жаңғыру реформасын жасау, француз революциясы, либерализм, өнеркөсіп революциясы кезендерінен өткен еді. Ал Осман мемлекеті Византия империясының дәстүрлерін айнытпай қабылдаған болатын. Ал оның экономикасы мемлекеттің басқару мен бақылауына негізделген еді. Ол бағаны белгілеуден және қымбат тауарлар мен түтыну затгарын сатуды уысынан шығармаудан анық көрінетін. Бұл дәстүрлерді экономиканың ислами қағидасымен үйлестіру өте қиын іс еді. Империя әлсіреуінің алғашқы белгілері үкіметті алаң-датпай түра алмады. Билеушілердің рухы түсті. Бірақ ре-формашылар тек мемлекетгі күшті үкіметпен нығайту жайын ойлады. Олар сөйтіп өткенде болған нәрселерді ғана қалпына келтіруге үмтылды. Империяның құлдырай бастауы Батыстың оған деген көзқарасын өзгертті. XVI ғасырда құрмет-қошеметке бөленген түріктер енді надан да жабайы деген атқа ие бола бастады. Сөйтіп, Түркияның өз ісіндегі христиандарға көмекгесу саясатының негізі қаланды. Ал дін Батыстың нағыз шын саяси мақсаттарын бүркемелеуге қызмет етті2. Осман империясындағы елді еуропаландыру жөнінде жүргізілген реформалар экономикалық жаңғыруға қажетті жағдайларды жасай алмады. Тек Батыс инсгатутгарын қабылдап қана қою мүлде жеткіліксіз еді. Ол қайта империя мен Батыс Еуропа дамуының арасындағы айырмашылықты бұрынғыдан бетер үлғайта түсті. Ел ішінде түріктер Еуропа деңгейіне ешқашаңда жақындай алмайды деген пікір де туады. Батыстағы өркениет-тің негізгі қозғаушысы - жеке бастың шымыр-ширақтығы Осман түріктерінде мүлде жоқ, үкімет билігінен тыс жерде ешбір принцип те, ереже де болмады», - деп жазды.

Қазіргі Туркия мемлекеті жер көлемі жағынан Еуропадағы ең үлкен мемлекет. Оның аумағы 780,6 мың шаршы шақырымды құрайды. Бірақ жерінің 97 пайызы Кіші Азия түбегі, яғни Анадолының үлесіне тиеді де, 3 пайызы ғана Еуропа құрлығына жататын Балқан түбегінің оңтүстік шығысында. Сөйтіп, түрік елі екі құрлыққа ортақ мемлекет-тердің бірі болып табылады. Балқан түбегі мен Анадолыны Мәрмәр теңізі бөліп түр. Бүдан басқа түрік жерін солтүстігіңде Қара теңіз, батысында Эгей, оңтүстігінде Жерорта теңізінің сулары шаяды. Босфор мен Дарденелль бүғаздары да Түркияның аумағында.

Түріктердің тарихы туралы айтар болсақ, X ғасырда түркінің ата қонысы - Түраннан кеткен оғыз тайпалары Хорасанға қоныстанған. Бұл қазіргі Иранның солтүсгік шығысы. Мерв және қазіргі Түркіменстанның оңгүстігіңдегі оазистерді қамтыған тарихи аймақ. (Мерв оазисін XIX ғасырда түркімендер жаулап алған). Осынау тамаша жерде отырған оғыз тайпалары XIII ғасырдың 20-шы жылдарындағы моңғол шапқыншылығынан ығысып, Анадолыға көшеді. Ал мүнда өздерінен бұрын жеткен тағы да бір түркі тайпасы селжүктер Византияның біраз жерін тартып алып, мемлекет құрып отырған еді. Тарихта Кония (қаланың аты) сұлтанаты деп аталған сол мемлекет XI-XIV ғасырларда жасаған іргелі ел еді. Басқарған сүлтаңдарының ішінде Алалдин Кейқуаттың (1219-1236 жж. билік құрған) тұсында ерекше гүлденген уақыты болған. Бірақ Бұл мемлекетте монғолдардың екпініне шыдамай 1243 жылы оған бағынышты елге айналады да, артынан шағын биліктерге (княздықтарға) ыдырап кетедіі. Ал бүған дейін Кония сүлтаны Хорасаннан келген оғыз тайпаларына жер берген еді. Сол оғыз тайпасының көсемі Ертоғрылдың баласы Осман (Оспан) керемет дарынды қайраткер болып, 1299 жылы өзін селжүк мемлекетінің мүрагерімін деп жариялайды да, ьщырап кеткен биліктерді қайтадан бір орталыққажинай бастайды. Сөйтіп, Оспан батыр кейін адамзат тарихында үлкен із қалдырған Осман империясының басы болды. Ең кереметі сол, олар өздерінің түркі халқының бірі екенін үмытпай, үлтын «осман түркіле-ріміз» деп атаған. Кейінгі мемлекет атауы да сол ескі, ежелгі қалыппен Түркия деп аталады.

Түркияның тарихы туралы сөз қозғағанда Осман империя-сы хақында айтпай кетуге болмайды. Бұл империяның Анадолы аумағынан шығып жүргізген алғашқы шапқыншы-лық жорықтары 1389 жылға сәйкес келеді. Осы жылы осман түріктері Косово даласында серб әскерін қирата жеңіп, оны өздеріне бағындырады. Бүдан кейін түріктер болгар паташлығын, Македонияны бағьщдырады. 1396 жылы Еуропа елдері рыцарларының өзіне қарсы біріккен күшін тас-талқан қылып, Константинопольға таяу келеді және осы жылдары Анадолыдағы Кония сүлтанатынан ыдырап кеткен шағын биліктердің бәрін Осман империясына қосуды толық аяқтайды. Сөйтіп, күшейіп түрған мүсылман еліне жау батыстан емес, шьныстан келді. XV ғасырдьщ басыңда Анадолыға өзінің қаптаған қалың қолымен Әмір Темір басып кіреді. Ол 1402 жылғы Анкара соғысында түрік сүлтаны Баязит 1-ді жеңіп, өзін түтқынға түсіреді. Жаңа ғана біріккен қуатты ел қайтадан бытырап, шағын билікгерге ьщырап кетеді.

Бірақ Баязидтің ұрпақтары өзара қырбайласа жүріп, елді қайта біріктіреді. Елді 30 жыл (1421-1451) билеген Мүрат II сүлтан оның шекарасын тағы да үлғайтып, Балқан түбегше шапқыншылық үрыстар жүргізіп, біраз жер қосып алды. 1444 және 1448 жылдары екі рет өзін жабылып жеңбек болған кресшілер армиясын да тас-талқан қылады. Ал Мүрат сүлтанның баласы Мехмед II сүлтан (1451-1481) 1453 жылғы 24 мамырда Константинопольді басып алып, Анадолы түбегін тегіс өзіне қаратады және Византия империясын жер бетінен жояды. Константинопольді бұрыннан ЫстамБұл дейтін түріктер оған осы атты ресми түрде бекітіп, сол жылдан бастап оны елдің жаңа астанасы етеді. Осман империясы ЫстамБұлға иелік етуімен бірге күшейе түсіп, Сербия, Босния, Морея, Аттика, т.б. басып алып, Қырым хандығын өзіне бағынышты етеді. Ал Осман империясының барынша күшейіп, жерін екі есеге жуық үлкейткен уақыты XVI ғасырдың басынан аяғына дейінгі уақыт. Бұл кездерде елді Селим I (1512-1520) және 46 жыл бойы билеген оның ұлы Сүлеймен (1520-1566) еді. Ол жылдарда Осман империясы Армения, Сирия, Палестина, Мысыр, Хиджаз, Алжирдің көп жерін басып алып, Жерорта теңізі бассейінінде жеке дара билік құрды. Оның Еуропа, Азия, Африка құрлықтарына жайылған сол кездегі жер көлемі 8 млн. шаршы шақырымға жуық және Осман империясы сол кезде өлемдегі ең қуатты держава болған.