Биодақылдар

Биологиялық өнімділік процесін тікелей басқарудың басқа түрі – бұл өнімі адамды қызықтыратын сол немесе басқа биологиялық объектілер дақылдарын жасау.

Дақылдарда тірі организмдерді өсіру эффектісі, әсіресе микробиологияда айқын көрсетіледі. Ашытқыларды, антибиотиктерді және басқа дәрі-дәрмек препараттарын өнеркәсіптік масштабтарда өндіру технологиясы биологиялық өзгешелікті және таратылатын объектілердің ұдайы өсіру мүмкіндіктерін есепке алатын әр түрлі микроорганизмдер дақылдарына негізделеді.

Жоғарғы организмдердің арасында әсіресе су дақылы кеңінен таралған – су организмдерін өнеркәсіптік өсіру. Су организмдері өнімін пайдалануды қарқындату перспективасы гидробионттардың жай пайдаланудан белсенді өсіруге, яғни су дақылына ауысуымен байланысты. Су дақылы өсірілетін организмдерді дамудың барлық сатыларында бақылау арқылы гидробионт-тарды белгілі технология бойынша өнеркәсіптік өсіруді жорамалдайды. Осы жолмен теңіздің таяз суында інжу өндіріледі, жеуге жарайтын моллюскілер, шаян тәрізділер, балдырлар өсіріледі. Сондай-ақ су дақылы табиғи су қоймаларының мелиорациясын және су организмдерінің аса құнды түрлерінің жоғары өнімін алу мақсатында олардың экожүйелерінің құрамына араласуды болжайды (балық шаруашылығында кеңінен пайдаланылады – су қоймалары-ның биологиялық ресурстарын басқару).

Тауар өнімін ұйымдастыру міндеттері мен сипаты бойынша су дақылына зоофермаларда қымбат терілі аңдарды өсіру жақын болады.